ВЕРНЫЙ СІЛКІНІСІ


Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті:« География және табиғатты пайдалану»
Кафедрасы:« География, жерге орналастыру»
ЗЕРТХАНАЛЫҚ
ЖҰМЫС
Тақырыбы: Жер шарындағы сейсмкалық аудандарының картасына сипаттама бере отырып, Қазақстан аймағының сейсмикалық аудандарын анықтау.
Орындаған:Ибрашимов Ибрагим
Тексерген: Дуйсенбаев Салават
АЛМАТЫ
Жер шарындағы сейсмкалық аудандарының картасына сипаттама бере отырып, Қазақстан аймағының сейсмикалық аудандарын анықтау.
1 Жер шарының сейсмикалық картасын талдап, негізгі сейсмикалық қауіпті аудандарын анықтау;
Жер сілкінісі - барлық табиғи апаттардың ішіндегі ең жойқынының бірі. Жерсілкінісін болжау өте қиын, өйткені бұл апаттарға әкелетін оқиғалар жердің тереңінде болады. Тектоникалық плиталардың қозғалысы жер сілкінісінің негізгі себебі болып табылады. Жанартаудың атқылауы жер сілкінісін тудыруы мүмкін, бірақ көбінесе өз кезегінде тектоникалық белсенділіктен болады. Жер шарының кез келген елі жер сілкінісіне бейім емес.
1. Енсіз де, ұзын болып келген Тынық мұхиттын шеткі жағалауын түгел қамтитын белдеуді тынық мұхиттық сейсмикалык белдеу деп атайды . Ол Камчатканың шығыс жағынан басталып, Алеут аралдары арқылы Аляскага созылады . Әрі қарай белдеу Солтүстік Американың батыс жағалауын және Мексиканы бойлай етіп, Орталык Америка жерiне жетедi, сонан кейiн белдеу Тынық мұхиттың шығыс жағынан Оңтүстік Американы барып аяқталады . Белдеудiң екiншi жагы Курил және Жапон аралдарын бойлай бойлай отырып, шығыс және батыс тарауларга белінеді . Батыс тарауы Рю - Кю, Тайвань, Филиппин аралдарын бойлай созылса, шығыс тарауы онтустiктегi Мариан аралдарына қарай сағаланады . Бүкіл жер шарында болатын күштi жер сілкінулердiң төрттен үш бөлiгi немесе барлық жер сілкіністердің 75 % -ы осы белдеуде байкалады . Олардың көпшілігі терең фокусты сілкіністер болып келеді . Халқынын тығыздыгы жағынан өте жоғары мемлекеттердiң бiрi - Жапония осы белдеуде орналасқан, онда орта есеппен жылына 1500 орташа жергiлiктi сiлкiнiстер болып турады. . 2. Еуразия континентiнiн батысындағы Гибралтардан басталып шыгыска қарай Индонезия архипелагына дейін созылган орогендiк белдеу деп аталатын Жерортатеңіздік ( Альпі - Гималай ) сейсмикалык белдеу биік - биік тау жоталар жүйесiмен өтеді . Бұл белдеу атап айтканда, Пиреней түбегiн, Апенин, Альпі, Карпат, Балкан, Қырым, Кавказ, Копетдаг, Иран, Ауғанстан, Гималай, Бирма және т. б. таулы аймақтарды қамтиды . Жалпы жер сілкіністер ошактарынын 21 % -ы осы белдеуде орналасқан . Олардың басым көпшiлiгi тектоникалық жарылымдар бойымен, жер қыртысы блоктарынын жылжу әрекеттерімен тыгыз байланыста болып келеді . 3. Мұхит аралык жоталарды бойлай орналаскан белдеулер . Бiрiншiсi Атлант мұхиты түбiнiң бел ортасында солтүстіктен оңтүстікке карай, ал екiншiсi Тынық мухиттың оңтүстік - батыс бөлiгiнен Үнді мұхитына карай созылып жатыр . Бул белдеулердегi сiлкiнiстер негiзiнен мухитаралык жоталармен байланысты болып келеді . 4. Моңғол - Байкал сейсмикалык белдеуі солтүстігінде Шығыс Саян тауларын, Байкал аумағындағы таулы өлкелердi, оңтүстігінде Моңғол мен Гоби - Алтай тау жоталарын қамтиды .
Сонымен, жер сілкіністердің жер бетiнде бiркелкі болмайтындығы кездейсоқ оқиға емес . Себебі олар жер қыртысының жеке аудандарының геологиялық даму тарихының өзіндік ерекшеліктерімен тығыз байланысты . Жалпылай айтқанда, жер сілкіну әрекеттері қозғалмалы белдеулерде жиі байқалады . Мұндай аймақтардың қатарына ең жас қатпарлы тау жоталарын, орта - мухиттык жоталар мен рифттік белдеулерді, құрлықтар мен мұхиттардың шекарасын қамтитын тектоникалық жарылымдарды жатқызуға болады . Егер жанартау мен жер сілкіну карталарын салыстыратын болсақ, жер сілкіну белдеулері жанартаудың таралуымен, әсіресе сөнбеген жанартау белдеулермен сәйкес келеді . Мұның барлығы тек жай географиялық сәйкестік кана емес . Бұл жердiң iшкi күштер әрекеттерінің, яғни жер сілкінудің, жанартау атқылауының, неотектоникалық әрекеттердің пайда болу себептерінің ортақтығын немесе сәйкестігін және жер қойнауында тоқтаусыз жүріп жатқан геодинамикалык әрекеттердiн бiр - бiрiмен тығыз байланыстылығын көрсетеді . Сондықтан жер сілкіну мен жанартау жиі тараған белдеулер, әдетте қарқынды неотектоникалық қозғалыстар аймақтарын да ұшырасады .
2 Қазақстан аумағының сейсмикалық картасын талдау
Қазақстан
аумағында жер сілкінісі көп болатын оңтүстік пен оңтүстік шығыс аудандары болып табылады. Бұл аймақта халық көп орналасқан, өндірістік орындар, дамыған қалалар, елді мекендер бар. Бұл сейсмикалық қауіпті аумақтарда Республиканың 40% өндіріс орындары орналасқан және де бұл аумақтарда 8 миллионнан астам халық қоныстанған. Қазақстан аумақтары үшін көп уақыт көлемінде жасалынған жер сілкінісінің каталогтарын пайдаланады. Осы мақсаттар үшін ең бастысы Қазақстан Республикасының Сейсмологиялық станциялары желілерің жұмыс жасау нәтижелеріне қарай каталогтар жасалынады. Негізінен бұл станциялар, Қазақстанның оңтүстігінде, Оңтүстік Шығыс және шығыс өңірлерінде шоғырланған. Жасалынатын каталогтар негізінен тек қана жоғары сейсмикалық аймақтардан тұрады. Солтүстік Тянь-Шань және Жоңғардың оңтүсті, оңтүстік шығысы, оның ішінде ШҚ кіреді. Басқа да аймақтардағы сейсмологиялық оқиғалар, ең басты сейсмикалық орталықтар көптеген жылдар көлемінде каталогиялық топтамалардың ішінде болған жоқ. Қазақстан өңіріндегі жер сілкіністері эпицентрлерінің сейсологиялық аудандастырудың картасы төменде көрсетілген
- Қазақстан Республикасының аумағындағы сейсмикалық қауіпті аудандардың тізімі төмендегідей (1 Шығыс Қазақстан облысы2. Алматы облысы3. Жамбыл облысы4. Түркістан облысы3Контурлы картаға жер шарының сейсмикалық аудандарын шартты ;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz