Нарық қатынастарының теориялық аспектілері


Астана 2008
Кіріспе . . . 3
I Тарау Нарық қатынастарының теориялық аспектілері
1. 1 Нарық қатынастарының мәні мен мазмұны . . . 5
1. 2 Нарықтың негізгі элементтері (объектілерІ мен субъектілері) . . . 6
1. 3 Нарықтық қатынастарының мемлекеттік реттелуі . . . 8
II Тарау. Қазақстан Республикасында нарық қатынастарының дамуы
2. 1 Қазақстан Республикасындағы нарықты тұрақтандыру мәселелері . . . 13
2. 2 Қазақстан Республикасындағы нарық қатынастарының қазіргі
жағдайы . . . 16
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Бізді қоршаған ортаға қарайтын болсақ, ол тым күрделі және онда болып жататын әртүрлі өзгерістер бір - бірімен өзара тығыз байланысқан. Осы құбылыстарды жан - жақты зерттеу ісімен көптеген ғылымдар айналысады, солардың ішінде экономика ғылымының орны ерекше.
Қазіргі заманда «экономика» сөзінің түсінігі көп мағынаны білдіреді. Бріншіден, «экономика» сөзімен игіліктер мен қызметтер көрсететін өндірістік және өндірістік емес салардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Екіншіден, «экономика» сөзін ғылымдар тоғысындағы экономикалық қатынастарын қызметтік немесе салалық астарын қарастыру деп білеміз.
Үшіншіден, «экономика» сөзі экономикалық ғылым жалпы экономикалық теория ретінде қарастырылады.
Төртіншіден, «экономика» сөзімен оқыту пәні ретінде түсіндіріледі Нарық экономика - ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тәрихы бар. Нарықтың қалыптасуысуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты.
Қазақстандағы нарықтың даму тарихы. Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды, оның ерекшеліктері неде деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұраққа жауап беру оңай шаруа емес.
Сонымен бірге нарықтық стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттемелі нарық деп бөледі.
Қазақстан қазір ел ішінде біртіндеп нарықтық экономиканы тудыруға бағытталған құрылымдық реформаның жаппай қамтитын бағдарламасын жүзеге асыруда.
Нарық - сатушылар мен сатып алушылар арасындағы қатынас. Айырбас, нарық бір - бірімен өзара тығыз байланысты категориялар. Нарық алғашқы кезде сатушы және сатып алушыны кездесетін орын ретінде көрсетіледі. Нарықтың пайда болуы қоғамның еңбек бөлінісі мен айырбас қатынастар және тауар шаруашылығының дамуының арқасында пайда болды. Қазақстан Республикасынң нарықтық экономикаға өтуінің 3 кезеңі бар.
Мемлекет пен нарықтың өзара қатынасы нарықтық қоғамда маңызды мәселелердің бірі, себебі бұл экономикалық жүйеде мемлекет ерекше қызметтерді атқарады. Шаруашылық байланыстарын нтернационализациялау мемлекеттің экономиканы реттеудегі ролін күшейтуге объективті жағдайлар жасайды. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесі үзаққа сызылған эволюцияның жемісі, бұл істі жүзеге асыруда оны реттеудің экономикалық механизмдері өзгеріп отырды.
Осы курстық жұмыстың мақсаты: оқырмандарды Қазақстан Республикасындағы нарық қатынастарының даму ерекшеліктерімен таныстырып, нарықты тұрақтандыру мәселелеріне, нарық қатынастарының қазіргі жағдайына тоқталып кету.
Жұмыста мынадай сұрақтар қарастырылады:
1 нарық қатынастарының мәні мен мазмұнына сипаттама беру
2 нарықтың негізгі элементтерін ажырату
2 Қазақстан Республикасындағы нарық қатынастарының қазіргі жағдайы Курстық жұмыстың бірінші тарауында Қазақстан Республикасының
нарық қатынастарының мәні мен мазмұнына, нарықтық қатынастарының
мемлекеттік реттелуіне мінездеме беру.
Ал екінші тарауында Қазакстан Республикасында нарық қатынастарының дамуы, нарықты тұрақтандыру мәселелері қарастырылады.
I Тарау Нарық катынастарының теориялық аспектілері1. 1 Нарық қатынастарының мәні мен мазмұны
Бұдан 225 жыл бұрын (1776ж) Адам Смиттің «Халықтар байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу» еңбегі жарық көрді, онда ол «мейлі бәрі өзінше жүрсін» тезисін жариялады. Мемлекет нарықтық экономикаға араласпауы керек, бірақ ол «түнгі қарауылдың» ролін атқарып, жалпы тәртіліптікті қамтамасыз етеді. Бұл уақыттың ішінде мемлекеттің роліне әлденеше рет теориялық көзқарастар өзгерді. Джон Мейнрад Кейнс 1936 ж шыққан өзінің «Еңбекпен қамту, өсім мен ақшаның жалпы теориясы» еңбегінде мемлекеттің экономикаға араласуының қажеттілігін айтты. Ол экономикалық дағдарысты, жаппай жұмыссыздықтың тууын ескертіп отыру керек. Алайда мемлекет, Дж. Кейнстің кеңесін отырып, экономикалық қызметтерден бас көтере алмай, жаңа міндеттерді шеше алмады. Батыс елдерінде 70 - ші жылдардың ортасында тагы да экономикалық дағдарыстар лап ете қалды. Осы толқынның арқасында Дж. Кейнстің көзқарасын жоққа шыгаратьш тұжырымдар пайда бола бастады. Олар нарықтық экономикаға мемлекеттік араласпау идеясын дәріптеді. (1 ; 75 б)
Бұл тұжырымдар «неоклассикалық» («неолибералдық») деп аталды. Оның авторлары неміс экономисі Фридрих Август фон Хайек (1899 - 1984) пен американың экономисі Милтон фридмен (1912 жыл) және басқалары болды.
Нарықтық экономикаға мемлекеттің ролі жайлы аралас экономиканы жақтайтындар басқа көзқараста болды. Американ экономисі Дж Гэлбрейт (1908 ж) «салмақтылық» күш теориясын ұсынды. Оның айтуынша, еркін нарықтық экономикада реттеу механизмі жоқ, ол оның орнын «салмақтылық» күш ауыстырып, монополияға қарсылық білдіреді және олардың қысымын басып отырады. Дж. Гэлбрейт «салмақтылық» күшке алдыменен мемлекетті жатқызады. Мемлекеттің араласуынан басты мақсаты энономиканың дұрыс қызмет атқаруы, дағдарысқа қарсы бағдарламалар, әлеуметтік инвестициялау: мектеп, аурухана тұрғын үй, жол салу жэне қауқары төмен аудандарға көмекжасау болмақ. Басқада белгілі американ экономисі «Аралас экономика» теориясының өкілі Пол Самуэльсон былай деген: «Біздің экономикалық жүйе - еркін кәсіпкерлердің «аралас» жүйесі болып табылады, себебі экономикалық бақылау қоғам тарапынан жүзеге асады».
Әртүрлі экономикалық жүйедегі мемлекеттің экономикалық ролі жайлы теория К. Маркс пен В. И. Лениннің еңбектерінде терең қаралған. Айпағымыз, В. И. Лениннің жаңа экономикалық саясат кезінде (НЭП) 1921 - ші жылы Ресей экономикасына нарықтық катынастарды ендіру кезіндегі мемлекеттің ролі жайлы ойлайды өте құнды.
Жаңа экономикалық саясат еркін сауданы ендіруді межелеп, жаңа жағдайдағы мемлекеттің ролін анықтады.
В. И. Ленин былай деп жазды: «Мемлекеттің бақылауынан қашпайтын дұрыс саудадан біз қашпайымыз қажет, оны дамыту бізге ыңғайлы». Нарықтық экономиканы өте зерттеген ағылшын экономисттері - Дж. Кейнс, Рой Харрод (1890- 1978 жж), Джоан Робинсон (1903ж) және американ экономисі Эльвин Хансен (1887-1975 жж) болды. (2. 43 б)
Қазақстан Республикасы аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика жолына түсті. Осы жағдайда ескере отырып, біз енді мемлекеттің экономикалық қызметін қарастырамыз.
1. 2 Нарықтың негізгі элементтері (объектілері мен субъектілері)
Нарық экономика - ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынандай негізгі кезеңдерге бөлуге болады:
1 нарық элементтерінің пайда болуы
2 натуралдық айырбас кезеңі нарығыз тауар баламасы кезеңінің нарығы
4 тауар емес балама нарығы
Сонымен бірге нарықтық стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттемелі нарық деп бөледі.
Стихиялы нарық капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болды. Стихиялы нарықтың идеологы, әлемдік экономикалық теорияның негізін қалаушы Адам Смит (1723 - 1790) . Ол екі кәсіпкер немесе саудагердің арасындағы әңгіме әрқашанда бағаны өсіру ниетіндегі даумен аяқталады деп көрсетті. Сөйтіп смит нарықты экономиканың өзін - өзі реттеу механизімін ашты. (10. 1126)
Монополиялық нарық 19ғ аяғында 20ғ алғашқы кезеңінде өмір сүрді. Нарықтың бұл түріндегі еркін бәсеке шектеледі, ал ол экономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми - техникалық прогресстің баяулауына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал түптеп келгенде коғамның барлық қайшылықтарының шиеленісуіне әкеліп соқтырады. Бүған, мемлекеттік меншіктегі ірі кәсіпорныдар монополиясына негізделген бұрынғы КСРО-ның экономикасына жатады. Нәтижесінде, сұраным мен ұсыныс сұрақтары әкімшілік - әміршілдік тәсілмен шешілетін, тұтынушылардың мүддесіне бағдарланбаған өндірушілер нарығының типі қалыптасты.
Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттемелі нарықтән болып отыр. Оны тек қана еркін тауар өндірушілер мен тұтынушылар, еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, соньшен бірге - өнім өндіруге мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, шаруашылық субъектілеріне қаржы - несие тұтқалары арқылы әсер ету, белгілі бір тауар түрлері мен топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық коньюктурасын зерттейтін маркетингтік кызметті енгізу, өндірістік көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әр түрлі кәсіпорын ассоциациялардың, жарнама - акпараттық жүйелерді құру арқылы реттеуде мемлекеттің шешуші рөлін атап көрсеті керек.
1. 3 Нарықтық қатынастарының мемлекеттік реттелуі
Нарық - сатушылар мен сатып алушылар арасындағы қатынас.
Айырбас, нарық бір - бірімен өзара тығыз байланысты категориялар. Нарық алғашқы кезде сатушы және сатып алушы кездесетін орын ретінде көрсетіледі. Нарықтың пайда болуы қоғамның еңбек бөлінісі мен айырбас қатынастар және тауар шаруашылығының дамуының арқасында пайда болды. Қазақстан Республикасың нарықтық экономикаға өтуінің 3 кезеңге бөлінеді; (10. 786)
1. Макроэкономиканың тұрақ тырудың 2 проценттпр мен сипатталады:
• Мүлікті меншік иелігінен белсенді түрде алу, жекешелендіру, иелену және оны тұтыну
• Нарықты қажетті тауарлармен толықтыру
2. Елдің экономикалық шикізаттың базалық бағытын өзгерту. Көлік пен телекоммуникацияны дамыту қор, еңбек, бағалы қағаздар, валюта, меншік нарығын құру.
3. Ашық үлгідегі дүниежүзінің жаңа индустриалды дамыған мемлекеттің қатарына қосылуымен сипатталады.
Бүгінгі күні нарықтық экономикада барлық мемлекеттер нормативті және позитивті экономикада ажыратылады.
1 Нормативті экономика қандай болу керек деген дерекке негізделеді.
2 Позитивті экономика - мемлекет калай қалыптасты деген дерекке негізделеді. (аралас, дәстүрлі, нарықтық, әкімшілік, жоспарлық)
Нарықтың артықшылықтары:
а) өзгеретін жағдайларға тез бейімделуі және икемділігі
б) шешім қабылдаудағы өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы туелділік
в) шығынды азайтып, пайданы көбейту мақсатында техниканы оперативті турде қолдану
г) бірлескен түрде еңбек етуде ынталындырылмайды Нарықтың кемшіліктері
а) жұмыссыздықтың көбеюіне айып соғады
б) көптеген кәсіпорының банкрот болуына әкеледі
в) еңбекке кепілдеме бермейді
Нарықтың элементтері:
1 өндірушілер мен тұтынушылар;
бірі - өнім өндірісі, екіншісі -оны тұтынады. Өндіруші экономиканың басты 3 мәселені не? Қалай? Кім үшін? Деген мәселелерді, нарықтың сұранысы арқылы өзі шешіп отырады
2 сұраныс - тұгынушылардың белгілі бір тауарды таңдауы және сатып алу қабілеттілігі. Баға мен сұраныс кері қатынаста болады. Баға өскенде * сұраныс төмендейді * баға төменгенде * сұраныс өседі. Әр қашанда мынадай қатынаста болуы - сұраныс заңы деп аталады.
Ұсынысқа әсер ететін бірнеше факторлар бар:
1 ресурстардың бағасы, техниканың әсері
2 басқа тауарлардың бағасы
3 салықтар және датаушылар
Р - тауар бағасы
Q - тауарға сүраныс мөлшері
D - сұраныс қисығы
S - ұсыныс қисығы
Сурет 1. нарықтық тепе - теңдігі
Баға - құннық ақшалай көрінісі. Сұраныс пен ұсыныс негізінде баға қалыптасады (10. 94 б)
Бәсеке - сатушылардың өнім өткізу барысындағы бақталастығы
Қазақстан Республикасындағы нарық манадай қызметтерді атқарады: ақпаратты, делдалдық, баға құру, реттеу.
Нарықтың ақпаратты қызметі - өндірушілер мен тұтынушылар туралы, нарықтағы тауарларға сұраныс, ұсынылатын тауарлардың сапасы, көлемі туралы мәлімет береді.
Делдалдық қызметі - нарық делдал ретінде өндірушілер мен тұтынушыларды кездестіреді және келістіреді.
Баға құру - нарықтағы сұраныс пен ұсыныс негізінде баға қалыптасады. Нарықтағы белгілі бір тауарларға деген тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттындыратын тауарларды ұсыну барысында тауарлардың бағасы қойылады.
Реттеу қызметі - экономиканың 3 басты мәселесі қалай, кім үшін өндіру керек деген сұрақтарды нарықтың сұраныс және ұсыныс арқылы өзін - өзі стихиялы түрде реттеп отырады.
Нарықтың құрылымы дегеніміз - нарықтың ішкі жекелеген элементтерінің жиынтығы.
Сурет 2 Наръщтъщ цүрылымы
Нарықтың инфрақұрылымы - экономиканың жұмыс жасауына жағдай жасайтын элементтердің жиынтығы.
Нарық инфрақұрылымының элементтері: еңбек, тауар, қор, валюта биржалары, көтерме және бөлшек сауда орталықтары, делдалдык және маркетингтік қызмет көрсету, аудандық компаниялар, аукциондар, жәрмеңкелер, банктар, салық органдары, кедендік қызмет және т. б. Нарықты сегментеу, нарықтың негізгі түрлері қосалқы нарықтарға бөлінеді. Нарықты сегментеу тауарларға бірдей емес талаптар қоятын, осы тауарлардың тұтынушылардың жеке - жеке топтарға бөлу болып табылады.
Нарық сегменті - нарықтың бір бөлігі. Белгілі ортақ көрсеткіштер негізінде құрылатын тұтынушылар, өнімдер немесе кәсіпорындар тобы болып табылады. Сегментеу әр түрлі жолдармен әр түрлі факторларды қолдану арқылы жүргізіледі. Атап айтқанда:
1. Географиялық: бұл бірнеше түрді қарастырады:
а) аймақ бойынша - оңтүстік, солтүстік, орталық, шығыс, батыс
б) әкімшілік бөлім бойынша - республика, облыс, аудан, қала
в) тұрғындардың тығыздылығы бойынша - қала, ауыл, қала маңы
г) климаты бойынша - ыстық, суық, орташа Демография бойынша:
1 адамдардың жасына сәйкес топтау
2 жынысына қарай топтау
3 отбасы мүшелерінің санына қарай топтау
4 табыс дәрежесіне қарай
д) кәсіби құрамына сәйкес - ғылыми қызметкерлер, мемлекеттік кәсіпорындардың жұмысшылары, қызметкерлер, зейнеткерлер
е) білім дәрежесіне, діни көзқарастарына сәйкес
ж) ұлттық құрамына сәйкес топтау
2. Психографиялық :
а) халықтың әлеуметтік құрамына сәйкес топтау
б) табыстың дәрежесіне сәйкес
в) өмір салтына сәйкес; жастар және т. б
г) жеке басының қызметіне сәйкес
3. Мінез құлықтар: тауарларды тандауы бойынша
а) тауарларды кездей соқ сатып алады
б) сатып алуда пайда бағалылыгын көздейтін
в) сапалы заттар, төмен бағалы заттар алады
г) клиент болудың тұрақтылығы, өнімнің қажеттілігінің дәрежесі үнемі керек, анда - санда керек
д) өнімге эмоционалды қатысу: позитивті, негативті
II Тарау Қазақстан Республикасында нарық қатынастарының дамуы 2. 1 Қазақстан Республикасындағы нарықты тұрақтандыру мэселелері
Мемлекет пен нарықтың өзара қатынасы нарықтық қоғамда маңызды мәселелердің бірі, себебі бұл экономикалық жүйеде мемлекет ерекше қызметтерді атқарады. Шаруашылық байланыстарын мемлекеттің экономиканы реттеудегі ролін күшейтуге объективті жағдайлар жасайды. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесі ұзаққа сызылған эволюцияның жемісі, бұл істі жүзеге асыруда оны реттеудің экономикалық механизмдері өзгеріп отырды. Мемлекеттің экономиканы реттеу түрлері мен тәсілдерін жасауда дүниежүзілік экономикалық дағдарыстар, әсіресе 1928 -1933 жылғы «Ұлы депрессия» аталған әлемдік экономикалық дағдарыс ерекше роль атқарды. Бұл жағдайда мемлекет өзінің бірқатар қызметті алуға мәжбүр болды, сөйтіп нарықтық экономикаға мемлекеттің араласуының оңтайланған шекараларын іздеді.
Кез келген елдің экономикалық жүйесігдегі мемлекеттің ролі оның қызметтері арқылы байқалады. Экономикалық қызметтің түрлері өте көп, сондықтан оны топтап, негізгі блоктарға біріктіру қажет: Біріншіден, нарық жағдйында мемлекет мына қызметтерді өз мойнына алады: стратегиялық, экономикалық, құрылымдық, техникалық, әлеуметтік, демографиялық болжау мен жоспардауды. Экономиканы реттеудің тікелей және жанама қызметін де атқарады. Осы сталған нәрселердің барлығының қызметін тек қана мемлекет өткеруі мүмкін;
Екіншіден, мемлекет иығына мемлекеттік кәсіпкерлік қызметі жатады. Ол қоғамға қажет мемлекеттік кәсіпорын (қоғамдық пен шаруашылық есептегі) мен өндірісттік және әлеуметтік инфрақұрылымды жасайды. Олар: темір жол мен жалпы ұлттық шассе жолдары, көпір, каналдар, газ бен мұнай құбырлары, байланыс, аурухана, мектеп т. б объектілер;
Үшіншіден, нарықтық жүйе калыпты қызметін қамтамасыз ету. Сатып алушы мен кәсіпкер мүдделерін қорғау, стандарт қыметін құру, өнім сапасы мен салмағын өлшеу, бәсекені қолдай отырып, нарықтық экономикада монополизмнің болуына барынша күрес жүргізу, ол үшін белгілі құқықтық база жасалады. Мемлекет бұл жағдайда өзіне қоғамдық әрбір қызметін алғаны жөн;
Төртіншіден, мемлекет дағдарысқа қарсы саясатты жасау мен өткеру қызметін атқаруды бюджет саясатының көмегімен ұлттық табысты үлестіру арқылы жүргізеді. Тұрғындардың толық жұмыспен қамтамасыз етуін қолдап, экономиканы тұрақтандыру қызметін жүзеге асырады;
Бесіншіден, мемлекет тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстарын өзіне алады. Оларға: оқушылар, студенттер, зейнеткерлер, мүгедектер ден көп балалы отбасын жатқызамыз. Өскелен ұрпақты тәрбиелеуді де өз қызметі санайды. (10. 1646)
Нарықты реттеу тәсілдері - бұл мемлекет пен мекемелердің ұдайы өндіріс процесінде мақсаты бағыт беру әдісін айтамыз.
Демек, реттеуші субъектілеріне байланысты реттеу тәсілін шартты түрде былай классификациялаймыз: мемлекеттік және мемлекеттік емес, ол нарықтық тепе - теңдікке әсер ету әдісіне қарай - тікелей және жанама. Реттеудің тікелей тәсілі экономикалық процесстің өзіне және оның параметріне өктемділек әсер етумен байланысты.
Нарықты тікелей реттеу тәсіліне жиынтық сұраным төлем қабілеттілігінің қалыптасуы үшін жіне халық шаруашылығы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін орталықтан қолданатын әдістер жатады.
Реттеудің жанама тәсілі негізінен адрессіз болғанымен, бірақ барлық шаруашылық субъектілеріне міндетті болады.
Мемлекеттік реттеудің - ең маңызы инструментіне мыналар жатады:
1 Фискалдық саясат
2 Несие - ақша саясаты
3 Баға мен табысы реттеу саясаты
4 Әлеуметтік саясат
5 Сыртқы экономикалық саясат
6 Әкімшілік реттеу
7 Қысқа мерзімді реттеу
8 ¥зақ мерзімді реттеу
9 Аймақтық реттеу
Фискалдық саясат - ол мемлекеттік бюджетпен байланысты қаржыны реттеуді қамтиды. Ең алдымен оған мемлекеттік сатып алуды ұлғайту мен қысқарту, күрделі қаржы бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, бюджеттен жекелеген сала мен кәсіпорын (фирма) үшін дотация мен субсидиялар, салық шаралары жатады.
Несие - ақша саясаты - бұл тәсілде халык шаруашылығы мәселелерін шешуде ынталандырушы роль атқарады. Мемлекет нақты салапық және аймақтық мәселелерді шешу үшін арнайы мемлекет бағдарлама негізінде мақсаттық жеңіл несиелер береді. Ол арнайы бюджеттен тыс даму қорын қүруы мүмкін.
Баға мен табысы реттеу саясаты - фискалды және несие саясаты тәсілдері көбінесе баға мен табыстарды реттеуде тиімсіз құрал болып қалады. Сондықтан мемлекет көбірек тікелей құралға жүгінеді.
Әлеуметтік саясат өзіне табысты индексациялау, төменгі өмір сүру деңгейін бекітуді қоса отырып, қоғамдағы кедей топқа көмеккөрсету бағдарламасын жүзеге асыруға күш салады.
Сыртқы экономикалық реттеуге мыналар енді мемлекеттің сауда саясаты, валюталық курсты басқар, сыртқы сауда тарифтер жүйесі, квота, лицензия.
Әкімшілік реттеу - әр түрлі бақылау шараларын жүзеге асырады.
2. 2 Қазақстан Республикасындағы нарық қатынастарының қазіргі
жағдайы
Қазақстандағы нарықтың даму тарихы. Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды, оньщ ерекшеліктері неде деген сүрақтарға жауап берелік. Бұл сұраққа жауап беру оңай шаруа емес. Себебі, біздер әлі күнге дейін өз халқымыздың, жеріміздіқ тарихын білмейміз.
Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты - өндіріс құрал - жабдықтарына жеке меншік. Ал Қазақстандағы өндірісттік қатынастардың негізгі жерге феодалдық меншік болды. Ірі - ірі мал иелері жердің де аса рі меншіктенушілері болды. Көшпелі мал шаруашылығы жағдайында жер өндірістің шарты ғана емес, сонымен бірге оның негізгі құралы да болды.
Қазақстан қазір ел ішінде біртіндеп нарықтық экономиканы тудыруға бағытталған құрылымдық реформаның жаппай қамтитын бағдарламасын жүзеге асыруда. Алғашқыда бұрынғы Кеңес Одағы шеңберінде жүзеге асырыла бастаған Қазақстандағы экономикалық реформа процесі, 1991 жылы желтоқсанда тәуелсіздік жарияланғаннан кейін тіптен үдеп кетті. Тәуелсіздік жарияланған сәт пен қазіргі уақытқа дейінгі аралықтағы негізгі экономикалық уақиғалар: 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыру (либерализациялау), 1993 жылы қаңтарда кабылданған Конституцияда және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясында жекеменшілік құқықты мойындау, 1993 жылы сәуірде ұлттық жекешелендіру бағдарламасын жасау, 1993 жылы қарашада ұлттық валютаны енгізу; 1993 - 1994 ж. ж. дағдарысқа қарсы бағдарламаны жасау; 1994 - 1996 ж. ж қатаң ақша- несие саясатын жүргізу; индикативті жоспарлар дасау, 1997 жылы қазан айында Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасын қабылдау. Бұл бағдарлама экономиканы жан - жақты күшейтуді және сапалы жаңа межелерге алып шығуға қабілетті экономикалық тасқынды қамтамасыз етуді көздейді. «Егер біз стратегиямызды мүлтіксіз орындап, ынталы еңбек етсек, онда біз орталық азияның нағыз барысы бола аламыз және ұлт тұтастығына, әлеуметтік әділдікке және барша халықтың экономикалық жақсы тұрмысына сай тәуелсіз мемлекет ретінде - дамушьт елдер үшін үлгіге айналамыз» - делінген Президенттің халыққа Жолдауында. (10. 98 б)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz