Г. И. Потанин және қазақ интелегенциясы
Г.И.Потанин және қазақ интелегенциясы
Оқушы:Ермагамбетов Ельдар
ОШ Ю.Н.Павлова
9 сынып
Жетекшісі:Акишев Алишер Нурланович
Орыс және қазақ халқының өзара қарым-қатынасының тарихи тамыры тереңге кетеді. Бірақ ең қызықты кезең, оның ішінде оқиғалардың шиеленісуі-ХХ ғасырдың басы. Себебі: Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени дамуына жанқиярлықпен қатысқан, оны басқарған белгілі қоғам қайраткерлерінің қызметі мен өмірінің сан қырын ашатын деректердің көптігі. Сонымен қатар, осы тарихи кезеңнің тағы бір сипатты белгісі қазақ және орыс интеллигенциясының өзіндік әріптестігі, ғылыми байланыстары болып табылады, олар қазіргі заманғы көзқарас тұрғысынан объективті түрде бағаланатын болады.
Біздің зерттеуіміздің нәтижесі бойынша өзара белсенді байланыс пен әсер етудің қайнаған кезеңі ХІХ ғ. екінші жартысы болса керек, өйткені әлемдік мәдениеттің бар жетістігін зерттеу мен қабылдау керектігін дәріптеген қазақ ағартушыларының қызметі мен саяси белсенділігі дәл осы кезде аса белсенді болған еді.
Міне, осы жағынан алғанда, орыс мәдениеті зор рухани қуаттың көзі болды. Екінші жағынан, қазақ халқының аса үздік өкілдерінің де Ресей әкімшілік шенеуніктерінің қатарына белсене ене бастағандығы да осы кезеңде еді. Әрине бұның барлығы аса қатал отарлау саясаты жағдайында жүріп жатқан болатын. Еңбір қызықтысы жүргізілген шаралардың нәтижесі патша өкіметінің мақсатынан ауытқып та кетіп жатты. Патша өкіметінің күштеп шоқындыру, орыстандыру, ұлы орыстық шовинизімі жөнінде де айтуға болады. Бұның бәрі әрине көптеген ғылыми зерттеу еңбектерінде айтылды. Ал, мәселенің екінші бір жағы ағарту ісінің, ғылыми зерттеу жұмыстарының, шаруашылықтағы оңды өзгерістердің орын алғандығын жоққа шығаруға болмайды. Орыс ұлттық интеллегенциясымен қоян-қолтық араласа жүріп, қазақтың ұлттық саяси элитасы тәуелсіздік идеясын алға тартып, қазіргі егеменді Қазақстанның болашағын жасаған еді. Отарлық мүддеден туындаған ғылыми әскери экспидициялар да өз мақсаттарынан асып түсіп, қазақ халқының тарихына, этногенезіне, экономикасына баса көңіл аударып, аса құнды мәліметтер жинағаны да ақиқат. Сондықтан, осындай аумалы-төкпелі заманда азаматтық ар-ожданын сақтап, нағыз интеллигент екендігін көрсете білген, өзіндік ұстанымы бар орыс оқымыстыларының бірі, қазақтың ұлы тұлғаларының бірі Ш.Ш. Уәлихановтың жан-досы - Г.Н. Потаниннің де ғылыми мұрасының Қазақстан тарихында өзіндік орны бар десек жаңылыспаймыз. Бұл ұлы тұлғалардың бүкіл өмірі жыр боларлық мәңгілік достықпен өтті. Осы керемет ақыл - ой иелерінің Ресей империясының заңдық ережелеріне сәйкес қарсылас дұшпан болуы керектігіне қарамастан, араларынан қыл өтпес дос болғандығы таңқаларлық [1].
1905 жылы жазда революциялық өрлеу барысында патша өкіметіні еңбекші халықтың наразылығынан, шет аймақтардағы халық қозғалысынан қорықты. Егер бұл қозғалыс орталықтағы революциялық ағынмен қосылып кетсе, үлкен қауіп төндіретіні даусыз еді. Сондықтан 1905 жылы 6-шы тамызда Мемлекеттік Дума жөніндегі патша манифесі басқа "бұратаналармен" бірге қазақ еліне де депутат сайлау құқын берді. Қазақ зиялылары осы істің бас-қасында жүріп ірі мәселелерді көтеріп, саяси сауатын аша бастады. Бұл кездегі қазақ қоғамында белгілі бір қоғамдық ұстанымда үгіт-насихат жұмысын жүргізе алатын саяси ұйымдар жоқ еді. Міне, осындай жағдайда думаға даярлық мерзімінің тар қыспағына іліккен ұлт зиялылары тұңғыш рет саяси партия құру әрекетін қолға алды [2].
Қазақ қоғамындағы саяси-идеялық күрестің шиеленісуіне түрткі болған және ұлт зиялыларының көзқарас эволюциясында маңызды белес болған тарихи оқиға - 1917 жылғы Қазан төңкерісі: Ақпан революциясынан кейін ұйымдық жағынан Алаш партиясының төңірегінен біріккен ұлт зиялыларының арасынан Қазан төңкерісінен кейін қазақ халқы үшін социализм идеяларын құп көріп, бүлікшіл-большевиктік жолға ауыса бастаған зиялылар тарапынан (С.Сейфуллин, К.Төгісов, М.Әйтпенов, Ш.Әлжанов т.б.) саяси күш қалыптаса бастады. Алаш партиясы мен оны қолдаған ұйымдарға "Бірлік", "Жанар", "Талап", "Жас азамат" , "Үш жүз" партиясы, Ақмоладағы С.Сейфуллин басқарған "Жас қазақ" ұйымы, Омбыдағы Демократияшыл Жастар Одағы алаштық идеологияға қарсы күресе отырып, қазақ халқын бостандыққа жеткізудің большевиктік жолын таңдаған болатын. Төңкерісшіл ұйымдардың қазақ халқына саяси ықпалы күшті болмаса да, оларға дем беруші орыс большевиктерінің көмегі арқасында елеулі саяси күшке айналды. Ақпан революциясынан кейін ұлт зиялылары арасында неге жік туды? Қазақ зиялыларының бір тобы неге большевиктік жолға ауысты? Оның басты себебі Уақытша үкімет Қазақстан үшін де, Ресей үшін де маңызды мәселені (жер мәселесі, автономия т.б.) бірден шеше алмады, оны Құрылтай жиналысының құзырына ысыра берді. Уақытша үкіметтің осындай шарасыздығы халықтың көңілін қайтарды. Сонымен қым - қиғаш оқиғалар арнасында қазақ зиялыларының қалыптасуы мен шыңдалуы жүріп жатты
Қазақ зиялы қауымы өзі теңдес халықтардың алдыңғы қатарлы зиялыларымен араласып, шығармашылық байланыста, қоғамдық-саяси істе бірегей-бірлікте болған. Әсіресе орыстың алдыңғы қатарлы зиялыларымен қоян-қолтық араласқан. Соның бірі Г.Н. Потанин болды.
Г.Н. Потаниннің еңбектерімен таныса отырып, Азияны зерттеуші басқа да саяхатшылармен, қызметтес болған замандастарын кездестіреміз. ХІХ ғ. екінші жартысында географиялық ашылымдар тарихында, ішкі Азияны зерттеуде орыстың үш саяхатшысы - Г.Н. Потанин, Н.М. Пржевальский мен М.В. Певцов ерекше орын алады. Осы үш саяхатшының алдында Азия құрлығына көптеген еуропалықтар да VІІ ғ. бастап ақ саяхат жасаған болатын. Алайда енді осы үлкен құрлық туралы ғылыми зерттеулер бұған дейінгі 50 жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп жетістіктерге жетті. Осы үш саяхатшы ішкі Азиядағы жаңаша ғылыми зерттеулердің алғашқы көшбасшылары болып табылады. Оларға дейін біз Монғолия, Жоңғар, Шығыс Түркістан және Тибет туралы өте аз білетінбіз, ал білген нәрселеріміз аңызға, мифке негізделген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz