Тағамдық биотехнология


Alikhan Bokeikhan University
№ 4 БАӨЖ
Тақырыбы : Тағамдық биотехнология
Орындаған: Мырзаканов А. М
БТ-001 тобы 2 курс
2022
Тақырыбы - Тағамдық биотехнология;
Мақсаты - Тағамдық биотехнология және оның бағыттарын көрсету;
Негізгі сұрақтар:
- Тағамдық шикізатты биотехнологиямен өңдеу әдістері.
- Тағамдық шикізатты өңдеудегі гендік инженерияның әдістері.
- Трансгенді тағам азық-түліктерін қолданудағы гигиеналық мәселелер.
- Тағамдық шикізатты биотехнологиямен өңдеу әдістері
- Металды сілтісіздендірудің биогеотехнологиясы.
Биотехнологияны рекультивирлеуде, топырақ диверсификациясында, аумақтық реабилитацияда, ландшафтарды құру, құрылыс конструкцияларын және инженерлік құрылыстарды коррозиядан қорғауда, аумақты жасылдандыруда, топырақ эррозиясынан сақтауда, топырақтың тұздануы мен қышқылдануында, кішігірім өзендерді сақтап қалу мен қалпына келтіруде, т. б. қолданады. Соңғы жылдары биомониторинг пен биотестілеуге үлкен көңіл бөлінуде: ағын суларды тазартуды, ауаның, топырақтын ластануын бақылауда тест-жүйелерді, биосенсорларды және қолдану және т. б. табиғи ортадағы ластаушылардың саны мен сапасын жылдам әрі селективті анықтауға мүмкіндік беретін биологиялық тест-жүйелер жасалынған. Экобиотехнологияны қолданудың тағы бір саласы - микробиологиялық коррозия мен биозақымданумен күрес, биоқорғаныс және жаңа эффективті биоцидтерді жасау. Экологиялық мәселелерді шешуде биотехнологиялық әдістер негізінде микроорганизмдердің эволюциялық қалыптасқан функциялары: олардың табиғаттағы биогеохимиялық зат айналымы, экожүйенің өзіндік тазару процесстеріндегі рөлі, техногенді ластаушылардың деградациясы, топырақ гумусының түзілуіндегі, жыл сайын түзілетін органикалық заттардың, табиғи полимерлердің минерализациясы, т. б. қолданылады. Микроорганизмдердің органикалық қосылыстардың минерализациясына қатысуы, олардың қоршаған ортада үнемі болуы мен органикалық қосылыстардың катобилизмдік жоғары потенциалымен ескертілінген. Көптеген деректер табиғи және жасанды материалдар биологиялық трансформацияға ұшырайтындығын көрсетеді. Бірақ биотрансформацияны белсенді жүргізу үшін микроорганизмдердің тіршілігіне қолайлы жағдайлар қажет. Қазіргі таңда табиғи биополимерлер мен олардың аналогтары және бұрында биодеградацияға тұрақты деп саналатын ксенобиотиктер (мұнай және мұнай өнімдері, полимерлер, хлорорганикалық қосылыстар, тринитротолуол, т. б. ) сияқты көптеген ластаушыларды ыдырату мүмкіндігі бар микроорганизмдер сұрыпталып алынған.
Микроорганизмдердің гендік инженериясы үлкен мүмкіндіктерді ашты, поллютанттарды деградациялауға қабілетті генетикалық модифицирленген микроорганизмдерді алу. Бірқатар биотехнологиялық фирмалар биореакторлар және генетикалық модифицирленген бактериялар негізінде зиянды заттарды ыдырататын түрлі белсенді әдістерді ойлап табуда. Биологиялық тазарту, ремедиация немесе қалдықтарды қайта өңдеу жұмыстары өте ұзақ бірақ физикалық және химиялық әдістерге қарағанда нәтижелі және экономикалық тиімді болып табылады, сонымен қатар екіншілік қалдықтардың түзілуін азайтады. Табиғи механизмдерді және тірі объектілерді қолдану анағұрлым экологиялық таза әдіс. Биологиялық материал трофикалық қоректену тізбегіне қосылады, нәтижесінде заттардың қалдықсыз табиғи айналымы жүреді. Физикалық және химиялық әдістермен салыстырғанда (мысалы, күйдіру, экстракция) биологиялық әдістер органикалық қалдықтарды толығымен минерализациялауға мүмкіндік береді, процесстер жайлы жағдайларда өтеді және әмбебаптығы мен селективтілігімен ерекшеленеді.
- Ағын суларды тазартудың әдістері.
Биологиялық тазалау әдістерінің жіктелуі. Биологиялық тазалау тәсілдері қарапайым және жасанды болып екі түрге бөлінеді. Қарапайым биотазалау тәсілінде топырақ, су, өсімдік экожүйесінде және ластаушының сүзілуі, байланысуы, ауыстырылуы, трансформация, минерализация арқылы жүретін өзіндік тазалану процестері қолданылады. Қарпайым құрылғылар көбіне су қоймаға түсерден бұрын ағын судың тазалануында қолданылады.
Жүргізіліп жатқан үрдістерге байланысты аэробты және анаэробты биологиялық тазалану жүйелері болып ерекшеленеді. Жасанды биологиялық тазалау құрылғылары аэробты және анаэробты жүйелерді біріктіреді. Қолданылатын биоценоздардың сипатына қарай бұл құрылғыларды белсенді илді, биопленкалы және комбинирленген жүйелерге жіктеуге болады.
Белсенді илді аэробты биологиялық тазалаудың негізгі құрылғылары аэротенк болып табылады. Аэротенк әдетте аэротенк пен белсенді ил суспензиясынан шығатын, тазартылған ағын судың бөлінуі жүретін екіншілік тұндырғышпен буда жұмыс істейді. Сонымен қатар илдің бір бөлігі жүйеден тазаланып, екінші бөлігі (қайта келетін, рециркуляцияланатын ил) аэротенкке оның өнімділігін жоғарылату және артық ил мөлшерін шектеу үшін кайта оралады.
Белсенді илді биологиялық тазалау құрылғыларына, сонымен қатар, окситенк (ауа аэрациясымен, оттегімен байытылған, немесе таза оттегі бар), фильтротенк және мембраналы биореакторлар (белсенді илді аэротенкте ұстап калатын фильтр арқылы ағын суды аэротенктен тартып шығаратын), кышқылдайтын каналдар (ағын су циркуляциясы мен беттік аэрация жүйелерімен), шахтталы аппараттар (шахта немесе су қысымын көтеретін колонна түрінде), аэроакселераторлар (екіншілік тұндырғышпен бірлескен аэротенк) жатады.
Биопленкалы реакторларда тазарту үрдісі микроорганизмді биопленка мен тіршілікке қабілетті клетка сыртындағы өніммен капталған тиелетін материалдардың немесе тасымалдаушылардың бетінде жүреді.
Биопленкалы аэробты тазалау жүйесінен көбіне биофильтрлер (Европа елдерінің бүкіл тазалау құрылғыларының 70%) қолданылады.
Белсенді илді және биопленкалы қондырғылар арасын аэротенктер мен биофильтрлердің артықшылықтарын үйлестірілген биотенк, биосорберлер, өлшеулі қабатты реакторлар (жалған басты) алып жатады. Сұйық аэрациялаушы биотенктерде белсенді лайды және түрлі материалдардан сұйықтық жүктемесі белсенді лаймен айналымға түседі және жүктеме арасындағы саңылауларда аэрацияланады.
Анаэробты тазалау жүйесі жоғары концентрациялы ағындарды, жауын-шашынды, сонымен катар тазалау құрылғыларындағы белсенді лай ашытуда колданылады. Күнделікті құрылғыларды қолдану үрдістері көбіне анаэробты тоғандарда, септиктерде, метантенктерде, контактылы биореакторларда жүзеге асырылады.
Бір тұндырғышты немесе тұндырғыш жүйесі бар анаэробты мүйістерде ағын су бірнеше аптадан екі айға дейін жетеді, одан түзілген газ атмосфераға оңай бөлініп шығады.
Септитенктер - жабық типті көлденең тұндырғыштар, оның түбінде түзілген қатты заттардың тұнбасы анаэробты микроорганизмдермен ыдырап шіру процесі жүреді.
Септитенктерге қарағанда метантенктерде араластыру, қыздыру, негізгі параметрлер (температура, шикізат құрамы, аппараттың жүктелу интенсивтілігі т. б. ) басқарылып отырады. Тазалау үрдісі де септитенкке қарағанда қарқынды жүреді. Бөлінген биогазды жинап, қажетке жаратады.
Контактылы аппараттарда тазалау үрдісі биореакторға оразатып илді бөлуге арналған екіншілік тұндырғышта араластыру арқылы реакторда жүреді. Жұмыс істеу принципі бойынша бұл жүйелер анаэробты жағдайда тазалайтын екіншілік тұндырғышты аэротенктердің аналогы болып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz