GEOGEBRA БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ АРҚЫЛЫ ФИЗИКА ПӘНІНЕН ҚОЗҒАЛЫС ГРАФИКТЕРІН КӨРНЕКІЛЕУ ӘДІСТЕМЕСІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ӘӨЖ 37.02
GEOGEBRA БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ АРҚЫЛЫ ФИЗИКА ПӘНІНЕН ҚОЗҒАЛЫС ГРАФИКТЕРІН КӨРНЕКІЛЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
1Сандибаева Н.А.
п.ғ.к., қау.профессор м.а.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ, Қазақстан
2Тоқтауғалиева С.Т.
8D01501докторанты
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ, Қазақстан
3Қаресова А.С.
7М05301 магистранты
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ, Қазақстан
@mail:xanekei_94@mail.ru

Түйіндеме
Мақалада арнайы GeoGebra script бағдарламалау тілін қолдана отырып, апплеттер жасауға мүмкіндік беретін белсенді дамып келе жатқан тегін бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы физика пәнінен графиктерді көрнекілеу жолдары қарастырылады Бұл бағдарлама мектептер мен жоғары оқу орындарының білім беру процесіне белсенді түрде енгізілуде. GeoGebra негізінен математикалық (геометриялық) бағдарлама ретінде қолданылады. Бірақ оқу үдерісінде осы бағдарламаның мүмкіндіктері геометриялық құрылымдармен шектелмейтіндігін көрсете отырып, GeoGebra бағдарламалық қосымшасын физика курсын оқытуда қолдану әдістемесіне тоқталамыз.
Аннотация
В статье рассматриваются способы визуализации графики в физике посредством активно развивающегося бесплатного программного обеспечения, позволяющего создавать апплеты с использованием языка программирования GeoGebra - специального скрипта GeoGebra, активно внедряемого в учебный процесс школ и вузов. GeoGebra в основном используется как математическая (геометрическая) программа. Однако, показывая, что возможности данной программы в процессе обучения не ограничиваются геометрическими структурами, остановимся на методике использования программного приложения GeoGebra в обучении физике.
Abstract
The article discusses ways to visualize graphics in physics using actively developing free software that allows you to create applets using the GeoGebra programming language - a special GeoGebra script that is actively introduced into the educational process of schools and universities. GeoGebra is mainly used as a mathematical (geometric) program. However, showing that the capabilities of this program in the learning process are not limited to geometric structures, let us dwell on the method of using the GeoGebra software application in teaching physics.
Кілттік сөздер: Ақпараттық компьютерлік технологиялар, физика, GeoGebra, интерактивті презентациялар, физикалық тапсырмалар.
Ключевые слова: информационные компьютерные технологии, физика, GeoGebra, интерактивные презентации, физические задания.
Key words: information computer technologies, physics, GeoGebra, interactive presentations, physical tasks.
GeoGebra - бір пакеттегі геометрия, алгебра, кестелер, графиктер, статистика, арифметика және физиканы қоса алғандағы білім беруді көрнекілеуге арналған ақысыз кросс-платформалық динамикалық бағдарлама. Бұл кіріктірілген тілдің командалары арқылы функциялармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бағдарлама. Аталмыш бағдарламаны 2011 жылы Маркус Хоэнвартер java тілінде жазған. Екі жылдан соң, 2013 жылдан бері GeoGebra бағдарламасы физика-математика курстарын оқытуда жиі қолданылып келеді.
Қашықтан оқу үдерісі негізінде білім беру саласында цифрлық платформаларды, ресурстарды қолдану аясы кеңи түсті. Сол сияқты GeoGebra бағдарламасын физика курсының кей бөлімдерінде қолдану тиімді. Сабақ бойынша материалдарды көрнекілеуде осы бағдарламаны қолдану мәселлерін қарастырайық. Мектеп физикасының кинематика бөлімінде қолдану әдістерін көрсетеміз. 7 сыныпта оқытылатын Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру тақырыбындағы 7.2.2.6 тыныштық,домалау және сырғанау үйкелістерін сипаттау мақсатына орай бірнеше мысалдарды қарастырамыз.

1-сурет
1-суретте көлбеу жазықтықтағы статикалық және кинетикалық үйкеліс көрсетілген. Бұл объектінің көлбеу жазықтықтағы қозғалысына еліктеу. Көлбеу бұрышы 0-ден 90 градусқа дейін өзгеруі мүмкін. Нысанға әсер ететін күштер: ауырлық күші, қалыпты көлбеу және үйкеліс векторлар түрінде ұсынылған. Сондай-ақ, көлбеу параллель және перпендикуляр ауырлық компоненттері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп математика курсында функцияны оқытудың мақсаттары
Негізгі мектепте геометрия курсын визуализация құралдары көмегімен оқытудың теориялық негіздері
Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері
Geogebra компьютерлік интерактивті бағдарламасы
Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі
Геометрияны оқытудың тиімді әдістері
Жазықтыққа перпендикуляр түзу жүргізу
ГЕОМЕТРИЯ САБАҒЫНДА GEOGEBRA ОРТАСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
Пәндердің интеграция деңгейлері
Математиканы оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану теориясы мен әдістемесі
Пәндер