Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардан бюджетке төлейтін төлем жүйелері


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
І Мемлекеттік бюджетке төлейтін төлемдердің экономикалық мәні
мен рөлі
1. 1 Салық және салық салуды тиімді ұйымдастырудың принциптері . . . 5
1. 2 Мемлекеттік бюджеттің қаржылық ретіндегі жүйе қызметі . . . 9
1. 3 Кәсіпорындардың салықтық және салықтық емес төлемдері . . . 12
ІІ Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардан бюджетке түсетін
түсімдерді талдау
2. 1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі, оның элементтері . . . 15
2. 2 Кәсіпорындардан түсетін салықтық түсімдер және салықтық
eмес түсімдер . . . 23
2. 3 Салықтық қызмет органдарының салықтық түсімдерді қамтамасыз
ету бойынша қызметі . . . 30
ІІІ Кәсіпорындардан бюджетке түсімдерді қамтамасыз ету қызметін
жетілдіру . . . 35
Қорытынды . . . 38
Қосымшалар
Кіріспе
Қазақстан Республикасы экономикасының алдындағы маңыздылығы жоғары міндеттердің бірі соңғы жылдары өз уақытында жасалынған құрылымдық реформалардың және тиімді жүргізілген экономикалық реттеудің арқысында қол жеткізілген макроэкономикалық көрсеткіштерге тұрақтылық және жаңа сапалық сипат беру. Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды, яғни отандық өндірісті дамытуға бет алды. Бүгінгі күні мемлекеттің ұзақ мерзімді болашақтағы стратегиялық мақсаты еліміздің тиімді және тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге қабілетті өндірістік аппаратты құру болып табылады. Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетiн бюджеттiң жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандары бюджеттің кipicтepі мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөлiнiстiк жеке көздерiн бiлдiредi. Категориялардың eкeyіде бюджеттiң өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кipicтep мемлекетті қажетті aқшa қаражаттарымен қамтамасыз етедi, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттiк қажеттiлiктерге сәйкес беледi. Бюджеттiң түсiмдері кіpicтep. Бюджеттiк кредиттерді өтеу, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түceтін түсiмдер, сондай-ақ мемлекеттiк қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттiк кредиттер қаржы активтерiн сатып алу, қарыздар бойынша негiзгі борышты өтеу болып табылады.
Салықтардың экономикалық мәні мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен қалыптасатын ақша қарым-қатынастарымен сипатталады, сондықтан салықтар экономикалық категория ретінде қаралуы мүмкін.
Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен ішкі мазмұны олар атқаратын функцияларда толық ашыла түседі. Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты болып бөлінеді. Жалпы салықтар тиісті деңгейлердегі бюджеттерде шоғырландырылады және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Мақсатты немесе арнайы салықтардың нысаналы арналымы болады және әдеттегідей түрлі арнайы қорлардың қаржы базасын құруға арналады. Мемлекетке алынатын салықтар түрлерінің, оларды құрудың нысандары мен әдістерінің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
Жұмыстың мақсаты мемлекеттік бюджетке төлейтін төлемдердің экономикалық мәні мен рөлін қарастыра отырып, Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардан бюджетке түсетін түсімдерді талдап өтеміз, сондай-ақ салық жүйесімен оның элементтеріне және салық салуды тиімді ұйымдастырудың принциптері жайында қысқаша баяндап өтеміз.
Жұмысты жазуда экономика ғалымдарының отандық және ресейлік авторларының еңбектері мен мерзімдік журналдар, сонымен қатар Қазақстан Республикасының экономика саласы бойынша заңнамалар мен нормативтік құжаттар қолданылды.
Жұмыс кіріспе бөлімінен, негізгі үш тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау Мемлекеттік бюджетке төлейтін төлемдердің экономикалық
мәні мен рөлі
1. 1 Салық және салық салуды тиімді ұйымдастырудың принциптері
Орталықтандырылған қаржы кірістері негізінен салық түсімдері, сыртқы экономикалық қызметтен алынатын кірістер, халық төлемдері есебінен қалыптасады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салық салу объектілері мен салық салумен байланысты объектілерді тіркеуді (қайта тіркеуді) салық органы өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жүргізеді және ол объектілерді есепке алуды тіркеу (қайта тіркеу) журналында белгілейді.
Салық органдарында тіркелмеген салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді пайдалану Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады. Лотереялар ұйымдастыру, өткізу және лотерея билеттерін сату бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші оларды сату басталғанға дейін он күнтізбелік күн бұрын лотерея билеттерінің әрбір шығарылымын салық органында тіркетуге міндетті. 531-баптың 1-тармағында көрсетілген қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілерді есепке алу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. /1; 25/
Қосылған құн салығын төлеушілерді есепке алу бойынша төлеушілерді есепке қою талаптары осы Кодекстің ерекше бөлімінде айқындалады. Қосылған құн салығы бойынша төлеушіні есепке қою және оларды есептен шығару тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Біріңғай жер салығын төлеушілер ретінде, салық кодексінің тиісті
баптарында арнаулы салық режимін қолданатын шаруа (фермер) қожалықтары белгіленген. Шаруа (фермер) қожалықтарына арнаулы немесе жерді пайдалану құқығында немесе жерді пайдалану құқығында салық режимін қолдану құқығын беру оларда жеке меншік құқығында жер учаскелері болған кезде ғана жүзеге асырылады. Шаруа (фермер) қожалықтары арнаулы салық режимін қолдану мақсатында жыл сайын 20 ақпаннан кешіктірмей өздерінің жер учаскелері орналасқан жердегі салық органына тиісті уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген нысан бойынша өтініш беріп отырады.
Біріңғай жер салығы бойынша салық салу объектісіне, яғни салық базасына жеке меншік құқығындағы немесе жерді пайдалану құқығындағы жер учакесінінің бағалау құны жатады. Жер учаскесінің (жерді пайдалану құқығының) бағалау құнын айқындау Қазақстан республикасының жер заңдарында белгіленген тәртіп негізінде жүргізіледі. Біріңғай жер салығының ставкасы жер учаскесінің бағалау құнына 0, 1 процент мөлшерінде белгіленеді. Біріңғай жер салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік жыл болып табылады.
Біріңғай жер салығын тиісті бюджетке төлеу мына мерзімдерде:
- ағымдағы төлем ағымдағы салық кезеңінің 20 қазанынан кешіктірілмейтін мерзімде;
- біріңғай жер салығы бойынша түпкілікті есеп айырысу есепті кезеңнен кейінгі салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде жер учаскесі орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады.
Біріңғай жер салығын төлеушiлер жыл сайын, ағымдағы салық кезеңiнiң 15 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жер учаскелерi орналасқан жердегi салық органдарына өткен салық кезеңi үшiн бiрыңғай жер салығы
жөнiндегi декларациялaрын табыс eтeдi. Бiріңғай жер салығын төлеушi - шаруа (фермер) қожалықтары өздеріне (меншік құқықтарына немесе жерді пайдалану құқығына орай) тиесiлi жер учаскелерiн басқа шаруа қожалықтapына жалға пайдалануға берген жағдайда, осы жалға беруден түсетiн-табысынан жалпығa бiрдей белгiленген тәртiп бойынша салық төлеуге мiндеттi.
Жер пайдалану құқығының түрлері болып жер падайлану құқығы тұрақты немесе уақытша, иеліктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, өтеулі немесе өтеусіз алынатын болуы мүмкін. Осы кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген негіздерден басқа реттерде ешкімді де жер пайдалану құқығынан айыруға болмайды. Жер пайдаланушылар мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұлттық және шетелдік, жеке және заңды тұлғалар, тұрақты және уақытша, бастапқы және кейінгі болып табылады. Жер пайдалану құқығының туындауы жер пайдалану құқығы, жер пайдалану құқығын табыстау, жер пайдалану құқығын беру, жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысуы (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) арқылы туындайды.
Жер құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесінің нысаналы мақсаты ескеріле отырып жүзеге асырылуға тиіс. Жер пайдалану құқығы мемлекеттік органдар актілерінің, азаматтық-құқықтық мәмілелердің негізінде, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздерде туындайды.
Жер пайдалану құқығын табыстау тұлғаға жер пайдалану құқығын тікелей мемлекеттің беретінін білдіреді. Азаматтарға және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығын табыстау атқарушы органның жер учаскесіне құқық
табыстау жөніндегі құзыретіне сәйкес оның шешімі негізінде жүргізіледі. Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға уақытша жер пайдалану құқығыны табыстаған кезде уақытша жер пайдалану құқығын табыстау туралы шешім негізінде жер пайдаланушылармен жер учаскесін жалға беру шарттары немесе уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттары жасалады. Егер жер учаскесі жер қойнауын пайдалануға лицензия немесе келісімшарт жасасуды талап ететін қызметті жүзеге асыруға немесе іс-қимыл жасауға арналса, осы учаскеге жер пайдалану құқығын табыстау жер қойнауын пайдалануға тиісті лицензия алынған немесе келісімшарт жасалған соң жүргізіледі. Жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың болуы жер учаскесін кідірісіз рәсімдеу үшін негіз болып табылады.
Жер пайдалану құқығын беру тұлғаға жер пайдалану құқығын басқа жер пайдаланушының беретінін білдіреді. Жер пайдалану құқығын беру азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бойынша жүргізіледі. Жер пайдалану құқығын иеліктен шығару азаматтық-құқықтық мәмілелер (сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбастау және басқалар) негізінде жүргізіледі. Жер пайдалану құқығын белгілі бір мерзімге басқа тұлғаға беру жалдау немесе жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалану шартының негізінде жүргізіледі. Жер пайдалану құқығын белгілі бір мерзімге басқа тұлғаға беру жалдау немесе жер учаскесін уақытша өтеулі жер падалану құқығын сатып алған тұлғалар ғана жүргізе алады. Жер пайдалану құқығын иеліктен шығару және оны беру кезінде жер пайдаланушылардың жер учаскесінің нысаналы мақсатын өз бетінше өзгертуге құқығы жоқ. Жер пайдаланушылардың ортақ пайдаланудағы, қорғаныс қажеттеріне берілген, орман қорының, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру,
рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы, қызметтік жер телімінің, уақытша өтеусіз және уақытша қысқа мерзімді өтеулі жер пайдалану құқығымен берілген жер учаскелерінің, кепілге беруді қоспағанда, шаруа (фермер) қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша жер пайдалану құқығымен берілген жер учаскелерінің, су қорының жерінде жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруды қоса алғанда, жер пайдалану құқығына қатысты мәмілелер жасауына жол берілмейді. /6; 58/
1. 2 Мемлекеттік бюджеттің қаржылық ретіндегі жүйе қызметі
Кipicтep мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтiк-экономикалық және тарихи жaғдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттiк бюджет және салық саясатын жүргiзудiң бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгiлі бiр жағдайларда кiрiстерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандарымен әдiстерiн пайдаланады.
Нарықтық қатынастарға көшкенге дейiн КCPO-ның мемлекеттiк бюджетiнiң кipicтepі мемлекеттiк кәсiпорындардың ақша жинақтарына негiзделiп келдi. Ол бюджет кiрiстерiнің жалпы сомасының 90% құрады және негiзiнен eкі төлемнен - айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден тұрды. Бұл жүйе 1930 жылдан 1990 жылға дейiн өмip сүрдi. 1980 жылдары енгiзiлген өндiрiстiк қорлар, еңбек ресурстары және басқалары үшiн ақы түрiнде пайдадан алынатын нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдер жүйесiн өзгертпеді және жеке кәсiпорындар қызметiнiң жеке-дара нәтижелерiне бағытталып отырды.
Дағдыдағыдай, кipiстердің көзі салықтар немесе оларға бара бар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджеті кipicтepiнің құрамы мен құрылымы салық төлемдерiнiң қолданыстағы жүйесiмен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттaғы салықтық емес қаражаттардың түсiмдерiмен айқындалады.
Бюджет кодексiне сәйкес бюджеттiң құрылымы мына бөлiмдерден тұрады:
- кipicтеp:
- салықтық түсiмдер;
- салықтық емес түciмдep;
- негiзгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
- ресми трансфеттер түсiмдерi;
2. шығындар;
3. операциялық сальдо;
4. таза бюджеттiк кредит беру:
- Бюджеттiк кредиттер;
- бюджеттік кредиттерді өтеу;
5. қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
- қаржы активтерiн сатып алу;
- мемлекеттің қаржы активтерiн сатудан түceтiн түсiмдер;
6. бюджет тапшылығы (порфициті) ;
7. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) :
- қарыздар түсiмi;
- қарыздарды өтеу;
- бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
Бюджеттерді бекiту және бюджеттердiң атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетiлген құрылым бойынша жүзеге асырылады. /3; 72/
Бюджеттiң кipicтepі салықтың және басқа мiндетті төлемдер (салықтар және бюджетке төленетiн басқа мiндeтті төлемдер), ресми трансферттер мемлекетке өтеусiз негiзде берiлетiн, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттiң қаржы активтерiн сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге тиiсті ақшалар болып табылады. Салықтық емес түсiмдер бюджетке төленетін мiндеттi, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусiз негiзде берiлетiн ақша негiзгі капиталды сатудан түceтiн түсiмдерге мемлекеттiк-мекемелерге бектiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi, мемлекеттiк материалдық резервтен тауарларды мемлекет меншiгiндегі жер учаскелерiн жеке меншiкке сатудан немесе оларды тұрақты немеcе уaқытша жер пайдалануға беруден, мемлекетке тиесiлі материалдық емес активтерді сатудан түceтiн ақшалар жатады. Ресми трансферттердiң түсiмдері бұл бюджеттің бiр деңгейiнен екіншісінe Ұлттық қордан бюджетке түceтін трансферттердің түсімдері.
Мақсатты ресми трансферттерді қоспағанда, кiрiстердiң нысаналы мақсаты болмайды. Бюджеттiң шығындары - қайтарылмайтын негiзде бөлінетiн бюджет қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.
Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлiнедi:
- мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн қамтамасыз eтeтін шығындар;
- тұрақты сипаты жоқ iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзуге байланысты шығындар;
- мемлекеттiк тапсырысқа арнaлған шығындар-мемлекеттiк саясатты iскe асыру мақсатында (мемлекеттiк органдардың өздерiнiң тұтынуына арналмаған) өндiрiлетiн тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) мемлекеттiк органдардың ақы төлеуi;
- жеке тұлғаларғa ақшалай төлемдер-қызметкерлерге еңбегі үшiн ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес жеке тұлғаларға ақша нысанындары төлемдермен байланысты шығындар;
- заңи тұлғалаpға субсидиялар- мемлекeттiк мекемелер және қоғамдық бiрлестiктер болып табылмайтын заңи тұлғаларды өтеусiз және қайтарусыз негiзде қаржыландыру;
- ресми трансферттер-бюджеттiң бiр деңгейiнен екiншiсiне, сондай-ақ Ұлттық қорға трансферттер төлеу және мемлекеттiк мiндеттемелерді орындауға арналған, шығындардың өзге де тұрлерi.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz