Көркем еңбекке баулудың теориялық негіздері мен практикумы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

4. Дәрістер жинағы

1-ші семестр

«Көркем еңбек» пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері


«Көркем еңбек» пәнінің маңыздылығы:
шынайы болмысты эстетикалық қабылдауды және еңбекқорлыққа тәрбиелеуді, адамның қоршаған әлеммен өзара байланысы жайлы білімді қалыптастырудың бірден-бір құралы болып табылады.
«Көркем еңбек» пәні елестету мен бақылау қабілетін, кеңістіктік және және көру елесі қабілетін қамтамасыз ететін, әртүрлі шығармашылық әрекет барысында, көркем-технологиялық білімдерді, қабілеттер және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Түрлі материалдармен жұмыс істеу оқушылардың технологиялық ойлауын, көркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, фантазиясы мен қол моторикасын дамытуға, көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіруге мүмкіндік береді.
«Көркем еңбек» пәні оқу бағдарламасының мақсаты-жеке тұлғаның қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістіктік - образдық ойлауын, көркем-технологиялық білімнің негізін қалыптастыру.
«Көркем еңбек» пәнінің міндеттері:
1) әртүрлі кіріктіру іс-әрекеттері арқылы, пәндік білімдерді, дығдыларды және қабілеттерді дамыту;
2) ұлттық және әлемдік материалдық мәдениет пен өнер шығармаларымен таныстыру арқылы құндылық бағыттарын қалыптастыру;
3 ) оқушылардың визуалды және эстетикалық қабылдауын, сыни ойлауын дамытуға, терминдер мен түсініктерді меңгеріп өнердің түрлері мен жанрлары туралы білімді қолдану;
4) бақылау, жүргізу және көрсетілім жасау арқылы зерттеу дағдыларын дамыту;
5) әртүрлі материалдар мен құралдарды қолдану арқылы шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын меңгеру;
6) өзін-өзі бағалауды жоғарлату және жағымды көзқарасты қалыптастыру;
7) коммуникацияның бір тілі ретінде ұлттық және әлемдік мәдениет мұраларының мағынасын, сонымен қатар, көркем еңбектің рөлін түсіну;
8) өз жұмысын жасау үшін, әртүрлі ақпарат түрлерін (іздеу, жинау, сұрыптау) бағдарлау қабілетін дамытуға ықпал жасайтын, әртүрлі танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы міндеттерді өздігінен шешу тәжірибелерін қалыптастыру;
9) ұжымдық, топтық және жеке жұмыстарды орындау процесінде қолдың моторикасын, сенсорикалық, қиялдауы мен шығармашылығын, елестетуін және қабылдауын дамыту.
Оқу процесінде оқушылар:
1 ) ұлттық және әлемдік мәдениет шығармаларын, олар арқылы берілген идеялар мен құндылықтарды зерделейді және талдайды;
2) шығармашылық жұмысты жасау үшін материалдар мен құралдарды өз бетімен және сенімді қолданады, материал қасиеті мен жұмыс нәтижесінің ерекшелігі арасындағы байланысты түсіндіреді;
3) өз идеясын түсіндіреді және тұжырымдайды, сонымен қатар, бұйымды жақсарту үшін конструктивті шешім қабылдауды ұсынады;
4 ) жазық және көлемді шығармашылық жұмыстарды жасау үшін, әртүрлі іс-әрекет түрлерінен жинақтаған білімі мен дағдысын қолданады;
5 ) әртүрлі ресурстарды пайдаланып, оның ішінде АКТ-ны қолдана отырып, танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы міндеттерге байланысты шешімдерді өздігінен қабылдау;
6) қажетті құралдар және материалдарды айқындап және тауып, өзінің әрекетін ұйымдастырады;
7 ) өзінің және басқалардың жұмыс нәтижелерін салыстырады және бағалайды;
8) әртүрлі материалдар мен құралдарды қолданудағы техникалық қауіпсіздік ережесін сақтаудың маңыздылығын түсінеді және сезінеді.

Лекция 1. Тақырыбы:Көркем еңбекке оқытудың теориясы мен әдістемесіпәнінің мақсаты мен міндеттері.

Мақсаты: курстың мақсаты мен міндеттерін таныстыру және еңбекке баулуды оқытудың білім беру мазмұны туралы білімін қалыптастыру.

Лекция мазмұны .

Зерттеу объктісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының талаптарына сәйкес «Бастауыш оқыту педагогигасы мен әдістемесі» мамандығынан жоғары кәсіби педагогикалық білім алудың кажетті компоненті ретіндегі еңбекке баулу әдістемесі мен практикумы болып табылады.

Әдістеме пән ретінде оқыту және тәрбиелеу процесінің ерекшеліктері мен заңдылықтарын қарастырарады. Педагогикалық ғылымда жалпы жәнежеке әдістемесі бар. Жалпы оқыту заңдылықтары дидактикамен, ал жеке - әрбіроқыту пәнінің әдістемесін қарастырады. Әдістеменің зерттеу объектілері, міндеттері және әдістері болады.

Оқыту мен дамытуда үш өзара тығыз байланысты процестер бар: оқытудың мазмұны, мұғалімнің қызметі - оқыту, оқушылардың қызметі - оқу. Әдістеменің міндеті - осы үш заңдылықтардың байланыстарың зерттеу және соның негізінде оқу пәнінің, оқытудың, оқудың мазмұнының талаптарын құрастыру.

Сонымен, әдістемінің объектісі болып оқыту процесі саналады.

Оқыту едістемесі әрдайым бір мақсатқа бағыттала-ды. Қазіргі мектепте оның мақсаты тек оқушыларды біліммен, білікпен және дағдымен қаруландырып қою емес, сонымен қатар денесі шыныққан, иілімді ақылы-мен, жақсы эстетикалық талғамымен және жоғары ізгілік қасиеттерімен жан-жақты дамыған адамдарды дайындау.

Оқыту әдістемесі машықтық тәжірибсні тсориялық жағынан қорытындылайды, өзін дәлелдейтін және жақ-сы нәтижелер беретін оқыту әдістерін үсынады.

Қазіргі әдістемеде, соның ішінде еңбекке баулу әдістемесінде, оқу пәніне және оны қүру жүйесінде ғы-лыми материалды таңдауда белгілі мөлшерде айқындала-ды, яғни оқу пөнінің логикасьш талап етеді.

2. Көркем еңбек пәнінің әдістемесі-бастауш мектеп мұғалімдерін дайындау жүйесіндегі негізгі пәннің бірі.

Көркем еңбек пәнінің әдістемесі - бастауыш мектеп мүғалімдерін дайындау жүйесіндегі негізгі пәннің бірі. Өйткені ол педагогика, психология және техника мен енеркәсіп технологиясындағы қазіргі ғылыми жетістіктерінде негізіделген. «Көркем еңбекке баулу эдістемесі» курсын, психология, оқу процесін үйымдастырудың талаптарын, сонымен қатар техника, технология, өнеркәсіп экономикасының заңдылықтарын білмей, меңгеру мүмкін емес. Педагогикалық мамандықты игеру үшін оқу-тәрбие процесімен тынгылықты меңгеруді үйрету қажет, әрбір нақты жағдайда қандай оқу өдістері жақсы нөтюкелер беретінін, қандай көрнекіліктерді пайдалану неғүрлым тиімдірек болатынын және т. б білу қажет.

Мүғалім өзінің шығармашылық, сонымен қатар ғылыми-әдістемелік деңгейін үнемі жетілдіріп түруы қажет.

Көркем еңбекке баулу әдістемесі курсының негізгі мақсаты: педагогикалық институт студенттеріне, болашақ мүғалімдерге, еңбекке баулудың едіс-төсілдерін, түрлерін тиімді пайдалана білуге үйрету. Оқыту процесінде оқушыларға адамгершілік, еңбек, эстетикалық т. б. төрбие көрсету, еңбектің маңыздылығын, оның қоғам өміріндегі өлеуметтік-экономикалық рөлін түсіндіру; -мектеп оқушыларын еқбекке баулуда Мемлекеттік стандартгың негізгі тараулары бойынша теориялық және практикалық білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын қалыптастыру;

-сабақта жөне өнеркөсіптерде қолданылатын қүрал-саймандармен, қүрал-жабдықтармен жүмыс істей білуге үйрету;

-Қазақстан Республикасының Мемлекетгік жалпыға міндетті білім стандартында көрсетілген түрлі бүйымдарды жасауға, оқушылардың өзін-өзі күтуге, көркем, техникалық еңбекке қатысты жүмыстарды орындауға үйрету;

-мектеп оқушылары белгілі бір мамандық жөнінде нақты кәсіптік бағдар алу үшін оларды үнемі кәсіби - техникалық училищелерге, фабрикаларга, зауыттарға және т. б. орындарға саяхат үйымдастыра білу;

-оқушының түлғасын, оның еңбекке деген шығармашылық қатынасын қалыптастыру мен дамытуда кластан тыс және мектептен тыс іс-шараларды үйымдастыра білу.

Курс екі бөлімнен тұрады:

Көркем еңбекке баулудың теориялық негіздері мен практикумы.

бастауыш сынып окушыларын еңбекке баулу мен тәрбиелеудің әдістемесі.

Курстың мақсаты бастауыш сыныптардың болашақ мүгалімдсрін еңбекке үйрсту сабақтарын жүргізугс көсіби даярлау болып табылады.

Осыған байланысты курсты зсрттеуде:

- еңбекке үйрсту әдістсмесін оқытудың психологиялық жәнс псдагогикалық негіздері;

- сңбекке үйретуді оқыту бойынша сабақтан, сыныптан және мектептен тыс жүмыстарда бастауыш сынып оқушыларына білім бсру мсн тәрбиелеудің ғылыми-тсориялық нсгіздсрі;

- қазіргі еңбекке үйрсту сабагына қойылатын талаптардың мәні қарастырылады.

Курстың бағдарламасы төмсндсгідсй оқу-тәрбиелік міндеттерін анықтайды.

- сңбсккс үйрстуді бала түлғасын жан-жақты дамытудың қүрамды бөлігі ретіндс мәнін ашу,

- еңбекке үйретудің теориясы мен өдістемесінің қазіргі жагдайын ашу;

- тсхникалық, түрмыстық, қоғамға пайдалы. сңбектердің қолданылуына байланысты, әр түрлі материалдарды көркемдік өндеудің әдістемелерінің негіздерін үйрету;

- дизайнды оқытудьң теориялық негіздерін беру;

- студенттерді еңбскке үйрету сабақтарында кіші мектеп жасындағы оқушыларды үйымдастыруда түрлі формаларын пайдалануды, қүралдармен әдістерді дүрыс таңдауға үйрету;

- еңбек тәрбиесін, ақыл-ой, мінез-қүлық, эстетикалық және дене төрбиесін біріктіру.

Балаларды оқыту процесін ұйымдастыратын - мүғалім. Ол әр сабақтың мақсатын, құрылысын, тиімді әдіс-тәсілдерін анықтайды. Мұғалім оқу материалын жүйеге келтіріп, бағдарламаға сай одан әрі жетілдіреді. Сабақ нәтижелі болу үшін ол нақты дайыңдалып, сабақтың мақсаты мен түрін, әдіс-тәсілдерін, сабаққа қажетті материалдар мен қүрал-саймандарды, қолданатың оқу көрнекіліктері мен техникалық жабдықтарын алдын-ала ойластырғаны дүрыс. Сабақты жүргізу барысыңда мүғалім оның білімділік, тәрбиелік, дамытушылық міндсттерін нақты анықтайды. Бүл міндеттер сапалы орындалуы үшін мүғалім кластағы әр оқущының жас ерекшеліктерін, қабілеттерін, мінез-қүлқың үнемі зерттеп отыруы керек.

Еңбекке баулу пөні мүғалімі оқушылардың білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын қалыптастыруымен қатар бір маманға кәсіби бағдар беріп отырады. Үлкен адамдардың еңбегін сыйлап қүрметгеуге, адамгершілік, эстетикалық, патриоттық тәрбие көрсетіп, өз еңбегіне жауапкершілікпен қарауға, өзін-өзі қадағалауға бейімдетуі керек.

Мүғалім ез пәнін және оның едістемесін, сонымен қатар педагогика мен психологияны жетік білетін, біліктілігі жоғары мүғалім болуы керек. Ол өзінің педа-гогикалық жөне кәсіби шеберлігін үнемі жетіддіріл отырғаны дүрыс. Ол үшін мүғалім әрдайым білім саласындағы, өндіріс пен экономикадағы больш жатқан жаңалықтардан әрдайым хабар алып отыруы керек. Сонымен қатар мүғалімнің кәсіби білімдері мен педагогикалық шеберліктерін одан әрі жетілдіруге педагог кадырлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты көмек көрсетіп отырады.

Бастауыш кластарда еңбекке баулу сабағында оқушылар:

- еңбек затымен (өңдейтін материалдармен) ;

- еңбек құралдарымен;

- еқбектегі адамның қызметімен (еңбек қүралдары сүйенумен) ;

- еңбек нәтижесімен (аяқталған бүйымдармен) таныстырады.

Еңбекке баулу сабақтарында мүғалім бастауыш клас оқушыларының еңбек құралдары туралы танымдарын ұлғайтады. Бастауыш класс оқушылары жартылай өңде-уден өткен материалдармен, мысалы, қағаз, картон, мата, пластилин, ағаш сынығы, металл, полуфабрикат жөне басқаларды қолданады. Осымен қатар, балалар тірі таби-ғаттан алынған материалдарды өндейді, мысалы: шырша, емен жаңғақтары мен жапырақтарын, аққайьш қабықта-ры мен бүтақтарды, т. б.

Сонымен қатар мүғалім балаларды аталған материалдардың физикалық және технологиялық қасиеттерімен таныстырады. Әңгімелеу, тәжірибе, саяхат, практикалық жүмыс барысында оқушылар қағаз-картон, мата, пластмасса шығаратын, полиграфия және құрылыс өнеркәсіптері туралы жалпы мәліметтер алады. Материал қасиеттері мен оны өндеу тәсілдерін оқыту оқушылардъң политехникалық бағдарларын кеңейтіп қоймай, олардың еңбегінің нақты, тиімді және нәтижелі болуына ықпал етеді.

Мұғалімнің маңызды міндеті ретінде оқушыларды еңбек қүралдарымен жүйелі таныстырып отыруды санауға болады. Бастауыш клас оқушылары жүмыстың тәсілін үйреніп, келесі жүмыс қүралдарын қолданады: қайшы, пышақ, біз, ине, отверткі, кемпірауыз, гайкалық кілт, бүрғы, қылара. Қол аспаптарымен жүмыс тәсілін оқытуды еңбектің машиналық қүралдарьң оқыту базасы ретіндс қарастыруға болады. Еңбек қүралдарының қол және машиналық негізінде бір ғана принциптердің болуына мүғалім көңіл аудару қажет. Осылайша қүралы үлкен пилораманың қүралынан қол пышағының - кесуші станок пышағынан, қол қайшыларының айырмашылығы жоқ. Мүғалім оқушыларды еңбектің қол қүралдарымен таныстыра келе, ең күрделі машиналық жүмыс негізінде қол жүмысының принциптері енгізілгенін көрсетіп, еңбектін, қолдық қүралдарын жақсы меңгеру машинадағы жүмыстың жемісті болуын қамтамасыз етуін мәлімдейді. Модельдеу процесінде мүғалім жалпы түрде балаларды кейбір машина жүмыстарының негізіне алынған жаратылыстану ғылымдық заңдарымен таныстырады.

Маңызды болып есептелінетін міндеттер-оқушыларды еңбектегі адам қызыметімен таныстыру. Мүғалім нақты мысалдарда қандай да болмасын өнеркәсіптік бүйымның бірнеше сатысының болуымен таныстырады. Бірінші конструктор болашақ бүйымның сызбасың шығарады; технолог оның дайындалуының реттілігін жоспарлайды; кейін сызба дайындау реттілігі бейнеленіп өнеркәсіп орындарының цехтарына түседі, онда жүмысшылар танысып, оны шығаруға қажетті материалдарды, құралдарды, станоктарды дайындап, түрлі технологиялық өңдеулерді жүргізеді, осы қызметтің нәтижесінде тапсырылған еңбек өнімі пайда болады. Оны аяқталған бүйым деп санауға болады. Технологиялық процесс туралы әңгімелеуді мүғалім өнеркәсіптік еңбекте бәрі: еңбек пәні де, еңбек қүралы да, адамның еңбектегі қызметіде - «аяқталған бүйымда», «еңбек өнімінде өндіріледі». Осы білімдер жалпыланған біліктердің қалыптасуына және оның жоғарғы кластарда политехникалық білім берудің жалғастыру базасының негізі болады.

Бақылау сұрақтары:

  • курстың мақсаты мен міндеттері қандай?
  • Көркем еңбекке баулу пәні қандай бөлімдерден құралған?
  • Көркем еңбектің мәні қандай?
  • Көркем еңбекте қандай процесстер жүреді?

Әдебиеттер:

1. Цейтлин Е. Н. Справочник по тру-довому обучению. - Москва «Просвещение», 1983г.

2. Кузнецов Н. П. Методика трудового обучения с практикумом в учебных мастерских» Москва 1981г.

3. Давлетова К. Ш. Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың әдістемесі мен практикумы» РИО ЗКГУ, 2005ж.

«Көркем еңбек» оқу пәні

«Көркем еңбек» оқу пәнінің 5-9-сыныптарға арналған оқу бағдарламасының мазмұны оқыту мақсаттары жүйесінің шығармашылық әрекет үдерісі барысында тәжірибелік және негізгі білім қалыптастыруға бағытталған үш бөлім бойынша ұйымдастырылған:

  1. «Шығармашылық идеяларды дамыту және зерттеу» бөлімі;
  2. «Шығармашылық жұмыстарды жасау және дайындау» бөлімі;
  3. «Таныстырылым, талдау және шығармашылық жұмыстарды бағалау» бөлімі.

Оқу бағдарламасының мақсаты - өнер және еңбек технологиясы саласында функционалды сауаттылықты қалыптастыру, шындыққа шығармашылықпен қарайтын тұлға дамыту.

5, 6, 7, 8, 9-сыныптарға арналған «Көркем еңбек» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасының оқу мақсаттары жүйесі арқылы ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

«Көркем еңбек» оқу пәнінің бағдарламасы: қоршаған ортада өнер, дизайн мен технология туралы түсінік пен білімді дамытуға; Қазақстан және әлем халықтарының көркем-мәдениет мұрасын оқып үйренуге; өнер мен дизайнның көркем тәсілдері арқылы шығармашылық идеяларды, технологиялық дағдыларды дамытуға; зерттеу, жасау, талдау, нысандарды көркем түрлендіру үдерісінде білім алушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға; оқу қызметінің барлық түрлерінде технологияларды пайдалану арқылы тәжірибе алуға (зерттеу, идеялардың шығармашылықпен іске асыру, жұмыстардың таныстырылымы) ; жұмыс нәтижесі үшін түрлі ақпарат көздері мен ресурстарының маңыздылығын түсіне отырып, зерттеу мен пайдалануға; эстетикалық, еңбекке баулу, экономикалық, экологиялық, патриоттық тәрбиелеу мен рухани-өнегелік құндылықтарын қалыптастыруға; уақыт, материалдың қасиеті мен басқа да факторлардың әсерін анықтап және оны ескере отырып қызметін өз бетінше жоспарлай алуға; оқу мақсаттарына жетуде бірігіп жұмыс істеуді ұйымдастыру (жеке, жұптық және топтық жұмыс) бойынша тәжірибе жинауға бағытталған.

Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі «Көркем еңбек» пәнінің ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, әмбебап (тұрмыстық) және арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті, материалдар мен нысандарды түрлендіру және көркем өңдеу дағдыларын, үй шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын иелену болып табылады.

«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 5-сыныпта - аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағат;

6-сыныпта - аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағат;

7-сыныпта - аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағат;

8-сыныпта - аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағат;

9-сыныпта - аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

Оқу бағдарламасының мазмұны материалдарды 5 ортақ білім беру бағыттары арқылы оқып-үйренуді қарастырады: «Визуалды өнер»; «Сәндік- қолданбалы шығармашылық»; «Дизайн және технология»; «Үй мәдениеті»; «Тамақтану мәдениеті».

«Визуалды өнер» мен «Сәндік-қолданбалы шығармашылық» бөлімдерінің тақырыптары ер балалар мен қыз балалар үшін бірдей.

«Визуалды өнер» бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: классикалық және заманауи өнер; қазақстандық суретшілердің шығармашылығы; бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлері; сандық өнер (фотосурет, анимация, медиа құралдар) ; бейнелеу (визуалды) өнерінің көркем тәсілдері; көркемдік материалдар және техникалармен эксперименттеу бөлімдерін қамтиды.

«Сәндік-қолданбалы шығармашылық» бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: сәндік-қолданбалы өнер ерекшеліктері мен негізгі пішіндері, Қазақстанның және басқа елдердің сәндік-қолданбалы өнері; сәндік- қолданбалы өнер материалдары, технологиялары мен құралдары; ұлттық оюөрнек; ішкі көріністі сәнді безендіру қарастырады.

«Дизайн және технология» (ер балалар) бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: негізгі конструкциялық, табиғи, жасанды және дәстүрлі емес материалдарды; материалдарды өңдеу құралдары мен жабдықтарын; материалдарды әртүрлі тәсілдермен өңдеуді; әртүрлі материалдардан бұйым дизайнын; ұлттық тұрмыстық заттарды дайындау технологиясын; қазақстандық және әлемдік сәулет ескерткіштерін; макеттеуді; ішкі көрініс дизайнын; робототехника, көлік құралдарын модельдеуді қамтиды.

«Дизайн және технология» (қыз балалар) бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: негізгі тоқыма, табиғи, жасанды және дәстүрлі емес материалдарды; тоқыма материалдарын өңдеу құралдары мен жабдықтарын; тоқыма материалдарын әртүрлі тәсілдермен өңдеуді; тоқыма материалдарынан бұйым дизайнын; сән индустриясын, стиль және образ, ұлттық киім элементтерін дайындау технологиясын қамтиды.

«Үй мәдениеті» бөлімінің мазмұны (ер балалар) төмендегі бөлімшелерді: тұрғын үйдің экологиясын; өсімдік шаруашылығы, сәндік өсімдіктер шаруашылығы, ландшафтты дизайн негіздерін; электр қуатының көздері туралы жалпы мәліметтерді, тұрмыстық техника және электр құралдарын қолдану мен жөндеуді; тұрмыстық жөндеу жұмыстарын, ішкі көіністі ұйымдастыру мен жоспарлауды қамтиды.

«Үй мәдениеті» бөлімінің мазмұны (қыз балалар) төмендегі бөлімшелерді: жеке гигиенаны, тұрғын үй экологиясын; өсімдік шаруашылығы, сәндік өсімдіктер шаруашылығы, ландшафтты дизайн негіздерін; киім күтімі мен ұзақ мерзімді сақтауды қамтиды.

«Тамақтану мәдениеті» бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: дұрыс тамақтану негізін; дастарқан басында өзін-өзі дұрыс ұстау ережелерін, дастарқанды жабдықтауды; тағам әзірлеу технологиясын; әлем халықтарының тағамдарын қамтиды.

Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі «Көркем еңбек» пәнінің ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, әмбебап (тұрмыстық), арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті, материалдар мен нысандарды түрлендіру және көркем өңдеу дағдыларын, үй шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын иелену болып табылады.

Ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларда ұсынылатын әрекет түрлері, «Өнер» білім саласы бойынша тақырыптар бейнелеу өнері мен көркем еңбек компоненттерінің мәнмәтінінде оқылатындай етіп құрылған.

Оқу жоспарының мазмұнына сызу және компьютерлік графика мен АКТ, сызулар құру үшін технологиялық құжаттарды орындау дағдыларын дамытумен байланысты оқу мақсаттарына жетуге бағытталған әрекет түрлері қосылған.

«Көркем еңбек» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді, жартыжылдыққа және оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.

«Көркем еңбек» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен жоспарлау барысында 2021-2022 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.

«Көркем еңбек» пәнінің оқу бағдарламасы 6-сыныптан бастап, негізгі орта мектеп деңгейінде «Сәндік-қолданбалы өнер», «Дизайн және технология» бөлімдерінде бұйымның эскиздерін таныстыру және әзірлеу, материалдар мен құралдарды таңдау, оларды дайындау үшін қол электр құралдарымен және жабдықтарымен қатар компьютерлік модельдеу мүмкіндіктері қолданылады.

Тәжірибелік жұмыстар, құрастырмалы бөлшектерден роботтарды әзірлеу, роботтардың пайда болу тарихы мен түрлері (өз бетінше зерттеу), робот жасау үшін эскизді әзірлеу, робот жасау үшін материалдарды дайындау, робот жасау, роботтың жылжымалы бөліктерін жасау бойынша эксперимент, көлік құралдарының түрлері туралы жалпы мәліметтер (өз бетінше зерттеу), көлік құралының моделін әзірлеу, эскиз, материалдарды іріктеу, көлік құралының моделін жасау, модельдің жекелеген бөліктерін жасау, модельді құрастыру және өңдеу, жұмыстарды таныстыру.

«Көркем еңбек» пәнінің оқу бағдарламасын бейнелеу өнері және технология пәндері бойынша дипломдарына қосымшасы бар бейнелеу өнері, еңбекке баулу және технология пәндерінің мұғалімі сабақ бере алатындай құрастырылған. «Көркем еңбек» пәнін оқыту үшін арнайы диплом қажет емес екенін осы оқылатын пәндер тізімі куәландырады.

Бұл пәнді оқытуға аптасына 2 сағат бөлінгенін ескере отырып, осы пәнді жүргізетін педагогтердің сағаттарының жоғалуы туралы алаңдау негізсіз.

Начало формы

«Көркем еңбек» пәнінде түйткілдер бар

Ғылым мен білім өркендеген заманда өнердің түрлері де кө­бейіп, тармақталып жатыр. Со­лар­дың бірі әрі бірегейі - бейнелеу өнері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту практикумы
Орта мектепте факультатив курстарында электротехниканы оқыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбекке бейімдеудің педагогикалық шарттары
Қазақтың тұрмыс - салт дәстүрі негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың әдістемесі
Еңбек пәнін оқыту әдістемесі (оқу-әдістемелік құрал)
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудағы
Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнері арқылы еңбек тәрбиесіне баулу
Үйірме жұмыстарына гипстен музыкалық аспаптар жасау әдістемесі. «Саз сырнай»
Семинар практикумның ерекшеліктері
Мектеп алды даярлық тобындағы еңбекке баулуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz