Конкурстың қазылар алқасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Ұлттың ұлы ұстындары республикалық шығармашылық конкурсын өткізу қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Ұлттың ұлы ұстындары республикалық шығармашылық конкурсын өткізу қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) Мәдениет туралы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 9) және 12) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығымен бекітілген Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасының 6-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің 2021 жылғы 21 қазандағы № 21-01-10.2 хаттамалық тапсырмасының 2.3.2-тармағын орындау үшін әзірленді және оны өткізу тәртібін реттейді.
2. Ұлттың ұлы ұстындары республикалық шығармашылық конкурсының (бұдан әрі - конкурс) ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Ұлттық музей).

1 тарау. Конкурстың мақсаты мен міндеттері

3. Конкурстың мақсаттары:
- ұлттық патриоттық рухты қалыптастыру үшін полиграфиялық өнімдер, интерьерлерді және экстерьерлерді безендірулерде бренд ретінде танымал етуге арналған ұлттық көркем образдар, тарихи-мәдени объектілер, оқиғалар және т.б. тақырыптарда композициялар жасау;
oo камералық көркем шығармалар түрінде іске асырылатын кітап иллюстрациясы, монументалды кескіндеме шығармалары түрінде ғимараттың интерьері мен экстерьерін безендіру үшін эскиздік жобаларын әзірлеу;
oo күнделікті өмірде қолдануға ұсынылатын үздік шығармашылық жұмыстарды іріктеу.
Конкурстың міндеттері:
oo қазақ халқының ұлттық игілігін қазіргі заманға сай көркем интерпретациялау;
oo қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен тарихи-мәдени объектілерін бейнелеу өнері арқылы насихаттау;
oo қазақ қоғамының дамуына елеулі үлес қосқан тарихи тұлғаларды мәңгі есте қалдыру;
oo өскелең ұрпақ үшін ұлттық көркем бейнелерді анықтауға бағытталған шығармашылық пікірталастар өткізу үшін белсенді арт-алаң құру;
oo патриоттық сезімді дамыту, ұлттық бірегейлікті қалыптастыру және қазақстандық қоғамды біріктіру.

2 тарау. Конкурсты өткізу тәртібі

4. Конкурс 2022 жылғы 22 қыркүйек пен 25 қазан аралығында Қазақстан Республикасының барлық аумағында өткізіледі.
5. Конкурсты өткізу қағидалары Ұлттық музейдің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрліктері мен облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының мәдениет басқармаларының интернет-ресурстарында, сондай-ақ республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.
6. Конкурсқа кәсіби және кәсіби емес суретшілер, бейнелеу өнері бойынша оқытушылар оқушыларымен бірге қатысу үшін шақырылады. Ұжымдық авторлық шығармашылық туындыларға рұқсат етіледі (бұдан әрі - Қатысушы).
7. Конкурсқа осыған дейін жарияланбаған және іске асырылмаған шығармашылық жұмыстар (жобалар) жіберіледі, сондай-ақ бір автордан бір жоба және бір өтінім қабылданады.
8. Конкурс 4 кезеңнен тұрады:
1) I кезең - 2022 жылғы 25 қыркүйек пен 2 қазан аралығында осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурстық өтінімдер mnrkkonkurs2022@mail.ru электронды мекенжайында қабылданады.
Қатысушы толық ақпарат ұсынбаған жағдайда, өтінім қаралуға жатпайды.
2) II кезең - 2022 жылғы 3-17 қазан аралығында конкурсқа қатысу үшін шығармашылық жұмыстар қабылдау жүргізіледі.
Конкурс қатысушысы шығармашылық жұмыстарды осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Конкурстың тақырыптық бағыттарына сүйене отырып, әзірлейді.
Конкурс қатысушысы авторлық шығармашылық жұмысты осы Қағидалардың 8-тармақ 2) тармақшасында көрсетілген мерзімде Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 54 мекенжайындағы Ұлттық музейге ұсынады.
Конкурсқа ұсынылған шығармашылық жұмыстар қол қойылып, келесі ақпараттар: авторы, атауы, шыққан жылы, техникасы және размері (80х60 см.) көрсетілуі тиіс. Шығармашылық жұмыстар (кескіндеме үшін багетпен, паспарту, рамка, графика үшін шыны әйнекпен) безендірілген түрде ұсынылады.
3) III кезең - 2022 жылғы 17-21 қазан аралығында шығармашылық жұмыстарды іріктеу шаралары жүргізіледі.
4) IV кезең - 2022 жылғы 25 қазанда жеңімпаздарды марапаттау рәсімі және шығармашылық жұмыстар көрмесінің ашылуы өтеді.
9. Конкурс нәтижесінде Ұлттық музейде Республика күніне арналған көрме ұйымдастырылып, сондай-ақ Ұлттың ұлы ұстындары республикалық шығармашылық конкурсының қазылар алқасының мүшелері (бұдан әрі - Қазылар алқасы) іріктеген шығармашылық жұмыстардың каталогы (бұдан әрі - Каталог) басып шығарылады.
10. Каталогқа сондай-ақ Qyzğaldaq-2022 ІІ халықаралық студенттік конкурс-пленэрі, Рухани мұра мектеп және өнер колледждерінің жас суретшілері арасындағы республикалық онлайн-байқауы жеңімпаздарының шығармашылық жұмыстары кіреді.
11. Каталог әрі қарай ұлттық көркем образдар, тарихи-мәдени объектілер, оқиғаларды қалыптастыруда, сондай-ақ полиграфиялық өнімдер, интерьерлер мен экстерьерлерді безендіруде пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне жолданады.
12. Іріктелген шығармашылық жұмыстар Ұлттық музейдің қорына тұрақты сақтауға беріледі.
13. Жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі Ұлттық музейде эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, офлайн немесе онлайн форматында өтеді.
14. Конкурс жеңімпаздарына салтанатты түрде осы Қағидалардың
29-тармағына сәйкес диплом және ақшалай сыйақы, барлық қатысушыларға сертификат тапсырылады.
15. Жеңімпаздарға ақшалай төлемдер Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі дербес есепшоттарына аудару арқылы жүзеге асырылады.
16. Қазылар алқасының хаттамасы ақшалай төлемдерді жасау үшін негіз болып табылады.

4 тарау. Ұйымдастыру комитеті

16. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес құрамда ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
17. Ұйымдастыру комитеті Конкурсқа дайындық және ұйымдастыру жұмыстарына басшылық етеді.
18. Конкурс жұмысын жарнамалау мақсатында Ұйымдастыру комитеті бұқаралық ақпарат құралдарына баспасөз хабарламаларын, Конкурс бағдарламасы мен ақпараттық-анықтамалық сипаттағы өзге де материалдарды ұсынады.
19. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері өз функцияларын қоғамдық негізде жүзеге асырады.
20. Ұйымдастыру комитеті туралы жеке мәліметтер: байланыс телефоны: 8 71 72 91 90 29, 8 776 133 01 25, электронды пошта: mnrkkonkurs2022@mail.ru.

5 тарау. Конкурстың қазылар алқасы

21. Осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес құрамдағы Қазылар алқасы осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген тақырыптық бағыттар бойынша байқау құжаттарын қарастырады, бағалайды, сыйақыларды табыстау туралы шешім қабылдайды.
22. Қазылар алқасының құрамы, төрағаны қосқанда, тақ саннан тұруы тиіс, дауыс саны тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
23. Конкурстың Қазылар алқасы өтінімдерді қарау барысында үміткерлердің өтінімдері мен шығармашылық жұмыстарын келесі критерийлер: көркемдік жағынан (критерийлер бойынша) сапалы және ұсынылған тақырыптың идеясын (автордың ойын) ашып көрсететін, шығармашылық жұмыстардың креативтігі негізінде бағалайды.
24. Қазылар алқасы:
1) атаулы сыйлықтар беруге және сыйлықтарды қатысушылар арасында бөлуге;
2) арнайы марапаттарды тағайындауға құқылы.
25. Конкурстың Қазылар алқасы ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыстардың негізінде шешім қабылдайды, нәтижесі Қазылар алқасының төрағасы мен мүшелері қол қойған хаттамамен рәсімделеді.
26. Конкурстың Қазылар алқасының сыйақыларды беру жөніндегі шешімі Фестивальдің жабылу рәсімінде жарияланып, соңғы шешім болып саналады және қайта қаралмайды.
27. Конкурстың Қазылар алқасы отырысының өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер болып табылатын және мемлекеттік ұйымдарда немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар болып табылатын қазылар алқасының мүшелеріне қаламақы төленбейді.

6 тарау. Конкурсты қаржыландыру

33. Конкурсты қаржыландыру Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру 033 бюджеттік бағдарламасының Тарихи-мәдени мұраны сақтауды қамтамасыз ету 107 кіші бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.
34. Конкурстың тақырыптық бағыттарына сәйкес іріктеуден өткен жұмыстарға келесі ақшалай сыйлықтар белгіленеді:
Мектепке дейінгі мекемелерге арналған образдар:
1) Гран-при - 500 000 (бес жүз мың) теңге;
2) 1 орын - 300 000 (үш жүз мың) теңге;
3) 2 орын - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
4) 3 орын - 100 000 (жүз мың) теңге.
Бастауыш сыныптарға арналған образдар (1-4 сыныптар):
1) Гран-при - 500 000 (бес жүз мың) теңге;
2) 1 орын - 300 000 (үш жүз мың) теңге;
3) 2 орын - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
4) 3 орын - 100 000 (жүз мың) теңге.
Орта және жоғары сынып оқушыларына арналған образдар (5-11 сыныптар):
1) Гран-при - 500 000 (бес жүз мың) теңге;
2) 1 орын - 300 000 (үш жүз мың) теңге;
3) 2 орын - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
4) 3 орын - 100 000 (жүз мың) теңге.
Интерьер мен экстерьерге арналған жалпы тақырыптар: қабырға кескіндемесі, мурал, билборд (барлық жас ерекшеліктерін қамтиды):
1) Гран-при - 500 000 (бес жүз мың) теңге;
2) 1 орын - 300 000 (үш жүз мың) теңге;
3) 2 орын - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
4) 3 орын - 100 000 (жүз мың) теңге.
35. Барлық ақшалай сыйлықтар жеке табыс салығы ескеріле отырып есептелді.
36. Қазылар алқасының мүшелеріне көзделген қаражат шегінде және есебінен 100 000 (жүз мың) теңге қаламақы төленеді.

7 тарау. Қорытынды ереже

37. Осы Қағидалармен реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
Ұлттың ұлы ұстындары
республикалық шығармашылық
конкурсын өткізу қағидаларына
1-қосымша

Нысан

Ұлттың ұлы ұстындары республикалық шығармашылық конкурсына қатысуға өтінім

тақырыптық бағыты ___________________________________ _____
___________________________________ ________________________

1. Қысқаша кәсіби өмірбаяны:

Тегі

аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда)

туған күні

атағы, марапаттары (болған жағдайда)

мекен-жайы

телефон

жұмыс орны

электронды почта

білімі (мамандығы)

ғылыми дәрежесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыстар туралы түсінік,олардың түрлері
Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру маңыздылығы
Сынып жетекшісі және оқушылар ұжымын тәрбиелеу
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын және тәрбие сағатын ұйымдастыруы.
Сынып ұжымымен тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
Мектептегі тәрбиелік шараларды ұйымдастыру әдістемесі
Сынып ұжымын ұйымдастыру
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
ХХі ғ. мектебінде оқу – тәжірибелік учаскені ұйымдастыру: проблемалар мен оларды шешудің мүмкіндіктері
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРАЛАР АРҚЫЛЫ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
Пәндер