Сүйекті балыктардын ішкі құрылысы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Бесінші лабораториялық жұмыс.

Сүйекті балыктардын ішкі құрылысы.

Қажетті құрал-жабдықтар:

Спирт ерітіндісінде сақталған сүйекті балықтардың ішкі органдар жүйесінің материалдары, плакаттар, жаңа ауланған балық (15-20 см), пинцет, скальпель, препараттық инелер, қол лупасы, дәке салфеткасы, микроскоп.

Жұмыстың мақсаты:

Студенттерді сойып ашылған объектті плакаттарды және әдістемелік оқу кұралындағы схемалық суреттерді пайдаланып, сүйекті балықтардың ішкі органдар жүйесінің қүрылыс қызметімен және сою әдістерімен таныстыру.

Зерттеу такырыбының кажеттілігі:

Балықтардың көпшілігі сүйекті балықтар тобына жатады. Сүйекті балықтар барлық су қоймаларында дерлік көп таралған. Олардың қүрылысындағы ерекшеліктері қаңқасының қандай дәрежеде болса да сүйекті болуы. Оларда желбезекаралык перделері болмайды, көптеген түрлерінде торсылдағы болады. Үрыктануы сырттай жүреді.

Студенттер білу керек:

  1. Сүйекті балықтардың систематикасын;
  2. Сүйекті балықтардың сыртқы қүрылысын;
  3. Сүйекті балықтардың оку мақсаты үшін сою өдістерін;
  4. Алабұғаның қан айналу жүйесін;
  5. Сүйекті балықтардың ішкі күрылысын;
  6. Сүйекті балықтардың ас қорыту жүйесін;
  7. Сүйекті балықтардың зәр шығару және көбею жүйелерін;
  8. Балықтардың экологиясын;
  9. Балықтардьщ миграциясын;
  10. Сүйекті балықтардың тыныс алу мүшесінің ерекшелігін;
  11. Сүйекті балықтардың омыртқажотасының бөлімдерге жіктелуін;
  12. Сүйекті балықтардың шеміршекті балықтардан басты айырмашылығын.

Қысқаша теориялық мағлұмат:

Сүйекті балықтар тек қана кластан жоғары тобының ішіндегі емес, сонымен бірге қазіргі омырткалы жануарлардың түр саны жағынан ең көбі (20, 5 мың) және жер шары суларына (мұхит, теңіз, көл, өзен, тоған) кең тараған тобы болып есептелінеді. Осыған байланысты шеміршекті балықтармен салыстырғанда сүйекті балықтардың құрылысында бірқатар ерекшеліктер бар: қаңқасы көп жағдайда сүйекті болады, көптеген түрлерінде желбезекаралық перде редукцияға ұшыраған, желбезек жапырақшалары желбезек доғаларына орналасқан, желбезек саңылаулары сүйекті қакпақпен жабылған, шашатын уылдырыганың саны көп, ұсақ, ол сыртқы ортада ұрықтанады.

Сүйекті балықтардың кұрылысын түр саны алуан сүйектірек балықтар отрядтан жоғары тобының өкілдері негізінде қарастырамыз. Сондықтан бұл балықтарға тән белгілер: жұп қанаттарының түбі денеге тіктеу бағытта орналасқан, ауызы басының алдыңғы ұшында, басым көпшіліктерінің ішегінде иірімді клапандары жок, қарын мен ішектің аралығында тұйық өсінділері бар.

Қаңкасы. Қаңқаның сүйектенуі тірек қимылының күшті болуына, еттердің бекінуіне себебін тигізсе, нерв жүйесі мен ішкі мүшелерді сактауды арттырады. Балыктардың қаңқасы метамерлі құрылысты.

Нерв жүйесі. Сүйекті балықтарда ортаңғы ми мен мишық баска балықтарға қарағанда көлемді болады.

Сезім мүшелері. Балықтардың иіс сезу, есту, көру мүшелері жақсы жетілген. Олардың бүйір сызығы судың қозғалысын қабылдайды. Торсылдақ дене тепе-теңдігін сақтау қызметін атқарады.

Қан айналу жүйесі. Жүрегі екі камералы, қан айналу шеңбері біреу.

Тыныс алу жүйесі. Балықтарға тән ерекшелік - олардың желбезекпен тыныс алуы. Аузын ашып-жауып, желбезек қақпакшаларын бір көтеріп, бір төмен түсіріп балықтар ауыз қуысына, жұтқыншаққа, бұлардан желбезек жапырақшаларына құйылатын су ағысын тудырып, оны желбезек тесіктері арқылы сыртқа шығарады.

Ас қорыту жүйесі - үш бөлімнен тұрады: алдыңғы - оған ауыз қуысымен жұтқыншақ өңешке келіп жалғасады; ортаңғы - өңеш созылмалы қарынға жалғасып одан ішек басталады, ішектің алдынғы бөлімі иріліп барып шумақ шығарады; артқы - оған денесінің арт жағынаа қарай созылып барып дербес тесік болып сыртқа ашылатын артқы ішек жатады.

Көбеюі. Уылдырықтары ұсақ, оның сыртында жұқа мөлдір қабығы болады. Ұрғашы балық уылдырықтарын бір жерге салады, содан кейін еркегі шәуеті бар ұрық сұйықтығын құяды. Ұрықтану осылайша жүзеге асады.

Систематикалық орны:

Тип: Хордалылар - Chordata

Типтармағы: Бассүйектілер - Craniata

Класс: Сүйекті балықтар - Osteichthyes

Кластармағы: Қауырсын қанаттылар - Actinopterygii

Отрядүсті: Сүйекті балықтар - Teleostei

Отряд: Алабұға тәрізділер - Perciformes

Өкілі: Өзен алабұғасы - Perca fluviatilis.

Жұмыстың барысы:

1-тапсырма. Сүйекті балықтарды лабораториялық жүмыс мақсатында сою әдістерімен танысып, балықтарды сою. Сойып ашылған объектіден ішкі органдар жүйелерінің орналасу реттілігімен танысу. Сүйекті балықтарды сою үшін көбіне жергілікті сулардан жаңа алынған немесе 5-10% формалин ерітіндісіне салынған 15-20 см шамасындағы балықтарды пайдалануға болады. Союға формалин ерітіндісінде салынған балықты алатын болса, оларды 4-5 күн бұрын лабораториядағы салқын су жүретін труба шүмегінің астына ұстап, суды жәй ағызып қою арқылы формалинін жуады. Союға қажетті балық қүрсақ жағы жоғары қаратылып сол колға үсталынады. Оң қолдағы қайшының үшкір ұшын аналь тесігіне салып, содан кейін қайшы ұшын сәл жоғары көтере отырып, ауыз тесігіне дейін кесеміз. Балықты оң жақ бүйірінен жатқызып, желбезек қақпағының және аналь тесігінің кесінділер жасаймыз. Бұл кесінділердің жоғарғы ұштарын бүйір сызығының бойымен ұзыннан кесіп алып тастауға болады.

0000011

Алабұғаның ішкі құрылысы: 1 - желбезектер; 2 - жүрек; 3 - бауыр; 4 - жүзу торсылдағы; 5 - көк бауыр; 6 - аналық безі; 7 - қарын; 8 - ішектің пилорикалык өсіндісі;

9 - ішек; 10 - қуык; 11 - арткытесік; 12 - жыныс тесігі; 13 - бүйрек; 14 - зәр шығару тесігі.

Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрактары:

1. Сүйекті балықтардың қазіргі уақытта қанша түрі бар.

а. 10 мың. ә. 20 мың. б. 30 мың. в. 50 мың. г. 100 мың.

2. Балықтардың тісінің қызметі.

а. корегін үстау. ә. қорегін жансыздандыру. б. қорегін майдалау. в. шайнау. г. жұту.

3. Ең иіс сезгіш балық.

а. сазан. б. жыланбалық. ә. бекіре. в. форель. г. шортан.

4. Сүйекті баллықтарға қандай балықтар жатады?

а. акула. ә. скат. б. сазан. в. бүтін бастылар. г. скат.

5. Балықтардың жүрегі неше камералы?

а. 1. ә. 2. б. 3. в. 4. г. 5.

6. Балықтардың бүйір сызығының қызметі:

а. жүзу ә. сүңгу. б. бұрылу. в. сезу. г. секіру.

7. Теңіз жануарларын зерттейтін ғылым.

а. гельминтология. ә. ихтиология. б. паразитология. г. орнитология.

г. малакология.

8. Еті өте дәмді балык.

а. сазан. ә. жылан балық. б. бекіре. в. форель. г. шортан.

Жетінші лабораториялық жұмыс.

Қосмекенділердің ішкі құрылысы.

Қажетті құрал-жабдықтар: Тірі, немесе 10% формалин ерітіндісінде сақталған көл бақасы және бақаны сойып ашқандағы ішкі органдарының көрінісі, каңқаның ішкі органдары бейнеленген плакаттар. 2-10 есе үлкейтетін қол лупасы, скальпель, препараттық инелер.

Жұмыстың мақсаты:

Тірі бақаны лабораториялық жұмыс мақсатында жансыздандыру және оны сою әдістерімен, баканың ішкі органдарының орналасу реттілігімен студенттерді таныстыру.

Зерттеу тақырыбының кажеттілігі:

  1. Тірі бақаны лабораториялык жүмыс мақсатында жансыздандыру және сою әдістерімен танысу. Сою әдісін меңгеру.
  2. Сойып ашылған бақаның ішкі органдарының орналасу реттілігімен танысу.
  3. Тапсырма қорытындысын альбомдарға жазып алу.

Студенттер білу керек:

  1. Алғашкы құрлык омыртқалылары ретінде қосмекенділердін сипаттамасын;
  2. Қосмекенділердің асқорыту жүйесінің орналасуын;
  3. Амфибиялардың қан айналу жүйесін;
  4. Зәр шығару жүйесін;
  5. Қосмекенділердің тыныс алу мүшелерінің ерекшеліктерін;
  6. Қосмекенділердің көбеюіндегі өзгешеліктерін;
  7. Лабораториялық жүмыс мақсаты үшін тірі бақаны жансыздандыру және сою әдістерін;
  8. Бақаның ішкі органдарының орналасу реттілігін;
  9. Қосмекенділердің түрлерін анықтау;
  10. Құйрықты, құйрықсыз және аяқсыз амфибиялардың көбеюі мен дамуын салыстыру.

Қысқаша теориялык мағлұмат:

Қосмекенділер басқа омыртқалыларға қарағанда түр саны онша көп емес (2500) сулы ортамен байланысын үзбеген, алғашқы құрлық омыртқалылары. Бұл жануарлардың ұрықтық және дернәсілдік даму жолдары толығымен суда өтеді. Шөмішбастысының (дернәсілінің) құрылысында желбезек арқылы тыныс алу, екі камералы жүрек, қан айналымының бір шеңбері, бүйірлік сызық органдары сияқты су омыртқалыларына тән белгілері сакталған. Ересек қосмекенділерге өкпе арқылы тыныс алу тән. Осыған байланысты қан айналым жүйесінің құрылысы өзгерген. Жүрегі үш камералы. Сезім органдары мейілінше жетілген. Қосмекенділер де балықтар сияқты суыққанды жануарлар.

Жұмыстың барысы:

1-тапсырма. Тірі бақаны лабораторияда жансыздандыру және сою. Ішкі органдарының орналасу реттілігімен танысу.

Лабораториялық жұмыс басталмастан бұрын 20-30 минут бүрын тірі бақаны алдын-ала дайындалған таза, ауызы полиэтилен қақпақпен тығыз жабылатын сыйымдылығы 0, 5-1 литр шамасындағы шыны банкаға салып, оның ішіне эфир сіңірілген мақта салып, жансыздандырылады. Жаңа жансыздандырылған бақаны шалқасынан аяғын жазып жатқызамыз. Содан соң, құрсағының төменгі жағынан аналь тесігіне жақын жерінен қайшымен терісі аздап кесіледі. Осы кесіндіге қайшының доғал ұшын кіргізіп, оны сәл жоғары көтере отырып, ауыз тесігіне дейін кеседі. Тері астындағы етті бүлдірмеу қажет. Алдынғы аяқтарының тұсынан көлденең кесінді жасалады да, босаған тері ұштарын қайырып қоямыз, Шамамен қарынның астынғы жағынан етгі пинцетпен жоғары көтеріп, оны аздап кеседі де, пайда болған тесіктен қайшының доғал ұшын кіргізіп, көтеріңкі бағытта ұстай отырып, кесіндіні ауыз қуысына дейін жүргізу қажет. Босаған ет ұштарын пинцетпен ұстап сыртқа қарай кесіп алып тастаған жөн. Осылайша сойып ашылған баканың ішкі қүрылысынан ретті орналасқан ас қорьпу, тыныс алу, қан айналым, зәр шығару органдарын көруге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүйекті балықтар класы. Олардың сыртқы және ішкі құрылысы. Сүйекті балықтардың таралуы, тіршілік әркеттері. Басты отрядтары және олардың көптүрлілігі
Аквариумдық балықтардың биологиялық ерекшеліктері
Балықтар
Омыртқалылар зоологиясы. Қауырсын қанатты балықтардың өкілі. Алабұғаның ет және нерв систематикасы
Шеміршекті балықтар
Балықтың ауыл шаруашылығындағы орны
Сүйекті балықтар
Минога мен миксинаның, шеміршекті және сүйекті балықтардың сыртқы құрылысы мен маңызы
Балықтардың қаңқасы
Балықтар (pisces) класы мен шаруашылықтағы маңызы, зияны, адам денсаулығына пайдасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz