Визит карточкалары. Еңбек келісімі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыптар:

1. Визит карточкалары.

2. Еңбек келісімі.

Жағдаяттық тапсырмалар:

а) Еңбек қатынастарын ресімдеудің негізгі ерекшеліктері.

ә) Сіз жұмысқа кешігіп келдіңіз, бірақ сіздің кінәңіз жоқ. Кешігу себебі туралы Түсініктеме мәтінін құрастырыңыз.

б) Түйіндеме, баяндау хат, түсініктеме, хаттаманы жазбаша дайындау.

в) Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Еңбек келісімі нені реттейді?
  2. Жеке еңбек келісімі мен ұжымдық еңбек келісімінің айырмашылығы неде?
  3. Жұмысшылар қандай категорияларға бөлінеді?
  4. Еңбек келісімінде қандай мәліметтер көрсетілуі тиіс?
  5. Еңбек келісімі неше дана жасалады?
  6. Келісім кімде сақталады?

г) Мына сөйлемдерді оқып, сұрақ қойыңыз:

  1. Кез келген келісімшарт тараптардың қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
  2. Заңды тұлға екінші тарапқа 30 күн бұрын жазбаша түрде хабарлап келісімшарт мерзімін тоқтатуға құқылы.
  3. Келісімшартты орындау барысындағы туындаған даулар тараптардың өзара келісімімен шешіледі. Тараптар келісімге келмеген жағдайда, даулар қолданылып жүрген Заңдар арқылы белгіленген тәртіпте қарастырылады.
  4. Мүлік, мүдде таластары келісімшарт бойынша арнайы сот орындарында шешіледі.
  5. Тапсырысты орындаушы тарап келісімшарт жасасқан күннен бастап жабдық уақытында жеткізуге кепілдік береді.

а) ҚР Еңбек заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында жасалатын еңбек шартының негізінде туындайды. Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі данада жасалып, оған тараптар қол қоюы тиіс және еңбек шартының бір-бір данасы жұмыскер мен жұмыс берушіде сақталады. Тараптардың еңбек шартын жасасуы және қол қоюы жұмыскерді жұмысқа жіберуге негіз болып табылады.

Жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында жасалған еңбек шартының мазмұнында тараптардың деректемелері, белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмыскерге ұсынылатын жұмыс (еңбек функциясы), жұмыстың орындалатын орны, еңбек шартының мерзімі, жұмыстың басталу күні, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары көрсетіледі. Егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және зиянды, қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының сипаттамасы, кепілдіктер мен жеңілдіктер, жұмыскердің, жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері, еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тәртібі, тараптардың жауаптылығы, жасалу күні мен реттік нөмірі болуы тиіс. Сонымен қатар, тараптардың келісімі бойынша еңбек шартына ҚР заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.

Еңбек кодексінің 24-бабына сәйкес еңбек шарты бойынша жұмыскер жұмысты жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесі қағидаларын сақтауға, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақытылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндетті. Жасалған еңбек шарты негізінде жұмыс беруші жұмысқа қабылдау туралы актіні (бұйрық) рәсімдеуге және аталған актіні жұмыскерге таныстыруға міндетті.

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, адамды жұмысқа жіберу еңбек шартын жасасқаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты жасалмаған жағдайда ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіп бойынша жауапты болады.

б) БАЯНДАУ ХАТ.

Қауіпсіздік техникасын сақтау туралы

Қауіпсіздік техникасы бөлімі Бас инженер

БАЯНДАУ ХАТ

№ __

Қарағанды қаласы Молдағали Ә.

Қауіпсіздік техникасы бөлімі сізді құрылыс алаңында қауіпсіздік техникасының сақталмауы туралы әлденеше рет құлақтандырған болатын.

Алайда қазіргі уақытқа дейін құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жерлерге қоршау қойылмаған. Дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жерлер де қоршалмаған. Қазандық қоршалмаса да, механикалық жинақтау цехында бағаналарды бетондау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сізден құрылыс телімінде қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша жедел шара қабылдауыңызды сұраймын.

Қауіпсіздік техникасы

жөніндегі инженер Молдағали Ә.

б) ХАТТАМА

Алматы экономика және статистика академиясы

Экономика және басқару факультеті әдістемелік бюросы мәжілісінің

№2 ХАТТАМАСЫ

Алматы қаласы 26 наурыз 2020 жыл

Төрайымы - аға оқытушы А. Қ. Дауылбаев.

Хатшы - оқытушы А. С. Жандарбекова

Қатысқандар: әліпбилік тәртіппен жазылады.

КҮН ТӘРТІБІ:

1. «Іскерлік ойынды әзірлеу және оны өткізу әдістемесі» атты факультеттің жас оқытушыларына арналған оқыту семинары

2. Әр түрлі мәселелер.

1. ТЫҢДАЛДЫ: ЭБФ әдістемелік бюросының төрайымы аға оқытушы А. Қ. Дауылбаев. Сөйлеген сөзінде алдымен кітапхана қызметкері Г. Н. Аязбекованы таныстырып өтіп, оның «Студенттерді тәрбиелеудегі жаңашыл педагогикалық технологиялар» атты оқу құралының құрастырушысы екендігін атап өтті. Бұл оқу құралда дебат турнирлері, іскерлік ойындары, психологиялық тренингтерді өткізу бойынша нұсқаулықтар мен әзірлемелердің үлгілері келтірілген.

ТЫҢДАЛДЫ: Г. Н. Аязбекова (мәтіні қоса тіркелген, №1-қосымша) .

СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР: А. Қ. Дауылбаев. Семинардың қызықты да, тартымды өткендігі үшін ризашылығын білдірді. Мұндай ойындар оқыту процесін жандандырып, мәселелерді шешу кезінде қатысушылардың қызығушылығын күшейтеді. Барлық қатысушы оқытушыларға блиц - анкета сұрақтарына жауап беруін ұсынды (блиц - анкета үлгілері қоса тіркелген, №2-қосымша) .

ҚАБЫЛДАНҒАН ҚАУЛЫ:

1. 1. Берілген ақпарат назарға алынсын.

1. 2. Келесі оқу жылына кафедра оқытушылары оқитын пәндері бойынша іскерлік ойындарды дайындауды жоспарласын (жауапты: каф. меңгерушілері, кафедраның ОӘС төрағалары) .

Экономика және басқару факультетінің

әдістемелік бюросының төрайыма А. Қ. Дауылбаев.

Хатшы А. С. Жандарбекова

  1. Еңбек келісімі нені реттейді?

Еңбек келісімі - тараптардың еңбек құқығы қатынастары туралы келісімді реттейтін құжат. Еңбек келісімі екі жақтың (әдетте «жұмыс беруші» және «жұмысшы» деп аталады), нақты бір міндеттерді өзіне ерікті түрде алу туралы заңмен рәсімделген келісімі жазылатын ісқағазының бір түрі.

  1. Жеке еңбек келісімі мен ұжымдық еңбек келісімінің айырмашылығы неде?

Жеке еңбек келісімі «жұмыс беруші» және «жұмысшы», ал ұжымдық еңбек келісімі «жұмыс беруші» мен «жұмысшылар тобы» арасында еңбек қатынасын реттейтін құжат.

  1. Жұмысшылар қандай категорияларға бөлінеді?

Келісімге отыратын жұмысшылар мынадай категорияларға бөлінеді:

  • Тұрақты түрде жұмыс істейтіндер;
  • Уақытша жұмыс істейтіндер;
  • Негізгі жұмыс орны бойынша жұмыс істейтіндер;
  • Қоса атқарушылық бойынша жұмыс істейтіндер.
  1. Еңбек келісімінде қандай мәліметтер көрсетілуі тиіс?
1. Құжат атауы.
11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат.
1. Құжат атауы.: 2. Келісімнің жасалған орны мен күні, айы, жылы.
11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат.: 12. Еңбек пен демалыс тәртібінің ерекшеліктері туралы мәлімет.
1. Құжат атауы.: 3. Екі тараптың толық және шартты атауы.
11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат.: 13. Ақшалай берілетін сыйлық көлемі мен оны төлеу тәртібі туралы мәлімет.
1. Құжат атауы.: 4. Жұмыстың сипаты мен мазмұны, оны орындауға қажетті біліктілік дәрежесі.
11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат.: 14. Демалыс алу тәртібі мен оның мерзімі туралы мәлімет.
1. Құжат атауы.: 5. Келісім типі (негізгі жұмыс, әлде қосымша істелетін жұмыс) .
11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат.: 15. Келісім бойынша атап өтілетін ерекше жағдайлар (келісім кей кезде бұзылуы я болмаса, қайта қаралуы мүмкін) .
1. Құжат атауы.: 6. Келісім түрі (шектеулі мерзімге ме, әлде ұзақ уақытқа ма) .
11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат.: 16. Келісім тоқтатылатын жағдай атап көрсетіледі.
1. Құжат атауы.: 7. Келісімнің уақыты, мерзімі (шектеулі мерзімге жасалған келісім үшін) .
11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат.: 17. Екі жақтың мекенжайы мен реквизиттері.
1. Құжат атауы.: 8. Сынақ мерзімі.
11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат.: 18. Екі жақтың қойылатын қолы (сигнатура) .
1. Құжат атауы.: 9. Жұмыс берушінің міндеттері мен құқықтары.
11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат.: 19. Келісімге қол қойылған күн.
1. Құжат атауы.: 10. Жұмысшының міндеттері мен құқықтары.
11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат.: 20. Келісім қосымшасы (егер бар болса) .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іс қағаздардың түрлері
Визит карточкалары
Мемлекеттік тілде іс - қағаздар жүргізу ережелері
Іс қағаздар (Лекция жинағы)
Ұйымдағы құжат және құжат жүйесінің мәні
Фирмалық бланк
Қонақ үйдің негізгі қызмет үдерістерін басқару
Фирмалық стильдің негізгі элементтерін жобалау
Құжаттың құрастырылған немесе шығарылған орны
Құжат түсiнiгi және қызметі, түрлерi және деректемелерi
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz