Бағалы қағаздар нарығын құру
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І БӨЛІМ. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ САПАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Бағалы қағаздардың түрлері және олардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Бағалы қағаздарды шығару және жекеменшіктендіру түсінігі ... ... ... ... ... ..12
1.3. Бағалы қағаздар нарығының қызметi және оның нарықтық экономикадағы атқаратын ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
1.4. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ІІ БӨЛІМ. ПАЙЫЗ НОРМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.1 Пайыз нормасының негiзгi экономикалық ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.2 Қарыз мiндеттемесi бойынша пайыз нормасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
ІІІ БӨЛІМ. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ ... ... ...26
3.1. Бағалы қағаздарды айналысқа шығару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
3.2. Қайта қаржыландыру операцияларының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І БӨЛІМ. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ САПАЛЫҚ
ҚАСИЕТТЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Бағалы қағаздардың түрлері және олардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Бағалы қағаздарды шығару және жекеменшіктендіру
түсінігі ... ... ... ... ... ..12
1.3. Бағалы қағаздар нарығының қызметi және оның нарықтық экономикадағы
атқаратын
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
1.4. Мемлекеттік бағалы қағаздар
нарығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .20
ІІ БӨЛІМ. ПАЙЫЗ НОРМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.1 Пайыз нормасының негiзгi экономикалық
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .22
2.2 Қарыз мiндеттемесi бойынша пайыз
нормасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
ІІІ БӨЛІМ. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ ... ... ...26
3.1. Бағалы қағаздарды айналысқа
шығару ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 26
3.2. Қайта қаржыландыру операцияларының
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..30
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 35
Кiрiспе
Бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң қатынастары экономикалық-
құқықтық механизмге негiзделедi. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрi
ретiнде оның маңызын дәлелдейдi. Бiрақ бағалы қағаздардың маңызы онымен
шектелiп қоймайды. Бағалы қағаздар кез келген мемлекеттiң төлем айналымында
маңызды орын алады, себебi олар арқылы мемлекеттiң инвестициялық қызметi
жүзеге асырылады. Дәлiрек айтқанда, бұл күрделi қаржы тiкелей халық
шаруашылығының ең тиiмдi саласына жiберiледi, яғни оларды нарық жүйесiндегi
ең өмiршең субъектiлер ғана ала алады.
Өзiнiң ұйымдық және құрылымдық ерекшелiктерiне орай бағалы қағаздар
қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтiн құқықтық
ережелермен қатар мемлекеттiң қаржы жүйесiнiң тұтас бiр бөлiгiн құрайды.
Мұндай жүйе бiздiң мемлекетiмiзде нарық қатынастарын қалпына келтiру
қажеттiлiгi туындаған кезде құрыла бастады.
Бағалы қағаздары бар әрбір иеленуші мынадай міндеттерді шешеді: ескі
үлгідегі облигацияны біршама төменгі бағада сатып алу барысында немесе ескі
үлгідегі біршама жоғары тұрақты табысы бар облигацияларды сатып алғаннан,
ол зиян шегеді – бұл бағалы қағаздың проблемасы болып табылады. Сонымен
қатар бағалы қағаздар нарығының даму болашағы үшін, нарыққа өту барысында
туындайтын макроэкономикалық және басқару шешімдерін талдау және
стратегиясын қамтитын бағалы қағаздар нарығын дамытудың ұзақ мерзімді
саясаты қажет - бұл басты проблемасы болып табылады.
Бағалы қағаздар проблемасын шешу үшін:
1. Макроэкономикалық тепе- теңдікті қамтамасыз ету керек;
2. Бағалы қағаздар нарығы агенттерінің мүдделерін құқықтық және
экономикалық қорғау керек;
3. Нарықтық ортаның бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету керек.
Қазақстан Республикасының мемлекетi бағалы қағаздар нарығын құру және
оны одан әрi өрiстету мақсатында қажеттi шараларды жасауда. Қазақстандағы
меншiктi мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiрудiң ұлттық бағдарламасы
бағалы қағаздар нарығының негiзгi элементтерiн құру процесiн жеделдеттi.
Мемлекеттiк кәсiпорындарды акционерлiк қоғамдар түрiнде қайта құру олардың
инвестиция тартудың ең тиiмдi механизмдерiнiң бiрi – акция шығаруды
пайдалану мүмкiндiгiн ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизмi
экономиканың барлық субъектiлерiне инвестиция көздерiн алуға мүмкiндiк
жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусiз алуға мүмкiндiк туғызса, ал
облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрi, тиiмдi
жағдайда алуға мүмкiндiк бередi. Мемлекет бюджет кемшiлiгiн толтыру
мақсатында да ақша белгiлерiн эмиссияламай, мемлекеттiк бағалы қағаздар
шығарумен шұғылданады.
Айтылған мәселелердiң барлығы мемлекетiмiздiң экономикалық дамуының
бүгiнгi кездегi сатысындағы ерекше бағыт, яғни бағалы қағаздарды шығару
және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру мiндетi пайда болғанын
айқындайды.
Осыған байланысты курстық жұмыстың басты мақсаты – қазiргi
экономикадағы бағалы қағаздар нарығы және процент нормасын рөлiн айқындап
шығу болып табылады.
І бөлім. Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және олардың сапалық
қасиеттері.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі бойынша бағалы қағаздар деп
мүліктік құқықты бекітілген нысанда және міндетті деректемелерді сақтай
отырып куәландырытын құжаттарды айтамыз. Бағалы қағаздардың экономикалық
мәнін ашуда құжаттың бағалы қағаздар мәртебесіне ие болуы үшін қосымша
сапаларын анықтау қажет:
1. Бағалы қағаздар өз кезегінде меншік титулы нысанында мүліктік құқықты
немесе құжат иесі мен оны шығарушы тұлға арасындағы қарыздық қатынасты
куәландырытын ақша құжаты;
2. Бағалы қағаздар қорларды инвестициялау туралы куәландыратын құжат
ретінде қызмет етеді. Бұл әсіресе бағалы қағаздардың рөлі мен
экономикалық мәнін түсіну үшін өте маңызды. Бұл жерде олар
инвестицияның жоғары нысаны ретінде басты рольде ойнайды;
3. Бағалы қағаздар – бұл нақты активтерге талап етуі көрсетілген құжатар;
4. Бағалы қағаздардың экономикалық мәнін түсіну үшін маңызды сәті –
олардың табыс әкелуі болып табылады;
Сонымен қатар бағалы қағаздардың өтімділік, айналымдылық, нарықтық
сипат, стандарттылық, сериялық сияқты сапалық қасиеттермен азаматтық
айналымда қатысуын атамай өтуге болмайды.
Өтімділіктің астарында бағалы қағаздардың сатылуы нәтижесінде ақша
қаражаттарына айналу мүмкіндігі жатыр. Ол үшін бағалы қағаз нарықта
айналыста болуы қажет. Бағалы қағаздардың айналымдық қасиеті сатып алу –
сату негізінде немесе басқа тауарлар нарығымен айналымды байланыстырып,
төлем құралы ретінде іске асырылады.
Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде, яғни өзіне тиесілі ұйымдарды
және онда жұмыс істеу ережелері бар нарығы болуы керек. Алайда бағалы
қағаздар нарығында сатылатын тауарлар ерекше тауарлар болып табылады.
Себебі бағалы қағаздар – бұл тек меншік титулы, табыс алуға құқық беретін,
бірақ нақты капитал алуға құқығы жоқ құжат. Бағалы қағаздар нарығының
оқшаулануы олардың осы сапасымен анықталады.
Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтар сияқты күрделі ұйымдық және
техникалық циклдардың толықтылығы мен аяқталғандылығын жоғары деңгейімен
ұсынады. Онда бағалы қағаздар баға кешенін қолдану арқылы сатып алу – сату
заты ретінде пайдаланылады, бұл жай тауарлардан ерекшеленеді.
Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне байланысты
олардың нарығы алғашқы және екінші болып бөлінеді. Алғашқы нарықта жаңадан
шығарылған бағалы қағаздарды оларды алғашқы иемденушілеріне сатады; екінші
нарықта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иемденушілерінің ауысуы.
Бағалы қағаздардың атаулы (атаулы құн – оларды шағыру кезінде анықталатын
бағалы қағаздар құнының ақшалай көрінісі), эммисиялық және нарықтық бағасы
болады.
Атаулы баға – дивиденттерді және пайыздарды есептеу базасы ретінде
нақты есептік мәні бар және одан кейінгі есеп айрысуларды қолданады.
Эммисиялық баға – бағалы қағаздарды алғашқа орналастыру кезіндегі сатылу
бағасы болып табылады. Ол табыстылық және несиелік пайыз деңгейімен
анықталады. Нарықтық баға – бағалы қағаздардың екінші нарықта айналу
бағасы. Оның көлеміне сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы әсер етеді.
Сонымен, бағалы қағаздар шаруашылық қызметте қолданатын әр түрлі
құжаттардың жиыны. Сонымен бірге олар өздеріне тиісті жалпы бір белгілері
онда көрсетілген мүліктік құқықты өткізу үшін ұсыну қажеттілігімен
біріктіріледі. Бағалы қағаздарды иемденудің мақсаты табыстылық, өтімділік
және қаржыландыру кезінде қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады.
1. Бағалы қағаздардың түрлерi және олардың жіктелуі.
Бағалы қағаздардың түрлері – түсінігінде бағалы қағаздарға тиісті
жалпы және бірдей белгілердің жиынтығы. Бағалы қағаздардың жіктелуі мен
бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуін бөліп қарастыруға болады.
Бағалы қағаздардың жіктелуі – бұл бағалы қағаздардың өздеріне тиісті
белгілері бойынша бөлінуі.
Бағалы қағаздардың түрлерінің жіктелуі – бұл бір түрдегі бағалы
қағаздарды топтастыру және бағалы қағаздарды басқа да түрлерге бөлу. Өз
кезегінде түрлерді одан әрі бөлуге болады, әрбір төменгі жіктеу жоғары
тұрған жіктеудің құрамына кіреді. Мысалы, акция – бағалы қағаздардың бір
түрі. Қарапайым акция бір дауысты немесе көп дауысты, номиналмен немесе
номиналсыз болуы мүмкін. Бағалы қағаздар жоғарыда айтылғандай белгілі бір
сипаттың жиынына ие.
Уақыт сипаттамасы:
1. Қызмет ету мерзімі: айналысқа қай уақытта шығындарды, қай уақыт
кезеңіне немесе мерзімсіз;
2. Пайда болуы: басы өзінің бірінші негізінен келе ме немесе басқа бағалы
қағаздардан;
Кеңістік сипаттамасы:
1. Қызмет ету нысаны: қағазда немесе заңды түрде айтқанда құжатты нысан
немесе қағазсыз, құжатсыз нысан;
2. Ұлттық белгісі: отандық немесе басқа мемлекеттік, яғни шетелдік;
3. Аймақтық белгісі: елдің қай аумағында шығарылған;
Нарықтық сипаттамасы:
1. Бағалы қағаздар негізінде жатқан актив түрі немесе оның шығу негізі
(тауар, ақша, фирманың жиынтық активі және тағы басқа);
2. Иемдену тәртібі: ұсынушыға, атаулы, ордерлі. Атаулы бағалы қағаздар –
онда көрсетілген тұлғаның құқығын куәландыратынын көрсетеді. Ұсынушыға
бағалы қағаздар – құқық оны ұсынушы адамға жатады. Ордерлі бағалы
қағаздар – құқық онда адамға тиесілі;
3. Шығару нысаны: эмиссионды, яғни ішінде барлық бағалы қағаздар
өздерінің сипаттары бойынша бірдей болып келетін бөлек сериялар
бойынша шығарылады немесе эмиссиялық емес;
4. Меншік нысаны және бағалы қағаздарды нарыққа шығарушы эмитент түрі:
мемлекет, корпорациялар, жеке тұлғалар;
5. Айналыс сипаты: нарықта еркін немесе шектеулі айналады;
6. Бағалы қағаздар ұсынатын құқық түрі негізінде экономикалық мәні;
7. Тәуекел деңгейі: жоғары, төмен және тағы басқа;
8. Табыс көзі: бағалы қағаздар бойынша табыстың қандай да болса бөлігін
төлей ме, жоқ әлде төлемей ме;
9. Қаражат салымның нысаны: ақша қарызға немесе меншік құқығын иемденуге
қаржылана ма;
Бағалы қағаздар сонымен қатар мерзімді және мерзімсіз болып бөлінеді.
Мерзімді бағалы қағаздар – оларды шығару кезінде мерзімі белгіленетін
бағалы қағаздар, әдетте олар:
1. Қысқа мерзімді – айналымда бір жылға дейін жүреді;
2. Ұзақ мерзімді – айналымда бір жылдан жоғары мерзімде жүреді;
Мерзімсіз бағалы қағаздар – айналым мерзімі шектелмеген бағалы
қағаздар, яғни олар шексіз қызмет етеді және бағалы қағаздар шығару кезінде
өтеу мерзімі көрсетілмейді.
Бағалы қағаздардың пайда болуының классикалық нысаны – қағаз, яғни
бағалы қағаз құжат түрінде қолданылады. Бағалы қағаздар нарығының дамуы
бағалы қағаздардың көп түрінің, ең алдымен эмиссиялық нысанын құжатсыз
нысанға ауысуын талап етеді.
Инвестициялық – капитал салымы үшін объекті болып табылатын бағалы
қағаздар, яғни акциялар, облигациялар, фьючерлік келісімдер. Инвестициялық
емес – тауар немесе басқа нарықта ақшалай есеп айырысуға қызмет көрсететін
бағалы қағаздар, яғни вексельдер, чектер, коносаменттер.
Қордың бағалы қағаздары үш топқа бөлінеді:
1. Мемлекеттік;
2. Муниципалдық;
3. Мемлекеттік емес;
Мемлекеттік бағалы қағаздар – мемлекеттің ішкі қарыздарының нысаны,
эмитенті мемлекет болып табылатын қарыздық бағалы қағаздар. Мемлекеттік
бағалы қағаздар ішінде қазынашылық вексельдер мен міндеттемелер,
мемлекеттік және жинақ қағаздарының облигациялары кең тараған.
Муниципалдық бағалы қағаздарға жергілікті үкімет органдарының
қарыздық міндеттемелері жатады.
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар корпорациялық және жеке қаржы
институттарымен ұсынылады. Корпорацияға кәсіпорындардың, ұйымдардың,
банктердің қарыздық міндеттемелері мен акциялары жатады. Жеке бағалы
қағаздарға жеке тұлғалар шығаратын вексельдер, чектер жатуы мүмкін.
Нарықтық экономикада қалыптасып жатқан қаржы нарығының ең маңызды
элементi – бағалы қағаздар болып табылады. Оны акционерлiк қоғамдар мен
банктер акция, облигация, вексель, сертификаттар және т.б. түрiнде
шығарады.
Акция – француз тiлiнен акционерлiк қоғам капиталына белгiлi бiр
мөлшерде қаржы енгiзiлгенiн және дивиденд тұрiнде табыс алып отыру құқын
куәландыратын бағалы қағаз болып табылады. Ал дивиденд – латын тiлiнен
аударғанда бөлiнiске түсетiн деген мағынаны бiлдiредi. Дивиденд акция
иесiнiң, яғни акционерлiк қоғам құрылтайшыларының алатын табысы, басқаша
айтқанда акционерлiк қоғам пайдасының белгiлi бiр бөлiгi болып табылады.
Шетелдiк тәжiрбиеде әртүрлi акциялар қолданылады: атаулы акция және
мәлiмдеушi акция, қарапайым акция және артықшылығы бар акция, бiр дауысты
акция, көп дауысты акция және дауыссыз акция. Акцияның нарықта сатылу
бағасы – акция курсы болып табылады. Акция курсы процент нормасына тiкелей
байланысты. Бiздiң елiмiзде қарапайым және артықшылығы бар акциялар
қолданылады. Қарапайым акциялар кәсiпорынның алынатын пайда мөлшерiне
тәуелдi болады, оның иесi акционерлердiң жалпы жиналысына қатыса алады.
Ондай акцияның артықшылығы – оның иелерiне, акционерлiк кәсiпорынға немесе
банкiге түсетiн пайда мөлшерiне қарай жыл сайын тұрақты белгiленген
дивидендтi төлеуде тұрады. Осы сияқты иеленушiлер акционердiң жалпы
жиналысына қатыстырылмайды. Басқа бiр артықшылығы – акционерлiк компания
жабылатын жағдайда бұл акцияларды иеленушiлерге бiрiншi кезекте ол
кәсiпорынның мүлiктерiн сатудан түскен ақшаның бiр бөлiгi берiледi.
Акционерлiк қоғам – өздерiнiң ресурстарын орталықтандыратын немесе
тұрғындардың жинақтарын айналымға акция немесе басқа бағалы қағаздар шығару
жолымен жұмылдыратын кәсiпорындардың, ұйымдардың және мемлекеттiк
органдардың ерiктi бiрлестiгi. Мұндай қоғамдар өздерi қабылдаған жарғының
негiзiнде жұмыс жасайды және кез келген шаруашылық саласында құрылуы
мұмкiн. Iс жүзiнде акционерлiк қоғамдарды акциялардың бiршама көпшiлiгiн
иеленетiн iрi кәсiпкерлер толық билейдi. Акционерлiк қоғамда үстемдiк етуге
мүмкiндiк беретiн акциялардың санын акциялардың бақылау пакетi деп атайды.
Облигация - көрсетiлген кiрiстi оның иесiне төлеу жөнiндегi
мiндеттеме. Мұндай бағалы қағазды мемлекет немесе кәсiпорындар шығарады.
Облигация, оның иесiнiң ақша қаражатын салғанын куәландырады және оған
белгiленген проценттi төлеу уақыты көрсетiлген нақты құнының орнын толтыру
мiндетiн дәлелдейдi. Процент, әдетте бiрдей мөлшерде қарыздың барлық
мерзiмi бойына төленедi. Кейбiр облигациялар бойынша процент ресми
есептелмейдi, бiрақ өтеу кезiнде облигациялар сатып алынатын баға мен
олардың иелерiне сатылған баға арасындағы айырмашылық түрiнде төленедi.
Облигацияның бiрнеше түрi болады: мемлекеттiк, жергiлiктi және
кәсiпорындар облигациялары. Олар атаулы және мәлiмдеушiге арналған,
проценттi және процентсiз, еркiн айналатын немесе айналым өрiсi шектелген
облигациялар болып та шығарылады.
Вексель – заң бойынша белгiленген үлгiде толтырылатын құжат. Ол
вексель иесiне вексель бойынша қарыз адамнан құжатта көрсетiлген соманы
белгiлi бiр мерзiмде және белгiлi бiр орында талап етуге құқық бередi.
Нарықты экономикада вексель несие құралы және төлем қаржысы ретiнде үлкен
роль атқарады. Вексельдiк мiндеттеме бiршама қысқа мерзiмге, формальды
түрде бiр жылдың шегiнде, көбiне не бәрi 1-3 айға берiледi. Вексельдер,
әдетте коммерциялық несие қызметiн атқарады, ал вексельдiк айналым жолымен
– ақшаның орнына жұмсалады. Вексельдi басқа бiреуге беру индоссамент
(вексельге өткiзгiш таңба) нысанындағы берiлу жобасы жолымен жүзеге асады.
Өздерiнiң нысанына қарай вексельдер жай және аударылатын болып бөлiнедi.
Жай немесе қарапайым вексель – бұл бiр немесе бiрнеше адамның белгiлi
бiр ақша сомасын белгiлi бiр мерзiмде төлейтiнi туралы жазбаша
мiндеттемесi; жай вексель ортақ жауапкершiлiктi бiрнеше адамдармен берiлуi
мүмкiн.
Аударылатын вексель (тратта) – бiр адамның басқа бiреуге, үшiншi
адамға белгiлi бiр ақша сомасын белгiлi бiр мерзiмде төленетiн жазбаша
нысандағы бұйрық. Мерзiмi көрсетiлмеген аударылатын вексель мәлiмдеме
бойынша төлеуге жатады. Жалпы аударылатын вексель мәлiмдеме бойынша төлеуге
жатады.
Депозиттiк сертификат – бұл банкiмен шығарылатын ақша нарығының
құралы. Мерзiмдi депозиттiк сертификатта төлем және процент нарқын төлеудiң
белгiленген күнi болады. Сертификат жеңiл, өтiмдi, қысқа мерзiмдi
инвестициялық құрал болғандықтан, инвесторлармен, кәсiпорын және ұйымдармен
кеңiнен қолданылады. Депозиттiк сертификаттар, көбiнесе уақытша бос
қаржыларды орналастыру құралы ретiнде қаржылық емес корпорацияларымен сатып
алынады.
Жинақ сертификаты – ақша салушының депозитiн (белгiлi бiр шартты
уақытта алу үшiн несие мекемелерiне, сақтау орындарына сақтауға берiлген
бағалы қағаздар) белгiленген мерзiмi өткеннен кейiн оған берiлген проценттi
алу құқын дәлелдейтiн несие мекемесiнiң ақша қаражаттарын депонентке
салғаны туралы жазбаша куәлiк. Сертификаттар мемлекеттiк банкпен және басқа
банктермен шартта белгiленген процент бойынша белгiленген мерзiмге немесе
оны талап етуге дейiн шығарылады. Жинақ сертификаттары атаулы және
мәлiмдеушi сертификаттары атаулы және мәлiмдеушi сертификаты болып та
берiледi. Атаулы сертификаттар айналымға жатпайды, ал оларды сату заңсыз
болады.
Чек – белгiлi бiр нысандағы банкiден ақша алатын немесе алу – беру
шотына белгiленген ақшаны аударуға нұсқау жазылатын арнаулы құжат. Оларды
ақша және есеп айыратын чектер деп атайды. Ақша чегi бойынша банктен қолма-
қол ақша алады. Есеп айыру чегi – чек берушiнiң есебiнен чек ұстаушының
есебiне ақшалай төлем жасау туралы, ерекше бланкiге толтырылған банкке
берiлетiн жазбаша нұсқау болып табылады. Ол қолма-қол ақшасыз есеп айырысу
үшiн қолданылады.
Қазiргi кезде кәсiпорындарда және еңбек ұжымдарында енгiзiлген
акцияларды толық мағынада акция деуге әлi ерте, себебi олар кәсiпорынның
капиталын құрамайды, акцияның сомасы оның иесiнiң талабы бойынша қайтарылуы
мүмкiн (нағыз акциялар қайтарымға жатпайды). Оның үстiне олар басқаруда
дауыс құқын бермейдi.
Мемлекеттiк бюджетке қосымша қаржы түсiретiн көз ретiнде мемлекеттiк
облигацияларды шығару бұрыннан жолға қойылған. Ол тексеруден өткен және
тиiмдi жол.
Жұмыскерлердiң өз кәсiпорынның акцияларын иемденуi салыстырмалы түрде
қарапайым процесс. Ал бағалы қағаздардың еркiн нарығын ұйымдастыру күрделi
мәселе. Ол бiр-бiрiмен байланысты екi бөлiктен – бiрiншi және екiншi
кезектегi нарықтардан тұрады. Бiрiншi кезектегi нарықта бағалы қағаздарды
айналысқа шығару (эмиссиялау), ал екiншiсiнде – оларды қайта сату жүзеге
асырылады.
2. Бағалы қағаздарды шығару және жекеменшіктендіру түсінігі.
Бағалы қағаздар – ең алдымен мүлiктi иемденуге құқық беретiн ақшалы
құжат немесе қарыз берушiге қарыз алушының берген қарыз мiндеттемесiн
айтамыз. Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнiнен екi түрлi болуы
мүмкiн:
1. Заң жүзiнде бекiтiлген жеке құжат түрi;
2. Есепшотқа енгiзiлген жазу түрi;
Егер басқа адамға иемденуге берiлсе, бағалы қағаздардың екiншi түрi
бойынша ерекше куәлiк толтырылып берiледi. Оны иемдену құқын беретiн
құжатты сертификат деп атайды. Шығаруы жөнiнен бағалы қағаздар нарықтық
және нарықтан тыс болып та екiге бөлiнедi. Нарықтан тыс бағалы қағаздар
әлеуметтiк – нарықтық қатынастардың дамуы негiзiнде пайда болған
қағаздардың ерекше түрi. Оларға жинақ облигациялары, зейнетақы қорларының
облигациялары, депозиттiк облигациялары жатады. Жинақ облигациялары
негiзiнен жеке тұлғалар арасында орналастырылады. Бұл бағалы қағаздар
қазiргi кезде АҚШ-та кең тараған. Зейнетақы қорларының облигациялары және
жеке зейнетақы облигациялары және зейнетақы облигациялары, оларға, мысалы,
АҚШ-та бiреуге жалданбай – ақ өз алдына қызмет iстейтiн адамдардың ақшасына
шығарылған облигациялар жатады. Ал депозиттiк облигациялар қысқа мерзiмдi,
орта мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi болып үшке бөлiнiп, тек жергiлiктi басқару
органдарына ғана сатылады. Бұл ұйымдар шамалы болса да табыс әкелетiн,
бiрақ салық төлеуден босатылған өздерiнiң облигацияларын шығаруы мүмкiн.
Нарықтан тыс бағалы қағаздар әр түрлi қорларға немесе банктерге, оның
iшiнде шетел банктерiне және кәсiпорын, ұйымдарға салған капиталдан түскен
табысты иемденуге құқық бередi. Бұл бағалы қағаздарды шығару шарты бойынша
иемденушi – заңды немесе жеке тұлғалар – оларды басқа иемденушiге беруге
құқығы жоқ. Сондықтан бұл қағаздар нарықта еркiн айналымға түсе алмайды.
Сонымен қатар, нарықтан тыс бағалы қағаздарға (мысалы, АҚШ-та және
кейбiр басқа елдерде тараған) басқа мемлекеттердiң Орталық банктерiнде
орналастыру үшiн шығарылуы кең өрiстеген облигациялар жатады. Соңғы
кездерде барлық дамыған елдерде нарықтан тыс бағалы қағаздарды шығаруды
кеңейту және олардың түрлерi мен санын көбейту тенденциялары байқалуда.
Ал айналымға түсетiн бағалы қағаздарды нарықтық бағалы қағаздар деп
атайды. Бағалы қағаздар айналысы деп оларды сатып алу – сатуды және заң
жүзiнде олардың иемденушiсiн өзгерту әрекеттерiн айтады. Бағалы қағаздарды
шығарып, оны айналымға түсiрушiнi эмитент деп атайды.
Бағалы қағаздарды шығарып, оларды бiрiншi иемденушiлерге
(инвесторларға) сату мына түрде жүзеге асырылады (инвесторлар жеке және
заңды тұлға болуы мүмкiн):
1. Қоғам құрып, олардың акцияларын құрылтайшылар арасында
орналастырғанда;
2. Қоғамның алғашқы жарғылық капиталының көлемiн жаңадан акция шығарып
өсiргенде;
3. Заңды тұлғалардың, яғни мемлекеттiң, мемлекеттiк органдардың немесе
жергiлiктi әкiмшiлiктердiң облигация және басқа қаржы мiндеттемелерiн
шығару арқылы қарыз капиталын пайдаланғанда.
Эмитент және сонымен қатар эмитенттiң келiсiмiмен бағалы қағаздарды
алғашқы иемденушi инвестициялық институттар әрбiр бағалы қағаздарды сатып
алушыға сату тәртiбiн түсiндiретiн эмиссия проспектiсiн алдын-ала шығаруы
тиiс. Оны ақпарат құралдарында жариялау мiндеттi.
Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттегi тауар – ақша қатынастары және
меншiк қатынастары жағдайында дамуы мүмкiн. Мемлекеттiк меншiктi жаңа нарық
қатынастарына сай өзгерту тек оны жекеменшiктендiру арқылы ғана iске асады.
Жекеменшiктендiру бағалы қағаздардың жаңа түрi – жекеменшiктендiру
чектерiн (купондарын) өмiрге келтiрдi. Бұл мемлекеттiк бағалы қағаздар, өз
иесiне мемлекеттiң иелiгiнен алып, жекеменшiктендiрiлген меншiктi бiр
бөлiгiн қайтарымсыз пайдалануына құқық бередi.
Iрi және орта кәсiпорындарды жекеменшiктендiру оларды акционерлiк
қоғам ретiнде қайта құрудан басталды. Акционерлiк қоғамның иесi
акционерлер, олардың меншiк құқы ация берумен куәландырылады.
Жекеменшiктендiру чектерiне кез келген жекеменшiктендiрiлген
кәсiпорынның акциясын сатып алуға болады. Ал жекеменшiктендiрiлген
кәсiпорын ұжымы мүшелерi өз кәсiпорынның акциясын жеңiлдiкпен сатып алуға
құқық бар. Ондай сатып алуды да жекеменшiктендiру чегiмен төлеуге болады.
Жекеменшiктендiру чегiне басқа акционерлiк қоғамға айналған кәсiпорындардың
акциясын сатып алу аукциондарда жүргiзiледi. Аукцион өтетiнi туралы алдын
ала ақпарат құралдарында жарияланады. Сонымен бiрге жекеменшiктендiру
чегiне арнаулы инвестициялық қорлардың да акциясын сатып алуға болады.
Ондай қорлар чектердi өздерiнде көптеп шоғырландырып, оған басқа
акционерлiк қоғамдардың акциясын сатып алады. Инвестициялық қорлардың
акциясын сатып алушы сол қордың иемденушiсiнiң бiреуi болып есептеледi. Қор
оған өз пайдасының бiр бөлiгiн төлейдi. Инвестициялық қорлар – жеке мекеме.
Мемлекет инвестициялық қорларға салған чектерге кепiлдiк бермейдi.
Осы айтылғандардан басқа, жекеменшiктендiру чегiн мұра етiп қалдыруға,
сыйлық ретiнде беруге және сенiмхатпен басқа адамға беруге де болады.
Бiздiң елiмiзде жекеменшiктендiру чегiне акция сату және меншiктi
жекеменшiктендiру 1994-1995 жылдары өттi. Ол кездерде көптеген
инвестициялық қорлар ашылып, халық ол қорларға чектерiн тапсырғанымен
олардың орнына акция алғандары аз.
1.3. Бағалы қағаздар нарығының қызметi және оның нарықтық
экономикадағы атқаратын ролі.
Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзiнiң айрықша тауарымен
өзгешеленедi. Ол өзгеше тауар – бағалы қағаздар. Олар бiрiншiден, меншiк
белгiсi, екiншiден, қарыз мiндеттемесi, яғни олар бойынша табыс алу құқы
және табыс төлеу мiндеттемесi пайда болады. Бұдан бұрын айтқанымыздай, бұл
тауарды өз құны аз болса да, өте жоғары нарық бағасымен сатуға болады.
Бағалы қағаздардың көрсетiлген құны (номиналды) өте төмен болғанымен,
мысалы, өндiрiс кәсiпорнына жұмсалған нақты капиталдың белгiлi бiр мөлшерiн
көрсетедi. Егер бағалы қағаздарға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары
болса, онда оның бағасы көрсетiлген құннан (номиналынан) жоғары болады
(керiсiнше де болуы мүмкiн).
Бұндай нарықтық бағаның номиналдан ауытқуы, бағалы қағаздардың “жалған
капитал” екенiн көрсетедi.
Жалған капитал – накты капиталдың қағаз белгiсi, яғни өндiрiстiк
капиталдың оқшауланып шыққан бiр бөлiгi (сауда, несие капиталдары).
Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды
құндылықтардың орнына жұретiн “символы” болғандықтан оны “қордың
құндылықтары” деп те атайды. Сонымен қатар, бағалы қағаздар “қордың
инструментi немесе құралы” болып та есептеледi. Себебi тек сол құралды
пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткiзуге немесе сол құндылықтар бiр
субъектiден екiншiге ауысуына болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы
капитал нарығының, яғни ақша және басқа материалдық құндылықтардың нақты
қызметiн көрсетедi.
Бағалы қағаздар нарығы нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын
процестердiң реттеушiсi. Бұл алдымен капиталды инвестициялау деген оның
капиталға мұқтаж өндiрiс салаларына құйылуы, ал артық болған уақытта сол
саладан қайта алынады. Капиталдың бұндай айналыс механизмi мынадан
түсiнiктi. Мысалы, кейбiр тауарларға немесе қызмет түрлерiне сұраныс өссе,
онда соған сәйкес бағасы да өседi. Демек, оларды өндiруден пайда да өседi,
сондықтан басқа салалардың өнiмiне сұраныс азайып, олардың экономикалық
тиiмдiлiгi кемiп, ондағы капитал өнiмiне сұраныс өсiп тұрған салаларға
құйылады. Бағалы қағаздар осы механизмнiң қызметiн қамтамасыз ететiн құрал.
Олар уақытша бос капиталды сату – сатып алу арқылы тиiмдi өндiрiске
бағыттап отырады. Нарықтық экономиканың тәжiрбиесiнде капитал ең алдымен
қоғамға шын мәнiнде қажеттi өндiрiске орналасады. Нәтижесiнде қоғамдық
өндiрiстiң ең үйлесiмдi құрылымы пайда болып, тапшылықсыз экономика
қалыптасады: қоғамдық өндiрiс негiзiнен қоғамдық сұранысқа сай болады. Бұл
өркендеген нарық экономикасының басты жетiстiгi. Бiздiң елiмiздегi
Мемлекеттiк жоспарлау комитетi басқарған орталықтанған – жоспарлы экономика
70-жыл (1921-1991 жж.) бойы қоғамның зарарсыз өсуiн қамтамасыз ете алмады.
Ал нарықтық қатынастарды дамыту – қоғамдық экономиканың шарықтап
өркендеуiне жеткiзетiнi ақиқат шындық.
Кәсiпорынның қосымша капиталға мұқтаждығы – негiзгi қорды құру және
ескi қорларды жаңарту, айналыс құралдарын толықтыру. Бұл мұқтаждықтар нарық
конъюнктурасына тiкелей байланысты. Сонымен қатар конъюнктураның өзгеруi
белгiлi бiр уақыт арасында болып тұрады. Сондықтан кәсiпорын қажеттi
қаражатты белгiлi бiр уақытта, яғни нарық конъюнктурасының өздерiне қолайлы
кезiнде алғаны жөн. Қазақстан Республикасында әзiр бұндай жағдай
қалыптасқан жоқ. Себебi, банктiк несие әрi қымбат, әрi шектелген, ал бағалы
қағаздар нарығы жаңадан қалыптасу кезiнде.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар көмегiмен қосымша
капитал алу анағұрлым жеңiл. Акция және облигация сияқты бағалы қағаздарды
шығаруға және оларды тiркеуге 2 жетi эмиссиялық проспектiсiн шығарып және
нарыққа қатысушылардың оларды талқылауына 2-4 жетi, оларды сатып алу –
сатуға және есеп айырысуға 2-3 жетi уақыт кетедi екен. Қорытындысында 1,5-2
ай iшiнде эмитент (шығарушы) өзiне қажеттi капиталды жинап, оны басқару
құқына ие болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы – экономикалық өрлеудi көп
жағдайда қаржыландыратын ең оңай және ең қолайлы қаржы көзi.
Нарықтық экономика – адамзат өркениеттiлiгiнiң ең жоғарғы жетiстiгi
және өндiрiстi ұйымдастырудың ең тиiмдi тұрi екендiгiн дүниежүзi
мемлекеттерiнiң көпшiлiгiнiң өркендеу тәжiрбиесi дәлелдеген ақиқат шындық.
Ал Қазақстан Республикасы үшiн шаруашылықты жүргiзудiң жаңа әдiстерiне өту
ғана емес, сонымен бiрге мемлекеттiк экономикалық саясаттағы
субъективизмнен (әдiлетсiздiктен) бас тарту.
Шаруашылықты нарық әдiстерiмен жүргiзу қаржы нарығының мол мүмкiндiгiн
пайдалануды талап етедi. Қаржы нарығы – мемлекеттiң бүкiл ақша қорларының
жиынтығы. Бұл қорлар экономиканың әртұрлi субъектiлерiнiң сұранысы мен
ұсынысы әсерiнен өзгерiп және үнемi қозғалыста болады. Қазiргi кезде
дүниежүзiнде АҚШ-тың, Еуропа бiрлестiгi мен Жапонияның қаржы нарығы ең
үлкен қорларды иемденуде. Ал Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға
өту кезеңiнде оның қаржы нарығының қоры мол, өз өркендеуiне жетедi деуге
әзiр ерте.
Жалпы қаржы нарығы бiрiне-бiрi байланысты және бiрiн-бiрi толықтырып
тұратын, бiрақ әрқайсыс өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады:
Бiрiншiден, айналымдағы қолма-қол ақша қызметiн атқаратын қысқа
мерзiмдi төлем құралдары (вексельдер, чектер және с.с.) жатады. Қазақстан
Республикасының қаржы нарығы қазiргi кезде айналымдағы қағаз ақшаның
құнсыздануынан инфляцияға ұшырауда. Егер жалпы Ұлттық өнiм ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz