Сүрлеммен оптималды жабу сүрлем



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

ВЕТЕРИНАРИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ ЖӘНЕ
ГИГИЕНА КАФЕДРАСЫ

Тақырыбы: Көк шөп азығын гигенасы және технологиясы, химиялық құрамы
РЕФЕРАТ

Орындаған: 6В09102 - Ветеринариялық санитария
мамандығының 20-13 топ студенті
Зауатбекова Дилара Жандосқызы

Тексерген: Зарханова Ажар
_______________

АЛМАТЫ 2022
Мазмұны
Кіріспе.
Сүрлем ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім.
2.1 Сүрлем дайындалу технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4-8
2.2 Сүрлемді ұзын полиэтиленді қалталарға салу ... ... ... ... ... ... 9-10
2.3 Cүрлем жабудың еуропалық әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 11-12
2.4 Әр түрлі азық түрлерін сүрлемдеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..13-14
Қорытынды бөлім.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе. 1.1 Сүрлем
Сүрлем - ауа жібермей консервілеу арқылы дайындалатын, ұзақ уақыт сақтау үшін ашытылған шырынды жемшөп. Сүрлемге салынатын балауса түріне қарай жүгері, күнбағыс, сұлы, сиыржоңышқа cүрлемі деп бөлінеді. Құрамында каротин, С дәрумені, аздаған мөлшерде суда еритін қант, органикалық - сүт (2%-ға дейін) және сірке (0,6%-ға дейін) қышқылдары, кейбір түрлерінде пропион, валериан, т.б. қышқылдары кездеседі. Сүрлемді дайындау және сақтау технологиясы бұзылған жағдайда май қышқылы пайда болады. Сүрлемнің құрамында қышқылдардың болуы малдың ас қорыту органдарының қызметін жақсартады, ішек-қарын сөлі көбірек бөлінеді, азық жақсы қорытылады. Сүрлемде пішенге қарағанда қоректік заттар өте көп, каротин толық сақталады. Оның құнарлылығы өсімдіктің түріне, жинау мерзіміне, оны дайындау және сақтау әдістеріне байланысты.

1-сурет

2-сурет

2. Негізгі бөлім. 2 1. Сүрлем дайындалу технологиясы
Сүрлемді жаңа орылған көк шөптен немесе өсімдіктердің кептipiлген шөбінен дайындайды. Сүрлемнің сапасына, сүрлеу кезінде қөректік заттардың шығын болу болмауына, сондай-ақ азықтың өзіндік құнына айтарлықтай әсер ететін негізгі ықпалдарға: негізгі шикізаттың ылғалдылығы, өсімдіктің өciп-жетілу кезеңі, сүрленетін дақылдарды жинау мерзімдері, оны ору биіктігі, ұсақталып туралу дәрежесі, жинау, тасымалдау кезіндегі көк шөп шығыны, механикалық жинау құралдары, сүрлемді траншеялардан техникамен ойып алу және тасымалдау, сақтау орындарының түpлepi, сақтау орындарын толтыру ұзақтығы, бip күнде салынған және тығыздалған қабатының қалыңдығы, сүрленетін көк шөптің сақтау орнына салынған бойдағы жалпы көлемнің салмағы, сүрлемге салынған шөпті жабу тәсілдері жатады.Сүрленетін шикізаттың ылғалдылығы микробиологиялық және биохимиялық процестердің қарқындылығын, қөректік заттар шығынының көлемін, сүрлемнің сапасы мен жұғымдылығын анықтайтын маңызды ықпал болып табылады.
Екінші жағынан, ылғалдылықтың 65%-дан төмен болғаны да тиімсіз, өйткені жүгері нашар тығыздалады, қатты қызады (60°С-қа дейін) және тез көгеріп кетеді. Оның үстіне, жинаған кездегі механикалық шығын да айтарлықтай көп болады. Мәселен, 65-70% сылғалдылықта шығын көлемі 4%-ды құраса, 60%-да жалпы өнімнің 16%-ына дейін жоғалады. Зерттеулер нәтижелері жүгерінің қолайлы ылғалдылығы 65-70% аралығында екенін көрсетті.Өнім шығынын болдырмас үшін, жүгері мен ұзын сабақты дақылдарды ору биіктігі жерден 12 см -ден, шөптесін өнімдіктердікі 5-7 см-ден аспауы керек. Жүгері өнімділігі гектарына 300 ц болғанда, түбipi мөлшерден 1 см жоғары орылса, бip гектардан 3 ц көк балауса кем алынуына әкеп соғады. Сүрлемнің сапасы мен қөректік заттар жинауға мал азықтық дақылдар мен шөптердi ору мерзімі айтарлықтай әсер етеді. Сүрлемге салынатын жүгері мен құмайды жинаудың ең қолайлы уақыты дәндерінің балауызданған және сүтті -балауызданған кезеңі. Өсіп-жетілу кезеңі қысқа аудандарда немесе қайта егілген жағдайда, ерте өсу кезеңінде де ора беруге болады. Жүгері дәні сүттеніп піскен кезде ғана орылса, онда азық өлшемі гектарына 45%-ға дейін, ал дәні толық піскенде 22%-ға дейін кем жиналады.

Күнбағысты гүлдей бастағанда, судан шөбін шашақтағанда, күздік қарабидайды масақтана бастағанда, қытай бұршағын төменгі бұршақтары қоңыр тартқанда, бip жылдық бұршақтұдымдас және астықтұқымдас шөптерді бұршақтарының төменгі екі-үш қатарындағы тұқымдары балауызданғанда жинаған дұрыс болады. Көп жылдық бұршақтұқымдастарды шанақтана-гүлдей бастағанда, көп жылдық астықтұқымдастарды түтікшеленіп масақтана бастағанда, аралас өскен бұршақтұқымдастар мен астықтұқымдастарды шөп қоспаларының құрамындағы жоғарыда аталған және басымдыққа ие дақылдың өсу кезеңінде жинау керек. Сүрлемге салынған қоспаның қолайлы дәрежеде ұсақталып туралуы - жүгерінің сүрленгіштігін тек соның өзінің ғана көмегімен сенімді түрде басқаруға болатын маңызды технологиялық тәсіл болып табылады.

3-сурет
Егер сүрлемді 1 см -ге дейінгі ұзындықта турағанда оның желінуі 95,2% болса, 1 см-ден 3 см-ге дейінгі ұзындықта турағанда - 98,6%, 3 см-ден 5 см-ге дейінгісінің желінуі 97,2%-дан аспаған. Сөйтіп, 1 см-ден 5 см-ге дейінгі ұзындықта туралған сүрлем ic жүзінде бірдей мөлшерде желінеді екен. Шикізаттың ұсақталып туралу дәрежесі электр қуатының шығынына, оңай болса, сүрлемнің өзіндік құнына да айтарлықтай әсер етеді. Туралу ұзындығын 30 мм-ден 10 мм-ге дейін азайтқанда, электр қуатының шығыны 1,7 есеге артады, ал комбайынның өнімділігі 46,3%-ға төмендейді. Соңғы жылдардағы зерттеулер өсімдіктерді (дәні балауызданып піскен жүгеріден басқасын) ұсақтап тураудың қолайлы дәрежесін олардың ылғалдылығына байланысты белгілеуге мүмкіндік берді, мәселен: 70% және одан төмен болса 30 мм-ге дейінгі, 71-75% - 17 40 мм ге дейінгі, 75% дан жоғары болса 50 мм-ге дейінгі, 80-85% - 6-10 см, 85% және одан жоғары болса 10-12 см, ал дәні балауызданып піскен жүгеріні 15 мм-ге дейінгi ұзындықта турау керек. Сүрленетін шөптерді тегістеп жайғанда және нығыздағанда Т-150, К-700 сияқты дөңгелекті және С-100, Т-75, Т-130, т.б. шынжыр табанды ауыр тракторлар пайдалануы тиіс. Жалпы көлемі 2-2,5 мың сүрлем салғанда, сақтау орнын толтыру мерзімі 3-5 күннен аспайтын болуы керек. Ұзыншa траншеяларға сүрлем салу мерзімін созу құрғақ заттар шығынының күрт артуына әкеп соғады. Мәселен, сүрлем сақтайтын орынды шикізатпен орылған бойда және тез толтырғанда, қызып кету салдарынан болған құрғақ зат шығынының мөлшері 9%-ды құраса, толтыру мepзімi ұзаққа созылғанда бұл шығын 13%-ға дейін жетті. Бip күн ішінде сүрлемге салынған ұзынша траншеядағы көк шөптің қалыңдығы 80-120 см -ден кем болмауы тиіс, бұл СО2 нің жинақталуын жоғары деңгейде (45-50%) ұстап тұруға мүмкіндік жасайды. Оған қоса, 70% және одан төмен ылғалдылықтағы нығыздалған шикізаттың (судан шөбінен басқасы) тығыздығы 650-700 кгм3 , ал 70%-дан жоғарысы 700- 800 кгм3 болуы керек. Судан шөбінің тығыздығы - 500-550 кгм3 шамасында болса жеткілікті. Егер алғашқы 6 күн бойына азықтық шөптің температурасы 40 0С-қа жетпесе, ал қалған күндері мұндай температура тек қалыңдығы 0,5 метрден аспайтын жоғарғы қабатта ғана білінсе, онда сүрлем жақсы нығыздалған болып саналады. Егер сүрлем салу өте баяу жүргізілсе және шөптің нығыздалған қабаты күніне 20 смден аспаса, онда салынған шөп жоғары температураға дейін қызып үлгереді. Сүрлемге салынып жатқан шөптің қызуы 60°С жеткенде, қөректік заттардың шығыны 30%-ға, ақуыз шығыны 31,9%-ға дейін артады, ал қөректік заттардың ciңiмдiлiгi күрт төмендейді. Қатты кепкен сүрлемде қышқылдар (РН 4,5-5,0) бipшaмa аз жиналады, рН-ның артуы ақуыздың ыдырауы мен қышқылдардың шоғырлануын бірқалыпта ұстайтын тежегіш (буферлік) заттың көбеюі нәтижесінде жүзеге асады. Бұл жағдайда, органикалық қышқылдардың арақатынасы өзгеріп, құрамындағы cipкe қышқылының мөлшері 2,1 есе артады да, сүт қышқылы күрт азаяды. Сүрлемнің температурасы 40-тан 50°С дейін көтерілгенде, құрамындағы сүт қышқылы 1,3 есе, ал 60 пен 70°С аралығында азаяды. Азық температурасы 50°С-дан асқанда май қышқылы жиналады. Температура 40-тан 50 және 60°С-қа дейін көтерілсе, құрғақ зат шығыны, тиісінше: 1,5 және 2,0 есе көп болады. Температура 25-35°С шамасында болса, оны қолайлы температура деп есептеуге болады. Азық температурасының 1 0С-қа артуы қөректік заттар шығынының 0,5%-ке көбеюіне әкеп соғады. Жоғары сапалы сүрлем алудың технологиялық тұрғыдан маңызды тәсілі - азықты ұқыпты түрде қымтап жабу. Сүрленіп жатқан шөпке ауаның баруы толық тоқтатылса, қөректік заттар шығыны мүлдем азаяды. Сүрлемдік шөптерді сақтау орнына салып болған бойда, дереу жабу керек. Жабуды 2-3 күнге кейінге қалдырса, сүрлемге салынған шөптердің шipyi, көгepyi, сондай-ақ қызып кетуі салдарынан азық шығыны 7-10%-ға артады.

4-сурет

Сүрлемді ұзын траншеяларда жабылмаған күйінде сақтаса, құрғақ зат шығыны 20-37%- ға дейін жетеді. Қалыңдығы 100-150 мм-ден кем емес полиэтилен, полихлорвинил, полиамид пленкалар жақсы жамылғы заттар болып есептеледі. Бұлармен жапқанда, қөректік заттар шығыны 8- 13%-дан аспайды. Сүрлемге салынған шөптi сабанмен жабу ic жүзінде сүрлемді бұзылып кетуден сақтай алмайды. Бұл жағдай сүрлемге салынған шөпке ауа мен жауынның өтіп кетуіне сабанның кедергі келтіре алмауына байланысты болады. Мұндай тәсілмен жабылғанда, сүрлемнің қөректік заттардың шығыны 40%-ға дейін жетеді. Туралған сабанмен жабылса, сүрлемдегі қөректік заттар шығыны төмендеп, 16-17% мөлшерінде ғана болады. 18 Сүрлем үшін сенімді жамылғы топырақ пен саз болып табылады. Бұл жағдайда, сүрлемдегі қөректік заттар шығыны ic жүзінде пленкамен жапқандағымен бірдей. Алайда, бұл тәсіл еңбек шығынын көп қажет етеді, сүрлемге топырақ араласып кетеді. Сүрлемді көп жылдық шөптерден дайындағанда, орылған өсімдіктердің ылғалдылығы 60-70% дейін түскенше кептіру қажет. Құрамында 15%-дан астам протеин бар шөптерді химиялық сақтауыштар немесе сүт қышқылынан жасалған ашытқылар қосып сүрлеу керек. Бұлардың бipiншici құрғақ заттар шығынын 2-3 есеге, ал eкiншici - 1,2-1,3 есеге азайтады. Химиялық жолмен сүрлеумен қатар, микробтарды жоятын немесе олардың өсуін баяулататын заттар бөліп шығару (фитонцидтік) қабілеті бар өсімдіктерді пайдалану да болашағы бар бағыт болып табылады. Азық дайындаудың бұл тәсілі экологиялық тұрғыдан барынша таза, өндipic жағдайында қолдануға оңтайлы, тасымалдау, сақтау және енгізу үшін арнайы жабдықтар қажет етпейді. Азықтарды химиялық жолмен сүрлеумен салыстырғанда, микробтарды жоятын немесе олардың өсуін баяулататын қабілеті бар өсімдіктерді пайдалану 2-3 есе арзанға түседі, ал сүрлену нәтижeci ic жүзінде бірдей. Бұршақтұқымдас дақылдардың өсімдік сақтаушы ретінде Сосновский аюбүлдіргенін және жусанды сүрленетін шөп көлемінің 40%-ы мөлшерінде пайдалану усынылады. Микробтарды жоятын заттар шығару қабілеті бар өсімдіктер гүлдеу кезеңінде болады, ұсақталып туралу дәрежесі - 3 см. Фитосақтауыш сүрлемге салынып жатқан шикізатты тегістеп жаю және нығыздау үpдici кезінде араластырылады. Қолданылатын технологиялық үрдіс әдеттегі сүрлем дайындағандағыдай. Қажетті техникалары жоқ шағын шаруа қожалықтарында сүрлем дайындағанда, қымбатқа түсетін траншеяға сүрлеу әдісінен бастартуға болады. Оны пішен немесе сабан маяларының арасында, сондай-ақ көмбелер мен шұңқырларда, пленкамен жауып және полиэтилен қаптарға салып сақтау мүмкідігі бар. Сүрлемді алған кезде олардың жапқышын азықтың қажетті мөлшерінің шамасына қарай ашу керек. Сүрлемді траншеяда қалған азықтың тұтастығы бұзылмайтындай етіп алу қажет. Күнделікті қажет сүрлемді траншеяның букіл ені мен биіктігі бойынша, қабатының қалыңдығы 0,3-0,5 м-ден аспайтындай етіп бipтіндеп кертіп алу тиімді. Сүрлемді малға бip peт салуға немесе бip күнге жететіндей мөлшерде ғана алу керек. Алынған сүрлеммен малды дереу азықтандыру қажет. Сүрлемді траншеялардан үздіксіз жұмыс істейтін, тек тиеп қана қоймай, сонымен бipгe сүр азықты қосымша майдалайтын тиегіш машиналармен алу ұсынылады. Мүмкіндігінше, шөмішті тиегіштерді пайланбаған абзал, өйткені сүрлемді шамадан тыс қопсытып тастау ондағы азықтың сапасын төмендететін қайта аши бастау үрдістерінің пайда болуына әкеп соғады.

2.2 Сүрлемді ұзын полиэтиленді қалталарға салу
Бұл әдіс жем-шөп қорын сақтаудың ең тиімді жолдарының бipi. Сүрлем дайындау жемшөп қорының өндірістік тиімділігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар сүт өндірісінің экономикалық тиімділігін де арттырады. Бұл әрине eгic алқабында олардың сапасын сақтай отырып арзан және тиімді әдіс болып табылады. Элеваторларда дәнді дақылдарды сақтау, шұңқыр траншеяларда сүрлемді сақтауға қарағанда үлкен шығынға жол бермеуге алып келеді. Өндірістік шығындар сапалы жем-шөп қорын дайындаудың арқасында толығымен ақталады. Пластикалық қапшықтарға жем-шөп дайындауға арналған дәнді дақылдар: сүрлемге арналған жүгері, соргадан жүгері, бip және көпжылдық сықпа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азықтарды сүрлемдеу және сүрлемдеу техналогиясы
Ірі қара малдың төлдерін етке өсіру және етке союға дайындаудың тиімді, заманауи технологияларын орынды пайдалану
Ірі қараны үлкен өндірістік кешендерінде және бордақылау алаңдарында бордақылау
Көк азық түрі
Арнайы мал бордақылау шаруашылықтары
Ірі қара малды бордақылау және жайып семірту
Бір жылдық шөптер
Атбас бұршақ және бөрібұршақ дақылдарын өсіру технологиясы
Темір жол көліктерімен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық – санитарлық бақылау.Басқа көлік түрлерімен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық-санитарлық бақылаудың ерекшеліктері
Бөрібұршақ және атбасбұршақтың халықтық - шаруашылық маңызы
Пәндер