Қазақстанның қаржы механизмнің қалыптасуы және дамуы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.1. Қаржы механизмнің мәні, ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Қаржы механизмнің құрылымы, элементтері, буындары ... ... ... ..9
1.3 Нарықтық қатынастар жүйесіндегі қаржы механизмі ... ... ... ... ..12

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

2.1. Қазақстан Республикасының қаржы механизмнің қалыптасуы ... ..17
2.2. Қазақстан Республикасының қаржы механизмнің ерекшеліктері ... 20

ІІІ.. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
ҚОСЫМША 1 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- ------
----------------3

І. НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ---
--------------------------------5

1.1. Қаржы механизмнің мәні, ұғымы------------------------------ --------
------5
1.2. Қаржы механизмнің құрылымы, элементтері, буындары--------------9
1.3 Нарықтық қатынастар жүйесіндегі қаржы механизмі------------------12

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ-------
----------------------------------- --------17

2.1. Қазақстан Республикасының қаржы механизмнің қалыптасуы------17
2.2. Қазақстан Республикасының қаржы механизмнің ерекшеліктері----20

ІІІ.. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ---------
----------------------------------- -----------------24

ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------- ----------------------------------- ------
--------29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ----------------------------- ------31
ҚОСЫМША 1---------------------------------- ---------------------------------
----------32

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаевтың 28 ақпан 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан
Қазақстан халқына арналған Жолдауында: Қазақстан әлемдік тауарлар,
қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар
рыногының шын мәнінде басты міндетті шешуге тиіспіз. Ырықтандыру жағдайында
біз қаржы жүйесінің тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың
жаңа деңгейіне көтерілуге міндеттіміз1, 3 б. - деп атап көрсетті. Қаржы
механизмі мемлекет белгілеген қаржы шараларын атаулы, нақтылы нәтижелерге –
қоғамдық-экономикалық өмірдің барлық деңгейлері мен сфераларындағы қоғамдық
өнімнің, материалдық емес игіліктердің, қызметтер көрсету мен
құндылықтардың толып жатқан барлық элементтері құнының құрамына кіретін
қаржы ресурстарының ұдайы өндірілуіне айналдырып, іске асырады. Ұдайы
өндірістің әр алуандылығы өз кезегінде қаржы механизімі құрамды және
ажырағысыз бөлігі болып табылатын экономикалық (шаруашылық) механизмнің
нысандары мен әдістерінің тиісті әр алуандығын тудырады.
Сөйтіп, қоғамдық формацияның экономикалық заңдарымен, белгілі бір
өндірістік қатынастардың және тиісті категориялардың болуымен анықталатын
өндіріс процесі шаруашылық механизм арқылы іске асатын экономикалық
саясатпен реттелініп отырғанда тұйық, айналмалы заңдылық байқалынып
отырады: шаруашылық механизм, өз кезегінде, ұдайы өңдірістің нақты
нәтижелерін тиісті саңдық және сапалық тұлғалауда (нысанда) жаңғыртуға
көмектеседі. Бұл диалектикалық заңдылық диалектакалық бұралым түрінде
(ұдайы өндірістің қалыпты жағдайында) өспелі қағидат бойынша іс-әрекет
етеді.
Сондықтан ұлғаймалы ұдайы өндірістің қалыпты ағыны экономикалық саясат
пен механизмнің құрамды бөлігі ретіндегі қаржы саясаты мен қаржы
механизміне байланысты. Дұрыс тұжырымдалған қаржы саясаты, анық етіп
қалыптастырылған, синхронды жұмыс істейтін қаржы механизмі қоғамның
әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдеседі. Кері теңденция да болады:
егер қаржы саясаты экономикалық заңдардың іс-әрекетін толық есепке алмаса
немесе олармен қарама-қайшылықта болса, онда тиісті қаржы механизмі ұлттық
шаруашылықтың, саланың, аймақтың және т.т. өндірістік мүмкіндіктерін толық
пайдалана алмайды немесе пайдалануға оның халі жоқ.
Курстық жұмыстың мақсаты. Курс жұмысының басты мақсаты – нарықтық
қатынастар жүйесіндегі қаржы механизмінің мәнін, элементтері мен буындарын
зерттеу. Мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс
ресурстар механизмі болып бөлінеді. Аумақтық бөлініске сәйкес
республиканың, биліктің жергілікгі орғандарының қаржы механизмі деп бөлуге
болады.2, 66 б.
Курстық жұмыстың міндеттері. Қазіргі кезеңде қаржы саясатының
көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы
ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын
қамтамасыз ету;
ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық
шаруашылықтың секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды
белгілі бір мақсаттарға бағыттау;
б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті
қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру;
в) нарықтық қатынастардағы қаржы механизмінің мәнін, элементтерін
қарастыру т.б.
Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І. ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қаржы механизмнің мәні, ұғымы

Қаржы механизмі мемлекет белгілеген қаржы шараларын атаулы, нақтылы
нәтижелерге – қоғамдық-экономикалық өмірдің барлық деңгейлері мен
сфераларындағы қоғамдық өнімнің, материалдық емес игіліктердің, қызметтер
көрсету мен құндылықтардың толып жатқан барлық элементтері құнының құрамына
кіретін қаржы ресурстарының ұдайы өндірілуіне айналдырып, іске асырады.
Ұдайы өндірістің әр алуандылығы өз кезегінде қаржы механизімі құрамды және
ажырағысыз бөлігі болып табылатын экономикалық (шаруашылық) механизмнің
нысандары мен әдістерінің тиісті әр алуандығын тудырады.
Сөйтіп, қоғамдық формацияның экономикалық заңдарымен, белгілі бір
өндірістік қатынастардың және тиісті категориялардың болуымен анықталатын
өндіріс процесі шаруашылық механизм арқылы іске асатын экономикалық
саясатпен реттелініп отырғанда тұйық, айналмалы заңдылық байқалынып
отырады: шаруашылық механизм, өз кезегінде, ұдайы өңдірістің нақты
нәтижелерін тиісті саңдық және сапалық тұлғалауда (нысанда) жаңғыртуға
көмектеседі. Бұл диалектикалық заңдылық диалектакалық бұралым түрінде
(ұдайы өндірістің қалыпты жағдайында) өспелі қағидат бойынша іс-әрекет
етеді.
Сондықтан ұлғаймалы ұдайы өндірістің қалыпты ағыны экономикалық саясат
пен механизмнің құрамды бөлігі ретіндегі қаржы саясаты мен қаржы
механизміне байланысты. Дұрыс тұжырымдалған қаржы саясаты, анық етіп
қалыптастырылған, синхронды жұмыс істейтін қаржы механизмі қоғамның
әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдеседі. Кері теңденция да болады:
егер қаржы саясаты экономикалық заңдардың іс-әрекетін толық есепке алмаса
немесе олармен қарама-қайшылықта болса, онда тиісті қаржы механизмі ұлттық
шаруашылықтың, саланың, аймақтың және т.т. өндірістік мүмкіндіктерін толық
пайдалана алмайды немесе пайдалануға оның халі жоқ; мұндай жағдайда
қоғамның экономикалық дамуы тежелінеді (тежеуіштелінеді), жағымсыз
құбылыстар қорланылады, қоғамға қарсы процестер пайда болады. Мұндай
ситуацияның объективті экономикалық заңдардың талаптарын елемейтін
басқарудың әкімшіл-ерікшіл, тым орталықтандырылған әдістерін қолданғанда
қалыптасады.
Экономикалық дамуға, әлеуметтік прогреске қаржы саясатының белсенді
ықпал жасау мүмкіндіктері оны терең ғылыми негіздеуді талал етеді. Тек
ғылыми көзқарас, саясатты анықтайтын барлық факторларды біліп, зерделеу
оның салыстырмалы дербестігінің объективті экономикалық қатынастар
тәуелділігіне ұласпауының кепілі. Шаруашылық құрылыстың тәжірибесі қаржы
саясатының экономикадан қол үзуінің қатаң экономикалық қиыншылықтарға
ұрындыратынын, экономикаға негізі қаланған мүмкіндіктерді іске асыруды
сөзсіз тоқтататынын дәлелдейді.3, 177 б.
Мемлекеттің даму тарихында қаржыны, қаржы саясатын және оны жүзеге
асыру механизмін пайдалана отырып, қоғамның міндеттерін шешудегі қарама-
қарсы тәсілдемелердің мысалдары бар. Мәселен, ұзақ жылдар бойы КСРО-да
қаржының, тиісінше қаржы саясатының рөлі жете бағаланбады. Осыған
байланысты белгілі бір кезеңде экономикалық жүйені тұрақтандыру мен
дамытуда қаржы реттеуіштерінің белсенді рөлі толықтай жоғалды. Қаржыны бір
орталықтан басқару шектен тыс тәртіптемелейді (регламенттейді) және
көбінесе еркін шешімдерге негізделді.
Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму мемлекеттің
сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін. Жүргізіліп отырған қаржы
саясатының басты субъектісі мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ
перспективаға арналған қаржысын дамытудың басты бағыттарының стратегиясын
жасайды және алдағы кезеңге арналған міндеттерді, қаражаттарды және оған
жетудің жолдарын анықтайды.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іс-әрекетін
ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы
ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңіңде қаржы
саясатының өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін, қоғамның
материалдық және мәдени өмірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін және басқа
факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны айтарлықтай күрделі, өйткені ол
шаралардың ауқымды кешенін, оны дәйекті жүзеге асыру стадияларын қамтиды,
олар:
1) экономикалық заңдардың әрекеті, экономиканың жай-күйі, қоғамның
әлеуметтік-экономикалық дамуының перспективалары негізінде елдегі қаржының
ғылыми негізделген тұжырымдамасын әзірлеу;
2) экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен міндеттерін негіздей
отырып, қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық шараларын тұжырымдау;
3) белгіленген іс-әрекеттерді қаржы механизмі (экономикалық қайта
құрудың түбегейлігіне қарай оны жаңғырта және түзете отырып) арқылы іс
жүзінде жүзеге асыру.
Осы негізгі үш буынның бірлігі қаржы саясатының мазмұнын анықтайды.
Демек, экономикалық заңдардың іс-әрекетін есепке ала отырып, қоғамды
дамытудың міндеттеріне байланысты қаржыны ұйымдастыру мен пайдалану
мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны болып табылады.
Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің
қатарына мыналарды жатқызуға болады:
а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы
ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын
қамтамасыз ету;
ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық
шаруашылықтың секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды
белгілі бір мақсаттарға бағыттау;
б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті
қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отырады.4, 137 б.
Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржы саясаты
мен қаржы жүйесінің қызметі нарық жағдайында қажетті қаржы ресурстарын
жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезінде түсіріп отыруға,
әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларында қаралған
шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал, еңбек және ақша
ресурстарын мақсатты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге
бағытталған. Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік және
экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларын қайта құрудың
стратегиясын қаржымен қамтамасыз ету қажеттігінен туындайды.
Таяудағы мақсат ретінде — мемлекеттік бюджет теңгерімділігіне жету және
экономиканы тұрақтандырудың негізінде ұлттық шаруашылықтың қаржы жағдайын
сауықтыру проблемасын шешу.
Қаржы саясатын жүзеге асырудың негізіне жалпы және жеке (өзгеше)
қағидаттардың толып жатқан қатары қойылуы тиіс.
Қаржы саясатын жүргізгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың зор
маңызы бар:
➢ қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді жасау,
бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының,
әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау;
➢ қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
➢ қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен
шығыстардың теңгерімділігі;
➢ қаржы резервтерін жасау (бюджет жүйесінде кірістердің шығыстардан және
салалық қаржыларда қаржы резервтерінің асып түсуі);
➢ мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында қаржы
ресурстарын оңтайлы бөлу.
➢ Қаржы саясатының тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы қағидаттарға
мыналар жатады:
➢ объективті экономикалық заңдардың іс-әрекетін есепке алу;
➢ нақты тарихи жағдайларды есепке алу;
➢ өткен жылдардың өзіндік тәжірибесін жәңе дүниежүзілік тәжірибені есепке
алу.

➢ Жеке (өзгеше) қағидаттарға мыналарды жатқызуға болады қоғамда қаржы
жүйесінің ұтымды құрылымын, қаржы қатынастарын жоспарлы ұйымдастыруды
және қаржы механизмінің дұрыс құрылуын қамтамасыз ету;
➢ қаржы жүйесінің барлық салалары мен буындарындағы кірістер мен
шығыстардың тепе-теңдігі;
➢ бюджеттегі кірістердің шығыстардан асып түсетін қаржы резервтерін жасау;
➢ салық жүйесін ұтымды құру арқылы экономикалық және әлеуметтік дамудың
маңызды бағыттарына қаржы ресурстарын шоғырландыру;
➢ негізгі қаржы ресурстарын мемлекет қармағына жұмылдыру, оларды мемлекет
пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тиімді бөлу;
➢ қаржы және кредит-ақша саясатының тепе-теңдігі.5, 69 б.

1.2 Қаржы механизмнің құрылымы, элементтері, буындары

Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске
асырылады, ол қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің,
нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы механизмі арқылы
шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде және қызмет сфераларында
экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау
үшін мақсатты ақша қорлары мен ақша қорланымдарын қалыптастыру және
пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады.
Қаржы механизмі мемлекет белгілеген қаржы шараларын атаулы, нақтылы
нәтижелерге — қоғамдық-экономикалық өмірдің барлық деңгейлері мен
сфераларындағы қоғамдық өнімнің, материалдық емес игіліктердің, қызметтер
көрсету мен құндылықтардың толып жатқан барлық элементтері құнынын құрамына
кіретін қаржы ресурстарының ұдайы өндірнуіне айналдырып, іске асырады.
Ұдайы өндірістің әр алуандылығы өз кезегінде қаржы механизмі құрамды және
ажырағысыз бөлігі болып табылатын экономикалық (шаруашылық) механизмнің
нысандары мен әдістерінің тиісті әр алуандығын тудырады.
Қаржы механизмі — экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы
жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру
нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің
жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және
әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кірігіреді.
Қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және
қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы
механизмі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы механизмі, сондай-ақ
мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінеді. Ол кезегінде, бұл сфералардың
әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды. Мысалы, мемлекет қаржысының
механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып
бөлінеді. Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікгі
орғандарының қаржы механизмі деп бөлуге болады.
Жалпы шаруашылық механизмі секілді қаржы механизмінің де өзіне тән ішкі
құрлымы бар және ол айтарлықтай күрделі. Қаржылық өзара байланыстардын,
көптігі қаржыны ұйымдастырудың көптеген түрлерін, нысандарын және әдістерін
алдын ала анықтайды. Қаржы механизмінің құрлымы қаржы қатынастарын
топтастыру тұрғысынан қаржы жүйесін қамтып көрсетеді.7, 167 б.
Қаржы механшмі құрылымын сипаттау үшін оның буындары ретінде
анықталатын жүйелі талдаудың қосалқы жүйесі (бөліп), блогы, элементі сияқты
ұғымдарын пайдаланған орынды ( 1 суретті қараңыз.)
Қаржы механизмінің қосалқы жүйесі (бөлігі) оның неғұрлым маңызды
қозғаушы күші болып табылады, олар: қаржылық жоспарлау, қаржы тұтқалары мен
ынталаңдырмалары, ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің құқықтық режімі,
қаржыны ұйымдастыру.
Қаржы механизмінің блогы (буыны) — бұл жалпы мақсатты бағыттылық
белгісі бойынша біріккен біркелкі өзара байланысты элементтердің жиынтығы.
Қаржы механизмінің элементі — бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол арқылы
қоғамдық өңдіріске қатысушылардың мүдделері айрықша түрде білінеді.
Әрбір элемент біріңғай қаржы механизмінің құрамды бөлігі болып
табылады, бірақ өзінше жұмыс істейді және барлық элементтер келісуді талап
етеді.
Қаржы механизмі элементтерінің — қаржы қатынастарын ұйым-дастырудың
нысандарының, түрлерінің, әдістерінің үйлесуі "қаржы механизмінің
конструкциясын" құрайды, ол механизмнің әрбір элементінің сандық
параметрлерін бслгілеу жолымен, яғни алудың мөлшерлемелері мен нормаларын,
қорлардың көлемін, шығындардың деңгейін және басқаларды анықтау арқылы
қозғалысқа келтіріледі. Сандық параметрлер мен оларды анықтаудың сан алуан
өдістері қаржы механизмінің ең шамдағай бөлігі болып табылады. Олар
түзетулерге жиі ұшыранды, өндіріс жағдайлары мен қоғам алдында тұрған
міндеттердің өзгерісін сергек сезіп отырады. Мысалы, табысты (пайданы)
бөлудің әдістері және кәсіпорын мен мемлекет арасында онын бөлінуінің ара
қатысы әлденеше рет өзгереді, салықтардың мөлшерлемелері түзетіледі және
т.б,
Қоғамдық өмірде қаржының диалектикасы тұлғалау нысандарының және әрекет
жасау әдістерінің өзара байланысы, іс-қимылы арқылы көрінеді.
Нақты өмірде, шаруашылық және қаржы механизмдерінде абстрактты
экономикалық (құндық) категориялар нақтыланады және нақтылы нысандар
түрінде болады.
Қаржы қатынастары көрінісінің нысандары экономиканы басқарудың
деңгейіне қарай (жалпы ұлттық шаруашылық, экономиканың секторы,
экономикалық аймақ, сала, ішкі сала, шаруашылық жүргізуші субъектісі,
әкімшілік-аймақтық құрылым) неғұрлым толық нақтылануы мүмкін. Сондықтан
анағұрлым нақтылы нысандар — басқару тұтқалары қолданылады: мысалы,
кірістерде қосылған құнға салынатын салық, акциздер, табыс салығы,
мемлекеттік мүліктен түсетін табыстар, ренталық төлемдер және т.б.,
шығыстарда — экономикаға (өрі қарай тәптіштеледі), әлеуметтік-мәдени
мақсаттарға (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру және
қамсыздандыру, ғылымға, басқаруға және басқалары) жұмсалатын шығындар бөліп
көрсетіледі. Бастапқы буын деңгейінде — фирмаларда, компанияларда,
ұйымдарда, мекемелерде сан алуан қаржы қатынастарын реттеу үшін басқарудың
нақтылы нысандары мен әдістерінің сан алуан түрлері қолданылады.6, 59 б.

3. Нарықтық қатынастар жүйесіндегі қаржы механизмі

Шаруашылық және қаржы механизмдерінде қаржы-экономикалық нормативтер
мен лимиттер пайдаланылады. Нормативтер — шығындардың немесе ресурстарды
бөлудің есептік түрде негізделген мөлшерлері, лимиттер —ресурстарды
пайдаланудың шекті мөлшерлері (көлемдері) қаржылық жоспарлауда
пайдаланылады. Олардың көмегімен жалпы мемлекеттік, ұжымдық және жеке
мүдделердің бөлгішік қатынастарыңдағы оңгайлы ұштастыру, экономикалық және
әлеуметтік дамудың перспективалық және ағымдағы жоспарларының тапсырмаларын
іске асыру үшін мемлекеттің, аймақтың, басқарудың салалық және ведомстволық
органдарының, шаруашылық құрлымдарының ресурстарға деген қажеттіліктері
қамтамасыз етіледі.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қалыпты ағыны экономикалық саясат пен
механизмнің құрамды белігі ретіндегі қаржы саясаты мен қаржы механизміне
байланысты. Дұрыс тұжырымдалған қаржы саясаты, анық етіп қалыптастырылған,
синхронды жұмыс істейтін қаржы механизмі қоғамның әлеуметтік-экономикалық
дамуына жәрдемдеседі. Кері тенденция да болады: егер қаржы саясаты
экономикалық заңдардың іс-әрекетін толық ескерілмесе нсмесе олармен қарама-
қайшылықта болса, онда тиісті қаржы механизмі ұлттық шаруашылықтың,
саланың, аймақтың және т.б. өндірістің мүмкіндіктерін толық пайдалана
алмайды немесе пайдалануға оның халі жоқ; мұндай жағдайда қоғамның
экономикалық дамуы тежелінеді (тежеуіштелінеді), жағымсыз құбылыстар
қордаланылады, қоғамға қарсы процестер пайда болады. Мұндай жағдай
объективті экономикалық заңдардың талаптарын елемейтін басқарудың әкімшіл-
ерікшіл, тым орталықтандырылған әдістерін қолданғанда қалыптасады.
Қаржы механизмінің әрбір сферасы мен жеке буыны бірыңғай бүтіннің
құрамды бөлігі болып табылады. Олар өзара байланысты және өзара тәуелді.
Сонымен бірге салалар мен буындар біршама дербес іс-әрекет етеді. Бұл
жағдай қаржы механизмі құрамдастарының үнемі қиысуын қажет етеді. Қаржы
механизмінің құрамды (құрылымдық және функциялық) буындарының іштей үйлесуі
оның ұтымдылығының (әрекеттілігінің) маңызды шарты болып табылады.
Қаржы механизмінің сфералары мен буындары жеке элементтердің
күрделілігімен және тарамданушылық дәрежесімен ерекшеленеді. Мысалы, бюджет
механизмі салықтардың коп түрінен түратын жүйе, оған қаржыны пайдаланудың
сан алуан бағыттары мен қаржылаңдыру әдістерінің болуы тән. Шаруашылық
жүргізуші субъектілерде қорланымдардың жеке нысандары арасындағы қарым-
қатынас анықталады, табыс (пайда) бөлініске түседі, қорлар құрылып,
пайдаланылады. Сақтық ұйымдарында резервтік қор жүйесі кең дамыған.7,
152б.
Қаржы механизмінің маңызды құрамды бөлігі қаржы ынта-тандырмалары — іс-
әрекеті шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық мүдделсрімен
байланысты болатын экономикалық түтқалар болып табылады. Үдайы өндірістің
сапалық жағын ынталандыру кезінде қаржы экономикалық мүдделерді,
ынталандырмаларды қамтамасыз ету бағытында пайдаланылады. Бұл орайда
экономиканы сапалық ынталандыру басым болады.
Қаржының өзара байланыстарының көптігі қаржыны ұйымдастырудың түрлі
нысаңдары мен әдістерін алдын ала анықтайды. Қаржы саясатын орындауға
арналған қаржы механизмін жасаудың үлкен маңызы бар. Қаржы саясатын жүргізу
процесінде шарттарды есепке алу әлеуметтік қамсыздандырумен, салықтарды
реттеумен, ғылыми-техникалық процесті дамытумен, ондіріс процесінің
проблемаларын шешумен, мақсатты бағдарламаларды қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етумен, барлық аймақтардың шаруашылығын дамытумен байланысты
қойылған міндеттерді іске асыру үшін қажет тиісті тәсілдер мен әдістерді
айқындауды талап етеді. Мемлекет объективті заңдардың негізінде жалпы
ұлттық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлудің нысандары мен әдістерін
анықтайды. Мемлекет салықтарды, қаржы ресурстарын пайдаланудың қағидаттары
мен бағыттарын, амортизация саясатын белгілейді. Мемлекет қаржы
қатынастарын ұйымдастырудың амалдарын нормативті түрде ресімдей отырып,
жоспарлау мен болжауды жүзеге асырады. Бұл орайда бақылаудың маңызы зор.
Қаржы ынталандырмаларының мынадай топтарын бөліп көрсетуге болады;
1. Қоғамдық өндіріске ресурстарды инвестициялаудың неғұрлым тиімді
бағыттарын таңдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайтын қаржы
ынталандырмалары. Осыған байланысты мақсатты бағдарламаларды дұрыс әзірлеу
мен оларды жергілікті ресурстармен (бюджеттің көмегімен) қамтамасыз ету
маңызды.
Каражаттарды инвестициялаудың негізгі бағыттарын таңцау кезіңде қаржы
сиьшдылығы мен қаржы қайтарымы көрсеткіштеріне үлкен көңіл бөлінеді. Қаржы
сиымдылығы — бағдарламаны орындауға талап етілетін қаржы ресурстарының
саны. Қаржы қайтарымы — салынған ресурстарға алынатын қаржы қаражаттарының
саны.
Қаржы сиымдылығын төмендету және қоғамдық өндірісте қаржы қайтарымын
арттыру негізгі мәселе болып табылады. Бұл орайда қаржы ресурстарын
өсірудің маңызды резерві қоғамдық өнім құнының жақсартылған ұдайы
өндірістік құрылымы болатындығын есте ұстау қажет. Қосымша өнім қаржы
ресурстарының негізгі көзі болып табылатындықтан, қоғамдық өнім құнында
табыстың (пайданың) үлесі неғұрлым жоғары болса, қаржы ресурстарын өсіру
резервтері соғұрлым жоғары болады.
2. Арнаулы көтермелеу қорларын пайдалану.
3. Өндірісті интенсивтеңдірудің бюджеттік әдістерімен байланысты қаржы
ынталандырмалары.
Белсенді қаржы саясатын жүргізе отырып, өңдірісті көтермелеу үшін
мемлекет бюджеттің кірістері мен шығыстарын пайдалана алады. Бюджеттің
кірістері бюджеттің ынталандырмаларына айналуы үшін төлемнің әрбір түрі тек
фискалдық фукцияны ғана емес, сонымен бірге ынталандырушы функцияны да
орындауы қажет. Қаржы механизмі мен қаржы саясаты қаржы қүқығымен тығыз
байланысты. Заңды нормалардың болуы бүкіл қаржы жүйесіндс бірыңғай талаптар
белғілеуге жағдай жасайды.
Қаржы құқұғы қаржы саясатын қалыптастыру мен жүргізудің тетігі болып
табылады жәнс экономикалық саясатқа әсер етеді.8, 123 б.
Бүл байланыстарды дәйекеті түрде былай көрсетуге болады:
1. Қаржыны бұл категорияның мүмкіндіктерін танып білу арқылы пайдалану.
2. Қаржы саясатын құқықтық ресімдеу.
3. Есептерді шешудің тәсілдері мен әдістерін дамыту және іске асыру.
4. Қаржы құқығы қаржы қатынастарын регламенттеуді жүзеге асырады.
Қоғам дамуының белгілі бір кезеңінің ұсынылатын және шешілетін
міндеттеріне, оның шаруашылықтың сферасын, саласын дамытумен байланысты бұл
қатынастардың бөлігіне сәйкес қаржы механизмінің, оның буындарының,
тұтқаларының, элементерінің күрделі жүйесі ән бойы өзгерісте, озара іс-
қимылда болады.
Қаржы механизмін қалыптастыра отырып, мемлекет сол бір кезеңнің қаржы
саясаты талаптарына оның толығырақ сәйкестігін қамтамасыз етуге тырысады,
бұл саясаттың мақсаттары мен міндеттерін толық жүзеге асырудың кепілі болып
табылады.
Қаржы саясатының түбегейлі өзгеруімен байланысты қаржы механизмі қайта
құрылуда. Қаржы механизмін қайта құрудың мақсаты — нарықтық қатынастарды
дамыту негізінде қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпалын күшейту, қаржы
ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету. Қаржы
механизмін қайта құрудың негізіне ұлттық шаруашылықта қаржылық өзара
байланыстарды ұйымдастыруға деген қағидалы жаңа козқарас қойылған, ол
жұмыстың түпкілікті нәтижелері үшін кәсіпорындардың, ұйымдардың,
аймақтардың шаруашылық ынтасы мен жауаптылығын барынша дамытуды қамтамасыз
етеді.
Экономика дамуының қазіргі кезеңде қаржы механизмін жетілдірудің
міндеттері өндірісті кеңінен демократияландырумен, коммерциялық негіздерді,
нарықтық реттеуді сндірумен, шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне
экономикалық ынталылықты күшейтумен байланысты болып отыр.
Сонымен, менің пікірімше қаржы механизмінің негізгі мақсаты — нарықтық
қатынастарды дамыту негізінде қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпалын
күшейту үшін және қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін
қажет.9, 244 б.

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
2.1. Қазақстан Республикасының қаржы механизмнің қалыптасуы

Қазіргі уақытта қаржы саясатының еліміздің экономикалық және әлеуметтік
дамуын тежеп отырған кемшіліктері өте-мөте айқын көріне бастады. Оларға
мыналар жатады: қаржы саясатының догматикалық (үзінді-кесілді, шығармашылық
емес) сипаты, оның мемлекетіміздің дамуының өзгеріп отырған жағдайына тез
құлақ асуға, толғағы жеткен міндеттерді шешу үшін керекті әдістерді табуға
қабілетсіздігі, стратегиялық концептуалды талдамалардың жоқтығы; болмашы
пайдаға бағытталған жарым-жартылай, жеткіліксіз негізделген тактикалық
шараларды жүргізу; қаржы саясатының ұлттық шаруашылықтағы істің нақтылы
жағдайынан қол үзуі; қаржы шаруашылығын дұрыс жүргізудің маңызды талабының
— қаржыға қарай өмір сүру талабының бұзылуы; азаматтардың әлеуметтік
қажеттіліктерін қанағаттандырудың қаржы базасын анықтаудағы әлі күнге дейін
орын алып келе жатқан қалдықты тәсілдеме.
Қаржы саясаты экономикалық саясаттың нысаны бола отырып, оған тән
өзгеше тәсілдермен және әдістермен мақсатқа жетуге және экономикалық саясат
қойған міндеттерді орындауға көмектеседі.
Жаңа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша саясаты
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы мен дамуы
Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларын эмиссиялық операциялар
Нарықтың экономикада қажеттігі, мәні, өту жолдары
Нарық қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері
Бағалы қағаздар нарығының жалпы түсінігі
Мемлекеттік реттеу жүйесінде аграрлық өндірісті дамытудың және тұрақтандырудың экономикалық механизмі
Нарықтық қатынастарға сай қызмет ететін несиелік жүйенің мазмұны мен құрылымдық элементтеріндегі өзгерістерді сараптай отырып, Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің несиелеу тәжірибелері мен даму ағымына талдау жасау
Агробизнес кешенінің экономикасы мемлекеттік реттеу объектісі ретінде
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және құрылымы
Пәндер