Қазақстанда баланы асырап алудың құқықтық жолдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Бала басырап алу және оның жолдары
(Курыстық жұмыс)

Орындаған:Ибиминов Ильмаз
Тексерген:

Кіріспе
Бала асырап алу -- заңи акт. Ол баланың және оны тәрбиелеуге алған адамның арасындағы құқықтық қарым-қатыныстарды айқындайды. Негізінен, кәмелетке толмаған балаларға қатысты әрі солардың мүддесіне орай жүзеге асуға тиіс. 1998 жылғы 17 желтоқсанда қабылданған ҚР-ның "Неке және отбасы туралы" заңында Бала асырап алудың тәртібі, оның құқықтық салдары, тиісті адамдардың заңи міндеттері мен жауапкершіліктері, т.б. егжей-тегжейлі қарастырылған (12-тарау). Баланы тәрбиесіне алуға тілек білдірген адамның өтініші бойынша Бала асырап алу ісін сот қарап, азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген ережелер бойынша жүзеге асырады. Заң бойынша ҚР-ның азаматы болып саналатын балаларды, егер ел аумағында тәрбиелеу мүмкіндігі болмаса, шетелдік азаматтардың немесе республика территориясынан тыс жерде тұратын туыстарының асырап алуына рұқсат етілген. Дәстүрлі қазақ қоғамында да Бала асырап алу актісіне жете мән берілген. Көбінесе, ұрпақтар жалғастығы үзіліп қалмасын деген ниетпен перзент сүюге қабілетсіз не ұлы жоқ отбасына ет жақын, сүйек шатыс туыстары бала беріп, қамқорлық жасаған. Бұл актіні кейін құпия ұстауға міндеттенген. Жалпы, қазақ ұғымында "асырау", "асыранды" сөзі итке, малға қатысты ғана айтылатын, кемсітушілік астары мол лексема саналады. Әдетте, отбасы, тіпті ағайын-туыс арасындағы құпия-сыр ретінде сақталатын осынау құқықтық -- адамгершілік іс-әрекетті "бауырына басу", "баланы көйлекшең туу" деп астарлай жеткізген.
Бала асырап алудың құпиялығы
Бала асырап алудың құпиялығы - бала асырап алудың құпиялылығы заңмен корғалады. Бала асырап алу туралы шешім шығарған судьялар немесе бала асырап алуды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған лауазымды адамдар, сондай-ақ бала асырап алу туралы өзгедей түрде хабардар болған адамдар бала асырап алудың құпиялылығын сақтауға міндетті. Бала асырап алудың құпиялылығын оны асырап алушылардың еркіне қарамай жария еткен адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады.
Бала асырап алу тарихынан
Бала асырап алу туралы тұңғыш заң 1851 жылы АҚШ-тың Массачусетс штатында қабылданған. Бұл заң бойынша асырап алынған бала биологиялық балаға тиесілі құқықтарға ие болған. Судья бала асырап алушы ата-аналардың баланы тамақтандыра алу мүмкіндігін ғана емес, сондай-ақ оған білім беру мүмкіндігінің де бар-жоқтығын анықтауға міндетті болатын.
Францияда баланы заңдық асырап алу 18-ғасырдың басында Наполеон кодексінде, ал Ресейде 1 Александрдің патшалық етуі кезінде пайда болған. Ресейлік заңда бала асырап алу мәселесі көптеген шектеулерге толы болды, сонымен бірге жоғары сословие өкілдеріне қатаң талаптар қоюымен ерекшеленеді. Әулетті ақсүйектердің бала асырап алуына тек император рұқсат беретін. Жеке ақсүйектерге, молдаларға, құрметті азаматтарға және көпестерге бала асырап алу рәсімі оңайлау болатын, бірақ олардың да бала асырап алуы Сенатпен бекітілетін. Тек шаруалар мен ұсақ мүдделі адамдарда бала асырап алу отбасына қоса салу арқылы жүргізілетін.
1891 жылғы 12 наурыздағы заң барлық сословиелердегі бала асырап алуды, шаруалар мен ұсақ мүдделі адамдардан басқа, аймақтық соттардың құзыретіне берді. Егер шетелдіктер тастанды және ата-тегін білмейтін балаларды православие дінінде тәрбиелейтін болса, оларға баланы асырап алуға рұқсат берілетін.

Халықаралық бала асырап алу тарихындағы ерекше рөлді әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Перл Бак иеленеді. Ол Қытайда пресветериан дінін таратушы американ отбасында өскен. Ол тұрмысқа шыққан ересек жасында екінші отаны болған АҚШ-қа оралады. 1949 жылы аралас нәсілді балаларды асырап алған Перл Бак дүние жүзіндегі тұңғыш халықаралық бала асырап алу жөніндегі Welcome House агенттігін құрған. Оның басты мақсаты азия нәсілді және қаны аралас жетімдерге қамқорлық жасау болды, өйткені ол кезде мұндай балаларды асырап алу американдықтар үшін жат болатын. Оның атындағы қор бүгінгі күні де жұмыс істейді. Бұл қор нәсіларалық бала асырап алуға маманданданған.
1955 жылы АҚШ Конгресі бір отбасының шетелдік бала асырап алулардың санына шектеу қойылуын жойған Холттар заңын қабылдады. Берта және Гарри Холттар Орегон штатының баптист-шаруалары. Ол кезде екеуінің жасы елуге келіп қалған еді және олардың туған алты баласы болған. Әкелері американ солдаттары болған корей жетімдері туралы деректі фильм екеуін толғандырғаны соншалықты, олар корейдің сегіз ұл-қыздарын асырап алуға шешім қабылдаған. Алайда, сол уақытта бұған рұқсат беретін ешқандай ашық мүмкіндік болмаған: федералдық заң АҚШ-тың азаматтарына шет елде дүниеге келген екі баланы ғана асырап алуға мүмкіндік беретін.
Қазақстан балаларын шетел азаматтары асырап алуы
2012 жылғы 17 қаңтарда күшіне енген "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР Кодексімен шетелдік азаматтармен бала асырап алу үрдісі тұжырымдамалы түрде өзгертілді: Егер бұрынырақ шетелдік бала асырап алушылар тікелей асырап алатын болса, онда қазір асырап алу мәселелеріне тек заңды тұлғалар - агенттіктер, ҚР аумағындағы өздерінің филиалдары мен өкілдіктері арқылы жіберілетін болады.Бала асырап алушыларды іздеу және бала асырап алу үрдісін рәсімдеу бойынша қызметті жүзеге асыратын агенттіктерге Қазақстанда олардың құқық қабілеттілігін ресми түрде тану үшін балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитетте аккредиттеу рәсімінен өтуі қажет болады.Өтініш берген кезде өз мемлекетінің аумағында аталған салада өз қызметін кемінде он жыл жүзеге асырып жүрген бала асырап алу жөніндегі агенттіктер аккредитациялауға жатады.Агенттіктер 1 жыл мерзімге аккредиттеледі.Егер агенттікпен заңда белгіленген барлық талаптар сақталған болса бұл мерзім автоматты түрде созылады.Аккредиттеу тәртібі, құжаттар тізімі, өткізу мерзімі Кодекспен нақты реттелген.Аккредиттеу туралы не одан бас тарту туралы шешім 10 жұмыс күні ішінде қабылданады.
Қазақстанда баланы асырап алудың құқықтық жолдары:
Ұл баланы асырап алу (қыз баланы асырап алу) - нәтижесінде шығу тегі бойынша туыстарының құқықтары мен міндеттеріне теңестірілетін жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар мен міндеттер туындайтын сот шешімі негізінде баланы (балаларды) отбасына тәрбиелеуге берудің құқықтық нысаны.
Патронат - жетім балалар, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган мен баланы (балаларды) тәрбиеге алуға тілек бiлдiрген адам жасайтын шарт бойынша отбасыларға патронаттық тәрбиеге берілетін тәрбие нысаны.
Қорғаншылық - он төрт жасқа толмаған балалардың және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны.
Қамқоршылық - он төрттен он сегіз жасқа дейінгі баланың (балалардың), сондай-ақ спирттік ішімдіктерге немесе есірткі заттарына салыну салдарынан сот әрекет қабілетін шектеген кәмелетке толған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны.Осылайша, қалыптасқан жағдайға байланысты, сіз мынаны түсінуіңіз қажет, егер сіз отбасыңызға баланы қабылдап, ол үшін туған балаңыздай жауапкершілікті артуға дайын болсаңыз, оның келешекте мүлікке құқық иеленуіне дайын болсаңыз, онда баланы асырап алуға тоқталуыға болады. Баланы қабылдайтын отбасы - жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы кемінде төрт және оннан аспайтын жетім баланы, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы тәрбиелеуге қабылдайтын отбасына орналастыру нысаны.
Қандай балалар асырап алуға жатады
Кодекстің 84 бабына сәйкес олардың жалғыз ата-анасы немесе екеуі де:
қайтыс болған;
баладан бас тартқан;
ата-ана құқықтарынан айрылған және олар қалпына келтірілмеген;
асырап алынатын баланың (балалардың) туыстарына, анасымен немесе әкесімен некеде тұрған адамдарға баланы асырап алуға келісім берген;
сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз, хабар-ошарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болған деп жарияланған;
белгісіз болған жағдайда, балалар асырап алуға жатады.
Тууы тиісті түрде тіркелген кәмелетке толмаған балаларды асырап алуға болады. Сондай-ақ, асырап алуды толық тән саулығы, психикалық, рухани және адамгершілік жағынан дамуын қамтамасыз ету мүмкіндіктері ескеріле отырып, тек қана солардың мүддесінде жүзеге асыруға болатынын есте сақтау қажет. Бұл ретте баланың жасы, жетілу дәрежесі және асырпа алуға келісімі есепке алынады.
Бұл ретте, егер ата-анасы баладан бас тартса, туыстары оны өз азаматтығына және тұрғылықты жеріне қарамастан асырап ала алады.
Ағалы-інілі немесе апалы-сіңлілі балаларды түрлі отбасыларға асырап алуға болмайды. Бұл жағдайда тек балалар өз туыстығы туралы білмесе, бірге тұрмаса және бірге тәрбиеленбесе ғана оларды асырап алуға жол беріледі.
Қазақстан Республикасында жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкі (бұдан әрі - республикалық деректер банкі) енгізілген.
ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтында жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленетін жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы туынды ақпарат жазылған.
Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы туынды ақпаратқа Республикалық деректер банкінде қамтылған, жынысы жөніндегі, жасы, денсаулық жағдайы, мінезінің ерекшеліктері, ата-ана қамқорлығының болмау себептері, аға-інілері мен апа-сіңлілерінің (қарындастарының), кәмелетке толған туыстарының бар-жоғы, сондай-ақ отбасыларға тәрбиелеуге орналастырудың ықтимал нысандары туралы ақпарат және балалардың фотосуреттері жатқызылады.
Республикалық деректер банкін жасаудың және пайдаланудың мақсаты:
Отбасына орналастыруға жататын баллардың есепке алу (бала асырап алу, қарқорлық, патронаттық тәрбиелеу);
Жетім балалар мен отбасына орналастыру мақсатында осы санат балаларға арналған ұйымдардағы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар туралы құпия емес ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз арналған ұйымдарда мемлекет қамқорлығында осы санат балаларының санын отбасына балаларды орналастыру арқылы қазақстан азаматтарының отбасыларына орналастыру арқылы азайту (бала асырап алу, қамқорлық, патронаттық тәрбие);
Қазақстан Республикасы азаматтарының балалар құқықтарын қорғау, баланы отбасына орналастыру мәселелері бойынша құқықтық сауаттылығын арттыруға көмек көрсету;
Азаматтарды жоғары патриоттылыққа тәрбиелеуге, жоғарғы әлеуметтік жауапкершілік деңгейіне, мораль нормаларына және позитивтік-белсенді моральді қоғамды тәрбиелеуге бағытталған Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғары отбасылық құндылықтарын насихаттау.Кім асырап алушы бола алады немесе баланы асырап алуға ниет білдірген адамдарға қойылатын талаптар
Бала асырап алушы адамның отбасында баланың қалыпты дене бітімі, психикалық, рухани және адамгершілік жағынан дамуы, тәрбиеленуi және бiлiм алуы үшiн жағдайлар болған кезде бала асырап алуға рұқсат етiледi. Төмендегі адамдарды қоспағанда, кәмелетке толған адамдар асырап алушы бола алады.
Мыналар:
1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған адамдар;
2) сот біреуін әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлеті шектеулі деп таныған ерлi-зайыптылар;
3) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдар;
4) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлген адамдар;
5) егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшiн жойса, бұрынғы бала асырап алушылар;
6) денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдар*;
7) тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдар;
8) дәстүрлi емес жыныстық бағдар ұстанатын адамдар;
9) асырап алған кезде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар (сотталғандығы жоқ туралы анықтаманы онлайн алу);
10) азаматтығы жоқ адамдар;
11) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық бала асырап алудың түсінігі мен шарттары
Жетімшілік өзекті мәселе және оны шешу жолдары
Бала асырап алудың нормалары
Ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалардың орналастыру институтын құқықтық реттеу
Шетелдік элементтермен отбасылық қарым-қатынас түсінігі
Халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеу
Халықаралық жеке құқықтағы бала асырап алудың құқықтық аспектілері
Қазақстан Республикасында шетелдіктердің бала асырап алуының кейбір мәселелері
Шетел азаматтарының бала асырап алуды құқықтық реттеу
Баланы асырап алуға таңдау кезінде асырап алушы
Пәндер