Қазақстан Республикасындағы Ұлттық валютаның қалыптасу және бекітілу мәселелері



І тарау: Валюталық қатынастардың теориялық негіздері

1.1 Ақшаның шығу тегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.7

1.2 Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың
механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7.10

1.3 Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану ... ... ... ... 11.17

ІІ тарау: ҚР валютасы . теңге.

2.1 Теңгенің шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17.19

2.2 Теңгенің қалыптасу кезеңдері мен даму мәселелері ... ... ... ... ... ..20.21

2.3 Теңгені тұрақтандыру әдістері мен нышандары ... ... ... ... ... ... 21.29

Қорытынды

Қосымша

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Экономика және қаржы институты
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

Экономика кафедрасы

Курстық жұмыс

ТАҚЫРЫБЫ:Қазақстан Республикасындағы Ұлттық валютаның қалыптасу және
бекітілу мәселелері

Орындаған
Тексерген:

Астана – 2006ж.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе

І тарау: Валюталық қатынастардың теориялық негіздері

1. Ақшаның шығу
тегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...3-7

1.2 Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың
механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 7-10

1.3 Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану ... ... ... ... 11-17

ІІ тарау: ҚР валютасы - теңге.

2.1 Теңгенің шығу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.17-19

2.2 Теңгенің қалыптасу кезеңдері мен даму
мәселелері ... ... ... ... ... ..20- 21

2.3 Теңгені тұрақтандыру әдістері мен
нышандары ... ... ... ... ... ... 21 -29

Қорытынды

Қосымша

Ақшаның шығу тегі.

Ақша ежелгі заманда пайда болған. Олар тауар өндірісінің дамуындағы
бірде – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе
айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны
өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын
қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті
алғышарттарды құрайды. Бірақ кез – келген зат тауар бола алмайды. Егер
(нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе
қоғам тарапынан мойындамаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә
болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті
шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола
отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді.
Айырбас құн тауардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше
өмір сүретін тауар, ол ақша.
Алғашқы қауымдық құрылым кезінде бір тауардың басқа бір тауарға
кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ
формалары қолданылады (1 балта = 5 құмыра, 1 қой = 1 қап бидай және т.б.).
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы
тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп
шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайдың
етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын
тауар – барлық басқа тауарлардың бір – бірімен өзара айырбасталу құралы
бола бастайды. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан
жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның рөлі бір
тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін
белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп
аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.
Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы құндық
эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар
қабылдады. Әрбір тауарлы – шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады.
Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір
мезгілде әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек
бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара)
айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи – климаттық
жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды
аудандарда – жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда – түйе;
тундрада – бұғы жалпы құндық эквивалент қызметін атқарды. Малды жалпы
эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі
қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда,
поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында
өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда
металдан жасалынған ақшаларда өгіз деген атау ойып өрнектелініп жазылып
жүрді. Латынның сөзі пекуния (ақша) пекус (мал) сөзінен шыққан.
Рупа (мал) сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы рупия негізінде
жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де мал
деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 жылы былай деген біздің жинаған
малдарымыз: ерлерден 4 кун, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18
гривенен тұрады. Ол кездегі қазынашы малшы, қазына, қазына жинау орны –
мал ұстайтын орын деп аталынды.
Капитал сөзінің шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі герман
тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің
байлығын көрсетті.
Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді
пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу
барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды (үкі, түлкі және т.б.).
Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка
халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде қолданылды. Жүн ақшалар
Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі
Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда – саттық жасауы
барысында жүн ең басты құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша
жүйесінің бүгіні болып саналды. 1610 жылы жаулап алынған орыстардың әскери
кассасында 5450 руб. күміс пен 7000 руб. жүн табылды.
Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде
бақалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ ақшалардың
келесі атаулары сақталынды, бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква және т.б.
Көлемі түймедей ақшыл – қызғылт бақалшақ Кари көптеп таралды. Безендірулер
түрінде жіпке тізілгендерді Ежелгі Үнді елінде, Қытайда, Үндіқытайда,
Африканың Шығыс жағалауларында, Цейлонда және Филиппин аралдарына алғашқы
ақшалардың қызметін атқарды. Американдық үнділердің белдіктерінде бақалшақ
ақшалар құстардың, жыртқыш аңдардың келбет – кескінін көрсете өрнектеліп,
былғары белдіктерге көрік берді. Бақалшақтарды Солтүстік Американың Тынық
мұхит жағалауларында, Полинезияда, Каролин және Соломон аралдарында айырбас
құралы ретінде пайдаланылды.
Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардың ең бір тұрақты формасы болып
табылады. Біздің бүгінгі күндерімізге дейін өмір сүре отырып, олар ешқандай
өзгеріске ұшыраған жоқ. ХХ ғасырдың 70-жылдарының басында Соломон
аралдарының кейбір тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретінде
бақалшақтардың үш түрі: ең арзаны – қара түсті (курила), ақ түсті (галиа),
аса қымбат – қызыл түсті (ронго) пайдаланылды.
Әлемде әр түрлі экзотикалық ақшалар болған. Каролин аралдары
тобына кіретін Яв аралында осы күнге дейін феи ақша айналысында қызмет
етеді. Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын
еске түсіреді. Мұндай монеталардың диаметрі бірнеше метрге, ал массасы
тоннаға дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындалғаннан кейін сатушы феяға
бұрынғы иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісін соғады.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды.
Сонымен, бір құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.
Өнер мен жер игерушілердің бөлінуімен эквиваленттің жетілуі
жалғасты. Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері бар
эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзылатын өсімдік өнімдері – зәйтүн майы,
күріш, кофе, какао, құйма түріндегі тұздар, т.б.
Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі
Спартта, Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын
түріндегі ақшалар пайдаланылды. Рим императоры Дионисий Сиракуз және орта
ғасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларды құйды. Қытайда және Ежелгі
Римде мыс ақша ретінде пайдаланылды. XVII ғасыр Солтүстік Америкада
(Массачусетс штатында) ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшелер қолданылды.
Металл ақшаларының артықшылығы, олар – біркелкі, төзімді,
ұсақталынады, және т.б. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебінің
салмақтық жүйесі нақтылана түсті.
Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте
бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.
Әрине, металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып
шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап
келді. Темір ақшалар күрек, таға, шеге, шынжыр және т.б. формаларда ұзақ
уақыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы драхма бір уыс шеге деген
мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазандық, құмыра, қалқан түрлерінде
айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік, сырға, білезік түрінде
пайдаланылды.
Бірақ б.э. дейін ХІІІ ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда
бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт
стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмақ бірліктері атауымен
аталады. Алғашқыдағы белгілі массасы бар формасыз металл ақшаларды кейін
келе әр түрлі массадағы біркелкі формасы бар металл ақшалар ауыстыра
бастады.
Монеталардың пайда болуы – ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып
табылады.

Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың механизмдері

Халықаралық валюталық қатынастар – бұл ұлттық шаруашылық
қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және
дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын
қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері – вексель ісі түрінде
Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезеңдері Лиондағы
вексель жәрмеңкелері мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда
орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді.
Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен,
дүниежүзілік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің
тереңдеуімен байланысты болды.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына,
сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық
экономикалық қатынастарға делдал болады.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың
дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты
валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда – бұл шаруашылық
байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан
валюталық – экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық – заңдық тұрғысынан
қарағанда – белгілі бір қоғамдық – экономикалық формация шегіндегі
валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік – құқықтық формасы.
Тарихта мынадай валюталық жүйенің типтері қалыптасқан: ұлттық,
дүниежүзілік, аймақтық.
Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық
ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге
асыруға көмектесетін валюталық – экономикалық қатынастардың жиынтығы
ретінде ұлттық жүйе пайда болды. Ұйымдық – заңдық тұрғысынан қарағанда –
бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде
қалыптасқан және халықаралық құқық нормаларын ескере отырып ұлттық
заңдылықтармен бекітілген, елдегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың
мемлекеттік – құқықтық формасы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің
бір бөлігі бола отырып, өзінше дербес және ұлттық шекарадан шыға алады.
Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы экономикалық
байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.
Ұлттық валюталық жүйе мен дүниежүзілік шаруашылықтың даму негізінде
қалыптасқан және мемлекетаралық келісім - шарттармен бекітілген халықаралық
валюталық қатынастарды ұйымдасттыру формасы – дүниежүзілік валюталық жүйе
өзара ажырамастай байланысты. Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің
мұндай байланыстылығы олардың біртұтас екендігін білдірмейді, себебі
олардың міндеттері, қызмет етуі және реттеу шарттары, жекелеген елдер
экономикасын және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әр түрлі болып
келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық жүйемен байланыстыратын, яғни
валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін, мемлекетаралық
валюталық реттеулерде және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын
ұлттық банктер болып табылады.
Дүниежүзілік валюталық жүйені мемлекеттік – құқықтық ұйымдастыру
формасы жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің
орналастырылуымен, өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен
анықталады.
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйе арасындағы байланыс пен
айырмашылықтар, олардың элементтерінен байқалады (1-кесте).
1 – кесте
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің
негізгі элементтері
Ұлттық валюталық жүйе Дүниежүзілік валюталық жүйе
1. Ұлттық валюта 1. Халықаралық есептесу бірлігі, резервтік
валюталар
2. Ұлттық валютаның айналым дәрежесі 2. Валюталардың өзара айналымдылығының шарты
3. Валюталық паритеттердің біртұтас режимі
3. Ұлттық валютаның паритеті 4. Валюталық бағамдардың режимдерінің
4. Ұлттық валюта бағамының тәртібі регламентациясы
5. Халықаралық валюталық өтімділікті
5. Халықаралық валюталық өтімділік мемлекетаралық реттеу
6. Валюталық шектеуді мемлекетаралық реттеу
6. Валюталық шектеудің болуы немесе
болмауы 7. Халықаралық несиелік айналыс құралдарын
7. Халықаралық несиелік айналыс пайдаланудың біртұтас ережесі
құралдары, оларды пайдалану ережелерінің
регламентациясы 8. Халықаралық есеп айырысулардың негізгі
8. Елдің халықаралық есеп айырысу формаларының біртұтастығы
регламентациясы 9. Дүниежүзілік валюталық нарықтар және алтын
9. Ұлттық валюталық нарық пен алтын нарықтарының режимі
нарығының режимі 10. Мемлекетаралық валюталық реттеуді жүзеге
10. Елдің валюталық қатынастарын асырушы халықаралық ұйымдар
реттеуші және қызмет көрсетуші ұлттық
органдар

Егер ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға – елдің ақша бірлігіне
негізделген болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе – бір немесе бірнеше
резервтік валюталарға немесе халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді.

Резервтік валюта – халықаралық төлем және резерв құралы функциясын
орындайды, басқа елдер үшін валюталық бағамды анықтауға базалық қызмет
ететін, валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде
пайдаланылатын алдыңғы қатарлы елдердің айырбасталған ұлттық валюталарының
ерекше категориясы.
Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:
- дүниежүзілік өндірісте, тауарлар мен капитал экспорттарында
елдердің билік ету позициясы;
- жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік – банктік мекемелердің
дамыған торабы;
- басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін, халықаралық
айналымдағы валютаның еркін айналымдығы және валюталық шектеуліктің
болмауы.
Резервтік валюта мәртебесі эмитент – елдің экономикасын белгілі бір
міндеттемелерді жүктейді: осы валютаның тұрақтылығын қолдап отыру
қажеттігі, сауда және валюталық шектеулердің болмауы, девальвация
жүргізбеу. Сонымен қатар, ұлттық валютаны резервтік дәрежеге көтеру ұлттық
шаруашылық үшін төлем балансының тапшылығын ұлттық валютамен автоматты
түрде пайызсыз және мерзімсіз халықаралық несие алу жолымен жабу
мүмкіндіктері түрінде бірқатар артықшылықтар береді.
Халықаралық есептік ақша бірлігі – валюталық паритет пен валюталық
бағамды белгілеу, халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу үшін
шартты бірлік ретінде пайдаланылатын валюталық бірлік. Қазіргі уақытта
халықаралық экономикалық қатынастарға қызмет ету үшін қажетті дүниежүзілік
несиелік ақша типтері ретінде СДР

Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану

Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастарын
дамытуда орталықтандырылған валюта қорларын қалыптастыру және пайдалану
арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды қаржылық реттеу маңызды рөл
атқарады. Сыртқы экономикалық қызметтің ырықтануы жағдайында валюта
түсімдерінің негізгі көлемі кәсіпорындардың меншігінде болады. Алайда
халықаралық қатынастарға мемлекеттің қатысуы және ұлттық валюта – теңгені
нығайту үшін бүкіл ел ауқымында да, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
құрамындағы әкімшілік – аумақтық құрылымдар деңгейінде де ортақтандырылған
валюта қорлары құрылады.
Мемлекеттің мемлекеттік емес сектордың валюта ресурстары валюталық
операциялар жасалынған кезде қалыптасып, пайдаланылады. Валюталық
операциялар бұл: меншік құқығының және өзге құқықтардың валюталық
құндықтарға өтуіне байланысты, соның ішінде шетел валютасы төлем құралдарын
қаражат ретінде пайдалануға байланысты мәмілелер; валюталық құндылықтарды
кез келген тәсілмен елге немесе елден әкелуәкету және жөнелту; ұлттық
валютаға, сондай-ақ номиналды мен (немесе) құны ұлттық валютада көрсетілген
бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншік құқығы мен басқа құқықтардың
ауысуына байланысты резиденттер мен бейрезиденттердің арасындағы мәмілелер.
Валюталық операциялар ағымдағы және капитал қозғалысына байланысты
операцияларға бөлінеді.
Ағымдағы операцияларға мыналар жатады:
• тауарлар мен қызметтерге төлем мерзімі ұзартылмаған есеп
айырысуларды жүзеге асыру үшін ақша аудару;
• экспорт – импорт мәмілелері бойынша 180 күннен аспайтын
мерзімге кредит беруге байланысты есеп айырысуларды жүзеге
асыру;
• 180 күннен аспайтын мерзімге кредиттер беру және кредиттер
алу;
• депозиттер, инвестициялар, қарыз және өзге де операциялар
бойынша ақша аудару және дивиденттер, пайыздар, тағы басқа
кірістер алу;
• сауда түріне жатпайтын ақша аударымдары, оған қоса гранттар,
мұрагерлік сомалардың аударымдары, жалақы, зейнетақылар,
алименттер және өзге операциялар.
Капитал қозғалысына байланысты операциялар мыналарды
қамтиды:
инвестициялар;
жылжымайтын мүліктің және басқа да құқықтарына төленетін ақша
аударымдары;
180 күннен астам мерзімге экспорттық – импорттық мәмілелер бойынша
кредит беру және алу.
Валюталық операциялар: экспорт, импорт, қызметтер көрсету,
капиталды инвестициялау, халықаралық, мемлекеттік және коммерциялық кредит,
экономикалық көмек көрсету, елдің алтын – валюта резервтерінің қозғалысы,
дипломатиялық және басқа органдарды ұстау, шетелдік іссапарлар, туризм,
халықтың миграциясы, мемлекетаралық трансферттер, мәдени, ғылыми,
техникалық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызметтің басқа түрлері
кезінде жасалады.
Елдегі пайдаланылатын барлық валюталық ресурстардың түсу көздері
болуы тиіс, сондықтан сыртқы экономикалық қызметтің аталған түрлерінің
көбісі ваюталық ресурстардың орнын толтырады, одан қаржыланады.
Валюталық ресурстар қаржы ресурстарының құрамды бөлігі болып
табылады және ұқсас орталықтандырылған (мемлекеттік) және
орталықтандырылмаған (шаруашылық жүргізуші субъектілердің ресурстары) болып
бөлінеді.
Мемлекеттік валюта ресурстары мыналардың есебінен қалыптасады:
экономиканың мемлекеттік секторының – кәсіпорындарының, ұйымдардың,
компаниялардың, фирмалардың, қоғамдардың және т.т. өнімін, тауарларын және
қызметін экспортқа шығарудан түскен түсім – ақшадан;
тауарлар мен жүктердің кеден баждарынан, басқа төлемдерінен;
келісімшарттардың, мәмілелердің, контракттардың шетелдік
қатысушылары төлейтін салықтардан, бонустардан, роялтилерден түсетін
түсімдерден;
валюталық заңды бұзғаны үшін шетелдік валютада төленген айыппұлдар
мен өсімнен;
шетел банктерінде және басқа қаржы ұйымдарына депозиттерді
орналастырудан түсетін түсімдерден, сондай-ақ шетелдегі мүлік пен
активтерді пайдаланудан алынған табыстардан;
шетел мемлекеттерінің, банктерінің, халықаралық және мемлекетаралық
қаржы ұйымдарының кредиттері мен қарыздарынан;
валютадағы гранттар мен тегін көмек түріндегі түсімдерден.
Валюталық ресурстар көбінесе мемлекеттің қарамағына
шоғырландырылады. Басым мәселелерді орындау үшін немесе жалпы мемлекеттік
ресурстардың бір бөлігі жергілікті органдарға берілуі мүмкін. Бұдан басқа,
биліктің жергілікті органдары валютаны валюта рыногінде сатып ала алады.
Мемлекеттің уәкілетті органдары мен оның қаржы агенттері де банкаралық
биржадағы валютаны сатып алушылар бола алады.
Мемлекеттің валюта ресурстары былайша пайдаланылады:
1. Ұлттық банк: валюталық басқыншылықтарды - елдегі тұрақты ақша
айналысын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің стратегиялық жоспарларымен
анықталатын, реттелетін деңгейде ұлттық бағамын қолдап отыру мақсатында
валютаны сатуды жүзеге асыру үшін;
2. Қаржы министрлігі: қарыздар туралы келісімшартпен белгіленген
уақытта сыртқы берешекті өтеу графигі бойынша жабу үшін; халықаралық
ұйымдардағы мүшелік үшін жарналар төлеу; елшіліктердің, консулдықтардың,
өкілдіктердің және басқа елдердегі осындай органдардың жұмысын қаржыландыру
үшін;
3. Үкімет органдары: мемлекеттік қажеттерді – тауарлар мен көпшілік
қолды бұйымдарды импорттау жөніндегі орталықтандырылған сатып алуды
қанағаттандыру үшін;
4. Басқарудың жергілікті органдары – коммуналдық шаруашылықтың,
өндірістік емес сфераның қажеттіліктерін, аймақтардың жергілікті
инфрақұрылымын дамытуды, халықтың түрлі елеулі қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін.
Меншіктің барлық нысандары компанияларының, фирмаларының және
ұйымдарының валюта ресурстарының негізгі көзі экспортталатын өнімнен
алынған валюталық түсім – ақша болып табылады. Бұрын валюталық түсім –
ақшаның бір бөлігін кәсіпорын салықтар мен кеден баждарын төлегеннен кейін
Ұлттық банкке оның белгілейтін бағамы бойынша сатуға, ал бір бөлігін
уәкілетті банктер арқылы Ұлттық банк белгілейтін тәртіпке сәйкес ішкі
валюта рыногінде сатуға міндетті болатын. Қазіргі кезде заң жүзінде
белгіленген салықтар мен баждарды төлегеннен кейін қалған валюта заңды
тұлғалардың қарамағында қалады және иегердің немесе құрылтайшының қарап
шешуі бойынша жұмсалады.
Экспорттық өнім өндірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер және
валютаға мұқтаждары оны валюта рыноктерінде ұлттық валютаны айырбастау
жолымен сатып алады. Осылайша барлық ұйымдық – құқықтық түрлердің
шаруашылық органдары валюта қорларын көбейте алады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюта ресурстарын
қалыптастырудың келесі көзі – банктердің валюта кредиттері. Өнім өндірумен
немесе қызмет көрсетумен айналысатын, басымдық сипаты бар, саланы, аймақты,
жалпыұлттық шаруашылықты дамыту тұрғысынан маңызды немесе дамудың тиісті
бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысатын компаниялар, фирмалар үшін шетел
банктерінен алынған кредиттері елдің үкіметі кепілдендіре алады;
Қазақстанда мұнай практика коммерциялық есеп қағидатын дамыту қажеттігімен
және қарыз қаражаттарын тиімді пайдалану үшін жауаптылықтың оларды
пайдаланушыларға ауысуымен байланысты бірте – бірте шектеліп келеді.
Өндірістің осыған ұқсас бағыттарын қаржыландыру үшін валюта қаражаттары
компанияларға, фирмаларға үкімет шешімімен орталықтандырылған валюта
ресурстарынан бөлінуі мүмкін.
Үлестік негіздерде әрекет ететін шаруашылық жүргізуші субъектілер
үшін (акционерлік, бірлескен, кооперативтік) валюта ресурстарын толықтыруға
осы шаруашылық құрылымдары қатысушыларының валютадағы қосымша салымдары
есебінен жетуге болады.
Валюта қаражаттары түсімдерінің мүмкін болатын көзі келісім –
шарттарды, арбитраж органдары белгілеген контракттар бойынша
міндеттемелерді, басқа елдердің сақтық органдары тарапынан болатын
валютадағы сақтық өтемдерді орындамағаны үшін алынатын компенсациялар болып
табылады.
Қайта бөлу ретіндегі валюта қаражаттары басқарудың жоғарғы буыны
тарапынан төменгі шаруашылық биліктерге бөлінуі мүмкін (басқарудың бұл
деңгейінде валюта қорларын жасау кезінде).
Валюта ресурстарының аталған көздерінің қаражаттары жиынтығында
шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюта қорларын құрады, бұл қорлар
субъектілер ұжымдарының өндірістік және әлеуметтік дамуының әр түрлі
мақсаттарына пайдаланылады. Валюта қорларын пайдаланудың мүмкін бағыттары
мыналар болып табылады:
1. Дүниежүзілік рыноктерде жұмыс істейтін компаниялардың,
фирмалардың экспорттық әлуетін ұлғайту;
2. Импортты алмастыратын өнім өндіруді ұйымдастыру немесе мұндай
өнімнің қолданыстағы өндірісін ұлғайту; бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін
валюталық ресурстар есебінен құрал – жабдық, саймандар, материалдар,
технологиялар, лицензиялар,ноу – хау сатып алынады, негізгі құралдардың
лизингі жөніндегі операциялар жүргізіледі, шетел мамандары шақырылады,
кадрларды оқытады.
3. Валюталық кредиттерді және оларды пайдланғаны үшін пайыздар
өтеу;
4. Мамандандырылған сыртқы экономикалық ұйымдарға сыртқы рыноктерде
операциялар жасауға жәрдемдесу жөніндегі қызметтері үшін комиссиялық
сыйақылар төлеу;
5. Капиталға қатысу ретінде шетелдік компаниялардың, фирмалардың
қаржы және кредит мекемелерінің бағалы қағаздарын сатып алуға жұмсау;
6. Сыртқы экономикалық міндеттемелер бойынша келісімдердің
шарттарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, өтемақылар төлеу;
7. Ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін ұлттық валютаны сатып
алу;
8. Ұйым ұжымдарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тұтыну және
мәдени – тұрмыстық арналымның шетелдік тауарларын, дәрі – дәрмектерді,
медициналық жабдық пен саймандарды сатып алу (белгіленген нормативке
сәйкес).
Иегерлердің немесе құрылтайшылардың қарап шешуі бойынша қаржы
ресурстарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қаржылық жүйесі
Қазақстан Республикасындағы биржаның жағдайы туралы
Бюджеттік жүйе
Балқаш ауданы салық бюджетінің кірісін бақылаудың ақпараттық жүйесін
Валюта нарығы
Экспорт және импорт тауарлары бойынша валюталық бақылау. Валюта заңнамасын бұзған үшін жауапкершілік
ҚР валютасы және оны тұрақтандыру мәселелері
Дүниежүзілік валюталық жүйе
Халықаралық валюталық өтімділік
Қазақстанның несие жүйесіндегі артықшылықтар мен кемшіліктер
Пәндер