Мамандандырылған мейірбикелік күтім



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Мамандандырылған мейірбикелік күтім. Мамандандырылған (жоғары мамандандырылған) күтім, әртүрлі емдеу-алдын алу ұйымдарында пациенттерге мейірбикелік қызмет көрсету әдістері.
Мейірбикелік процесс - мейірбикенің өз қызметін кәсіби түрде ұйымдастыру тәсілі. Мейірбикелік үрдістің мақсаты - ауру қалпындағы өмірді қолайлы қасиеттермен қамтамасыз ету, яғни емделушіні физикалық, психологиялық - әлеуметтік және рухани тыныштықпен толық қамтамасыз ету және пациент ағзасының негізгі қажеттілігін қанағаттандырудағы тәуелсіздігін қолдау және қалпына келтіру болып табылады.
Меирбикелік процестің 5 кезеңдері
1.-Наукас туралы акпарат жинау
Субъективті мәліметтер - төлқұжаттық мәліметтер, дәрігер диагнозы ауру тарихы, қазіргі уақыттағы шағымдары.
Объективтік мәліметтер - бойы, дене салмағы, жүзінің өзгерісі, сана-сезімі, жүрісінің өзгерісі, төсектегі жағдайы, тері қабығының жағдайы, дене қызуы, демі, тамыр соғысы, қан қысымы, т.б. мәліметтер
-Наукаста бар мәселелерді анықтау диагностикалау, мейірбикелік диагноз қою. Пациеттің негізгі және потенциалдық мәселерін анықтау. Пациентпен оның анықталған мәселелерін талқылау.
-Күтімді жоспарлау. Мақсаттарды қою (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) Пациентпен бірге күтім нәтижелерін анықтау. Пациентке қажетті мейірбикелік кірісу түрлерін анықтау
-Күтімді жоспарланған түрде жүргізу. Мейірбикелік қызыметті жоспар сәйкестігі бойынша үйлестіру.
Мейірбикелік күтімнің қорытынды бағасын шығару. Жетістікке жеткен қорытындысын жоспарланғанмен салыстыру. Егер қажетті нәтижеге жетпеген жағдайда жоспарын қайта енгізеді.
Мейірбикелік үрдіс мейірбикелік бағалау картасында құжатталады.
Мамандандырылған (жоғары мамандандырылған) күтім
Біздің елімізде әр азамат кепілденген мөлшерде тегін медициналық көмек алуға құқығы бар.(КМТМК)
Кепілденген медициналық көмекке кіретін медициналық көмектің түрлері мыналар: 1.Алғашқы медико-санитариялық көмек Аса көп таралған ауруларды диагностикалау және емдеу,сол сияқты жарақат,улану немесе басқа да шұғыл жағдайларда; санитарлы-гигиеналық,эпидемияға қарсы шаралар мен аурулардың алдын алу; гигиеналық оқу және халықты тәрбиелеу;отбасын қорғау; аналық,әкелік және балалықты қорғау; халықты қауіпсіз сумен және рационалды тағаммен қамтамасыз ету. Алғашқы медициналық көмек денсаулық сақтау мемлекеттік ұйымдарымен және мемлекеттік санитарлы эпидемиологиялық қызметпен,үнемі және тегін медициналық көмекпен қамтамасыздандырылады.
Амбулаторлы-емханалық көмекке алғашқы білікті медико-санитариялық және арнайы медициналық көмек азаматтарға госпитализациясыз көрсеткен көмек жатады. Көмек учаскелік терапевттермен,педиатрлармен,акушер -гинекологтармен,жасөспірімдер кабинетінің дәрігерімен,жалпы тәжірибе дәрігерлерімен,фельдшермен және акушеркамен,медициналық қызметкерлермен және арнайы мамандармен көрсетіледі.Мамандардың қызметіне денсаулық сақтау өкілетті ұйымдарының бекіткен стандарттарына сай келетін сақтандырушылық,диагностикалық және емшілік қыз- меттер жатады.
Стационарды ауыстыратын медициналық көмек Стационарды ауыстыратын медициналық көмек - бұл медициналық көмек көрсетудің стационарлық бөлімнің күндізгі (палатада) болуы,емдік жәнесауықтыру қызметтерін көрсететін емхананың күндізгі стационары,денсаулық сақтау ұйымындағы үйдегі стационар Стационарды ауыстыратын бөлімдердің салалары:хирургиялық,акушерлі-гинек ологиялық,терапевтік,педиатрлық.
Жедел медициналық көмек Азаматтарға апат жағдайларда,жарақат,улану кездерінде немесе басқа ауру жағдайларында медициналық тәжірибеден өткен жеке тұлғалар шұғыл медициналық көмек көрсетеалады. Шұғыл медициналық көмек дегенге барлық патологиялық жағдайға жедел,ішкі және сыртқы факторлармен,жағдайының өте ауырлығына қарамастан,тез диагностикалық немесе емдік қызметтерді көрсету жатады.
Әртүрлі емдеу-алдын алу ұйымдарында (хоспис, онкодиспансер, травматологиялық бөлімше) пациенттерге мейірбикелік қызмет көрсету әдістері.
Онкологиялық науқастарға паллиативтік көмек
Паллиативті көмек көрсетудегі мейіргерлік күтім
Паллиативті көмек - мақсаты инакурабельдік пациенттер және олардың отбасылары мүшелерінің өмірін жақсарту болып табылады. Паллиативті көмек бұл өмірге қауіп
төндіретін аурумен ауыратын пациенттердің және олардың отбасы мүшелерінің
өмір жағдайын жақсарту.
Медицинада пациенттің денсаулығына дәрігерден кем жауап бермейтін орта буын қызметкер - мейіргер екенін бәріміз де білеміз. Иә, емнің дұрыс нәтиже беруі - мейіргердің көрсетілген емі сауатты да, қалтқысыз орындауында ғана емес, жаны қиналып жаткан пациентпен күндіз-түні
бірге болып, жиі қарым-қатынас жасап, олардың көңіл-күйіне әсер ететін
жанкешті еңбегіне де тікелей байланысты. Оларға пациентті күту мен емдеудегі негізгі міндеттер жүктеледі. Сондықтан бұл мамандыққа деген көзқарас та ерекше болуы тиіс. Біріншіден, мейіргер ісіне кездейсоқ адамадар келмеуі керек. Олар адамға жаны ашитын, ауыртпашылықты бөлісіп,и көмек бере алатын, жүрегі жұмсақ жандар болуы тиіс..
Мейіргер ісі бүгінде сырқаттарды емдеу мен олардың өмір сапасын арттыруға сүбелі үлес қосатын, өзінің айқын лауазымдық міндеттері бар денсаулық сақтаудың жеке бір саласы. Бүгінгі таңда, паллиативті медициналық көмек көрсетуде оңтайлы жағдай жасалуда.
Болашақ мейіргерлерді дайындауда негізгі ауруды емдеуден басқа олардың
туыстарына ата-аналарына психологиялық және әлеуметтік, рухани көмек
көрсетілумен бірге ерекше күтімді қажет етуді талап етеміз. Онкологиялық ауру медицинаның ең қүрделі, ең маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.
Пациенттерге және олардың отбасы мүшелеріне паллиативтік көмек көрсетудегі мейіргердің рөлі.
Паллиативті көмек көрсетудегі мейіргердің рөлі басқа мамандықтардан өзгеше.
Барлық мейіргерлер пациенттерге күтім жасауда білікті болғанымен,
паллиативті күтім пациенттерге ауырсыну мен ыңғайсыздықты жеңу және
отбасыларға қолдау көрсету үшін тәулігіне 24 сағат бойы қол жетімді болуды
білдіреді. Мейіргер паллиативті көмекке қатысты кейбір рөлдерді орындайды:
Мейіргер-тәрбиеші
Мейіргерлер - медицина қызметкерлері. Олар пациенттерге денсаулық жағдайы
туралы айтады және жағдайды басқару үшін қолдана алатын дағдыларды дамытуға
көмектеседі. Бұл әсіресе үйде қалған уақытты өткізуді жөн көретін пациенттер үшін өте маңызды. Бұл жаңа қамқоршылары бар пациенттер үшін де маңызды.
Психолог Кеңесші
Өмірінің соңғы кезеңдеріндегі пациенттерге кез-келген қолдауды қажет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Реанимация бөлімшесі медбикесінің міндеттері
Халыққа амбулаториялық көмек көрсету
Ауруханада күндізгі стационарлар
Миокардиосклероз ревматикалық жүрек ауруы
Патронаждық қызмет
Маңызды мәселе - психикалық ауруы бар пациенттердің медициналық қызметкерлерге қарсы агрессиясы
Біліктілікті медициналық көмек
Дәрігерге дейінгі медициналық көмек
Қант диабетінің патогенезі және этиологиясы
Қант диабеті кезіндегі аяқ күтімі
Пәндер