Өсімдік ауруларының белгілері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3деңгейлі СМК құжаты
ПОӘК
ОӘКҚ 042-18.21.0703-2014

ПОӘК
Тәжірибе алқаптарының әдістемесі пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар.
басылым

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В080100 Агрономия
мамандығына арналған

Ауыл шаруашылық фитопатологиясы ПӘНІНЕ АРНАЛҒАН
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ - 2014

МАЗМҰНЫ

1. Глоссарий
2. Дәрістер

3. Тәжірибелік сабақтар

4. Ұсынылатын өзіндік сабақтарының тізімі.

Кіріспе І- ІІ - ІІІ дәріс
Өсімдік ауруларын қоздыратын микроорганизмдердің табиғатта таралуы және ерекшеліктері және өсімдік ауруларын зерттейтін фитопатология пәні
Дәріс жоспары:
1. Микроорганизмдер және қоршаған орта
2. Сәулелі саңырауқұлақтар (Актиномицеттер)
3. Вирустар мен микоплазмалар

Біздің планетамыздың дамуының алғашқы сатысында литосферада бос оттегінің болмағаны белгілі. Біртіндеп химиялық және бтологиялық эволюцияның нәтижесінде осыдан 3 миллиардтай жыл бұрын бір клеткалы бактериялар мен көк-жасыл балдырлар пайда болып,олар гидросфераға бос оттегін бөліп шығара бастаған.
Микроорганизмдер қоршаған ортаға тез бейімделіп кететіндіктен, табиғатта өте кең таралған.Оларды басқа организмдер тіршілік ете алмайтын ортада да кездестіруге болады. Экватордан бастап Антарктидаға дейін, органикалық заттарға бай қара топырықпен қатар шағыл құмдар мен гранит тастарда да микробтар тіршілік етеді. Ауаның сферада да микроорганизмдер кездеседі.Температурасы +60-70 жететін Гейзер қайнарлар мен тұзды суда да микробтар тіршілік етеді.Су мен топырақтың терең қабаттарында оттегісіз ортада тіршілік ететін анаэробты микробтар да белгілі.
Өсімдіктер- микроорганизмдердің тіршілігі үшін қолайлы орта. Жасыл өсімдіктер микрофлораға өте бай келетінін бірінші рет ағылшын ғалымы Бурри байқады.Ол 1 грамм картоп жапырағында 25,6 миллион , қиярда -15,4 миллион, алмада- 1,38 миллион бактерия клеткалары кездесетінін анықтады.
Микроорганизмдердің қоршаған ортаға тез бейімделуінің негізгі себебі - олар өте жылдам көбейетініндігінде .Бактерия клеткасы 25- 30 минуттың ішінде жаңа өнім бере алады.Егер бір клетка 30 минут сайын 1000 есе көбейіп отырады. Өсуіне кедергі болмаса 48 сағаттың ішінде 1 бактериядан 270 миллион клетка түзілген болар еді.
Өсімдіктер күннің энергиясын пайдалана отырып арнайы пигмент хлорофиллмен және тамыр арқылы алынатын сумен , басқада минералдық заттарды ауадағы көмір қышқылы газымен байланыстырып, күрделі органикалық зат түзеді. Бұл афтотрофты қоректену болып саналады.
Микроорганизмдердің көпшілігі дайын органикалық затпен қоректенетіндіктен гетеротрофты организмдерге жатады. Сонымен қатар олардың арасында афтотрофты организмдер де көп кездеседі. Соңғыларының қоректенуі үшін жоғары сатыдағы өсімдіктер сияқты күн сәулесі мен көмірқышқыл газы қажет.
Біраз микроорганизмдер сутек, азот,күкірт , темір сияқты минералдық заттарды тотықтандыру арқылы қоректеніп, өздерін энергиямен қамтамасыз етеді.Бұларды хемеотрофты организмдер деп атайды.
Микроорганизмдердің өсімдіктер мен жануарларға тән және ерекше қасиеттерін ғалымдар жан жақты зерттеп, оларды микроорганизмдерге актинс мицеттер, бактериялар , вирустар , микроплазмалар жатады.
Микроорганизмдер клеткасында ядро немесе ядроға тән заттар бар екені соңғы жылдары ғана белгілі болды.Клеткада ядросы айқын көрінетін микроорганизмдерді эукароиттар немесе ядролы организмдер деп атайды. Бұл топқа саңырауқұлақтар жатады.
Микроорганизмдердің көпшілігі бір немесе бірнеше клеткадан тұрады.Олардың клеткасында тірі организмге қажет барлық информациялар жинақталған.Жалғыз клеткалы микроорганизмдер қоректену ,тыныс алу, көбею, тұқым қуалау сияқты күрделі процестерден өтеді.
Микроорганизмдер қоректік затты бүкіл денесімен сору арқылы қабылдайды.Егер қоректік заттар ірі молекулалардан құралып , клетка қабықша арқылы өте алмайтын болса, микроорганизмдер өздерінің ферменттері арқылы оларды ыдыратып , жеңіл қорытылатын қосынды ларға айнадырады.
Микроорганизмдердің өсіп-өну жылдамдығы температураға байланысты болатындықтан , олар бірнеше топқа бөлінеді. Психрофилдер- немесе төменгі температуралық оптимумы +25-25, иаксимумы +30-35 .Мезофильдер- немесе орташа температурада өсуге бейімделген микроорганизмдердің температуралық минимумы - +45 жетеді. Алтермофильдер тобы өте жлғары температурада өсуге бейімделген.Олар -20 -30 жағдайда өсіп жетіледі.Термофильдердің температуралық оптимумы - +50-55 , максимумы - +80.
Микроорганизмдер төменгі температурада өнбейді, тыныштық қалпын сақтайды.Бірнеше тәулік бойы - 90 ұсталған микробтар тіршілік қабілетін жоймай, қолайлы ортаға тап болғанда өсіп-өніп , көбейе береді. Көптеген Микроорганизмдер +60-70 температурада 15-20 минут қыздырғанда тіршілік қабілетін жоятын болса, ал кейбіреулері үшін 100 температурада керек. Кейбір микрооранизмдерді жою үшін оларды +100-120 температурада бір-екі сағат автоклавта ұстау қажет.
Сәулелі саңырауқұлақтар.(Актиномициттер)
Актиномициттер бір клеткалы микроорганизм. Актиномициттер коптеген ортақ қасиеттеріне орай бактерияларға өте ұқсас келеді, ал кейбір ерекшеліктері оны саңырауқұлақтарға жақындата түседіү Олар зең саңырауқұлақтары секілді тарамдалған жіпше пішіндес мицелийден құралады. Мицелицлердің ұзындығы 600 микронға дейін жетеді. Нағыз актиномитциттердің мицелийдері өте жақсы жетілген, бірақ оларды жеке клеткаларға бөлетін перде болмайды. Сол себептен бір клеткада бірнеше ядро болуы мүмкін.
Актиномициттері көбінесе жыныссыз жолмен, споралар арқылы көбейеді. Олар пішіні әртүрлі арнайы бұташаларда түзіледі. Спорангий деп аталатын жеміс органдарында споралар түзетін актиномицеттер кездеседі. Олардың спораларының полярлы талшықтары болады. Қолайлы жағыдайда споралар өсіп бірнеше өскін береді. Ол өскіндер тарамдалған мицелиге айналады.
Бактерияға ұқсас келетін актиномицеттер әуелде тарамдалған жіпше түрінде болады да, кейін олар таяқша немесе шар пішіндес жеке клеткаға бөлшектенеді. Микробактерия туысына жататын актиномицеттер бөлшектену мен бірге бүрлену арқылы да көбейеді.
Актиномицеттер жасанды қоректік субстраттарда жақсы өседі. Олардың колониясының реңінен күн сәулесі спекторының барлық бояуларын кездестіруге болады. Нағыз актиномицеттердің колониясының консистенциясы тығыз келеді, ал микробактерияларікі - иленген қамыр таріздес болады.
Актиномицетер топырақта, іріменен өсімдік қалдықтарында кездеседі. Ферменттік қасиеттері өте күшті болғандықтан, олар басқа микроорганизмдер пайдалана алмайтын клетчаткада мол у заттармен қоректеніп, оларды қарапайы қосылыстарға дейн ыдыратады.
Актиномицеттерден медитцина, мал дәргерлігі салаларында кең қолданылатын стрептомицин, биомицин, тетрациклин басқсда антибиотиктер алынады. Соңғы жылдары олардан өсімдік ауыруларына қарсы қолданылатын полимиксин,касугами, актидион, фитобактериомицин тәрізді антибиотикрер шығарылуда. Кейбір актиномициттер адам мен жануарлардың және өсімдіктердің ауыруларын қоздырыалы.
Вирустар мен микоплазмалар
Вирустарды электронды микраскоппен 20 - 100 мың есе үлкейту арқылы ғана көруге болады. 1892 жылы орыс ғалымы Д.И. Ивановский темекінің мозаика ауыруын тудыратын бактерия сүзгіштерінен өтіп кететін, жаратылысы жұқпалы ауыру қоздыратын микроптарға ұқсас организмдер екенін анықтады. Бұл организмге вирус немесе сүзгіден өтетін у деген ат береді.
Ағылшын ғалымы У.Стенли мозайка ауыруына шалдыққан темекі шырынын химиялық жолмен тазалау арқылы вираустың таза препаратын алды. Оны қышқылдандырып тұнбаға түсетін кристалды белокқа айландырды. Осы кристалдың ертіндісі жапырағына жағылған сау темекі екі үш күннен кейін мозаика ауыруына шалдықты.
Электронды микроскоп арқылы вирустардың марфологиялық қасиеттері толық зерттелді. Өсімдік ауыруларын қоздыратын вирустар, жіпше немесе шар пішіндес. Таяқша вирустың ұзындығ 55 ммк 1250 ммк дейін жетсе, ал шар пішіндестерінің диаметрі 30ммк аспайды (1 миллимикрон миллиметрдуің миллионнан бір бөлігі).
Вирстардың химмиялық табиғатты әр түрлі. Темекі мозаикасының вирусы жалаң протеидтен тұрса, ал көпшілік вирустарының құрамында нукелеин қышқылдары мен (ДНҚ РНҚ) қатарар белоктар да болады.
Бактериялар мен актиномицеттер клеткалардың бөлінуі арқылы көбейсе, ал вирустар басқаша жолмен өседі.Өсімдік ,жануарлар мен адам организмінде вирус бөлшектері бірден белок пен нуклеин қышқылы бір клеткадан екіншісіне ауысып ,оданда жана вирустың бөлшектері пайда болады. Клеткадағы қоректік зат біткен кезде вирустардың көбеюі тоқталып олар тыныштық қалпына көшеді.
Вирустардың табиғаты туралы ғалымдар белгілі бір тұжырымға алі келген жоқ. Зерттеушілердің көбі вирустарды тірі организм деп есептемесе, ал кейбіреулері оны өлі табиғат өкіліне қосады.. Мұндай екі ұшты пікірлер вирустардың кейбір физикалық қасиеттеріне орай туып отыр. Себебі клеткадан тыс вирустарда еш.андай тіршілік белгісі байқалмайды,көп уақыт тіршілік белгісі байқалмайды.
Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділік қабілеті барлық вирустарда бір деңгейде бола бермейді. Кейбір вирустар +80-90 та 10 мин қыздырғанда тіршілік қабілетін жоятын болса,ал бағзы біреулерінің өлі дүниеге айналуына,+37-50температура жеткілікті.
Микроорганизмдердің денесінде вирустардың паразитті тіршілік етуге бейімделген түрлері де болады. Бактерияларда тіршілік ететін вирустарды - бактериофак, ал актиномицеттерде кездесетіндер актинофак деп аталады.
Фактардың өзіне тән құрылысы болады.Олардың сыртқы тұрқы шөміш пішіндес.Басы-көп қырлы, домалақтау немесе сопақша, кейде таяқша пішіндес, жұқа пластинка тәрізді 5-6 өсінділермен бітеді. Оның сыртқы белоктан құрылған қабықшалармен көмкерілген, ішінде 1-2 ДНҚ немесе РНҚ жіпшелері болады. Фагтың құйрығындағыпластинкалары спираль тәріздес белоктардан тұрады.
Фаг ұзын талшық пластинкалар арқылы микроорганизмнің клеткасына жабысады. Арнайы ферменттермен клетка қабығын ерітіп, оған өзінің ДНҚ немесе РНҚ жібереді. Фагтың нуклеин қышқылдары микроорганизм клеткасының зат алмасуын өз қажетіне орай өзгертеді. Осы жолмен микроорганизмнің бір клеткасында жүздеген немесе мыңдаған фагтар пайда болады. Зақымданған клетка қабықшасы еріп, фагтар босап шығады да, басқа сау клеткаларға жұғады.
Сонымен қатар микроорганизмдердің табиғатына бейімделген фагтар болады. Кейде бір бактерияларда олардың бірнеше түрлері кездесуі мүмкін. Топырақта тіршілік ететін көптеген микроорганизмдер де фагтармен зақымдалады. Антибиотиктермен басқа да препараттар шығару кезінде, олар микроорганизмнің культурасын зақымдап, кейде бағалы штаммаларды жойып жібереді. Осы себептерден жаңа штаммалардың фагқа беріктілігі тексеріледі.
Микоплазмалар эволюциялық сатыда бактерия мен вирустардың арасында тұрған организмдер. Олар дөңгелектеу, жұлдыз немесе жіпше пішінді. Вирустардан бір ерекшелігі бұл организмдерді қолдан жасалған орталарда өсіруге болады. Микоплазма бөлшектерінің молшері 20-2000мкм дейін жетеді.
Микоплазмалар өсімдіктердің флоема клеткаларын зақымдап, оларды сары ауруға шалдықтырады.
Вирустармен микоплазмалар адам мен жануарлардың да көптеген жұқпалы ауруларының қоздырғышы ретінде белгілі.
Саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтар дүниесі өте бай.Олар сырт пішіні әр түрлі жүздеген мың түрге жататын хлорофильсіз гетеротрофты организмдерді біріктіреді.Бұл топқа тек микроскоп арқылы көрінетін,мөлшері бірнеше микроннан аспайтын микромицеттермен қатар орманда,ылғалды жерлерде жиі кездесетін қалпақты саңырауқұлақтар сияқты макромицеттер де жатады.Әр алуан систематикалық кластарға ажыратылатын саңырауқұлақтарды бір топқа біріктіретін жалпы қасиет-олардың денелері тарамдалған жіпшелерден- мицелийден тұратындығы.Мицелийдің көлденеңі бір микроннан ондаған микронға дейін,ал ұзындығы бірнеше микроннан ондаған сантиметрге дейін жетуі мүмкін.Саңырауқұлақтардың клеткасының құрылысы бактерия мен актиномицеттердікінен күрделірек келеді.Клетка қабықшаларды целлюлоза мен пектин заттарынан және кей жағдайда насекомдардың хитиніне ұқсас смола мен азот заттарынан тұрады.Оның ішінде жұқа қабықшамен көмкерілген ядро болады.Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар үлкен бір клеткадан тұрып,көлденең перделермен бөлінбейді.Сол себептерден олардың клеткасында бірнеше ядро кездеседі.Жоғары сатыдағы сағырауқұлақтардың мицелийлері көлденең перделер мен бірнеше клеткаларға бөлінеді.Олардың клеткасында бір немесе бірнеше ядро болады.Қоректі затты саңырауқұлақтар бүкіл денесі арқылы сорады.Олардың ферменттік аппараты жақсы жетілген.
Цитоплазмада клетчатка мен пектин заттарын ыдырататын,крахмалды гидролиздейтін,белок пен майларды жай қосылыстарға айналдыратын ферменттер бар.Саңырауқұлақ клеткасының протоплазмасында хлоропласт немесе басқа пластидтер болмайды.Клетка шырыны ерітілген көміртегінен,пигменттермен қатар ферменттерден тұрады.Қоректік заттардан онда гликоген мен валютин болады,кейде май тамшылары кездеседі.Саңырауқұлақтар споралар арқылы жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді.Көбею жолдарына және ерекшеліктеріне байланысты төменгі және жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар деген екі үлкен топқа бөлінеді.Сонымен қатар,олар нағыз саңырауқұлақтар және миксомицеттер деп те екіге бөлінеді.Нағыз саңырауқұлақтар 4 классқа бөлінеді.
IV- V дәріс
Микроорганизмдер және өсімдік ауруларын зерттейтін ғылым - фитопатология , және оның даму тарихы
Дәріс жоспары:
1. Өсімдіктер ауруларын зерттеген ғалымдар
2. Өсімдік ауруларының себептері.
3. Өсімдік ауруларының белгілері

Өсімдіктердің әр түрлі ауруларға шалдығатыны ерте заманнан белгілі болған.Біздің заманымызға дейінгі 460 жылдары Демократ егінді қаракүйе ауруынан қорғау үшін астық дақылдарының тұқымын қоян капустасының шырынымен улау керек екенін жазған.Бірақ талай ғасырлар бойы өсімдік ауруларының пайда болуының негізгі себебі белгісіз болып келді. 18-19 ғасырларға дейін өсімдік ауруы оның шырынының бұзылуынан немесе әртүрлі бөртпелерінің әсерінен пайда болады деген болжам бел алып келді.Бұл жаңсақ пікір көпке дейін өсімдік аурулары туралы ғылымның еркін дамуына тұсау болды. Ағайынды Тюландардың басқа да ғалымдардың жүргізген тәжірбиелері өсімдік аурулары мен саңырауқұлақтар дамуының арасында байланыс бар екенін көрсетті.Антон де Бари тәжірибе жүргізудің жаңа әдістерін қолданды.
Өсімдік ауруларын зерттеуде А.де Баридің шәкірті орыс ғалымы Ворониннің(1838-1903) еңбегі үлкен.Ол капуста қиласының даму циклын зерттеу арқылы ауруды саңырауқұлақ қоздыратынын анықтады.Күнбағардың тат ауруын жан-жақты зерттеп,өсімдіктің осы кеселімен күресудің тиімді жолы ауруға төзімді жаңа сорттар шығару керектігі туралы тұңғыш рет ғылыми дұрыс тұжырым жасады.М.С Воронин шай бұтасы мен ит бүлдіргеннің экзобазидиоз ауруын сол кезге дейін ғылымға белгісіз болып келген экзобазидиум туыстығына жататын саңырауқұлақтар қоздыратынын анықтап,олардың тіршілік циклдарын жете зерттеді.Антон де Бари мен Ворониннің ашқан жаңалықтары өсімдіктер аурулары туралы ғылымның қалыптасуына негіз болды.Бұл ғылым саласы фитопатологиядеп аталды.Ағылшын ғалымы Берилл 1882-83 жылдары алмұрттың күйік ауруын бактериялар қоздыратынын анықтады.Өсімдіктер бактериоздарын жан-жақты зерттеу арқылы ғылымның осы саласының қалыптасып,дамуына ағылшын ғалымы Эрвин Смит те (1854-1927) үлкен үлес қосты.1892жылы орыс ғалымы Д.И. Ивановский (1864-1920) өсімдік ауруларының сол уақытқа дейін белгісіз болып келген жаңа қоздырғышын ашты.Бұл бактерия сүзгісінен өтіп кететін өте ұсақ организм,анығырақ айтқанда вирустар еді.Кейіннен вирустар адам мен жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларын қоздыратыны анықталды.
Россияда фитопотологияның дамуы А.А Ячевскийдің (1863-1932) есімімен тығыз байланысты.Бұл ғалым Россияның патшалық дәуірінде фитопотология лабораториясын ашып,ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман және жабайы өсімдіктер ауруларын анықтап,оларды қоздыратын саңырауқұлақ түрлерін зерттеу ісінің ғылыми жүйесін жасады. Өсімдік аурулары туралы мәліметтератты ғылыми еңбектер жинағын жыл сайын шығарып тұрды. Фитопотология ғылымы Совет заманының алғашқы кезеңінен бастап күрт дамып,ауыл шаруашылығы өндірісінің алдында тұрған күрделі міндеттерді шешуге өз үлесін қосты. А.А Ячевскиймен қатар, А.А. Потебия (1870-1919), В.А.Траншель (1868-1941), Н.А Наумов(1885-1959), А.С. Бондарцев (1877-1968), Т.Д. Страхов (1890-1960) т.б ғалымдар фитопатологияның ғылым ретінде қалыптасуына көп еңбек сіңірді.Бұл ғалымдар ауыл шаруашылық дақылдарының ауруларын жан-жақты зерттеп, олармен күресу шараларының ғылыми жүйесін анықтады, фитопотология мамандығы бойынша көптеген кадрлар дайындап шығарды.Н.А.Наумов фитопотологияда биологиялық бағыттың дамуына үлкен үлес қосты.Ол жазған Микология мен фитопотологияның зерттеу әдістері, Ауыл шаруашылық дақылдарының аурулары басқа да монографиялар осы күнге дейін өзінің құнын жоймай,мамандар үшін аса қажет анықтама кітап болып отыр.
А.И.Боргардт 1932 жылы астық дақылдарының күйе ауруларымен күресудің толық жүйесін ұсынды. Осы жүйені ауыл шаруашылық өндірісіне толық ендірудің нәтижесінде астық шаруашылығына қаракүйеден келетін шығын күрт төмендеді.Егер 1930-1940 жылдарға дейін астық дақылдарының түсімділігі қаракүйе ауруының кесірінен 20-30 процентке дейін кемісе,қазір бұл өсімдік кеселі республикамыздың көптеген облыстарында мүлде кездеспейді.Отанымыз А.И. Боргардтың еңбегін жоғары бағалап,оған СССР Мемлекеттік сыйлығын берді.Өсімдік бактериоздарын зерттеу В.П. Израилский, М.В.Горленко,К.И. Бельтюковалардың атымен де тығыз байланысты.Вирусология ғылымының дамуына Д.И.Ивановскиймен қатар К.С Сухов,М.С.Дунин,В.Л.Рыжков,А.Е.Проц енко,Ю.И. Власов т.б ғалымдар көп үлес қосты.М.С.Воронин,А.А. Ячевский,А.А. Потебия,Н.А Наумов басқа да микологтар негізін қалаған Паталогия ғылымы қазір барлық одақтас республикаларда қарыштап дамуда .
Республикамыздағы өсімдік аурулары туралы алғашқы мәліметтерді Н.Г.Запрометовпен П.Г.Естифеевтің еңбектерінен кездестиремиз.Соңғы автордың 1925 жылы Алматыда басылып шыққан Жетісу облысында өсірілетін мәдени және жабай өсімдіктердің аурулары деген кітабында былай деп жазылған: тарының қара күйесі барлық жерде таралған.Ол өнімнің 10-100 процентіне дейін жойып, тек тарымен ғана қоректенетін қырғыздарды (қазақтарды-М.Қ.) ашаршылыққа душар етеді.
1930-40 жылдары Қазақстанда микологиялық зерттеулер жүргізген Г.С.Неводовский мен Л.С.Гутнер өсімдіктердің ауруларын қоздыратын көптеген саңырауқұлақ түрлерін анықтап,есепке алды.Ол СССР тереториясындағы қаракүйе саңырауқұлақтарының 304 түрінің 51 Қазақстанда өсетін өсімдіктерде таралғаның анықтады.Республикамызда саңырауқұлақтар флорасын жіті зерттеу ісіне С.Р.Шварцман,Б.Қ.Қалымбетов т.б ғалымдар көп еңбек енгізді.Олар споралық өсімдіктердің флорасы деген атпен ғылыми еңбектерің бірнеше томдық монографиясын басып шығарды.Бұл еңбекте өсімдік ауруларын қоздыратын саңырауқұлақтардың ,биологиялық ,морфологиялық ерекшеліктері , ареалдары басқада толып жатқан өзіндік қасиеттері жан-жақты тұжырымдалған.
Қазақстанда тың жер иелену кезеңі фитопотология ғылымының күрт дамуына ықпал етті.Бұл салада қазақ өсімдік қорғау,ғылыми -зерттеу институтының ұйымдастырушысы,бір кездегі директоры,ауыл шаруашылық ғылымының докторы Ж.Т.Женбаевтың еңбегі ерекше. Ол Қазақстанның солтүстік облыстарында егілетін бидайды кездесетін ауруларды толық зерттеп , олармен күресу шараларының ғылыми жүйесін өндіріске енгізді.Сонымен қатар салқын ауалы солтүстік облыстарда еккен жүгері тұқымының зеңдену ауруына шалдығу себептерін анықтады,бұл кеселмен күресу шараларын белгіледі.

Өсімдік ауруларының себептері.

Т.Д.Страховтың анықтамасы бойынша: ауру -өсімдіктерде потогенді организмдер мен қоршаған ортаның қолайсыз жағдайынан пайда болып,өзгеріп отыратын,олардың қалыпты физиологиясы мен құрылысына , түсіміне ерекше әсер ететін құбылыс.

Өсімдіктердегі қалыпты физиологиялық процестерді әр түрлі физиологилық процестердің әр түрлі аурудың әсерінен бұзылу ерекшеліктерін бірнеше топқа бөлуге болады.
Фотосинтездің төмендеуі ауру қоздырғыштарының әсерінен хлорофиль зақымдалып фотосинтездің екпінділігі төмендейді.Хлорофиль дәндерінің зақымдалуынан жапырақтар мен сабақтарда алуан түрлі дақтар пайда болып олардың фотосинтезге қатысатын түрлері азаяды.Осы себептен клеткаларда жүретін синтез процесінің жылдамдығы азаяды өсімдіктердің өсуі баяулап түсімділігі азаяды.
Өсімдіктің тыныс алуының өзгеруі ауруға шалдыққан өсімдіктердің тыныс алу екпінділігі артып,қорға жиналатын органикалық заттар ысырапқа өшырайды. Кейде аурудың әсерінен зәрлі заттар бөліп шығып клеткалар өсімдік органдары клеткалар уланады.тыныс алу кезінде бөлініп шығатын энергия өсімдік органдарымен ткандерін қыздырады.Өсімдіктің тыныс лу жылдамдығы төмендеген жағдайда қорға жиналатын заттардың синтезделу күрт азайып өнімнің түсімділігі кемиді,сапасы нашарлайды.
Өсімдік органдарының су және қоректік заттармен қамтамыз етілуінің бұзылуы.Фотосинтездердің нәтижесінде жапырақта түзілетін органикалық заттар төменгі ағыс жолыме н тамыр,жеміс пен түйнекке,масаққа т.б жинақталады.Тамыр жүйесі ауруға шалдыққанда жоғары ағыс жолымен немесе ксилемамен су жүрмейтіндіктен өсімдіктер солып біртіндеп қурайды.Флоэма жолдары ауруға шалдыққанда фотосинтез нәтижесінде түзілетін органикалық заттардың мөлшері жапырақта көбейіп, қор жинақталатын органдарға ақпайды.Осының салдарынан өсімдіктің түсімділігімен қатар өнімнің сапасыда нашарлайды.Бұл жағдай көбінесе өсімдіктер вирус ауруына шалдыққанда байқалады.Солу органдарын бактериялар мен саңырауқұлақтар қоздырып су жүретін түтікшеледі бітеп тастайдықтан оларды трахеобактериоз жән трахеомитоз деп атайды.
Клетка мембранасының еріп кетуі.Ауру қоздыратын әсіресе микроорганизмдердің бактериялардың әсерінен өсімдік клеткаларының мембранасы еріп кетеді.Осының салдарынан қоректік заттармен суға бай органдар тез

шіріп бұзылады.Бұл ауру картоп,сәбіз,қызылша сияқтыларда жиі байқалады.
Өсу заттарының синтезделуінің бұзылуы. Өсу заттары аз синтезделсе әрі жеткіліксіз болса өсімдіктердің өсуі нашарлайды.Олар шектен тыс түзілсе өсімдіктердің кейбір органдары қаулап өседі немесе клеткалар мөлшерден артық бөлініп әр түрлі ісіктер немесе буылтықтарм паайда болады.

Өсімдік ауруларының белгілері

Ауру қоздырғыштарының әсерінен өсімдік органдарында потологиялық аурулар пайда болады.Инфекцияға өсімдіктің белгілі бір органдары шалдықса ол жергілікті немесе локальді ауру деп аталады.Кесел өсімдіктің барлық органдарын шарпыса оны диффузиялы немесе жүйелі ауру дейді.Аурудың әсерінен байқалатын потологиялық өзгерістерді төмендегі өзгерістерге бөлуге болады.
Шіру.Өсімдіктердің сумен қоректік заттарқға бай жемістері,тамыржемістері,түйнектері шырыны мол сабақтарымен жапырақтары шіріге бейім келеді.Бактерия мен саңырауқұлақтардың тіршілік ету әсерінен клетка арасындағы қабықша еріп тканьдер ботқа тәріздес қоймалжын затқа немесе жөкеге ұқсас талшықтарға, құрғақ талшықтарға ұқсайды.
Солу.Тамыр жүйесінде саңырауқұлақтар мен бактериялардың тіршілік етуінен су мен қоректік заттар жылжитын түтікшелер бітеліп өсімдіктердің өсуі баяулайды,кейде мүлде солып қалады.
Құрғақшылық жылдары ауаның температурасыаса жоғары болып , аңызақ жел соққан кезде өсімдіктер солу ауруына шалдығады.Мұндай ауруға қызбаған топыраққа ерте егілген өсімдіктер де ұшырайды.
Дақтар мен некроздар.Өсімдіктердің жапырақпен сабағының жемісі мен дәніні (бұршақтардың,бұтақабықшаларының) жеке учаскелерінің өлуінен оларда алуан түрлі дақтар немесе некроздар пайд болады
Пустулалар.
Ауруларға шалдыққан өсімдік органдарының эпидермисінің астында саңырауқұлақтар тіршілік етіп онда спораларын түзеді.Соңғылары пісіп жетілген кезде эпидермис жыртылып споралар ауаға таралады.Оларды тат саңырауқұлақтар түзеді.
Ұлпа.
өсімдіктің ауруға шалдыққан органдарының үстінде саңырауқұлақтардың мисселилері,конидия мен оның сабақтарынан және жеміс органдарынан тұратын жұқа ұлпалар пайда болады.Ол өсімдік ақ ұнтақ,жалған ақ ұнтақ ауруларына шалдыққанда жетілмеген саңырауқұлақтар өсімдік органдарында жысыззсыз жолмен көбейгенде түзіледі.
Қаракүйе.
Өсімдіктің кеселденген органдары формасы әр түрлі келетін қаракүйе тәріздес ұнтаққа немесе түйірлерге айналады.Бұл ауруға көбінесе астық дақылдарының жыныс органдары шалдыгады.Оның дәнінің немесе масағының орнына қаракүйе қалташалары болмаса түйірлері түзіледі.Бұндай өсімдік ауруының астық тұқымының масағымен қатар сабағы және жапырағыда шалдығады.
Мумификация.
Саңырауқұлақ мицелийлері ауруға шалдыққан органдарды торлайтындықтан олар кеміп сүректенеді.Аурудың бұл түріне қастауышы алманың монилиозы және мумификациялану жатады
Ісік.
Өсімдік органдарын бактериялармен саңырауқұлақтар жайлауының әсерінен клеткалар көбейеді (гиперплазия) немесе көлемі ұлғаяды(гипертрофия).Осының салдарынан тамырда түйнекте ісіктер пайда болады.Бұл топқа капустаның алма мен басқа жеміс ағаштарының және картопың түйнегінде кездесетін рак аурулары жатады.
Деформациялану.
Вирус ауруларына шалдыққан өсімдіктердің жапырағы мен гүлдерінің сырт пішіні ,реңі өзгереді.Жапырақ мезофилдерімен жүйкелерінің біркелкі өспеуінен жапырақтары бұйраланады қатпарланып түтікше тәріздес ширатылады.
Шайтан сыпырғышы.Қалталы және тат саңырауқұлақтардың әсерінен ауруға шалдығады.

VI - VII - VIII дәріс
Өсімдік ауруларын анықтау
Дәріс жоспары:
1. Өсімдік ауруларын анықтау тәсілдері
2. Өсімдік ауруларынан келетін зиян
3. Инфекциясыз (жұқпайтын) аурулар
4. Саңырауқұлақтар, өсімдік ауруларының қоздырғышы

Ауылшаруашылық дақылдарының ауруларымен күресу шараларын дұрыс ұйымдастыру үшін , оларды бір - бірімен ажырата білі қажет.Бұл үшін бірнеше әдістер қолданылады.
1.Өсімдіктерді көзбен жіті қараса, олардың органдарында патологиялық өзгерістер бар - жоғы байқалады.Жапырақта, сабақта,сүректе ,генеративті органдарда байқалған белгілеріне сүйеніп өсімдік ауруының қай түрі (дақ, ұлпа, пустула, т.б.) екені анықталады.
2.Өсімдіктің ауруға шалдыққан органдары лабораторияда лупа , бинокуляр немесе микроскоп арқылы зерттеліп, онда ауру қоздырғышының споралану органдарының бар - жоғы тексеріледі. Саңырауқұлақтармен зақымдалған органда мицелий мен споралану органдарынан тұратын жұқа өңез немесе ұлпа , жеміс денелері , пикнидтер, пустулалдар ,әр түрлі споралар кездеседі. Бактериялармен зақымданған органдардан тамшы эксудат бөлінеді немесе олар кеуіп ұнтаққа айналады.
3. Ауа райы құрғақ кезде өсімдіктің көптеген ауру қоздырғыштары зақымдалған органда спора түзбейді, олардың мицелийлері клетка ішінде , немесе оның аралығында қалады. Бұл жағдайда аурудың табиғатын анықтау үшін ылғалды камера қолданылады. Оны жасау үшін түбіне 1-2 қабат сорғыш қағаз төселген, стерильді сумен ылғалдандырылған Петри шынылары пайдаланылады . Ауруға шалдыққан органдар ылғалды камераға салынып, онда 20-25 0температурада 4-5 күн ұсталады. Осы мерзімнен кейін споралану органдарының түзілу процесі тексеріледі.
4. Өсімдіктің ауру қоздырғышын жасанды ортаға бөліп өсіруге тура келетін кездер де болады. Бұл әдіс, әсіресе бактериялар және жетілмеген саңырауқұлақтар қоздыратын ауруларды анықтауға өте қажет. Арнайы рецепті бойынша жасалған жасанды орта Петри шыныларына құйылады, ол қатқан соң үстіне залалданған органдардың кішкене бөлшектері немесе судағы шайындылары егіледі.
Ауру қоздыратын бактериялардың түрін анықтау үшін оның морфологиясымен қатар жасанды және табиғи қоректік орталарда физиологиялық, биохимиялық, культуралық қасиеттері зерттеледі.
Вирус ауруларын анықтауда серологиялық әдістің маңызы зор. Бұл әдіс вирус инфекциясынан сау картоп тұқымын алу үшін ауыл шаруашылық тәжірибе станциялары мен ғылыми- зерттеу институттарында кеңінен қолданылады. Өсімдік вирустарының түрін анықтауда серологиялық әдіспен қатар , электронды микроскоп және индикатор өсімдіктер кеңінен пайдаланылады.
Өсімдік ауруларынан келетін зиян
Өткен ғасырдың ортасында Батыс Еуропада картоп фитофтороз ауруына шалдықты. Соның кесірінен ирландықтар ашаршылық апатына ұшырады. Бұл елдің мыңдаған тұрғындары аштықтың құрбаны болды , көптеген адамдар шет жұртқа еріксіз қоныс аударды. Сондай-ақ ертеректе Оңтүстік - шығыс Азияда кофе дақылы көп егілетін еді. Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында осы дақылдың көптеген плантациялары тат ауруының эпифитотиясына ұшырап, күрт жойылып кетті. Ал плантацияларда кофе өндіру экономикалық жағынан тиімсіз болды. Сонымен бірге 1890 жылдары Австралияны шарпыған өсімдіктің жалған ақ ұнтақ ауруының эпифитотиясы көпшілік елдердегі темекі плантацияларын апатқа ұшыратты.
ХХ ғасырдың бас кезінде Америка құрлығында қант құрағы мозанка ауруы тарады. Осы өсімдік ауруының салдарынан бұл өлкеде қант шаруашылығы күрт төмендеп кетті.Тек бұл ауруға берік сорттар шығарудың нәтижесінде ғана қант құрағы апаттан аман қалды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы ауыл шаруашылық , азық-түлік проблемалары туралы комиссияның мәліметіне қарағанда дүние жүзіндегі әр түрлі өсімдік ауруларының кесірінен картоп өнімі 88,9 млн тонна немесе 11,6 процентке кемиді.Бұл шығынды ақшаға шақсақ - 3,4 млрд. доллар. Ал астық дақылдарының түсімділігі алуан түрлі өсімдік ауруларының әсерінен 5-6 процентке кемиді екен.
Ал Америка Құрама Штаттарында ауыл шаруашылық дақылдарының түсімі тек қана өсімдік ауруларының кесірінен 3 млрд. долларға кемитін көрінеді.
Біздің елімізде де осы ғасырдың алғашқы кезеңдерінде астық дақылдарының өніміне қаракүйе ауруынан келетін зиян көп болды. Бұл өсімдік ауруы дәнді дақылдардың түсімділігін 10-15, кейде 20-30 процентке дейін кемітетін еді. 1950-1960 жылдары қаракүйе ауруымен күресудің ғылымға негізделген шаралар жүйесі өндіріске кеңінен ендірілуіне байланысты, қазір ол егін шаруашылығына айтарлықтай зиян келтірмейтін болды.
Бірақ астық, көкөніс, жеміс дақылдарының өніміне тат, тамыр шірігі, ақ ұнтақ, таз қотыр т.б. бактериоздар мен вирус ауруларының тигізер зияны әлі де толық жойылған жоқ.
Астық дақылдарының тамыр шіруі ауруынан Алматы облысының шөл дала аймағында өсетін арпаның түсімі орта есеппен 13 процентке, ал күздік бидайдыкі 3-7 процентке кемиді.Талдықорған облыстық өсімдік қорғау станцияларының мәліметтеріне қарғанда, 1980 жылы тексерілген 36,5 мың гектар қызылша егісінің 11,4 мың гектары 31,3 % мөлшерінде тамыр жемістердің шіру ауруына шалдыққан . Демек тек осы өсімдік әсерінен қызылшаның 10 проценттен астам кеміген.
Сондай - ақ 1979-80 жылдары республикамыздың оңтүстік және оңтүстік шығыс облыстарында таз- қотыр ауруына шалдыққан көптеген алма сорттарының жемісі 90-100 процент мөлшерінде зақымдалып, оның сапасы мен қатар түсімі де төмендеп кетті . Қиярдың ақ ұнтақ , бактериоз, помидордың қара бактериоз, рак , картоптың вирус т.б. дақылдардың өсімдік ауруларынан келетін шығынның мөлшері де 10-15 проценттен кем түспейді.Шырынға бай жемстерді , картоп , сәбіз, қызылша ,басқа көкеністерді сақтау кезінде де 20-30 процент өнім шіріп, ысырап болады.
Өсімдік ауруларынан келетін шығын кейде тікелей байқалады және кейіннен білінеді. Тікелей байқалмайтын жағы сау өсімдіктермен ауруға шалдыққан өсімдіктердің түсімінің арасындағы айырма. Егер кеселге өсімдіктердің өнім беретін органдары шалдықса , онда шығын аурудың таралу процентіне тең болады. Мәселен, қаракүйеге шалдыққан астық дақылдарының масағында дән пайда болмайтындықтан , егісте ауруға шалдыққан масақтың саны қанша процент болса , өнімнің түсімі сонша процентке кемиді.Тат , тамыр шіруі, ақ ұнтақ т.б. ауруларға шалдыққан өсімдіктердің өнімі тұтас жойылмай , белгілі мөлшерде азаяды. Аурудан келетін шығын арнайы зерттеулер немесе тәжірибе жүргізу арқылы анықталады.
Көпшілік жағдайларда өсімдік ауруы өнімнің түсімімен бірге сапасында нашарлатады. Мәселен, таз- қотыр ауруына шалдыққан алма төменгі сортқа жататындықтан, оның сату бағасы кемиді. Сонымен қатар бұл аурумен зақымданған жемістер сақтауға жарамайды. Тат , тамыр шіруіне шалдыққан бидай дәндерін технологиялық, биохимиялық қасиеттері нашарлайды.
Инфекциясыз (жұқпайтын) аурулар.
Өсімдіктердің өсуі үшін су , қоректік заттар , жарық және жылылық керек . Олардың бірқалыпты өсуіне аталғанг факторлар комплексінің белгілі бір оптимальді мөлшері қажет. Бір немесе бірнеше факторлардың оптимальді мөлшерден ауытқуы өсімдіктердің өсуіне теріс әсерін тигізіп, оның органдарында потологиялық өзгерістер туғызады. Қоршаған ортаның экологиялық факторлары, атап айтқанда ,жылылық, температура, жарық , қоректік заттардың жетіспеуінен өсімдік органдарында әртүрлі патологиялық ауытқулар болады .
Қоректік заттар тапшылығы.
Топырақта қоректік заттардың аздығынан өсімдік органдарында , сырт белгілері тұрақты келетін патологиялық өзгерістер байқалады. Мәселен, топырақта темірдің тапшылығынан сүректі жеміс ағаштарының жапырағы сарғайып немесе ақшыл тартып хлороз ауруына шалдығады. Бұл ауру көбінесе карбонатты топырақта байқалады. Мұндай топырақтағы темір өсімдікке дарымайды, байланысқан, күрделі қосылыстардың құрамында болады.
Топырақта фосфор жеткілікті болмаса картоп түйнектерінің ішінде темірнемесе тат тәріздес дақтар пайда болады. Бұл элементтің тапшылығынан жеміс ағаштарының жапырақтары жіңішкеріп , тамыр жүйелері мен сағақтары қызғылт тартады.Топырақта калий аз болса, алдымен сүректі жеміс ағаштарының жапырақтарының шеттері сарғаяды да , кейіннен қызғылт күрең реңге боялады.
Азоттың жеткіліксіздігінен өсімдіктер жапырақтары ерте сарғаяды, сабақтары қызыл- күрең тартады, жемістері ұсақтап , мезгілсіз түсіп қалады.
Көпшілік дақылдар , әсіресе қызылша , зығыр, күнбағар т.б. бор микро элементін өте қажет етеді. Топырақта бұл микро элемент жеткіліксіз болса , помидор ,зығыр, темекі, жоңышқа және басқа жемістердің өсу нүктелері өледі,жапырақтары ерте солады ұрықтануы нашарлайды.Бордың жеткіліксіздігінен қызылшаның жүрекшесі шіріп , өсу нүктесі зақымданады, жас жапырақтары кенеттен солады.
Топырақта цинктің мөлшері аз болса, алдымен жеміс ағаштарының бұтақтарының ұшындағы жапырақтары сарғайып, біртіндеп төменгі жапырақтарға таралады, ал азот пен магний тапшылығынан, керсінше бұтақтың төменгі жағындағы жапырақтары сарғаяды.
Температура мен ылғалдылықтың әсері.Өсімдіктердің өсуі кезінде температура мен ылғалдылықтың жоғары немесе төмен болуынан олардың органдарында түрлі потологиялық өзгерістер байқалады. Астық дақылдары сүттеніп балауызданып пісіп келе жатқан мезгілде ауаның температурасы 30 - 40 жетіп аңызақ жел соқса, олардың жапырағы тез сарғаяды. Осының салдарынан дән дұрыс толмай, бүрісіп қалады. Астық дән салған кезде ауаның ылғалдылығы жоғарласа, дән ағып кетеді. Бұл жағдайда қалыптасып келе жатқан масақта синтездің орнына гидролиз жүріп, дән суға толады да оның қабығы жарылады.
Топрақ ылғалдылығының жоғары, температурасының төмен болуы өсімдіктердің өсуің тежейді, жапырақтың тез сарғайып, тамырдың шіріп кетуіне соғады. Жылу сүйгіш қияр, жүгері, қарбыз сыяқты дақылдар қызбаған топыраққа егілсе, көпке дейін өнбей тұқымдары зенденеді. Темекі, помидор, бұрыш көшеттерін теплициядан алып, ашық жердегі қызбаған топыраққа отырғызса, олар өспей, сарғайып кетеді.
Көп жылдық өсімдіктерге қысқа темперетура көп әсер етеді. Аязды қыста жеміс ағаштарының сүректеріжарылса, ал аязбен жылы ауа алмасып отырса, олардың қабығы діңінен ажырап кетеді.Күздік және қара бидай басқада көпжылдықшөптесін,әрі сүттекті ағаштар үсіп кетеді. Көктемде еріген қардың суы топыраққа сінбей, танапта көбірек жатып қалса, күздік астықтар сарғайып шірейді.
Суару тәртібі дұрыс сақталмаса да өсімдіктер ауруға шалдығады. Мысалы, уақытысында суарылмаған помидор сабағының жоғарғы жағы ақшыл тартып, кейіннен шіріп кетеді, жүзім жемістерінің қабығы жарылады.
Химиялық факторларыдың әсері.Жоғарыда көрсетілген абиотикалық факторлармен қатар кейде ауада кездесетін өндіріс қалдықтары, улы заттар мен пестицидтердің егін және орман шаруашылықтарында дұрыс қолданылмауының әсеріненде өсімдіктер ауруға шалдығады.
Химиялық заводттардың айналасындағы ауа құрамында күкірт андигриді көп болса, өсімдік жапырақтары ерте сарғайып, түсіп қалады. Ауада азот тотығының концентрациясы артық болса, өсімдіктердің жапрағында біркелкі таралған қара қоңыр дақтары пайда болады. Қылқан жапрақты ағаштардың инесінің ұшы қызыл қоңыр татады. Ауада фтор көп болғанда өсімдіктің жапыраө алақандарының шетімен ұшы зақымданып, онда қара қоңыр дақтар түзіледі.
Өндіріс және автомашиналар газымен ластанған үлкен қалалардың ауа бассейнінде озон көп түзіледі. Оның әсерінен өсімдік жапырақтарының өткізгіштік қасиеті нашарлайды. Осының салдарынан өсімдік жапырағы ісініп, оның төменгі және жоғарғы жағында ақшыл сұр дақтар пайда болады.
Пестициттерді дұрыс қолданбауда өсімдіктерде алуан түрлі ауруларға шалдықтырады. Гербициттердің әсерінен өсімдік жапырақтары бұйраланып, қатпарланып бойы өспей қалады, кейде сабақтары сарғайып қурап кетеді. Инсектицидтермен фунгициттерді мөлшерден артық қолданғанда өсімдік жапырақтары күйіп, кейдже толық түсіп қалады.
Инфекциясыз аурулар өсімдіктердің түсімін азайтумен қатар оалардың жұқпалы ауруларға төзімділігін нашарлатады. Мысалы аязды қыста механикалық зақымдалған алама ағаштарында цитоспороз, рак аурулары өршейді.
Инфекциясыз аурумен күресудің негізгі жолы кеселді тудырып отырған абиотикалық факторды анықтап, оның теріс әсерін жою немесе азайту болып саналады.
Саңырауқұлақтар, өсімдік ауруларының қоздырғышы
Саңырауқұлақтардың жүз мыңнан астам түрі ғылымға белгілі .олардың ішінде өсімдік ауруларын қоздыратын түрлеріде бар.Өсімдік ауруларының 80 процентке жуығын саңырау құлақтар қоздырады.
Бидай, қар бидай сыяқты астық тұқымдастардың зыянды тат және қаракүйе ауруларын,картоптың- фитофтороз,жеміс пен көкөніс дақылдарының ақ ұнтақ, переноспороз және басқа да көптеген ауруларын тудыратындар-негізінен саңырау құлақтар.
Саңырауқұлақтардың систематикалық топтарға бөлінуін негізге ала отырып төменде олар қоздыратын ауруларға қысқаша тоқталамыз.

IX-X дәріс
Тұқым және отырғызу үшін пайдаланылатын материалдар
арқылы қоздырғыштары таралатын аурулармен күресу

Дәріс жоспары:
1. Тұқым арқылы таралатын аурулар
2. Тұқым материялдарын химиялық жолмен өңдеу

Көптеген ауыл шаруашылық дақылдарының аурулары тұқым арқылы таралады. Ауру қоздырғыштардың ұзақ мерзім бойы тыныштық қалпында сақталуға бейімделген хламидоспора, ооспора сияқты органдары тұқымның сыртына жабысып, оларды ластайды. Мәселен, қатты қаракүйе ауруларына қоздыратын саңырауқұлақтардың хламидоспоралары астықты орған кезде тозаңданып, дән үстіне қонады. Олар дәнмен бірге қоймада қыстап шығып, көктемде топыраққа сіңірілген тұқыммен қатар өніп, жас өскіндерді зақымдайды. Астық дақылдарынан тозаңда қаракүйелері де тыныштық қалпындағы мицелий күйінде дәннің ұрығында сақталады.
Тұқым арқылы аурудың тез таралуын темекінің жалған ақ ұнтағынан да байқауға болады. Біздің жерімізде тұңғыш рет 1955 жылы байқалған бұл өсімдік ауруы тұқыммен тез таралып 1966 жылы бүкіл Молдавия мен Закарпатьені және Краснодар өлкесін жайлады.
Дәнді - дақылдардың альтернариоз, гельминтоспориоз, капустамен сәбіздің, қызылшаның, т.б. дақылдардың, бір жылдық және көп жылдық шөптердің фомоз, аскохитоз, антракиоз, альтернариоз, макроспориоз, басқа да саңырауқұлақтар қоздыратын аурулары тұқым арқылы таралады. Бактериоз бен вирус ауруларының көпшілігі де тұқым мен көшеттерде және басқа да вегетативті көбеюге арналған органдарда сақталады. Инфекциямен тұқымның тек сыртқы қабықшасы ғана зақымданып қоймай кейде ауру бүкіл өсімдік органдарын қуалай таралып тұқымның ішкі қабаттарына да енеді. Оны зақымдауда насекомдардың да әсері үлкен. Бір өсімдіктен екіншілеріне инфекция, жел жаңбыр арқылы таралады. Өсімдіктерді тұқымда сақталатын инфекциядан айықтыру үшін төмендегі іс - шараларды жүзеге асыру қажет:

1) тұқым мен вегетативті көбеюге арналған материалдарға фитопотолргиялық экспертиза жасап, олардың аурулармен зақымданғаның, анықтау;
2) егуге және отырғызуғаа арналған материалдарды зақымсыздандыру
3) тұқымның қайта зақымданып жол бермеу. Тұқымның ауру қоздырғыштармен зақымданғаның тұқымдық бақылау инспекциялары анықтайды.Дәнді дақылдар тұқымының қаракүйе түйірлерімен ластану мөлшері 0.002 % асатын болса, оны егіске пайдалануға болмайды.Сонымен қатар дәннің ,қаракүйемен споралану мөлшерін анықтауға болады.Бұл үшін жүз дән алып,оларды арнайы пробиркаларға салып үстіне он мл ден су құйылады да , бес минут центрафугада мұқият шайқалады.Центрифугалау кезінде дән үстіндегі спораладың бәрі пробирканың түбіне тұнатындықтан , онда, 0.5 см куб суспензия ғана қалдырылады да қалған су төгіледі. Пипеткамен бірнеше тамшы су әйнекке тамызылып , микроскоп арқылы ондағы хламидоспорпалар саны анықталады.Бұл әдіспен қаракүйе спораларымен қатар дән үстіндегі фузарнум, гельминтоспориум, макроспориум т.б саңырауқұлақтардың конидияларын да анықтауға болады.
Ауру қоздырғыштар тұқымды зақымдап, оның ішкі қабаттарында мицелий ретінде сақталады да, сыртта байқалмайды.Олар факультативті паразит болған жағдайда дәннің сырты спиртпен немесе калий перманганатының ерітіндісінде стерильдендіріліп , Петри шыныларындағы дымқыл сорғыш қағазға 25-50 тұқым егіледі де , термостатта төрт бес күн бойы 20-25 градус температурада қалдырылады. Осы мерзімнен кейін Петри шыныларын ашып қарасақ , зақымданған тұқымдардың үстіне жұқа ақшыл, күлгін-қызғылт немесе қаракөк зең пайда болғанын.Бактерния ауруларына шалдыққан тұқымдардан ақшыл мөлдір немесе сарғыш шық тәріздес тамшылар бөлінеді.
Тұқым тозаңды қаракүйемен және т.б облигатты паразиттермен зақымданса , ылғалды ортада дәннің үстінде саңырауқұлақтың споралану органдары түзілмейді.Олардың зақымданғаның анықтау үшән гистологиялық әдіс қолданылады.Тұқым натрий сілтісінің ерітіндісінде қайнатылып ,оның жармағы эндоспермадан бөлініп алынады да ,анелин бояуларымен боялады. Жарнақ жапырақшаларын бір тамшы еретіндіде әйнектің үстіне жазып микроскоп арқылы қарасақ, боялмаған өсімдік тканьдерінің арасынан көкшіл қаракүйе мицелийлерін байқаймыз.
Тұқымның вирус және бактерия ауруларымен зақымданғанын білу үшін олар теплицада немесе жабық грунтте өсіріледі, ауруға шалдыққан өсімдіктер санв анықталады.
Тұқымның инфекциямен зақымданғанын анықтау үшін физикалық және химиялық әдістерді кеңіне пайдалануға болады. Тұқымдық материялдарға фитипатологиялық экспертиза жасауда люминесценция әдісі кең қолданылады.
Тұқым мен түйнек және басқа да отырғызылуға арналған материалдарды зақымсыздандыру.
Тұқымды инфекциядан зақымсыздандыру ауру қоздырғышының биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Егер инфекция дәннің ішіне терең енбей, оның сыртқы қабаттарында сақталса, тұқымды контактылы әсер ететін улағыштарымен тозаңдау немесе олардың судағы ерітіндісімен ылғалдап дәрілеу арқылы залалсыздандырамыз. Бидайдың қатты қаракүйесінің инфекциясы дән үстінде сақталатындықтан онымен күресуде өндірісте кең көлемде қолданылып отырылған контактылы улағыштар тиімді. Арпа, сұлы, тары басқа да дақылдардың тас және жабық қаракүйелерінің инфекциясы көбінесе дән қауызының астында сақталады. Оларды жою үшін тұқымды граноза, меркурбензол сияқты сынап - органикалық улағыштармен ылғалдап немесе формалинмен сулап дәрілеу тиімді. Бұл пепараттардың әсер ететін заты этилмеркурхлорид пен формальдегид буланып, тұқым қауызының астына енеді де, ондағы хламидоспоралардың тіршілік қабілетін жояды.
Инфекциясы тұқымның ішінде сақталатын бидай мен арпаның тозаңды қаракүйелеріне және көпшілік бактериоздар мен вироздарға контактылы улағыштар тиімсіз. Тұқымды бұл аурулардан айықтыру үшін оларды жоғарғы температурада құрғақтай немесе ыстық сумен арнайы қондырғыларда баптайды.
Астықтың тозаңды қаракүйелерімен күресуде соңғы жылдарға дейін тұқымды ыстық сумен залалсыздандыру қолданылып келді. Оның бір және екі фазалы әдістері бегілі. Бір фазалы әдісті қолданғанда тұқым температурасы 53 - 55 градус ыстық суда 6-10 мин ұсталады. Екі фазалы әдісте ол алдымен температурасы 28-32 градус суда 4 сағат бойы, ал одан кейін 52-53 градус 7-8 мин ұсталады. Тұқымды белгілі бір уақытта ыстық суда ұстау, суға шыланған дәнді кептіру, басқада жұмыстарды жүргізудің технологиясы өте күрделі және бұл мақсатқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Жалпы фитопатология» пәнінен оқу – әдістемелік кешені
ФИТОПАТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Орман фитоптологиясының шығу тарихы
Дән микроорганизмдері
Табиғатта және адамның іс-әрекетінде өсімдік ауру қоздырғыштарының маңызы
Вирустар және микоплазмалар туғызатын ауылшаруашылық дақылдарының аурулары
Өсімдіктерді бактериоздардан қорғау
Микроорганизмдер және қоршаған орта
Жеміс ағаштарының бактериялды күйік ауруларының фенологиялық даму кезеңдеін айқындау
Дәнді дақылдардың аурулары
Пәндер