Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуі
Дәріс №1 Пәнге кіріспе
(2 сағат)
1.Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері.
2.Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы: ежелгі және ортағасырлар, жаңа дәуір.
3.Қазақстанның қазіргі заман тарихының басты мәселелерінің өзектелігін айқындау.
1.Тарих - бұл адам қоғамының өткені мен осы уақыты туралы, нақты формадағы, кеңістік-уақыттық өлшемдегі қоғамдық өмірдің дамуының заңдылықтары туралы ғылым. Тарихтың мазмұны - бұл адам өмірінің құбылыстарындағы көрінетін тарихи процесс, тарихи ескерткіштер мен деректерде сақталған мәліметтер болып табылады. Бұл құбылыстар әртүрлі, яғни шаруашылықтың дамуына, елдің ішкі және сыртқы қоғамдық өміріне, халықаралық қатынстарына, тарихи тұлғалардың қызметіне қатысты болып келеді.
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүрген, қазірде өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да халықтардың тарихы және бүкіл адамзат тарихының құрамдас бір бөлімі. Өйткені ол Еуразия және Орталық Азия елдері тарихымен тығыз байланыста ұштасып жатыр. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы - Ұлы Далада ХХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін орын алған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үдерістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, оларды тығыз байланыста тұтас қарастыратын пән. ХХ ғасыр қазақ халқының тарихи тағдырында өте маңызды кезеңдердің бірі. Өйткені, қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуы, Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту идеясы сол кезде пайда болды. ХХ ғасыр қайшылықтарға толы көптеген саяси-әлеуметтік бетбұрыстар мен мәдени төңкерістердің, дүниежүзілік соғыстардың, экономикалық өзгерістердің орын алған кезеңі болғандықтан және бүгінгі күнмен етене байланысып жатқандықтан, осы үдерістерді оқытуға аса көңіл бөлу қажет.
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәнінің негізгі мақсаты - отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру.Осыған байланысты төмендегідей міндеттерқойылады:
студенттерді қазіргі тарих ғылымының жетістіктерін пайдалана отырып, хронологиялық тәртіпке сай ауқымды және нақты материалдармен таныстыру;
проблемалық дәрістер әдісін қолдану жолымен студенттерді шығармашылық ойлауға жаттықтыру;
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының гуманитарлық пәндер жүйесіндегі орнын, оның объектісі мен пәнінің ерекшеліктерін, ең өзекті проблемаларын анықтау;
бүгінгі тарих және тарих ғылымының рөлі, оның салалары мен бағыттары, тарихтың белгілі кезеңдеріндегі әлеуметтік және саяси проблемалар туралы түсінік қалыптастыру.
Тәуелсіз Қазақстан тарихын жоғары оқу орындарында пән ретінде студенттерге оқыту барысында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік кезеңі тарихын оқытудың тұжырымдамалық ұстанымдары сараланады. Тарихты оқытудың қалыптасқан жүйесі және негізгі қағидалары Тәуелсіз Қазақстан тарихы пәнін оқыту барысында да қолданылады. Қоғамдық-гуманитарлық салалардағы зерттеулер мен оқулықтарда пайдаланылатын бірнеше ұстанымдар бұл пәнде де өзекті болып табылады. Олар:
- объективтілік (шынайылық) - бүгінгі күрделі әлемде адам қабілетіне, ұлт жігеріне бағынбайтын заңдылықтар бар. Қазіргі заман ақпараттар заманы, адамзат баласы бір ақпараттық кеңістікте, бір-бірімен тығыз байланыста өмір сүруде. Бұл мәселе - Тәуелсіз Қазақстан тарихын оқып түсінудің басты шарттарының бірі;
- субъективтілік (жеке көзқарас) - тарихи үдерістердегі тұлғаның орнын көрсету осы ұстанымның негізгі мақсаты. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының басынан кешкен күрделі кезеңге қатысты жеке тұлғалардың, қайраткерлердің еңбектерін пайдалану бұл тақырыпты ашып көрсетудің қайнар көздерінің бірі;
- тарихилық - Қазақстан тарихы дүниежүзілік тарихтың заңдылықтарына бағынышты, дегенмен ұлы далада бірнеше мыңдаған жылдар бойы өмір сүрген және өмір сүре беретін қағидалар бар. Тарихилық ұстанымы Тәуелсіз Қазақстан тарихының әлемдік тарихтың заңдылықтарымен және ұлы дала тарихының қағидаларымен байланысты екенін көрсетеді;
- сабақтастық - бұл ұстанымның негізі Қазақстан халқының этникалық және мәдени-рухани тамырының көне және бұрынғы заман үлгілерге барып ұштасатынын дәлелдеу. Сонымен бірге, Тәуелсіз Қазақстан тарихы өзіне дейінгі ірі тарихи кезеңдермен, мемлекеттермен және өркениеттермен сабақтас құбылыс;
- өркениеттік - қазіргі заман адамзат баласының дамуын постмодернистік, техногендік өркениетке бастайды. XIX-XX ғасырлардан басталған бұл құбылыс бізге де өз әсерін тигізуде. Әлемдік өркениет факторын есепке алмай Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды тарихын жазу мүмкін емес;
- жүйелілік - адамзат қоғамы тұтас жүйе. Тәуелсіз Қазақстан осы жүйенің құрамдас бөлігі. Сондықтан ұлттық-мемлекеттік тарихты оқытуда жүйелі-құрылымдық ұстанымды пайдалану қажет.
Тәуелсіз Қазақстан тарихын оқыту қалыптасқан әдістемелік негіздерге сүйенеді. Оның әдіснамалық, теориялық, әдістемелік проблемалары оқулықта толық ашып көрсетілген. Оқулықтың басты мақсаты - студенттерге терең білім, талғамды түсінік беру, түрлі ұстанымдар мен күрделі тарихи мәселелерді талдауға және өз бетінше пайымдай білуге дағдыландыру. Қазіргі уақытта оқытушылар мен студентттердің түрлі деректер мен зерттеулерді қолдануына және оларды салыстыра зерделеуіне көптеген мүмкіндіктер бар.
Қазіргі қоғамда өркениет проблемасы терең пайымдаулардың пәніне айналып отыр. Адамзат өркениетінің болашағын зерделеумен айналысатын ғалымдар арасында түрлі көзқарастар да бар. Тарихтың ақыры немесе парасатты тарихтың басталуы туралы пікірлердің, өркениеттер қақтығысы жайындағы болжамдардың да бар екендігі белгілі. Әлемдік қоғамдастыққа ықпалдасу үрдісінде ұлттық - этникалық және мәдени құндылықтарды сақтау аса маңызды.
ХХІ ғасырдың басында әлем көптеген өзгерістерге ұшырады. Қазіргі Қазақстан тарихын оқыту үрдісінде салыстырмалы әдіс арқылы өткен, қазіргі және болашақ арасындағы өзара байланысты көрсету, сонымен қатар тарихтың ұлттық, өңірлік және ғаламдық қырлары арасындағы шынайы байланысты көрсету де аса маңызды.
2.Қазақ халқының мемлекеттігі-Қазақстан аумағында ірі-ірі көшпелі империялар мен жеке хандықтар ретінде ежелден өмір сүрген мемлекеттердің заңды жалғасы. Қазақ тарихын мемлекеттіліктің дамуы тұрғысынан қарастырсақ, онда ол жалпылама түрде Қазақстанның ежелгі тарихындағы сақ, ғұн, үйсін, қаңлы мемлекеттіліктерінің, ерте орта ғасырлардағы Түрік, Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Қарахандар мемлекеттерінің, одан кейінгі Алтын Орданың, ал нақты түрде, Ақ Орда мемлекеттерінің тарихымен тығыз байланысты. Мемлекеттердің атауы әртүрлі болса да, оларға тән ортақ нәрсе - бір территория мен сол территорияда өмір сүрген ру-тайпалар мен тайпалық бірлестіктердің тегі мен тілі, шаруашылығы мен мәдениеті, діни-рухани өмірлерінің тұтастығы. ХІІІ ғасырдың басына дейінгі мемлекеттердің бәрінің әулеттерді шығарып отырған тайпалар атауларымен байланысты болып келсе, Қазақ хандығы алғаш рет қазақ халқының құрамына енген тайпалардың бірінің емес, барлық тайпаларға ортақ жиынтық атаумен атала бастайды. Бұл дегеніміз - Қазақ хандығын бір тайпаға емес, көптеген туыс тайпалардың бірігуінің нәтижесінде пайда болған жаңа этноқауымдастық немесе жаңа этнос атауына қатысты екендігін көрсетеді.
XV ғасырда орнаған Қазақ хандығы-жерінің тұтастығы, саяси құрылымы, халқының мәдениеті, діні мен тілі ортақтығы сияқты белгілері жағынан алғанда, дербес мемлекетке қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді.3,5 ғасырдан аса тарихы болған Қазақ хандығы, біріншіден, б.з.д. І мыңжылдықтың басынан - б.э. ІІ мыңжылдығының ортасына дейін Қазақстан аумағында өмір сүрген мемлекеттік құрылымдар мен мемлекеттердің заңды мұрагері болса, екіншіден, ХV ғасырдың ортасынан ХІХ ғасырдың І ширегі аралығындағы қазақ халқының ұлттық сипатта қалыптасқан мемлекеті болып саналады.Хандықтың құрылуы Қазақстан аумағында желгі замандардан бері үзілмей үздіксіз жүріп келген этникалық процестер мен XIV - XV ғасырлардағы Шығысы Дешті Қыпшақ аумағы мен оған көршілес аймақтардағы саяси құрылымдар дамуының заңды қорытындысы болып есептелінеді. Сонымен бірге бұл маңызды оқиға мемлекеттіліктің дамуындағы белесті бір кезең болуымен ерекшеленеді.
1991 жылы тәуелсіздік алғанға дейінгі Қазақстан тарихы - бұл рухани дамудың, күрес пен табандылықтың және жасампаздықтың жылнамасы. Мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізу Қазақстанның сан ғасырлық тарихының дәуірлік оқиғасы болды. Сондықтан ғасырлар тоғысындағы, ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы егемен Қазақстан тарихы - бұл тәуелсіздік алған және жаңа мемлекетті құрған республика азаматтары жетістіктерінің заманауи жылнамасы.
Тәуелсіз Қазақстан тарихы - бұл Отандық тарихтың заңды жалғасы және маңызды бөлігі болып табылады. Өткенсіз бүгін, бүгінсіз ертең жоқ деген қанатты сөз қоғам мен мемлекеттегі тарих ғылымының міндеттерін нақты анықтап тұр. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің іргетасын әлемнің елеулі бөлігіне ықпал еткен ұлы дала көшпелілерінің мемлекеттік дәстүрі және бірнеше жүз жылдық барысындағы қазақтардың азаттық жолындағы күрес тарихы, Ресей және Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы құрамында өмір сүрген тәжірибесі құрайды.
3. Жоғары оқу орындарында Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын оқыту студенттер бойында патриотизм мен азаматтық позицияны қалыптастыруға, Қазақстанның сан ғасырлық тарихы бойынша терең ғылыми білімдерді бекітуге ықпал етуші фактор болуы тиіс. Әсіресе, Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы, қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларындағы реформалар үрдісі, ішкі және сыртқы саясаттағы жетістіктері өскелең ұрпақ санасына құйылуы тиіс. Осыған орай, төмендегідей міндеттер туындайды:
проблемалық көзқарас негізінде, тарихи дамудың жалпы заңдылықтарын талдау арқылы ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы кезеңдерін, мазмұнын және мәнін ашу;
тарихтың ежелгі кезеңдерінің негізгі проблемаларын зерделеу арқылы сол дәуірді халқымыздың бесігі, кейінгі тарихи дамудың алғышарты ретінде көрсету;
қазақ ұлты мен мемлекеттілігінің қалыптасу үрдісінің басты бағыттарын ашу;
қазақ хандығының өмір сүрген кезеңі мен отарлық қыспақпен тәуелсіздікті жоғалту барысындағы тарихи даму ерекшеліктерін дәйектеу;
кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихының мәні мен қайшылықтарын айқындау;
тәуелсіздіктің қалыптасу жағдайындағы өтпелі (транзитті) қоғамдағы тарихи үрдістердің (саяси, экономикалық, социомәдени) негізгі заңдылықтарының мазмұнын зерделеу;
мемлекеттік тәуелсіздіктің саяси - құқықтық негізін құрайтын құжаттарды (деректерді) білуді қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың егемен мемлекетті нығайтудағы, еліміздің халықаралық қауымдастықтағы лайықты орын анықтаудағы тарихи рөлін көрсету;
мемлекет эволюциясын және оның тәуелсіздік кезеңіндегі институттарын қарастыру;
Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени реформалау үрдістерінің барысы мен нәтижелерін және экономикалық қуатының өсуін айқындау;
еліміздің әлемдік және өңірлік қоғамдастыққа халықаралық қатынастардың дербес субьектісі ретіндегі кіру үрдісін ашу.
Дәріс №1,2.
1.Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастырудың тұжырымдамасы.
2.Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуі.
3.Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихи деректері мен тарихнамасының талдануы.
1.Отандық тарих ғылымы еліміздің тəуелсіздігімен бірге келген терең түбегейлі өзгерістер мен жаңаруларды басынан өткеруде. Оның басты көрінісі - тарих ғылымының бұрынғы идеологиялық қыспақтан арылып, төл тарихты зерттеуге бет бұрғаны. Ұлттық тарих тұтас ұлттық таным, төл рухани құндылықтар контексінде қарастырыла бастады.
Тарих ғылымы - ұлттың, елдің тəуелсіздігінің жəне тарихи сананы қалыптас тырудың тірегі. Өйткені Отан тарихы - оның əлемдік қауымдастықтағы орнын айқындайтын ең негізгі фактор болып саналады. Тарихсыз қоғам, халық, мемлекет болмайтыны белгілі. Бірақ сол тарихтың ғылымға негізделіп, шынайы, түбегейлі жан-жақты зерттелмеуі тарихи сананың ұлттық рухтың əлсіреуіне əкелетініне, əсіресе өткен жиырмасыншы ғасырдың ұрпақтары талай рет көз жеткізді. Ендеше отандық тарих ғылымының алдында тұрған өзекті мəселе - сол ғылымның теориялық жəне методологиялық ұстанымдарына сүйене отырып, іргелі зерттеулер жүргізу арқылы болашақ зиялы ұрпақты тəрбиелеу. Төл тарихымызды танып-білудің үш құрамдас бөліктен құралатын кешенді бағыты төмендегідей: Бірінші бағыт - Қазақстан тарихының əртүрлі-деңгейдегі оқу орындарында ғы оқыту дəрежесін үнемі жетілдіріп отыру. Екінші бағыт -- Отандық тарихты қолда бар құралдарды, мүмкіндіктерді пайдалана отырып, халық арасында кең насихаттау. Үшінші бағыт - Қазақстан тарихының тереңдей зерттелуі.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін жариялағаннан кейін жаңа тарихи таным қалыптастыру үшінтарих ғылымының теориялық-методологиялық мәселелерін қайта қарау қажеттілігі туындады. Сондықтан 1995 жылы Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастырудың тұжырымдамасы дайындалып, онда өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау қажеттігі баса айтылды. Онда тарихи білімнің іргелі принциптері айқындалып, негізгі басымдықтары анықталды. Тұжырымдаманың мақсаты мемлекеттік саясаттың тарихи сананы қалыптастырудағы негізгі басымдықтарын айқындау болып табылады.
Осы тұжырымдаманың негізінде: Тарихи білімнің негізгі басымдықтары, Тарих ғылымының проблемалары, Тарихи білім беру мен ағарту ісінің келешегі сияқты басты бағыттар қамтылынды. Ата тарихымыздың бұрмаланған беттеріне қоғамдастық ғылым жолындағы ғылыми әлеуеттер өкілдері де айтарлықтай іргелі ізденістер жүргізді. Басталынған іргелі мәселелерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасын алға тартты.
Тарихшы ғалымдардың алдында тарихты жазуда, зерттеуде өзекті мәселелерге жаңа көзқарастар тұрғысынан қарап, дербес, тың ой-пікірлер мен тұжырымдар жасау міндеті тұрды. Бірақ тәуелсіз, жаңа тұжырымдар жасау оңайға түскен жоқ.Ғасырға жуық билік құрған Кеңес Одағының құрамында болған халықтардың барлығының тарихы бірыңғай саяси бағытта жазылғаны белгілі. Бұл, әрине, алып империяға қол астындағы халықты уысында ұстап отыру үшін, орыстандыру саясатын жүргізу үшін керек болды. Ал, осы саясатты жүргізу тарихшылар арқылы жүзеге асырылды. Сондықтан да, ХХ ғасырда тарих ғылымына жоғарыдан қысым жасалып, тарих тапсырыспен жазылды, қатаң бақылауда ұсталды.
Отан тарихы, біріншіден, əлемдік тарихтың құрамдас бөлігі ретінде, екіншіден, Шығыс əлемінің құрамдас бөлігі ретінде, үшіншіден, ислам əлемінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылып, одан кейінгі кезеңдері Қазақстанның Ресей империясы мен Кеңес Одағының құрамындағы тарих ретінде қарастырылып, зерттелуі қажет. Осыған орай Қазақстанның тарих ғылымының алдына төмендегі міндеттер қойылды - өткен тарихты үзінділер түрінде емес, мүмкіндігінше тұтас үрдіс ретінде қарастыру; көне жəне орта ғасырлық тарихқа басты назар аудару; Қазақстан тарихының кеңестік кезеңін қай та қарау; қазақ диаспоралары тарихын зерттеуге басты назар аударумен қатар елімізді мекендейтін этникалық топтарына тиісті мəн беру. Сан түрлі дерек көздерін саралап, тарихтың ақиқатын аршу қаншалықты маңызды болса, оны келер ұрпаққа жеткізуде соншалық маңызды. Қоғамдық санада қалыптасқан - тарихтың өзі екшейді, өзі əділ бағасын береді дей тін ұғымдық категория бар. Бірақ ең бірінші адамдардың, қоғамның, халық тың санасына, зердесіне тікелей байланысты. Тарих - қоғамның, мемлекеттің өркениет тілігін көрсетеді. Өркениетті елдер төл тарихына құрметпен, жауапкершілік пен қарап, ерекше назар аударады. Өйткені, өткен тарихын құрметтей білген ұрпақ, келер ұрпаққа өз дəуірін сыйлата білері анық. Ендеше Отан тарихының өзектіде теориялық мəселелеріне сипаттама жасау арқылы ұлттық сана қалыптастыру. Оның міндеті алдына қойған мақсаты на сəйкес еліміздің басынан өткізген жекелеген үрдістеріне байыпты талдау жасау бүгінгі күні тарих ғылымының өзекті мəселелерінің бірі болып саналады.
2.Қазақстан мемлекетінің тəуелсіздік алуы ғылымды жаңа өзгерістерге алып келді. Сондықтан да, Қазақстан тарихы ғылымына қоғамдық жаңа ұлттық тарихымызды жазуға əлемдік тарих ғылымында өткен дəуірлеу мен қазіргі кезеңдегі тарихи құбылыстардың кезеңдік межелерін айқындау тəжірибесін ескеру қажет бола бастады. Дəуірлеу тарих ғылымы методологиясындағы күрделі мəселелердің бірі. ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда Қазақ хандығы құлағаннан кейін қазақтардың арыңды рухы бұрқ етіп сыртқа шығудың әртүрлі жолдарын қарастырды. Ресей патшалығы әлсіреді. Сол кезде қазақтарда өз мемлекетін қүру үміті тағы да ояна бастайды. Алашорданың көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және басқалар болды. Қалай болғанда да, Алашорданың игілікті ісі өте қайғылы аяқталды. Қазақтың оқыған жас өкілдерінің осынау ыстық жігері, ұлттық рухы сол кезде қалыптасқан жағдайлардың себебінен өмірде іс жүзіне аса алмады. Сөйтіп, 1917 жылдан 1920 жылға қазақтың ұлттық рухы ауыр езгінің астына түсті. Қазақстан - КСРО-ның құрамына кірді.
Əлемдік тарихта қазіргі заман тарихының басталу кезеңін бірінші дүниежүзілік соғыстың басталу уақытымен алса, Кеңестік жүйе де 1917 жылғы қазан төңкерісінің уақытымен алған болатын. Пайымдауша Қазақстан тарихындағы қазіргі заманды қазақ жеріне капитализмнің енуінен бастау керек деген орынды.
Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуін төмендегіше жазуға болады:
1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағыұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері.
2. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі.
3.Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы.
4.ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалар.
5.ТәуелсізҚазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы.
6. Қазақстан - замануи әлем мойындаған ел.
3. Тарихтың фактісіз жазылмайтындығы белгілі. Тарих ғылымының дәстүрлі деректемелік негізі әр қырлы археологиялық, этнологиялық, фольклорлық және өзге де материалдардан тұрады. Тарихшылар кітапхана қорлары мен мұрағаттарда сақталған көптеген деректерді қолданады. Тәуелсіздікке дейінгі Қазақстан тарихының деректемелік негізін археологиялық қазба жұмыстарының материалдары, антикалық, ортағасырлық - батыс, парсы, араб, орыс, қытай, моңғол және өзге де тарихшы-жылнамашылардың еңбектері, мұрағат құжаттары құрайды. Қазақстан тарихына кеңестік кезеңдегі түрлі құжаттық деректер де өзіндік үлесін қосады. Алайда, сол он жылдықтардың идеологиялық ізін де ескерген орынды.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеуде қоғамдағы саяси, әлеуметтік - экономикалық және рухани өзгерістерді бейнелейтін негізі деректер, құжаттар мен материалдар:
Республиканың басым бағыттары мен даму нәтижесін, мақсат-міндеттерін айқындайтын мемлекет басшысының жарғылары, жолдаулары, баяндамалары, сөйлеген сөздері;
Парламент тарапынан қабылданған заңнамалық құжаттар;
Еліміздің ішкі және сыртқы дамуын, Қазақстан дамуының саяси-өңірлік, әлеуметтік экономикалық қырларын нақтылайтын үкіметтік қаулылар мен құжаттар;
Атқарушы биліктің орталық және өңірлік органдарының құжаттары, түрлі деңгейдегі мәжілістер материалдары;
Азаматтық қоғам институттарын, саяси партиялардың, шетел сарапшыларының ұстанымдарын бейнелейтін материалдар;
Тәуелсіз Қазақстанды құруға ат салысқан тұлғалардың естеліктері;
Әлеуметтанулық сауалнамалар материалдары мен статистика мәліметтері;
Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша қазақстандық және шетел ғалымдарының тұжырымдамалық және іргелі еңбектері;
Мерзімді басылым материалдары;
Өзекті мәселе бойынша интернет-қорлары.
Тәуелсіз Қазақстан тарихын жазуға негіз болатын құжаттық негізін заңнамалық актілер мен стратегиялық құжаттар құрайды. Бірінші кезекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы (1991 жыл), 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан - 2030: барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы (Алматы, 1997) және Елбасының басқа да Жолдауларын атаймыз. Заңнамалық актілер мен стратегиялық құжаттар Тәуелсіз Қазақстанның негізін салып, оның болашақ даму қырларын анықтап,елдегі іргелі өзгерістерге жол ашты.
Мемлекеттік стратегияны талдауда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері маңызды болып табылады. Өйткені, Елбасы еңбектерінде мемлекет пен азаматтық қоғамның дамуы, ішкі және сыртқы саяси жағдайлар туралы, тәуелсіздіктің қалыптасу үрдісіндегі мәселелер, табыстар мен қиыншылықтар туралы толық ақпарат беріледі. Президент еңбектерінің өзектілігі, оның тарихи үрдістің қарапайым ғана қатысушы емес, КСРО - ның ыдырауы және тәуелсіздіктің қалыптасуы кезінде, қазіргі уақытта да маңызды шешім қабылдаған саясаткер екендігімен түйінделеді. Елбасы еңбектері тарихи фактілерге толы ғана емес, сонымен бірге талдау негізінде әрі жан-жақты сипатта жазылған. Оларда 1980 жылдардағы кеңестік қоғамның дағдарысы, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алу үрдісі, экономикалық реформалардың жүргізілуі мен мемлекеттік-саяси жүйенің дамуы зерделенеді.
Қазақстан экономикасын жаңғырту (модернизация) бойынша берілген деректер ішінен заң күші бар және экономикалық дамуды жандандырған Елбасының жарғылары, Қазақстан халқына Жолдауы және мемлекет басшысының ірі халықаралық форумдар мен кеңестерде сөйлеген сөздерін атауымыз қажет. Сонымен бірге Республикада мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру сияқты аса күрделі, қарама - қайшылығы мол мәселеге қатысты кейбір оқиғалар мен үрдістер құжаттық деректерде жеткіліксіз берілген, сонымен қатар аналитикалық материалдар мен публицистикалық мақалалар саны да мардымсыз. Осыдан келіп реформалар барысын, елдің әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіші ретіндегі статистикалық мәліметтерді талдаудың маңыздылығын айта кетуіміз де керек.
Тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеуде Қазақстан тарихын зерттеудің бай дәстүрі бар. М.Х. Дулати, Қ.Жалайыр, Қ. Халиди, Ш. Уәлиханов, Г. Потанин, Ә. Бөкейханов және т.б. ғалымдар мен ойшылдар Отан тарихының күрделі мәселелерін шешуге сүбелі үлес қосты. Кеңестік жылдарда ұлттық тарихнама С.Асфендиаровтың, М. Тынышбаевтың, Х. Досмұхамедовтың, Е.Бекмахановтың, Ә. Марғұланның, Г. Дахшлейгердің, Р. Сүлейменовтың қаламынан шыққан толымды еңбектермен байыды. Ел тарихының жарқын беттері тәуелсіздік тұсында жазылғаны күмәнсіз. М.Қозыбаев, М.Асылбеков, К.Нұрпейісов, К.Байпақов, Т.Омарбеков, М.Қойгелдиев, Қ.Атабаев, В.Зайберт т.б. танымал ғалымдардың еңбектері ұлттық тарихтың ақтаңдақтарын жоя бастады.
Тарихнаманың маңызды арқауы Қазақстан республикасының Тұңғыш Президентінің мемлекеттік қызметі, әсіресе жаңа Қазақстанның жаңа астанасы Астананы салдыруы болып табылады. Қазақстанның жаңа астанасы туралы Елбасының Еуразия жүрегінде (Алматы, 2005) еңбегінде астананы ауыстырудың негіздері, мемлекеттің дамуындағы ел астанасының мәні терең ашылып көрсетіледі. Осы орайда ғылыми, публицистикалық және құжаттық шығармалар қатарындағы төмендегідей кітаптарды айтуға болады: Н. Ә.Назарбаевтың Халыққа арнау (2007), Ел басы мәртебесі - ел мәртебесі(2007), Қазақстан. Жаңа асулар жылы 2002 (2003), М. Касымбеков Становление института президентства в Республике Казахстан (2000), Елін сүйген, елі сүйген Елбасы (2005), Ж. Сааданбеков Нурсултан Назарбаев. Законы лидерства (2005), Қазақстан. Тәуелсіздіктің 15 жылы(2006), Қазақстан әлемнің тоғызыншы мекені(2007), О.Видова Нурсултан Назарбаев: портрет человека и политика (1998), Бәйтерек (2003), А. Джаксыбеков Так начиналась Астана (2008) т.б.
Халықаралық қатынастар тарихнамасында Қ. ТоқаевтыңБеласу. Дипломатиялық очерктер (2003), Под стягом независимости. Очерки о внешней политике (1997); Дипломатия Республики Казахстан (2002), Нұр мен көлеңке (2008), Т.Мансұровтың Казахстанско-российские отношения в эпоху перемен (2001) зерттеулері ерекше орынды иеленеді. Саяси тарих бойынша әдебиеттер қатарынан - К. Бұрхановтың, Б. Сұлтановтың, Б. Аяғанның Современная политическая история Казахстана 1985-2006 гг. (2006) еңбектерін атауға болады.
Қазіргі уақытта аталған тақырып төңірегінде салмақты және іргелі зерттеулер қолға алынуда.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақстан - ның қазіргі за - ман та - рихы пәнінің мақсаты мен міндеттері
2. Қазақстан Қазақстанның қазіргі заман тарихының басты мәселелерінің өзектілігін айқындау
3. Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихи деректері
4. Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихнамасының талдануы
Әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. - Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010.
2. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. - 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4 кітап Т.Омарбеков, Б.С.Сайлан, А.Ш.Алтаев және т.б.. - Алматы, Қазақ университеті, 2016. - 264 с.
3. Ұлы Дала тарихы: учебное пособие Кан Г.В., Тугжанов Е.Л. - Астана: Zhasyl Orda, 2015. - 328 стр.
4. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. - Алматы, 2010.
5. Артыкбаев Ж.О.; Раздыков С.З. История Казахастана: Учебник. - Астана: Фолиант, 2007. - 344 с.
Дәріс № 2. Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғышарттары: ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері
(2 сағат)
1.ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай.
2.Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі. Жәдидтік ағартушылық ойларының Ұлы Дала еліне ықпалы.
3. 1905 жылғы 17 қазандағы патша манифесі. Қазақтардың Ресейдің І - ІІ Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы.
1.XX ғасырдың басында Ресей патшалығының отары ретіндегі Қазақстанда негізінен өнеркәсіптің екі саласы, яғни тау-кен өндірісі мен кен-зауыт өнеркәсібі, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркәсіп жатқызылды. Әсіресе, тау-кен өнеркәсібі түсті металдар мен темірдің бай кен орындарын пайдаланып жатқан Алтай мен Орталық Қазақстанда өркендеді. Бірақ, ғасыр басында мыс, алтын, темір жөне басқа қазба байлықтарын шығаратын еліміздің тау-кен кәсіпорындары, негізінен, шетелдік акционерлік қоғамдардың қолына көшті. Мысалы, 1904 жылы Лондонда пайда болған Спаск мыс кендерінің ағылшын-француз акционерлік қоғамы Спаск-Успенск мыс кені мен заводын, Саран-Қарағанды тас көмір кенін және рудниктерін түгелдей сатып алып, пайдаланды.
Қазақ өлкесінің ғасыр басындағы тау-кен өнеркәсібінің басты салаларының бірі алтын шығару болды. Сонымен қатар, Екібастұзда, Қарағандыда, Саранда көмір кен орындары мол пайдаланылды. Өндірілген көмір темір жолмен және су жолдарымен Ресейдің Пермь губерниясына, Омбы мен Барнаулға, сондай-ақ, өлкенің Павлодар, Қызылжар және басқа да қалаларына жеткізіліп отырды.
Осы кезеңде Батыс Қазақстан өңірі мен Орал-Ембі аймағында мұнай шығару өнеркәсібі де біршама дамыды. Бірақ, ол кәсіпорындар толығымен шетел капиталистерінің билігінде қала берді. Тек, І912-1914 жылдардың өзінде ғана ағылшын капиталистеріне қарасты Батыс-Орал мұнай қоғамы, Орал-Ембі қоғамы, Солтүстік Каспий мұнай компаниясы өлкенің арзан жұмысшы күшін пайдаланып, бәсекелестіктің болмауына байланысты мұнайдың мол бай кен орындарын жыртқыштықпен пайдалана отыра, өздеріне өлшеусіз, ұшан-теңіз пайда әкеліп жатты.
Осындай себептерге байланысты, Қазақстанның кен өнеркәсібі бұл кезеңде жергілікті капитал негізінде өсіп шыққан жоқ. Оны сырттан келген орыс және шетел капиталы жасады. Оның өнімі түгелдей дерлік өлкеден тыс жерлерге әкетілді, ал пайда XX ғасырдың басынан бастап шетелге кетіп жатты. Осының бәрі кен өнеркәсібінің Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өсуіне ықпалын күрт кемітті. Өлке өнеркәсібінің біршама өсу жолын тұтас алып қарастырар болсақ, мұнда ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдейтін кәсіпорындардың атап айтсақ, теріден былғары жасайтын, май шыжғыратын, сабын қайнататын, арақ, спирт шығаратын, май шайқайтын және т.б. кәсіпорындардың белгілі дәрежеде роль атқарғандығы байқалды.
XX ғасырдың басында да Қазақстанның орталық аудандарының капиталистік өнеркәсібінің шикізат көзіне, сондай-ақ өнім өткізу рыногына айналуында темір жолдардың салынуы маңызды роль атқарды. Өйткені, олар бір мезгілде артта қалған отар аудандарына, ең алдымен Орта Азия мен Сібірге Ресей капитализмінің ену құралына айналған болатын. Ал, шын мәнінде, Орта Азия мен Қазақстанды Ресейдің экономикалық игеруі осы аумақтардың терең түкпіріне темір жолдар салудан басталған еді. Темір жол желілері Қазақстан аумағында XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басынан ірі темір жолының салынуына байланысты тартыла басталды. Революцияға дейінгі Қазақстанның негізгі ірі Сібір темір жол желісі 1901-1905 жылдары салынған Орынбор-Ташкент жолы болды. Сөйтіп, ғасыр басында одан кейін Троицк, Алтай және Жетісу темір жолдарын салу жұмыстары дами түсті. Әрине, өлкенің әлеуметтік-экономикалық өмірінде жол қатынастарының дамуы маңызды рөл атқарды. Әсіресе, олар сауданың өркендеуіне өз ықпалын тигізді. Бұл темір жолдар өлкені Ресейдің өнеркәсіп орталықтарымен байланыстырып, оны жалпыресейлік экономикалық нарыққа тартты. Қазақстанның әр түрлі өнеркәсіп шикізаттары, мал шаруашылығы өнімдері, мал, астық сыртқа шығарылып, өлкеге фабрика-завод бұйымдары, тағы да басқа қажетті тауарлар әкелінді. Сонымен қатар, қазақ даласында пайда болған темір жол станцияларына сол кезеңде халықтың біршама көп шоғырлануына байланысты олар өлкенің әлеуметтік-экономикалық және саяси-мәдени өмірінің ошақтарына айнала бастағанын көреміз. Осы кезеңде ірі темір жол станцияларындағы халықтың саны бірнеше мың адамға жетті. Мысалы, 1916 жылы Орынбор станциясында - 9720, Ақтөбеде - 3263, Шалқарда - 5300, Қазалыда - 3600, Перовскіде - 1852, Түркістанда - 2984 адам тұрды. 1906-07 жылдары Петропавл (Қызылжар) станциясындағы тұрғындардың саны 3 мыңнан асқан.
Сөйтіп, осы кезеңде өлкедегі өнеркәсіптің біршама дамуы, темір жолдардың салынуы, су жолдарының пайдалана бастауы - Қазақстанда жалпы жұмысшы табын қалыптастырудың бірден-бір әлеуметтік-экономикалық негіздерін қалауға себеп болды. Өлкедегі мұндай өзгерістер ғасыр басында одан әрі дами түсті. Мысалы, 1913 жылғы өлкедегі жұмысшылар саны 75 мың адамға дейін жетті. Сонымен қатар, Қазақстанда 51 мың жұмысшы еңбек еткен 675 фабрика-заводтың кәсіпорындары болды да, ол жұмысшылардың 28 мыңға жуығы ірі өнеркәсіп орындарында істеді. Тек теміржол мен су жолдарында 25 мыңнан астам жұмысшы еңбекпен қамтылды. Ал, бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жұмысшылар саны ірі өнеркәсіп орындары мен транспортта өсе түсті. Сөйтіп, 1917 жылғы Қазан төңкерісі тұсында Қазақстандағы жұмысшылардың жалпы саны 90 мыңға жетті.
Бірақ, жергілікті қазақ жұмысшылары көбінесе маусымдық жұмыстарға ғана тартылып, кәсіби мамандықтарының болмауынан тұрақты жұмыстармен қамтылмады. Тұрақты жұмыспен тек темір жол желілері мен тау-кен өндіріс орындары ғана біршама қамтамасыз ете алды. Сөйтіп, өлкедегі тау-кен өндірісі, завод кәсіпорындары мен транспортта ғана жұмысшылардың шоғырлануы жоғары болды.
Соған қарамастан, әлеуметтік тұрғыдан өлкенің өнеркәсіп жұмысшыларының жағдайы Ресейдің өнеркәсібі дамыған аудандарымен салыстырғанда әлдеқайда ауыр болды. Оған кәсіпорын қожайындарының өктемдігімен белгіленген жұмыс күнінің ұзақтығы себеп болды. Мысалы, Ембінің мұнай кәсіпорындарында 12 сағатқа дейін, алтын өндірілетін кен орындарда 10-12 сағат, тұз өндірілетін кәсіпшіліктерде 14-16 сағатқа дейін созылды. Міне, осындай әлеуметтік теңсіздіктердің басымдылығын көрген және кәсіп иелерінің өздеріне алалаушылық жасап, құқықтарынан айыру шараларын басынан өткізген қазақ жұмысшылары ерекше ауыр жағдайда болды. Осының бәрі күрделеніп келіп, қазақ жұмысшыларын өздерінің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайларын жақсарту мақсатындағы күреске итермеледі.
2.XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болтан өзгерістер қазақ халқынын рухани өміріне терең әсер етті. Саяси, экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды. Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді.
Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезең болып табылады.
ХХ ғасыр басындағы дәуір шеңберінде қазақтың алдыңғы қатарлы жастары оқу-білімге көптеп, шын ынтамен ағылып келе бастады. Олар сол кезеңдегі Ресейдегі өнеркәсіп, ғылым мен мәдениеттің көрнекті орталықтары Санкт-Петербургте, Мәскеуде, Казанда, т.б. қалаларда орта және жоғары оқу орындарында оқып білім шыңдады.Сонымен, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Ресейдің бір ғана Петербург университетінде 20-ға жуық қазақ студенттері оқыған. Б. Қаратай, Б. Құлман, Б. Сыртанұлы, А. Тұрлыбайұлы, М. Шоқай, Ж. Ақбайұлы және басқалар. Сондай-ақ, Мәскеу мен Санкт-Петербургтың басқа жоғары оқу орындарын Ә. Бөкейхан, Х. Досмұхамедұлы, М. Тынышпайұлы сияқты қазақ жастары бітірген. Яғни, қазақ зиялыларының басым көпшілігі Ресейдің бас қалаларында және сол сияқты Қазақстанмен көршілес Омбы, Том, Орынбор, Ташкент, Саратов, т.б. қалаларында оқып, алғашқы саяси әрекеттерге сол жерлерде араласып, қоғамдық-саяси көзқарастарын қалыптастыра бастады.Оқып-тоқып, қоғамдық сана-сезімі байи түскен ХХ ғасыр басындағы қазақ жастары қай жерде жүрсе де, қай салада еңбек етсе де туған халқының тағдыры туралы ойлануды бір сәт те ұмытқан жоқ. Қазақ халқының Ресей патшасы үкіметінің тұсындағы әлеуметтік-саяси саладағы теңсіздік жағдайын танып- білген сайын іштей де, сырттай да шешуші қадамдар жасауға бекініс жасап отырды. Ол үшін қазақ халқының Ресей қоғамында өзге халықтармен қай салада да тең орын алуына жетісуі өте-мөте қажет деп бекінетін ілгергі лектегі қазақ жастары. Ал бұл мақсатқа жету үшін байтақ қазақ жерін мекен еткен қандастарымыздың қоғамдық сана-сезімін оятып, оларды әлеуметтік міндеттерді (жер-су дауы, т.б.) шешуден гөрі біртіндеп болса да саяси күрестерге шыңдау қажет деген қорытындыға тоқтады.
Қазақ халқының орта ғасырлық мешеуліктен жаңа заманның көшіне еріп, өркениетті елдермен терезесі теңесуі үшін оқу-өнердің ауадай қажеттігін санасына сіңіру - кезек күттірмес міндет ретінде күн тәртібіне қойылды. Айқап журналы мен Қазақ газетін саяси мінбеге айналдырып, ұлт зиялылары халқына дәріс берді. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дұлатұлы, Халел Досмұхамедұлы, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбайұлы сынды саяси-рухани көсем тұлғалардың отты мақалаларынан күш алып, жігерін жаныды.
Сол тұстағы қазақ зиялыларының көпшілігі жоғары оқу орындарының заң факультетін бітіріп, құқ туралы терең білім алу арқылы жерін, елін заңсыздықтан қорғамақшы болды. Ал бұл тұста қазақ даласында зорлық-зомбылық күшті белең алып тұрды. Қазақтың жер қайыстырған малы мен тасыған дәулеті оның көбеюіне себепші болған құнарлы жері ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті. Қараңғы халық заңсыздықтан азап шекті. Осындай жағдайда заңды білуге ұмтылу жұрттың алдына қойған үлкен арман- мақсат болды.
Алаш зиялыларының ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ұстанған бағыты ғылым мен білімнің көзі исламға бет бұру және оны жаңаша серпілту (жәдитшілдік) жолы еді. Қазақ даласына бұл жол қырымдық татарлардың көрнекті ғалымы Ысмайыл Ғаспыралының (Исмаил Гаспринский) Тәржімасы арқылы тартылды деуге болады. Алаш қайраткерлері Батыс пен Шығысты тең ұстаған, ғылыми исламды өміріне азық еткен Исмаил Гаспринскийді үлгі тұтты.
Ысмайыл Гаспыралы немесе Исмаил Гасприн - ский - ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысындағы бүтін түркі дүниесіне, жалпы адамзатқа ортақ аса ірі қай - рат - кер, қаламгер, жазушы, ойшыл, ағартушы. Оның жаңашылдығы, түркі-мұсылмандар арасындағы ағартушылық-реформалық бастамалары сол кездегі ортақ отанымыз бен шетелдердің бірнеше буынын тәрбиеледі. Жәдитшiлдiк бағыт негiзiн салушы Шаһабуддин Маржани болғанымен, қазақ оқығандары И.Гаспринский еңбектерi мен оқулықтарын пайдалану арқылы өз мақсаттарын жүзеге асыруға ұмтылды. И.Гаспринскийдiң осынау оқулықтары, танымдық кiтаптары, ағартушылық аудармалары ағартушының алдына қойған арман-мүддесiнiң үдесiнен шыққанын көрсетедi.
Жәдит термині ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Жәдидшілдік қозғалыстың түркі халықтары арасында тарауы мен дамуы ХХ ғасырдың 20-жылдарының өзінде ғылыми зерттеулерге арқау болды. 1920-1930 жылдар аралығында жарық көрген ғылыми зерттеулерде татар ағартушыларының, зиялыларының ғасыр басындағы азаттық қозғалысқа және 1917 жылғы қос революцияға қатысу барысы айқындалып, олардың қоғамдық-саяси қызметтеріне баға берілді. Исмаил Гаспринскийдің жәдидтік идеясын ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы қолдап, оны өзінің жаңа қазақ жазуын жазуда пайдаланады. Біз оны Ахметтің 1912 жылы Орынбор қаласында басылып шыққан Оқу құралы атты кітабынан көре аламыз.
Қазақ жастарының Уфа, Троицк, Қазан, Орынбор сияқты білім ордаларында ашылған Татар медреселерінде білім алулары ХҮІІІ ғасырдың соңғы жылдарында басталды. Медреседе ХІХ ғасырдың бастарында көптеген қазақ жастары білім алды. Осы уақыттарда Еділ- Орал аймағындағы Мұсылман дін адамдарының басқаруымен жүргізілген білім беру жүйесі Орыс үкіметінен ешқандайда көмек алмай өз күшімен өркендеген болатын. Орыстар Христиан қыла алмаған Татар және Башқұрт халықтарын еркін жіберуді ұйғарып, білім беру жұмыстарын дін адамдарына тапсырған болатын. ХІХ ғасырдың соңына дейін жалғасқан осы саясаттың арқасында әр ашылған мешіттің қасынан медресе ашылды.
Ресей ішкі істер министрлігінің назарында болған медереселердің ішінде Ресулие медресесі, Құсаиния медресесі және Ғалия медресесі болған. Осы аталған медреселер ең көп қазақ жастарының шоғырланған жері болды. Ресулие медресесі Тройцк қаласында ашылған. Директоры әйгілі дін адамы Шейх Зейнуллах Ресули. 1884 жылында ашқан медреседе татар, башқұрт және қазақ жастары білім алды. Сол дәуірдің жәдидшілдерінің бірі болған Ресули медреседе жаңа педагогикалық білім беру жүйесін құрды. Медресенің білім беру жүйесіне Ыбырай Алтынсарин және Қазақтың бай саудагерлері де оң қабақ танытқан. Зерттеуші Жемаладдин Велидов Ресулие медресесінде білім алған оқушылардың 10% қазақ және башқұрт оқушыларынан құралғанын айтады. ХХ ғасырдың басында Қазақстан ақпарат құралдарының арасында маңызды орны бар Айқап журналының шығарушысы Мұхамметжан Сералин және Екрем Алиов осы медреседе білім алған. Қазақ мәдениетіне әсер еткен тағы бір медресе Ахмет Қусайновтің Орынбордан ашқан медресі. Медресе 1890 жылы ашылған. Құсаиния медресесінде тек қана діни сабақтар емес, тарих, география, химия, зоология, Түрік және Орыс тілдері де оқытылған. Медресені Орыс мектептерімен жарысатындай дәрежеге жеткізген Құсаиния медресеге дәріс беру мақсатында сол дәуірдің атақты оқытушыларын жинап медресенің атын шығарған. Аталған медреседе дәріс алған Қазақ оқушыларының арасында Құдайберген Жұбанов, Шамғали Сарыбаев, Жұмабай Оразалин, Елемес Керменов, Хайреттин Балғынбаев, әйгілі әдебиетші Кенжеғали Ғабдуллинт. Қазақ оқушыларының ен көп шоғырланған медресесі Ғалия медресесі.Медресе Еділ - Орал аймағының жәдитші дін адамы Зиаддин Кемали (1873-1942) тарапынан құрылған. Уфа қаласында 10 қазан 1906 жылы құрылған медресе "Медресе-и Алие-и Діние" атымен ресми түрде ашылған. Кемали бір жағынан медреседе директорлық қызметін атқарса, бір жағынан хадис, тәбсір, сүннет және психология сабақтарын оқытқан. Дін сабақтарымен қатар математика, физика, химия және жаратылыстану пәндері оқытылған. Жәдитше білім берудің алғашқы құрушыларының бірі болған медреседе 1909жылы мен 1916 жылдар арасында 154-ге жуық қазақ жастары білім алған. Осы жастардың арасында Мағжан Жұмабаев, Ишанғали Арабаев, Мустафа Оразаев, Бекмұхаммет Серкебаев, Бейімбет Майлин, Абдолла Шоқаев т.б білім алған. Жоғарыда аты аталған медреселерден басқа қазақ жастарының білім алған медреселері Қызылжардағы Құснеддин Халфе, Вели Ахунд, Әзиз Молла, Орынбордағы Мұхаммедия медресесі және Османия медресесі Алғашында Еділ- Орал аймағында діни ойларды жаңарту негізінде туған жәдитшілдік, кейіннен Ресейде өмір сүретін мұсылман түркі халықтарының реформа және өзгеру талаптарын білдіретін бір термин ретінде қолданысқа түсті. Бұл ой Абдунасыр Құрсави мен Шахабеттин Мержанидің басшылығымен ойластырылған. Исмаил Гаспыралының " тіл де, пікір де, іс те бірлік" сөзімен жәдитшілдік бір мақсатты көздеген ағым болып қалыптасты. Ресей империясының мұсылман түркі халықтарына жүргізген саясатына қарсы ұйымдастырылған жәдит қозғалысы ортақ бір тіл мен ділді қорғап қалуды көздеген. Жәдидшілік қозғалысы Ресей империясының қарамағындағы түркі халықтарына қалай әсерін тигізсе татарлар арқылы Қазақстанға да әсерін тигізіп отырды. Бұл қозғалыс Қазақстанда алғаш рет ХІХ ғасырдың соңғы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz