Визуалды өнер


«Көркем еңбек» оқу пәнінің 5-9-сыныптарға арналған оқу бағдарламасының мазмұны оқыту мақсаттары жүйесінің шығармашылық әрекет үдерісі барысында тәжірибелік және негізгі білім қалыптастыруға бағытталған үш бөлім бойынша ұйымдастырылған:
- «Шығармашылық идеяларды дамыту және зерттеу» бөлімі;
- «Шығармашылық жұмыстарды жасау және дайындау» бөлімі;
- «Таныстырылым, талдау және шығармашылық жұмыстарды бағалау» бөлімі.
Оқу бағдарламасының мақсаты - өнер және еңбек технологиясы саласында функционалды сауаттылықты қалыптастыру, шындыққа шығармашылықпен қарайтын тұлға дамыту.
5, 6, 7, 8, 9-сыныптарға арналған «Көркем еңбек» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасының оқу мақсаттары жүйесі арқылы ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
«Көркем еңбек» оқу пәнінің бағдарламасы: қоршаған ортада өнер, дизайн мен технология туралы түсінік пен білімді дамытуға; Қазақстан және әлем халықтарының көркем-мәдениет мұрасын оқып үйренуге; өнер мен дизайнның көркем тәсілдері арқылы шығармашылық идеяларды, технологиялық дағдыларды дамытуға; зерттеу, жасау, талдау, нысандарды көркем түрлендіру үдерісінде білім алушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға; оқу қызметінің барлық түрлерінде технологияларды пайдалану арқылы тәжірибе алуға (зерттеу, идеялардың шығармашылықпен іске асыру, жұмыстардың таныстырылымы) ; жұмыс нәтижесі үшін түрлі ақпарат көздері мен ресурстарының маңыздылығын түсіне отырып, зерттеу мен пайдалануға; эстетикалық, еңбекке баулу, экономикалық, экологиялық, патриоттық тәрбиелеу мен рухани-өнегелік құндылықтарын қалыптастыруға; уақыт, материалдың қасиеті мен басқа да факторлардың әсерін анықтап және оны ескере отырып қызметін өз бетінше жоспарлай алуға; оқу мақсаттарына жетуде бірігіп жұмыс істеуді ұйымдастыру (жеке, жұптық және топтық жұмыс) бойынша тәжірибе жинауға бағытталған.
Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі «Көркем еңбек» пәнінің ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, әмбебап (тұрмыстық) және арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті, материалдар мен нысандарды түрлендіру және көркем өңдеу дағдыларын, үй шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын иелену болып табылады.
«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 5-сыныпта - аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағат;
6-сыныпта - аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағат;
7-сыныпта - аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағат;
8-сыныпта - аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағат;
9-сыныпта - аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
Оқу бағдарламасының мазмұны материалдарды 5 ортақ білім беру бағыттары арқылы оқып-үйренуді қарастырады: «Визуалды өнер»; «Сәндік- қолданбалы шығармашылық»; «Дизайн және технология»; «Үй мәдениеті»; «Тамақтану мәдениеті».
«Визуалды өнер» мен «Сәндік-қолданбалы шығармашылық» бөлімдерінің тақырыптары ер балалар мен қыз балалар үшін бірдей.
«Визуалды өнер» бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: классикалық және заманауи өнер; қазақстандық суретшілердің шығармашылығы; бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлері; сандық өнер (фотосурет, анимация, медиа құралдар) ; бейнелеу (визуалды) өнерінің көркем тәсілдері; көркемдік материалдар және техникалармен эксперименттеу бөлімдерін қамтиды.
«Сәндік-қолданбалы шығармашылық» бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: сәндік-қолданбалы өнер ерекшеліктері мен негізгі пішіндері, Қазақстанның және басқа елдердің сәндік-қолданбалы өнері; сәндік- қолданбалы өнер материалдары, технологиялары мен құралдары; ұлттық оюөрнек; ішкі көріністі сәнді безендіру қарастырады.
«Дизайн және технология» (ер балалар) бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: негізгі конструкциялық, табиғи, жасанды және дәстүрлі емес материалдарды; материалдарды өңдеу құралдары мен жабдықтарын; материалдарды әртүрлі тәсілдермен өңдеуді; әртүрлі материалдардан бұйым дизайнын; ұлттық тұрмыстық заттарды дайындау технологиясын; қазақстандық және әлемдік сәулет ескерткіштерін; макеттеуді; ішкі көрініс дизайнын; робототехника, көлік құралдарын модельдеуді қамтиды.
«Дизайн және технология» (қыз балалар) бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: негізгі тоқыма, табиғи, жасанды және дәстүрлі емес материалдарды; тоқыма материалдарын өңдеу құралдары мен жабдықтарын; тоқыма материалдарын әртүрлі тәсілдермен өңдеуді; тоқыма материалдарынан бұйым дизайнын; сән индустриясын, стиль және образ, ұлттық киім элементтерін дайындау технологиясын қамтиды.
«Үй мәдениеті» бөлімінің мазмұны (ер балалар) төмендегі бөлімшелерді: тұрғын үйдің экологиясын; өсімдік шаруашылығы, сәндік өсімдіктер шаруашылығы, ландшафтты дизайн негіздерін; электр қуатының көздері туралы жалпы мәліметтерді, тұрмыстық техника және электр құралдарын қолдану мен жөндеуді; тұрмыстық жөндеу жұмыстарын, ішкі көіністі ұйымдастыру мен жоспарлауды қамтиды.
«Үй мәдениеті» бөлімінің мазмұны (қыз балалар) төмендегі бөлімшелерді: жеке гигиенаны, тұрғын үй экологиясын; өсімдік шаруашылығы, сәндік өсімдіктер шаруашылығы, ландшафтты дизайн негіздерін; киім күтімі мен ұзақ мерзімді сақтауды қамтиды.
«Тамақтану мәдениеті» бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: дұрыс тамақтану негізін; дастарқан басында өзін-өзі дұрыс ұстау ережелерін, дастарқанды жабдықтауды; тағам әзірлеу технологиясын; әлем халықтарының тағамдарын қамтиды.
Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі «Көркем еңбек» пәнінің ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, әмбебап (тұрмыстық), арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті, материалдар мен нысандарды түрлендіру және көркем өңдеу дағдыларын, үй шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын иелену болып табылады.
Ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларда ұсынылатын әрекет түрлері, «Өнер» білім саласы бойынша тақырыптар бейнелеу өнері мен көркем еңбек компоненттерінің мәнмәтінінде оқылатындай етіп құрылған.
Оқу жоспарының мазмұнына сызу және компьютерлік графика мен АКТ, сызулар құру үшін технологиялық құжаттарды орындау дағдыларын дамытумен байланысты оқу мақсаттарына жетуге бағытталған әрекет түрлері қосылған.
«Көркем еңбек» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді, жартыжылдыққа және оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.
«Көркем еңбек» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен жоспарлау барысында 2021-2022 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.
«Көркем еңбек» пәнінің оқу бағдарламасы 6-сыныптан бастап, негізгі орта мектеп деңгейінде «Сәндік-қолданбалы өнер», «Дизайн және технология» бөлімдерінде бұйымның эскиздерін таныстыру және әзірлеу, материалдар мен құралдарды таңдау, оларды дайындау үшін қол электр құралдарымен және жабдықтарымен қатар компьютерлік модельдеу мүмкіндіктері қолданылады.
Тәжірибелік жұмыстар, құрастырмалы бөлшектерден роботтарды әзірлеу, роботтардың пайда болу тарихы мен түрлері (өз бетінше зерттеу), робот жасау үшін эскизді әзірлеу, робот жасау үшін материалдарды дайындау, робот жасау, роботтың жылжымалы бөліктерін жасау бойынша эксперимент, көлік құралдарының түрлері туралы жалпы мәліметтер (өз бетінше зерттеу), көлік құралының моделін әзірлеу, эскиз, материалдарды іріктеу, көлік құралының моделін жасау, модельдің жекелеген бөліктерін жасау, модельді құрастыру және өңдеу, жұмыстарды таныстыру.
«Көркем еңбек» пәнінің оқу бағдарламасын бейнелеу өнері және технология пәндері бойынша дипломдарына қосымшасы бар бейнелеу өнері, еңбекке баулу және технология пәндерінің мұғалімі сабақ бере алатындай құрастырылған. «Көркем еңбек» пәнін оқыту үшін арнайы диплом қажет емес екенін осы оқылатын пәндер тізімі куәландырады.
Бұл пәнді оқытуға аптасына 2 сағат бөлінгенін ескере отырып, осы пәнді жүргізетін педагогтердің сағаттарының жоғалуы туралы алаңдау негізсіз.
Начало формы
«Көркем еңбек» пәнінде түйткілдер бар
Ғылым мен білім өркендеген заманда өнердің түрлері де көбейіп, тармақталып жатыр. Солардың бірі әрі бірегейі - бейнелеу өнері.
Баланы, әсіресе мектеп жасындағы оқушыларды бейнелеу өнеріне баулу қашанда кезек күттірмейтін міндет екені айдан анық. Абай атамыз өзінің отыз үшінші қара сөзінде өнер туралы былайша тұжырым жасайды: «Егер мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай, адал өнерін сатқан қолөнерлі - қазақтың әулиесі сол». Бұл қара сөзінде ұлы ойшыл өнерді, жалпы өнер адамын қазақтың қастерлі адамы деп әулиеге теңейді. Мысалы, өнерлі адамдардың қолымен жасалған әдемі заттарды киелі деп қастерлеп, төрге қойып, оны өзінің соңынан ерген балаларына, немерелеріне мұра қылып қалдырып отыратыны белгілі. Бұл дәстүр елімізде ғасырдан ғасырға жалғасып келеді. Соңғы уақытта Елбасымыздың қолдауымен халқымыздың мәдени құндылықтарына ерекше көңіл бөлініп, қомақты жұмыстар жүргізіліп жатқанын да өнерге деген оң көзқарастың бір айғағы деп санауға болады. Егемен еліміздің керегесі бекіп, дамыған отыз мемлекеттің қатарына енуді межелегенде өнерді де қалыс қалдыруға әсте болмайды.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде «Бейнелеу өнері» мен «Технология» пәндері біріктіріліп, ол «Көркем еңбек» пәні ретінде 1, 2, 5, 7-сыныптарда 2017 оқу жылынан бастап жүргізіліп келеді. Осы орайда бір мәселе туындайды.
Біріншіден, ешбір жоғары оқу орнында «Көркем еңбек» мамандарын дайындамайды әлі мамандық классификаторы да дайындалған жоқ.
Екіншіден, қазіргі кезде мектептерде көркем еңбек пәнінен қай мамандық иесі сабақ беріп келеді? «Бейнелеу өнері және сызу» мұғалімі ме? Әлде «Технология» пәні мұғалімі сабақ бере ме?
Үшіншіден, неге «Көркем еңбек» пәнін оқу үдерісіне енгізу барысында осы пәнді оқытатын мамандар дайындап алу қажеттігі қарастырылмаған?
Төртіншіден, «Көркем еңбек» пәнінде берілген мәліметтерде өзімізге белгілі бейнелеу өнері салалары - графика, сәндік қол өнері, зергерлік өнер, кескіндеме, дизайн, мүсін т. б. жайындағы мәліметтерде Қазақстан бейнелеу өнері мәселелерін зерттеген ғалымдар, атақты қазақ суретшілерінің шығармалары жайында өте аз мағлұмат берілген.
