Қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру
оқушының оқуға ешбір түсінігі болмаса, оларда қызығу да болмайды. Баланың негізгі қызығуларын мына төмендегідей етіп бөлуге болады.
1. Мақсатты қызығу - оқушы кейбір уақытта алдына бір мақсат қойып, оған жету үшін міндеттерді орындап, алдына қойған мақсатына жетуді қызық көреді. Бұл қызығу түрі көбіне бастауыш сынып оқушыларына үлкендердің ықпалы мен, әңгімесімен болатын жай.
2. Әрекетті қызығу - мұнда бала алдына бір үлкен міндет қоймай істейтін істің нәтижесіне, оның қандай болатынына қызықпай, тек атқаратын еңбегініңағымына қызығады.
3. Қорытындыға қызығу - мұнда бала істейтін еғбегінің нәтижесіне қызығады. Бір нәтижеге жетуді көздеп, әрекет етеді, барлық күшін соған жұмсайды.
Баланың қызығуын осылайша үш түрге бөлу шартты нәрсе. Қызығу туралы психологтар көптеген еңбектер жазған. Олардың ең көрнектісі мынылар: У. Мак Дугал (1871-1938). Жалпы адамның қызығуларын соқыр сезімдерге теңейді. Адамның қызығулары ерте бастан нәсіл арқылы соқыр сезімдер, инстингтер ретінде ата-анасынан баласына көшіп отырады. Қызығу мұқтаждықтан пайда болмайды, ол әсер етуші заттармен, сыртқы дүниемен байланыспайды дейді. Ал енді Э. Торндайктің айтуынша, адамның қызығулары сыртқы дүниенің, қоғамның әсерімен жүре пайда болады. Бұлар дағдылану мен әдеттенудің нәтижесінде ғана пайда болып, бұл екеуінсіз ешбір қызығу қызығу пайда блмайды дейді. Бірінші телрия қызығуды биологиялық тұрғыдан түсіндірсе, екіншісі - механистік тұрғыдан бихевиоризм принципімен орайластырады. Қызығу оқу-тәрбие жұмысында өте керекті шарттар болып табылады. Оның балалардың жақсы оқуына, оқығанын жақсылап ұғып алуына, оқушыларды әдепті етіп тәрбиелеуде, олардың бойына адамгершілік қасиеттерді енгізуде ықпалы зор.
Неміс педагогы И. Ф. Гербарт өзінің оқыту теориясының негізіне әр саладағы қызығушылықты алған. Адамдағы қызығушылықтар қоршаған дүниені танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керектігін айтқан.
Жас бала не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан, әрбір сабақта бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру қажет. Қазіргі сабақ түрлері: сайыс, жарыс, аукцион, концерт, кіріктіру сабақтары нәтижесін беріп жүр. әсіресе, соның ішінде қазақ тілі пәні бойынша балалардың қызығуларын қалай арттыруға болады? Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта проблемалық жағдай туғызып, оқушының ой-өрісін арттыру, шығармашылық қабілетінің дамуына үлкен үлес қосады.
Ұлы неміс педагогы А. Дистервергтің әйгілі Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық атты еңбегінде Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді - деген. Оқушылар - әлі ойын балалары. Сондықтан да сабақты тартымды өткізу үшін сабақ тақырыбына сай көрнекті құралдар, дидактикалық материалдар ролдік-сюжеттік ойындарды, әрбір 10-15 минут сайын сергіту жаттығулары мен музыкалық үзілістерді қолдану қажет. Қазақ тілі сабағының грамматикасын түсіну үшін балалар көп ой-еңбегін жұмсайды. Бұл сабақты бір сарынды өтсе, онда баланы жалықтырып, оқушының сабаққа ынтасын төмендетіп жібереді. Сондықтан, мұғалім баланы сабақта талабын шаттандыратындай, ойын оятатындай, іскерлігін дамытатындай болу керек. Пәнді оқытубарысындаоқушылардың белсенділігін саналы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын, қиындықты жеңу, төзімділікке баулуды үйрету мұғалімнің негізгі міндеті. Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың бірнеше жолдарын айтуға болады. Олар мадақтау, бағалау, көрнекілік құралдар түрлерін, ойын элементтерін қолдану. Оқушының танымдық қызығушылығын арттыру арқылы танымдық қызығушылықтарын оятып немесе деңгейлік жұмыстар жүргізу арқылы дамытуға болады.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден кез-келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез-келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындай арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы - ол баланың өзн өзі қалыптастыруына, өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша талпыныс жасайды. Қазіргі бастауыш мектептерде шығармашылық әрекеттен, оқу әрекеті басым жүреді. Сабақта оқушылар біртиптес жаттығулар орындаумен айналысады. Мұндай жаттығулар бір ғана шешім іздеу баланы өз күшін байқау мүмкіндігінен айырады. Біздің ойымызша қазіргі қоғам талабына сай, оның дамуына орай, бастауыш санып оқушыларының кез-келгені шығармашылық тапсырмаларды шешуді табысты меңгере алады. Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен болатын. Ежелгі Рим философтарының түсіндірулерінде білімді игеруде шәкірттердің белсенді танымдық шығармашылығы айтарлықтай роль атқарады деген пікір айтылған. Оқытуды күшейту құралы ретіндегі оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығы туралы пікір Я.А.Коменский еңбектерінде, сонан соң Г.И.Песталоций мен А.Дистербергтің еңбектерінде тереңінен айтылған. Мысалы: А.Дистерберг оқыту барысында оқушының қызығушылығы сәбидің ақыл-ой қабілетін дамытудың аса маңызды құралдарының бірі деп есептейді. Көптеген авторлар, педагогтар оқу-танымдық қызығушылықты оқушының ақыл-парасат қабілеті және өз бетінше ізденіп оқуына мүмкіндік беретін белсенділігі деп түсіндірді. Ал, Махмутов оқушының оқу-танымдың қызығушылықтарының мәні білімді игеруде өз күшімен талпынуына дайын екендігінде, яғни қабілеті мен ұмтылысында деп түсіндірді.
2.2. Қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру әдістемесі
Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Оқушының бойына білім нәрін дарытуға көмек беретін функционалдық сауаттылық мұғалім бойында да болуы тиіс. Барлық елде балаға білім беру ерекше орын алып келеді. Мұғалім сабақты түрлендіріп, өмірмен байланыстырып өтуінде, пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және сауаттылығына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізінде жүзеге асады.
Тек білім ғана бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыра алады. Сондықтан да мұғалім сапалы білім, салиқалы ой - өрісі кең тұлғаны қалыптастыруы үшін 40 минуттық сабағын қазіргі заманғы білім берудің жаңа технологияларын қолдана отырып өту керек. Осы жерде орыс педагогы А.С.Макаренконың 40 жыл мұғалім болса да 40 минуттық сабағына дайындалып келу керек деген нақыл сөзін еске алуға болады. Мұғалім оқушыны тек қана мектептің бағдарламасымен шектеліп қалдырмай, теориялық білімдерін практикалық жұмыстармен, өмірмен байланыстыра білуге үйрету керек.
Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері жүйесінің моделі төменде көрсетілді
(1-сурет).
Сурет 1 ‒ Қазақ тілінен танымдық қызығушылықты қалыптастырудыңтеориялық негіздері
Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту - олардың психологиялық қырынан даму мәселесін де қарастыруды қажет етеді. Оқушының дамуы дегеніміз - оның өмірлік күш-қуаты мүмкіндіктерінің жүзеге асырылуы. Сондықтан сол дамытатын қабілеттерді және олардың оқу-танымдық үдерістегі қызметі ерекше қажет. Ал оқушыны белгілі бір психикалық алғышарттарға ие болып келетін, танып-білу мүмкіншіліктері мол жеке тұлға деп қарастыру - теориялық ұғым жасаушы субъектінің болмысын анықтау болып табылады.
Психологияда баланың дамуы туралы екі түрлі бағыттағы көзқарас бар: бірі - баланың дамуын жеделдетуге болады деген болса, екіншісі - баланың дамуын табиғи күйінде қалдыру керек, тіпті мүмкін болса, тежеңкіреу керек. Өйткені, қоғам баланы ертерек есейтуге әрдайым бейім тұратындықтан оның өмірлік күшінің толық пісіп-жетілмеуі мүмкін.
Қоғам дамуы барысында балаға әсер ететін ықпалы зор күштер болады. Бала соның негізінде белгілі бір даму жетістіктеріне ие болып, қалыптасады. Бірақ, оқу-танымдық процесс білім беру мен тәрбиелеуді бір тізгінде ұстайтын болғандықтан, баланың сыртқы және ішкі даму барысындағы тепе-теңдікті бұзып алмау жағына сақ болу керек.
Ол үшін оқушы тіл туралы алған білімін интериоризациялауы тиіс. Бұл жерде қазақ тілін функционалдық мақсатта оқыту маңызды рөл атқарады. Әрине, оқушылар тілдің грамматикалық ережелерін есте сақтап, жатқа қайталап айта алады. Осы тілдік құбылыстар туралы білімін коммуникативтік мақсатта еркін пайдалану қабілеті болмайды, кейбір кездері тілдің грамматикасын игермеген оқушы сабақтан тыс кездерде сол тілде жақсы сөйлей алуы мүмкін. Қазақ тілін оқыту сабақтарында тілді жылдам және сапалы игеру үшін міндетті шынайы түрдегі қарым-қатынастар жағдаяттары ұйымдастырылуы керек. Мұндай сөйлеу-тілдік жағдаяттары арқылы оқушылар қазақ тілін саналы түрде меңгере алады.
Тілдің саналы түрде игерілуі баланың танымдық қабілеті мен таным күштерінің бірігуі арқылы іске асып отырады. Баланың дамуға бейім таным күштерін байқаған мұғалім арнайы жұмыс арқылы оны ұштай түсуі тиіс. Мұғалім оқушының қазақ тілінде төселе сөйлеуін, сауатты жазуын қамтамасыз ету барысында міндетті түрде оның танымдық қабілеттерінің де дамуын да ескеріп отырғаны жөн. Әрине, даму барысы оның физиологиялық даму мүмкіндіктерімен үйлесе келуін де қажет етеді.
Мұғалім оқу-танымдық процестің жетекшісі мен ұйымдастырушысы ретінде оқушының биологиялық және әлеуметтік дамуын үйлестіріп отыруды баса назарда ұстайды. Жасөспірім кезінде баланың танымдық қызметі ерекше белсенділік- пен өтеді. Абайдың 7-қара сөзінде айтылған танымдық қызығушылық енді мектепте және орта сыныптарда түрлі салаларды меңгере бастауымен арта түседі. Осы ретте оқушының қазақ тіліндегі коммуникативтік құзіреттілігінің оны белгілі бір шынайы ситуацияларға түсіре отырып, төселдірілуіндегі даму процесі туралы айтып өту керек.
Осы кезеңдегі оқушының қабылдауы, зейіні, қиялдауы туралы мәліметтер алуы қиын болғанымен, ес пен жады, сөйлеу мен ойлау сияқты таным процестерін тану мүмкіндіктері мол.
М.Мұқанов білім мағынасының бәрі де ақпараттан тұратынын атап көрсетеді. Сондықтан да ақпараттың шығатын көзі, келетін мекенжайы болады. Ақпарат шығатын жерінен келетін мекенжайына канал байланыстарырадио, телеграф немесе хабар адамның рецепторларына берілсе, онда шетке және ортаға тебетін нервтер арқылы жіберіледі. Нысандардан рецепторлар арқылы адамға келген ақпарат оның басында сан алуан өзгерістерге ұшырап, белгілі жүйеге келтіріледі де, осының нәтижесінде келген хабарлар әр түрлі білім дәрежесіне айналады.
М.Мұқанов таным үдерісінің элементтерін мыналар деп көрсетеді: қабылдау; зейін; ес пен жады. М.Мұқанов жеткіншектердің таным үдерістерін былайша сипаттайды. Күнделікте оқу материалын ұғыну қабылдаудан басталады. Қабылдау тек бірдеме қарау, не соны тыңдау ғана емес, баста бар бейнелермен объектілерді салыстырып түсіну. Сондықтан қабылдау оқу үдерісінде ойлануды талап етеді.
Қазақ тілінің грамматикасын терең меңгерген оқушы, қоғамның кез-келген саласында қиналмай жұмыс істеп, өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады. Біздің өзекті мәселеміз: жаңа оқыту әдіс-тәсілдері арқылы қазақ тілін меңгерту.
Функционалдық сауаттылық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен ғана шектелмей, солардың негізінде әр елдің өзіндік ерекшеліктері ескеріле отырып, қалыптасатын құзіреттіліктермен анықталады.
Функционалдық сауаттылық - оқу және жазу дағдыларын әлеуметтік ортада қолдану (түрлі құжаттармен жұмыс, банкте сауалнама толтыру, түрлі ақпараттармен танысу), сыртқы ортамен тығыз байланысты орнату және оқушыларды тез әлеуметтенуіне бейімдеу. Оқушылар сыртқы ортада адамдармен, құрбыларымен, жанұясымен қарым-қатынас жасағанда оқу дағдысын қолданады, яғни ақпарат алмасу үшін, ақпарат беру үшін мәтінмен жұмыс жасайды.
Оқу сауаттылығы - оқушылардың жазба мәтіндерді түсінуі және қолдануы, мәтін барысында ой-толғауы, жаңа білім игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдануы, әлеуметтік ортаға бейімделуі.
Функционалдық сауаттылықтың негізгі мақсаты - мұғалім баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып және де баланың өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Осындай мақсаттарға жету үшін мынандай міндеттерге тоқталайық.
1. Оқушының алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білу.
2. Оқушылардың алған сапалы білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.
3. Кез келген проблемалық ситуациялардың шешімін таба білуге үйрету.
4. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.
Қазақ тілін оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бағытында оқытуды ұйымдастыруда сабақтың мынадай түрлерін пайдалану тиімді нәтижеге қол жеткізеді деп ұсынуға болады (2-сурет).
Сурет 2 - Қазақ тілі сабақтарының түрлері
Біз үшін ең басты мәселе-оқыту әдісін дұрыс таңдау. Себебі, жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Мектепте танымдық қызығушылықты іске асыру практикум-сабақтарда, пән бойынша сыныптан тыс ісшаралар өткізуде, оқушылардың ғылыми қоғамдарында жүргізіліп келеді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру сабақтың әр кезеңінде әр түрлі өтеді. Сыныптан тыс ісшаралар да оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға игі ықпал етеді. Сабақта эксперименттік тапсырмаларды орындау кезінде, шығарма, мазмұндама секілді шығармашылық жұмыстарды атқару уақытында өздерінің білімдік функциясы негізінде жазуға төселеді.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру - проблеманы шешуді, қажетті ақпаратты табуы, өз ойын айта білуі ретінде көрініс табады.
Танымдық қызығушылықты табысты ету үшін, тиімді жұмыс жүйесін құру қажет.
1. Әр түрлі пәндердің тақырыптық материалдарынан тапсырма даярлау керек, оның дұрыс орындалуы білім интеграциясын талап етеді.
2. Әр түрлі ақпарат дайындау (мәтін, кесте, сызбалар) қажет.
3. Шығармашылық тапсырмаларды сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда қолдануды көбейту керек. Сондықтан да функционалдық сауаттылықты дұрыс қалыптастыруда бар күшімізді білім беру стандарттарындағы базалық білім мазмұнына, оқу бағдарламалары мен оқулықтарға салуымыз керек. Білім қазығы мықты болса, оқушы алған білімін өз керегіне жарата алады. Міне, осындай жоғары талаптар 12 жылдық білім беру мазмұнын жасауда ескерілетін болады. Алған білімін қоғамдық-әлеуметтік ортада пайдалануға икемдеу, олардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы еліміздегі білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне басымдық беріледі. Әрине, білім мен ғылым заман талабына ілеспей, еліміздің өркениетті елдермен тең терезелес болуы мүмкін емес.
Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге өмірге бейімделуінің шарты, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы. Ол оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерінің бірлігінен құралады (3-сурет).
Сурет 3 - Оқушы білімін жүзеге асыру жолдары.
Мен өз тәжірибемде оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, ауызекі сөйлеуге үйрету үшін әр түрлі әдістерді жүйелі түрде қолданып жүрмін:
1. Өз ойын айту;
2. Дыбыстарды тіркестіріп сөз жасаңдар;
3. Түсіп қалған буынды табу;
4. Тиісті сөздерді тауып, сөйлемді аяқтау;
5. Берілген сөздерден сөз құрастыру;
6. Сөздердің мағынасын табу;
7. Сөздерді сәйкестендіру;
8. Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жазу;
9. Сөйлемдерден мәтін құрастыру;
10. Берілген мақалдардың сыңарын табу.
Қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыс үлкен рөл атқарады, сондықтан мен сабағымымда оқушыларға мынадай тапсырмалар ұсынамын:
1. Мәтіннен тіректі сөздерді тауып алу.
2. Мәтінмен жұмыс істеп болған соң, оқушыларға қайта сол мәтін таратылады, бірақ ол мәтінде грамматикалық және басқа да қателер болады. Оқушылар сол мәтіннен қателерді табу керек ( осындай жұмыс арқылы біз оқушылардыңқаншалықты мәтінді мұқият оқиды екенін байқаймыз).
3. Мәтін арқылы постер жасайды. Оқушыларға постерлердің бірнеше түрлерін дайындауға үйреттім ( кесте, сызбалар, ағаш т.б.). Оқушылар кейін постерді қорғау үшін жоспар құрады ( жоспар арқылы біз оқушылардың мәтінді қаншалықты түсінгенін, ойдың, тақырыптың ашылуын байқаймыз).
Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында деп елбасымыз атап айтқандай, оқушылардың талантын ашу - менің күн тәртібімдегі өзекті мәселелардің бірі.
Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін сабағымда белсенді оқыту, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы сатылай кешенді талдау, мән беріп оқыту технологиясын қолданып келемін.
Белсенді оқытуда қысқа әңгіме, ойын түрлері, сөздік ойыны т. б. атауға болады. Өзім беретін 1, 2, 3 - сыныптарда мән беріп оқыту технологиясы бойынша оқушылардың оқу, тыңдау, айту, жазу дағдыларын дамытудамын. Көбінесе топтық жұмыс жасап, достық қарым - қатынасты нығайта отырып, ұлттық бірліктің жарасымына жол ашамын.
Сонымен бірге оқушылардың теориялық білімдерін дамыту мақсатында Н. Оразақынованың Сатылай кешенді талдау технологиясының тиімді жақтарын айтқым келеді.
1. Оқушыларға теориялық білім береді.
2. Тілін дамытады.
3. Ұлттық құндылықтарды бағалай білуге, құрметтеуге үйретеді.
4. Ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастырады.
5.Оқушының оқуға, білуге деген ынта - ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.
2.3. 3-сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын жаңа педагогикалық технологиялар арқылы арттырудағы қазақ тілі пәнінің мүмкіндіктері
Оқушының оқу үрдісіндегі іс-әрекеті оқу танымдық сипатта болады. Оқытудың нәтижелігі мұғалім оқу үрдісін оқушылардың танымдық іс-әрекетінің негізгі заңдылықтарына сәйкес ұйымдасырудың негізінде анықталады. Оқушылар оқу-танымдық іс-әрекеті арқылы қоршаған ортаны ғылыми түрде түсінуге тырысады, осының нәтижесінде іздемпаздықпен айналысады. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті -жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы мен қажетсінуін, белсенділігі мен іздемпаздығым қамтитын танымдық, еріктік, сезімталдық үрдістері мен мотивтері бірлігі нәтижесінде оқушылардың интелектуалды, жеке қасиеттерін және кәсіби маңызды біліктерін дамытатыы оқу материялының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көздейтін жан-жақты оқу жұмысы.
Демек, оқу танымдық іс-әрекет-оқушылардың негізгі іс-әрекеті болып табылатын күрделі құбылыс. Ол оқу міндетерінің шешіліп, мақсаткерлік мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуысмеы аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен жэне т.б. сипатталады. Нәтижесінде, оқушылардың танымдық іс-әрекеті жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы мен қажетсінуін, белсенділігі меп іздемпаздығын қамтитын танымдық, еріктік, сезімталдық үрдістері меп мотивтері бірлігі нәтижесінде оқушылардың интелектуалдық, жеке қасиеттеін және кәсіби маңызды біліктерін дамытатын, оқу материялының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көздейтін жан-жақты оқу жұмысы-деп анықтама берді.
Оқыту үрсінде М.Данилова танымдық тапсырмаларды беруде мұғалім мынадай қағидаларды ұсынады:
І.Танымдық тапсырмалардың пән мазмұнынан бастау алуы
2.Маңызды тапсырманы орындауға нақты жағдайларды құру үшін оқушылардың даму деңгейін, олардың дайындығын ескеруі.
3. Тапсырма мазмұны оқушылардың ойын, елестетуі мен қабылдауып, қызығушылық қабілеттерін дамыту үшін қажетті ақпараттардың тұруы. 4.Оқушылардың оқу қызметін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайды қалыптастыруы.
5.Оқушыларды тапсырмаларды орындауға үйрету, оларды алдымен мұғалім мен одан кейін ұжыммен жұмыста бірте-бірте өз бетінше жеке қызмет жоспарын ауыстыруға қажетті тәсілдермен қаруландыру. Оқушылар оқу үрдісінде білім алып қоймай, алған білімін дамытып жетілдіреді.
Мұғалімнің басты міндеті-оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, олардың ой-санасын дамыту арқылы ойы, алғыр, танымы жоғары ізденімпаз оқушы даярлау. Қызығушылық оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Педагогикалық әдебиеттерде оны қалыптастырудың үш жағдайы туралы жиі айтылады.
оқытудың мазмұны мұндағы оқушыларды қызықтыратын мазмұнның
берілу түрлері, жаңалығы, ғылым мен техниканың соңғы табыстары
таңдандыратын тарихи деректер, ғылыми білімнің іс-жүзінде
қолданылуы, бұрыннан білетін мағұлматтың жаңа қырынан ашылуы.
Оқушылардың таным әрекетін үйымдастыру формалары. Бұған
жататындар: көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, пән аралық
байланысты тудыру, ғылының өмір мен өндіріспен байланысын ашып
көрсету, оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын және өздігінен
білім алуды тиімді бағалаудың түрлерін ұйымдастыру. Білімді
тексерумен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы
оқытудағы байланысты жетілдіру.
3) Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты сыйластық ізеттілік орнатып, жүрек жылуының болуын қамтамасыз ету.
Оқушы өзі ұнатпайтын мұғалімнің пәніне ешқашан қызықпайды. Оқушылар өзі сыйласа алмайтын, тәртіп жиі бұзылатын сабақтардан тезірек құтылуға тырысады. Оқушылардың күнделікті оқу материялын қабылдауын қызықты да тартымды түрі ойын технологиясы болып табылады. Қызығуды тудыру үшін ойын түрлерінің маңызы өте зор. Ұлы неміс педагогы А.Дистербергтің әйгілі Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық атты еңбегінде жаман мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді -деген. Бастауыш сынып оқушылары, әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттаған жас бүлдіршін мұғалімнің орны ерекше. Бұл оқушылар әлі ойын балалары. Сондықтан сабақты тартымды өткізу үшін сабақ тақырыбына сай көрнекі құралдарды, дидактикалық материялдарды, ролдік, сюжеттік ойындарды, әр бір 10-15 минут сайын сергіту жаттығулары мен музыкалық үзілістерді қолдану қажет.Танымдық ойындарды сабақты тиімді пайдалану мұғалімнің меңгертіп отырған білімін оқушылар аса зор ықыласпен тыңдап, білімнің берік аса зор ықыласпен тыңдап, білімнің берік меңгерілуіне көмектеседі. Өйткені бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты олар ойынға өте ынталы келеді. Ойың барысында балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дәл орындауға тырысады.
Төменгі сынып оқушыларын ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.Әр бір бастауыш мұғалімі ойынға қойылатын төмендегі талаптарды орындап отыруы тиіс:
І.Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктермен материялдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.
2.Ойынға кірісер алдында оның жүргізу тәртібі оқушыға әбден түсіндіргені жөн.
З.Ойынға сыныптағы оқушылардың барлығы қатысуын қамтамасыз ету керек.
4.Ойынның жүру барысында мұғалім балаларды ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек.
Ойынның түрлерінің материялдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқу үрдісінде кеңінен қолданылатын ойыннның бір түрі дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқуды қызықты етіп қойып, білім, білік дағдыларын қалыптастырады. Дамытушы ойынға қойылатын бірінші талап-оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту. Ұлы Абай ойын ойнап, ән салмай өсер абала бола ма? деген пікірінен бала өмірінде ойынның қанша маңыздылыққа ие екендігін көруге болады.
Ж.Аймаутов, М. Жұмабаев, С.Торайғыров тағы басқада белгілі ғалымдар өз еңбектерінде бастауыш сынып оқушыларының психикасының дамуына ойын әрекетінің шешуші рол атқарғандығы туралы пікірлерін жеткізген. Ғалым-педагогтардың пікірлерін жеткізе келе, ойын-адамның дүниетанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіре алады. Ойын арқылы баланың көзқарасы, болашаққа деген түсінігі қалыптасады. Дидакикалық ойын оқушының ой-өрісін, қиял, сезімін дамытып, сөйлеу тілінің жетілуін қалыптастырады. Оқушыларды оқыту процесінде тәрбиелеу үшін олардыц ойнына дұрыс басшылық жасау керек.
Балалардың ойындарында көзделетін басты мақсат мыналар болу тиіс:
І.Бала шындап ойнасын, бірдеңені ойлап шығарсын, жасап құрастыратын болсын.
2.Бір ойыннан екінші ойынға көшіп, істеп отырғанын шала тастап, ұшқалақтанбай, тиянақтап істейтін болсын.
3. Әр ойыншықты келешекте қажет нәрсе деп санап, оны күтетін сақтайтын болсын. Ойыншықтар дүниесінде тәртіп толық сақталып, жинақы тап-тұйнақтай болып тұруы керек.
Ойын теориясы. Ойын бір қарағанда балаға пайдасыз болып көрінеді, солай бола тұра, қажетті өмірдің керемет құбылыстарының бірі. Ойын өзіне қызықтырады, тарта отырып, ғылымда қиын, күрделі мәселе болып табылады.
Отандық педагогика мен психологияда ойын әрекетін К.Д.Ушинский, П.П.Блонский, С.Л.Рубенштейн, Д.К.Эльконин т.б. жете зерттеді. Шетелдің эр қилы зерттеушілері мен ойшылдары: К.Гросс, Ф.Шиллер, Г.Спенсер, К.Бюлер, З.Фрейд, Ж.Пиаже т.б.
К.Д. Ушинский баланың ойынға деген қызығушылығы жөнінде былай дейді: Ойын-балалар үшін шындық. Ал шындық қоршаған ортадан да қызықты болу үшін, түсінікті болу өзіндік іс-әрекеті көрінеді. Бала ойын әлемінде өмір сүреді, оның шындық өмірге қарағанда терең қалады.
Н.К.Крупская педагогикада алғаш рет ойын мен еңбек байланысын көтерді. Ол балалар іс-әрекетінде ойын мен еңбек арасында шекара жоқ екенін дәлелдеді; ойында да жұмыста да ең бастысы - мақсат қоя білу және орындау. Н.К. Крупскаяның пікірі бойынша ойын баланы еңбекке дайындайды. Бұл ойды А.С.Макоренко Жақсы ойын жақсы жұмысқа ұқсайды, оларды ой басымдылығы, жұмыс басымдылығы, шығармашылық қуаныш жауапкершілік сезімдерін біріктіреді -деп дамытты.
Ойын барлық сыныптарда қолданылады. Балалар білімді ойын арқылы да алады. Сабақтағы ойын арқылы білімін шыңдап ой - өрісін кеңейте алады. Ойынның өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні, қажетті заттары, еркшеліктері болады. Сабақ барысында оқушылардың ойын сергітіп миын шынықтыруға негізделген әдіс-тәсілдерді пайдаланудың тиімді болатыны белгілі. Осы мақсатта мұғалім оқушыларды сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру үшін әдіс-тәсілдерді қолданды.
Кең таралған әдістің бір түрі сабақ барысында ойын элементтерін оқу-тәрбиеде пайдалану оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын, оқу пәніне ынтасын, танымдық қызығуын арттыратын әдіс болып табылады.
Оқушылар пән арасында игерілген білімнің, дағдының сапасы оқытушының біліміне, ұйымдастырылу қабілетіне ізденгіштігіне т.б. қасиеттеріне қатысты болумен қатар оқушылардың белсенділігіне оқу пәніне, ынтасына, танымдық қызғуына да тікелей байланысты.
Қазақ тілі пәніне оқушылардың белсенділігін, пәнге деген танымдық қызығын арттыру мақсатында ойын элементтерін пайдалану өте тиімді. Ойын ұғымына түсініктеме берсек-бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдайаттар негізінде іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:
ойын-сауық
коммуникативтік немесе қарым-қатынастық;
- диогностикалық (ойын барысында өзін-өзі тануы);
әлеуметтендіру;
корекциялық (өзін-өзі түзету)
С.Торайғыров Балалықтың қанына ойын азық деп бекер айтпаған. Өйткені ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық құрылыс, кейіптендіру ойындары болып табылады.
Қазіргі қазақ тілі пәні барысында пайдаланылатын ойын элементтері оқушылардың білімі мен өмірлік дағдыны жеңіл игеріп, ойлану қабілетін, дербес ой-қиялын дамытып, өз пікірлерін білдіруге, дұрыс шешім қабылдауға дағдыландыру. Мысалы: ойын элементтерінен Әріптер тізбегі ойынын ұсынсақ. Ойын қазіргі қазақ тілінің фонетика саласын меңгерту барысында пайдаланылады. Дыбыс, әріп, фонетика тақырыбынан алған білімдерін бекіту мақсатында қолданылады. Мақсаты: қисынды ойлау, есте сақтау, қабілетін дамыту. Шарты: топтағы оқушылардың аты-жөнін әліпби ретімен белгілі бір уақыт бойынша жазып шығу тапсырылады.
Буын тақырыбынан өткенде Кім жылдам? ойынын ойнатуға
болады. Жақшаның ішіндегі нүктенің орнына қойылатын әріптер бірінші
буыының соңы, екінші буынның басы болсын.
Т (...) ла ма( ...)ба
Қ(...) ба ор(...) сан
Б(...) ік өр(...) ші
Кім айта алады? ойыны. Ойын бастаушы тақтаға төмендегі тіркестерді жазады да, қай сөз меңгеріп тұрғанын кім айта алады?-деп сұрайды. Дұрыс жауап берген балалар мақтауға ие болады. Тауға гиыгу. Таудан түсу. Қаламмен жазу. Малды күтімдеу. Қырманда болу, Сабақ дайындау.
Кім тез ойлап табады екен? ойыны.
Ойын бастаушы септік жалғауларының бас әріптерін жазады да, екі түрлі жалғауда тұрған зат есімдерді меңгеретін етістік сөз тауып, сөз тіркесін жасауды тапсырады.
Ойласаң табасың ойыны. Нүктенің орнына қосымшалардың тиістілігін қойып сөйлем құраңдар.
Сөздер Қосымша
Біл.. ас...бай...жоқ -мен, -ық
Бір...іне...құд... -ім, -лық
Қазғандай. - ер, -нен, -қап, -тап
Бастауыш сынып мұғалімі ойынға қойылатын талаптарды біліп, орындап
отыруы тиіс.
І.Ойынның мақсаты нақты қойылып, көрнекіліктер мен материялдар дайындалып оңтайлы жерге қойылуы керек.
2.Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыға түсіндіргені жөн.
З.Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
5.Ойын үстінде олардың шешімін қабылдай білуіне, ойлануына жетелеуі қажет. Ойын түрлеріыің материялды сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса,оның тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсрлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығыы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz