Қаржы нарығының мәні мен механизмі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3


І. ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ МӘНІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.1. Қаржы рыногының теориялық ұғымы, түрлері ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Қаржы нарығының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3. Қаржы нарығындағы бағалы қағаздар нарығының орны ... ... ... ..14

ІІ. ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІ ... ... ... ... 19

2.1. Қор биржасының қызметі және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ...19
2.2. Қор рыногының дамыту мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ РЫНОГЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ МЕХАНИЗМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ...26


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- ------
----------------3

І. ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ МӘНІ------------------------------- ---------------------
5

1.1. Қаржы рыногының теориялық ұғымы, түрлері --------------------------
-5
1.2. Қаржы нарығының құрылымы ----------------------------------- -------
----10
1.3. Қаржы нарығындағы бағалы қағаздар нарығының орны--------------14

ІІ. ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІ ----------------19

2.1. Қор биржасының қызметі және оның түрлері --------------------------
-19
2.2. Қор рыногының дамыту мәселелері -----------------------------------
----21

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ РЫНОГЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ МЕХАНИЗМДЕРІН
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ -----------26

ҚОРЫТЫНДЫ ----------------------------------- ------------------------------
---------33

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------- -----------35

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына
Жолдауында ел экономикасының баса қарқындап дамып келе жатқанын айтып
өтті. Қаржы жүйесінің басты экономикалық міндеті, - деді ол қаржыгерлердің
Бірінші конгресінде, бұл халықтың және кәсіпорындардың уақытша бос
қаражатын жинақтау және бұл қаржы ресурстарын оған зәру болып отырғандарға
беру
Президент қаржы жүйесі қызметінің көптеген маңызды ұйымдық
мәселелерін мемлекеттің шешіп бергенін айта келіп, өзінің әрдайым
қаржыгерлерге қолдау білдіріп отырғанын еске салады.
Президент: біз бүгінде банк саласында мақтан ететіннің бәріне, ең
алдымен, жүргізілген экономикалық реформалардың нәтижесінде қол жеткіздік.
Экономиканың жоғары қарқынмен өсуі және адамдар тұрмысының жақсаруы қаржы
жүйесінің дамуына ықпал етті - деп атап көрсетті.
Қаржыгерлердің Бірінші конгресінде Қаржылық қадағалаудың тәуелсіз
органы, Депозиттерді сақтандыру қоры, Қазақстан ипотека компаниясы құрылуы,
Қаржы секторын дамыту тұжырымдамасы, Акционерлік қоғамдар туралы, Бағалы
қағаздар нарығы туралы, Кредиттік бюро туралы, және басқа жаңа заңдар
қабылданды.
Зерттеу тақырыбының мақсаты: Қаржының мәнін, объективті қажеттілігін,
оның даму заңдылықтарын, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық
ұдайы өндіріс процесіндегі рөлін қоғамның экономикалық құрылысымен,
мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалатынын анықтау.
Қаржы белгілі бір қоғамның ақша ресурстары. Ол экономиканың дамуы мен
ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағышталады. Кез келген мемлекетте
коғамдағы ақша ресурстарының құрамына мемлекеттік қаржы, шаруашылық
жүйесінің қаржысы, кәсіпорынның және тұрғындардың қаржысы енеді.
Зерттеу жұмысының міндеттері. Қаржы жүйесінің міндеттеріне мыналар
жатады:
- қаржы рыногының теориялық ұғымы, түрлерін қарастыру;
- қаржы нарығының құрылымын анықтау;
- қаржы нарығындағы бағалы қағаздар нарығының орнын бағалау;
- қор биржасының қызметі және оның түрлерін қарстыру;
- қор рыногының дамыту мәселелерін зерттеу т.б.
Деректер. Курстық зерттеу жұмысы барысының кіріспесінде Егемен
Қазақстан газетінің 16 қараша 2004 жылғы жарияланған Қаржыгерлер ел
мүддесіне, халық игілігіне қызмет етуі тиіс деп аталатын Қаржыгерлердің
Бірінші конгресінде талқыланған материалды, Қаржы нарығы және делдардары
деп аталатын кітабын т.б. материалдарын басшылыққа ала отырып жаздым
Зерттеу жұмысының құрылымы: Берілген курстық жұмыс кіріспеден,
3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

І. ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ МӘНІ

1.1. Қаржы рыногының мәні мен маңыздылығы

Қайсы бір ел болмасын, оның экономикалық жүйесі ең алдымен өзара
байланысты үш жүйеден тұрады: мемлекеттік қаржы, экономикалық бастапқы
буынының қаржысы (кәсіпорындар, ұйымдар және т.б.) және халықтың қаржысы.
Бұдан басқа экономиканың қаржы жүйесіне, шаруашылықтың – бірлестіктер,
трестер, ассоциациялар, концерндер сияқты әртүрлі типтерінің, сондай - ақ
қоғамдық ұйымдардың қаржылары да жатады.Өндірістің салалық ерекшеліктеріне
байланысты өндіріс қаржылары, құрылыс қаржылары, сауда қаржылары,
әлеуметтік сала қаржылары және т.б. болып бөлінеді. Осы қаржы жүйесінің
маңызды буындарын қысқаша сипаттайық.
Мемлекеттік қаржы – бұл мемлекеттің өзіне міндетті қызметін атқару
үшін қажетті (халық шаруашылығын басқару, қорғаныс, заңдылықты хұқтық
тәртіпті қорғау және т.б.), ақша қорларының жүйесі.
Экономиканың алғашқы буындарының қаржылары – бұл кәсіпорының
өндіріс пен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз ететін, оның шаруашылық
шеңберінен аспайтын ақша қорларының жүйесі.
Халықтың қаржысы – бұл тұрғындардың еңбек ету, шаруашылық жүргізу
және басқа қызметтер негізінде алатын табыстарынан қалыптасатын ақша
қорлары. Халық бұл қорларды өзінің меншігі мен әл – аухатын жоғарылату
мақсатына жұмсайды. Соңғы екі жүйенің есебінен мемлекеттік қаржы үшін
қаражаттар жиналады. Бұрын кері байланысты бар: мемлекеттік қаржыда
шоғырланған қорлар көлемді инвестиция, субсидия және дотация түрінде халық
шаруашылығына қайта оралып келеді. Сондықтан барлық қаржы жүйесінде
мемлекеттік қаржы шешуші рөл атқарады.
Қаржы нарығы бағалы қағаздар, қарыз, валюта және капитал
нарықтарынан құралады. Қаржы нарығы өзіне тән инфрақұрылымы және принципті
ақпаратты ағымы бар күрделі экономикалық қатынастар саласы. Сондықтан қаржы
нарығын құру үшін бағалы қағаздарды эмиссиялау, қаржы инфрақұрылымын құру
және ақпаратпен қамтамасыз етуге байланысты жүйелі мәселелерді зерттеу
қажеттілігі пайда болды.
Бүкіл дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, нарықты экономикаға
тән қаржы қатынастарының екі типі – бюджеттік және нарықтық бір – бірімен
тығыз байланыста болады. Қаржы нарығы жоқ жағдайда ақша ресурстарын
бюджеттік әдіспен пайдалану басым болады. Ондай әдіс біздің осы уақытқа
дейін жүргізген шаруашылық механизміне тән болды. Бюджет қаражаттары және
несие ресурстары, оларды пайдаланудың тиімділігі ескерілмей тек жоспар
бойынша ғана бөлінді. Осындай саясаттың нәтижесінде шығынмен жұмыс
жасайтын рентабельділігі (табыстылық) төмен кәсіпорындар қаржыландырылды,
жалпы ұқыпсыздық жасырылды, сөйтіп мемлекеттік бюджеттің тапшылығы күшейді.
Қаражаттарды кәсіпорындар, кәсіпорындар мен адамдар, кәсіпорындар мен
банкілер арасында қайта бөлуге тиым салынды. Кәсіпорындардың қаржылары
олардың банкідегі есеп шоттарында процентсіз сақталды.
Қалыптасып жатқан қаржы нарығының ең маңызды элементі – бағалы
қағаздар болып табылады. Оны акционерлік қоғамдар мен банктер акция,
облигация, вексель, сертификаттар және т.б. түрінде шығарады.
Вексель дегеніміз – оның иесінің белгіленген мерзім, яғни уақыт біткен
соң борышкердің ақша төлеуін талап ететін құқығын куәландыратын жазбаша
борыштық міндеттемесі. Сатып алу және сату объектісі, сондай – ақ капиталды
қысқа мерзімді инвестициялау құралы бола отырып, вексель құнды
қағаздардың ерекше бір түрі ретінде қызмет етеді.
Акционерлік қоғам акцияларды әртүрлі нақты (номиналды) құнымен және
дауыс санымен шығара алады. Акция иелері акционерлік қоғамның пайщиктері,
ал облигация иелері – оның несие берушілері (кредиторлары) болады.
Акционерлік қоғамдардың екі түрі болады: жабық - олардың акциялары оның
құрылтайшыларына ғана тиісті болады және еркін нарықта сатылмайды; ашық -
олардың акциялары еркін сатылады және сатып алынады.
Еліміздің нарықтық экономикалық жолымен дамуы барысында
қаржылық инвестициялардың маңызы зор. Ал біздің еліміздің экономикасын
көтеру үшін қаржылық инвестицияны тарту бүгінгі күні аса қажетті болып
отыр. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы әлемдік деңгейде жаңадан
бой көтеріп келе жатқан қаржы нарықтарының қатарына жатады, ал қаржы
нарығы келесі нарықтардан пайда болады:
- валюталық нарық;
- құнды қағаздар нарығы;
- несие капиталы нарығы (ақша нарығы);
- асыл металдар нарығы (алтын нарығы).
Қаржы нарығының айрықша бөлігі ол құнды қағаздар нарығы және де
бұл бойынша осы кезде қалыптастыру процесі аяқ басып келеді. Ал қаржылық
инвестициямен осы құнды қағаздар нарығы тікелей байланысты. Елімізде
мыңдаған акционерлік қоғамдар мен басқа да шаруашылық субъектілері,
жүздеген сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес
зейнетақы қорлары тіркелген. Осы жоғарыда аталған субъектілер барлық
құнды қағаздар нарығының потенциалды қатысушылары қатарына жатады.
Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға құнды қағаздар шығарушылар
болса, ал екіншісі инвестор ретінде қызмет атқарады. Шаруашылық
субъектісіне жаңа технология енгізу, өндірісті модернизациялау,
реконструкциялау әрқашанда ірі капитал салымен керек етеді. Ал мұндай
жұмысты атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді.
Бұл шаруашылық субъектілері қарыз капитал нарығына несиелер мен
заемдарының қаражаттарын, айналымға акциялары мен облигацияларын
шығарса, онда елімізде бағалы қағаздар нарығы пайда болады.
Іс жүзінде акция, облигация және басқа да бағалы қағаздарын
шығару арқылы капиталды тартуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент – деп
аталады және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің алдында
белгілі бір жағдайда борышты болып табылады.
Эмитент ретінде кім болғанына байланысты бағалы қағаздар
мемлекеттік, муниципалдық және кооперативтік болып үш түрге бөлінеді.
Мемлекеттік құнды қағаздар - бағалы қағаздардың бұл түрі
Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мемлекеттің сыртқы және
ішкі қарыздарына байланысты шығарылады. Сонымен қатар бағалы қағаздың
бұл түрі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мекемесімен эмитенттелінетін
бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағалы қағаздардың бұл
түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қысқартуға,
инфляцияны болдырмауға тырысады. Осыған сәйкес Ұлттық Банк мекемесі
айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың мынадай түрлері бар:
- Ұлттық жинақ облигациялары.
- Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕККАМ).
- Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕОКАМ).
Муниципалды құнды қағаздар - бағалы қағаздардың мұндай түрі
жергілікті бюджетпен эмиссияланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен
шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат –
құрылыс, яғни ауруханалар салу үшін, бала бақшалар мен мектептер, тұрғын
үйлер, жолдардың жағдайларын жақсарту, аймақтың әлеуметтік мәселелерін
шешу және тағы басқалар болып табылады.
Кооперативтік құнды қағаздар – шаруашылық субъектілерінің заң
күшіне сүйене отырып, жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық
қызметін жүзеге асыру үшін шығаратын бағалы қағаздарын кооперативтік
бағалы қағаздар - деп атайды. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп
жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент ретінде
тіркеледі.
Бағалы қағаздарды жалпы мына төменде аталғандай екі топқа бөлуге
болады:
а) ақшалай;
б) капиталды.
Ақшалай бағалы қағаздар ақшаны қарызға алғандығын білдіреді.
Бағалы қағаздардың бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ
сертификаттарын жатқызуға болады. Жалпы ақшалай құнды қағаздардан табыс бір
рет қана алынады. Іс жүзінде ақшалай құнды қағаздар қысқа мерзімді болып
келеді, яғни бір жылға дейінгі уақыт аралығында қолданылады.
Капиталды құнды қағаздар – шаруашылық субъектісінің қорын (капиталын)
құруға немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады.
Қорлы құнды қағаздар – қор биржаларында айналысқа түседі және көп
мөлшерде эмиссияланады. Құнды қағаздардың бұл түріне акциялар және
облигациялар жатады.
Акция дегеніміз акционерлік қоғамда, яғни шаруашылық субъектісін
дамытуға қаржы салғаны туралы куәландыратын және иесіне акционерлік
қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде алуға құқық беретін
құнды қағаз болып табылады. Акциялар айналым мерзімі белгіленбей шығарыла
береді.
Облигация дегеніміз – оның иесінің ақша қаражаттарын салғанын
куәландыратын және оған көрсетілген мерзім ішінде осы құнды қағаздың
номиналды құнын белгіленген процентті төлей отырып, өтеу міндеттемесін
мақұлдайтын құнды қағаз болып табылады.Облигациялар белгілі бір мерзімге
шығарылады. Жалпы облигацияларда акциялар сияқты шаруашылық субъектісі
үшін инвестицияның маңызды көзі болып табылады.
Депозиттік сертификат дегеніміз – салымшының немесе оның мұрагерінің
белгіленген мерзім біткен соң депозит сомасы бойынша пайыз (процент)
түрінде табыс алу құқығын куәландыратын ақша қаражаттарының салымы туралы
эмитент банкінің жазбаша куәлігі болып табылады.
1.2. Қаржы рыногінің құрылымы

Валюта нарықтық экономиканың ажыратылмайтын бөлігі болып табылады.
Валюта – бұл, тауарлардың құнының мөлшерін өлшеу үшін пайдаланылатын ақша
бірлігі. Валюта деген түсінік үш мағынада қолданылады:
а) бір мемлекеттің ақша бірлігі (Қазақстан теңгесі, АҚШ доллары,
орыстың рублі, жапонның иені, ағылшынның фунт стерлингісі, Италияның
лирі, т.б.) және оның алтын, күміс, қағаз ақша түріндегі типі;
б) шет мемлекеттердің ақша белгісі, сонымен бірге шетелдердің ақша
бірлігінде көрінетін және халықаралық есеп – айырысуда қолданылатын
несиелік және төлем құралы;
в) халықаралық (аймақтық) ақша – есеп айырысу бірлігі мен төлем
құралы. Көптеген валюталық операциялар делдалдық (брокерлік) фирмалар
арқылы жүргізіледі. Валюталық нарықта сыртқы сауда, туризм, қызметтер,
жеке адамдардың ақша аударуы, капиталдардың, жұмыс күшінің миграциясы (бір
елден бір елге ауысуы) т.б. бойынша кең ауқымды операциялар жүзеге
асырылады. Валюталық нарықта, валюталық курстардың айырмасы есебінен пайда
табу мақсатымен қаржыларын бір валютадан басқа валютаға аударып отыратын
трансұлттық компаниялар маңызды рөл атқарады.
Валютаның қаржылық және тауарлық конверсиялануы болады. Қаржылық –
бұл шет мемлекеттердің валюталарында конверсиялануы. Тауарлық – кез келген
тауарды сатып алу қабілеті.
Конверсиялануы қарай валюталарды сыртқы және ішкі валюта деп
айырады. Валютаның сыртқы конверсиялануы – бұл ұлттық валютаны ел ішінде
де, онан тыс жерлерде де шетел азаматарының пайдаланылуына шектеудің
болмауы. Бүндай жағдайда, ішкі нарықтық механизм ұлттық валютаның кез –
келген валютаға, тауар массасына, әртүрлі бағалы қағаздарға (мемлекеттік,
жеке – меншіктік) конверсиялануына кепілдік береді.
Бағалы қарыз нарығы, маңыздылығы жағынан кем түспейтін қаржы
нарығының бір саласы – қарыз нарығымен толықтырылады және онымен бірлесе
әрекет етеді. Қарыз нарығы – бұл қаржы нарығының бір бөлігі, оның өткізу
объектісі – ұдайы өндіріс процесіне қатысушыларға уақытша пайдалануға
берілетін уақытша бос ақша құралдары болып табылады. Қарыз несие түрінде
негізгі қағидаларға (принциптерге) бөлінеді:
а) қарыз дәл белгіленген мерзімге беріледі, ол аяқталғаннан кейін
банкіге қайтарылуы тиіс;
ә) кәсіпорындар мен жеке адамдар қарызды қандай мақсатқа алған
болса, сол мақсатқа жұмсауы қажет;
б) олар қарызды алып пайдаланғаны үшін банкіге белгіленген мөлшерде
процент төлейді.
Банктер беретін несие қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ
мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерзімді несие, әдетте бір жылға дейін,
негізінен айналым құралдарын жасауға беріледі. Орта мерзімді несие екі –
үш жылға – жаңа құрылысқа, өндірісті техникалық қайта жарақтандыруға,
жаңартуға және жабдықтарды жаңартуға үш жылға дейінгі мерзімде өтелетін
жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізуге беріледі. Он және одан
да көп жылға берілетін ұзақ мерзімді несие кәсіпорындардың негізгі –
қорларын ұлғайтуға жұмсалады. Сонымен бірге ұзақ мерзімді несие
тұрғындарға да жеке үй, пәтер, бақ үйлерін салуға және сатып алуға,
басқа да қажеттіліктерге беріледі.
Несиенің әртүрлі формалары бар:
- банктік;
- чектік;
- коммерциялық;
- тұтыну;
- халықаралық.
Банк несиесінде, банк клиенттің векселін есепке ала (дисконирование)
отырып, оған осы векселін құны орналасатын есеп айыратын шотын ашады.
Чектік несиеде, банк клиентке төлем жасауға қажетті соманы қарызға
алуға мүмкіндік беретін чек жаздырып береді. Белгіленген уақытта борыш
өтелуі қажет.
Коммерциялық несие – қысқа мерзімді несие, ол банкпен, кәсіпорынның
уақытша мұқтаждықтарына беріледі.
Тұтыну несиесі – бұл тұтынушылардың тауарлар мен қызметтерді
кейінге қалдырып төлеу үшін пайдаланылатын несие түрі.
Халықаралық несие - бұл шет елдерге берілетіін немесе олардан
қарызға алынатын, сыртқы экономикалық байланыстарға қызмет жасайтын
несие.
Несие өзінің қызметін банктер арқылы атқарады. Саяси –экономикалық
тұрғыдан алғанда, банктер, кәсіпорындардың, ұйымдакрдың және тұрғындардың
бос ақша құралдарын тартатын және жинақтайтын несие – қаржы мекемесі.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, банк жүйесіне Орталық банк,
банктердің басқада ұйымдық формалары мен мамандандырылған мекемелері,
коммерциялы, жинақ және инвестициялық банктердің үлкен тобы, ал бірқатар
елдерде ипотекалық банктер кіреді. Осы мекемелердің әрқайсысы өзіне тән
қызметтер атқарады. Орталық банк ақша шығарумен (эмиссия), мемлекеттік
бағалы қағаздарды сатып алу және сатумен, коммерциялық және жинақ
банкілерінің несие резервтерін реттеумен айналысады.
Коммерциялық банктер компаниялар мен кәсіпорындардың ақша құралдарын
шоғырландырады, тұрғындардың бір бөлігіне коммерциялық қысқа және орта
мерзімді банк несиесін береді. Жинақ банкілері тұрғындардың сақтық
қорларын шоғырландырып, өздерінің қаржыларын, негізінен, мемлекеттік бағалы
қағаздарға салады. Инвестициялық банктер бағалы қағаздарды орналастыруға
байланысты делдалдық операциялармен және өнеркәсіпте консультациялық
қызмет көрсетумен айналысады. Ипотекалық банктер жылжымайтын мүліктер
кепілдігімен (залог) несие береді.
Коммерциялық несиенің көрінісі болып табылатын вексельдік
айналыстың үлесі, салыстырмалы түрде онша көп болмасада, ол
кәсіпорындардың жұмысын тауар айналымы арқылы бақылауды қамтамасыз етеді.
Банк мекемелерінің басты табыстарының көзі – олардың қарыздар бойынша
алатын проценттері болып табылады.Сонымен бірге банктердің өздеріне
қажетті ғимараттарды, банк құрал –саймандарын сатып алу немесе жалға алу,
қызметкерлерді жалдау, сондай – ақ басқа ақша капиталдарын және
жинақтарды жұмылдыруға, жинақ бойынша проценттер төлеуге байланысты
шығындары да болады.
Банк ресурстарын құрайтын және оған табыс әкелетін несиелік
операциялар – активтер, ал банк ресурстарын орналастыруға байланысты
операциялар – пассивтер деп аталады. Қазіргі несие – банк мекемелер жүйесі
бірнеше негізгі нысандардан тұрады, олардың арасындағы ерекшеліктер
активті және пассивті операциялармен анықталады.
Инвестиция дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен
өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни
қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін
жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдымен дербес екі топқа
бөлінеді:
- жеке инвесторлар (жеке адамдар);
- институттандырылған инвесторлар (банктер, инвестициялық қорлар,
зейнетақы қорлары, т.б.)
Құнды қағаздарды сатып алу кезінде инвесторлардың алдында мынадай
мәселелерді шешу қажет болады:
1) Құнды қағаздарға қаржы жұмсау үшін оларды дұрыс таңдап алу
мәселесі.
2) Қаржы нарығында өтіп жатқан барлық өзгерістерді үнемі қадағалап
отыру мәселесі.
3) Қор операцияларын жүргізуге жұмсалатын шығындарды барынша азайту
мәселесі.
Сондықтан келісім – шартты ұйымдастыру және оны жасау кезінде
негізгі рольді делдалдар немесе қор нарығында кәсіпқойлары атқарады.
Құнды қағаздар нарығында кәсіпқой өкілдері дегеніміз – Қазақстан
Республикасы құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның лицензиялық
куәландырылған құнды қағаздар мен операциялар жасау құқығына ие кәсіпқой
мамандар болып табылады. Олар көбінесе өз мамандықтар бойынша фирмаларға
бірігіп немесе жеке тұлға ретінде өз бетінше жұмыс істейді. Құнды қағаздар
кәсіпқой мамандарына брокерлер (делдалдар), дилерлер, инвестициялық қорлар,
сарапшылар, депозитарийлер, андеррайтерлер жатады.

1.3. Қаржы нарығындағы бағалы қағаздар нарығының орны

Қазақстанда 1991-1994 жж. қаржы нарығы, оның құрамында кұнды қағаздар
нарығы қалыптаса бастады. Осы кездегі жұмыс істеп тұрған құнды қағаздар
нарығының негізгі секторлары ретінде мыналарды айтуға болады:
1. Мемлекеттің ішкі және сыртқы міндеттемелік қағаздары (облигациялары)
тұрақты түрде айналымға шығарылып келеді.
2. Ірі коммерциялық банктердің акциялары және басқа да қаржы қағаздары
соңғы жылдары ұтымды түрде сыртқы әлемдік және ішкі ұлттық нарық
жүйесінде орналыстырыла бастады.
3. Мұнай - газ, энергетика, қара және түсті металлургия компаниялары
шығарған акциялар Қазақстанның және Орталық Азия қор биржаларында тіркеліп
бағамдалып келеді.
4. Қазақтелеком, КЕГОК, Қазақойл сияқты жаңаша құрылған
компаниялардың акцияларына сұраным жоғары қалыптасқан.
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының ағымдағы жағдайын, экономиканың
өтпелі кезеңдегі жалпы жағдайымен байланысты дағдарысты деп сипаттауға
болады. Бағалы қағаздар нарығы - бұл жалпы нарықтар сияқты экономиканың жан-
жақты дамуынсыз толыққанды түрде қызмет ете алмайтын нарықтың бір сегменті.
Қор нарығының жағдайы бірқатар факторларға байланысты, соның ішінде ең
басты ролді инфляция қарқыны алады. Өндірістің құлдырауы және бағаның өсуі
тұсыныда қор нарығының көптеген артықшылықтары жарамсыз болып қалады.
Барлық қиын жағдайда да қор нарығының инвестициялық процестегі ролі
арта түсуде. Бұл ең бастысы күрделі капитал жұмсалымын қаржыландыруға
арналған ресурстарға деген қажеттіліктен туындайтын кәсіпорындарды
акционерлеумен байланысты. Қор нарығы арқылы жүзеге асырылатын өндіріске
және инфрақұрылымға шетел инвестицияларын тарту үшін қолайлы база жасалуы
қажет.
Сондай-ақ әр түрлі бюджеттен тыс қорлар да құрылады. Қаражат жинақтау
шамасына қарай, олар қаражаттарын бағалы қағаздарға инвестициялайды.
Осындай және басқа да факторлар қор нарығын инвестициялауға арналған
қаражат жинақтау жолдары ретінде арттырудың потенциалды мүмкіндіктерін
көрсетеді.
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму болашағы үшін ресурстарды
жинақтау (материалдық база, адамдарды оқыту, заңдарды шығару, технология
және ақпараттық база және т.б.) сұрақтарын ғана қамтып қоймай, сондай-ақ
нарыққа өту барысында туындаған макроэкономикалық мәселелердің стратегиялық
шешімін және талдауды қамтитын бағалы қағаздар нарығын дамытудың ұзақ
мерзімді саясаты болуы керек.
Мұндай әрекет ету бағдарламасының мемлекеттік деңгейде, оның қаржы
саясаты аясында жасалады деп күтуге болмайды. Мемлекеттің фискальдық
мүддесі, оның кұрылымдары арасындағы қарама-қайшылық, бұл міндетті шешуге
мүмкіндік жасамайды. Міне, сондықтан да, жаңадан құрылыған бағалы кағаздар
нарығының кәсіби қатынасушыларының бірігуімен жасалатын қаржы тұрақтылығына
және өндірістің дамуына дейін биржалардың, брокерлік фирмалардың және т.б.
ұзақ мерзімді мүдделерін қамтамасыз ететін стратегияның болуының маңызы зор
тобының (30 өнеркәсіп корпорациясы, 15 қоғамдық қолдану кәсіпорыны, 20
темір жол компаниясы, - барлығы 65 корпорация) күнделікті арифметикалық
котировкасын құрайды.
Бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру мәселесі бойынша Қазақстанда
негізінен екі түрлі ғылыми-әдістемелік көзқарас - пікір қалыптасқан.
Алғашқы кездері экономистердің басым көпшілігі Қазақстанда нарық
жүйесін қалыптастыру үшін құнды қағаздар нарығы қажет деген пікірде болғаны
белгілі. Соңғы жылдары нарыққа көшу мәселесін механизмнің тиімді қызмет
атқару жағдайларымен байланыстырьш қарайтын пікір-көзқарас басымдылық
алып келеді.
Құнды қағаздар нарығын қалыптастыру үшін, оның инфра- құрылымдарын құру
және бұл құрылымдардың қызмет атқару тәртібін анықтап реттейтін заңдар мен
құжаттарды дайындап шығару қажет екені белгілі. Елімізде Қазақстан
Республикасының Құнды қағаздар жөніндеғі Ұлттык комиссиясы құрылған, 1995
жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың
акцияларын шығару мен өтеудің тәртібі туралы ереже әзірленіп бекітілді,
бағалы қағаздар эмиссиясы есепке алынып, қор биржаларында
тіркелетін болды. Республикада құнды қағаздар нарығына қатысушылардың
Ұлттық қауымдастығы құрылды. Құнды қағаздар нарығын реттейтін ҚР Үкіметінің
қаулылары, оның ішінде бағалы қағаздар рыногында кәсіптік қызметтерді
лицензиялау туралы ережелер, және басқа да көптеген құжаттар пакеті (20-
дан астам) қабылданды, қолданылып келген заң актілеріне өзгерту мен
толықтырулар енгізілді. Құнды қағаздар нарығы ҚР-ның заңдарымен, Президент
жарлықтарымен, Қазақстан Үкіметі, Мүлік комитеті және Ұлттық банк
қабылдаған қаулылармен, ҚР Қаржы министрлігінің және Бағалы қағаздар
жөніндегі комиссияның нұсқауларымен реттеледі.
Бірақ Республикада құнды қағаздар нарығы толық қалыптасып болды және
тиімді жұмыс атқарып тұр деуге әлі ерте сияқты. Бүгінгі таңда Қазақстанда
құнды қағаздар нарығының жекелеген секторлары ғана қызмет атқарып отыр,
нарық жүйесі әлі толық іске қосылмаған.
Қазақстан Үкіметі Батыс елдерінің бірқатар қаржы - инвестициялық
құрылымдарымен келісімге келіп өзінің орта мерзімдік (3-5 жылдық)
облигацияларын Еуропада орналастырды. Оңтүстік - Шығыс Азия елдерінде
қалыптасқан қаржы дағдарысы Қазақстандағы құнды қағаздар нарығының одан әрі
қанат жайып дамуын осы күндері шектеп отыр.
Қазақстанда құнды қағаздар нарығын толық қалыптастыру үшін ұлттық
өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастырып тереңдету керек.
Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымын қайта құрып жетілдіру
мәселесі тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмыл- дырып
экономиканың реалды секторына жұмсауды қажет етеді. Кіріс министрлігі
мен Салық комитеті мамандарының пікірінше Қазақстан тұрғындарының
қолында айналымға тартылмаған 2-3 млрд доллар нақты қаржы қорлары бар
екен. Осы қорларды инвестицияға айналдыру үшін Қазақстандағы банкілердің
мүмкіншілігін нығайтып, олардың са- лымшыларға беретін сақтандыру
кепілдіктерін (гарантия) жоғары деңгейге көтеру қажеттілігі туындап отыр.
Соңғы кездері Қазақстандағы ең ірі коммерциялық банктер келісімге келіп,
банкаралық сақтандыру қаржы қорын құру саясатын іске асырмақшы. Қазақстанда
тұрғындар өз қаржы-қаражатын негізінен Халық банкісінде сақтайтыны белгілі.
Банк басқармасы тұрғындардың салымдарын сақтап, олардың тұрақты тұрде
өсімін қамтамасыз ету мақсаттарында, Қазақстанда тұрақты жұмыс істеп
тұрған кәсіпорындар акцияларын сатып алу құқығын алуға ниет білдіріп,
қажетті құжаттар дайындап оларды заңдастыруға күш салып отыр.
Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу механизмі келесі
бағытта жүзеге асады:
1. Мемлекет бағалы қағаз рыногын реттеп, ұйымдастыратын заң жүйесін
қабылдайды. Бұл заңдар:
✓ акционерлік қоғамдардың қалыптасу тәртібін анықтайды және
реттейді;
✓ бағалы қағаздарды шығару тәртібін және акцияны шығаруға рұқсат
алу түрлерін анықтап реттейді;
✓ бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардан түсетін пайдаға
салық кесімдерін реттейді;
✓ биржаның қызметін және бағалы қағаздармен жүргізілетін
операциялар түрлерін анықтап реттейді.
2. Мемлекет мекемелері рынок субъектісі ретінде бағалы қағаздар
рыногына шығады. Қаржы ресурстарын жинау үшін мемлекет облигациялар,
қазыналық міндеттемелер (қысқа мерзімдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздардың негізгі түрлері
Қаржы нарығын реттеу туралы
Бағалы қағаздар нарығының субъектілерімен объектілері
Қаржы нарығындағы нақты сектор
Қаржы менеджментінің базалық көрсеткіштері және атқаратын қызметтері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖУМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының жағдайы
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы жүйесіндегі мәселелерді шешу жолдары
Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы
Қаржы нарығы туралы
Пәндер