Қоғам және мәдениет. Қоғам философиялық ұғым ретінде


12-тақырып: «Қоғам және мәдениет»
- Қоғам философиялық ұғым ретінде.
Қоғам дегеніміз не? Бұл сұраққа ойщылдар, философиялық мектептер әртүрлі жауап береді. Біреулері бұл - санамен біріккен қауымдастық деп есептейді. Екіншілері үшін қоғам тірі қалу мақсатымен ұйымдасқан билогиялық жаратылыстардың жиынтығы болып табылады. Үшіншілері тіршілік ету құралдарын өндіру мақсатында құрылған адамдардың өзара әрекеттесуінің жемісі деп санайды. Жалпыланған түсіндірме мынадай: бұл - адамдардың бірлескен қызметінің ұйымдасқан формасы. Бірлескен өмірдің адамдарға ғана емес, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарларға да тән екендігін айта кету керек. Мұндай жағдайда адамдар бірлестігінің өзге өмірдің төменгі формаларындағы бірлестіктерден сапалық айырмашылығы бар ма екен? Бар. Адамзат қоғамы тек биологиялыққа ғана емес, сондай-ақ мәдени принциптерге де негізделген. Өйткені адамдардың бірлескен өмірі - бұл тек қорғаныс, тамақ табу мен ұрпақты жалғастыру ғана емес. Қоғам адамдарға дүниені тануға және түрлендіруге, өзі мен бірлескен өмірді жетілдіруге, жинақталған тәжірибені бір ұрпақтан келесі ұрпаққа беруге көмектеседі.
Осылайша, қоғам - бұл адамдардың жай ғана бірге өмір сүруі ғана емес, сондай-ақ олардың бірлескен қызметі, яғни саналы түрде қойылған мақсаттарды жүзеге асыруы. Қоғам - бұл ортақ қажеттіктерімен, мүдделерімен және мақсаттарымен біріккен адамдардың зерделі ұйымдастырылған мәдени өмірі мен қызметінің формасы. Қоғам инвидидтердің, яғни жекелеген адамдардың жай ғана механикалық қосындысы болып табылмайды. Қоғам ол әртүрлі жеке қасиеттері бар индивидтердің біріккен жүйесі. Мысалы, ешқандай адам Жердің бет әлпетін өзгерте алмайды. Бірақ біріккен кезде адамзат тап сондай қуатты геопланетарлық күш болып табылады.
Адам қоғамының мынадай негізгі сипаттамалары бар:
- біртұтастық - элементтер мен қосымша жүйелердің бірыңғай жүйеге енуі;
- өздігінен ұйымдастырылатындығы - ішкі күштер мен үрдістердің тіршілік етуімен дамуына әсері;
- серпінділік - әлеуметтік формалар мен құрылымдардың қозғалғыштығы мен өзгергіштігі;
- даму - қоғамның прогрессивті немесе регрессивті бағытқа қарай күрделі бағытталған өзгерістері;
- заңдылық - қоғамның танып-білуге және адамдардың әлеуметтік өмірін жетілдіру үшін пайдаланылуы мүмкін белгілі бір объективті заңдарға бағынуы.
Кез келген қоғам тірі адам индивидтерінен құралады. Индивидтердің белгілі жиынтығы қоғамның өмір сүруінің алғышарты болып табылады, алайда ол толыққанды қоғам емес. Индивидтер қоғам құру үшін, бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуі және соль қоғамның өзі орнықтылық және жүйелілік сипат алуы қажет. Индивидтердің тек осындай жиынтығын ғана қоғам ретінде қарастыруға болады.
Ұлы философ Әбу Наср әл-Фараби (870-950) адамның барлық дүниетүзілімнен азаматтық әлеуметтік жаратылыс ретінде бөлектенетінін көрсетті. Өйткені адам табиғатында басқа адаммен немесе адамдар тобымен байланыс пен өзара әрекеттестікке ену қасиеті орын алады екен. Әл-Фараби бойынша мұның себебі адам жалғыз өзі қол жеткізе алмайтын көптеген заттарға мұқтаж және оларға қол жеткізуде адамдар қауымдастығының көмегін қажетсінетін болады. Яғни, адам жеке басына қажет қандай да бір затты өзі мүше болып табылатын қоғамнан ала алады. Бұл ретте әрбір адам басқасына қатысты дәл осындай жағдайда болады.
Сонымен, әл-Фарабидің пікірінше, қоғам мүлдем қайдағы бір тыныштықтағы құрылым емес, өзара әрекеттестікте болатын адамдардың қауымдастығы. Қоғаның көмегімен адам өзінің толып жатқан материалдық, сондай-ақ рухани қажеттіктерін қанағаттандырады.
Шын мәнінде қоғамды құрайтын адамдар бір-бірімен өзара әрекеттестікке бәрінен бұрын, өздерін базалық (бастапқы) әлеуметтік қажеттіктері итермелейтіндіктен түседі. Олар: тіршілік ету құралдарын өндіру немесе табуда бірлескен еңбекті, ынтымақтастықты қажетсіну; табиғат күштерімен, жыртқыштармен және т. б. күресте бір-бірін қолдау мен өзара қорғау қажеттігі және т. б.
Кез келген қоғамға:
- бірге өмір сүрумен аумақты игерудің белгілі бір формасы;
- шындық өмірді өндіру (және қайта өндіру) : өмір сүруге қажет құралдар өндіру мен бала туу жолымен адам өмірін жалғастыру тәсілі;
- әлеуметтік нормалар мен құндылықтардың белгілі бір жүйесімен әлеуметтік мәртебелер мен рөлдердің соларға сай бөлінуімен бекітілген орнықты (берік) байланыстар мен қатынастардың болуы;
Осылайша, қоғам - бұл демографиялық, өндірістік, әлеуметтік және рухани жүйе - оны құрайтын индивидтердің қауымдастығы.
- Мәдениет және оның табиғаты.
Мәдениет - адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан - мәдениет саласының өрісі кең.
Мәдениет - тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді. Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары:
- мәдени әрекет,
- мәдени орта,
- мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және
- мәдени ұйымдар мен ұжымдар.
Мәдениет - адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет - жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс.
Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу, т. б. Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланыста. әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болады, өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейінірек те білімнің қалыптасып, жазудың шығуы жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттігі туды. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.
Мәдениеттің екі түрі белгілі:
- материалдық;
- рухани мәдениет.
Адам материалдық және рухани мәдениетті бір-бірінен ажырата білу қажет. Мәдениет материалдық және рухани: бірі-материалдық өндірістің, екіншісі-рухани өндірістің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімдері - еңбек құралдары және көркем шиғырмалар әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Олай болса материалдық және рухани мәдениеттің қызметтік ерекшеліктері бар екен. Сонымен қатар бұл екеуі - материалдық және рухани мәдениет тұтастыққа ие. Материалдық мәдениетті мәдениетке айналдырған адамның идеясы мен білімі, ал рухани мәдениеттің өнімі материалдық нысанда болады, соның нәтижемінде ол объектіге айналуы мүмкін және қоғамдық өмірдің факторы болып қалады. Сондықтан мәдениетті материалдық және рухани демей-ақ, тұтас бірлікте алып қарауға да болады. Мәселе бұларды ажыратуда емес, бүкіл қоғамның дамуына сәйкес, органикалық бірлігін мойындауда.
- Тапсырма: Қоғамның типтері: ақпараттық қоғам, постиндустриалды қоғам, ашық қоғам, желілік қоғам.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz