Дәрістер тезисі



Жоспар

Кіріспе

1.тақырып. Экономикалық теорияның орны мен ролі, пәні және әдіс. тәсілдері
2.тақырып. Қоғам дамуының негізгі категориялары: қоғамдық өндіріс және экономикалық жүйе түрлері.
3.тақырып. Экономика дамуының негізгі үлгілері, меншік қатыастары мен экономикалық институттар.
4.тақырып. Қоғамдық шаруашылықтың түрлері. Тауар.ақша қатыастарының дамуы. Нарықтық шаруашылықтың негізгі сипаттамасы.
5.тақырып. Нарық заңдылықтарының негізгі сипаты. Сұраным мен ұсыным теориясының негіздері
6.тақырып. Өндіріс шығындары және фирма табысы
7.тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
8.тақырып. Кәсіпкерлік іс.әрекет және жеке шаруашылық принциптерінің негізі. Кәсіпорын капиталының ауыспалы айналымы.
9.тақырып. Макроэкономиканың қалыптасу заңдылықтары. Ұлттық экономика жүйе ретінде 10.тақырып. Экономикалық өсу және оның түрлері.
11.тақырып. Экономикалық цикл. Жұмыссыздық пен инфляция.
12.тақырып. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі фискалды және қаржы саясатын мемлекеттік реттеу.
13.тақырып. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мемлекеттің ақша.несие саясаты.
14.тақырып. Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаттарының заңдылықтары
15.тақырып. Халықаралық экономикалық қатынастар және сыртқы экономикалық іс.әрекет

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Дәрістер тезисі
Мазмұны

Кіріспе

1-тақырып. Экономикалық теорияның орны мен ролі, пәні және әдіс-
тәсілдері
2-тақырып. Қоғам дамуының негізгі категориялары: қоғамдық өндіріс және
экономикалық жүйе түрлері.
3-тақырып. Экономика дамуының негізгі үлгілері, меншік қатыастары мен
экономикалық институттар.
4-тақырып. Қоғамдық шаруашылықтың түрлері. Тауар-ақша қатыастарының дамуы.
Нарықтық шаруашылықтың негізгі сипаттамасы.
5-тақырып. Нарық заңдылықтарының негізгі сипаты. Сұраным мен ұсыным
теориясының негіздері
6-тақырып. Өндіріс шығындары және фирма табысы
7-тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
8-тақырып. Кәсіпкерлік іс-әрекет және жеке шаруашылық принциптерінің
негізі. Кәсіпорын капиталының ауыспалы айналымы.
9-тақырып. Макроэкономиканың қалыптасу заңдылықтары. Ұлттық экономика жүйе
ретінде 10-тақырып. Экономикалық өсу және оның түрлері.
11-тақырып. Экономикалық цикл. Жұмыссыздық пен инфляция.
12-тақырып. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі фискалды және қаржы
саясатын мемлекеттік реттеу.
13-тақырып. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мемлекеттің ақша-несие
саясаты.
14-тақырып. Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаттарының
заңдылықтары
15-тақырып. Халықаралық экономикалық қатынастар және сыртқы экономикалық іс-
әрекет

Кіріспе

Экономикалық теория барлық экономикалық салалардың базалық білімі болып
саналады. Қазіргі заманда экономикалық өзгерістер байлансты, нарықтық
экономика негіздері туралы білімдерге қажеттілік туады. Сондықтан,
Экономикалық теория негіздері курсы оқу маңызды болып саналады.
Экономикалық теория негіздері курсының мақсаты мен міндеттеріне-
студенттерге әр түрлі экономикалық жүйелердегі қоғамның әлеуметтік-
экономикалық даму заңдылықтары мен эволюциясы және шектеулі ресуратар
жағдайында адамның экономикалық қылығының принциптерімен себептері туралы
теориялық білім беру, сондай-ақ оларда экономикалық дүниетаным мен
мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік саясатты жүзеге асыруда азаматтық
бағытын ұстануды қалыптастыру Студенттердің білімдерін тестілік бақылау
формасын тексеру, есептеу шығару, логикалық жаттығулардың және әр түрлі
мәселелерді шешу, экономикалық негізгі түсініктер және категорияларға
арналған тренигтар өткізу. Бұл студенттердің ойлау процессін және
экономикалық теория пәніне деген қызығушылығын туғызады.
Экономикалық теория негіздерін оқитын студенттердің алған білімі мен
дағдылары келесілерді қамтуы тиіс:
Экономикалық мәселелерді ғылыми тұрғыда зерттеу кезінде жиналған негізгі
теорияық көзқарастарды меңгеру;
Экономикалық құбылыстардың мәнін жүйелі түсіну, әр түрлі экономикалық
жүйелердегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтарын білу;
Шектеулі ресурстар жағдайында нарықтың өзін өзі реттеу механизмдерін білу;
Экономиканы мемлекеттік реттеу принциптерін білу;
Қазақстан Республикасының ұлттық мүддесі мен ғаламдану жағдайында
әлеуметтік экономикалық дамуының стратегиялық басымдықтарын білу;
Ақпаратты жүйелеу және бақылай білу.
Бұл әдістемелік нұсқауды 14 тақырып 2 бөлімнен тұрады: Микроэкономика және
Макроэкономика. Әдістемелік нұсқауда берілген тестілік, тапсырмалар,
дискуссия тақырыптары студенттердің білімін семинарлық сабақтарда және
студент пен оқытушы арасындағы өзіндік жұмыста тексеру болып саналады.

1-тақырып. Экономикалық теорияның орны мен ролі, пәні және әдіс-
тәсілдері.

Экономикалық теория пәні.
Экономиканың зерттеу әдістері.
Экономикалық теорияның функциялары.

Мақсаты: Экономикалың теорияның пәнін, әдістерін, қызметтерін қарастыру,
оның Қазақстанда нарықтық жүйенің қалыптасуындағы және дамуындағы рөлін
көрсету.
1. Экономикалық теория пәнінің қалыптасуы мен дамуының тариғы.
2 Экономикалық құбылыстарды зерттеу әдістері. Позитивтi және нормативтi
экономикалық теория.
3 Экономикалық теорияның қызметтерi. Экономикалық теория мен экономикалық
саясат.
4. Қазақстанда нарықтық экономиканың дамуы жағдайында экономикалық
теорияның рөлi мен маңыздылығы

Негізгі түсініктер мен терминдер
Институционализм, Кейнсиандық мектеп, Классикалық саяси экономия,
Маржинализм, Меркантилизм, Неолассикалық теория , Физиократизм,
Экономикалық заңдылықтар, Экономикалық игіліктер, Экономикалық
қажеттіліктер, Экономикалық категориялар, Экономикалық теория
Экономикалық теорияны зерттеу әдістері.

Дәріс мәнмәтіні
Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағат-тандыру
үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану
арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым.
Экономикалық ойлау адамзат қағамының құрдасы болып табылады. Оның алғашқы
қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады.
Ең алғаш рет б.д.д. III- ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт
еңбектерінде экономикалық болмыс түсініктерінің бірнеше нұсқаулары дүниеге
келді. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуы мен
атқаратын қызметін зерттейді. Бірақ бұл ғалымдар экономикалық ілімді дербес
бір тұтас жүйеге айналдыра алмады. Экономика деген гректің сөзі, сөзбе сөз
аударғанда үй шаруашылығын жүргізудің өнері деген мағынаны білдіреді.
Қазір оның мазмұны айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Шаруашылық тек отбасы
төңірегінде емес, сондай ақ аймақ, ел, әлемдік шеңберде жүргізіліп,
басқарылатын болды және тек теориялық белгілеріне ғана емес, сондай ақ
өндірістік белгілеріне байланысты (фирма, кәсіпорын, сала) ұйымдастырылатын
болды.
Экономикалық теория дербес ғылым болып XVIXVII ғасырларда тауар – ақша
қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады.
Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.
Меркантилизм – Ең алғаш экономикалық ілім XVIXVII ғасырларда меркантилизм
мектебі болды (итальян сөзі мерканте - саудагерлер көпес, сауда, пайда).
Бүл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материялдық өндіріс
емес, тауар ақша қатынастарында болды.
Меркантелистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз
сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы дамыту
арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты байытуға
болады деді. Демек меркантелистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады.
Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл
ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков.
Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида
ең бірінші физократтар мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда
болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде
деп есептеді.
Физио - табиғат, кратос - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл
шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп
есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф.Кенэ, А.Тюрго,
Дюпон де Немур.
Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо,
Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың
құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен
реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді:
марксизм және маржинализм.
а) Марксизм – (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов). Зерттеудің
негізгі нысаны – капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К.Маркстың ашқан
басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму
заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен
экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі
табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік
рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды. К.Маркс қоғамды екі топқа
бөлу арқылы барлық экономикалық құбылыстар да талданды. Қосымша құнның
теория мағынасы өндірісте пролетариаттың қаналуы арқылы көрініс тапты.
б) Маржинализм – (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрос). Маржинализмнің басты
категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар.
Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы
бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті
көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Маржинализм экономико-
математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. Л.Вальрос математикалық
мектептін негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған,
оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау.
Неоклассикалық теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д.Кларк, А.Маршалл,
А.Пигу). Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың
субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік бірлесе өте жақсы
қызмет атқарған болар еді деп есептеді.
Кейнсиандық мектеп – ХХ ғасыр (Дж.Кейнс). Бұл ағымның капитализмді реттеу
теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің
араласуының қажеттілігін айқындады.
Институционализм – ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғы (Т.Веблен, У.Митчел,
М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гэлбрейт және т.б.). Экономикалық дамудың сипатын
құрайтын тек нарық емес, ол – экономикалық институттардың барлық жүйесі.
Бұл бағыт өкілдері қоғамның жоғары мұратының көрінісіне әлеуметтік
бағдарламаларды, индикативтік жоспарлау және басқа да экономикадағы
мемлекеттің араласу шараларды жатқызуы.
Экономикалық қажеттілік – адамдарды өз мұқтаждарын қанағаттандыру
мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы күш болып табылады.
Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейіне қарай жаңа қажеттіліктер туады.
Оның құрылымы, саны, сапасы, өзгеріп отырады. Қажеттіліктердің үздіксіз
өсуі адамдардың экономикалық эволюциясының көптеген деректерімен
дәлелденді. Әр бір 10 жыл сайын тұтыну тауарлары мен қызметтердің түрлері
екі есеге өсіп отырады. Мұндай экономикалық заңдылық қжеттіліктердің өсу
заңы деп аталады. Қажеттіліктердің түрлері:
Алғашқы (төменгі) - қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек
қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т.б жатады.
Екінші реттік (жоғарғы) қажеттіліктер. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттілік –
бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы, интелектуалдық деңгейіне
байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктерді альтернативті
(таңдау) қажеттіліктері деп те атайды. Мысалы: кітаптар, сәнді киімдер,
қымбат бұйымдар, сондай-ақ білімге мәдениетке қажеттіліктер.
Қанағаттандыру түріне қарай қажеттіліктерді жеке және ұжымдық деп бөлуге
болады.
Жеке қажеттіліктер – бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын
қажеттіліктер. Мысалы: киім, тамақ, мұздатқыш, машина т.б тауарлар сатып
алуы.
Ұжымдық қажеттіліктер - өмірде жеке бір адам қанағаттандыруға мүмкін
емес,көп шығын қажет ететін қажеттіліктер бар. Оларды көпшілік көмегімен
ұжымдық түрде қанағаттандырады. Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру
жөнінде шешімдерді басқару органдары қабылдайды.
Экономикалық игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы
нәрселер мен заттар. Олардың біреулері шексіз түрде болады. (Мысалы: ауа).
Оларды еркін игіліктер деп атайды, басқалары шектелген оларды экономикалық
игіліктер деп атайды.
Экономикалық игіліктер заттар (тауарлар) мен қызметтерден тұрады.
Қызметтердің заттай тауарлардан айырмашылығы:
1.Олардың өндірісі мен тұтынылуы бір мезгілде болады
2.Оларды мұраға қалдыруға болмайды.
3.Оларды сақтауға немесе жинақтауға болмайды.
Басқа ғылымдарға ұқсас экономикалық теория ғылыми танып-білудің әртүрлі
әдістерін қолданады. Экономикалық теорияның зерттеу әдістері келесі
кестеде көрсетілген.

1. кесте Экономикалық теорияның зерттеу әдістері

Жалпы әдістер Жеке әдістер
Ғылыми абстракция әдісі – зерттеліп отырған Экономико – математикалық
құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын модельдер әдісі,
дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді экстраполяция (болжау),
тауып көрсету процесі. баланстық, функциональдық
Талдау – зерттелінетін құбылыс өзінің құрамды және тағы басқа да
бөліктері мен жақтарына ажыратылады. әдістер.
Жинақтау – құрамды бөліктердің тұтас бір құбылыс
болып қалыптасуы.
Индукция – жеке фактілерден жалпы қорытынды
шығару.
Дедукция – жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке
көшу.
Эксперимент, гипотеза және т.б.

Зерттелінетін құбылыстардың маңыздылығы экономикалық заңдылықтар мен
категорияларға бағынышты.
Экономикалық заңдылықтар – бұл қоғамдағы көп кездесетін немесе қайталанып
жататын тұрақты іс-әрекеттер және олардың арасындағы қатынастардың
көрінісі. Экономикалық заңдарды төмендегідей заңдарға айырып қарауға
болады:
айрықша экономикалық заңдар. Бұл заңдар олардың іс-әрекет жасауына
жағдайдың сақталуындағы тарихи дәуірге тән.
ерекше экономикалық заңдар. Бұл белгілі бір шаруашылық түрлерінің нақты
тарихи дамуының заңдары.
жалпы экономикалық заңдар. Бұл заңдар барлық тарихи дәуірге тән, олар
барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесімді процесс етіп байланыстырады.
Экономикалық категориялар - адамдардың қоғамдық өндірістік қатынастарының
теориялық көрінісі (тауар, баға, пайда және т.б.).
Экономикалық теория талдау дәрежесіне қатысты екі бөлімнен құралады:
микроэкономика – жеке өндірушілердің қызмет-әрекеттерін, кәсіпкерлік
капитал мен бәсекелік ортаның қалыптастыру заңдылықтарын зерттейді. Бұнда
жеке тауарлардың бағасы, ресурстар, шығындар, пайда, фирманың қызмет атқару
механизмі, бағаның құрылуы және т.б. категориялар талданады.
макроэкономика – мемлекеттің жалпы экономикасы зерттелінеді, ұлттық
экономикалық жүйенің қызмет-әрекеттерін зерттейді, талдау объектісіне
жататындар: қоғамның жалпы табысы, жұмыссыздық, инфляция және т.б.
Экономикалық теория бірнеше қызметтер атқарады:
Танып - білу қызметі - қоғамдық экономикалық процестер мен құбы-лыстарды
терең, әрі жан-жақты зерттеп бөлуі және түсіндіруі тиіс.
Дүниетанымдылық көзқарас қызметі – экономикалық құбылыстардың сипаттамасына
тіршілік позиция құруына жағдай жасайды.
Ғылыми болжам қызметі - ғылыми болжам жасап және қоғамдық дамудың
болашағын айқындайды.
Практикалық қызметі – нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді
әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен
түсіндіреді.
Методологиялық қызметі – экономикалық теория барлық экономиканың ғылыми
жүйесі үшін методологиялық негіз болып табылады.

2 тақырып. Қоғам дамуының негізгі категориялары: қоғамдық өндіріс және
экономикалық жүйе түрлері.

1. Экономикалық ресурстар мен экономикалық факторлар.
2. Қоғамдық өндірістің құрылымы.
3. Өндіріс және ұдайы өндіріс.
4. Экономикалық жүйелер типтерінің жіктелуі.

Мақсаты: экономиканың негізгі түсініктерін, ұғымдарын жалпы түрде
қарастыру арқылы, оның әр түрлі жүйелерде қалай ұйымдастырылатыңдығын,
негізгі принциперін жан-жақты қарастыру болып табылады. Осы арқылы
эконмиканың ең түпкі мақсаты – адамдардың қажеттіліктерін толық
қанағаттандыру үшін, шектеулі ресурстарды тиімді пайдаланудың
мүмкіндіктеріне қалай жетуге болатындығын көрсету.

Негізгі түсініктер мен терминдер

Айырбас; Альтернатива, Бөлу, Интенсивті өндіріс, Материалдық емес өндіріс,
Материалдық өндіріс, Өндіріс, Өндіріс факторлары, Ресурс, Таңдау, Тұтыну,
Экстенсивті өндіріс Аралас экономика, Ашық экономика, Ғылыми-техникалық
прогресс, Дәстүрлі жүйе, Жабық экономика, Индустриалдық жүйе, Әкімшілік-
әміршілік экономика, Нарықтық экономика, Экономикалық жүйе, Экономикалық
реформа, Экономикалық үлгілер

Дәріс мәнмәтіні.
Адамзаттың және қоғамның үстемелі дамуының материалдық негізі – ол
өндіріс. Қоғамдық өнімнің төрт сатыдағы қозғалысы қоғамдық өндірісті
құрайды.
Өндіріс – материалдық игіліктерді пайдалы өнімді өндіру процесі.
Бөлу - әрбір адамның өндірілген өнімділігі үлесін анықтау.
Айырбас – белгілі бір өнімді басқа өнімге айырбастау процесі.
Тұтыну - өндірілген өнімді қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайдалану.
Тарихи дамудың қандай сатысында болмасын, адамзат қоғамында, адамдар өмір
сүру үшін қажет тамақ, киім, тұрған үй және басқа материалдық игіліктер
болуы керек. Адамдардың өмір сүруіне қажет заттар өндірілуге тиісті. Бұлар
өндіріс процесінде жасалады.
Өндіріс - бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау
мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің дамуы
ұзақ мерзімді қамтиды жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық
жүйелер, өзгерістерге икемді кешендер, есептеу машиналар өндірісіне дайын.
Қандай жүйеде болмасын өндіріс қоғамының табиғатпен қатынасы, байланысы
болып табылады. Осы қатынастар өндірістік ресурстар арқылы білінеді.
Экономикалық теорияда ресурс деген түсінік өндірістің әр түрлі
элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани
игіліктер мен қызметтер жасауға қолдануы мүмкін
Табиғи ресурстар – дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық
шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын
қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су
ресурстары, пайдалы қазбалар.
Материалдық ресурстар - дегеніміз өздері өндірістің (еңбек құралдары және
заттары) нәтижесі болып табылатын, құрал – жабдықтардың барлығы жатады.
Қоғамның қандайында болмасын табиғи, материалдық және еңбек ресурстары тән
және қажет болып табылады. Нарық экономикасында бұлардың қатарына қаржы
ресурстары қосылады. Осыған адамның өндіргіш күштерін бағыттау қажет.
Өндіргіш күштер - бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет
етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы мүмкін
емес. Сондықтан өндіру және тұтыну үшін қолданылатын табиғат күштері,
адамның өндіргіш күштер болып табылады. Өндіргіш күштердің ішкі құрылымы
болады. Олардың ішінен алдымен өндіріс құралдарын және жұмысшы күшін бөліп
атап айту қажет.
Өндіріс құралдары екі бөлшектен құралады:
Еңбек заттары – ол адамның еңбегіне бағытталған зат.
Еңбек құралдары – ол адамның еңбек затына ықпалын жүргізетін құрал.
Тұтыну тауарларын жасау үшін инвестициялық игіліктер немесе экономикалық
қорлар қажет. Экономикалық ресурстар – экономикалық игіліктерді өндіру үшін
пайдаланылатын элементтер, бұнда өндіріс факторы табиғаттан пайда болады
және оны адам өндіреді. Өндіріс ресурстары бұл шаруашылық әрекетте
қолданылатын өндірістің әртүрлі құралдарының жиынтығы. Ресурстарға
жататындар: табиғи ресурстар, адам ресурстары, қаржылық, ақпараттық және
т.б. Осы замандағы индустриалдық нарықтық экономика ақпарат ресурстарсыз
болмайды, бұлар ғылыми-техникалық революция кезеңінде өте маңызды рөл
атқарады.
Қазіргі кезде өндіріс факторлары ретінде ақпарат үлкен рөль атқарады.
Ақпарат бұл сақтау өндеу және жеткізу объектісі болып табылатын мәліметтер.
Экономикалық тұрғыдан алғанда ақпарат бұл экономикалық процеске
қатысушылардың баға, тауармен қызмет туралы толық мағұмылаттардың болуы.
Қазіргі кезде экономикалық теорияда төрт өндірістік факторлар көрсетіледі:
жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет.
1. Өндірістік факторлар ретінде жер екі жағынан қаралады:
жер беті ретінде
экономикалық мақсатта пайдалануға қажетті табиғи игілік ретінде
Егер қажетті миниралды және органикалық тынайтқыштарды әсіресе жаңа
технологияны қолдаса жердің құнарлығы сақталып қана қоймайды одан сайын
жақсаруы мүмкін. Адам саны артқан сайын адам басына шаққандағы жер көлемі
жылдан жылға қысқаруда.
Капитал:
Өндіріс факторы ретінде және қаржы ретінде пайдалануға болады.
Өндіріс факторы ретінде капитал өндіріс құралдарын сипаттайды. Мұнда ұзақ
уақыт пайдаланылатын өндіріс құралдары (машина, құралдар) жер қысқа мерзім
пайдаланылатын өндіріс құралдары (шикізат, энергия қуаты, жол байланыс
қызметі).
Нақты капитал пайда болу үшін өндіріс құралдарын сатып алуға қаржы қажет.
Осы қаржы ақша капиталы болып табылады. Өндіріс құралдарын сатып алуға
капиталдың жұмсалуы қаржыландыру, ал ақша капиталын нақты капиталға
айналдыру- инвестициялау деп аталады.
3. Еңбекті де екі жақты түсіндіруге болады:
адамның ойлау қабілетімен қимылдау қабілеті.
өндіріс процесінде пайдалануға болатын қоғамдағы барлық еңбек ресурстары.
Еңбек қызмет ретінде қарағанда оны басым ойлау қабілетті қажеттілік немесе
интелектуалды және басым қимылдау қабілетін қажет ететін деп бөледі. Білім
деңгейіне қарай:
көп дайындықты қажет ететін еңбек,
көп дайындықты қажет етпейтін еңбек,
ешқандай дайындықты қажет етпейтін еңбекдеп бөлінеді.
4. Соңғы жылдары көптеген елдердің экономистер өндіріс факторына
кәсіпкерлік қаблетті де жатқызды. Кәсіпкерлік қабілет - бұл барлық өндірісі
факторларын тиімді пайдалануға қабілеті бар адам ресурстарының ерекшк түрі.
Оған мынадай қасиеттер тән болуға тиіс.
1). Өндіріс факторларын дұрыс үйлестіру мен келістіру үшін оның білім
деңгейі жоғары болуы керек.
2). Дұрыс шешімдер қабылдай білуі керек.
3). Жаңамалдыққа ұмтыла білуі керек.
4). Тәуекелшіл болуы тиіс.
Қазіргі қоғамдық өндіріс құрылымын материалдық және материалдық емес
өндіріс деп бөлуге болады. Адам қоғамының даму негізі - материалдық өндіріс
болып табылады. Материалдық өндіріс саласы өмір сүру, жұмыс істеу үшін
қажетті игіліктерді өндіреді. Материалдық емес өндіріске ерекше материалдық
емес (рухани құндылықтар) игіліктер өндіру, қызмет көрсету саласы жатады.
2 кесте.

1 Қоғамдық өндірістің құрылымы

Материалдық өндіріс Материалдық емес өндіріс
Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, Денсаулық сақтау, білім беру,
материалдық-техникалық жабдықтау, көлік, байланыс, мәдениет, несиелік
сауда, қоғамдық тамақ саласы, мекемелер, қоғамдық мекемелер,
құрылыс, су шаруашылығы және т.б. басқару органдары.

Өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруы қажет. Өндіріс процесінің тұрақты
қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды.
Ұдайы өндірістің типтері

жай өндіріс
ұлғаймалы өндіріс.

Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз
өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене
үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз.
Нақты өмірде адамдар алтернативті (баламалы) шығындармен кездеседі. Егер
ресурстар бір нәрсеге жұмсалуы мүмкін емес. Бұдан қортынды жасасақ
ресурстарды пайдалану - бұл кейбір мүмкіндіктердін жоғалту, яғни қорларды
бір мақсатта пайдалансақ, оларды басқа мақсатта пайдалану мүмкін емес. Бұл
жоғалған мүмкіндіктерді өлшеп бағалануға болады. Баламалы шығындарды
өндірістік мүмкіндіктер сызбасы арқылы бейнелеуге болады.
Барлық жүйелер қоғамдық өндірістің негізін құрайтын 5 мәселені шешу
әдістеріне қарай анықталады.
Не өндіру керек? Қандай қызмет көрсету қажет.
Қанша өндіру керек? Қанша қызмет көрсету керек?
Қалай өндіру керек? (қандай технология керек?)
Кім үшін өндіру керек?
Өзгерген жағдайларға бейімделе алама? (яғни кәсіпкерлердің еркіндігі).
Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан
мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады.
Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау
болады.
Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде
жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.
Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне
экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта
қолданылады.
Меншік қатынастарының формалары бойынша:
Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша
қатынастар қалыптасады.
Әкімшілік - әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық
ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік
меншіктің үстемділігі жүргізіледі.
Нарықтық экономика - меншікке, бәсекеге негізделеді.
Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы
экономиканы реттеу жүзеге асады.
Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:
Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.
Өндірістің дамуы мен әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде.
Техникалық прогресс шектеулі.
Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде
артып отырады.
Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.
Мемлекет пен қарулы күштердің ролі өте жоғары.
Әкімшілік - әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:
Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бұрынғы советтер одағы шығыс Европа елдері мен
бірқатар мемлекеттер жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық экономикалық
ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік
меншіктін болуы.
Экономиканың жоғарыдан басқарылуы, яғни экономиканың монополиялануы мен
әкімшілік түрде ұйымдастырылуы, халық шаруашылығының орталықтан
жоспарлануы.
Ерекшеліктерін нақты төмендегідей бөлуге болады.
Өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік.
Экономикада орталықтанған жоспарлау.
Өндірушілердің монополист ретінде көрінуі.
Орталықталынған ресурстар қоры.
Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталығының
болмауы.
Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
Таза нарықтық экономика жүйесі – таза нарықтық экономика жағдайында
шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге
қарағанда нарықты экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі және
сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп
отырады.
Алайда таза нарықтық жүйеде мемлекеттін ролі шектеледі. Кейбір әлеуметтік
маңызы бар мәселелер толық шешемін таба алмайды.
Нарықты экономиқаға тән қасиеттер:
Өндірістік өнімдер мен ресурстарға жеке меншіктін болуы.
Халық шаруашылығын (экономиканы) еркін бәсекеге негізделген
нарықтық механизм арқылы реттеу мен басқару.
Қоғамда өз өнімдерін еркін сата алатын дербес өндірушілер мен өнімдерді
таңдау арқылы еркін сатып ала алатын тутынушылардың болуы.
Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:
Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану дұрыс
деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі:
Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады.
Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық
механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеу мен толықтырылады.
Сондықтан нарықты экономика жағдайында мемлекеттін ұлттық және салалық
бағдарламаларынан бас тартуға болмайды.
Экономикасы дамыған елдер осы уақытқа дейін дәстүрлі экономика жүйесі
сақтануда. Дәстүрлі экономика артта қалған технологияға қол еңбегіне және
ұлттық шаруашылықтың әртүрлілігіне негізделген. Кейбір елде қауымдық
шаруашылық пен натуралды өндіріске негізделген натуралды қауымдық жүйе
түрі сақталуда.
Нарықтық экономикаға өтудің Қазақстан республикасындағы басты міндеттері
мыналар:
Мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру.
Қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік жігінің қалыптасуы (еңбекке
қабілетті тұрғындардың жалпы санының 10-15% қамту).
Нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуы, басты нәрсе – тауар мен қор биржасы
және басқа да әртүрлі нарықтық құрылуы.
Бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен экономиканы
монополиясыздандыру.
Бағаны либерализациялау, сұраныс пен ұсыныс негізінде нарықтық сипаттағы
бағаға көшу.
Экономиканың қаржылық тұрақтануы.
Өтпелі кезеңде тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесін мықты қамтамасыз ету.

3 тақырып. Экономика дамуының негізгі үлгілері, меншік қатынастары мен
экономикалық институттар.

Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.
Меншік объектілері мен субьектілері.
Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру:
кезеңдері, формалары, әдістері мен мәселелері.

Мақсаты: Меншік институты ұғымын жан-жақты қарастыру, әсіресе жеке
меншікті талдауға басты назар салу арқылы, оның нарықтық жүйедегі рөлін
көрсету. Экономикалық жүйені және оның түрлерін қарастыру арқылы
экономикалық дамудың қазіргі үлгілерін түсіндіру, әсіресе Қазақстандағы
қалыптасқан нарықтық жүйенің ерекшеліктерін көрсету.

Негізгі түсініктер мен терминдер

Жекешелендіру, Иемдену, Меншік , Меншік объектілері, Меншік субъектілері,
Меншікті мемлекет иелігінен алу, Қоғамдастыру,Өндірістің материалдық және
жеке факторының бірігу тәсілі, Табысты бөлу әдістері, Оноре тізімі, Иемдену
құқығы, Пайдалану құқығы, Басқару құқығы

Дәріс мән-мәтіні.
Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне
жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарын
және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын
қоғамдық қатынастар.
Меншік ќатынастарын д±рыс т‰сіну ‰шін, оны иемдену ќатынастарымен салыстыру
ќажет. Иемдену – затты мењгеріп алудыњ наќты ќоѓамдыќ єдісі. Иемдену осы
берілген меншіктіњ жєне оныњ наќты т‰рлерініњ негізі, тамырлы белгісін
ќ±райды. Меншік жєне иемдену деген т‰сініктерді ажыратып, єрќайсы жеке
танып білу ќажет: б±лардыњ жеке ±ѓымдар жєне экономикалыќ ќатынастар
ж‰йесінде µздерініњ жеке орындары болады.
Иемдену – шаруашылыќ µмірдіњ ж‰йесімен сєйкестікте болады жєне сонымен
бірге дамиды. Алѓашќы заманда адамдар кµбінесе табиѓат сыйларын жинап, ањ
мен балыќ аулап иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылыќ ќалыптасады –
иемденуші (табиѓаттыњ дайын сыйларымен айналысатын) жєне µндіруші
шаруашылыќтар.
Меншік ол зат емес, меншік – заттарға байланысты адамдар арасындағы
қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы.
Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:
Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану.
Жатсындыру – меншік объектісін иеліктен шығару
Жекелендіру - әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар
өндірісіне жекеленеді.
Қоғамдастыру – еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.
Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.
Табысты бөлу әдістері.
Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқық
нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында
қалай иемделінетіні және бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке
меншік құқықтың мынадай түрлерінде даму алады. (Оноре тізімі бойынша):
Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш қуаттылық)
бақылау құқығы.
Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.
Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қалай қамтамасыз етуді
шешу құқығы.
Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.
Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып
жіберу құқығы.
Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау
құқығы.
Игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы
Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.
Сыртқы ортаға зияны келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салау құқығы.
Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп
алу құқығы
Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына кеттіруді қамтамасыз
ететін институттардың әрекет ету құқығы.
Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің әр түрлі типтері белгілі. Ерте
дүниенің өзінде ұжымдық, жеке еңбектік және мемлекеттік меншік түрлері
қалыптаса бастады. Олардың ең бастылары: жеке және мемлекеттік меншік болып
саналады.

Жеке меншіктің дамуы XIX – ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге
асты. Жеке меншіктің дамуы еркін бәсекенің дамуына, кәсіпкерлердің
тиімділігін көтеруге, тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға
итермелейді.

Нарықтық экономикаға көшу меншік қатынастарын өзгертугі талап етеді.
Меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру нарыққа көшу барысындағы
өте күрделі, маңызды мәселе. Орталықтандырылған мемлекеттік экономиканы
аралас экономикаға көшіру мәселесі мемлекеттік тікелей басқарудан құтылып,
бәсекені дамытуды қарастырады.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру – бұл нарыққа бет алған
шаруашылық құралдарын дамуына қажет жағдайларды қамтамасыз етуді, тиімді
және жауапты меншік иелерін қалыптастыруды, нақты бәсеке ортаны
қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекет иелігінен алу мен
жекешелендірудің формалары әр қилы.

Жекешелендірудің тәсілдері
1. Аукционда байқау 2. Кәсіпорын 3. Жалға берілген
бойынша сату және капита-лының үлесін кәсіпорынның мүлкін
сатып алу. сату (акцияларды) сатып алу.

Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі
Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына
сәйкес жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізіледі.
Кіші жекешелендіру – еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.
Жаппай жекешелендіру – орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және
халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді.
Жеке жобалық жекешелендіру – ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше
маңызды кәсіпорындары.
Қазақстан республикасындағы жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу
процесін 4 кезеңге бөлуге болады:
1991-1992 ж.ж.- мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде нарықтық
экономикаға көшуге жағдай жасау үшін жүргізілді. Бұл кезде мемлекеттік
меншікті мемлекет иелігінен алу жекешелендіру жүзеге асырыла бастады.
Негізгі мақсат өндірістік қатынастардың жаңа түрін қалыптастыру, меншік
иелерінің жаңа тобын құру. Мемлекеттік меншікті азаматтарға бағалы қағаз
түрінде мүлкін бөліп беруді көздеді. Бұл кезде ашық аукциондар мен
конкурстар арқылы шағын, орта кәсіпорындар жекешелендірді.
1993-1995 ж.ж. – мемлекет иелігіндегі мүлікті халыққа қайтару арқылы
нарыққа көшу жағдайын жасауы. Бұл кезеңде шағын және жаппай жекешелендіру
жүргізілді. Мұндағы негізгі мақсат нарықтық экономикаға өту жағдайын
қалыптастыру, мемлекет иелігінен алу барысында әлеуметтік әділеттілікті
сақтауға, жекешелендірудің тәртіппен, мемлекеттің бақылаумен жузеге асуын
қамтамасыз ету. Жекешелендірудің әртүрлі бағыт бөлімінде халықтың меншік
деген құқығы инвестиция тарту, оның ішінде шетелдік инвестицияларды
мүмкіндігі жүзеге асуына жағдай жасалды.
1996-1998 ж.ж. экономикадағы жеке сектордың басымдылығымен қатар
мемлекеттің халыққа мүлікті қайтаруының аяқталуы. Бұл кезеңде басты мақсат
жекешелендіру саясатын аяқтау, экономикадағы жеке меншік үлесін арттыруы
және тұрақтандыру, осыған байланысты жаппай жекешелендірумен бірге
жекелеген жобалар бойынша жекешелендіру жүргізілді.
1999-2000 ж.ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық
негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру. Мемлекеттік үлеске
қатысы бар кәсіпорындар белгіленді.
Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің
негізгі мақсаты мынада:
шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын
қалыптастыру;
бәсекелестік ортаны қалыптастыру арқылы, өндірісті монополиясыздандыруды
қамтамасыз ету;
шағын және орта бизнесты дамыту;
жеке бизнес басымырақ ұйымдық шаруашылық құрылымды қалыптастыру;
бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым жүйесін
дамыту және нығайту.

4 тақырып. Қоғамдық шаруашылықтың түрлері. Тауар-ақша қатынастарының дамуы.
Нарықтық шаруашылықтың негізгі сипаттамасы.

Шаруашылық жүргізудің тәсілдері: натуралдық және тауарлық.
Тауарлы шаруашылықтың мәні.
Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері.
4. Нарықтық шаруашылықтың негізгі сипаттамасы

Мақсаты: Натуралды және тауарлы шаруашылықтың мәнін, ақшаның пайда болуы
тарихы мен атқаратын қызметтері туралы түсінік қалыптастыру. Нарықты
экономика туралы жалпы түсінікті қалыптастыру, оның негізгі құрылымдарын,
институттарын қарастыру және құнның (бағалылықтың) еңбектік және шекті
пайдалылық теорияларын қарастыру, осы аталған түсініктерді кейінгі
тақырыптарды оқығанда қажеттігін түсіндіру.

Негізгі түсініктер мен терминдер
Айырбас құны, Ақша, Құн заңы, Натуралды шаруашылық, Тауар, Тауарлы
шаруашылық, Тұтыну құны, Құн заңы

Дәріс мәнмәтіні.

Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндіріс екі түрлі формаға
бөлінеді: натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық. Натуралды және
тауарлы шаруашылық төмендегі келтірілген ерекшеліктермен сипатталады:

2. кесте
Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы

Натуралды шаруашылық Тауарлы шаруашылық
1. Экономикалық қатынастар тұйық 1.Экономикалық қатынастар ашық
жүйелі түрде болады. жүйелі түрде болады.
2. Еңбек бөлінісі дамыған негізінде 2. Еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы
қолмен жасалатын еңбектің түрі. мамандарылған еңбек.
3. Өндіріс пен тұтынудың арасында 3. Өндіріс пен тұтынудың арасындағы
тікелей экономикалық байланыста жанама экономикалық байланыс.
болады. Өндірілген өнім айырбасқа Өндірілген өнім нарықта айырбасқа
қатыспай-ақ тікелей тұтынылады. сатуға түсіп, кейін тұтынылады.

Бұл қоғамдық өндірістің екі түріне қысқаша төмендегідей сипаттама беруге
болады.

Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі
болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының
қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік
береді. Яғни натуралды дегеніміз – адамдар өнімді айырбасқа нарыққа
шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін
өндірілетін шаруашылықты айтамыз. Олардың негізгі белгілірі мыналар:

өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым;
өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан- жылға бірдей
көлемде өндіріледі.
Алайда өндірдік- тұтындық- приципі бойынша өмір сүру мүмкін емес екендігі
кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің әлемдік
рыноктан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді, сондықтан
экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес.
Осыдан кейін тауарлы шаруашылық қалыптасты. Мұның мәні мынада: Тауарлы деп-
өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы
байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады.
Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты: нақты бір өнім
шығарушыға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі,
яғни тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі.
жеке меншіктің болуы;
тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы.

Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары
арқылы өндірушілердің бір - бірінен оқшаулануы. Ол жеке меншік алғашқы
қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көтерді. Белгілері: Тауарлы
өндірістің даму сипаты айырбаспен нарықтың дамуына байланысты.
жеке меншіктің пайда болуы;
тұтынушылар өз қажетін қанағаттандыра алу қабылеттілігі;
еркін кәсіпкерлікпен айналысуға жол ашылды;
қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, нарық арқылы
сатуға арналды;
экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталады.
Тауар – сатуға немесе айырбасқа түсетін өнім. К.Марстың ойынша, тауардың
екі қасиеті бар:

адамның сұранысын қанағаттандыру, яғни тұтыну құны;
басқа затқа айырбастау мүмкіндігі, яғни айырбас құны (өз құны).
Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін
қанағаттандыру қасиеті.

Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу
қабілеттілігі. Тауардың мұндай қасиеттері оны өндіруге жұмсалған еңбектің
екі жақты сипатына байланысты:

Бірінші жағынан, еңбектің нақты түрі белгілі бір тұтыну құнын өндірумен
сипатталады. Яғни, нақты еңбек арнайы еңбек құралдарын пайдаланумен,
жұмыскердің мамандығымен, одан қалды нақты нәтижесімен көрінеді. Сондықтан
тұтыну құнын жасайтын еңбекті нақты еңбек деп атайды. Адамның жұмыс күші
шығындары тұрғысында барлық еңбек біркелкі және оның нақты түріне тәуелсіз.
Мұндай еңбек абстрактылы еңбек. Нақты және абстрактылы еңбек – бұл тауарды
жасайтын бір еңбектің екі жағы.

Құн заңы - өндірушілер арасындағы байланыстарды, сондай-ақ қоғамдық
еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттеп отырған экономикалық заң. Бұл заңның
мағынасы: тауар өндіру мен айырбастау оның қоғамдық қажетті шығындарымен
(ҚҚЕШ) өлшенеді.

Құн заңы нарықта баға заңы ретінде көрінеді, немесе баға – құн заңының
көрінісі. Бағаның өзгеруі құн заңының өндіріс салалары арасында өндірістік
ресурстарды қайта бөлу қызметін атқаратынын көрсетеді.

Қандай бір қоғамда болсын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар
айналымынан туындайды. Көптеген тауарлар массасынан белгілі бір немесе
бірнеше тауарлар айырбас кезінде делдалдық қызмет атқару мақсатымен бөлініп
шығады. Мұндай тауарлар ұлу қабыршығы, аң терісі, мал мен алтын, тағы
басқа да көптеген басқа тауарлар болуы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе бұл
құнның жалпыға ортақ формасының пайда болуына әкелді. Кез келген басқа
тауарларға тікелей айырбастауға қабілеті бар тауар жалпылама эквивалент
деген ат алды. Сонымен, бұл қызметті барлық жерде дерлік үнемі күміс пен
алтын атқаратын болды. Ақша айналыс құрамында шақа формасы ретінде көрініс
алады.

Монетаның отаны ретіндегі Лидия мемлекеті болып есептеледі. Онда монета
алғашқы рет б.д.д. VII-ші ғасырда шыққан. Ал монета термині Юнон–Монета
храмы атымен байланысты шыққан, себебі Ертедегі Римде алғашқы монета сарайы
сонда болған.

Ақша дамуының өзі айырбаста асыл металдардан жасалған шақаның болуымен
тоқталған жоқ. Бұл дамудың келесі қадамы – қағаз ақшаның, содан кейін
несиелік ақшаның пайда болуы. Қағаз ақша ХІІ ғасырда тұңғыш рет Қытайда
басылып шықты. Қағаз ақшаның кең көлемде таралуы ХҮІІІ ғасырдан басталады.
1761 жылдан бастап Швециядағы ірі банк өзінің банкнот деп аталатын қағаз
ақшаларын шығара бастады.

Тауар айырбасының дамуына байланысты ақша теориясы дүниеге келді.
Қоғамның құрылуының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқтық сипатта болды,
яғни бір тауар екінші тауарға еркін айырбасталды. Осылай бірте- бірте
айырбас мөлшері қалыптасты. Екі тауарды айыртастауда бір тауардың құны
екінші тауардың құнына теңестірілді.

Өндіріспен еңбек бөлінісі дамыған сайын рынок көптеген тауарларға тола
басталды. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен
салыстыруға мүмкіндік туды. Айырбастың ұзақ тарихи дамуының нәтижесінде
арнайы тауар пайда болды: ол ақшалық тауар. Ақша- бұл жалпы эквивалент
рөлін атқаратын ерекше тауар. Бірнеше жүз жылдар бұрын көптеген халықта
ақшаның рөлін мүйізді ірі қара мал атқарды. Біртіндеп жалпы эквивалент
рөлін алтын атқарды. Оған оның мынадай қасиеттері әсер етті:

Сапалық, біртектілік.
Сандық бөлінуі.
Қолайлылығы. Алтынның аз мөлшеріне көп жұмыс күш кетеді.
Сақталуы.
Әдеттегі тауар ретінде алтын- тұтыну құнына және құнға ие.Алтыннан тұтыну
құны өнеркәсіпте әшекейлі заттар, алтын жалату үшін қолданылады және т.б.
Алтынның құны- еңбек құн теориясына сәйкес айтылды өндіруге кеткен қоғамдық
қажетті еңбекпен анықталады. Алтын құнының ақшалық материал ретіндегі
ерекшелігін тікелей жалпы айырбастау формасына ие болуынан көрінеді.

Ақшаның осы заманғы концепциясы (XVII-XVIII) ғасырларда пайда болған
теориялардан туындайды: яғни

металдық
номиналдық
сандық теорияларна байланысты болады.
Ақшаның металдық теориясы- капиталдың қорлану кезеңінде пайда болды, яғни
ақшаның рөлін алтын мен күміске теңестірді және қазына ретінде, әлемдік
ақша ретінде таныды. Оның негізгі өкілдері меркантелистер мектебінің
өкілі. Томас Мэн мемлекеттің монетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаны
әлеуметтік қатынастар емес, зат ретінде қарастырды.

Ақшаның номиналды теориясының - негізгі ерекшелігі мынадай деді- ақша
тауар өнімі емес, олар шартты белгі ғана болып табылады және бағалылығын
мемлекет бекітеді. Сондықтан белгісінің алтынмен ешқандай байланысы жоқ.
Бұл теорияның негізін қалаушы ағылшын экономисті Кейнс және американ
экономисті Пол Самуэльсон. Ақшаның сандық теориясының-негізін қалаушылыр
ағылшын экономисті Дж. Локк пен Д. Рикардо. Олар ақшаның құндық негізін
қорғады. Яғни ақша бірлігінің құны мен тауар бағаларының деңгейі
айналыстағы ақшаның мөлшерімен байланысты анықталады деді.

Ең алғаш- қағаз ақша XII ғасырда- ақ Қытайда, Ресейде Екатерина II-ң
кезінде 1769 жылы пайда болды.

Қандай бір қоғамда болмасын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар
айналымынан туындайды. Ақша бұл жылпылама эквиваленттік рөл атқаратын
ерекше тауар. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді. Ақшаға
бірнеше қасиеттер тән:
Біртектілігі және сапалылығы (жасанды ақша жасау өте қиынға соғады).
Пайдалануға өте ыңғайлы
Мүлтіксіз сақталынуы
Оның қандай да бір болсын пропорцияда бөліне алатын ерекшелігі.

Ақшаның атқаратын қызметтері.
Құн өлшемі – бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен тұрады.
Кез келген тауардың түрін ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап
ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға
сұраным мен ұсынымға байланысты құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз
құнына да сұраныс пен ұсынысқа да тәуелді.
Айналым құралы – осы қызметті ақша қолма- қол түрінде атқарады, себебі олар
нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды ешкім сатқысы келмейді
егер оның, айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналымдағы
алтынды алмастыра отырып, ақша белгілері атқарады. Егер айналым шығындары
өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және де алтынның қоры шашыраса алтын
айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша,
резервтік қор ретінде қажет
Төлем құралы – бұл қызметті тауарды ақшаға (несиеге төлемді ұзарта отырып)
сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақылы,
деведендті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады. Несие
қатынастарының дамуына байланысты жаңа айналым құралы пайда болды: вексель,
банкнот, төлем тапсырмасы, чек, пластикалық карточка, электрондық ақша.
Несие ақшалардың болуы қолма-қол ақшаларды қатыстырмай-ақ қарызды жабудың
өзара есептеу мүмкіндігін қарастырады.
Қорлану несиеге қазына жинау құралы. Ақша айналысын тоқтатады және
жиналады. Сөйтіп станок, машина, жабдықтарды немесе ұзақ мерзімге
пайдаланылатын (теледидар, тоңазытқыш т.б.) тауарларды сатып алу үшін
қорланады. Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушілердің
белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, өзін нарық
кездейсоқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу
үшін маңызды.
Әлемдік ақша – бұл ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты
валюта болып табылады.
Әлемдік нарықта ақшаның айналым құралы емес, төлем құралының рөлі бірінші
орында болады.

5 тақырып Нарық заңдылықтарының негізгі сипаты. Сұраным мен ұсыным
теориясының негіздері

Нарықтың негізгі сипаты
Сұраныс заңы. Сұраныстың қисығы
Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы
Икемділік түсінігі.

Мақсаты: Нарықтың жетілген бәсеке және жетілмеген бәсеке жағдайындағы
қызмет ету ерекшеліктерін қарастыру арқылы, олардың негізгі тетіктерінің
қалай қызмет атқаратының көрсету, айырмашылықтарына талдау жасау. Осы
мақсатқа жету үшін мына сұрақтарға жауап іздеу керек:
1. Жеке нарықты микроэкономикалық талдауының ерекшеліктері. Жетілген
бәсеке, оның шарттары. Жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымның
негізгі түрлері.
2. Сұраныс: анықтамасы, қисығы, заңы, икемдiлiгi. Ұсыныс: анықтамасы,
қисығы, заңы, икемдiлiгi. Жеке нарықтық тепе-теңдiк пен теңестірілген
нарықтық баға.
3. Монополия және монополистiк бәсеке. Олигополия. Таза монополия. Табиғи
монополия.

Негізгі түсініктер мен терминдер
Бәсеке, Картель, Конгломерат, Концерн, Монополия, Монопсония, Олигополия,
Синдикат, Икемділік, Қиылысқан икемділік, Сұраныс, Сұраныстың бағалық
икемділігі, Сұраныстың заңы, Сұраныстың қисығы, Сұраныстың табыстық
икемділігі, Ұсыныс, Ұсыныстың заңы, Ұсыныстың икемділігі, Ұсыныстың қисығы

Дәріс мәнмәтіні.
Нарық, айырбас айналыс-бұл категориябар өзара тығыз байлансты және
тұрмыстық деңгейде жай теңестіріледі. Нарыққа бір ғана анықтама беру
жеткіләксіз. Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді
қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша көмегімен айырбастау
процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы,
шаруашылықты ұйымдастыру формасы. Нарық- қоғамдық еңбек бөлінісімен
келісілген және шаруашылық субъектілерімен шеттелген тауарлы өндіріс
дамуының табиғи- тарихи процесі нәтижесі.Тауар өндірісінің дамуымен қатар
рынок та дамиды және күрделене түседі және оны экономистердің талдауы да
тереңдейді.
Нарық көпжақты, оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады сондықтан да
экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар.
сатып алу және сату көзқарасы бойынша нарық сұраныс пен ұсыныстың, өндіруші
мен тұтынушының өзара әрекетін қарастырады.
экономиканы ұйымдастыру формасына қарай – нарықты экономиканың іс- әрекет
етуінің қоғамдық формасы деп атайды.
рыноктық қатысушы позициясы бойынша нарықты шаруашылық тұлғаларының
арасындағы қоғамдық формасы.
Рынок (нарық) – бұл ұдайы өндірістің барлық буынында: өндіріс, бөлу,
айырбас, тұтыну және сатумен сатып алу арқылы жүзеге асырлатын ұйымдық-
экономикалық қатыстардың жүйесі.
Нарықтың субъектілеріне жататындар: сатушылар мен сатып алушылар (үй
шаруашылығы, фирмалар, мекемелер мемлекет). Нарық объектілеріне
жататындар: тауарлар мен ақшалар. Тауарларға жататындар: өндірілген өнім
мен қатар өндіріс факторлары (еңбек, жер, капитал) мен көрсетілетін
қызметтер.
Нарықтық жүйенің негізгі белгілірі мыналар:
өндіріс құрал жабдықтарының жеке меншіктің қолында болуы;
кәсіпкерлік еркіндіктің болуы;
экономикалық байланыстарда тек соңғы пайданың көзделуі;
экономикалық коньюктураға байланысты нарықтың өзін- өзі реттеуі;
өндірушілер жұмысына мемлекет тарапынан мейлінше аз араласу.
Артықшылығы: өзгеретін жағдайларға тез бейімделу және икемделу; шығындарды
азайту және пайданы көбейту мақсатымен жаңа технологияларды оперативті
қолдану; шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың
тәуелсіздігі; әр түрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен
қанағаттандыру қабылеті.
Кемшіліктері: нарық еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді; қоғамда
теңсіздікті туғызады; тауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан түрде өндіруге
ынта тудырамайды; нарық әлеуметтік қажетті тауарларды өндіруге емес, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хромосома типтері
Adobe PageМaker туралы жалпы мағлұматтар
Двигательдің бұраушы моменті
Қаржылық аудиттің әдістемесі
Органикалық қосылыстардың классификациясы
Жазба жұмысын жоспарлау
Жаинизмнің басты мақсаты - қасірет деп түсінген өмірден азат болу
Клетканың органикалық заттары
«ЖҮРЕК –ҚАНТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІ» МОДУЛІ
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Пәндер