Дерекқорлар мен Ақпараттық жүйелер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І.Дерекқорлар теориясының негіздері.Деректер базасын жобалауда қолданылатын негізгі бағыттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1.1Дерекқорлар мен Ақпараттық жүйелер.Негізгі анықтамалар ... ... ... ... ... ...4
1.2 Дерекқорды жобалау міндеттері және негізгі кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... .6
1.3 Реляциялық деректер базалар теориясының негізгі түсініктері ... ... ... ... ...8
1.4 Клиент-серверлік технологиялар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

II.Case құралдары арқылы тақырып шеңберіндегі мәселелерге қатысты деректер модельін талқылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

2.1Деректер қорларын жобалаудың автоматтандырылған құралдары ... ... ... 12
2.2 Erwin жүйесінде модельдеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.3 Конференция-ға сипаттама беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

III.Автоматтандырылатын тақырыптың деректер базасын модельдеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

3.1 ERwin программасы арқылы Конференция жобасын құру ... ... ... ... ... ... 17
3.2 Конференция жобасының Access ДҚБЖ ортасындағы ДБ физикалық модельін құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..22
КІРІСПЕ

Ақпараттық жүйені жобалау технологиясы, деп - ақпараттық жүйені жобалаудың және жобалауды ұйымдастырудың әдістері мен құралдар жиынтығы айтамыз.Жобалау технологиясы негізінде әрекеттер мен олардың ретін, орындаушылардың құрамын және осы әрекеттерді орындауға қажетті құралдар мен ресурстарды анықтайтын технологиялық үрдіс жатыр. Ақпараттық жүйені жобалаудың технологиялық үрдісі тізбекті-параллель, байланысқан және бағыныңқы әрекеттер тізбегінен тұрады. Ақпараттық жүйелер әдеттегі бағдарламалық өнім болғанымен де олар стандартты қолданбалы бағдарламалар мен жүйелерден бір қатар ерекшеленеді.
Ақпараттық жүйелер ақпаратты жинауға, өңдеуге және сақтауға арналған. Сондықтан олардың әрқайсысының негізінде сақтау ортасы мен мәліметтерге қатынау жатады. Бүгінгі таңда адам қызметінің кез келген саласының компьютерленділуін еске алсақ, онда ақпараттық жүйелер көп жағдайда есептеуіш техника аймағында аса біліктілігі жоқ соңғы қолданушыларға арналғандығын байқай аламыз. Сол себепті қолданушылардың осы тобына қызметтерін мейлінше ыңғайлы, тиімді ұйымдастыруы үшін ақпараттық жүйелердің интерфейсінің жеңіл, қарапайым, ыңғайлы болуы маңызды орын алады. Осы айтылғандарға байланысты ақпараттық жүйелерді әзірлеу барысында ақпаратты сақтауға арналған мәліметтер қорын әзірлеу және соңғы қолданушыларға графиктік интерфейсті әзірлеу есептері шығарылады. Ақпараттық қосымша - қолданушымен тікелей байланыс жасауға негізделген, қолданушылардың тапсырмасын орындауға арналған программа.
Қолдану аймағына және функцияларына байланысты ақпараттық қосымшаларға келесі талаптар қойылады:
oo ақпараттық қосымша ақпараттарды жинауға, өңдеуге және сақтауға арналған. Сондықтан ақпараттық қосымшаның сақтау ортасы мен мәліметтерге қатынасы оның негізі болып табылады, сақтау ортасы сәйкес аймаққа қатысты және сақтау деңгейі сенімді болуы керек.
ақпараттық қосымшаның интерфейстері қолданушы үшін оңай игерілетін және ыңғайлы болуы тиіс, қазіргі кездегі ақпараттық қосымшаларда дамыған графикалық интерфейстің болуы міндетті болып саналады. Мәліметтер базасы дегеніміз ақпараттарды сақтау үшін арналып ұйымдастырылған құрылым. Алғашқы кезде, яғни, мәліметтер базасы түсінігі қалыптаса бастаған жылдары, бұл базаларда тек қана мәліметтер сақталып жүрді. Бірақ бүгінгі күнгі мәліметтер базасын басқару жүйелері (МББЖ) өз құрылымында тек қана мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар тұтынушылармен немесе басқа да программалық-ақпараттық кешендермен қарым-қатынас жүзеге асырылатын әдістерді (яғни, программалық код) де орналастыруға мүмкіндік береді. Осылайша біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек қана мәліметтер ғана емес, сонымен бірге ақпарат та сақталатындығын айта аламыз.
І.Дерекқорлар теориясының негіздері.Деректер базасын жобалауда қолданылатын негізгі бағыттар.

1.1Дерекқорлар мен Ақпараттық жүйелер.Негізгі анықтамалар.

Қазіргі уақытта ақпарат кез келген қызмет аясының тиімділігін анықтаушы фактор болып отыр. Ақпараттық ағындар көбейіп, деректерді өңдеу жылдамдығына қойылатын талаптар артуда. Көптеген операцияларды енді қолмен ғана орындау жеткіліксіз, олар ақпаратты сақтау мен өңдеу жүйесі үлкен рөл атқаратын озық компьютерлік технологияларды қолдануды талап етеді.
А қ п а р а т -- қоршаған ортадағы объектілер, құбылыстар, үдерістер, оқиғалар туралы білімнің белгісіздігін азайтатын деректер. Ақпарат толыққанды, анық, уақтылы, қарама-қайшы келмейтін, дәлме-дәл болуы тиіс. Шешімдерді қабылдау үшін анық ақпаратты дер кезінде беру - ақпараттық жүйелердің негізгі мақсаты.
А қ п а р а т т ы қ ж ү й е -- кез келген саладағы міндеттерде ақпараттың жиналуын, сақталуын, өңделуі, іздеуі мен берілуін қамтамасыз ететін техникалық және бағдарламалық құралдардың жиынтығы. Ақпараттық жүйелер ақпараттың ұзақ уақыт сақталуын және сапалы талдауын қамтамасыз етіп, мәселелерді шешуге және жаңа ақпараттық өнімді жасауға көмектеседі.
А қ п а р а т т ы қ н ы с а н -- шынайы өмірде бар немесе болып жатқан пән саласының мәнін - нысанды, үдерісті, құбылыс немесе оқиғаны суреттеу. Ақпараттық нысан қисынды байланысқан ақпараттың жиынтығы болып табылады, яғни ақпараттық нысандар арасында түрлі байланыстар болуы мүмкін. Ақпараттық жүйелерде күрделі құрылымды ақпараттың үлкен көлемдері айналып жатады. Жалпылама түрде ақпараттық жүйені келесі блоктардан тұратын схема түрінде көрсетуге болады
ақпаратты енгізу (сыртқы орта нысандарының күйі туралыақпаратты жинау);
■ дерекқор (деректер қоймасы);
■ ақпаратты өңдеу (ақпаратты іздеу, іріктеу, сұрыптау, біріктіру, талдау, шығару);
■ кері байланыс (кіру ақпаратын түзету үшін тұтынушы қайта өңдеген ақпаратты беру).
Дерекқор ақпараттық жүйенің негізі, оның орталық тізбегі болып табылады. Д е р е к т е р -- одан кейін өңдеуге, беруге және сақтауға болатын белгілі бір қалыпқа келтірілген ақпарат (мысалы, ЭЕМ жадындағы немесе ЭЕМ-ге енгізу үшін дайындалған ақпарат).
Д е р е к қ о р (Д) -- объектілердің жай-күйі мен олардың қандай да бір пән саласындағы қатынастарын көрсететін, өзара байланысқан бірнеше пайдаланушы қолданатын деректердің атаулы жиынтығы.
Д е р е к т е р қ ұ р ы л ы м ы деп деректердің жекелеген бөлшектері арасындағы байланыстарды көрсететін ережелер мен шектеулердің жиынтығын айтады.
Д е р е к т е р д і ө ң д е у -- деректер ауқымын түрлендіретін міндеттер жиынтығы. Деректерді өңдеуге ЭЕМ-де деректерді енгізу, қандай да бір өлшемдер бойынша деректерді іріктеу, деректер құрылымын түрлендіру, ЭЕМ-нің сыртқы жадында деректерді ауыстыру, есептеудің немесе басқа түрлендірулердің нәтижесі болып табылатын деректерді шығару кіреді (кесте немесе пайдаланушы үшін қолайлы басқа түрде).
Д е р е к т е р д і ө ң д е у ж ү й е с і (ДӨЖ) -- деректерді басқару міндеттерін атқаратын аппараттық және бағдарламалық құралдардың жинағы.
Д е р е к т е р д і б а с қ а р у -- деректерді өңдеу жүйесінің табысты жұмыс істеуі үшін қажетті деректермен жасалынатын операциялардың барлық түрлері.
М е т а д е р е к т е р -- дерекқордың өз құрылымының сипаттамасы. Оларды деректер туралы деректер деп те атайды. Бұл дерекқордың барлық нысандары жайлы ақпарат сақталған жүйелік кестелер. Метадеректер деректердің оларды өңдейтін бағдарламалардан тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Егер деректердің сипаттамасы деректермен қоса сақталынып тұрса, деректер құрылымын өңдейтін қосымша бағдарламаларды жазбай-ақ оларға сұрау салып, түрлендіруге болады. Сақталынып, өңделетін деректер құрылымының сапасы мен сенімділігіне қойылатын талаптар өте жоғары. Дерекқордың құрылымы ішіндегі деректер толық, қарама-қайшылықсыз және тұтас болуы тиіс. Бұған қоса дерекқорлар деректерді дұрыс енгізуге болатындай және анық ақпаратты уақтылы алу мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей етіп жобалануы керек. Сондықтан дерекқор құрылымын жобалау және оған кіру әдістерін таңдау аса маңызды міндет болып табылады. Ақпараттық жүйеде деректерді қате немесе бұрыс ұйымдастыру бұл шарттардың орындалмауына әкеліп, жүйенің өзін пайдалануға болмайтындай етеді. Дерекқорларды басқару жүйесі түсінігі дерекқор түсінігімен тығыз байланысты.
Д е р е к қ о р л а р д ы б а с қ а р у ж ү й е с і (ДБЖ) -- дерекқорларды құру мен пайдалануды басқаруға арналған тілдік және бағдарламалық құралдардың жиынтығы.
Дерекқорларды басқару жүйелері деректерді алып шығуға және өңдеуге, құрылымын өзгертуге және талдауға арналған инструменталдық құралдар болып табылады. ДБЖ деректерге қолайлы, жылдам және, ең маңыздысы, бақыланатын қолжетімділікті ұсынады, дерекқорларда ақпаратты енгізу және түрлендіру мүмкіндігін, оның пайдаланушыға берілуін қамтамасыз етеді, деректердің тұтастығын және дерекқорды жұмыс күйінде сақталуын қамтамасыз ететін құралдарға ие. Дерекқорды басқару жүйесінде әдетте деректерді құрылымдау және басқарудың автоматтандырылған құралдары көп пайдаланушы бар ортада ақпараттың құпиялылығын, қалпына келтіру мен сақталуын қамтамасыз ету құралдарысмен үйлесіп жатады. Дерекқорды басқару жүйелері негізінен кәсіби әзірлеушілерге арналған. Қатардағы пайдаланушы дерекқорды басқару мен оның деректерімен жұмысты қосымшалар деп аталатын арнайы қолданбалы бағдарламалардың көмегімен жүзеге асырады. Қосымшалар дерекқорларға қол жеткізу құралдарын пайдаланатын бағдарламалау жүйесінің көмегімен ДБЖ ортасында немесе одан тыс жасалынуы мүмкін. Жалпы жағдайда бір дерекқормен бірнеше түрлі қосымша жұмыс жасай алады. Мысалы, егер де дерекқор қандай да бір кәсіпорынды үлгілесе, онымен жұмыс істеу үшін бірнеше қосымша құрылуы мүмкін: кадрларды қызметке алу қосалқы жүйесіне, қызметкерлердің еңбекақысын есептеу қосалқы жүйесінің жұмысына немесе қоймалық есепке алу қосалқы жүйесіне және т.б. қызмет көрсететін. Бір дерекқормен жұмыс істейтін қосымшаларды қарастырған кезде олар параллель және бірбірінен тәуелсіз жұмыс істей алады деп болжанады. Тап ДБЖ бірнеше қосымшалардың бірыңғай дерекқормен жұмысты олардың әрқайсысы түзу орындалып қана қоймай, басқа қосымшалар енгізіп жатқан дерекқордағы барлық өзгерістерді ескеретіндей етіп қамтамасыз етуі тиіс.
Б і р п а й д а л а н у ш ы л ы қ ж ү й е - бір уақытта дерекқорға бір ғана пайдаланушы қол жеткізе алатын жүйе. Көп пайдаланушылық жүйебір уақытта дерекқорға бірнеше пайдаланушы қол жеткізе алатын жүйе. Көп пайдаланушылық жүйенің басым көпшілігінің негізгі міндеті - әр жеке пайдаланушыға бір пайдаланушылық жүйемен жұмыс істеп жатқандай мүмкіндік беру. Бір пайдаланушылық пен көп пайдаланушылық жүйелердің айырмашылығы олардың ішкі құрылымында жатыр, түпкілікті пайдаланушыға олар көрінбейді.

1.2 Дерекқорды жобалау міндеттері және негізгі кезеңдері

Дерекқорды жобалау үрдісі ұзақ, ол тапсырыс берушінің пәндік аумағы бойынша мамандарының талқылауларын талап ететін болады. Күрделі ұжымдық ақпараттық жүйені өңдеуде дерекқор жобасы барлық жүйе жалпылай құрылатын фундамент болып табылады. Дерекқорды жобалау деректер үлгісінің өзара байланысқан жиынтығын құрауды көрсетді. Деректер үлгісін құру үрдісі өңдеу үрдісінен және деректермен тарту үрдісінен ажырамас бөлік. Дерекқорды жобалау екі негізгі фазадан тұрады: логикалық және физикалық үлгілеу. Логикалық үлгі фазасы кезінде жасап шығарушы жасалып жатқан қор үшін талаптарды жиыстырады, пәндік аумақтың сипаттамасын құрастырады және нақты бір ДБЖ тәуелді емес үлгіні ойлап табады. Физикалық үлгі фазасы кезінде жасап шығарушы ДБЖ үшін және қолданушылардың нақты қосымшалары үшін үлгіні ойлап табады. Ақпараттық жүйе үшін дерекқор жасауда ең маңыздысы ақпараттық жүйе қызметінің жиынтығын орындалуын қамтамассыз ететін деректердің логикалық құрылымын дұрыс өңдеуімен байланысты міндет болып табылады. Нашар ойластырылған дерекқор сәйкесінше қарқынды емес және тіпті қажетсіз болып шығады. Дерекқорды өңдеп шығару - өте қиын міндет. Көбіне оған көп қарама-қайшы талаптар қойылады. Дұрыс логикалық құрылымды жасау деректердің қалыптасуына және өңделуіне әсер ететін барлық факторлардың жиынтықты талдауын қарастырады. Жақсы жобаланған дерекқор:
дерекқордың құрамына деген қолданушылардың барлық талаптарын қанағаттандыру. Қорды жобалаудан бұрын дерекқордың қызметі туралы қолданушылардың талаптары бойынша зерттеу жүргізу қажет;
■ деректердің үйлесушілігіне және тұтастылығына кепілдік береді;
■ құрылымын қабылдауға жеңіл, табиғи ақпаратпен қамтамассыз етеді. Қордың сапалық құрылуы қорға деген көрінбейтін және қабылдауға жеңіл сұраныстарды жасауға мүмкіндік береді; әлбетте жаңылыс деректерді енгізу қаупі төмендейді және базаның сапалық сүйемелдеуі арта түседі;
■ деректер қорының өнімділігіне деген қолданушылардың талаптарын қанағаттандырады. Ақпараттың үлкен көлемі кезінде өнімділікті сақтап қалу мәселесі басты рөлді ойнайды, бірден жобалау кезеңінің барлық кемшіліктерін түссіздендіре отырып. Жобаны жасаушы дерекқордың ең тиімді түрін жасап шығару мақсатында осы барлық факторларды есепке алуы керек.
Дерекқорды жобалаудың негізгі міндеттерін келесідей түрде қалыптастыруға болады:
■ дерекқорда барлық қажетті ақпараттарды сақтауды қамтамассыз ету;
■ барлық қажетті сұраныстары бойынша деректерді алуды
қамтамассыз ету;
■ деректің артықтылығын және көшірілуін қысқарту;
■ дерекқордың тұтастылығымен қамтамассыз ету.
Дерекқордың логикалық үлгісі сол нақты ДБЖ-да рұқсат берілген ақпараттық бірлік терминдарында біз дерекқорды жобалайтын ортада құрылады. ДБЖ тіліндегі дерекқордың логикалық құрылымын сиапттау деректер сызбасы деп аталады. Дерекқордың логикалық құрылымын жобалау барлық ақпараттық бірліктерді анықтау және олардың арасындағы байланысты анықтау, олардың атауын беру дегенді білдіреді; егер ақпараттық бірлік үшін түрлі типтерді қолдану мүмкін болса, онда олардың түрін анықтаған жөн. Сонымен қатар кейбір сапалық сипаттамаларды берген жөн, мысалы өрістің ұзындығын. Деректермен басқарудың кез-келген жүйесі оған рұқсат етілген деректердің логикалық бірлігімен жүйеленеді. Сонымен қатар көптеген ДБЖ дерекқор құрылымына сандық және басқа да шектеулер қояды. Сол себептен логикалық үлгіні жасауға кіріспес бұрын ДБЖ ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін және оны пайдаланудың мақсатты ұтымдылығын мұқият зерттеп шыққан жөн және де жобалау автоматының бар құралдарын талдауды зерттеу керек. Алайда логикалық жобалау дерекқордың логикалық құрылымының жобасы болып табылады, оған нақты ДБЖ мен ұсынылатын деректерді физикалық ұйымдастыру мүмкіндіктері әсер етеді. Деректердің физикалық ерекшеліктерін білу логикалық құрылымды жобалаудағы пайдалысы болып табылады. Дерекқорда нақты бір пәндік сала сипатталады. Сол себептен дерекқорды жобалау үрдісі пәндік саладағы алдын-ала жіктелуін қарастырады, объектілер туралы жүйеленген ақпаратты және олардың арасындағы байланысты қарастырады. Жобалық шешімдерге талап етілетін деректерді өңдеу ерекшеліктері әсер етеді. Сол себептен сәйкес келуші ақпарат белгілі бір бейнеде дерекқорды жобалаудың алғашқы кезеңдерінде талдануы және ұсынылуы керек.

1.3 Реляциялық деректер базалар теориясының негізгі түсініктері

Реляциялық деректер үлгісінің теориялық негізі қатынастар теориясы болды. Көптеген қатынас кейбір арнайы операцияларға қатысты жабық, яғни сол операциялармен бірге дерексіз алгебраны құрайды. Қатынастардың бұл маңызды қасиеті реляциялық үлгіде бастапқы алгебрамен байланысты деректермен іс-әрекет жасау тілін әзірлеу үшін пайдаланылды. Реляциялық дерекқордың негізгі түсініктері мыналар:
■ қатынас;
■ деректер түрі;
■ домен;
■ атрибут;
■ кортеж;
■ бастапқы кілт.
Реляциялық (қатынасты) мәліметтер базасы (Реляционная база данных; Relational Data Base (RDB)) -- ішкі ақпараттары бағаналар (өрістер -- field) және жолдардан (жазбалар -- record) тұратын екі өлшемді кесте түрінде берілген мәліметтер базасы. әр түрлі кестелер арасындағы өзара байланыс белгілі бір бағаналардағы мәліметтер мәндері бойынша орнатылады. Есептеу техникасын және жаңа ақпараттық технологияны пайдалану ақпараттық қорды тиімді ұйымдастырусыз және тұтынушының оған үйлесімді кіруін қамтамасыз етпей мүмкін емес. Осы мақсатқа деректер базасын программалауды пайдалану қызмет етеді. Олар әртүрлі түрдегі экономикалық ақпараттық жүйелерде кәсіпорын және мекемелерді басқарудың автоматтандыру жүйесінен салық және жалпы мемлекеттік жүйелерге дейін кең қолданыс тапты.
Жеке компьютерлер негізінде автоматтандыру адамдардың іс әрекетін сапалы жаңа деңгейге көтереді, ақпараттарды өңдеу ұстанымдарды өзгертеді, қызмет етіп тұрған кәсіпорын және мекемелерді жаңа ақпараттық технология базасында ұйымдастыруға мүмкіншілік береді. Деректер базасын жобалау курсы әртүрлі бағдарламалық амалдарды жете зерттеудің теориясын және практикасын игеруге мүмкіншілік береді, сонымен бірге деректер базасын программалау үшін үйлесімді құрал жабдықтарын таңдау проблемасында бағыт алуға көмектеседі.
Деректер базасы (database) қарастырылатын мәселелерге қатысты арнайы жолмен белгілі бір ережелер бойынша бір құрылымға келтіріліп ұйымдастырылған деректер мен деректер жиынтығы. Мұнда деректердің қайталануы мен бір-біріне қайшы болмауы және өзара үйлесімділігі қатаң ескерілуі керек. Бұл шарттар ескерілмеген деректер базасын (ДБ) өңдеу құралдарында - қолданушының бағдарламасында көптеген кемшіліктер орын алып, қате нәтижелер алынады.
Деректер базасының сервері (database server) - деректер базасын басқару және қорғау функцияларын атқаратын бағдарлама. Сервердің функцияларын шақыру SQL тілінде орындалған жағдайда оны SQL-сервер деп атайды.
Клиент-сервер архитектурасында деректер жүйесін басқару жүйесі (ДББЖ) клиент-компьютер жіберген сұраныстарды қабылдап, орындалу нәтижесін желі арқылы клиентке қайтарады. Мұндай ДББЖ деректер базасының сервері деп аталады.
Деректер моделі (data model). Базада сақталған деректердің логикалық құрылымын деректерді өрнектеу моделі немесе деректер моделі деп атайды. Деректер моделінің негізгі түрлері: иерархиялық (hierarchical data model), тораптық (network data model), реляциялық (relational data model), постреляциялық (post-relational data model), көпөлшемді (multilevel data model) және нысанға-бейімделген модельдер (object-oriented data model).
Деректердің реляциялық моделін (ДРМ) деректер базасы саласын зерттеуші белгілі американдық маман Е.Ф. Кодд (Dr. E.F. Codd) ұсынған, ол өзара байланыстағы қатыстар арқылы нақты құбылысты және ақпараттар ағымын өрнектеуге мүмкін екенін ашып көрсетті. Ең алғаш рет бұл модельдің тұжырымдамасы 1970 жылы A Relation Model of Data for Large Shared Data Banks CACM, 1970, v.13№6 мақаласында жарияланған. Реляциялық модель деректерді қолданбалы бағдарламадан тәуелсіз етіп бөлектеуге, яғни деректер базасын басқарудың маңызды мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Бұл деректер базасын жобалау мен програмалауды оңайлатуға әсерін тигізеді. Деректердің реляциялық моделінің физикалық мазмұны екі өлшемді кесте болып табылатын қатыс (relation) деп аталатын математикалық ұғымға негізделген.
Реляциялық деректер базасында (РДБ) барлық деректер екі өлшемді жазық кестелерде сақталады. Реляциялық базада кестелер арқылы ұйымдастырылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деректер талдаушысы
Қорды басқарудың танымал жүйелері
Биоинформатика
Тәжірибе орны
Ақпараттық жүйелердің бөлінуі
Мәліметтер базасының схемасын құру
CASE жабдықтары және CASE технологиялар
Ақпаратты бірлесіп пайдаланудың кепілдік механизмі ретінде қауіпсіздіктің маңыздылығын анықтау және шешілген міндеттерге сәйкес ақпараттық қауіпсіздіктің мақсаттары мен ұстанымдарын қолдау жөніндегі шараларды ұйымдастыру
АВТОКӨЛІКТЕР МЕН АВТОКӨЛІК БӨЛШЕКТЕРІН САТУ БОЙЫНША ДҮКЕННІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТЕСТІЛЕУ
Веб - серверлер
Пәндер