Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің ұйымдастырудағы нысандар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

IІІ. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің ұйымдастырудағы нысандары.

3. 1. ҚР-дағы кәсіпкерліктің ұйымдастыру нысандары.

Кәсіпкерлік қатысушылардың-меншік иелерінің санына байланысты келесі формаларға бөлінеді: жеке және ұжымдық.

Кәсіпкерліктің бұл нысандары кәсіпорынның белгілі бір ұйымдық-құқықтық нысандары шеңберінде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен реттеледі.

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдасытыру нысаны кәсіпорынның әріптестері арасындағы қатынас және мемлекеттік ұйымдарымен және басқа кәсіпорындармен қатынас туралы белгілі нормалар жүйесі.

Ұйымдық-құқықтық нысанды таңдау кәсіпкерлік жобаларды іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. Мұны толығырақ қарастырайық. Заңды тұлғаны құрусыз кәсіпорындар түріндегі жеке нысандар бастамалық жеке кәсіпкерлікке жатады. Жеке кәсіпкерлікте меншік бір жеке тұлғаға жатады. Негізінде жобаны жүзеге асыру жеткілікті ресурстары бар тұлға және шешім қабылдау процесін жеке өзі бақылауға бейім, толық материалдық және заңдық жауапкершілік алатын, фирманың жеке иесі болып, жеке кәсіпкерлік нысанын қалайды.

Жеке кәсіпкер, оның барлық жұмысына және барлық бизнес активтеріне, жеке меншігіне жауапты болып табылады. Ұйымдастыру-құқықтық нысанына серіктестікті, қоғамдарды, кооперативтерді жатқызуға болады.

Бірақ үлкен көлемдегі қаржы ресурстарын қалаумен қатар, жеке материалдық жауапкершілік жоғары және тәуекел өседі, сондықтан үлкен жобаларды жүзеге асыру үшін негізінде “меншік иелерінің саны” белгісі бар, ұжымдық кәсіпкерлік нысанын таңдаған жөн.

Ұжымдық кәсіпкерлікте меншік бір уақытта әрбірінің белгілі, үлесі бар және белгісіз үлесі бар (біріккен меншік) бірнеше субъектілерге жатады. Оларға серіктестік, акционерлік қоғам, кооператитерді жатқызуға болады.

Серіктестік екі және одан көп әріптестердің қатысуымен құрылады. Серіктестіктің артықшылығы қосымша капиталды тарту мүмкіндігі және кәсіпорын ішінде әрбір әріптестің білім және қабілеті негізінде мамандануды жүзеге асыру болып табылады.

Ең көп таралғаны акционерлік қоғам (АҚ) . Олардың ерекшелігі оларға құнды қағаз - акция шығару жолымен қажет қаржыны тарту құқығы берілген. Акционерлік қоғам қатысушылары оларға тиісті акциялар құны шегінде оның қызметінің нәтижелеріне жауапкершілік алады.

Кооперативтер - мүліктік пай жарналары негізінде біріккен өндірістік және шаруашылық қызмет үшін тұлғалар тобы құрған кәсіпорын.

Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастыру-экономикалық нысандарына: концерндер, ассоциациялар, консорциумдар, синдикаттар, картелдер, қаржы-өнеркәсіптік топтарды жатқызуға болады.

Концерн - қатысу жүйесі арқылы кәсіпорынды бақылайтын көп салалық акционерлік қоғам. Концерн өзіне еншілес әртүрлі компаниялардың, акцияларының бақылау пакетін алады. Өз кезегінде, еншілес компаниялар басқа акционерлік компаниялардың, (басқа елдерде орналасқан) акциялардың бақылау пакеттерін иелену мүмкін.

Ассоциация - экономикалық еркін кәсіпорындардың, ұйымдардың өз еріктерімен бірігу нысаны.

Ассоциация құрамына белгілі террторияда орналасқан маманданған кәсіпорындар және ұйымдар кіреді.

Ассоциацияны құрудың негізгі мақсаты - ғылыми-техникалық өндірістік, экономикалық, әлеуметтік және басқа міндеттерді бірігіп шешу.

Консорциум - ірі қаржы операцияларын бірігіп жүргізу масатында кәсіпкерлердің бірігуі (мысалы, ірі өнеркәсіп жобасына үлкен инвестицияны жүзеге асыру) .

Кәсіпкерлердің мұндай бірігуі ірі жобаға қаржы салу мүмкіндігін береді, мұнда ірі салымдар кезінде туатын тәуекел біршама азаяды. Өйткені жауапкершілік қатысушылардың көпшілігіне бөлінеді.

Ғылыми-техникалық революция жағдайында консорциумдар жаңа салаларда және әртүрлі салалардың түйіскен жерінде пайда болады, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізуді қарастырады.

Синдикат - бір сала кәсіпкерлерінің арасындағы артық бәсекені жою мақсатымен өнімді өткізуге бірігуі.

Картель - бір сала кәсіпорвндары арасында өнімге баға туралы, өткізу нарығын, жалпы өндіріс көлеміндегі үлесін бөлу туралы қызметтер және т. б. келісімді білдіреді.

3. 2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясаты.

Шағын кәсіпкерліктің мынадай “әлсіз” жақтары бар:

  • Ұзақ мерзімді міндеттерді жасаудағы басшының білімсіздігіне байланысты әлсіз стратегиялық басқару;
  • Өзін өзі ақпаратпен жеткіліксіз қамтамасыз ету;
  • Меншікті және несие қаржы ресурстарының жетіспеушілігі;
  • Тәуекелдің жоғарылығы және қызметтің тұрақсыздығы;
  • Сыртқы ортадан-банктерден, басқарудың мемлекеттік ұйымдарынан, ірі кәсіпорындардан, ғылыми ұйымдардан күшті тәуелділік.

Соңғы уақыттарда республика шағын кәсіпорындар әлеуметтік қызметтерден көбірек босатылуда. Стратегиялық жоспардағы әлеуметсіздендіру процесі шағын кәсіпорындардың қоғам алдында өз қызметкерлерінің әлеуметтік-экономиклық жағдайына жауапкершілігінің төмендеуінен және олардың жалпы мемлекеттік, муниципальды және әлеуметтік міндеттерді шешуге енжар қатысуынан көрінеді.

Кәсіпкерік еркіндігі мен әлеуметтік жауапкершіліктерінің принциптерін тек нарықтық механизм арқылы үйлестіру мүмкін емес. Бұл үшін сәйкес мемлекеттік саясат қажет.

Мемлекттің шағын кәсіпкерлік атынасындағы екі негізгі қызметін бөліп көрсетуге болады: реттеу және қолдау .

Біріншісінің мәні шағын кәсіпкерліктің құқықтық ортасын қалыптастыруды ұйымдастыру, әкімшілік сұрақтарды шешуде және сәйкес міндеттердің орындалуын бақылауда.

Қолдану қызметтері шағын кәсіпорындарға материалдық, ақша, ақпараттық ресурстарды, мемлекеттік тапсырыстарды, оларға қызмет көрсетуді және т. б. жеткізу.

Шағын кәсіпкерлік “төменнен” бастамасы бойынша тіршілікке қабілетті.

Мемлекеттің міндеті шағын кәсіпкрлікті көбейту емес, оның қалыптасуы мен табысты қызмет етуі үшін қолайлы экономикалық орта жасау.

Шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясатында іскерлік белсенділікті ынталандыруға заңдық және нормативтік негіз жасау және жетілдіру, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылым қалыптастыру қарастырылады.

Шағын кәсіпкерлік ерекше тәсілді және оны қолдау шараларының арнайы кешенін жасауды талап етеді.

Қазақстан Республикасының “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” заңында қарастырылады:

  • Өндіріспен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу кезеңінен бастап алғашқы үш жыл ішінде қозғалмайтын мүлікке тіркеу құқығына ақыдан босату;
  • Өндірістік қызметпен айналысатын шағын субъектілеріне жер учаскелерін жерді пайдалану актісін беруге ақы алмай беру;
  • Электроэнергиясы, жылу, сумен жабдықтау және канализацияның қуатына қосылу, мемлекеттің қатысуымен екінші деңгейдегі актта есепшот ашу бойынша ақыдан босату;
  • Шағын субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне жылына бір реттен көп емес тексеруді белгілеу.

Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендіру үшін 2001-2002 жылдарға шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданған, ІЖӨ 22 % арттыру қарастырылған.

Шағын кәсіпкерлікті жеткіліксіз несиелеудің маңызды мәселелерінің бірі көптеген кәсіпекрлердің кепіл затпен қамтамасыз етілмеуі. Сондықтан коммуналдық меншік объектілерінен аймақтық өтімді кепіл қорлары құрылады. Олар Ақтөбеде, Қызылордада, Маңғыстауда, Павлодарда құрылған.

Шағын кәсіпкерліктің дамыту қорының қызметіне жәрдемдесуге облыс әкімдері тартылады. Олардың көмегі кәсіпкерлерге пайдалануға (жалдау, өтеусіз беру және т. б. ) бос әкімшілік үйлердің алаңдарын беруде.

Шағын кәсіпкерлікті қолдау қорына және оның аймақтық өкілдеріне шағын кәсіпорындарға мемлекеттік тапсырыстарды таратуға көмек көрсету қажет. Осы мақсатта қор мемлекеттік тапсырыс алуға өтініш беруге, келісім-шарт жасауға, сатып алумен айналысатын мемлекеттік қызметтерге шағын кәсіпорындардың мекен жайын таратуға, мемлекеттік тапсырысты алу үшін маркетинг саясатын жүргізуге көмектесуі қажет.

2001-2002 жылдарға шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасында Қазақстанда шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарда шығарылатын ұқсас импорттық тауарларды бюджеттік ұйымдардың сатып алуына тыйым салу қарастырылады.

Ірі компанияларға оларға ұсынылған мемлекеттік тапсырыстардың бір бөлігін бәсеке негізінде шағын кіспорындарға беруге міндеттеу керек.

Шағын кәсіперлік субъектілерінің инвестициялық қызметін мемлекеттік реттеу келесілер арқылы қамтамасыз етіледі:

  • Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекттік инвестиция бағдарламасына қатысуы;
  • Халықтың салымдарын құнды қағаздар арқылы инвестицияға өзгерту механизмін жасау;
  • Бюджеттен тыс көздерді тарту саласына шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша қорлар қызметін және басқа арнайы институттарды белсендіру;
  • Шағын кәсіпкерлікпен жұмыс істейтін коммерциялық банктер және басқа қаржы институттары үшін жеңілдіктер жүйесін дамыту;
  • Жоғары тиімділігі бар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне үлестік шартпен тікелей қаржылық қолдау көрсету.

Шағын көлік кәсіпорындары халықаралық транзиттік сауданың дамуына ойдағыдай қатыса алады. Негізгі жүк ағындарының түйіскен Евразия орталығындағы елеулі экспорттық әлеует және қолайлы көлік-географиялық жағдай Қазақстанда халықаралық транзиттік сауданы дамыту үшін қолайлы алғашқы шарттар жасайды:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының аймақтарындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі даму жағдайы
Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу
Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі жағдайы
Шағын кәсіпорындар санының өсуі
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу
Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау
Кәсіпкерлік туралы мәлімет
Кәсіпкерлік кызметтің түрлері,классификациясы, мемлекеттік реттелуі Қазақстан Республикасында құрылуы
Қазақстандағы кәсіпкерлік туралы
Шағын кәсіпкерлік қызметінің қазіргі замандағы құқықтық жағдайын бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz