Еңбек қатынастарын құжаттау. Өтініш, келісім, түйін түрлері. Жеке құжаттар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
СОӨЖ 9-10

Тақырыптар:
1. Еңбек қатынастарын құжаттау. Өтініш, келісім, түйін түрлері
2. Жеке құжаттар.

№ 2 тапсырма: Жұмысқа қабылдау туралы өтініш

Биосфера ЖШС директоры
Ержанов Бауыржанға
_____________________

ӨТІНІШ

Мені 120 870 теңге айлығымен штаттық кестеге сәйкес 2020 жылғы 21 наурыздан бастап фармацевт лауазымына қызметке алуыңызды сұраймын.

2020 жылғы 19 наурыз _________ аты-жөні

№3 тапсырма: Лауазымдық нұсқаулық
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТЕРСТВО
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ
МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

PHARMSHOP PHARMSHOP
ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ФАРМАЦЕВТИЧЕСКИЙ
ОДАҒЫ СОЮЗ

ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ЧАСТНОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ НА
ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ПРАВЕ ХОЗЯЙСТВЕННОГО
ЖЕКЕМЕНШІК КӘСІПОРНЫ ВЕДЕНИЯ

БЕКІТЕМІН
Бас директор
Молдағали Ә.

Қолы: ________
2020 жылғы 20 ақпан

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ
2020 жылғы 20 ақпан
№__________________ .
бас директордың
хатшы-референтіне
1. Жалпы ережелер
1.1. Хатшы-референттер кәсіпорын мамандарының санатына жатады, оларды жұмысқа директор қабылдайды және шығарады.
1.2. Хатшы-референттердің негізгі міндеттері басқару қызметін ұйымдық және құжаттамалық қамтамасыз ету болып табылады.
1.3. Хатшы-референт тікелей кәсіпорынның директорына бағынады.
1.4. Өз қызметінде хатшы-референт мына құжаттарды басшылыққа алады:
- Қазақстан Республикасының заң актілері;
- кәсіпорын жарғысы;
- Қызметкерлер туралы ереже;
- кәсіпорын басшысының бұйрықтары (өкімдері);
- ісқағаздарын жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-әдістемелік материалдар;
- осы лауазымдық нұсқаулық.
1.5. Хатшы-референт лауазымына жоғары немесе арнаулы орта білімі бар және 1 жыл еңбек өтілі бар немесе еңбек өтілі жоқ, бірақ хатшы-референттердің курсынан өткен тұлғалар тағайындалады.
1.6. Хатшы-референт төмендегі мәселелерді білуі керек:
- құжаттармен жұмыс, құжаттамаларды жинақтап құрастыру;
- басқару жұмысын ұйымдастыру;
- есептеу және ұйымдастыру техникаларын қолдана білу;
- қызметтік құжаттамаларды коммерциялық әріптестердің тіліне аудару;
- еңбек мәдениеті және қызмет әдебі;
- еңбекті қорғау, қауіпсіздік және өртке қарсы қорғаныс техникасы.
2. Қызметтері
Хатшы-референтке мынадай қызметтер жүктеледі:
2.1. Кәсіпорынның құжаттары бойынша ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету.
2.2. Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарындағы іс жүргізуді ұйымдастыруға әдістемелік басшылық және бақылау жасау.
2.3. Кәсіпорынның кеңесші органдарының қызметін құжаттау.
2.4. Басшылықты жедел ұйымдастыру қызметімен қамтамасыз ету.
2.5. Кадр құжаттарын жүргізу және ресімдеу, есепке алу (қызметкерлер жөніндегі инспектор болмаған жағдайда).
3. Қызметтік міндеттері
Хатшы-референттің міндеттері:
3.1. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін қамтамасыз ететін қажетті құжаттарды дайындауды жүзеге асыру.
3.2. Құжаттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу, орындалуын қадағалау, ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету және құжаттық ақпараттарды сақтау.
3.3. Кәсіпорынның басшысына қол қоюға апарылатын құжаттардың дайындалуының, дұрыс жасалуының, келісілуінің, бекітілуінің сапасын қадағалайды.
3.4. Басшылардың құжаттары мен тапсырмаларының орындалуына бақылау жасайды, олардың уақытылы әрі сапалы жасалуы үшін шұғыл шаралар қолданады.
3.5. Дайындықты ұйымдастыру, шешім қабылдау және оны орындау үшін тиісті адамдарға жеткізуді жүзеге асырады. Басшылыққа берілетін анықтамалар мен баяндамаларға талдау жасайды, олар бойынша құзіретті тұжырым ұсынады.
3.6. Кәсіпорынның ағымдағы қызметіне байланысты ұйымдармен (коммерциялық және мемлекеттік) және жеке азаматтармен жедел байланысты жүзеге асырады (телефон, факс және т.б.).
3.7. Келушілерді қабылдайды.
3.8. Кәсіпорынның кадр қызметі құжаттамаларын қамтамасыз ету жөніндегі төмендегі жұмыстарды орындайды:
- жеке құрам бойынша бұйрықтарды ресімдеу;
- жеке карточкалар немесе жеке парақтардың үлгілерін ресімдеу;
- еңбек кітапшаларын толтыру;
- еңбек шарттарын (келісімшарттарын) жүргізу және ресімдеу;
- іссапар құжаттарын ресімдеу;
- еңбекке жарамсыздығы туралы құжаттарды ресімдеу;
- жұмыс уақытын есептейтін табельді жүргізу;
- еңбек өтілі және жалақы туралы анықтама беру.
3.9. Компьютерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке құрам бойынша ереже
Ұйымдағы басқару құжаттарының міндеттері
Фирманың тауар саясаты
Құжат түрлері және құжаттарды толтыру
Арыз немесе өтініш
Ресми іс қағаздары термині
Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Іс қағаздардың қоғам өміріндегі атқаратын қызметі
Мемлекеттік тілдегі іс қағаздарды жүргізу пәні
Іс қағаздарын жүргізу негіздері
Пәндер