Екінші деңгейлі банктердің құнды қағаздар нарығын құрастырудағы және дамытудағы ролі


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы түсінік және оның мемлекеттік реттелуі

1. 1 Құнды қағаздар нарығына түсінік және оның мемлекеттік реттелуі . . . 5

1. 2 Қазақстан Республикасының құнды қағаздары және оның түрлері . . . 11

2. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ Банктердің ҚҰНДЫ қағаздар нарығын ҚҰРАСТЫРУДАҒЫ ЖӘНЕ ДАМЫТУДАҒЫ РОЛІ

2. 1 Қазақстан Республикасының жалпы қор нарығындағы жағдайына талдау. . 16

2. 2 «Банкцентркредит» АҚ-ның құнды қағаздар нарығындағы қызметіне талдау . . . 20

3. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ Банктердің ҚҰНДЫ қағаздар нарығындағы даму перспективалары

3. 1 Екінші деңгейлі банктердің ссудалық қоржындарын қорғау . . . 24

3. 2 Вексель және оның екінші деңгейлі банктердің активті операцияларының дамуындағы ролі . . . 30

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 33

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 34

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: "Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр. Біз экономикамыз мен мемлекетіміздің берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық", - деп Елбасымыз Қазақстан халқына жарқын болашағымыз біздің қолымызда екендігіне тағы да көзімізді жеткізді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан - 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» халыққа Жолдауында: «Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шетел инвестицияларын тартуға негізделеді. » - деп айтқандай, бағалы қағаздар нарығындағы банктің іс-әрекеті - нарықтық экономиканың маңызды құрылымдарының бірі.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына 28 ақпан 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауының бесінші бөлімінде жаңа кезеңнің негізгі міндеттері «Қазақстан әлемдік тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар рыногының шын мәнінде ажырағысыз да серпінді бөлігіне айналуы үшін біз он басты міндетті шешуге тиіспіз. », - оның ішіндегі: «Бірінші міндет - экономиканың тұрлаулы дамуын жай қамтамасыз етіп, ұстап тұру емес, оның өсуін басқару» барысындағы міндетіміз «Біздің тиімді жұмыс істейтін қор рыногын құруымыз керек. Оның дамуы халықты өз салымдарын бағалы қағаздарға белсенді инвестициялауға тартпайынша мүмкін емес. »

Жоғарыда аталған Президент Жолдауында: «Алтыншы бағыт - Ырықтандыру жағдайында қаржы жүйесінің орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі», - деп атап көрсеткендей бағалы қағаз нарығын «Бесіншіден, біз тиімді жұмыс істейтін қор рыногын құруымыз керек. Халықты өзінің жинақ ақшасын бағалы қағаздарға салуға кеңінен тартпайынша, оның дамуы мүмкін емес. Халықты инвестициялық сауаттылық әліппесі бойынша нысаналы оқыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізу де қажет», - деп атап ерекше міндеттеді.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Президентіміз «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында: «Қазақстанның банк жүйесі тарапынан экономиканың келешегі зор секторларына нарықтық жағынан орнықты қолдау көрсетуі үшін жағдай жасалуын және банктердің өңірлік экономикалық жобаларға, соның ішінде мемлекеттік - жеке меншік әріптестік шеңберінде қатысуын бағалы қағаздар нарығын күшейту қажет», - деп айтқандай, бағалы қағаздардың біздің елімізде банктер мен басқа несиелік институттардың даму болашақтары бойынша сұрақтары ерекше болып келеді.

Қазақстан Республикасы өз егемендігін алғаннан соң өз экономикасына, өз заңына ие болды. Осымен байланысты бағалы қағаздар нарығын дамыту қажетті болып табылады. Ал бағалы қағаздар нарығы қазір біздің елімізде жаңа даму үстінде.

Статистикалық деректерге сүйене отырсақ Қазақстан қор биржасында (КАSE) жасалған операциялар көлемі нарықтың барлық секторында 4425, 3 миллион долларға жетті, яғни 682, 9 миллиард теңгеге 2006 жылдағы осы кезең кезіндегі операциялар көлемімен 2007 жылғы операцияларды салыстырсақ олар долларлық эквивалентте 1, 39 есе өскен.

Әрине мұндай жағдай біздің қор нарығының жаңа даму үстінде екендігін көрсетеді. Теориялық материалдарға сүйене отырып, және тәжірибе материалдарды талдай отырып мен өзім бұрыннан бері мүдделі болып жүрген тақырыбымды, яғни бағалы қағаздар нарығындағы банктердің рөлін осы дипломдық жұмысымда толығырақ ашып қарастыруға тырыстым.

Әрине құнды қағаздар нарығының банктерсіз қалыптасуы мүмкін емес.

Кез-келген елдің құнды қағаздар нарығын немесе қор биржасын алып қарастырсақ банктердің осы елдің бағалы қағаздар нарығында банктердің алатын рөлі өте зор. Ал біздің елде осы бағалы қағаздар нарығында банктердің алатын рөлі қаншалықты маңызды екендігін мен өзімнің дипломдық жұмысымда ашып қарастыруға тырыстым.

Мен өз курстық жұмысыма осы тақырыпты алу себебім, бұл осы тақырыптың зерттелмей қалмауы емес бірақ диалектикалық ізденімде шек жоқ демекші, мен өз курстық жұмысымда осы тақырыптың тереңдеу ашылмай қалған кездерін ашып түсіндіруге тырыстым.

Құрылымдық жағынан курстық жұмыс: кіріспе, үш тараудан және қорытындыдан тұрады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығын құрастырудағы және дамытудағы екінші деңгейлі банктердің ролін анықтау.

Жұмыстың басты мақсатына жетуде келесі міндеттер қарастырылды:

-Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы түсінік және оның мемлекеттік реттелуі;

-коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметтеріне талдау;

-банктердің бағалы қағаздар нарығындағы даму перспективалары;

Жұмыстың зерттеу пәні ретінде екінші деңгейлі банктердің құнды қағаздар нарығын құрудағы қаржылық қызметтері болып табылады.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕЛУІ

1. 1 Құнды қағаздар нарығына түсінік және оның мемлекеттік реттелуі

Нарықтық экономика әр түрлі нарықтар жағдайын өзіне енгізеді. Сол нарықтардың бірі қаржы нарығы болып табылады.

Қаржы нарығы - ақша қаражаттарын экономикаға қатысушылардың арасында өзара бөлетін нарық болып табылады. Басқаша айтқанда оны экономиканың жүрегі деп айта аламыз, қаржы нарығының көмегімен бос қаржы ресурстары бір жерге жинақталып, оны тиімді қолдана алатын тұлғаларға бағыттайды. Қаржы нарығының элементтері бағалы қағаздар нарығы немесе қор нарығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығы - бұл несиелік қатынастарды дамытатын және меншіктестікті бағалы қағаздар арқылы жүзеге асыратын нарық.

Қаржы қаражаттарын бағалы қағаздар арқылы таратудың маңызы, ол бағалы қағаздардың нарықта еркін айналу мүмкіншілігі болып табылады. Сондықтан, өз қаржысын белгілі бір өндіріске бағалы қағаздар сатып алу арқылы салған тұлға, өз қаражаттарын /толық немесе белгілі бір бөлімін/, бағалы қағаздарды сату арқылы қайтара алады. Және осы кездегі оның іс- әрекеті өндіріс рпоцесіне әсер етпейді себебі ақша кәсіпорыннан алынбайды. Бағалы қағаздарды еркін сатып алу, сату мүмкінділігі, салымшы кез келген шаруашылық жобаға қаражатын қанша уақытқа салам десе, сонша уақытқа салуға еркіндік береді.

Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы өндіріс және сауда қызметінің даму себебінен оған қосымша қаражат тарту қажеттілігінен туындайды. Өндіріс көлемінің өсуіне байланысты және, әрі қарай дамыту үшін бір немесе бірнеше кәсіпкердің қаражаты жеткіліксіз болды. Сондықтан көбірек тұлға-лардың қаржысын тарту қажет болды. ХIХ - шы ғасырдағы теміржол салудың дамуы көптеген ақша қаражаттарын қажет етті. Осы кезеңде бағалы қағаздар нарығы жақсы дами бастады.