Мысалы, 2017 жылы оқу үдерісінде 5-сыныптың «Көркем еңбек» пәні оқулығымен танысқанда мынандай ойға келдік. Әлемде «Бейнелеу өнері», «Көркем білім» деген атаумен мектепте, колледжде, ЖОО-да мамандық бойынша дәріс беріп, мамандар дайындап келеді. Кезінде ғұлама ғалым, академик Ә. Марғұлан қазақ өнерінің ой-өрісін саралап, тылсым дүниесіне терең ғылыми талдау жасап берді. «Әр халықтың әдемілікке, сұлулыққа, өнерге деген көзқарасын бұзуға ешкімнің қақысы жоқ. Қазақ халқының салт-дәстүрі көшпелі болғанымен, өнері көшпелі болған емес. Өнерде өзіндік қолтаңбасы жоқ халық өледі», деген болатын Әлекең. Біз бейнелеу өнерін уақыт өткен сайын менсінбей, өшіретін болсақ, халықтың өнердегі қолтаңбасының өшері анық. Бұл - академиктің айтқаны ақиқатқа айналады деген сөз. Демек бейнелеу өнерін жүйелі оқыту, баланы жастайынан баулу ісі баршамыздың алдымызға байыпты міндеттер қояды.
5-сыныптың «Көркем еңбек» пәнінде оқыту қыздарға және ұлдарға деп бөлінген. Негізі бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын оқыту жыныс талғамайды. Осының өзі бейнелеу өнері мен көркем еңбек айырмашылығын білдіреді.
Оқулық ұлттық бейнелеу өнері негізінде құрастырылуы қажет деп есептеймін. Өйткені Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мəдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн», деп бағытымызды айқындап берген болатын. Мəдениетімізде, ата тарихымызда қазақ бейнелеу өнеріндегі шығармашылық туындыларда дәстүрімізді, мәдениетімізді, ұлттық мұраларымызды дәріптейтін бағыттары көп емес пе?!
«Өз ұлтын сүю - өзге ұлтты жек көру емес», деп Б. Момышұлы атамыз айтқандай, оқулықта қазақ суретшілерінің туындылары аз пайдаланылғаны түсініксіз. «Көркем еңбек» пәні оқулығында Т. Шевченко, В. Боровиковский, А. Матис, Ф. Рубо, В. Крестинков, Ян ван Кессель, В. Стожаров, Л. Леонтьев, Е. Ким, Б. Кустодиев, И. Богданов, Н. Сверчков, Н. Хлудов, К. Костанди, М. Сарян, Г. Фреска, Р. Кэмпбелл, Н. Каразин, И. Шишкин, Г. Кайботт сынды суретшілердің туындылары пайдаланылған. Ал қазақстандық суретшілерден Ә. Қастеев, А. Әбжанов, С. Айтбаев, Г. Ысмайлова, А. Ғалымбаеваның ғана еңбектері көрсетілген. Сонда біз қай елде өмір сүріп жатырмыз, ұлтымыз кім? Қандай құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіріп, кімдерді насихаттап жатырмыз?. (Оқулықта 19 өзге ұлт өкілдерінің суретшілері мен 5 қазақ суретшісі бар) . Бұл бойында ұлттық намысы бар адамды бейтарап қалдырмайтын мәселе деп ойлаймын. Бейнелеу өнері бөлімінде 8 практикалық жұмыс қана берілген. Бұл өте аз. 10-шы бетте берілген екінші тапсырма өте күрделі. «Өз туған өлкелеріңе арналған пейзаждар көрмесін дайындау». Оқу жылы енді басталып, сурет салуды енді меңгеріп жатқанда қандай көрме дайындайды? Бәлкім оқу жылының аяғында сыныптың байқау көрмесін жасау керек шығар.
Үшінші тапсырмада «Мектеп газетіне, (мектеп сайтына) арналған «Натюрморт түрлері» атты мақала дайындау» деп тапсырма берілген. Мүмкін натюрморттың суретін салу тапсырмасын берген дұрыс болар. «Бейнелеу өнері» пәнінде оқушылар бейнелейді, сызады, бояумен бояйды.
Төртінші тапсырмада «Менің сүйікті жануарым өнердің әр түрінде» деген сөйлем түсініксіз. Бейнелеу өнері салалары бойынша «Менің сүйікті жануарым» деген дұрыс болар мүмкін. Компьютерлік таныстырылым (презентация) дайындау тапсырмасы берілген. 5-сынып оқушысы PowerPoint бағдарламасында жұмыс істей ала ма? Ауылдық мектептерде арнайы компьютерлік сыныптар бар ма?
Осы тұста айта кететін жағдай, оқулықта ұл балаларға арналған «практикалық жұмыс», ал қыз балаларға арналған оқулықта «тәжірибелік жұмыс» деп берілген. Сонда бір сыныптың оқушылары бір ұғымды екі түрлі атауда қолдана ма?
Жетінші тапсырмада «Пластикалық пішіндер өнері, мүсін өнері» тарауын «Пластикалық пішіндер және мүсін өнері» деп атаса болмай ма? Пластикалық пішіндер өнері деген терминді естімеппін. Пайдаланылған мүсіндерден де қазақтың ұлттық болмысын көрсететін бірде-бір мүсінін көре алмадым. Қазақстанда мүсін өнерінің майталмандары жоқ па? Х. Наурызбаев, Т. Досмағанбетов, Е. Мергенов, Б. Төлеков, Е. Сергебаев, Р. Ахметов, А. Тұрсыновтар сияқты қазақтың біртуар мүсіншілерінің ұлт тұлғаларының бейнесі сомдалған мүсін туындылары оқулыққа енгізілсе, болашақ ұрпаққа рухани қазына болар еді.
Бейнелеу өнеріндегі суретшілер мен мүсіншілерді «Көркем еңбек» оқулығына енгізбеуінің салдарынан оқушы түгілі, ересектер де суретшілер мен мүсіншілердің көркем туындылары былай тұрғанда өздерін де танымай өтеді емес пе? Қазақ бейнелеу өнеріне деген сый-құрмет қайда?
Қазақстанның жаңа даму жолына түсуіне байланысты ізгілікті, демократиялық, құқықтық мемлекетті құруға бел байлаудың негізінде ел тарихын қайта жазу қолға алынғанда, қазақтың мәдени мұрасындағы бейнелеу өнерінің тәлім-тәрбиелік мәні шынайы бағалануы қажет.
Қазақ халқының жері қандай кең-байтақ болса, мәдени мұрасы да сондай сарқылмас шежіре. Қазақ халқының coнay көне замандардағы сақтардың, ғұндардың, түркілердің ұрпағы екенін бүгінгі Қазақстан жерінен табылған археологиялық айғақтар, көне мәдени жазбалары, Шығыстың даналарына айналған қазақ жерінің перзенттері әл-Фараби, Қорқыт ата, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Ясауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Қыдырғали Жалайыри шығармалары дәлелдеп отыр. Байырғы сақ, ғұн, түркі өнеріне тән стильді, сюжетті, тіпті қазақтың кейбір эпостық жырларынан, тасқа қашалған суреттерден, өрнектерден, зергерлік бұйымдардан анық байқауға болады.
Одан бері келе ұлттық өнеріміздің мақтанышы Ә. Қастеевтің суреттері халқымызды рухани сезімге бөлейді. Әбілхан Қастеев - этнограф әрі зерттеуші, суретші. Оның ұлы тұлғаларды көркем шығармада бейнелеп көрсетуі бабаларымызбен тікелей жүздестіргендей болды. Мысалы, Кенесары хан, жыр дүлдүлі Сүйінбай Аронұлы, Амангелді Иманов, Біржан сал туындыларын атауға болады. Қазақ халқына сыйлаған тарихи көркем шығармалары алтын қазынамызға айналды.
Демек мектепте оқушыларға көркем білім беру арқылы ұлттық мәдени дәстүрімізді, ұлттық мұрамызды оқу үдерісіне кеңінен кіргізіп, негізгі пән ретінде оқыту қажеттігі туындайды. Егер мәдениет өзгеріске ұшыраса онда білім беру түсінігі де, мазмұны да өзгеретін болады. Білім беру - мәдениеттің бөлінбес бөлігі, ол тек мәдениетке тәуелді болып қана қоймай оған бағыт беріп отырады. Сол арқылы әр ұрпақ жасаған көркем туындылар мәдени мұра ретінде келесі ұрпақтың еншісіне ауысып, жаңа қоғамдық-тарихи жағдайға сәйкес өзінің мазмұны мен формасын жетілдіріп отырады. Олай болса мектепте оқушыларға бірінші кезекте көркем білімді меңгертіп, сосын көркем еңбек жасауға оқытуды ұсынғанымыз жөн болар еді.
«Көркем еңбек» пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері
«Көркем еңбек» пәнінің маңыздылығы:
шынайы болмысты эстетикалық қабылдауды және еңбекқорлыққа тәрбиелеуді, адамның қоршаған әлеммен өзара байланысы жайлы білімді қалыптастырудың бірден-бір құралы болып табылады.
«Көркем еңбек» пәні елестету мен бақылау қабілетін, кеңістіктік және және көру елесі қабілетін қамтамасыз ететін, әртүрлі шығармашылық әрекет барысында, көркем-технологиялық білімдерді, қабілеттер және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Түрлі материалдармен жұмыс істеу оқушылардың технологиялық ойлауын, көркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, фантазиясы мен қол моторикасын дамытуға, көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіруге мүмкіндік береді.
«Көркем еңбек» пәні оқу бағдарламасының мақсаты-жеке тұлғаның қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістіктік - образдық ойлауын, көркем-технологиялық білімнің негізін қалыптастыру.
«Көркем еңбек» пәнінің міндеттері:
1) әртүрлі кіріктіру іс-әрекеттері арқылы, пәндік білімдерді, дығдыларды және қабілеттерді дамыту;
2)
ұлттық және әлемдік материалдық мәдениет пен өнер шығармаларымен таныстыру арқылы құндылық бағыттарын қалыптастыру;
3
) оқушылардың визуалды және эстетикалық қабылдауын, сыни ойлауын дамытуға, терминдер мен түсініктерді меңгеріп өнердің түрлері мен жанрлары туралы білімді қолдану;
4)
бақылау, жүргізу және көрсетілім жасау арқылы зерттеу дағдыларын дамыту;
5)
әртүрлі материалдар мен құралдарды қолдану арқылы шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын меңгеру;
6)
өзін-өзі бағалауды жоғарлату және жағымды көзқарасты қалыптастыру;
7)
коммуникацияның бір тілі ретінде ұлттық және әлемдік мәдениет мұраларының мағынасын, сонымен қатар, көркем еңбектің рөлін түсіну;
8)
өз жұмысын жасау үшін, әртүрлі ақпарат түрлерін (іздеу, жинау, сұрыптау) бағдарлау қабілетін дамытуға ықпал жасайтын, әртүрлі танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы міндеттерді өздігінен шешу тәжірибелерін қалыптастыру;
9)
ұжымдық, топтық және жеке жұмыстарды орындау процесінде қолдың моторикасын, сенсорикалық, қиялдауы мен шығармашылығын, елестетуін және қабылдауын дамыту.
Оқу процесінде оқушылар:
1
) ұлттық және әлемдік мәдениет шығармаларын, олар арқылы берілген идеялар мен құндылықтарды зерделейді және талдайды;
2)
шығармашылық жұмысты жасау үшін материалдар мен құралдарды өз бетімен және сенімді қолданады, материал қасиеті мен жұмыс нәтижесінің ерекшелігі арасындағы байланысты түсіндіреді;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz