Жауаптар педогогика



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жауаптар педогогика
1.Мұғалімдік мамандық ерекшелігі. Білім беруді басқару және көшбасылық.Педагог деп бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын қызметкерлерді атаймыз.Педагогикалық мамандық бұл білім алу барысында пайда болатын білім, іскерлік, дағыдылардың жиынтығымен сипатталатын және кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуге бағыталған белгілі бір біліктілікке ие болатын педагогикалық кәсіби топтың іс-әрекетінің бір түрі.Педагогикалық мамандықтың негізгі мақсаты - қоғамдық мақсаттарды түсіну және өз тәрбиеленушілерін осы мақсаттарға жетуіне жағдай жасап, бағыттау.
Мұғалім мамандығының негізгі ерекшеліктері:
- гуманистік сипаты;
- ұжымдық сипаты;
- адаптивтік (бейімдеуші) сипаты;
- шығармашылық сипаты;
- қарым-қатынас жүйесінде болуы;
- мұғалім тұлғасының үлгі, өнегелік сипаты және т.б.
Мұғалім мамандығы табиғаты жағынан гуманистік (адамгершіліктік) сипатқа ие мамандықтардың бір түрі. Оқыту барысында мұғалім адаптивті (бейімдеу) және гуманистік мақсаттарды жүзеге асырады. Адаптивтік мақсаты ол оқушыны, тәрбиеленушіні үйретумен, социомәдениеттік жағдайлардың нақты талаптарына -дайындайды, бейімдейді. Педагог өзінің тәрбиеленушісін белгілі бір әлеуемттік жағдайларға дайындап, қоғамның қойып отырған талаптарына үйретеді. Ал гуманистік мақсаты оқушының жеке тұлғасын дамытып, шығармашылық дербестігін шыңдауға мүмкіндік жасау. Мұғалім мамандығы бір уақытта жеке тұлғаны қалыптастырушы, әрі оны басқарушы мамандық болып табылады. Оның басты мақстатарының бірі жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту болғандықтан ол адамның инттелектуалдық, эмоциональдық, физикалық дамуын басқарып, оның рухани әлемінің негізін қалыптастыру.
Мұғалім мамандығының бір ерекшелігі ол адам-адам жүйесінде жұмыс жасауы. Бірақта ол осы жүйеде жұмыс жасайтын басқа мамандықтармен салыстырғанда оның еңбегінің нәтижесіне тек бір өзі ғана ықпал етпеуімен ерекшеленеді. Яғни, жеке тұлғаның қалыптасуына мұғалім, отбасы, орта және т.б. әсер етеді. Сондықтан мұғалім мамандығы ұжымдық бастау алады.Мұғалім мамандығы шығармашылық сипатқа ие мамандықтардың бірі. Мұғалім үнемі ізденіс, шығармашылық үстінде болуы тиіс. Шығармашылық педагогикалық іс-әрекеттің ұйымдастырлуы мен оның мазмұнын тиімді құрастыруға ықпал етеді. Мұғалім шығармашылығы педагогикалық міндеттерді тиімді шешуіне мүмкіндік жасайды.Мұғалім мамандығы қарым-қатынас жүйесінде болуымен ерекшеленеді. Басқа мамандықтарға қарағанда мұғалім мамандығы қарым-қатынас жасау іскерлігін жоғары деңгейде игеруді талап етеді. Қарым-қатынас арқылы мұғалім тұлғаға ықпал етіп, оның тәрбиелі болуы мен білімінің қалыптасуына жағдай жасайды. Қарым-қатынас, яғни сөз мұғалім еңбегінің басты қаруы.Мұғалім тұлғасы үлгі, өнегелік сипатқа да ие. Мұғалім өзінің тек беретін білімі мен тәжірибесі арқылы ғана тұлға қалыптасыру процесіне әсер етпейді, сонымен бірге оның жеке басының өзі оқушы тұлғасына ықпал жасайды. Сондықтан мұғалім әрқашанда бала алдында адамгершілігі мол, тәрбиелі, адам жанын түсінетін, терең білімді еліктеу үлгісі болуы керек. Мұғалім мектептен тыс уақыттарда өзінің сөзі мен ісі бір жерден шығып жатуына назар аударуы керек.Педагогикалық мамандықтың негізгі мәні оның іс-әрекетіне байланысты болып табылады. Мұғалімдер әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрін атқарады, яғни адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені аға ұрпақтан жас ұрпаққа беруге бағытталады, оларды қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік рольдерді меңгеруге дайындайды.Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсібилікті түсінудің нақты тәсілі талап етіледі.Бізге таза жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған тәсілден босауымыз керек.Себебі бұл кезде белгілі бір бекітілген стандартқа сәйкес әрекет етеміз.оның орнына мұғалім оқу қоғамдастығының бір бөлігі болып табылатын,кәсібилікке бағытталған ұжымдық және кешенді тәсіл қажет.Бұл тәсілдің аясында көшбасшы- мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновацияларға негізделе отырып,мұғалімнің тіжірибесі жетілдіріледі.Мұндай тәсілде кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды,мұғалімдер оны өз қолымен жасайды.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 8-бабында Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп атап көрсеткен.
Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы.Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмыстары:
· Іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;
· Өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға;
· Бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;
· Кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға міндетті деп анықталуы мүмкін.Бір қарағанда мұғалімнің көшбасшылыққа оның дауысын күшейту мен жеке басының жетекшілік мүмкіндіктерін жек де,ұжымда да кеңейту арқылы жететіндігі оғаш болып көрінуі мүмкін.Ұстаздардың жетекші топтардағы және желілік қоғамдастық шеңберінде өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін мұғалімдер бірлесе жұмыс істеулері қажет.
Бізге туғаннан берілген дарын өңделмеген алмазға ұқсайды. "Сібір кенінен" алынған мөлдір, қатты тас тәріздес (бірақ алмаз қаншалықты тамаша болса да, маржан тас екеуінің айырмашылығы жер мен көктің айырмашылығындай). Маржан тас деп- ерен еңбекті қажет ететін тегістелген алмазды айтамыз"- деп А.Владимиров айтқандай мұғалім өзінің көшбасшылығы арқасында әрбір оқушының таланты мен дарындылығын ашу арқылы бәсекеге қабілетті ,еркін,өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін,ынталы, сенімді,сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған , сандық технологияларда құзырлылық танытатын, өзіндік мені қалыптасқан жеке тұлға қалыптастыру қажет.Менің түсінгенім мұғалім көшбасшы болу үшін оқу үдерісін тиімді жоспарап,жаңа формация мұғаліміне айналу керек. 2) Психика мен сананың дамуы.Психика, сана - материяның ең жоғары түрде дамыған жемісі және әрекеті. Адамның объективтік дүниені бейнелеп танып білуі сезімнен тікелей абстрактылы ойға қарай дамиды, ал ойлаудың нәтижелері өмір тәжірибесі мен қоғамдық іс-әрекет арқылы тексеріледі. Осының нәтижесінде анықталған ақиқат болмыс пен окиғаның бейнелері біздің ақыл-ойымыз бен санамызға әсер етіп, білім қорымыз бен танымымызды жетілдіреді. Психиканы және оның жоғары түрде дамыған сатысы - сананы, адамның дара ерекшеліктерін зерттеу мәселелері - психология ғылымының басты міндеттерінің бірі.Психиканың пайда болуы туралы бірнеше теориялар бар. Атап айтқанда: антропопсихизм, яғни психика тек адамға ғана тән: панпсихизм - барлық табиғатқа: биопсихизм - тек тіршілігі бар материяға нейропсихизм - тек нерв жүйесі барларға. Бұл теориялар психикаға біржақты қарап, қарапайым түсінік береді. Тіршіліктің пайда болуы - материя дамуының жаңа сатысы, ол өзінің құрылысы жағынан күрделі және ерекше қасиеттерге ие болды. Бұл қасиеттің бірі - тітіркенушілік, яғни сырттан тиетін әсерлерге организмнің беретін жауабы. Бұл тірі табиғаттың бейнелеу организмінің жалпы түрі. Оның жеке көрністерінің түріне мыналар жатады: настия, тропизмдер оның өзі - фототропизм, хемотропизм, термотропизм болып бөлінеді.
2. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. Педагогика -- кеңауқымды ғылым. Оның пәндік құрамының күрделілігі соншама: тәрбиемәні мен оның барша байланыстарын жеке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы жеке психология салаларының құрылуы және даму қарқын
Front page тілінің тиімді пайдаланылуы
Интеллект қабілеті
Педагогика пәні және ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама, түсініктеме беру. тәрбиенің мақсаты мен тұлғаны дамытудың қозғаушы күштері жайлы ілім деген не?
Қазақ хандығы тұсындағы ақын - жыраулардың психологиялық тағылымдары
Жаңа тақырып өткізу сабақтарында педагогикалық технологияны пайдалану
Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру
Инженер психологиясының принциптері
Т.Тәжібаевтың ғалым және мемлекет қайраткері
Оқыту процесіне сипаттама
Пәндер