Діннің шығуы



Дін деген не ? Ол қалай пайда болды ? Оның мағынасы мен маңызы неде ? Бұл әлеуметтік құбылыс па ? Бұл сауалдарға жауап іздеген ойшылдар, философшылар турлі бағытта зерттеу жүргізіп , өз тұжырымдарын да ортаға салып келеді . Соның нәтижесінде дүние жүзі халықтарының ғасырлар бойы қалыптастырған сан қырлы рухани мәдениетінің маңызды бір саласы - дінтану ілімі пайда болды . Дінтану ғылымының міндеті - діннің пайда болуы , оның маңызы мен мағынасы , оның адамға әсері , қоғамдағы , тарихтағы және мәдениеттегі орны , оның мыңдаған жылдар бойы әлемдегі алатын маңызы мәселелерді зерттеу . Басқаща айтқанда дінтанудың мақсаты – дінді анықтау , тусіну және оның қоғамдық сана есебінде әлеуметтік құбылыс екенін түсіндіру .
Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи , саяси-әлеуметтік , дүниетанымдық және психологиялық құбылыс . Ол ықылым замандардан бері адамзатпен бірег жасасып келеді . Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы , адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады . Дін туралы арнайы ғылымды – дінтану дейміз . Дінтану ғылымы дінді теологиялық , филосовиялық - әлеуметтік , биологиялық , психологиялық және этнологиялық ( грек тілінде ethnos – халық , logos ілім ) тұрғылардан бөліп тұрған қарастырады . Теология ( көне грек тілінде teos - құдай , logos – ілім ) немесе конфессионалдық ілім ( көне грек тілінде konfessio – мойындайтын діни бірлестік ) адам мен Жаратушының , адам мен Абсолюттің , адам мен біздің түсінігімізден тыс күштердің қатынасын зерттейді , дінді оның қағидаларының өзіне сүйеніп негіздейді .
Дінді философиялық - әлеуметтік тұғыдан түсіну дегеніміз – оны қоғамдық сана мен дүниетанымның нысаны ( фор масы ) , діни мәдениет түрінде көрінуі , белгілі әлеуметтік қызмет атқаратын құбылыс , діни
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



1 . Дінтану негіздері .
О. Көбеева
Оқу құралы . Алматы . КАЗақпарат 1999 ж.

2 . Дінтану негіздері .
Ғ . Есім , А. Артемьев , С . Қанаев , Г. Біләбова
Алматы . « Білім 2003 ж . »

3 . Ислам дінінің негіздері .
С . Дағайқызы
Анкара 1998 ж .


4 . Ислам ілімінің негізі .
Оңтүстік Қазақстан 1998 ж. 5 – тамыз


5 . Исламның қарапайым қағидалары .
Жас алаш 1995 ж . 14 – сәуір

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Діннің шығуы
Дін деген не ? Ол қалай пайда болды ? Оның мағынасы мен маңызы
неде ? Бұл әлеуметтік құбылыс па ? Бұл сауалдарға жауап іздеген ойшылдар,
философшылар турлі бағытта зерттеу жүргізіп , өз тұжырымдарын да ортаға
салып келеді . Соның нәтижесінде дүние жүзі халықтарының ғасырлар бойы
қалыптастырған сан қырлы рухани мәдениетінің маңызды бір саласы -
дінтану ілімі пайда болды . Дінтану ғылымының міндеті - діннің
пайда болуы , оның маңызы мен мағынасы , оның адамға әсері ,
қоғамдағы , тарихтағы және мәдениеттегі орны , оның мыңдаған жылдар
бойы әлемдегі алатын маңызы мәселелерді зерттеу . Басқаща айтқанда
дінтанудың мақсаты – дінді анықтау , тусіну және оның қоғамдық сана
есебінде әлеуметтік құбылыс екенін түсіндіру .
Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән
тарихи , саяси-әлеуметтік , дүниетанымдық және психологиялық құбылыс . Ол
ықылым замандардан бері адамзатпен бірег жасасып келеді . Оны ең
тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы , адамның танымынан
тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға
болады . Дін туралы арнайы ғылымды – дінтану дейміз . Дінтану ғылымы
дінді теологиялық , филосовиялық - әлеуметтік , биологиялық ,
психологиялық және этнологиялық ( грек тілінде ethnos – халық , logos
ілім ) тұрғылардан бөліп тұрған қарастырады . Теология ( көне грек
тілінде teos - құдай , logos – ілім ) немесе конфессионалдық ілім ( көне
грек тілінде konfessio – мойындайтын діни бірлестік ) адам мен
Жаратушының , адам мен Абсолюттің , адам мен біздің түсінігімізден
тыс күштердің қатынасын зерттейді , дінді оның қағидаларының өзіне
сүйеніп негіздейді .
Дінді философиялық - әлеуметтік тұғыдан түсіну дегеніміз – оны
қоғамдық сана мен дүниетанымның нысаны ( фор масы ) , діни мәдениет
түрінде көрінуі , белгілі әлеуметтік қызмет атқаратын құбылыс , діни
идеология , діни мораль тұрғысынан қарастыру , дін және саясат
мәселелерін зерттеу . Ғылым дінді табиғи инстинкт , өмір үшін
күрестің құралы деп санайды және діндарлық генінің болуы
ықтимал деген болжам жасайды . Осы мәселелерді зерттеуден діннің
биологиялық анықтамасы шығады . Қандай дінді алмасақ та оның
негізінде адамның сезім дүниесі жатыр . Мұны психология ғылымы
зеттейді . Осыдан діннің психология айқындамасы шығады .
Дін этностардың оқшаулану яакторларының бірі болып табылады
этнос мәдениетінің қалыптасуында айтулы роль атқарады . Діннің осы
қырын ерттеуден , оынң этнологиялық анықтамалары шығады .
Жоғарыда айтылғандар - дінді ғылыми тұрғыдавн танудың тәсілдері .
Бірақ , жеке – жеке алған да дін деген не , ол қа йда болды , хақ дін
қайсысын айтамыз , деген тәрізді сұрақтарға толық жауап бере
алмайды . Теология мен философияның өзі көзқарастар қайшылығы болып
табылады . Сондықтан дінді әлемдегі құбылыстарды қабылдау мен
түсінудің , әлемді тану мен меңгерудің өзіндік жолы , жеке
адамдардың және қоғамның өмір сүру тәсілінің маңызды құрамдас
бөлігі немесе мәдени феномен тұрғысында қарастыру бізді діннің шын
табиғатына бір қадам жуықтата түседі .
Дін құлшылық жолындағылар мен Құдірет арасындағы бір
байланыстың барлығына деген сенім белгілі бір діни ілім түрінде
тұжырымдылып , тұрмыста діни салттар мен ғұрыптар түрінде көрініс
береді . Ол құрылымдық жағынан діни сана , діни харекет , діни ұйым
болып тарайды .
Діни сана құрылым – діни сенім , ілім және діни идеология. Діни
сана күнделікті және концептуалды болып екі сатыға ажыратылады .
Бірінші сатыға діни түсініктер , дағдылар , қағидалар мен діни
дәстүрлер жатады . Концептуалды деңгейде осылардың бәрі белгілі бір
ізге түсіріліп , дін ілім сипатына ие болады , оның теориялық
негізі жасалады , ақиқаттығы дәлелденеді . Мұнымен теология және діни
философия шұғылданады .
Діни сана әр тарихи кезеңде , түрлі қғам да әр түрлі дәрежеде
қызметт атқарып , көрініп отырады . Оның негізінен үш сатысын алуға
болады .
Бірінші сатысы – діни сана қоғам санасында жетекші орын алады ;
діни тұрмыс бүкіл қоғамның әлеуметтік тұрмысының құрамды бөлігі
болады ; әлеуметтік қатаынастарға діни және азаматтық салалардан
тұрады . Бұл үдіс сакрализация (латын тілінен аударғанда – sakra –
қасиетті )деп аталады .
Екіншісі – діни сана қоғамдық санада басымдылықпен көрінбейді ,
одан азаматтық дүниетаным мен мәдениет озық тұрады ; діни қызмет
барған сайын өзінің негізгі қызмет аясына дейін тарыла береді ;
қоғамдық қатынастар діни қатынастардан оқшауланады ; бірақ , діни
тұтастық брынғысынша этностық тұтастыққа келеді .
Үшінші – діни сана қоғамдық ойға мейлінше аз ықпал жасайды ,
діни қызмет тек діни ұйымдардың ісі болып қалады , діни ортақтастық
этникалық , мемлекеттік тұтастық мәселесімен сәйкестігін жояды ,
діни және азаматтық өкімет биліктері біржола ажыратылады . Бұл үрдіс
секуляризация ( латынша saecularis – зайырлы ) деп аталады . Дін –
ислам философиясының түсіндіруінше - әлемді байланыстырушы күш – Алланың
барлығына сенім . Бұл ислам философиясында былай дәлелденеді :Алла
Тағала адам баласын жаратқанда оның жүрегін өзіне ұштастыра
жаратады , яғни жаратушының барына сеніп , өзін оның ажырамас бөлшегі
екенін жүрек арқылы сезетін болады . Діннің маңызы мен мағынасы
жайлы айтқанда , адам өз табиғи болмысымен өзгеге мұқтаж . Өмірде
тосын оқиғалар , түрлі жайлар мен сынақ кезеңдерге кездесуі ықтимал
. Оны шешу , одан құтылу үшін , адам бұл көріп тұрған әлемнен
құдіретті , қай болмыстан да күшті бір қуатты іздейді . Адамның сана
- сезімінде пайда болатын қайдан ? қалай ? қайда ? деген сияқты
барлық сұрауларға дін жауап бере алады . Ал , дінді түсіну үшін
адамға үлкен ынта – талап , зор ғылым білім керек . Адамның рухани
тазару дәрежесі көтерілмесе және діннен бас тартар болса , қоғам
заңдылықтары бұзылып , дүние ойран болар еді . Ислам философиясы -
дін адамды қатерден, апаттан , бос әрекеттерден күнделікті өмірі мен
тұрмысын мейлінше қатаң және дәл реттеп отырады , қоғамдық және
жеке өмірдегі тәртібін сақтайды , - дейді . Дін адам баласымен
бірге туылады десек , ол туылған ортасында тәрбиеленіп , табиғи
дамуда болуы заңдылық. Олай болса , соцалистік қоғам адам баласын
сол табиғи қасиеті - дінінен айырыды . Табиғи қасиетінен
айрылған адам негізгі қасиетінен айырылды . Онда әлеммен табиғи
байланысты түсіну қабілетін жоғалтады .
Діннің маңызын тереңірек түсіну үшін алдымен діннің адам
өміріне әсерін , қажеттілігін , дінді елестетудің ең басты себептерін
айқындау қажет . Бұл себептерді діннің қайнар көздері беп атау
қабылданған . Діннің қайнар көзі – дінді үнемі өркендетіп отыратын
себептер мен маңызды шарттардың бірлігі . Діннің қайнар көздерінің
мынадай тарихи айырмалары бар : әлеуметтік , гнесологиялық ,
психологиялық .
Діннің әлеуметтік қайнар көздері деп діншілікті үнемі
өркендетіп отыратын себептер мен маңызды шарттардың
бірлігі .
Діннің әлеуметтік қайнар көздері деп діншілікті , толықтырып
отыратын өмірдегі объективті шарттарды айтады . Бұл шарттардың біразы
адамдардың табиғатқа , ал біразы адамдар арасындағы өзара қатынастарға
байланысты .
Адамдардың табиғатқа қатынасы амалдар мен еңбек құралдары
арқылы жанама түрде пайда болған дейді матералистер . Діннің адам
туылғаннан бірге екенін ескермей , адам табиғатты өз білгенімен
меңгереді дегенге тоқталады . Еңбек құралдары неғұрлым нашар дамыса
, адамда табиғат алдында соғұрлым әлсіз .Олардың үстіне табиғат
көбірек билік құрады дейді . Ф . Энгельс алғашқы қауымдық кездегі
діннің қайнар көзін сипаттай келіп , экономикалық әлсіздіктен деген
болатын . Сонымен алғашқы қауымдық қоғамда діннің пайда болу себебі
- өндіріс күштерге байланысты өндірістік қатынастардың төмен деңгейде
дамуыда деп атп өтті . Алғашқы қауымдағы адамды қоршаған табиғаттқа
құбылыс әлемінің оған қатынасы қандай да бір дұшпан жұмбақ күш
немесе апат болып көрінеді дейді . Алғашқы қауымдағы адамдардың
табиғат ортасының жайсыз факторлары алдындағы әлсіздігі , олардың
табиғатқа әсер етуінлегі әлсіздіктен туып отыр . Табиғат
құбылыстарына қарсы тұра алмайтындығы алғашқы қауым адамдарының
тылсым күштеріге үміт артып , оларға табынуын , әр түрлі магиялық
құбылыстарға жүгінуін дінге жүгіну деп түсіндіреді . Міне , бұл
діннің әлеуметтік қайнар көзінің табиғатқа қатынасы . Ал , діннің
әлеуметтік қайнар көзінің адамаралық қатынасын қалай түсіндіруге
болады ? Бұл жағдайда дін қоғамдық қатынастардың қандай жақтарын
тудыратынын түсініп алайық . Әуелде қоғамдық дамуды стихиялы түрде
деп келді . Әсіресе ежелгі кездердегі адамдар қоғамның дамуын саналы
түрде қадағалауға қабілеті жеткен жоқ деп түсіндіреді . Қоғам
дамуында барлығы жоғарыдан деп , қоғам дау заңдылығына өз
пікірлерін енгізіп , әрекет жасап қарап отыра береді деген түсінік
айтады . Нақты әлеуметтік процестер адамдардың санасында
мистификацияланып , жерден тыс бейнеге , тылсым күшке , яғни құдіретке
айналды , - деп түсіндіреді . Бұдан адам Алланы өзі ойлап тауып ,
оған сыйынды деген түсінік пайда болды .
Осы жағдайда құл иелену немесе феодалдық қоғамдарда да
кенеттен пайда болмаған тылсым күш адам тағдырын алдын ала болжап
қойды . Сондықтан құл немесе қарапайым болып туғандар еріксіз ауыр
жұмыстарды істеп , толық саяси заңдылықты мәдениетсіздікті
көтерулеріне тура келеді деп қиынсыз түсінік берді .
Адам буржуазиялық қоғамда жеке тәуелсіздіктен босап ,
экономикалық бейберекетсіздіктен , нарықтық құбылуынан әлеуметтік
тәуелсіздікке душар болды . Бұл жағдайда өмір сүріп тұрған тәртіпті
өзгертуге мүмкіндігі жоқ болса , елдің көп бөлігінің ертенгі күнге
сенімі жоғаса , дәрменсізідк , тарығу әсерлері пайда болып ,олар дінді
тұтыну қажеттілігін тудырады , -дейді атеистік тұрғыдағы
түсіндірмелерде .
Егер В . И . Лениннің құрған заманда , яғни кешегі соцалистік
қоғамға мұқият зер салсақ дінсіз қоғамның жайына үңілсек , адамның
тек экономикалық емес , басқа да әлеуметтік , ұлттық , мәдени , т.б.
құқығынан айрылып , толық тәуелділікке түскенін байқаймыз . Діннің
пайда болу қайнар көздері деп түсіндірілген түсініктемелерге
бүгінде толық баға беруге болады . Діннің пайда болу көздері деу
дұрыс емес . Дін адамға туа берілген деген концепцияны толығырақ
тусіндіруіміз қажет деп санаймыз . Дінді адамнан ажыратқанда , адам
сөзсіз рухани кедейшілікке ұшырайтыны тағы да дәлелденеді .
Діннің пайда болу негізі деп адамның абстракті ойлау
қабілетіне сай топтасқан түсінік пайда болды деп түсіндіреді
атеистік дәлелдемелерде . Ойда елестету арқылы рух , жан бір
жерге топтастырмай , олардың маңызына бармай , кейбір ерекшеліктеріне
қарай бөлмеу түсіну мүмкін емес . Бұны гнесологиялық қайнар көзі
деп атайды . Мұнда адамның ойлау қабілетінің дәрменсіздігінен ,
топтасқан елестерді талдап дұрыс түсіне алмағандығынан , өзінің
түсінігін зерттей , талдамай , дәлелдей алмай , оны соңына дейін
қалдырып ,өзінің интелектуалды деңгейін көрсете алмағандығынан туған
ұғым дейді .
Бұл гнесологиялық қайнар көзінде де адамның табиғи болмысына
күмән келтіріп , атеистік тұрғыдан дәлелдемелер береді . ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діннің шығуы және алғашқы түрлері
Дін социологиясының шығуы мен қалыптасу тарихы
Дін әлеуметтануының пәні
Ежелгі тарихи діндер
Жастар арасында діни толеранттылықты, толерантты әдеп пен мәдениетті қалыптастыру
Діннің шығуы және алғашқы түрлері. Ежелгі шығыс халықтарының ұлттық діндері
Дін туралы түсінік
Діннің тәрбиелік мәні
Дін социологиясының шығуы және қалыптасу тарихы
Шығыс діндері
Пәндер