Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі орны



Жоспар:

1. Кіріспе.

2. Негізгі бөлім:
2.1. Әлеуметтік нормалар кұқықтык норманың дамуына
2.2. Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі орны

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Құқық дегеніміз — мемлекет белгілеген немесе санкциялаған жал-пыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормаларының) жүйесі, олар арқылы қоғам мен жеке тулғалардың аса маңызды мүдделері жүзеге асырылады.Құқықты анықтаудың нормативтік және кең ауқымды амал-тәсілдері бар.
Нормативтік амал-тәсілдер тұрғысынан құқықты анықтағанда аса маңызды белгілер ретінде мыналар ерекшеленеді: құқық нормала-рының мемлекеттік-ерікті, нормативтік, шартты анықталған және биліктік сипаттары.
Кең ауқымды амал-тәсілдер тұрғысынан құқықты анықтаған кезде аса маңызды белгілер ретінде мыналар ерекшеленеді: міндетті мінез-құлық ережелерінің өзара пайдалылығы, олардың әділдігі; құқықтық қатынастарға құқық ұғымына әлі шартты түрде бекітілмеген нормаларды енгізу, қолдану; құқық пен заңдарды бөлу.
Құқық қоғамдық қатынастарды реттеу мен тәртіпке келтіруде маңызды рөл атқарады. Құқық қағидаттары — оның мән-маңызын айқындайтын және білдіретін негізгі бастаулар. Құқықтың негізгі қағидаттарына: құқық теңдігі, құқықтар мен міндеттердің бірлігі, гуманизм, әлеуметтік әділеттілік, демократизм жатады.
Құқық функциясы дегеніміз қоғамдық қатынастарға құқықтың ықпал етуінің негізгі бағыттары. Құқық; функциялары ішінара ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі (жалпы) функцияларға мыналар жатады: саяси-экономикалық, әлеуметтік, тәрбиелік. Сыртқыларға (заңдық) мыналар жатады: реттеуші және қорғаушы. Құқықтың реттеушілік функциясы арқылы мінез-құлық ережелері белгіленеді және олардың жүзеге асырылуы үйлестіріледі. Құқықтың қорғаушылық функциялары аса маңызды қоғамдық қатынастарды қорғауға (сақтауға) бағытталады. Қорғаушылық функциялары негізінде ең алдымен мінез-құлықтық рұқсат етілмейтін ережелер жатады корпоративтік нормалар, әдет-ғұрыптар, құқық нормалары және мінез-құлықтың басқа да ережелері ерекшеленеді. Морал нормалары дегеніміз — ізгілік пен зұлымдық, әділет пен әділетсіздік, ар-ождан және т.б. тұрғысынан алып қарағанда қоғамда қалыптасқан мінез-құлық ережелері. Корпоратмвтік нормалар дегеніміз — мемлекеттік емес ұйымдар қабылдаған шешімдерде, ережелерде және басқа құжаттарда белгіленген мінез-құлық ережелері. Әдет-ғұрыптар — тұрғындардың етене тұрмыстық сұраныстары болып келетін және көп рет қайталануы себепті қалыптасып кеткен мінез-құлық ережелері. Құқық нормаларын барлық басқа әлеуметтік нормалардан мыналар ерекшелейді: нормативтік құқықтық акт түріндегі шартты анықтылықтығы; мемлекеттің мәжбүр етушілік күшімен қамтамасыз етілген әлеуметтік қатынастардың барлық субъектілері үшін жалпыға бірдей міндеттілік; мінез-құлықты құқықтылық немесе құқықсыздық тұрғысынан, заңдылық немесе заңсыздық тұрғысынан бағалау.
Қолданылған әдебиеттер.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995.
2. Жоламанов Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәуекел ев А.Н. Мемлекет және құқыт теориясы. А., 1998,1999 ( на казахском языке).
3. Жоламан Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Нұр-пресс,Алматы,2007 ж.
4. Сапаргаливе Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы.: «Жеті жарғы», 1996ж.
5. Сапарғалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: «Жеті жарғы», 1997.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып: Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі орны
Жоспар:
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім:
2.1. Әлеуметтік нормалар кұқықтык норманың дамуына
2.2. Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі орны
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе.
Құқық дегеніміз — мемлекет белгілеген немесе санкциялаған жал-пыға
бірдей міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормаларының) жүйесі, олар арқылы
қоғам мен жеке тулғалардың аса маңызды мүдделері жүзеге асырылады.Құқықты
анықтаудың нормативтік және кең ауқымды амал-тәсілдері бар.
Нормативтік амал-тәсілдер тұрғысынан құқықты анықтағанда аса маңызды
белгілер ретінде мыналар ерекшеленеді: құқық нормала-рының мемлекеттік-
ерікті, нормативтік, шартты анықталған және биліктік сипаттары.
Кең ауқымды амал-тәсілдер тұрғысынан құқықты анықтаған кезде аса
маңызды белгілер ретінде мыналар ерекшеленеді: міндетті мінез-құлық
ережелерінің өзара пайдалылығы, олардың әділдігі; құқықтық қатынастарға
құқық ұғымына әлі шартты түрде бекітілмеген нормаларды енгізу, қолдану;
құқық пен заңдарды бөлу.
Құқық қоғамдық қатынастарды реттеу мен тәртіпке келтіруде маңызды рөл
атқарады. Құқық қағидаттары — оның мән-маңызын айқындайтын және білдіретін
негізгі бастаулар. Құқықтың негізгі қағидаттарына: құқық теңдігі, құқықтар
мен міндеттердің бірлігі, гуманизм, әлеуметтік әділеттілік, демократизм
жатады.
Құқық функциясы дегеніміз қоғамдық қатынастарға құқықтың ықпал етуінің
негізгі бағыттары. Құқық; функциялары ішінара ішкі және сыртқы болып екіге
бөлінеді. Ішкі (жалпы) функцияларға мыналар жатады: саяси-экономикалық,
әлеуметтік, тәрбиелік. Сыртқыларға (заңдық) мыналар жатады: реттеуші және
қорғаушы. Құқықтың реттеушілік функциясы арқылы мінез-құлық ережелері
белгіленеді және олардың жүзеге асырылуы үйлестіріледі. Құқықтың
қорғаушылық функциялары аса маңызды қоғамдық қатынастарды қорғауға
(сақтауға) бағытталады. Қорғаушылық функциялары негізінде ең алдымен мінез-
құлықтық рұқсат етілмейтін ережелер жатады корпоративтік нормалар, әдет-
ғұрыптар, құқық нормалары және мінез-құлықтың басқа да ережелері
ерекшеленеді. Морал нормалары дегеніміз — ізгілік пен зұлымдық, әділет пен
әділетсіздік, ар-ождан және т.б. тұрғысынан алып қарағанда қоғамда
қалыптасқан мінез-құлық ережелері. Корпоратмвтік нормалар дегеніміз —
мемлекеттік емес ұйымдар қабылдаған шешімдерде, ережелерде және басқа
құжаттарда белгіленген мінез-құлық ережелері. Әдет-ғұрыптар — тұрғындардың
етене тұрмыстық сұраныстары болып келетін және көп рет қайталануы себепті
қалыптасып кеткен мінез-құлық ережелері. Құқық нормаларын барлық басқа
әлеуметтік нормалардан мыналар ерекшелейді: нормативтік құқықтық акт
түріндегі шартты анықтылықтығы; мемлекеттің мәжбүр етушілік күшімен
қамтамасыз етілген әлеуметтік қатынастардың барлық субъектілері үшін
жалпыға бірдей міндеттілік; мінез-құлықты құқықтылық немесе құқықсыздық
тұрғысынан, заңдылық немесе заңсыздық тұрғысынан бағалау.

2.1. Әлеуметтік нормалар кұқықтык норманың дамуына
Әлеуметтік нормалар кұқықтык норманың дамуына, орындалуына, нығаюына
өте зор әсер етеді, ыкпал жасайды. Жаңа заңның жобасы алдымен көп жылдар
әлеуметтік нормалар саласында жан-жақты тексеріліп, содан кейін мемлекеттік
заңға айналады. Заңды, жаңа норманың жобасын дұрыс талқылап, бекітуге,
қабылдауға да өмірлік тәжірибе көп әсер етеді. Заң қабылданып, оны орындау
процесінде де көп жылдық әлеуметтік нормалардың тәжірибесі көмек береді.
Сонымен, әлеуметтік нормалар бір-бірімен тығыз байланыста дамып,
өзгеріп, жаңарып нығайып отырады. Әсіресе бұл байланыс кұкыктык нормалар
арасында тығыз түрде дамиды.
Өмірлік тәжірибеден қалыптаскан норманы моралдык норма дейді. Бұл
нормалар жалпы коғам көлемінде тексеріліп, қабылданады. Мысалы, не жаксы -
не жаман, не дұрыс - не бұрыс деген ұғымды қоғам береді, өмір, тәжірибе
калыптастырады.
Құкык пен моралдың ара қатынасы өте күрделі процесс. Ол процесс төрт
компоненттен тұрады: бірлігі, айырмашылығы, бірлесуі, дербестігі. Енді осы
компоненттерге жеке-жеке тоқталык:
1. Құкык пен моралдың бірлігі:
- екеуі де әлеуметтік нормаға жатады;
- екеуі де бір саясатқа бағынады, сол саясатты орындауға үлес қосады;
- екеуі де бір мүдде-максатты орындауға катысады;
- екеуі де адамгершілікті, әділеттікті, теңдікті, бостандықты жақтайды.
2. Құқық пен моралдың айырмашылығы:
- кұкыктық нормаларды мемлекеттік органдар қабылдайды. Моралдык
нормаларды ешқандай орган бекітпейді. Оларды қоғам, ұйым қабылдауы керек.
Сонда ғана ол нормалар жаксы нәтиже береді;
- құқыктык норма ерікті орындалмаса, еріксіз орындалады. Моралдык норма
тек ерікті түрде орындалады, т.б.;
- кұқықтык норма заң немесе заңға тәуелді нормативтік акті болып
бекітіледі. Моралдық норма ешкандай жазылмайды;
- құқыкта заңды жауапкершілік болады. Моралда жоқ т.б.
3. Құқық пен моралдың өзара бірлестігі:
- олар бірлесіп заңдылыкты, тәртіпті корғайды;
- бірлесіп тәрбие жұмысын жүргізеді;
- бірлесіп инабаттылыкты, парасаттылықты, дамытады т.б.
4. Құқық пен моралдың өзара дербестігі:
- құқық заңдылықты жақтаса, мораль этиканы, эстетиканы корғайды;
- құқыкта тыйым салу болса, моралда болмауы мүмкін;
- кұқық кұпия жұмыс жүргізуге, іс-әрекет жасауға рұксат берсе. Мораль
бұл істерге карсы т.б.
Құкық әлеуметтік нормалардың басқа түрлерімен де қарым-қатынаста,
байланыста, олар бір-біріне күнделікті жәрдем көрсетіп отырады.
Құқық пен әдет-ғұрып - әдет-ғұрып көне дәуірден тәжірибеден өткен
коғамға пайдалы нормалар, олардың біразы құқыктың негізіне айналды.
Азаматтық, отбасы кұкыктарына көптеген нормалар кірді. Азаматтық қоғамның
көптеген қарым-катынастарын әдет-ғұрып нормалармен реттеп-басқарады.
Мемлекет пен кұкык әдет-ғұрып нормаларға жан-жакты көмек көрсетіп отырады.
Біраз нормаларды кабылдап, мемлекеттік күші бар нормаға айналдырып отырады.
Құқық пен салт-дәстүр - әр халыктың, әр ұлттың өздерінің салт-
дәстүрлері болады. Мемлекет пен құкық оларға үнемі көмек көрсетіп, көп
мәселені бірлесіп шешіп жатады. Әр ұлттың салт-дәстүрінің дамуына, мемлекет
пен кұкық әртүрлі барлық жасайды.
Құқық пен корпоративтік нормалар - қоғамдық ұйымдардың,
бірлестіктердің, одактардың, партиялардың ұжымдардың мүшелерінің
арақатынастарын реттеп-басқаратын нормалар. Ол нормалар азаматтық қоғамның,
мемлекеттің экономикалык, әлеуметтік, мәдени, рухани дамуына көп үлес
қосады. Олар мемлекеттік органдармен көшпілігінде бірлесіп жұмыс жүргізеді.
Құқық пен діни нормалар - Діни нормалардың адамдарды, әсіресе жастарды
инабаттылықта, парасаттылықта, адамгершілікте тәрбиелеуде өте зор іс
атқарады. Сондықтан, діннің ашық өмір сүруіне толық бостандық беріліп отыр.
Діни мекемелер заңды тұлға болуға кұкысы бар, діни мейрамдарға да
мүмкіншілік берілді.
Осы жоғарыда көрсетілген әлеуметтік нормалардың барлығына Қазақстан
Республикасының Конституциясы Заңды түрде мемлекетпен бірге тәуелсіз,
демократиялық, егеменді қоғам құруды - негізгі міндетіміз деп жариялап
отыр.
Егерде кұқықпен басқа әлеуметтік нормалардың арақатынасында
келіспеушілік немесе қайшылыктар болса өзара келісімге келіп, бір-біріне
зиян келтірмей реттеулері керек. Екі жақты бакылауға алып дұрыс, әділ
шешімін табуға міндетті. Қатынастардың барлык түрлерінде бірінші орында
жеке адамның бостандығы және қоғамның мүдде-максаты болуға тиісті.
Техникалық нормалар - адамдардың табиғатпен, техникамен дұрыс қатынас-
байланыс жүргізу ережелері. Қазіргі заманда ғылыми-техникалык прогресс
уакытында техникалық нормалардың маңызы өте зор. Табиғатпен байланыста,
қоғамның барлық саласында техникасыз өмір жок. Сондықтан, адамдардың
қауысіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің алдындағы кезек күттірмейтін
мәселелерінің ең күрделісі.
Техникалык нормалардың түрлері: кұрылыс жұмысында техниканы колдану
нормалары; өндірістегі, ауыл-шаруашылығындағы техника колдану нормалары; үй-
жабдығындағы техника нормалары т.б. саладағы техникаларды колдану
нормалары. Техниканың барлык түрінде жеке-жеке колдану ережесі болады, соны
жаксы окып білу керек. Табиғатты, адамды коршаған ортаны жаксы біліп,
сактау керек. Экологияны жақсартуға үлес косу керек.
Техникалык нормалар "адам - ұжым", "адам - табиғат", "адам - машина",
"адам - өндіріс", "адам - техника" т.б. арасындағы катынастарды реттеп-
баскарады.
Құқыктану мамандарына бұл қатынастарды жан-жақты зерттеп, техникалык
нормалардың коғамдағы атқаратын рөлін аныктап, гуманизациялык маңызын-
сапасын үнемі жаксартып отыру заңгерлердің негізгі міндеттерінің бірі. Бұл
проблема казіргі ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде құкыктың ең күрделі,
ең маңызды жүйесіне айналып отыр.
"Техникалық норма" деген кұқықтың бұл жүйесін шектеу мағынасында
көрсеткендей. Құкыктың бұл жүйесінің шеңбері өте кең, коғамның барлык
саласындағы қарым-катынастармен байланысып жатады. Техникалык нормалардың
түрлері мен бағыттары:
1. Техникалық нормативтік актілер, оның өзі бірнеше түрге бөлінеді:
өндірістік, ауыл-шаруашылык, әскери, т.б. техникалык нормалар.
2. Технологиялық нормативтік актілер, мұның да бірнеше түрлері бар.
3. Экологиялык техникалық нормалар.
4. Табиғат, адамды қоршаған ортаны корғайтын техникалык нормалар.
5. Отбасында пайдаланатын техникалық нормалар.
6. Халықтың денсаулығын сактау бағытындағы техникалык нормалар.
7. Мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда, ұжымдарда
пайдаланатын техникалық нормалар.
8. Адамның еңбегін жеңілдететін, қорғайтын нормативтік актілер.
Міне, қоғамның осы негізгі салаларында техниканың, технологияның
маңызы, рөлі жылдан-жылға карқынды түрде өсуде. Осыған сәйкес техникалык
нормалар да көбеюде. Ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде бұл процесс осы
қаркынды түрде дамып қоғамның барлық саласын, бағытын камтуға тиіс.
Сондықтан, бұл процесті сапалы дамыту үшін құқыктык нормаларды уакытында
қабылдап, оның бұл бағыттағы қатынастарды баскару-реттеу жұмыстарын
жақсартуды талап етеді.
Құқыктың маңызы, рөлі, әсері, нормативтік актілер аркылы ғылыми-
техникалық, технологиялық, экологиялық процестің сапасын көтеру еліміздің
әлеуметтік, экономикалык жағдайын жаксарту. Бұл үшін мемлекет техникалық,
технологиялык, өндірістік, санитарлы-гигиеналык нормаларды, ережелерді
қабылдап, оларды жан-жакты тексерістен өткізіп стандартты сертификат беруі
керек. Стандарт - заттың (техниканың) нормативтік сапасы мен сипаттамасы
туралы мемлекет бекіткен заңды акт. Осы стандарт арқылы техникалық норманың
сапасы тексеріліп отырады.
Техникалык норманың күрделі саласы - табиғатты қорғау нормалары.
Адамды, қоршаған ортаны таза ұстау, оның табиғи дамуына зиян келтірмеу,
экологияны жақсарту ғаламдық проблема. Сондықтан, дүниежүзіндегі барлық
мемлекеттер бұл мәселеге зор көңіл бөліп, осы бағыттағы нормативтік
актілерінің сапасын жаксартуда. Біріккен Ұлттар Ұйымы да (БҰҰ) бұл
проблеманы катаң бакылауға алып отыр.
Техникалық норманың екінші маңызды саласы - халықтың денсаулығын
сақтау. Осы бағытта мемлекеттер көп жұмыс жасауда: адамдарға арналған азық-
түліктің, дәрі-дәрмектің, медицинада қолданылатын техниканың сапасын
жақсарту, еңбектің қауіпсіздігін, адамның рухани сана-сезімін, білімін
көтеру т.б.
Қазіргі заманда техникалық, технологиялық, экологиялық процестерді
жақсарту тек құқықтық норманың ғана міндетті емес, сонымен бірге бұл
ғаламдық проблемаға әлеуметтік нормалардың барлық саласы және қоғамдағы
барлық ғылымдар үлес қосуы керек. Бәрі бірігіп ғылыми-техникалық норманы,
стандартты т.б. жұмыстарды жасап, қатаң бақылауға кірісіп отыр.
Құқықтық реттеу заңдық жүйе арқылы жүзеге асырылатын қоғам-дық
қатынастарға нәтижелі түрде құқыктық ықпал етуді білдіреді құқықтық реттеу
әдістері бірыңғай сапалы қоғамдық қатынастарды реттеуді жүзеге асыратын
амал-тәсілдер ретінде ерекшеленеді. Құқықтық реттеудің негізгі әдістеріне
мыналар жатады:
1) императивтік (авторитарлық, өзара қатынасты берік ұстау, билік пен
бағыныштылық), мұны пайдаланған кезде бір тараптан билік жүргізуші субъект
регінде мемлекет, екінші тараптан — оның ерік-жігерін орындауға міндетті
құқықтың басқа субъектілері әрекет етеді;
2) диспозициялық (автономиялық, үйлестірушілік, тепе-теңдік), мұны
пайдаланған кезде өзара клісім негізінде субъектілер өз қалаулары бойынша
қққықтар мен міндетгерді белгілейді, өзгертеді және тоқтатады. Құқықдың
бастаулары деп материалдық тұрғыда қоғам өмірінің материалдық жағдайлары,
ғылыми тұрғыда— осы уақытқа дейін сақталып келген, заңдық нормалардан
тұратын тарихи құжаттар ұғынылады. Шартты-заңдық тұрғыда бұл құқық
нормаларын білдірудің сыртқы формасы. Құқық нармалары регінде: құқықтық
әдет-ғұрыптар, заңдық прецедент, нормалық келісім-шарт, нормативтік
құқықтық актілер ерекшеленеді. Құқықтық әдет-ғұрып дегеніміз — мемлекетпен
рұқсат етілген және қамтамасыз өтілген әдет-ғұрыптар. Заңдық процедент —
мемлекеттің нақтылы мәселе бойынша, осыған ұқсас мәселелер бойынша одан
кейінгі шешімдер үшін үлгі болған және құқық нормасы ретінде мойындалған
шешімі. Нормативтік келісім-шарт нормативтік құқықтық актілердің ерекше бір
түрі, ол екі жақтың келісімге келуі нәтижесінде құқықтық норма мазмұнына ие
болады. Нормативтік құқықтық акт— құкық нормалары мазмұнына ие, тиісті
мемлекеттік органның құжаты. Нормативтік құқықтық актілер заңдылықты және
заңға бағынышты болып ішінара екіге бөлінеді.
Құқық мемлекет сияқты, қоғам дамуының белгілі бір кезеңдегі өнімі
болып табылады. Жалпыға бірдей міндетті әлеуметтік нормалардың пайда болуы
белгілі бір әлеуметтік топ үшін нысандарға мүлік ету және пайдалану
мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты. Осылардың көмегі
арқылы аталған әлеуметтік толтың сұраныстары қанағаттандырылып, мүдделері
жүзеге асырылады. Құқықтың дамуы мемлекеттің дамуымен тығыз байланысты:
мемлекет белгілі бір кезеңде аса маңызды әлеуметтік нормаларды, оларды
құқықтық нормаларға айналдыра отырып, қамтамасыз етеді, сонымен бірге
құқықтың және нормаларын аныктау бойынша жұмыс жүргізеді.
2.2. Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі орны
"Құқық тендігі" Маркстің айтуынша, шын мәнісінде бар екені рас. бірақ
ол әлі "буржуазиялық құқы", басқа құқықтар сияқты теңсіздікті белгілейді.
Қай Құқық болмасым қолданылғанда әр түрлі адамға бірдей мөлшерде болады,
шын мәнісінде бірдей емес, бір-біріне тен болмайды. Сондықтан "құқық
теңдігі" теңдікті бұзу және әділетсіздік. Мұндай тенсіздік адамдардың
физиологиялық және әлеуметтік жағдайларында бұрыннан болған. Ал адамдар
басқалармен қатар өз бөлігінде қоғамдық нәтиже үшін қызмет жасаған кезде.
экономикалық пайдасыз жағдайда адамдар қалады, өйткені өзінің физикалық не
психикалық жағдайларына байланысты тең Құқықтағы қоғамдық өндірісте
қатынасушысы бола алмайды және оның нәтижесін пайдалана алмайды.
Осыған байланысты мынандай қорытынды жасауға болады - қоғамдық.
тұтынушы қоры үшін бірдей қатынасып, бірдей еңбек сіңірсен де бірсулері шын
мәнісінде көп алып, басқасына қарағанда, баи түседі. Оның барлығын
болдырмау үшін, құкық барлығына тең болмай. тенсіздікте болуы қажет,
адамдардың табиғи теңсіздігін есептеу керектігі уағыздалды.
Маркстің идеяларын анықтай отырып Ленин былай деп жазған: "коммунистік
қоғамның бірінші фазасында "буржуазиялық Құқық" толық жойылмайды. тек
біртіндеп жойылады, яғни өндіргіш күштердің қатынасына сай экономикалық
төңкерістің жеткен мөлшеріне байланысты. "Буржуазиялық Құқық" оларды жеке
адамдардың меншігі ретінде біледі, ал социализм оларды қоғамдық
меншіктілікке айналдырады және осы жерде ғана "буржуазиялық Құқық" жоқ
болады. Бірақ ол өзінің басқа бөлігінде қалады: еңбекті бөлудегі реттеуші
және Қоғам мүшелерінің арасында табысты бөлуші сипатында болады.
Маркстік-лениндік теория бойынша коммунізмнің бірінші фазасында
(капптализмді құлатқаннан кейін) ондай "жетімсіздік" қашып құтыла алмайтын
құбылыс, себебі қажетті экономикалық жағдайлар болмағандықтан "буржуазиялық
құқықтан" басқа нормалар жоқ болғандықтан адамдар Құқықсыз қоғамға жұмыс
істеуді тікелей менгере алмайды. Құқық толығымен жойылады, егер қоғам
мынандай ережелерді орындайтын болса: "әркімнің қабілеттілігіне қарай,
әркімге қажеттілігіне қарай", яғни адамдар, бірігіп өмір сүрудің негізгі
ережелерін сақтауға сондай жоғарғы дәрежеде үйренгендіктен, олардың
еңбектері соншалықты өнімді болады, әрі өз еріктерімен қабілеттеріне сай
қызмет істейтін болады.
Сондықтан, маркстік-лениндік тұжырымдамалардың негізінде құқықтың
пайда болуын, оның қызметі және еріксіз жойылуы (өшуі) топтық-экономикалық
себептерге байланыстылығын байқаймыз.
Дүние жүзілік қоғамдардың ғылымында, тәжірибесінде мемлекеттік-
құқықтық өмірдегі, әлеуметтік және экономикалық факторлардың құқықтың пайда
болуындағы және дамуындағы белгілейтін рөліне күмән келтірмейді, бірақ бұл
проблемалар басқа жағынан, басқа көзқарастарға сай қаралады. Егер марксизм-
ленинизм құқықта ерікті бекітуді және экономикалық үстем таптықтың мүддесін
қорғайтынын көрсе, басқа ғылыми салалардың өкілдері өздерінің назарларын
мемлекет пен құқықтың және құқық пен жеке адамдардың қатынастарына
аударады. Олардың түсініктері бойынша, құқықтық реттеуде таптардың қарама-
қайшы мүдделері емес, маңызды орынды өзінің әр түрлі мүдделеріне және
қажеттіліктеріне сай адам алады.
Таптық экономикалық теория, қоғам таптарының тарихи қалыптарына сай
құқықтың өмірін тежейді (мемлекет сияқты). Оларша, құқық - тарихи ауыспалы
құбылыс, қоғамға қажеттілігі тек оның белгілі даму кезеңі ғана. Таптардың
жойылуына байланысты ол өзінің әлеуметтік бағасын жояды.
Маркстік-лениндік теорияның тұжырымдары бойынша, құқық -мемлекеттен
шығатын құбылыс, толығымен оның еркін белгілейді. Мемлекеттің Құқықтан
жоғарылығын жариялап, марксизм құқықтық мемлекет теориясымен қайшы келеді,
себебі, ол құқықтық шығармашылықта оның рөлін жоққа шығармайды, дегенмен де
мемлекеттің өзінің, заңға оның үстінде тұрмай бағынуының қажетті екенін
мойындайды.
Маркстік теорияның сөзсіз жетістігіне оның, құқық, қоғамның
экономикалық және мәдени құрылымынан жоғары болуы мүмкін емес - деген
қорытындысы дәлел болады. Оның құқықты түсінуі топтық қоғаммен шектелген,
онда мемлекет жалғыз ғана құқықты туғызушы, адамның табиғи құқығын және
оның қоғамдағы құқықтық өмірінің құрылуындағы белсенді қатынасушы екендігін
жоққа шығарушы.
Қазіргі ғылым және қоғам дамуындағы тәжірибе дәлелдегендей өркениетті
қоғамда Құқық мемлекеттің үстінен "билік етеді", қарайды, оның құрылысын
және қызмет нысанын белгілейді, қоғамды біріктіру мақсатында тұрақты түрде,
обьективті құралдарға сай орындайды. Құқықтың реттсуінсіз қоғам өмір сүре
алмайды.
Құқық индивидтердің экономикалық еріктерін қамтамасыз ететін қажетті
құрал ретінде көрінеді. Адамгершілік, діни, ұлттық және басқа факторлар
құқықтың реттейтін аясына қосылып, қоғамның экономикалық дамуын нұсқайды,
көп жағдайда бағытын белгілейді. Соған байланысты, құқықтың экономикамен
қамтамасыз етілуі "бағынышты фактор" адамдардың жекелеген мүдделерін іске
асыратын, оған қоса экономикалық фактор ретіндс көрінеді.
Құқық және экономика. Құқық пен экономиканың қарым-қатынастары қоғамдық
даму заңдылықтарына бағынады. Бірінші жағынан, қоғамның экономикалық
қажеттігі белгілі экономикалық қатынастарды реттеуге және әр түрлі меншік
формаларын қорғауға, өндірушілердің еркіндігін қолдауға, құқықтық
нормалардың керектігі объективті түрде туады (мысалы, меншік туралы
кәсіпкерлік, салық туралы заңдар). Екінші жағынан, құқықтық формадағы
экономикалық қатынастар жәй ғана қажеттілік емес, ол ұйымдастырушылық
қызмет әрекетін де орындайды және сондықтан қоғамның өміріне экономикалық
процестер тетігінің маңызды компоненті ретінде кіреді.
Құқық және саясат. Құқық пен саясаттың қарым-қатынастары құқық
нормаларының мемлекеттен шығуына байланысты және оның қоғамдағы саяси ұйымы
болғандықтан. Сондықтан, әрбір адамдардың мүдделерімен қажеттіктері,
алдымен құқыққа айналып мемлекет саясатына сай болуы қажет (заң шығаратын
және басқа да құқықтық шығармашылықтағы органдарды айтамыз).
Саяси талаптар құқыққа тек сол жағдайда айналады, егер жалпыға бірдей
мемлекет қорғайтын нормаларды бекітсе. Құқық халықтың саясаты көрініс
табады. Егер халықтың өзі, референдум арқылы заң актілерін қабылдаса,
олардың еріктері құқықтық сипат алып, қоғамдық қатынастарды реттеудегі
жалпы міндеттіліктің нормативтік нысандарына айналады.
Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен бірдей пайда болады. Көп
жағдайда олар, бір-бірінің тиімді әрекеттерін қамтамасыз ету үшін қажетті.
Мемлекет, кұқықсыз, сол сияқты құқық та мемлекетсіз өмір сүре алмайды
(саяси билікті ұйымдастырады, нағыз мемлекеттің саясатын жүргізетін құралы
ретінде көрінеді). Мемлекет заңды нормаларды белгілейді, қолданады,
кепілдік береді. Тек мемлекет органдары ғана құқықтық ұйғарымның орындалуын
тексереді, орындалмаса соған сай заңды жаза қолданады.
Құқық тарихи жағынан, таптық құбылыс ретінде пайда болды және
экономикалық үстем таптың еркін және мүддесін қорғады.
Егер ғұрып адамдардың сезімінде, тәртібінде ұсталса, құқық нормалары
көпшілікке белгілі жазбаша дайындағаннан басталды.
Құқық ғұрыпқа қарағанда күрделілеу реттеуші, себебі, онда тыйым
салудан басқа рұқсат беру және міндеттеу құқық жолдары пайдаланылады, соның
негізінде қоғамдық қатынастарды әр түрлі деңгейде тәртіпке келтіруге
мүмкіндік туады. Құқықтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасында пайдаланатын техникалық нормалар
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлі
Құқық жəне діни нормалар
ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МӘНІ
Құқық нормалары әлеуметтік нормаларының ерекше түрі
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлін анықтау
ЗАҢ БОЙЫНША НОРМА ЖҮЙЕСІ
Құқық нормаларын талқылау ұғымы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Құқықтық әдет ерекшеліктері
Пәндер