Түйіндеменің өмірбаяннан айырмашылығы


- Түйіндеменің өмірбаяннан айырмашылығы қандай? Құрылымдық ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Біріншіден, өмірбаян мен түйіндеменің анықтамаларына тоқталып өтейік. Өмірбаян - жеке адамның өмір жолы мен қызметі хронологиялық тәртіпте жазылған ресми құжат, ал түйіндеме - белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін ісқағазының бір түрі. Өмірбаян, әдетте, оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т. б. қосымша мәліметтер көрсетіледі. Өмірбаян азат жолдан «Мен» - деп басталып, бірінші жақта, жекеше түрде баяндалады. Жұмысқа қабылданушы үшін бұл түйіндеме құжатының басты мақсаты - өзін - өзі көрсету. Түйіндеме өмірбаян секілді жазылмайды. Түйіндеменің жасалуы еркін болады. Мұнда қызмет іздеп жүрген адам өзінің білімі, еңбек тәжірибесі, жеке жетістіктері, кәсіпқойлық деңгейі, басқа да дағдылары туралы мәліметтерді түйіндемеге қысқа әрі нұсқа етіп тізіп жазады. Сондай-ақ түйіндеменің мынадай ерекшеліктері бар: 1) үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі; 2) бір мезгілде бірнеше жұмыс орнына өткізуге болатындығы. Мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі. Түйіндеме 3-ші жақта жазылады.
- 2. Түсініктеменің І, ІІ бөлімдерінің жазылу орнын көсетіңіз:
а) құжаттың басында
б) құжаттың ортасында
с) құжаттың аяғында
д) құжаттың басында, оң жақ шекесінде
е) құжаттың басында, сол жақ шекесінде
- Педагогикалық тәжірибені өтуді не себепті ауылға сұрайтындығыңыз туралы түсініктеме беріңіз.
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университетінің
химия факультетінің деканы
Түсініктеме
Менің сізге түсініктеме жазу себебім 2020 жылдың «1» мамыры мен «14» мамыры аралығында болатын педагогикалық тәжірибені Қорғанбай ауылындағы №24 орта мектепте өтуді сұраймын. Себебі, ауыл өмірімен жақын танысып, ауылдағы тұрмыс туралы көбірек білгім келеді.
Түсініктеме иесі: 29. 03. 2020 ж.
- Кеңселік іс қағаздарына қандай құжаттар жатады? Мысал келтіріңіз, анықтамасын беріңіз.
Кеңсе іс қағаздарының үлгілеріне өтініш, сенімхат, қолхат, анықтама, мінездеме, шақыру билеті, хабарландыру, протокол, қатынас қағазы, акт, рапорт, шарт, міндеттеме, бұйрық, есеп т. б. жатады.
- Өтініш дегеніміз - азаматтардың жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын, ресми түрде жазбаша баяндалатын, өтіну, өтініш білдіру, сұрау туралы лауазымды тұлғаға бағытталған ресми құжат.
- Мінездеме дегеніміз - белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда мінез-құлқын сипаттай отырып жазылатын ісқағазының бір түрі.
- Қолхат - белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, көрсететін ресми құжат түрі.
- Сенімхат - бір адамның не мекеменің атынан екінші бір адамға тапсырманы орындай алу немесе бір затқа ие болу мүмкіндігінің бар екендігіне сеніп берілетін ісқағазының бір түрі.
- Анықтама - мазмұны белгілі бір фактіні немесе оқиғаны дәлелдейтін, растайтын ісқағазының бір түрі.
- Хабарландыру дегеніміз - мекемелердің, ұйымдардың атынан оның мүшелеріне алдағы болатын іс-шаралар туралы хабарлап жеткізетін ісқағазының бір түрі.
- Бұйрық - басшының мекемені басқарудың барысында, алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық т. б. мәселелерді шешу мақсатында беретін, қарамағындағылар орындауға тиісті ісқағаздарының бір түрі.
- Арыз бойынша қандай іс-әрекет жүзеге асырылады?
Арыз - бұл жеке адамның қандай да бір ұйым басшысына, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына немесе заңды тұлғаға өзінің құқықтары мен мүдделерін іске асыру немесе қорғау үшін жазылатын құжат түрі. Арыздың негізгі мақсаты - азаматтардың бұзылған құқықтарын заңдық тұрғыда қалпына келтіруді талап ету. Арызда деректер нақты көрсетілуі керек.
Жеке тұлғаның атынан «Құралай» тігін ательесінің сапасыз қызмет көрсетуіне байланысты шағым арыз жазыңыз.
Алматы қаласы,
«Құралай» тігін ательесінің
директоры Ә. Молдағалиға
Алматы қаласы,
Қастеев көшесі, 12 үй, 2 пәтердің
тұрғыны (Тел: 8 701 678 753 543)
Құралай Мақсатқызынан
Арыз
Менің сізге арыз жазу себебім, 2020 жылдың 24 наурыз күні сағат 16. 00-де Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысындағы «Құралай» тігін ательесіне киім тігуге тапсырыс берген едім. 29 наурызда, яғни бүгін тапсырысымды алуға бардым. Ателье қызметкерлері өте баяу қызмет көрсетіп, тапсырысымды белгіленген уақытынан кеш алдым, әрі тіктірген киімімнің матасы өте сапасыз болып шықты. Сол себептен осы мәселеге байланысты шара қолдануыңызды сұраймын.
20. 03. 2020 ж.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz