Өнер философиясы
11-тақырып: Өнер философиясы
1. Философия және өнер.
Философия - ғылым, әрі қоғамдық сананың ерекше формасы, дүниеге көзқарас, өнер ретінде де көрініс беретін даналық ілімі. Өнер -- көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы.Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады.
Егер біз философияны көркемөнер саласымен салыстыратын болсақ, онда біз олардың бір-бірімен біршама көп ұқсас жақтарын ашуымызға болады. Менің ойымша философияға қанша тұлға атсалысса, соншалықты философияның түрлері бар. Өнер саласындағы туындылар да бір-бірін қайталамайды, ол жерде өнерпаздың дүниеге деген тұлғалық, сезімдік қарым-қатынасы өзгеше болып көрініп тұрады. Шынайы философиялық шығармалар көркемөнердегі ұлы туындылар сияқты, адамның жүрегінде, ой өрісінде өшпес із қалдырады,оның жан дүниесін ұлылық, құлаштап жетпес биіктік, әсемдік, гармониялық сезім билейді.Филослфияны өнерге жақындығы - Дүниенің біртұтастығын көрсету, ішке және сыртқа қарай шексіз Дүниенің суретін жасау - философия саласындағы ең қиын істің бірі. Өйткені Дүние жөніндегі ғылыми деректер әр уақытта өзінше шектелген. Олай болса, тек қана ғылыми жолмен шексіз Дүниені шектелген білім арқылы біртұтас ретінде суреттеу мүмкін емес.Ал, бірақ адамның жүрегінде Дүниені толығынан түсіну ұмтылысы ешқашанда бітпес іңкәр болып қала береді де, әртүрлі Дүние суретін тудырады. Ол үшін философ өзінің Дүниесуретін ғылыми деректер жетіспеген жағдайда қиял арқылы толықтырады, сезім толқындарымен бояйды. Олай болса, философия өзін тудырған мифологиядан толығынан бөліне алмайды. Философия мен көркемөнердің бір-біріне жақындығын, бір-біріне өтіп жатқанын айқын көрсететін нәрсе - тарихтағы ұлы тұлғалардың шығармалары. Оған Платонның Диалогтарын, нақыл сөздерін, Ницшенің афоризмдерін, Камюдің эсселерін жатқызуға болады, өйткені олардың философиялық мазмұны көркем сөзбен берілген. Ал Абайдың өлеңдері мен Әуезовтың романдарында Достаевский, Толстой сияқты орыстың ғұлама жазушыларының шығармаларында терең философиялық сыр жатыр
2. Мәдениет феномені ретіндегі өнердің өзіндік қырлары, оның жекелік және әлеуметтік функциялары.
Мəдениеттің өзекті бөлігі өнер. Таңбалы тастағы кескіндермен тағы адамдардың ырым-белгілерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мəңгілік туындыларпымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер əлемінсіз, қандай мəдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. Шынында да, өнер мəдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі-оның əсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы.
Өнер -- көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы.
Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты - дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің:
* көркем әдебиет,
* музыка,
* мүсін,
* кескіндеме,
* театр,
* кино,
* би,
* сәулет өнері, т.б. түрлері бар.
Өнердің қызметін, қоғамдық сананың, адам танымының айрықша формасы ретіндегі ерекшелігін айқындайтын белгілі бір анықтама беру немесе оның адам өміріндегі маңызы мен мәнін анықтау жайлы тартыстар бүкіл мәдениет тарихында тоқталған жоқ. Өнер жайлы: "табиғатқа еліктеу", "Құдайды тану", "шындықты бейнелеу", "сезім тілі", т.б. анықтамалар берілді. Көптеген теорияшылар өнердің күрделілігі мен санқырлылығына сай оның мән-маңызын тек танымдық немесе идеялдық, яки эстетикалық деп біржақты қарастырушылар да болды. Осындай көзқарастарға қанағаттанбай өнертанушылар өнердің бойында таным да, шындықты көре білу де, жасампаздық та, көркем бейне де, рәміз сияқты көптеген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz