Бастауыш мектеп оқушыларының сыныптан тыс тәрбие жұмысы негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Әмірхан Ақтүймеш Сайлаубайқызы

Тақырыбы: Бастауыш мектеп оқушыларының сыныптан тыс тәрбие жұмысы негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің магистры ғылыми жетекшісі профессор Егенисова А. К.

Қазіргі таңда, бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар көбеюде. Мұндай апатты зардаптар Қазақстанның Семей, Қызылорда (Арал өңірі), Батыс Қазақстан, (Нарын, Азғыр, Тайсойган), Орталық Қазақстан (Саршаган, Байқоңыр, Балқаш), Оңтүстік Қазақстан (Созақ) аймақтарында көрініс тапты, олар табиғи экологиялық жүйе түрғысында, экологиялық жағдайы өте нашар жерге айналды, ал экологиялық әлеуметтік түрғыда экологиялық зардапты ауданның бірі болып саналады.

Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экология қауіпсіздігі тұжырымдамасы, «Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналган қоршаған ортаны қорғау" бағдарламасы, "Экологиялық білім бағдарламасы", (1999) құжаттарында қарастырылған мәселелер (жаһандық экологиялық проблемалар, қоғамды экологияландыру, экологиялық білім мен тәрбие берудің инновациялық тетіктерін мемлекеттің оқу жүйесінің орта білім беретін мектептерге енгізу т. б. ) бойынша қабылданған шешімдер нәтижеге бағытталған білім мазмұнын жүзеге асыру арқылы экологиялық білім негіздерін меңгерген мектеп түлегінің тұлғасын қалыптастыру проблемасы тұр.

Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас қоғамдық ортадағы іс- әрекет арқылы көрініс береді. Әр қоғамның дамып өркендеуіне адамның ойы мен білімі қандай қажет болса, табиғат пен оның байлығы сондай қажет. Осының өзі табиғат- адам- қоғам бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын, бір-бірімен бірлікте дамитын тұтас дүние екенін көрсетеді. Ендеше, бүкіл өмір қоршаған ортада, табиғат аясында, олармен қарым- қатынаста өтетіндіктен адам баласы тіршілік ету үшін ол қатынастардың әдіс- тәсілін меңгеруі тиіс. Мұндай әдіс- тәсіл бала жастан қоршаған орта туралы білім алу арқылы меңгеріліп жүйелі жүргізілген тәрбие нәтижесінде қалыптасады. Олай болса, жоғарыдағы қатынастарды ғылыми негізде этикалық, эстетикалық адами тұрғыда жүзеге асыру үшін адам қоршаған орта туралы білім жүйесін меңгеруі тиіс. Қоршаған ортаны танып- білуде әлеуметтік орта мен географиялық ортаның атқарар ролі ерекше.

Табиғаттың даму заңдылықтарын оқыту мен тәрбиелеу жұмысы педагогтардың көбі баса назар аударып, жас кезінен бастау керек екендігін айтқан болатын. Я. Коменский "Мир чувственных вещей в картинах" деген атақты трактат жазды. Бұл балаларға түсінікті жазылған энциклопедия іспеттес еңбек болды. Онда адам организмінің құрылысы, тіршілігі, жер мен аспан денелері жөнінде түсінік беріледі. ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. Ұлы педагогтары Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоци, А. Дистерверг және т. б. прогресшіл ой- пікірлері классикалық педагогикада оқушыға табиғат пен қарым- қатынас арқылы білім беру, тәрбиелеу, дүниетанымын қалыптастыру заңдылықтарын негіздеген “ … адамның бүкіл рухани тіршілігі табиғатпен берік байланыста болған” - деп тұжырымдаған.

И. П. Софранов, М. С. Коған, Э. С. Маркорли, Е. В. Стинис, К. Исламова, Сарибеков, А. Егенисованың еңбектерінен психологгар Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, И. С. Кон, Е. М. Кудрявцева, В. А. Ясвин, Л. И. Божович, П. Я. Элъконин, . А. Люблинская, М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев, т. б. өз еңбектерінде окушыларға экологиялық білім мен төрбие беру жұмыстарында баланы қоршаған ортамен қарым-қатынастары барысында, оның психологиялық жас ерекшеліктерін ескергенде ғана нәтижелі болады деген пікірлер айтқан. Ал, С. Л. Рубинштейн әрбір жеке тұлғаның қоршаған ортамен байланысының басты компоненттерінің бірі -қарым-қатынас деп санайды. Ол оқушының табиғатқа адамгершілік қатынасын қалыптастыру, мінез-құлық нормаларын дамыту екенін айқын көрсетеді. Оның пайымдауынша басқа адамдармен жарамды қатынасқа ену, басқа адамдардың адамша тіршілік етуіне жағдай жасай білу, тек толық бағалы адамның ғана қолынан келуі мүмкін, ал ол дегеніміз дуниеге, өмірге, табиғатқа шын дос қатынастағы адам болуына негіз болады.

Бастауыш сынып экологиясы бүгінгі талапқа сай "Дүниетану" курстарына қосымша білім беруге бағытталған. Алдына қойған негізгі мақсаттары:

1. Жасөспірімдерге айнала қоршаған ортаны адам өмірімен байланыстыра отырып білім беру.

2. Жасөспірімдерге қоршаған ортаның бір-бірімен үнемі байланыста болатынын үғындыру.

3. Оқушыларда алғашқы экологиялық ұғымдарды қалыптастыру және табиғатқа деген жауапкершілін ой-өрісін дамыту.

Жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін бағдарламаны құрастыруда 1-4 курстар бойынша қамтылған білім жыйынтығы былайша топталған. Мәселен, 1-сыныпта: Қоршаған ортамен адамның арасындағы қарым-қатынастар, табиғи ортаның бір тұтастығы және бір-бірімен қатынас түрлері, табиғат нысандары, өсімдіктер мен жануарлар туралы алғашқы оң және теріс көзқарастар туралы білім беріледі.

2-сынып бойынша-адамның табиғатқа деген сұранысы мен қамқорлығы, туған өлке мен атамекен, тұрмыстық ғимараттар, оның табиғаттан алынып жасалатыны, тұрған мекені мен оның құрауыштарының қажеттілігі туралы ой-өрістері дамытылады.

3-сыныпта- адамның табиғатты пайдалану кезіндегі теріс іс-әрекеттерін көрсету арқылы олардың табиғатқа деген қамқорлығын, аяушылық сезімдерін ояту, өсімдік пен жануарлар дүниесінің адамға қажет екеніне толық көздерін жеткізу, үй және мектеп үлесіндегі өсімдіктерге қамқорлық жасау элементтерін бойларына дарыту.

Оқушыларға экологиялық тәрбие берудегі сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бөлігі экологиялық үйірме болып табылады. Экологиялық үйірме оқушыларға экологиялық тәрбие мен білім беруде маңызды рөл атқарады. Экологиялық үйірме арқылы оқушылардың экологиялық жұмыстарға белсенділігін, өз бетімен ізденуге, табиғаттану курсына деген құштарлығын, табиғи орта дүниетанымын арттыруға болады. Экологиялық білім мен тәрбие беруді күшейту қазіргі өмір талабынан туындап отырған қоғамымыздың алдында тұрған басты мәселе. Сондықтан өзімізді қоршаған табиғат байлығын қалыпты жағдайда ұстау-әрқайсымыздың азаматтық борышымыз, біз бұл міндетті жас ұрпаққа қандай да бір тиімді жолмен жеткізе білуіміз керек. Оқушылардың қоршаған орта туралы білімін ұдайы кеңейтіп, олардың ғылымға деген қызығуын арттырып, экологиялық мәселелерді өз бетінше шешуге дағдыландырып отыру қажет.

Танымжорықтың негізгі нысаны-табиғат құрам бөліктері. Танымжорық өлкетану негізінде экологиялық мәселелерді оқып үйренуге, айналадағы ортаны қорғауға, зерттеп білуге, дүниетенымды қалыптастыруға мүмкіндіктер береді, оқушылардың табиғи орта жағдайында мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады. Табиғи орта қорғау жұмысын ұйымдастыруда, табиғи ортада іс-әрекеттер жасауда танымжорлықтың рөлі ерекше. Табиғи құбылыстарды білуге, табиғат нысандарын анықтауға, оқушылардың дала жағдайындағы ісекрлігін экологиялық білімдерін арттыруға көмектеседі.

Танымжорық барысында бір-бірімен байланысты үш мақсат бар:

І. Табиғи ортаны қорғауталаптарын ескеріп, оқушылардын экологиялық мәдениеттілігін, білімділігін, тәрбиелігін қалыптастыру.

2. Ағаш отырғызу, қалдық заттардан өзен жағасын, өзенді бақтардын ішін тазарту, топырақ эрозиясын тоқтату және жыраларды тазарту сияқты экологиялық жұмыстармен щұғылдану.

З. Оқушылардын іс-әрекетін дұрыс

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың әдістемесі
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің жолдары
Басатуыш сынып оқушыларын еңбекке баулу негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыру мазмұны және әдістемесі
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудың экологиялық шарттары
Кіші мектеп оқушыларында экологиялық тәрбие қалыптастырудың жолдары
Сабақтан тыс жумыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие беру
Кіші мектеп оқушыларының экологиялық тәрбиесін оқытудың әдіс-тәсілдері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері туралы
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz