Қазақ әдебиетіне жаңаша бояу енгізген бағыт пен Әбіш Кекілбаев шығармашылығында сіңісе отырып әкелген әсерін зерттеу, зерделеу және оқыту мәселесімен таныстыру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаты. Әдебиет - адамзат тарихы дамуындағы ең орны ерекше өнер түрі екендігі мәлім. Себебі әдебиет - өзінің бойына адамның ішкі мәдениеті мен сезімдерін тоғыстыра білген, ғасырлар бойы тұлға қалыптастырып, тәрбиелеп келе жатқан құрал. Осы уақыт белдеуі тоғысқан ғасырлар ішінде әдебиетке түрліше өзгерістер еніп, құбылып, адам жанын одан әрі терең зерттеуге бағытталған түрліше бағыттар мен болжамдар пайда бола бастады. Сол пайда болған бағыттар тұтас әдебиет пен оның ішінде, қазақ әдебиетіне тигізген әсеріне куә болып келеміз. Зерттеуге алып отырған еңбегіміздің де мәні осында жатыр.

Әдеби бағыт дегеніміз - шығарма шеңберінде қолданылатын тарихи қалыптасқан құбылыс емес, әдеби процестің көркемдік-эстетикалық ұстанымдарын құрайтын негізгі түсініктер. Осы түсініктер арқылы әдебиетте өзіне тән мазмұндағы көркем ұстанымдардың негізгі шарттарын қамтиды. Осы бір пайда болған бағыттардың ішінде әлі күнге дейін оқырманның да, ғалымдардың да, жазушылар мен ақындардың да өзекті тақырыбына айналған бағыт ол - экзистенциализм. «Ол не?» деген сұраққа түрліше нұсқада жауап беруге болғанымен, негізгі қағида бұл - адам философиясы. Яғни, адам өмірінің мәні мен оның тұлғалық болмысы жайлы батыс философиясында алғаш пайда болған иррайионалистік бағыт. Бұл бағыт арқылы адамның өзіндік «Менін» тануы, өмір мен өлімнің мәні, еркіндіктің мағынасы, өмірде пайда болатын философиялық сұрақтар мен мәселелердің шешімін табуға итермелейді. Бұл туралы экзистенциализм бағытының негізгі өкілдерінің бірі Жан Поль Сартр: « Экзистенциализм - бұл болмыс, жоққа ұмтылу және өзінің шегін сезіну» деп көрсетеді. Әдеби экзистенциализмдік бағыттың жазушылар шығармашылығына енуі арқылы адам болмысы өмірдегі түрлі жағдайлар арқылы өзгеретінін және сол арқылы өз-өзін мейілінше тануын қамтамасыз етеді. 20-шы ғасырда пайда болған бұл бағыт қазіргі күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтпауының да мәні осында жатыр десек те болады. Экзистенциализм бағытының негізгі әрі маңызды өкілдері ретінде Г. Марсель, А. Бердяев, М. Хайдеггер, Ж. Поль Сартр, А. Камю секілді т. б. жазушылардың шығармаларын ұсына аламыз. Бұл жазушылар экзистенциалисттік көзқарастарды туғызу арқылы осы бағыттың ғасырлар бойына жалпы әдебиетте жалғасып келе жатқанына үстем болды. Әрі осы нәрсе жылдар аралығында әдебиетке осы бағытты жалғастырып, жаңа әсер берген жазушыларды туғызды және олардың шығармалары жаңа биікке көтерілді. Сол себепті, осы бір бағыттың қазақ әдебиетіне тигізген әсері де мол. Біз зерттеуге алып отырған тақырып - осы бағыт шеңберіндегі қазақ жазушысы Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығы, оның ішінде, экзистенциализм бағытында бой көтерген шығармалары болмақ.

Қазақ халқының ғана емес, әлем әдебиетінде ойып тұрып орын алатын жазушылардың бірі Әбіш Кекілбаев шығармашылығын экзистенциализм бағыты көрініс табатын шығармаларды талдауға тырысамыз.

Жұмыстың өзектілігі. Зерттеу жұмысының өзектілігі Әбіш Кекілбаев шығармашылығында, аталмыш бағыттағы шығармаларын зерттеуді талап ететін қырларын одан әрі дамыта зерделеу. Себебі, бұл аталмыш бағыт қазақ әдебиетінде тым әлсіз әрі кеш дамыған бағыттардың бірі деп қарастырылатын пікірлер жоқ емес. Сондықтан оның әр шығармасына баға берген ғалымдардың еңбектерін сараптай отырып, өзіндік көзқарастар мен зерттеулер арқылы толықтыру қажет. Осы негізгі жұмысты екі тарауға бөліп, теориялық бөлімді жалпы экзистенциализм бағыты, Әбіш Кекілбаевтың экзистенциализм бағыттағы шығармашылығы және оны оқытуға түсініктеме беріледі. Практикалық бөлімде негізінен жазушы еңбектерімен жұмыс, талдау және сарапту жұмыстары жүргізіледі. Сол арқылы шығармалардың өзімен де танысып, құрылымдық-көркемдік, бағыт бойынша жеке ой қорытылады. Зерттеу барысында жазушы шығармашылығында экзистенциализмдік бағыттағы сипатқа ие әдебиеттермен таныстық.

Жұмыстың мақсаты. Зерттеу жұмысының мақсаты - қазақ әдебиетіне жаңаша бояу енгізген бағыт пен Әбіш Кекілбаев шығармашылығында сіңісе отырып әкелген әсерін зерттеу, зерделеу және оқыту мәселесімен таныстыру. Аталған мақсаттарға жету үшін төмендегі міндеттерді негіз етіп алдық.

Жұмыстың міндеттері. Зерттеу жұмысының міндеттері ретінде бірнеше бағыт қарастырылды:

  • Әдебиеттегі жалпы экзистенциализм бағыты бойынша теориялық талдау жасау;
  • Экзистенциализм бағыты туралы ғалымдар мен жазушылар еңбектеріне үңілу;
  • Экзистенциализм бағыты ішіндегі қазақ әдебиетіндегі рөліне теориялық жақтан басымдық бере отырып, зерттеу;
  • Әбіш Кекілбаев шығармашылығындағы еңбектерді қарастыру;
  • Әбіш Кекілбаев шығармашылығының ашылмаған қырларына үңіле отырып, ғылыми жақтан баға беру;
  • Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығынан экзистенциализмдік мәнді ашу;
  • Шығармаларға экзистенциализм бағыт тұрғысынан сүйеніп, сараптама жасау;
  • Экзистенциализм бағытындағы еңбектерді оқыту бойынша талдау көрсету;

Зерттеу жұмысының теориялық негізі. Зерттеу жұмысының теориялық негізі ретінде Соловьев Э. Ю. «Экзистенциализм и научное познание», Кузнецов В. Н. «Жан-Поль Сартр и экзистенциализм», Ж. Ж. Жарылғапов «Қазақ әдебиетіндегі экзистенциализм», Ә. Кекілбаев «12 томдық шығармалар жинағы» еңбектері қарастырылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы екі үлкен тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1-ші тарау: Экзистенциализм бағытының пайда болуы мен зерттелуі

2-ші тарау: Әбіш Кекілбаев шығармашылығындағы адам философиясы және оны тану мен оқыту

І ТАРАУ. ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ БАҒЫТЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ

  1. Экзистенциализм бағыты туралы түсінік

Әдебиет - өнер атаулысының ішіндегі ең құдіретті әрі қасиеті жоғары өнер түрі. Әрбір өнердің өзіне тән ерекшелігі, қолданатын методикасы, құралы бар. Және олар жылдар өте, ғасырлар өте жанданып, жаңа бояуларға ие бола түседі. Соның ішінде, әлемде орын алған, адамзат басына түскен түрлі өзгерістер әдебиеттің дамуына өз үлесін тигізуде. Түрліше әдеби бағыттар, ағымдарды осы ретте айтуымызға болады.

Әдеби бағыт - негізінен әдеби процестің көркемдік-эстетикалық ұстанымдары мен қағидаларын құрайтын түсініктер. Сонымен қатар, бағыт - бір шығармашылық әдіс біріктіріп тұрған кең көлемдегі әдеби-шығармашылық құрылым. Әдеби процесс аясында түрліше әдеби бағыттардың, ағымдардың, мектептердің өмір сүруі, дамуы, әрқайсысының өз басымдылығы үшін күресуі - әдеби дамудың, толыққандылығын, әдебиеттің қоғамдық өмір мәселелеріне белсене араласуын, сөйтіп ұлт әдебиетінің жан-жақсы көркемдік ізденіс, өсу, өрлеу үстінде екенін көрсететін факторлар екенін айта аламыз. Әдеби бағыт, ағым, мектеп - бұлардың мақсаты ортақ десек те, олар бір ұғымдар емес, бір-бірінен соншалықты алшақ құбылыстар деп саналмайды, керісінше бірімен-бірі тығыз байланысты қатар өмір сүретін құбылыстар екенін білеміз. Зерттеуге алып отырған әдеби бағыт ол - экзистенциализм бағыты.

Экзистенциализм - философия мен модернистік әдебиеттегі бағыт. Райионалистік тұжырымдар арқылы емес, интуитивті түрде ғана түсінуге болатын адам болмысының абсолютті бірегейлігін растайды. Экзистенциалистік бағыттағы әдеби шығармаларда көбіне дүние, болмыс, әлем адамға мүлдем басқаша, қарама-қайшылық күйде көрінеді. Кейіпкер көбінше рухани дағдарыс, жалғыздық, қорқыныш, уайым, сағыныш, үмітсіздік секілді күйлермен бейнеленеді. Адамның болмысы бұл бағытта жат әрі трагедиялық сипатта көрініс береді. Қазіргі әдебиеттану ғылымында бұл күрделі әрі мағынасы терең құбылыс ретінде қарастырылады. Әлемдік әдебиетте экзестенциализм бағыты екі ағымды ажыратады: діни экзестенциализм және атеистік экзестенциализм. Әрқайсысының өзіндік өкілдері қалыптасқан. Мысалы, діни экзестенциализм бағыты өкілдеріне М. Хайдеггер, К. Ясперс, Г. Марсель сынды жазушылар кірсе, А. Камю Б. Биан, Ж. Поль Сартр, т. б. атеистік экзестенциализм өкілдерінің қатарында.

Экзистенциализм эстетикасының өзіндік ерекшелігі көбінесе Фридрих Ницшенің философиялық және эстетикалық көзқарастарымен анықталады. Ницшенің көркем шығармашылық табиғаты туралы тұжырымдамасы адамның рухани әрекетіндегі және адамның өмірге қатынасындағы қарама-қарсы екі принцип идеясына негізделген. «Дионисиандық» және «Аполлон». Эмоциялық элемент, инстикттің бастапқы күші дионисийлік принциптің мәнін құрайды. Ол адамда бейсаналық идея, ой және даналық ретінде көрініс береді. Аполлондық принцип - адамды тағдырдың, өмірдің қайғылы тұстарын ойлардан қорғай алатын сананың көмегімен өмірді қабылдау деп түсіндіріледі. Экзистенциалистік теорияның алдын ала бастауларын 18-19 ғасырлардағы әдебиеттен тауымызға болады. Бұл бағыттық көрнекіт сыншысы Б. Брехт болды және ол мұны қауіпті құбылыстардың бірі деп таныған болатын. Яғни оның адам болмысын дағдарысқа ұшыратады деп сенген. Одан кейін келе бұл керісінше адам болмысының дағдарыс үйін сипаттап беруімен айқындалатындығын байқай аламыз.

М. Хайдеггер мен К. Ясперс адамның өмірінен болмысты, яғни экзистансты бөліп қарастырды. Алайда экзестенциализм философиясының нақты анықтамасы жоқ, тек оның сипаттамалары бар дейді: ол қозғалыс, ерекше ырғақ. Ол үнемі адаммен бірге және бұл сол адамның өзін-өзі сезінуі, тұтас өмір сүруімен бағытталады. Сонымен қатар, М. Хайдеггер: «адам - тіршіліктің, болмыстың мәні», - деп айтады. Жань Поль Сартр «Адам ешқашан болмысты жоққа шығара алмайды. Егер адам осы шындықтан бас тартса, ол өзінен де бас тартқаны» деп көрсетеді. Ал А. Камю болса бұл дүниенің ақылға қонымсыз екендігін, алайда бұл белгісіздікті абсурдтық деңгейге дейін жеткізді. «Дүние - абсурд. Сондықтан абсурд әлемінде адам өмір сүруінің еш мәні жоқ, өйткені оның өмірі әрқашан өліммен аяқталады» - дейді ол. Ал К. Ясперс айтқандай, бірінші орында сыртқы әлем түріндегі обьектіні зерртеу емес, мінез-құлықты, адамның дүниедегі бар-жоғын талдау. «Адам - бар болып қана қоймай, бар екендігін білетін тіршілік иесі» - дейді. Яғни, өз қабілетіне сенімді бола отырып, ол қоршаған әлемді зерттеп, оны белгілі бір жоспар бойынша өзгертеді. К. Ясперстің пікірінше, адам рухани әлемге шекаралық жағдай, болмыс және еркіндік арқылы жол салады. Және ол болмыстың бар болуын үш үрге бөледі:

1. Обьективті болмыс, құбылыстар әлемі, сезім әлемі. Адам санасы ғылымдардың көмегімен обективті болмысқа бағдарланады.

2. Болмыс, обьект ретінде обьективті ғана емес, яғни адам «менінің» болуы.

3. Трансценденттілік - бұл суперперцептивті әлем. Оған тәжіриебе де, ойлау да (Құдай) қол жетпейді.

Болмысты қажеттілікке бағынатын обьектілік дүниеде ашуға болмайды, өйткені болмыстағы басты нәрсе - еркіндік. Яғни, бұл - болмыстың мәні. Әдебеиеттенгі экзизтенциалистік бағыттың негізгі шарты да осында жатыр - адам болмысындағы еркіндік, таныс-түсінігіндегі еркіндік, ой-санасындағы еркіндікті ашып көрсету. Экзистенциалистік бағыттағы жазушылар сыртқы дүниенің сипаттамасын толық бермейді. Сартрдың «Бытие и ничто» шығармасы осы мәселеге арналған. Бұл іргелі шығарма еркін таңдау мәселесін негіздейді. Жазушы «біздің алдымызда болашық толығымен ашық, жоспарланбаған және оның қандай болуы сан мыңдаған еркін таңдауға байланысты екенін айтады. Алайда құлдырау да кез келген таңдаудың жемісі» екендігін мойындайды. Бұдан түсінетініміз жазушылық шеберлік арқылы жеткен осы бағыттағы шғармаларды оқи отырып адам баласы таңдаудың алдында тұратындығы және өз өмірін өзі жасайтындығын келтіреді. Экзистенциалистер кейіпкерлердің өзара әрекетін емес, адами қарым-қатынастардағы кейбір заңдылықтарды анықтауға тырысады. Және олардың ортақ келтіретін түсінігі - адам түптеп келгенде жалғыздыққа ұшырайтындығы.

Экзистенциализмнің негізгі идеялары:

  • ойдың негізгі орталығы - адам, адам болсымысы, оның «мені»
  • адамның сыртқы ортада болып жатқан тіршілігі емес, өзі - өзінің ішкі әлемі, күйі маңыздырақ
  • адам өз таңдауында әрқашан еркін
  • өмір сүрудегі нақты мақсаттар емес, сол тірішіліктің болу құндылығы

Экзистенциалистер түрлі саяси, әлеуметтік және діни көзқарастарға ие. Алайда олардың көзқарастарын ортақ біріктерін дүние - ол адамның пассивті сезімдері ең маңызды эмоция деп түсінуінде.

А. Камюдің «Чума», «Падение», Ф. Достоевскийдің «Записки из подполья», Ф. Кафканың «Процесс», Ж. Поль Сартрдың «Тошнота» М. Кундераның «Невонисымая легкость бытия» У. Шекспирдің «Гамлет», т. б. әлем әдебиетінің шығармалары осы бағыттың мән мен мағынасын ашуға толыққанды қауқары бар. Махаббат пен достық сезімдерін талдай отырып экзистенциалистер болмыстардың ішінара жақындығы туралы айтады, бірақ қарым-қатынастың мағынасын тереңірек зерделеу ұсынылады. Болмыстың түрлі ерекшелігі мен қарқындылығы сырттай өрнектеледі, бірақ сол болмыстар өзара соқтығысқан сәтте трагедия орын алып, әлсіз болмыс иесі өмірдегі тіршілігін абсолютті жоғалтуға айналады. Осы орайда Ф. Достоевскийдің «Идиот» шығармасын мысалға келтіруге болады. Себебі ол психологиялық тұрғыда осындай тартыстың мәнін келтіреді. Ол Аглая мен Настасьяны салыстырып, екі болмыстың айырмашылықтарын көрсетеді. Аглая - жас, әдемі, жоғарғы қоғамның өкілі, Настасья да әдемі, бірақ оны аяушылықпен, жанашырлықпен сипаттайды. Екі болмысты кездестіргенде Аглая жеңіліске ұшырауы - Настасья күшінің Аглая тіршілігін жойып жіберерліктей мықты болғандығын сипаттайды.

Достық пен махаббаты түсіндіруде экзистенциалистер олардың шынайылылығын жоққа шығарады. Бұл сезімдер жетілмеген, бір-біріне сәйкес келетін тіршілік болмағандықтан, соңындағы нәтижесі әртүрлі болады. Олардың пікірінше, сол терең қарым-қатынастардың суррогаттары кездеседі, яғни іргелес сезімдер, бір ұжымда, кеңістікте жақындық бойынша пайда болады, олар ризашылықпен немесе білімг ұмтылыстпен байланысты болуы шарт екендігін айтады. Байқайтынымыз, экзистенциализм болмысты мүмкін ететін барлық құбылыстарды, сезімедерді түсіндіруге мүмкіндік беретін әдебиеттің көркемдік бағытын құрайды. Жан Поль Сартр экзистенциализмді әдебиетпен біріктірген алғашқы философтардың бірі. Бұл бағыт өз уақытында сыналып жатқанда да, оны қорғап қалған жазушыардың бірі. Ол: «Экзистенциализм үмітсіздікке, шарасыздыққа апарады деп айыпталып жатады. Екінші жағынан, адамдық болмыстың бейшаралығын, үнемі жабырқау, қараңғы тұсын көрсету арқылы жарық, әдемі кейпін көрсетпейді деп бізді сынайды. Сондқтан да мен осы айыптаулардың бәріне өзімнің «Экзистенциализм - гуманизм» атты еңбегі арқылы жауап беремін деп ешетім. Яғни мұның гуманизм екеніне бәрі де таң қалатын шығар. Қалй болғанда да, біз экзистенциализм деп адам өмірі мен болмысын бүкіл шындықтарын айқын ететін білім екеніне сенімдіміз», - деп пікір білдіреді. Жоғарыда айтып өткен атеистік экзестенциализмге қатысты Сартр: «Мен өкілі болып табылатын атеистік экзестенциализм басқа түрлерге қарағанда әлдеқайда айқынырақ. Ол Құдай жоқ деп таныса да, болмыстың бар екендігін және оны кез келген ұғыммен анықтауға болатындығын көрсетеді. Ол ең бірінші тірішілікте адам болмысы пайда болатынын, одан кейін барып қана оның айқындалатынын ашып көрсетеді», - дейді. Бұдан түсінетіміз, адам - өз әрекеттерінің жемісі, сол арқылы ол өз болмысын жасайды. Бұл туралы Ф. Достоевский: «Құдай болмаса, демек бәріне рұқсат берілген» дейді. Алайда қандай да бір мораль әлемде ненің дұрыс, бұрыстығын абсолютті түрде айқындап бере алмайды. Алайда экзистенциализм адамның өзіндік «менін» тануы, өмір мен өлімнің мәні, еркіндіктің негізгі мағынасы, адамгершілік пен әділеттілік, сұлулық пен ақиқат, адамның дүниеге келудегі мақсаты, қоғамдағы орн секілді көптеген филояофиялық мәселелердің шешімін табуға итермелейді. Экзистенциалист жазушылар өз шығармаларында ортақ көзқарасты - адам өзінің «менін» түсйну және өзгемен санасу адамды саналы әрекетке жетелейді - дегенді келтіреді. Қоғам егер сондай еркін тұлғалардан құралса, онда үйлесімді, шығармашыл байланыстағы, бірін-бірі түсінетін, әрқайсысы өз құқығын білумен қатар, өз міндеті мен жауапкершілігін толық сезінетін толыққанды қауымға айналады деп білді. Жоғарыдан мысал келтіргенімдей, бұл бағыт адамгершілік құндылықтар күнделікті тұтынушылық қажеттіліктердің тасасында қалған, техногенді, индустриалды, қатыгез, ауыр қоғамға қарсылық ретінде туындады. Ғаламдық дағдарыстар мен соғыстар және төніп келе жатқан экологиялық апат адамгершілік құндылықтардың құлдырауына, адамның өз қолымен жасалған, бірақ өзіне жат дүниесінде адамның өмірінің мәні мен болмысы жайлы сұрақтар неғұрлым шиеленісе түседі. Сол уақыттан туындаған қорқынышқа байланысты көптеген шығармалар өмірге келіп, оны жеңу, адамгершілік құнлылықтарды адам тірішілігінің баянсыздығы тұрғысынан қарастыру басты тақырыпқа айналды.

Сонымен, ХХ ғасырда Еуропа цивилизациясының дағдарысы, зерде, ой мен адамгершілік құндылықтарына деген сенбеушілікті бірдей тудырып, трагедияға толы адам болмысын, адам мәселесін тікелей философиялық таразыға салды. Бұдан анықталған ең бірінші ақпарат - зерденің негізінде ғылым мен техника дамыған сайын адам болмысының тұрақсыздығы мен нәзіктігінің өсуі. Бұлай күрделену мен қатар қатыгезденіп жатқан дүниеде тұрақтылық таубы үшін ең алдымен өзінің ішкі өмірін талдап, соның негізінде өзіне қатысты мүмкіндіктері мен қабілеттерін аша білуі тиіс. Мұндайда адам өзінің рухы арқылы тұра алады. Олай болса, адамға керегі - зат, материя, идея, таным философиясы емес, ең керегі - адам философиясы. Осы айтылған жалпы мінездемені нақытлай келер болсам, экзистенция үғымы философияның негізінде жатқанын байқаймыз. Егер бүкіл жануарлар әлеміндегі тіршілік өзінің мән-мағынасымен бірге бұл дүниеге келер болса, адам ең алдымен, жоғарыда айтқандай, бұл дүниеге келіп, неше түрлі қиын жағдайлардан өтіп барып, көп уақыттан кейін ғана өз өмірінің мән-мағынасына ие болады. Яғни, адамның өмір сүру оның мән-мағыналылыққа жетуінен анағұрлым алда жүреді. Экзистенциализм филояофиясында «шекаралық ақуал» деген категорияға көп көңіл бөлінеді. Ол - өмір мен өлімінң екі арасында қалу, үрей мен алаңдау, қынжылу мен түңілу, уайымдау мен қамқорлық, тағы сол сияқты сезімдер. Осыған байланысты экзистенциализм адамның еркіндігіне ерекше көңіл бөлуімен де тартымды. Еркіндік немесе еріктік - қажеттілікті тану, я болмаса, табиғи дарынды іске асыру емес, ол экзистенциямен, яғни, өмір сүрумен тең. Экзистенциализм өкілдерінің бірі әрі бірегейі - Виктор Франкл «қазіргі қоғамдағы адамдардың қасыреті - ноогендің невроздарда, яғни адамдардың өмір сүрудің мән-мағынасынан айырылып қалуында» деген пікірге келеді. Бұған В. Франкл «экзистенциалдық вакум» деген ұғыммен береді. Өз болмысының мән-мағынасынан айырылып қалған кейбір адамдар, рухани бедеулік пен мүгедектіктен ажырау үшін «Құдайды іздеу» жолына түссе, екіншілері - нашақорлық пен ішімдіктің жетегінде, ал үшіншілері - қоғамдағы тәртіпке қарсы бағытталған, қылмыстық іс-әрекеттерге, қалғаны суицидке дейін барып жатады. Өзіндің гуманистік көзқарасынан тамайтын В. Франкл «өмірде қандай жағдай болса да, тіпті жазылмайтын сырқат, өлімнің өзі де адам өмірінің мәнін жоғалтуына себеп болмауы қажет» деген пікірде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбіш Кекілбаев мемлекет қайраткері
Ә. Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романындағы Әмірші бейнесі
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері. Әдеби дәстүр мен жаңашылдық. халықаралық әдеби байланыс
Қазақ прозасындағы кейіпкер болмысы және авторлық ұстаным. Суреткерлік шеберлік және көркемдік әдіс-тәсілдер
Проза, оның даму сатылары және дәстүр мен жаңашылдық
Қазақ тілі газеті
Жазушының публицистік шеберлігін қазақтың шешендік дәстүрі аясында қарастырып, болмысты көркем бейнелеу ерекшеліктерін зерделеу
Қазақтың байырғы шешендік өнерінің бір бай саласы - шешендік дау
Кейіпкерлерді бейнелеудегі көркемдік амал - тәсілдер
Өлеңге орын табам
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz