Қазақстан ғалымдарының дәрілік өсімдіктерді зерттеуде қосқан үлестері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
111) Қазақстан ғалымдарының дәрілік өсімдіктерді зерттеуде қосқан үлестеріне тоқталып, мысал келтіріңіз
Қазақстан табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады.Соның 500 түрінен дәрілік заттар алынады. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің , оны танып білудің маңызы зор. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің өмірдік маңызы зор. Біздің тұрып жатқан жерімізде дәрілік өсімдіктердің түрлерінің 60% өседі. Оларға мынадай өсімдіктер жатады. Оңтүстік қазақстанның бай және әртүрлі дәрілік шөптерге бай өсімдік әлемінде 3000 -дай түрлі шөптер өседі, солардың ішінде көп мөлшерде дәрілік өсімдіктер барМедицина саласының жетістіктері көбінесе дәрілік өсімдіктерге байланысты. Қазіргі кезде медицина ғалымдары дәрілік шөптерге барынша ден қойып, әр шөптің организмге қаншалықты пайдалы екенін кеңінен дәлелдеуде. Бұл жөнінде айтарлықтай табысқа жетуде.
Республика териториясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың түрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші тұр. Сөйтіп ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден-ақ кеңінен таралған. Ертеде өмір сүрген әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Баруни әл-Джуржани және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді танп пайдалануына еткен ықпалдары зор болды. Дәрілік өсімдіктерден алынатын препараттарды жасау жолындағы жұмыстардың ауқымы кеңеюде. Әрине бұл бағыттағы жұмыстардың табиғат үшін әсіресе кейбір дәрілік өсімдіктер үшін қауыпты жақтары да жоқ емес. Осыған байланысты дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дәрілік өсімдіктермен жұмыс жасаудың нұсқауын жасады. Ол нұсқау барлық елдердің азаматтары үшін бұлжытпай орындалатын ереже болуы керек. Соңдықтан сол ДДСҰ-ң нұсқауын халыққа тезірек жеткізіп түсіндіру үшін Қазақстанда академик Н.Д.Беклемишевтің басшылығымен біраз маман ғалымдар Рахимов К.Д., Сатыбалдиева Ж.А., Суходоева Г.Н., Адекенов С.М., Тулемисова Қ.А. Қазақстан республикасының фармакологиялық мемлекеттік комитетінің ұсынысымен және мақұлдауымен 1999 жылы Дәрілік өсімдіктермен жұмыс жасаудың нұсқау деген арнайы жинақ кітап шығарды. Бұл жинақта дәрілік өсімдіктерді зерттеуге байланысты халықаралық талаптар келтірілген.
112) Еліміздегі фармацевтика зауытының өнімдеріне маңыздылығын көрсетіңіз
Денсаулық сақтаудың маңызды міндеттерінің бірі - халықты қауіпсіз, тиімді, сапалы және қолжетімді дәрілік заттармен қамтамасыз ету болып табылады. Фармация халыққа дәрі-дәрімекпен көмек көрсетуді іске асыратын сала. Фармацияның негізіне дәрілік заттарды анықтау, іздеу, оларды зерттеу, дайындау, қалыптау және шығару, сұрыптау, стандарттау, сақтау, тарату және фармациялық қызметті ұйымдастыру жатады. Фармацияның тарихы адамзат тарихымен бір. Фармацевтика -- дәрілердің адам мен жануарлардың организмдерін тексеретін және дәрілерді іздестіру, шығару, сақтау, дайындау және сату мәселелерімен айналысатын ғылым түрі.

Көптеген фармакологиялық қасиеттері бар химиялық қосылыстар өнделмеген күйде не пайдасыз, не зиянды болып келеді. Фармацевтика осындай қосылыстарға нақты топ адамдарды емдеуге арналған бірегей мөлшерленген түр береді.
113) Бауыр, өт жолдары ауруларына қарсы қолданылатын дәрілік өсімдіктерге тоқталып мысал келтіріңіз
Өт айдайтындар. Жалбыз Mentha ауырсынуды қойдыратын, өт айдайтын, спазмолитикалық зат ретінде қолданады. Асқазан-ішек жолдарының және бауырдың секрециясын қоздырады, жүрек қызметін қуаттадырады.
Итмұрын Rosa поливитаминдік және өт айдайтын зат ретінде қолданады
Жалбыз (лат. Mentha) - ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық тамырсабақты өсімдік. Жалбыз өсімдігінің құрамында адам ағзасына пайдалы заттар мол. Соның екі қасығын аралыстырып күніне бір шай қасықтан үш рет екі ай ішсе, жүрек ауруының бәріне ем. Сондай-ақ оны бүйрек пен бүйрек түбекшесі, бауыр мен жолының қабынуына қарсы қолданады. Жалбыз қосылған шәй жүрек ауруымен ауыратындарға,тамақтан уланғанда,асқазан -бауырауруы мен ауыргандарга, жүйке жүйесі бұзылғандарға өте пайдалы. Және бас ауырғанда,қатты ашуланғанда ішу керек. Жалбызды 1 стаканға 2-3 еуін салса жеткіліті. Жалбыз қосылған шәйді: қан қысымы жоғары адамдарға,6 жасқа дейін толмаған балаларға, ішуге болмайды. Жалбыз қосылған шәй адам ағзасын тазалайды.Тағы бұл өсімдіктің дәрі жане құрғатылған шөп дәрі ретінде де қалалардың кез келген дәріханаларнда қол жетімді бағада сатылады.
Бауыр тасты ерітетін өсімдіктер. Денсаулық қорғаудың аса маңызды міндеттерінің бірі вирусты аурулардың алдын алу болып табылады, солардың ішінде жұқпалы гепатит маңызды орын алады. Келесі тұқымдастар гепатиттен қорғайтын қасиеті бар өсімдік түрлеріне бай: Asteraceae, Apiaceae, Rosaceae, Scrophylariaceae, Fabaceae. Lamiaceae, Ranunculaceae, Solanaceae, Hypericaceae, Liliaceae, Asclepiaceae, Boraginaceae, Rhamnaceae тұқымдастарында гепатиттен қорғайтын қасиеті бар өсімдіктердің 3 - 4 түрі анықталды. : халық арасында Цикорий өсімдігі бауыр шөбі ретінде белгілі. Онымен бауыр ауруларын, өт қабығының қабынуын емдейді. Микробтарды құртады.
114) Ұйқы безі ауруларына қарсы қолданылатын дәрілік өсімдіктерге тоқталып мысал келтіріңіз
Ұйқы безінің көп функциялылығы оны әртүрлі бұзылулардың дамуына осал етеді, оның кінәсі көбінесе адамның өзінде болады. Майлы және қуырылған тағамдарды, алкогольді ішімдіктерді қолдану бездің бұзылуына және жағымсыз белгілердің пайда болуына әкеледі.
Топинамбур. 1) Солтүстік Америкада өсірілетін түбір тамырлы өсімдік. Құрамында фосфор мол. Түйнегінде темір, кремний, калий, витамин С кездеседі. Тазартылған бір тостақ топинамбурдің құрамында 20% темір, 20 % калий, 17% магний болады.
Топинамбурдегі микроэлементтер комплексі жүрек пен тамыр нығайтады.
Темірдің көптігіне байланысты анемияда қолданылады.
Қан қысымын реттейді.
Дисбактериоз кезінде ішек микрофлорасын реттейді.
Бауырды қорғайды.
Топинамбур - салмақты азайтатын таптырмайтын құрал
Қолданылуы
Іш қатуды емдеуге қолданылады.
Қандағы қанттың мөлшерін азайтады.
Топинамбурдың шырыны -- кәдімгі қанттың альтернативасы болып табылады.
Суыққа қарсы қасиеті болғандықтан, ішек- қарын трактын емдеуде қолданылады.
Гастрит, колит и жараны емдейді, зақымдалған ұлпалардың жазылуына көмектеседі.
Қыжылдануда қолданады.
Өт айдайтын құрал ретінде.
Косметологияда терінің тонусын көтеруге және жасартуға
Топинамбур - глюкозаны залалсыздандырып және көздің көруін жақсартады.
Бұл дақылды үнемі қолдану арқылы көздің көру қабілетін арттырады
Қандағы қант мөлшерін түсіреді. Гемоглобинді көбейтіп ұйқы безінің жұмысын жақсартады.
КӘДІМГІ ЦИКОРИЙ - CICHORIUM INTYBUS L. дәрілік өсімдігінің онтоморфогенездікструктуралық ерекшеліктері, экологиясы, таралуы, химиялық құрамы, медицинада пайдалануы.
Қан тамыры қабырғаларына май қосындыларының тұрып, қалыңдауын, минералдық зат алмасуының бұзылуын, бүйрек және өт тасы ауруларын, зат алмасу процесінің бұзылуынан буынның жуандап, сырқырап, ісініп ауыру ауруларын емдейді. Басқа дэрілік љсімдіктердіћ шикізатымен косып, асқазан ішек жолдарының ауруларын, көктамыр, ұйқы безі ауруларына емдік жасайды. Өсімдіктегі ащы заттары тәбетті күшейтуге, ұстамалы жүйке ауруына, организмнің жалпы әлсіздігін емдеуге қолданылады. Сонымен бірге өт және несеп айдағыш, ауыртпаушы, сергіткіш, құрт айдайтын, сөлді және тәбет арттырушы, зат алмасуды реттегіш, холестеринді шығарады, қан тамырының қалыңдауына, кардиотониалық қабынуға, жараны жазушы, жайбарақаттандырғыш және өте көп бал беретін өсімдік.
115) Жарақатқа пайдаланылатын өсімдіктер түрлеріне сипаттама беріңіз
Жарақатты жазатын және тері ауруларына қарсы пайдаланылатын өсімдіктер. Зәр айдайтын өсімдіктер. Өт айдайтын өсімдіктер.
Жарақатты жазатындар және тері ауруларына қарсы пайдаланылатын өсімдіктер. Тері ауруларын және жарақаттарды емдейтін өсімдктердің көптеген түрлері ерте заманынан бастап белгілі. Солардын бірі, кең қолданылатын - шілтержапырақты немесе кәдімгі шайқурай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микробиологияның даму кезеңдері
Ботаниканың қайта өркендеу дәуірі
Ұлттық қазақ медицинасының дамуының жалпы сипаттамасы және ерекшеліктері
ПЕТРДІҢ РЕФОРМАЛАРЫ КЕЗІНДЕГІ РЕСЕЙДЕГІ ФАРМАЦИЯ
Экологияның даму тарихы
Экологияның қысқаша тарихы
Зиялыларымыздың рухани тұлғасы ұлт болмысымен сабақтас
Дәрілік өсімдіктер туралы
Халық медицинасында қолданылатын өсімдіктер
Жабайы өсімдіктердің сыры
Пәндер