Бағалы қағаздар портфелін басқару



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3I БӨЛІМ. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ПОРТФЕЛІНІҢ ТҮСІНІГІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Бағалы қағаздар портфелі түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2.Портфельдік инвестиция және оның модельдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3. Бағалы қағаздар портфелінің типтері мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... 11
II БӨЛІМ. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ПОРТФЕЛІНІҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.1.Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2.Бағалы қағаздар портфелін басқарудағы техникалық және фундаментальді анализ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 23
2.3. Бағалы қағаздар портфелінің тәуекелін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24


III БӨЛІМ. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ПОРТФЕЛІН БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
3.1. Пассивтік бағалы қағаздар портфелін басқару стратегиясы ... ... ... ... ... ..30
3.2. Активтік бағалы қағаздар портфелін басқару стратегиясы ... ... ... ... ... ... 32
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3I БӨЛІМ. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ПОРТФЕЛІНІҢ ТҮСІНІГІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Бағалы қағаздар портфелі түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2.Портфельдік инвестиция және оның модельдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..7
1.3. Бағалы қағаздар портфелінің типтері мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... .11
II БӨЛІМ. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ПОРТФЕЛІНІҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.1.Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.2.Бағалы қағаздар портфелін басқарудағы техникалық және фундаментальді анализ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 23
2.3. Бағалы қағаздар портфелінің тәуекелін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24


III БӨЛІМ. Бағалы қағаздар портфелін басқару стратегиялары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
3.1. Пассивтік бағалы қағаздар портфелін басқару стратегиясы ... ... ... ... ... ..30
3.2. Активтік бағалы қағаздар портфелін басқару стратегиясы ... ... ... ... ... ... 32
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..36

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан бері экономикасы нарықтың өзгермелі процесінде қалыптасып келеді. Мемлекетіміздің пайда болуының алғашқы жылдары қиын жағдайда болғанмен, бүгінде жаңа реформалар, экономиканы тұрақтандыру шараларының алуан түрлілігі, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың күрделі стратегиялары ұлттық экономиканы алға жетелеуде. Осы орайда ел басымыздың қойған мақсаттарының бірі - қор нарығы және бағалы қағаздар саласын дамыту болып табылады.
Нарықтық экономика үлгісінде кәсіпорындардың нарықтық жағдайды және реттеу шараларын оңтайлы пайдалануы өндіріс тиімділіігн арттыруда маңызды рөл атқарады. Кәсіпорын басшылығы уақытша бос қаржылық ресурстарды оптималды қолдануға міндетті, бұл кәсіпорынға максималды табыс алуға мүмкіндік береді. Бағалы қағаздар - нарықтық айналымның дамуының қажетті анықтауышы . Фирманың капитал қозғалысын тиімді басқару бағалы қағаздардың курстық бағасының өсуінен қосымша табыс алу үшін бағалы қағаздарға уақытша бос ақша қаражаттарының салынуын ұйғарады. Әрине, қазіргі кезде қазақстандық бағалы қағаздарға уақытша бос ақша қаражаттарын салу капитал өсірудің тәуекелді тәсілі болып табылады, себебі Қазақстанның қор нарығы онша дамымаған және ол келесілермен сипаттарлады:
Бағалы қағаздар нарығын реттейтін заңнамалық базаның толығымен жоқтығы;
Эмитенттердің бағалы қағаздарының көбісінің төмен ликвидтілігі;
Елдегі тұрақсыз әлеуметтік жағдай;
Сату және сатып алу бағасы арасындағы айырмашылық;
Акциялары екіншілік нарықта қозғалатын кәсіпорындардың өндірістік нәтижелері жөнінде ашық ақпараттардың жоқтығы.
Қазіргі типтік қажеттіліктерге жауап беретін инвестиция обьектілерінің таңдау кеңдігі мен көпжылдық статистикалық база - классикалық портфельдің құрылуының екі қажетті жағдайы. Қазіргі кезде портфельдік инвестицияның алуан түрлі теориялары қалыптасты. Курстық жұмыстың мақсаты: техникалық анализ көмегімен бағалы қағаздар портфелін басқару мүмкіндігін көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
oo Бағалы қағаздар портфелі ұғымына және бағалы қағаздар портфелін басқару қызметіне сипаттама беру;
oo Техникалық анализ көмегімен бағалы қағаздар портфелін басқару. Техникалық анализ бағалы қағаздар портфелін статистикалық базамен құрастырылған графиктер мен индикаторлар арқылы басқаруға және бұл бағалы қағаздарды сату-сатып алу кезінде дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.
oo Бағалы қағаздар портфелінің түрлері мен типтерін ашып көрсету.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні - мемлекетіміздің экономикалық жағдайын талдау, атап айтса, бағалы қағаздар нарығы ұғымының мәнін ашу, бағалы қағаздар портфелінің түрлерін зерттеу және бағалы қағаздар нарығындағы мәселелерді шешу жолдарын көрсету. Курстық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасы- ның бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайы, еліміздің банк сферасындағы бағалы қағаздар портфелін басқарудың қазіргі жағдайы, отандық және шетелдік банктердегі ақша-несие саясаты және банк жүйесі болып табылады.
Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының заңдары, шетелдік және ақпарат көздері, интернет желісінен алынған ақпараттар, нормативті актілер қолданылды.

I БӨЛІМ. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ПОРТФЕЛІНІҢ ТҮСІНІГІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1. Бағалы қағаздар портфелі түсінігі
Портфельдік инвестициялар портфельдің құрылуымен байланысты және қаржылық активтердің түрлі типтеріне салымдардың диверсификациясын жиынтығын көрсетеді. Бағалы қағаздар портфелі - бұл салымшының нақты инвестициялық мақсаттарына жетуі үшін инвестициялық қаржылық бағалы қағаздарының жиынтығы. Портфельді құра отырып, инвестор өзінің портфельдік ойлауларына тіреледі. портфельдік ойлаулар - бұл портфель иесінің өз қаражаттарын қауіпсіз, өтімді және және жоғары табысқа жету үшін өзіне керек формада және керек орында сақтауды қалау. Инвестициялық портфельдің құрылу қағидаларына салынған салымдардың қауіпсіздігі мен жоғары табыстылығы, олардың тұрақты өсімі және жоғары өтімділігі жатады. Осы қағидалардың барлығының орындалуына бірде бір бағалы қағаз жауап бермейді. Егер бағалы қағаз сенімді болса, онда табыс төмен болады, себебі сенімділікті қамтамасыз ететіндер жоғары баға ұсынады. Портфельді құрудағы негізгі мақсат - табыстылық пен тәуекел арасында оптималды арақатынасты табу. Басқаша айтқанда, сәйкес инвестициялық қаржылық құралдар салымшының ақша қаражаттарын жоғалту қаупін төмендетуге бағытталады. Инвестициялық портфельді басқаруға жоспарлау, анализ және портфель құрамын реттеу жатады. Содан басқа, кез келген портфельді басқару инвестордың өз мақсаттарына жету үшін қызметін жүзеге асырады (1-сурет). Өтімділік көмегімен активтерді сату және сатып алу немесе оларды ақша қаражаттарына айырбастау іске асады. Салымшылардың бағалы қағазға деген қызығушылығы жоғары болған сайын, осы бағалы қағаз бойынша операция көлемі де жоғары болады. Егер акциялар бақылау пакеттерінде тығыз байланысты болса, нарықта айналымда жүретін акциялар саны аз мөлшерде болады. Бұл жағдайда өтімділік төмен болады және жеткілікті көлемде бағалы қағаздарды сату және сатып алу қиынырақ түседі. Сол себептен биржада тек айналымдағы акциялар саны 25% -ті құрайтын шығарылымдар ғана саудаға жіберіледі. Инвестициялық портфельдің негізгі параметрлеріне мыналар жатады:
* портфель типі
* портфельдің табыстылық пен тәуекел үйлесімділігі;
* портфель құрылымы;
* портфельді басқару стилі;

Портфельдің екі типі бар: а) инветсициялық жобалардан, бағалы қағаздар бойынша пайыздар мен дивидендтерден табыс алуға бағытталған портфель; б) бағалы қағаздың құрамында бар курстық бағамның өсіміне бағытталған портфель.

Портфельді құру мақсаты

Өндірістің дамуы
Капиталдың сақталуы
Пайыз алу


(1-сурет). Инвестициялық жобалар портфелінің мақсаттары.

1.2. Нарықтық бағалы қағаздарға инвестициялар

Келісім-шарттардың орындалуын қамтамасыз ететін кәсіпорынның уақытша бос ақшаларының жоспарлы деңгейдегіден асып түсуі нарықтық бағалы қағаздарға салынады. Уақытша бос ақша қаражаттарын бағалы қағаздарға салу туралы шешім инвестиция көлемін анықтап қана қоймай, инвестиция обьектісі болып табылатын бағалы қағаздардың түрін анықтайды. Шешімнің осы екі компоненті өзара тығыз байланысты. Осы екі компонент болжанған таза ақша ағымдарын бағалауға және анықталмаған ағымдар бөлігіне негізделеді. Егер болжанған ақша ағымдары анықталғандықтың деңгейімен сипатталса және табыс қисық сызықты болса, яғни ұзақ мерзімді бағалы қағаздар жоғары табысты (қысқа мерзімді бағалы қағаздарға қарағанда) болса, онда кәсіпорын ақша қаражаттары қажет болған жағдайда бағалы қағаздарды өтеу үшін өз портфелін ұйымдастырады. Ақша ағымдарының моделі бүкіл портфельдің орташа табыстылығын максимизациялауға үлкен мүмкіндіктер береді, өйткені бағалы қағаздардың үлкен көлемін сату мүмкіндігі төмен. Негізгі фактор болып ақша ағымдарын болжау нақтылығы табылады. Егер ақша ағымдарын болжау нақтылығының деңгейі жоғары болса, одан да маңызды мәселе - бағалы қағаздарды өтеу болып табылады. Егер болжау бойынша ағымдар өте тұрақсыз әрі құбылмалы болса, ондағы бағалы қағаздардың негізгі сипаттамасы - оның ликвидтілік деңгейі мен бағалы қағаздың нарықтық құнының тұрақсыз болуына қатысты тәуекел. Ұзақ мерзімді төмен ликвидті бағалы қағаздарға салым салу міндеттемелердің орындалмау тәуекелін туғызады. Алайда салым салу арқылы жоғарғы табыс алуға болады. Тәуекел мен ликвидтіліктің жеткіліксіздігінен басқа, таза табысты қысқартатын трансакциондық шығындар туындайды. Осы жағдайда кәсіпорын не тәуекел не табыстылықты таңдау проблемасымен кездеседі. Неғұрлым бағалы қағаздар портфелінің көлемі жоғары болса, соғұрлым еңбек шығындарын қысқартуға және табысты ұлғайтуға болады. Инвестициялық қызметпен айналысу барысында өз қызметінің нақты анықталған саясатты қолдану және мыналарды анықтау қажет:
* Инвестицияның негізгі бағыттары (стратегиялық немесе портфельдік сипатта);
* Инвестициялық портфель құрамы мен бағалы қағаздардың қабылдарлық түрлері;
* Қағаз сапасы, портфель диверсификациясы, және т.б.
Инвестициялық портфель деп бағалы қағаздардың жиынтығын айтамыз. Портфельдік инвестициялық қызметті жүзеге асырудың мәні мынада:
Портфельдік инвестиция жоспарлауға, бағалауға, қор нарығының әр түрлі секторларында инвестициялық қызмет нәтижесін бақылауға мүмкіндік береді. Портфель корпоративтік акциялардың жиынтығын, әр түрлі деңгейдегі тәуекелділік пен қамсыздандыру облигацияларын, сонымен қатар белгілі бір түсім әкелетін бағалы қағаздарды қамтиды. Портфельдік инвестицияның негізгі міндеті - инвестициялық қызмет жағдайын жақсарту болып табылады. Портфельдің құрылуы процесінде берілген сипаттамалар бойынша жаңа инвестициялық сапа қалыптасады. Сондықтан, бағалы қағаздар портфелі көмегімен төмен тәуекел деңгейінде инвесторға қажет тұрақтылық қамтамасыз етіледі. Баланстық құн берілген портфельді алуға кеткен шығындарды сипаттайды және портфельдің келісім-шарттағы негізгі соманың баланстық құнына бағалы қағаздарды сату бойынша және сатылған бағалы қағаздар санына орташа құнды есептен шығару арқылы есептеледі. Портфельдік инвестиция бойынша түсім барлық бағалы қағаздар жиынтығының жалпы түсімін көрсетеді. Портфельдік инвестиция спецификалық инвестициялық мәселелерді шешу мақсатында портфельді таңдауға мүмкіндік береді.
Бұл үшін бағалы қағаздар портфелінің алуан түрлері қолданылады, портфельдердің әрқайсысының қалыптасқан тәуекел арасында өз балансы бар. Бұл портфель типін анықтауға мүмкіндік береді. Портфель типі - портфельдің инвестиуиялық сипаттамасы, ол табыс пен тәуекел арақатынасына негізделеді. Портфель типін бөлгенде қандай көздер арқылы (курстық бағаның өсуі немесе ағымдық төлемдер- дивиденд, пайыз төлеу арқылы) табыс алынғаны өте маңызды белгі болып келеді (2-сурет).

Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың талаптары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Инвестициялық портфельдi басқару немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызмет клиенттiң мүддесiн көздеп кiрiс алу мақсатымен жүзеге асырылады.
Инвестициялық портфельдi немесе зейнетақы активтерiн басқарушылардың олар басқаратын қаржы құралдарына қатысты құқықтарын нақтылы ұстаушылар өздерiнiң iшкi құжаттарына сәйкес есепке алады.
Клиенттердiң инвестициялық портфелiне қатысты инвестициялық шешiмдер қабылдауды инвестициялық портфельдi немесе зейнетақы активтерiн басқарушылардың құрамында кемінде үш адам болатын инвестициялық комитет жүзеге асырады. Қызметкерлердi инвестициялық комитеттiң құрамына сайлауды басқарушылардың атқарушы органы жүзеге асырады. Инвестициялық комитеттiң шешiмдерi оның отырысына қатысушы қызметкерлердiң көпшiлiк дауысымен қабылданады және жазбаша түрде ресiмделедi.


БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ПОРТФЕЛІНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАСИЕТІ

КУРСТЫҚ БАҒАНЫҢ ӨСУ БАҒЫТЫ
АҒЫМДЫҚ ТӨЛЕМДЕРГЕ БАҒДАР

ӨСУ МЕН ТАБЫС ПОРТФЕЛІ


АГРЕССИВТІК

ӨСУ ПОРТФЕЛІ
КОНСЕРВАТИВТІК
ОРТАША
ҰДАЙЫ
ТАБЫСТЫ ҚАҒАЗДАР

БАЛАНСТАЛҒАН
ЕКІ БАҒЫТТЫ
ТАБЫС ПОРТФЕЛІ

2-сурет. Бағалы қағаздар портфелінің инвестициялық қасиеті.
Инвестициялық портфельдi немесе зейнетақы активтерiн басқарушылардың келесідей функциялары бар:
1) ақшаны эмиссиялық бағалы қағаздарға және уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актiсiнің талаптарына сәйкес өзге де қаржы құралдарына инвестициялау туралы шешiмдер қабылдау;
2) қабылданған инвестициялық шешiмдердi орындау мақсатында инвестициялық портфельдi басқару және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару процесiнде бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiмен өзара iс-қимыл жасау;
3) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде және олардың iшкi құжаттарында белгiленген тәртiппен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын мәмiлелердiң есебiн жүргiзу;
4) инвестициялық портфельдi басқару немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi шарттың талаптарын орындау болып табылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, инвестициялық портфельдi немесе зейнетақы активтерiн басқарушылар эмиссиялық бағалы қағаздар мен басқаруындағы өзге де қаржы құралдарына қатысты пайдалану және билiк ету жөнiндегi құқығын жүзеге асыруға құқылы.

1.3. Бағалы қағаздар портфелінің типтері мен құрылымы

Кәсіпорын өз капиталын пайда табу үшін және инфляциядан сақтап қалу үшін бағалы қағаздарға салады. Бағалы қағаздардың эффектті инвестициялық портфелін құру үшін әр түрлі бағалы қағаздардың неге бағытталғанын және мінездемесін білу қажет. Заңдық күші бар және мүліктік құқығын немесе бұл құжатты шығарған тұлғаға займ иесінің құжатының қатынасын растайтын ақшалай құжаттар бағалы қағаздарды құрайды. Портфельдік инвестициялаудың обьектісі болып табылатын бағалы қағаздар келесідей түрлерге бөлінеді: Заң актілерімен регламенттелген бағалы қағаздар. 1. Акционерлік қоғам акциялары. Ол белгілі бір құралдардың акционерлік қоғамның меншігіне салынғанын және оның иесінің жарғылық капиталға ұзаққа меншік құқығын растайды. Акция өз иесіне акционерлік қоғам қызметі табысының бір бөлігін алу және тәртіп бойынша оны басқару құқығын береді. Акционерлік қоғаммен эмитенттелген акциялар жай және артықшылықты, атаулы және ұсынушыға болып классификацияланады. 2. Облигация - жедел бағалы қағаз, өз иесі мен эмитент арасында займ қатынасын білдіреді, бір жыл және одан да ұзақ уақытқа шығарылады. Түрлі ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар түрінде мемлекетпен шығарылуы мүмкін. Займның көрсетілген уақытының аяқталуы жағдайында ол эмитентпен шығарылады. Облигация - міндеттемелік қағаз, сондықтан оның иесі облигацияның меншік иегері ретінде емес, эмитент кредиторы ретінде танылады. Облигация өз иесіне пайыз немесе купон деп аталатын жылдық пайда әкеледі. 3. Өндірістік бағалы қағаздар, сонымен қатар акция сертификаттары. Акция сертификаты - белгілі акция мөлшерімен аталып көрсетілген жақтың иелік куәлігін мойындайтын бағалы қағаз. Сертификаттың бір жақтан екінші жаққа берілуі келісімнің жасалғанын және акцияға меншік құқығы бекітілген жағдайда тіркелген болса ғана ауысуын көрсетеді. Акция опциондары. Жеңілдік жағдайда акциялар сатып алу. 4. Кәсіпорын акциялары - кәсіпорынның даму мақсатына салынған қаражатты көрсететін, ұстаушыға кәсіпорынды басқаруға жол бермейтін, оның иегеріне дивиденд төлемдерін болжайтын бағалы қағаз. Бұл акциялар қосымша қаражат ресурстарын ынталандыру құралы болып табылады. Кәсіпорынның оларды шығаруы оның АҚ-ға айналуы болып табылмайды. 5. Банктердің депозиттік сертификаттары - салымдарды қабылдау мен келісілген пайыздарды алу құқығын беретін банктердің қаражат кірістерінің куәлігі. Нақты түрде депозиттік сертификаттар дегеніміз - қайта сатыла алатын банктердің жедел салымдар түрі. Чектер - чек берушінің чек ұстаушыға чекте көрсетілген ақша сомасын төлеу туралы банкке берген жазбаша бұйрығы. Олар вексель тәрізді айналысқа түсе алады ( индоссамент бойынша беріле алады). 7. Коносамент - құжат иегерінің коносаментте көрсетілген жүкті иелену мен тасымал аяқталғаннан кейін жүкті өзіне алу құқығын бейнелейтін тауарлы бұйрық. Бағалы қағаздардың инвестициялық сапасы. Сапаны бағалау. Халықаралық тәжірибеде арнайы көрсеткіштік агенстволар нарықта айналыста жүрген бағалы қағаздарға инвестициялық сапа тұрғысынан талдау жасайды. Олар келесідей түрлерге бөлінеді:
- Өте жоғары сапалы;
- Жоғары сапалы;
- Орта деңгейден жоғары сапалы;
- Спекулятивтік бағалы қағаздар.
Қойылған көрсеткіштік бағалар субьективті болғанымен, олар басқару сапасы сияқты сапалық мінездемеге және сандық факторлар сияқты эмитенттің меншікті және тартылған қаражаттар арасындағы байланысқа, компанияның түсетін табыстары есебінен пайыздарды төлеуіне негізделген. Бағалы қағаздар көрсеткіші эмитенттерге де, қарыз алушыларға да маңызды болып келеді. Біріншіден, құнды қағаздардың көрсеткіштік бағасы онымен байланысты тәуекелді көрсетеді, сондықтан бұл бағалау бағалы қағаздардың табыстылығына және фирманың қарыз міндеттемелерінің пайыздық мөлшерлемесіне сандық өлшемі бойынша тікелей әсер етеді. Екіншіден, бағалы қағаздардың басым бөлігі дербес емес, институционалды инвесторлармен сатып алынады, осы қаржылық институтардың басым бөлігі бағалы қағаздарды инвестициялық деңгейден төмен көрсеткішпен сатып алу құқығына ие емес. Тәуекелдің жоғарылауы және сату нарығының шектелуі нәтижесінде төмен көрсеткіштегі бағалы қағаздар жоғары табыстылыққа ие болып келеді. Көрсетілген бағалы қағаздың тәуекелділігі төмендеген жағдайда оның өтімлілігі жоғарылап, табыстылығы төмендейді. Әрине, бұл ереже жағдайлардың басым массивінің орташалануы кезінде пайда болады, бірақ инвестордың бағалы қағаздар арасындағы өзара байланыс түсінігін реттеу үшін және белгілі бір координат жүйесінде инвестициялық талдау жүргізуге себеп болатын бағалы қағаздардың түрлері бойынша инвестициялық сапаның өзгеру көрсеткішін құрастыруға мүмкіндік береді.

Инвесторлардың қызығушылық көзқарас тұрғысынан бағалы қағаздар сапасын бағалау.
Инвесторлар қызығушылығының түрлері
Бағалы қағаздар түрлері бойынша қағаздарды сатып алу қызығушылықтарын қамтамасыз ету формалары
Капиталдың сақталуы және өсімі:
пайыздық төлемдер мен бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерді басты соманы ифляциялық қамтамасыз етудегі ақшалай өтеу;
куртық құн өсімі бойынша өтеу
Номинал индексациясы негізіндегі пайыз деңгейінде бағалы қағаздар (акция, облигация, сертификат, вексель):
oo бағаның жалпы индексі;
oo белгілі тауар бағасының индексі;
oo тұтыну қоржынының бағасының индексі;
oo Валюталық курс (ұлттық валютаның өсуі);
oo Кепілзат бағасының өзгеруі қамтамасыз етілген қарыздық міндеттеме.
Айналым шартына сәйкес ақшалай қаражатты ауыстыра алатын бағалы қағаздарды сатып алу
Инфляция салдарынан туындайтын шығындарды өтейтін кез келген қағаздар:
oo Жоғары бекітілген пайыздық мөлшерлеме;
oo Бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру;
oo Бір реттік өтемдерді төлеу
Бағалы қағаздарды сатып алу арқылы сирек өнімдер мен қызметтерге, мүліктік және мүліктік емес құқықтарға жол ашу
Өнімдерді сатып алуға, мүліктік және мүліктік емес құқықтарды мүмкіндік беретін кез келген бағалы қағаздар:
oo Өнім мен қызмет бойынша нарықтық бағаға қарсы пайыздарды қарыздың басты сомасын өтеу;
oo Жеңілдік баға бойынша бағалы қағаз иесіне өнім мен қызметті сатып беру;
oo Бағалы қағаздарды кепілзат ретінде беру (эмитент банк болса), жеңілдік бойынша несие беру.
Әсер ету сферасын кеңейту, холдигтік және жалғаспалы құрылымдарды құру, меншікті қайта бөлу
Инвестордың талабы бойынша және олармен байланысты қайта сатып алуды кепілдендіру бағалы қағаздары
Портфельдің екі типін көрсетуге болады: процент пен дивидендтен түсетін табыс портфелі, инвестициялық құндылықтарды және де оған кіретін курстық құнның жоғары өсуіне бағытталған портфель. Бір буынды бірлестік түріндегі портфельдің оңайтылған түсінігіне қарамастан өсу портфелі акцияларға бағытталған курстық құнның өсуінің тнвестициялық бейнесі болып табылады. Оның құрамына өзге де инвестициялық қасиеті бар құнды қағаздар кіруі мүмкін. Осылайша өсу портфелі мен табыс қарастырылады. Портфель өсуі акция науқанынан тұжырымдалады, курс бағасы өседі. Портфель өсуінің мақсаты: бірге алынған дивидендпен капиталдық бағасының өсуі. Бірақ дивиденд төлемі орташа көлемімен жасалады. Сондықтан курс бағасының өсуі жиынтық акция, кіріс портфельдер, және осы топқа кіретін портфельдердің түрлерін анықтайды. Портфельдің агрессивтік өсуінің мақсаты: капиталдың барынша артуы. Осы портфельге: жас және тез өсу компанияларының акциялары кіреді. Бұл портфельдегі инвестиция едәуір тәуекел болып, оған қарамастан олар жоғары табыс әкеледі. Агрессивті және консервативті орташа өсу портфелінің инвестициялық қасиеттерінің бірлесуінен түрады. Осы портфель түріне ұзақ уақытқа алынған сенімді құнды қағаздармен қоса, тәуекел қор құралдары кіреді. Оның құрамы мерзімді жаңартылып отырады. Бұл жағдайда капиталдың орташа өсуі мен салынған салымның тәуекелділігінің орташа дәрежесі қамтамасыз етіледі. Сенімділік құнды қағаздың консервативті өсуімен, ал табыс құнды қағаздың агрессивті өсуімен қамтамасыз етіледі. Портфельдердің ішінде орташа өсу портфелі - ең кең таралған моделі, өйткені тәуекелге бел буған инвесторлар осы модельді қолданады. Бұл портфель түрі жоғары ағымдағы табыс алуға, пайыздық, дивидендтік төлемдерге бағытталған. Табыс портфелі - акция табысынан тұрады. Акция табысы орташа куртық бағасымен және оғары дивиденд, облигация және басқа да құнды қағаздармен, жоғары ағымдағы төлемі бар инвестициялар болып табылады. Осы портфельдің ерекшелігі, оның құрылу мақсаты - деңгейлі табыс табу, консервативті инвестордың ең аз тәуекелмен алынған табысындай болғандығы. Тұрақты табыс портфелі жоғары сенімді бағалы қағаздардан құрылады және төменгі тәуекел деңгейінде орташа табыс әкеледі. Табыс қағаз портфелі - орташа тәуекел деңгейде жоғары табыс әкелетін корпорациялардың, жоғарғы табыс облигациялардан, бағалы қағаздардан тұрады. Өсу және табыс портфелі. Бұндай портфельдің құрылуы - қор нарығында курстық бағаның төмендеуінен, сондай-ақ төменгі дивидендтік және пайыздық төлемдерді жоғалту мүмкіншілігінен сақтап қалу жағдайы үшін іске асады. Бұл портфельге кіретін қаржылық активтердің бір бөлігі иесіне капитал бағасының өсуіне әкеледі, ал екінші бөлігі - табысқа әкеледі. Бір бөлігінің жоғалуы екінші бөлігінің өсуімен жабылуы мүмкін. Екі жақты міндетті атқаратын портфель. Оның құрамына иесіне жоғары пайыз әкелетін қағаздар кіреді. Бұл жағдайда бағалы қағаздар, инвестициялар жайлы айтылады. Олар екі түрлі акция шығарады, біріншісі - жоғары табыс әкеледі, ал екіншісі капиталдың өсімін ұлғайтады. Балансталған портфель тек қана табысты емес, сонымен қатар тәуекел, яғни бағалы қағаздар операцияларымен бірге жүргізіледі, сол себепті анықталған пропорцияда құралады: курстық құнның тез өсетін бағалы қағаздардан және жоғары табыс әкелетін бағалы қағаздардан тұрады. Портфель құрамына жоғарғы тәуекел бағалы қағаздар кіреді. Сонымен қатар жай және ерекше акциялар, облигациялар кіреді. Тәуелсіздік коньюктура нарығы сол немесе қор құралдарына енгізілген қаржының үлкен бөлігі портфельге салынады. Дамыған елдерде қор нарығының экономиканы дамытудағы маңызы зор болып келеді. Атап айтқанда, кейбір авторлар мынаны ескереді, дамыған елдерде жекеменшік инвестициялардың жартысынан көп бөлігі қор нарығында тартылған құралдарды пайдалану есебінен қаржыландырылады. Сонымен қатар, бағалы қағаз нарығының қызметі инвестордан нақтылық деңгейі мен дайындыққа кететін уақыт шығынын және нақты инвестициялық шешімнің қабылдануын талап етеді. Қазіргі заманғы экономика еңбектің терең бөлінуімен бейнеленеді; қор нарығындағы инвестициялық шешімнің қабылдануының қиындығы мен оның инвесторлар үшін тартымдылығы, инвесторлардың шешімнің қабылдау бойынша өз міндеттерін мүлікті (қаржылық активтерді) сенімді басқару шеңберінде мамандарға берудің алғышарттарыныңбастамасы болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 886-шы бабына сәйкес (Ерекше бөлім) , мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша бір тарап (сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы) екінші тарапқа (сенімгер басқарушыға) мүлікті сенімгерлікпенбасқаруға береді, ал екінші тарап құрылтайшы атаған тұлғаның (пайда алушының) мүдделері үшін осы мүлікті басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе көрсетілген шартта өзгеше белгіленбесе, мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының қолданылу кезеңінде сенімгерлік басқару құрылтайшысы сенімгерлікпен басқарылатын мүлікке қатысты қандай да болсын іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы емес. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 885-ші бабына сәйкес, ақшаны, бағалы қағаздарды және мүлікітк құқықтарды қоса алғанда, кез келген мүлік сенімгерлікпен басқару обьектісі болып табылады. Сенімгер басқарушы өз атынан қызмет етеді, бірақ ол сенімгер басқарушы ретінде қызмет атқаратындығын атап көрсетуі қажет. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығы туралы Заңы бағалы қағаздарды басқару қызметін келесідей анықтайды: бағалы қағаздарды басқару бойынша қызметте заңды тұлғаға белгілі бір мерзімге берілген сенімгерлік басқаруын өз атынан жүзеге асыруы және ол заңды тұлғаның көрсеткен басқа тұлғаның:
oo Бағалы қағаздармен;
oo Бағалы қағаздарды инвестициялау үшін қажет ақша құралдарымен;
oo Бағалы қағаздарды басқару процесінде алынатын ақша құралдары мен бағалы қағаздармен басқаруы көрсетіледі.
Сенім сөзі ағылшынның trust деген сөзінен шыққан. Инвестициялық терминдердің investwords.comинтернет словарі траст ұғымына келесідей анықтама береді: бенефициардың тиімділігі үшін тұлға (сенімгер) меншікті бақылауды жеке тұлғаға немесе ұйымға беретін заңды күші бар келісімді білдіреді. Мүлікті сенімгерлік басқаруға беру сенімгер басқарушының меншік құқығының ауысуын білдірмейді және трасталық келісіммен ұйымдастырылады. Аса көп қолданысқа ие - сенімді басқаруға ақшалай құралдар мен қорлық құндылықтарды беру болып табылады. Ұйымдық инвестициялар индустриясында бірнеше меншік иелерінің сенімгерлік меншігі банктік басқарудың жалпы қорлары немесе инвестициялық қорлардың пайлары түрінде болуы мүмкін. Сенімгерлік басқаруды келісім бойынша жеке тұлға мен заңды тұлға, тұлғалар тобы, мамандандырылған мекемелер жүзеге асыруы мүмкін. Соңғылары шет елдерде акционерлік қоғам формасында қызмет ететін траст-компаниялар деп аталады. Бұл жағдайда олардың жарғылық капиталдарында қоғамға тиесілі құралдар мен сенімгерлік басқаруға қабылданған құралдар (кепілдендірілген қорлар) бөлінеді. Бағалы қағаздарды басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының қатысушысы - басқарушы деп аталады. Бағалы қағаздарды басқару бойынша қызметті ұйымдастыру реті, құқығы мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасы мен келісімдеріне сәйкес анықталады. Бағалы қағаздар портфелін басқарушы - клиент есебінен және оның мүддесі тұрғысынан азаматтық құқықтың объектілерін басқару жөніндегі қызметті өз атынан жүзеге асыратын қаржы нарығының кәсіби қатысушылары. Олардың негізгі функциялары:
1)ақшаны қаржылық құралдарға инвестициялау; 2)қаржылық құралдармен орындалатын мәмілелердің есебін жүргізу; 3)өздеріне жүктелген қаржылық құралдарды пайдалану әрі оған иелік ету. Өз қызметін жүзеге асыруда басқарушы өзінің басқарушы ретінде қызмет ететінін көрсетуі қажет. Қор нарығындағы сенімгерлік басқарудың қалыптасқан бейнесіне сәйкес оның мынадай негізгі принциптерін бөліп көрсетуге болады:
oo Басқарушының шешім қабылдаудағы дербестігі;
oo Тиімділік иесін барынша максималды пайдамен қамтамасыз ету;
oo Сенімгерлік қызмет көрсетуді жүзеге асырудағы тиімділік иесінің жекелеген талаптарының есепке алынуы;
oo Мүліктің сенімгерлік басқаруға өту кезіндегі меншік құқығының болмауы;
oo Мүліктің басқаруды тағайындаушы мен басқарушы арасында бөлінуі;
oo Басқарушының қызметін жауапты мемлекеттік орган немесе өзін-өзі реттеуші ұйымның бақылауы. Сенімгерлік басқаруға байланысты жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде сенімгерлік қызмет көрсету нарығы ұғымы қалыптасты. Сенімгерлік қызмет көрсету нарығы бағалы қағаздар нарығының жүйесіне кіреді және басқаруды тағайындаушының экономикалық қатынастары мен оларға жинақтар мен мүлік бағасының өсуіне бағытталған қызмет көрсететін басқарушылар бірлестігін білдіреді. Сенімлерлік қызмет көрсету нарығын 2 негізгі түрге бөлуге болады: - басқарушы мен мүлік иесі арасында қабылданатын келісімдер негізінде жүргізілетін жеке сенімгерлік қызмет көрсету нарығы. Қазақстанда мұндай қызмет түрін банктер мен инвестициялық компаниялар ұсынады. Тек маңызды салымдар ғана капитпл басқарушысына әрбір клиент есебіне тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік беретіндіктен, трастқа басқарушының қабылдайтын минималды сомалардың жоғарғы деңгейіне сәйкес, бұл нарық жалпылық сипатты иеленбейді. - Ұйымдық инвестициялау жүзеге асатын Ұйымдық сенімгерлік қызмет көрсету нарығы - инвесторлардың ортақ басқарудағы салымдардың бірігуі мен инвестициялық қорлардың құрылуы.


II. БӨЛІМ. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ПОРТФЕЛІНІҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ
2.1. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі
жағдайын талдау

Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономикасы экономиканың шынайы секторына көбірек инвестиция тарту арқылы дамуда. Басым салаларды инвестициялау өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және басқа салаларда да құрылымдық қайта құруларға жетуге мүмкіндік беріп, экономикалық өсуге база жасайды.
Өнеркәсіп салаларын және кәсіпорындармен көретілетін қоғамдық қызметтер ді кеңейту көп жағдайларда бағалы қағаздар нарығының табысты қызмет етуі не мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде Қазақстанда, бағалы қағаздар нарығын дамыту мен жинақтау шы зейнетақы қорлар қызметін одан әрі жетілдіру маңызды орынға ие болып, еліміздің әлеуметтік экономикалық жағдайларын көтеру үшін, инфрақұрылым-дық облигацияларды қолдануды заң тұрғысынан нығайту Қазақстанның Инвестициялық қорына үш бірдей ірі жобаны жүзеге асыру жұмысын бастауға мүм-кіндік берді. Қазақстан Инвестициялық қоры инфрақұрылымдық облигациялар дың бірінші шығарылу эмиссиясы тіркеуден өтті. Бұл 30 миллиард теңге көлеміндегі ұзақ мерзімді бағалы қағаздар. Біріншісінің өтелу мерзімі - 23 жыл. Соңғысы 2,5-3 жылдан кейін шығарылады деп күтілуде. Бұлардың қатарында салынатын Шар-Өскемен темір жолын, Алматыдағы автокөліктің үлкен шеңберлі жолын, сондай-ақ "Солтүстік-Батыс" жаңа электр желісін қаржылан-дыру мәселелері тұр. Оларды орналастыруда АҚ "Досжан темір жолы" деп аталатын компания-концессионерлері құрылды. Қазақстан Инвестициялық қо- рының мұндағы үлесі 49% құрайды. Акционерлік капитал 1,17 миллиард теңге. Құрылыс мерзімінің жобасы 42 ай. Қазақстанның инвестициялық қоры есепте-тегендей, ол жоба қайтарымды және Қазақстан үшін тиімді. Себебі тасымалдау дың ұзақтылығы оңтүстік бағытта 328 километрге, ал батыс жаққа 92 километр
ге қысқарады. Сонымен бірге Ресей мемлекеттік қиылысу болмайды, яғни та сымалдау 12-14 сағатқа жеделдейді. 13, 10б
Соңғы кезде белгілі, инфрақұрылымдық облигациялар зейнетақы қорлары активтері арқылы орналастыруға есептелген. Сондықтан олар экономикалық жоба бойынша да, құқықтық және қаржылық механизмде де жоғары дәрежелі сенімді. Нысан мемлекеттік бағдарлама бойынша құрылған, яғни инфрақұры-лымдық облигациялар өтелген соң, жол мемлекет меншігіне беріледі. Сонымен қатар инфрақұрылымдық облигациялар 1 миллиардтан астам шамасында жинақ таушы зейнетақы қорлары инвесторларының арасында аукцион арқылы орналастырылмақ.
Десекте, Қазақстан экономикасын тұрақты дамуымен қамтамасыз ету мақса тында ірі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздарды басқару портфелі
Компанияның қаржылық активтер портфелін басқару
Бағалы қағаздар рыногының сызығы
Кәсіпорының инвестициялық портфелін таладау
Құнды қағаз нарығы
Инвестициялық портфельдің экономикалық негіздері
Инвестициялық стратегия - табыс стратегиясы
Қаржылық инвестициялық портфельді қалыптастыру және бағалау
Аманат жинақтаушы зейнетақы қорлары
Бағалы қағаздар инвестицияның объектісі ретінде
Пәндер