Бағалы қағаздардың қаржы ресурстарын тарту құралы ретінде пайда болуы белгілі дәрежеде шаруашылық қызметке байланысты тәуекел мәселесін шешуге көмек береді. Егерде белгілі бір тұлға үлкен тәуекелге бел буса, онда ол бағалы қағаздардың үлкен қоржынын сатып алады, ал керісінше жағдайда бір немесе бірнеше бағалы қағаздарды сатып алумен шектеледі. Бағалы қағаздардың мұндай қасиеті жаңа тауар өндіретін немесе жаңа қызмет көрсететін кәсіпорындар үшін өте тиімді болып табылады. Себебі, мұндай жағдайда банктен несие алу өте қиын мәселе болып табылады. Акциялар шығару жаңа кәсіпорындардың, жаңа жобаларын қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Салымшылар үлкен тәуекелге барады, бірақ олжалы жағдайда олар үлкен пайда табады. Мысалға IВМ кәсіпорыны да барында тәуекелі бар кәсіпорын ретінде пайда болған.

Ұдайы салымшылар санын өсіру үшін қағаздар шығарылуы мүмкін. Осының нәтижесінде ақша қаражаттарының тарту көлемін ұлғайтуға болады. Осы айтқандарымыздың барлығын қортындылай отырып келесідей тұжырым айта аламыз:

Қор нарығының бірінші қызметі салымшылардың қаражаттарын шаруашылық қызметін көлемін ұлғайту үшін қолдану.

Екінші қызметі - ақпараттық, яғни ол экономиканың коньюнктурасы жайлы ақпарат береді, және салымшыларға капиталдарын қайта салуы керектігі жайлы ақпарат береді. Берілген ақпарат бағалы қағаздардың курстық бағасында көрсетілген. Мысалы: белгілі бір кәсіпорынның акциясының бағасы өссе, онда ол осы кәсіпорынның шаруашылық қызметінің өсуін білдіреді және керісінше. Және осындай жағдай қор нарығымен жалпы экономикаға тән. Бағалы қағаздардың курстық бағасының төмендеуі экономиканың тоқырауын білдіреді және керісінше. Бұл тәртіптің терістік жағдайлары да болады, бірақ көп жағдайда қор нарығы экономика қозғалысының бағытын дұрыс анықтайды. Бұған келесі жағдайлар дәлел бола алады.

Қазақстанның қор нарығының дамуы 1997 жылдың 2 - ші жартысында байқалды. Дәл осы кезеңде сауда санының ең үлкен саны тіркелді, сауда тізімінде Республиканың 13 компаниясының 24 акциясы орын алды және олардың кейбіреулернің 20 миллиард теңгеден асып түсті. ”Қазақтелеком” Акционерлік қоғамының акциясының курсы 1997 жылдың қыркүйек - қараша айларында 1200 - 1500 теңгені құрады, ал сату курсы 1400 - 1800 теңгеге тең болды. Бұл акцияларға инвестиция салғандар жақсы түсіндірілмейді, жалпы Қазақстанның экономикасының төмендеуімен түсіндіріледі. Осылайша қор нарығындағы жағдай экономиканың алдағы жағдайы жайлы мәлімет береді. Мынадай кезектіліктің пайда болуы және қор нарығымен экономикалық коньюнктураның байланысы келесіден туындайды, салымшылар белгілі бір кәсіпорынның болашақ шаруашылық жағдайын талдау үшін әрдайым мәліметтер жинап оларды талдайды. Егер алынған мәлімет оңтайлы болса, олар қағаздарды сатып алады, ал керісінше болған жағдайда сатады.

Осының нәтижесінде бағалы қағаздардың курстық бағасы кәсіпорынның шаруашылық жағдайының қорытындысы білінбей жатып өзгереді. Қор нарығының жағдайы экономиканың тұрақты дамуына үлкен әсер етеді, бағалы қағаздардың бағасының аз уақытта күрт түсуі, экономиканың тоқырауына әкеледі.

Салымшылар мұндай жағдайда әдетте өздерінің тұтыну қажеттіліктерін азайтады, тауарлар мен қызметтерге сұраныс азаяды, кәсіпорындарда өткі-зілмеген өнім жинала бастайды, олар өндірісті азайтып жұмыскерлер санын қысқарта бастайды, ол тұтыну деңгейін одан әрі қысқарта түседі. Сонымен қатар курстық бағаның төмендеуі жаңа бағалы қағаздар шығару арқылы қаражат тарту мүмкіндігін азайта түседі.

Бағалы қағаздар нарығын ақша нарығы және капитал нарығы құрайды. Ақша нарығы - бұл нарықта қысқа мерзімді бағалы қағаздар айналысқа түседі. Егер де қағаз нарықта бір жылға дейін айналса онда ол ақша нары-ғының құрамы ретінде қарастырылады. Ақша нарығы шаруашылық субьек-тілердің қысқа мерзімді қаржыландыруға қызмет етеді.

Капитал нарығы - бұл нарықта бағалы қағаздар немесе қағаздар мерзімсіз бір жылдан айналыста болады. Капитал нарығы шаруашылық субьектілерді ұзақ мерзімде қаржыландыру үшін қызмет етеді.

Ұйымның құрылымы бойынша бағалы қағаздар нарығын екіге бөледі. Бірінші және екінші нарық. Бірінші нарықта бағалы қағаздың алғашқы орналасуы жүзеге асырылады. Кез - келген бағалы қағаз алғаш рет бірінші нарықта қарастырылады. Осылайша “Бірінші нарық” термині жаңа шығарылған бағалы қағаздарды сатуға жатады. Бірінші нарықта бағалы қағазды сату арқылы оны шығарғандар өздеріне қажетті қаржы қаражаттарын алады, ол қағаздар бірінші ұстаушылар қолына түседі. Осылайша, бірінші нарық функциясы жаңа капитал тартудан тұрады.

Бағалы қағаздар заңды тұлға-лармен шығарылады. Бағалы қағаздарды шығарушы тұлғалар эмитент - деп аталады, ал қағаздарды шығару эмиссия деп аталады. Бағалы қағаздарға өз қаражатын салушы заңды немесе жеке тұлға “инвестор” деп аталады. Қор нарығында қағазды сатып алушылардың негізгілері заңды тұлғалар болып табылады, көбінесе банктер, сақтандыру ұйымдары, инвестициялық, зейнетақы қорлары, өйткені көбінесе осылар үлкен қаражат соммаларына ие.

Қор нарығында “институционалдық инвестор” термині бар, ол біреудің активтеріне ие болатын мамандарға жатады, немесе тартылған қаражат арқылы қаржылық активтерге ие кәсіпорындарды атайды. Алғашқы инвес-тор бағалы қағазды сатып алғаннан соң ол оны басқа тұлғаларға қайта сатуға еркінді, ал олар оны басқа салымшыларға сатуға ерікті. Бағалы қағазды алғашқы және одан кейінгі қайта сату екінші нарықта жүзеге асады.

Бағалы қағаздардың айналысы жүзге асатын нарық екінші нарық деп аталады. Бұл нарықта эмитент үшін қаржы ресурстарын тарту жүзеге асырылмайды, тек қана келесі инвесторлар арасында ресурстардың қайта бөлінуі байқалады. Екінші нарық қайта сату механизмі болып табылған-дықтан инвесторларға қағаздарды еркін сату мүмкіндігін тудырады. Екінші нарық жоқ болған жағдайда немесе дұрыс дамымаған жағдайда бағалы қағаздарды қайта сату мүмкіндігі болмайтын еді, ол инвесторлардың қағазды сатып алуға мүддесіз болуына әкеледі. Мұның нәтижесінде қоғам ұтылыста болады, себебі көп кәсіпорындар негізінен жаңа кәсіпорындар қажетті қаржы ресурстарын ала алмайтын еді.

Екінші нарық құрылымына биржалық және биржадан тыс нарықтарға кіреді. Екінші нарықтың былай бөлінуі бағалы қағаздардың барлығы биржада айнала алмайтынын дәлелдейді. Тарих бойынша алдымен биржадан тыс нарық пайда болған, содан кейін бағалы қағазадар арқылы жасалатын операциялар көлемі өсу нәтижесінде қор биржалары пайда болды. Алдында айтылғандай биржада бағалы қағаздардың барлығы айнала алмайды. Әдетте мұндай жағдайды тұрақты компаниялардың бағалы қағаздары айналысқа түсе алады.

Ал қаржылық жағдайы тұрақсыз жас компаниялардың бағалы қағаздары биржадан тыс айналады. Әр компания өзінің бағалы қағаздарын биржада айналдыруға тырысады, өйткені бағалы қағаздары биржада айналысқа түссе, ол жағдай әдетте компанияның тұрақты екендігін дәлелдейді.

Эмитенттер бойынша қор нарығы мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздар болып бөлінеді.

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар нарығы қаржы ресурстарын кәсіп-орындарға жинауға әсерін тигізеді.

Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы екі негізгі мәселені шешуге әсер етеді. Мемлекет өзіне қажетті ақша ресурстарын жинап алады және мемлекеттік бюджеттің дифицитін жабады.

Мемлекет экономикадағы пайыздық қойылымды реттейді, пайыздық қойылым ақшаның бағасы болып табылады, сондықтан ақша ұсынысынан тәуелді болады.

Егер Ұлттық банк кәсіпкерлік белсенділікті пайыздық қойылымды төмендету арқылы ынталандырам десе, онда ол мемлекеттік бағалы қағаз-дарды сатып ала бастайды.

Бұл жағдайда экономикаға қосымша ақша массасы түседі және пайыздық қойылымы төмендейді. Егер ұлттық банк тез экономикалық өсімі инфляцияға алып келеді деп есептесе, онда ол мемлекеттік бағалы қағаздарды сата бастайды, ал ол пайыздық қойылымның өсуіне және кәсіпкерлік белсенділіктің тұрақтануына әкеледі.

Мемлекет инвесторлар мен эмитенттердің қызметерін реттеп отырса, бағалы қағаздар нарығы өз қызметтерін тиімді орындайтын еді.

Мемлекеттік реттеу келесі жолдармен жүзеге асырылады:

-Эмитенттер мен бағалы қағаздар нарығына қатысушыларының қызметтеріне міндетті талап қою арқылы;

-Шығарылған бағалы қағаздарды тіркеп және эмиссия талаптарының орындалуына бақылау жүргізу арқылы;

-Бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың қызметін лицензиялау арқылы;

-Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуде, бағалы қағаздар бойынша ұлттық комиссия негізгі роль атқарады.

Ол бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың қызметіне бақылау жасайды және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды эмиссиялау стандарты-мен анықтайды. Банктік және несиелік мекемелердің қызмет атқаруына бақылауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі атқарады. Бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың қызметін реттеуде қор нарығының өзіндік реттелетін ұйымдары орын алады, олар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздары бойынша ұлттық комиссия рұқсатымен құрылады. Бағалы қағаздар нарығы өз қызметін тиімді атқара алады, егерде ол қаржылық махинациялармен, заңсыз бәсекелестіктен қорғалса. Осыған байланысты бағалы қағаздар нарығының қызметін жүзеге асыруда мемлекеттік заң тарапына оған көптеген талаптар қойылады. Бірінші бағалы қағаздарды шығару бойынша белгілі әдістер жүргізіледі. Қағаздар шектелген немесе шектелмеген тұлғалар тізімдер арасында айнала алады. Егерде шығару талабы бойынша бағалы қағаздарды шектеусіз тұлғалар арасында берсе мұндай эмиссия ашық эмиссия деп аталады, егерде бағалы қағаздар орналасуы шктеулі тұлғалар арасында болса мұндай эмиссия жабық эмиссия деп аталады.

Жабық немесе ашық эмиссия кезінде иеленушілердің саны 500 - ден астам болған кезде және эмиссия көлемі 5 минималды еңбек ақы көлемінен асса, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар бойынша ұлттық эмиссиясында тіркеуге алынуы тиіс.

Инвестор өзінің қағаздарын тіркеуге алынғаннан кейін сата алады. Ашық эмиссия кезінде эмитент өзінің қаржылық жағдайы жайлы ақпарат беріп отыруы қажет, және ол мерзімдік басылымға қаржылық жағдайын жазу керек, ол баспаның тиражы 5 экземплярдан аз болмауы керек. Жыл сайын эмитент бағалы қағаздар бойынша ұлттық комиссияға бағалы қағаздар жағдайы жайлы есеп беруі керек, сонымен қатар бағалы қағаздар иелеріне де егерде олар талап етсе.

Екіншіден қызметтік ақпаратты қолдануына бақылау жүргізіледі. Қызметтік ақпаратты білуші тұлғаларға оларды үшінші тұлғаларға жариялауға рұқсат берілмейді. Қызметтік ақпаратқа ие тұлғаларға келесілер жатады:

-эмитентті және бағалы қағаздар нарығына қатысушылрады басқарушы органның қызметтік тұлғалары;

-эмитенттің немесе бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың аудиторлары;

-көрсетілген ақпаратқа ие мемлекеттік органдардың қызметкерлері.

Үшіншіден бағалы қағаздар нарығандағы жарнамалық қызмет реттеледі. Бағалы қағаздарды және төленген немесе есептелген табыстар туралы ақпараттар жарнама болып табылады. Жарнамаға келесілерде тыйым салынады:

-эмитенттің қызметі және оның бағалы қағаздары туралы нақты емес ақпарат беруге;

-болжамды табыс көлемін көрсетуге немесе кепілдік етуге;

-жарнаманы бәсекелестікке қолдануға;

-эмиссиондық бағалы қағаздарды тіркестірмей жатып алдын ала жарнамалауға тиым салынады.

Төртіншіден белгілі жағдайларда бағалы қағаздар нарығына қатысушылар өздерінің бағалы қағаздармен жүргізетін опреациялары жайлы ақпарат берулері керек, себебі бағалы қағаздар нарығында инвесторлар бір - бірімен жалпы мүдде арқылы байланысты болып, басқа салымшыларға кері әсерлерін тигізулері мүмкін. Сондықтан заң аффинирлендірілген тұлға түсінігін енгізеді. Қазақстан Республикасының “Акционерлік қоғамдар” туралы заң аффинирлендірілген тұлғаға 10% -дан астам акциясы бар тұлғаны жатқызады.

Заң талаптары бойынша акционерлік қоғамдар мұндай тұлғалар бойынша есеп беріп отыруы қажет.

Бағалы қағаздар нарығы бойынша заң бұзушыларға заңмен сәйкес санкциялар қолданылады.

Қазақстан Республикасында отандық бағалы қағаздаар нарығын дамыту бойынша мемлекет тарапынан мақсатты бағытталған саясат жүргізіледі.

Қазақстан Республикасында 17. 05. 96 жылы бағалы қағаздар нарығын дамыту бағдарламасы бойынша қаулы қабылданды. Бұл бағдарлама келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

  • Бағалы қағаздар нарығының заңдық базасының құрылуы;
  • Институционалды инвесторлар жүйесінің құрылуы;
  • Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын құру;
  • Бағаалы қағазадар нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру;
  • Бухгалтерлік және қаржылық есеп беруді реформалау;
  • Бағалы қағаздар нарығының өзіндік реттелуі;
  • Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандарын дайындау жүйесі;
  • Бағалы қағаздар нарығының ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін дамыту;
  • Отандық бағалы қағаздар нарығын халықаралық қаржылық нарықтар жүйесіне енгізуге алғышарттар жасау.

Бағалы қағаздар нарығының заңдық базасын құру бағыттрадың ішіндегі негізгі бағыт болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экономикасының нақты секторын белсендірудегі бағалы қағаздар нарығы
ҚР-ғы Ұлттық Банктің ақша-несие саясаты
Екінші деңгейлі банктің қызметтері
Қазақстан 2030 жылға бастама
«Қазпочта» ақ компаниясына жалпы сипаттама
Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несие жүйесінің қалыптасуы және жетілдіру жолдары
Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларын эмиссиялық операциялар
Қаржы және валюта нарықтары негізгі мәліметтер және қор биржасы
Коммерциялық банктердің қызметі саласындағы әлемдік тәжірибені оқып білу және оның жергілікті жағдайға бейімделуі
Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеудің талдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz