Қазақ халық музыкасы


Қазақ халық музыкасы
Қазақ халық музыкасы - қазақ ұлтының дәстүрлі музыкасы, қазақ фольклорының маңызды саласы.
Қазақ халық музыкасының эпикалық жанрлары Өңдеу
Қазақ халқының музыка мұрасы аса бай. Оның эпикалық жанрлары:
Жыр,
Толғау,
Терме,
Желдірме,
Лирикалық әндері,
Айтыс өнері,
Қазақ халық музыкасының тарихы
Қазақ халық музыкасының тарихына көне түркі дәуірінен бергі кезеңдегі музыка үлгілері мен тарихи-мәдени мәліметтер енеді.
Қазақ фольклорының елеулі бір арнасы - эпос. Оған тән музыкалық мақам-саздардың қазақ мәдениетінен алатын орны ерекше. Әдеби мәтінге қарағанда музыкалық мақамның марқалау болатыны белгілі. Қазақ эпосы негізінен екі түрлі поэзиялық өлшемге негізделсе (7 - 8 буынды жыр және 11 буынды қара өлең), оның мақамы да осы жүйеге құрылады. Қазақ музыкасындағы сырлы сазды, терең толғанысқа толы кең тынысты, әуезді әндер - 19 ғасырдан желі тартса, речитативті әуенге құрылған эпикалық дәстүр - алғашқы, лирикалық әндер - соңғы құбылыс. Бірақ, дәстүр тұрғысынан келгенде қазақ даласының түрлі аймақтарында олардың бәрі бірдей сақтала бермеген. Сыр бойы, Атырау алқабында - эпос, Жетісуда - терме, Орталық Қазақстанда кең тынысты лирикалық әндер басым дамыған.
Қазақ музыкасы ауызекі дәстүрге негізделген суырып салмалық өнермен қатар жеке өнер саласы, тіпті ілім ретінде де қалыптасып келеді. Ертедегі орхон-енисей жазбалары, орта ғасырлардағы Қорқыт, оғыз еліндегі қобыз культі туралы деректер түркі тайпаларының музыкалық мәдениетінен хабар береді. Одан бергі жерде әл-Фараби, Ибн-Сина, Әбдірахман Жәми, Дәруіш Әли, т. б. көптеген шығыс ойшылдарының музыка өнеріне қатысты теориялық еңбектері де болған. Фарабидің “Музыканың ұлы кітабы” күні бүгінге дейін ғылыми мәнін жоймаған, әлі де толық зерттеліп болмаған мұра. Мұның өзі қазақ музыкасының бірде шаманизм, бірде зороастризм, бірде ислам мәдениетінің аясында қалыптасып келгенін аңғартады. 15 - 18 ғасырлырдағы жыраулық өнер тудырған эпик дәстүрдің Қазақ музыкасынан алатын орны ерекше.
Қазақ халқының осы қалыптасу кезеңінде ұлттық болмысымызға тән музыкалық ырғақтар, екпіндік ерекшеліктер көріне бастаған. Қазақ музыкасының өзіндік ерекшелігі - синкреттілігі. Поэзия мен музыка мақамның бірлігіне негізделген ән-жырлардың келе-келе дараланып, екі түрлі өнер арнасына жіктелгені мәлім. Бірі - ән өнері, екіншісі - күйшілік дәстүр. Осы негізде 19 ғасырда қазақ даласында екі түрлі халықтық кәсіби-музыкалық дәстүр қалыптасқан. Бірі - Ықылас, Сарымалай, Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Сейтек, Сүгір, Тәттімбет, т. б. өнерпаздар бастаған күйшілер тобы болса, екіншісі - Біржан, Ақан, Мұхит, Мәди, Жаяу Мұса, Естай, Үкілі Ыбырай, Абай, Нартай, Майра, т. б. сал-серілерден арқау тартатын әншілік өнер. 19 - 20 ғасырларда айырықша дамыған домбыра күйлері өз кезегінде екі түрлі нақыштық ерекшелігімен дараланады. Бірі - кең ауқымды төкпе, екіншісі - сырлы да өрнекті шертпе күй үлгілері. Әрине, қазақ халқының музыкалық мәдениетін сөз еткенде домбыра күйлерін бұл екі дәстүрмен ғана шектеуге болмайды. Ел арасынан шыққан кәсіби күйшілердің өз үні, өз мәнері, орындау ерекшеліктері бар.
19 ғасырдың аяқ шенінен бастап қазақ музыкасы шет ел және орыс саяхатшыларының назарына ілікті. П. Георги, В. Андреев, В. Добровольский, С. Рыбаков, А. Левшин, А. Алекторов, М. Готовский, Р. Пфенниг, А. Эйхгорн, Н. Савичев секілді шығыстанушылары Қазақ музыкасы, оның көрнекті өкілдері туралы тың әрі қызықты мәліметтер жеткізді. А. В. Затаевич қазақтың музыкалық фольклорын жинап, оларды нотаға түсіріп, жүйелеуде үлкен қызмет атқарды.
XIX ғасырдың екінші жартысы Қазақстанның музыка өнерінің гүлденген дәуірі болды. Бұл кезеңде өмір сүрген көптеген аса көрнекті кәсіби композитор-әншілер мен күйшілердің шығармалары халықтың музыкалық классикасының негізін құрады. Көптеген халық композиторлары өз заманындағы білімді адамдар еді; олардың бәрі дерлік хат танитын, кейбіреулері орыс тілі мен араб тілін білетін, бірақ өз шығармаларын нотаға түсіріп жаза алмайтын еді. [1]
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы музыка өнерінің дамуына Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы сияқты композитор-музыканттар үлкен үлес қосты. Абай әндері қазақ халқы мен орыс халқының арасындағы бауырлас достықты нығайтуға игі ықпал етті. Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасынан аударған Татьяна хатының сөзіне шығарған «Татьянаның қырдағы әні» қалың елдің сүйікті әніне айналды.
Қазақ әндерін жазып алуда С. Г. Рыбаков көп еңбек сіңірді. Ол 100-ден астам ән жинады. Қазақтың ән әуендері оркестрлік шығармаларда да пайдаланылды.
Қазақтың халық музыкалық аспаптары
Қазақ музыканың үлкен бір арнасы - қобыз, сыбызғы және домбыра күйлері. Бұл үшеуінің де арнайы музыкалық қоры мол сақталған, сол себепті халық аспаптары ретінде танылады. Ал жетіген, адырна, үскірік, шаңқобыз, асатаяқ секілді музыкалық аспаптар фольклорлық сатыда ғана көрінеді. Олардың ұлттық сипатынан гөрі типологогиялық табиғаты үстем. Мысалы, бір ғана шаңқобыз аспабын кеңес дәуіріндегі халықтардың барлығынан дерлік кездестіруге болады. Музыкалық аспаптар бүгінде олардың дыбыс шығару ерекшеліктеріне сай хордофон, идиофон және аэрофон болып жіктеліп жүр.
Қазақ музыкалық аспаптары - халық арасында кең тараған музыкалық аспаптар. Олар ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра. Қазақ музыкалық аспаптарының өзіне тән үні, орындаушылық дәстүрі бар. Мұның аттарын халқымыздың жыр-аңыздары мен дастандарынан, 15-19 ғасырдағы орыс және шет ел саяхатшылары мен ғалымдарының еңбектерінен кездестіруге болады. Ертеде аспаптарды ағаштан ойып, түрлі өсімдіктерден, малдың терісі мен сүйегінен, мүйізі мен қылынан жасаған. Музыкалық аспаптар төрт топқа бөлінеді:
Шертпелі,
Үрлемелі,
Ұрмалы,
Сілкімелі.
Шертпелі екі түрге бөлінеді: қолмен және ысқышпен. Қолмен: домбыра және шертер, ысқышпен: қобыз.
Үрлемелі: сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз.
Ұрмалы: дауылпаз және даңғара.
Сілкімелі: асатаяқ және сылдырмақ жатады
Қазақ халық музыкалық шығармашылығы. Ән мәдениетінің жанрлары (еңбек, әдет- ғұрыптық, отбасылық, лирикалық, әлеуметтік- наразылық әндер, тарихи әндер және т. б. )
Еліміз тәуелсіз даму жолына түсіп, ұлттық мәдениетті өркендетуге баса назар аударылып отырған кезеңде маңызды мәселе ретінде бұрынғы мәдени-тарихи мұрамыздың маңызды компоненті - халқымыздың музыкалық шығармашылығын студенттердің жалпы мәдениетін қалыптастыру құралдарының бірі ретінде қарастыру міндеті тұр. Жалпы, білім берудің мақсатын өскелең ұрпақтың ата-бабалар жасаған рухани құндылықтарын алу мен мәдени мұрасын игеруі деп анықтауға болады. Қазақстан мемлекетінің даму процесіндегі прогрессивті функцияны оқу орындары білім берудің мазмұны тек мәдениет қалыптастырушылықтың бағыты болғанда ғана орындай алады.
Қойылған мақсаттың жүзеге асырылуы - тұлғаның жан-жақты даму үшін жағдай жасалғанда және өскелең ұрпақтың бастауыш мектептен бастап, жоғары мектептегі білім алу кезеңдерінде мәдени қажеттеліктерін жүзеге асыру және үздіксіз потенциал жағдайларын тудырғанда мүмкін болады.
Мәдениет - адамның ойлау бейнесін, өзін-өзі алу стилін анықтайтын жеке білімнің интегративті көрінісі ретіндегі, тұлғаның қалыптасқан құндылық бағдарларының нәтижесі болып табылады. Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруда халықтың рухани құндылықтарының негізінде туындаған халық музыкасының алатын орны ерекше. Осы салада, музыка ғылымы мен өнерінің адамның тәрбиелі, тәлімді болып қалыптасуына ықпалы зор екендігіне ерекше мән берген Әл - Фарабиді, оның “Музыканың ұлы кітабы” атты еңбегін ерекше атау қажет.
Аристотель музыкаға негізгі тәрбие құралы ретінде қарап, оның адам психикасына, этикасына, сондай-ақ моральдық қасиеттерді қалыптастыруға зор ықпал ететіндігіне назар аударады.
В. Сухомлинский: “егер сәби шақта музыкалық шығарманың әсемдігін жүрекке жеткізе білсек, егер дыбыстардан бала адам сезімінің сан қырлы реңін сезіне білсе, ол мәдениеттің ешқандай құралдармен жетуге болмайтын сатысына көтеріледі… ” деп, жалпы мәдениетті қалыптастырудағы музыканың ролін сәби шақтан бастап анықтаудың маңызын атап көрсеткен. [4. 125 бет]
Ұлттық мәденитіміздің қалыптасуына қазақ ағартушылары, ғалымдары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов. Ж. Аймауытовтар зор үлес қосты.
Қазақтың алғашқы ағартушы-ғалымы Ш. Уәлиханов “Қазақ фольклористикасының атасы” деп саналатыны даусыз. Ол қазақ халқының аңыздарын, эпос, шежіре, этнографиялық материалдарға жіктеп, әрқайсысына анықтама берген. “Қазақтың халық поэзиясының формалары туралы” еңбегінде жырдың мазмұны әдетте қандай болатындығын, поэзия формаларын және қобыз аспабы мен онда ойнау тәсілін көрсеткен.
ХІХ ғ. Үлкен ағартушы - педагог Ы. Алтынсарин қазақ халқының фольклоры мен этнографиялық материалдарын жинап, оларды халық тәрбиесінің құралы еткен. Ол бірінші рет, музыкалық сауат жоқ кезде, ән сабағын мектеп бағдарламасына міндетті пән ретінде енгізді. Музыка сабығында музыкалық аспаптарды, оның ішінде домбыраны кеңінен пайдалануға мән берді. Музыкалық эстетикалық білім мен тәрбиені дамытуда Ы. Алтынсариннің музыкаға қатысты жұмбақтарды көп беруі - аса бағалы тәжірибе болып табылады.
Қазақтың ұлы ойшыл ақыны, ағартушысы Абай - ұлттық мәдениетіміздегі ерекше тұлға. Оның шығармашылығына тән белгі - халық мұрасына айрықша жақын болып, оны өз шығармаларының негізі етуі.
Ал, М. Жұмабаев 1922 ж. Мұғалімдерге арналған ”Педагогика” атты еңбегін жазып, онда адамның эстетикалық тәрбиесі де мәселелерін сөз етеді. Әсіресе, жас баланы эстетикалық, сұлулық сезімдерін тәрбиелеуде әдемі ән-күйлер есітіп өсуінің маңызы зор екендігіне мән берілді.
Қазақ халқының музыкалық шығармашылығы - өте бай тәрбиелік мәні бар, құнды мәдени мұра ретінде ұлттық мәдениеттің маңызды да көлемді құрамдас бөлігі болып табылады. Оның жанрларының - (аспаптық музыка-күй, ән шығармашылығы, музыкалық-поэтикалық дәстүрлері - толғау, жыр, терме, айтыс т. б. ) -педагогикалық, білім берушілік, дамытушылық, тәрбиелік мүмкіндіктері орасан зор, сондықтанда ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын ешқашанда жоғалтпайды.
“Халық музыкалық өнері - оның өзіне тән өмірге деген сезімталдығымен, шабытымен және көпшілік шеберлігінің сезімтал қасиеттері мен дағдыларының арқасында әрқашанда алда жүреді. Сондықтанда халық атты композитор көп бейнелі барлық музыка әлеміне бүкіл жан-жақтылығымен… әсер етеді”- деп, музыка танушы Б. Асафьев халық музыкалық шығармашылығының өміршеңдігін атап көрсетті.
Халық музыкасының ең көлемді жанры - аспаптық шығармашылығы. Күй - қазақтың рухани мәдениетінің аса маңызды да үлкен саласы. Қазақтың ұлы жазушысы М. Әуезов: “Жалпы музыка атаулы нәрсе елдің сезім байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын білдіретін болса, солардың ішіндегі ең толғаулы, ең терең сырлысы - күй” дейді. [6. 87 бет]
Халық музыкалық шығармашылығыының тағы бір үлкен саласы - ән өнері. “Халық әндерінің тардымды келетіні, жүрегіңе қона қалатыны, олардың баста өнер қуу мақсатында шықпай, табиғилық жағының басым болуында. Халық әндерінің үлкен қазына екендігі де осы қасиетінде, сол әндерде халық өмірінің сәулесі болуында”, - дейді А. Жұбанов “Замана бұлбұлдары еңбегінде”. [5. 68 бет]
Музыкалық-поэтикалық дәстүрдің бір жанры-терме. Ол халық шығармашылығындағы тақпақ-сазды речитативті әннің бір түрі. М. Ахметов “Қазақтың халық творчествосында осы айтылып отырған рекчитативтік стильдің негізгі даму эпрстық жырлармен байланысты. Жырдың мазмұнын жеткізу үшін пайдаланылатын халық арасындағы терме, желдірме секілді ән түрлері осы эпоста қолданылып, пайда болғанын көреміз”, - дейді. Ал, поэзиялық тұрғыдан алғанда, терме - насихат, өсиет ретінде белгілі бір әуен - ырғақпен орындалатын өлең түрі болып табылады. Халық музыкалық шығармашылығының тағы бір дәстүрлі жанры - толғау. Онда ой толғанысын, уақытқа, заманға, құбылысқа козқарасын ақын сөзді әуенмен сүйемелдей отырып білдіреді. Музыкалық-поэтикалық дәстүр жанрына айтыс та жатады. Ол эпостан гөрі нақты өмірге жақын тұрған, түрлі өнердің басын біріктіріп тұрған құпиялылығымен ерекшеленеді. Қазақ халқының музыкалық шығармашылығы көптеген ғылыми зерттеулер обьектісі болды. Халық шығармашылығын қолдану арқылы музыкалық - эстетикалық тәрбие беру саласы көптеген ғылыми еңбектерде зерттеліп, бірқатар кешенді іс-шаралар жүзеге асырылды. Дегенмен де, студент жастарымыздың жалпы мәденитін қалыптастыру мақсатында, олардың халық музыкалық шығармашылығына деген қызығушылықтарын қалыптастыру міндеттерін жүзеге асыру үшін, халық музыкалық шығармашылығы құралдарымен эстетикалық тәрбие беру саласындағы зерттеулер өз көкейкестілігін, әсіресе, қазір жастарымыздың рухани жұтаңдығы аса сезіліп тұрған уақытта өз маңызын жоғалтпауы қажет.
Жалпы білім беретін мектептердегі музыка сабақтарының мақсаты-рухани мәдениеттің аса қажетті бөлігі - музыка мәдениетін тәрбиелеу болып табылады. Ендеше, жоғарыда атап өткен музыка мәдениетін біз ұлттық музыка мәдениеті деп нақтылар едік. Әрине, бұл ұйғарымнан біз тек ұлттық тар шеңберде қалып қояды екенбіз деген қате ұғым қалыптаспауы керек, өйткені ұлттық бастауға негізделген тәрбие ғана жеке тұлғаның өз ерекшелігін сезініп, түсінуі арқылы басқаныңда ерекшеліктерін сыйлауға үйретеді. Әр халықтың ең тамаша туындылары өзінің өмірлік мәнін жоймай ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып мәңгілік мұра ретінде ғасырлар бойы жасай береді. Осылайша бүкіл әлемдік мәдениеттің аса қажетті бөлігі-музыка мәдениетімен тәрбиелеу болып табылады. Белгілі түріктанушы Л. Н. Гумилев “Өзіңнің тарихыңды жете білмей, оған деген көзқарасыңды әбден анықтай алмай отырып, мәдениетіңді де ешқашан дамыта алмайсың”- деген. Ендеше, жоғарыда атап өткен музыка мәдениетін біз ұлттық музыка мәдениеті деп нақтылар едік.
Әрине бұл ұйғарымнан біз тек ұлттық тар шеңберде қалып қояды екенбіз деген қате ұғым қалыптаспауы керек, өйткені ұлттық бастауға негізделген тәрбие ғана жеке тұлғаның өз ерекшелігін сезініп, түсінуі арқылы басқаның да ерекшеліктерін сыйлауға үйретеді. Осылайша бүкіл әлемдік мәдениеттің қазынасынан орын алып, адамзат игілігіне айналатыны белгілі. Ендеше, жалпы білім беретін мектептің музыка бағдарламасының мазмұны оқушыларды ұлттық пен әлемдік мәдениеттің өзара диалектикалық бірлігі мен байланысын түсіне білуге бағдарлауы қажет. Осыған байланысты “Елім-ай”, “Мұрагер ”және т. с с. Бірқатар бағдарламалар жасалынғанымен, өкінішке орай, олар жүйелі түрде қолданылмауда. Жалпы білім беретін мектептердегі пән мұғалімі өткізетіндіктен немесе өз маманы бере тұра, оның кәсіптік даярлығы (әдістемесін жақсы білмейді), нашар болатындықтан арнайы жабдықталған музыка кабинетінің (музыкалық аспаптар, фонотека болмауы) және т. б. себептерге байланысты, қазіргі колледж, университеттердегі оқып жүрген студент жастардың жалпы мәдениеті көп жағдайда, әсіресе ауылдық жерлерде сын көтермейді деуге болады.
Олардың өзін-өзі алып жүруі, қарым-қатынас, сыртқы түр-тұлғасы, сөз саптау мәнері, білімі, ойлау деңгейі, музыкалық, эстетикалық, көркемдік талғамдары және тағы сол сияқты тұлғаның мәдениеттілігінің көрсеткештерінен тәрбиедегі оқылықтар білініп тұрады. Жалпы білім беретін мектептерде өтілетін педагогикалық іс-тәжірибе барысында да біз студенттерге мектепте үйретілуі, тәрбиеленуі қажет қарапайым қағидаларды басынан бастап үйретуге мәжбүр боламыз. Мұнан шығатын қорытынды - халық музыкалық шығармашылығының мол педагогикалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, студенттердің жалпы мәдениетін қалыптастыру міндетін алғы кезектегі мәселе ретінде қою.
Қорыта айтқанда, оқушы-жастардың жоғарғы ғылыми деңгейде халық музыкалық шығармашылығын қолдану арқылы эстетикалық тәрбие беру және әдістемелік қамтамасыз ету процесі мен оның іс жүзінде орындалмауының арасында алшақтықтың болуына байланысты, оқушы-жастардың халық музыкалық шығармашылығына деген қызығушылықтарын қалыптастырудың көп сатылы білім беру жүйесі жағдайына арналған біртұтас, ғылыми негізделген тиімді концепцияны әзірлеп іс - тәжірибеде жүзеге асырған жөн.
Ән мәдениетінің жанрлары
Қазақ әндерінің жанрлық сипаттамасы ретінде оқыту тәжірибесінде этномузыкатанушы - Б. Ерзаковичтің тұжырымдамасы қолданылып келеді. Ғалым өзінің «Қазақ халқының ән мәдениеті» еңбегінде мынадай жанрлық анықтамаларды келтіреді:
1. Тұрмыс-салт әндері. Күнтізбелік әндер-жыл өлеңдері, емдік-жоралық әндер -«Бәдік», «Күлапсан», жан-жануарларға арналған әндер;
2. Әулеттік-жоралық әндер. Той әндері - «Жар-жар», «Беташар», «Той бастар», «Сыңсу», «Қоштасу», қазаға (өлімге) байланысты әндер - «Естірту», «Жоқтау», «Көрісу»;
3. Тұрмыстық-отбасылық әндер. Насихат өлеңдер, балаларға арналған «Бесік жырлары», тұсау кесу, бесікке салу тақпақтары;
4. Еңбек әндері. Киіз үй құрғанда, көрпе тігу, киіз басу кезінде айтылатын әндер;
5. Лирикалық әндер. Туған жер, махаббат әндері.
6. Әлеуметтік қарсылық әндері. «Көкшолақ», «Сараның әні», «Ақбөбек» т. б.
7. Тарихи әндер. «Елім-ай», «Құты қатты патшаның» т. б.
Халық әндерін мұндай жанрларға бөлудің тым саяси реңк алғаны кейінгі зерттеулерде айтылып жүр. Б. Ерзакович сөз жоқ, халық әндерінің жанрлық тұғырын дәл таныған, дегенмен әндердің бөлінуінің дәстүрлі формалық түрлері анықталмай отырғаны да рас. Ж. Кәрменов халық әндерінің екі томдық жинағын шығарғанда кеңестік кезеңдегі ән мәтіндерінен арылу керектігін баса жазды, сонымен бірге әндердің күрделілігі мен формасын жанр ретінде ұсыну қажеттілігі айтылды. Мұндай пікірді А. Алматовтың зерттеулерінен де кездестіруге болады. Осы орайда ән жанрларын мынадай топтарға бөле қараудың ыңғайы бар сияқты:
1. Романс тектес әндер -«Ақбақай», «Жиырма бес», «Япурай», «Ғайни» т. б.
2. Сатиралық-юморлық әндер -«Он алты қыз», «Ағашаяқ», «Құлбай бай» т. б.
3. Қара өлеңге құрылған әндер -«Сәулем-ай», «Еркем-ай», «Қамажай», «Жеті арал жерім-ай» т. б.
Қазақтардың күнтізбелік- дәстүрлік әндері
Наурыз, Жарапазан, т. б
Фольклорист-ғалымдар жыл маусымдарына байланысты әндср бастапқыда тек табиғатқа еліктеу, табиғатты сол байқаған құбылысты қайталауға мәжбүр ету үшін ғана еліктеу болған деп есептейді.
Табиғаттағы айтулы кезенді атап өтетін әндердің бірі - «Наурыз әндері» дедік. Бұл әндерде көктемгі мал төлдетуге құттықтаулар болған, жерден өніп шығатын өнімдердің мол болуына, өрістегі шөптің жайқала шығуына тілектестік білдірген. Жаңа жылдық әндердін ішінде біреуінде табысқа жетуге, бақытты болуға және т. б. дәстүрлі тілектер айтылады. Сонымен бірге оларда еңбек процесінің элементтері айқын көрінеді.
Жыл маусымын айқын көрсететін әндердің бірі «Жыл өлеңі» бола алады. Бұл әнде тышқан жылы туған адамның қу да тапқыр болатыны өсиет түрінде айтылған».
ЖЫЛ ӨЛЕҢІ
Туғандар, қысына тышқан жылдың қамсыз болма,
Азабын ол кемулі болсын ірге.
Туғандар тышқан жылғы қу келеді,
Талайды бойға сенген сүріндірген-ай.
Қазақтың әдет-ғұрып мәдениетінде жарапазан, жарамазан тәрізді өзгеше құттықтау әндерінің өздеріне назар аудартады, тындаушының ынта-ықыласын тудырары хақ. Бұл әндер көне заманнан бері Орта Азия халықтары арасында орындалып келген, сонан кейін жарапазан мұсылман мерекесі - Рамазан уақытында орындалатын болған. Бір топ жас жарапазан айтып үй-үйді аралаған, үй иелерін құттықтаған, олардан сыйлық алған. Әнді орындаушылар жарапазаншылар, жарамазаншылар деп аталған. «Жарапазан» әндерінде үй иелеріне аман-саулық, оты мол, жайылымы, мал-жанның көп болуы және т. б. тіленген.
АЙТАМЫН ЖАРАПАЗАН ЕЛІҢІЗГЕ
Айтамын жарапазан еліңізге
Байлаңдар бір орамал белімізге.
Байласаң бір орамал белімізге,
Барамыз мақтап, мақтап елімізге.
Қайырмасы:
Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан,
Әсіре мазан, сайра мазан,
Оразаң қабыл болсын ұстаған жан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz