ЕРІК ЖӘНЕ ТҰЛҒА


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

БАЯНДАМА

Әлеуметтік-саяси білім модулі

Психология

Тақырып:ЕРІК ЖӘНЕ ТҰЛҒА

Жұмысты орындаған:

студент тобы: ГТ-21

ФИО: Марганбаева Сабохат Аскаровна

Тексеруші: Рахимжанова Арай Бейсенбаевна

Павлодар 2020 жыл

Адамның ішкі жан дүниесін ажырата білудің, сан алуан ғылым-білімдердің мән-мағынасын түсінудің, толып жатқан фактілердің іріктеп, жүйелеп алудың, кісінің өз басынан кешірген күйініші мен сүйінішін басқаға не өзіңе дұрыс сипаттап айтып беру оңай нәрсе еместігі хақ. Бұл ғылым адамның өзін-өзі тануы, оның өзін-өзі тәрбилеуі үшін аса қажет. Адам жайындағы сан алуан гуманитарлық ғылымдардың ішінде психологияның жетекші орын алатындығы осыдан-ақ жақсы байқалады. Расында да, бұл ғылым араласпай отырғн өмірдің саласы жоқ деуге болады. Адам бар жерде жан бар, ал жанды зерттейтін ғылымның аты - психология.

Ерік табиғатын бұлай түсіндірудің себебі сол заманда қалыптасқан қоғамның адам әрекет-қылығының негізі оның өзінде екенін мойындамаудан. Әр адам бабалардан жеткен нәсілдіктің ізі ғана деп қабылдаған. Мұндай сипаттан қауымның кейбір мүшелерінің ғана ажыратылуға құқы болған, мысалы, бабалар аруағы және ол дүниемен тілдесетін бақсы-балгер, от пен металды бағындарған темірші, өзін қоғамға қарсы қойған қарақшы -қанішер т. б.

Ол - жанның жибили қуаты дүр, бірі ұмытпастық жақсы нәрседен көңілге жақсы әсер пайда болып, жаман нәрседен көңілге жаман нәрсе пайда болу секілді нәрселер. Бұл қуаттар әуелден кікене ғана болады. Ескеріп баққан адам үлкейтіп, ұлғайтып, ол қуаттардың қуатын зорайтады. Ескерусіз қалса, ол қуаттың қайсысы болса да жоғалады, тіпті жоғалмаса да, аз-маз нәрсе болмаса, үлкен еш нәрсеге жарамайтын болады.

Кімде-кім сырттан естіп білу, көріп білу секілді нәрселерді көбейтіп алса, ол - көп жиғаны бар адам: сынап, орындысын, орынсызын - бәрін де бағанағы жиған нәрселерінен есеп қылып, қарап табады. Бұлай етіп бұл харакетке түсіген адамды ақылды дейміз.

«Құдай тағала өзі ақыл бермеген соң қайтейі?» демек, «құдай тағала сені менен мені бірдей жаратып па?» демек - құдай тағалаға жала жауып, өзін құтқармақ болғандығы. Бұл - ойсыз, өнерсіз надан адамның ісі.

Оған құдай тағала көрме, естіпе, естіген көргенінді ескерме, есіңе сақтама деп пе? Ойын күлкімен, ішпек-жемек, ұйықтамақпен, мақтанмен әуре бол да, ішіндегі қазынаңды жоғалтып алып, хайуан бол деген жоқ.

Талап балада да бар, оған талас қылуға болмайды. Бағана айттық қой, жан қуаты басында кішкене болады, ескермесе жоғалып та кетеді, ескерсе, күтіп айналдытса зорайады деп. Жан қуатыменен адам пайда қылған өнерлерді де күнде тексерсең, күнде асады. Көп заман тексермесең, тауып алған өнерінің жоғалатындығын және өзінің ол мезгілдегіден бір басқа адам болып кеткеніңді білмей қаласың. Қай жоғалған өнер ал, мен жоғалдым деп, хабар беріп жоғалады. Енді қусаң, бағанағы әуелгі табуыңнан қиынырақ тиеді.

Жан қуаты дейтұғын қуат - бек көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға уақыт сыйғызбайды. Бірақ әрбір өнердің тыстан тауып алып ішке салынған, соның тамырын берік ұстап тұруға жараушы еді. Көп заман ескермеген адамнан ол бағанағы өнердің өзінің ең қызықты, қымбатты жерлері жоғала бастайды. Онан соң көп заман өтсе, сол өнерді сақтайтұғын қуаттың өзі де жоғалады. Онаң соң қайта кәсіп қылуға болмайды.

Ерік еркіндігінің идеалистік концепциясы философиялық және этикалық көзқарас тұрғысынан да жалған. Идеалистердің ойынша рух бостандығы әрекет бостандығына алып келеді. Бірақ қоғам мүшелерінің мүдделерімен санаспайтын жеке адам мінез-құлқы мораль және заң нормаларын менсінбеу, кейде оны бұзу болып табылады.

Ерік табиғатын материалистік түсіну әрекеттер мен қылықтардың қозғаушы күштері адамның өзіде емес, сыртқы ортада жатады деген жайтты сөзсіз мойындаудан көрінеді. В. И. Ленин: «Адамның мақсаттарын объективтік дүние туғызады және оны өзінің шарты етеді, оны нақты, бар нәрсе ретінде табады. Бірақ адамға өзінің мақсаты дүниеден тыс алынған дүниеге байланысты емес тәрізді болып көрінеді еркіндік» - деп жазды.

Интелектуалдық немесе ассоциациялық теория. Бұл теорияны жақтаушылардың және дамытушылардың бірі Германияда өткен ғасырда өмір сүріп, негізін салған Э. Мейман. Бұлардың айтуынша, еріктік әрекеттердің барлығы ақыл-ой, интелектпен байланысып, солардың нәтижесінен пайда болады, яғни ерік адамның мұқтаждығы мен қажеттілігі секілді рухани күшінен туындайды. Адам өз мұқтаждықтарын жүзеге асыру үшін мақсат, міндеттер қояды, сол мақсатқа жету үшін алда тұрған бөгеттердің барлығын бұзуға әрекет етеді.

Бұл үшін адам ең алдымен алға тұтқан мақсатын елестетуі керек, содан оны ортаға салып көпшілікпен талқылауы қажет. Сөйтіп адам қандай міндеттер, қандай әрекеттер жасайтынын ақылға салып, оға алдына ала дайындық жасап, содан соң еріктік әрекетті атқаруға кірісіп, оны жүзеге асыруы тиіс. Э. Мейманның айтуынша, адамның ерік-жігері үнемі екіге бөлініп отырады. Бірі - ақыл-оймен байланысты елестеудің пайда болуы, екіншісі - ақыл-ойды қатыстырмайтын жай әрекеттер. Бұл пікір бойынша ерік өздігінен пайда болады, ол өзінен-өзі еріксіз жүзеге асып отырады. Адам ерікті әрекет ету үшін өзінің бұрынғы көрген-білгенін елестетуі керек, сол елестеудің нәтижесінде адамның ерікті әрекеттері пайда болады. Мұндай көзқарас адамның ерік- жігерін белсенді түрде өзінің әрекеті ретінде қарастырмайды, өздігінен ассоциация заңдары бойынша пайда болатын әрекеттер деп түсінеді.

Психология тарихында бихевиоризм деп аталатын шетелдік механистік бағыт әрекеттің саналы сипатын теріске шығарып, адам әрекетін механикалық тұрғыдан шешті. Сөйтіп, оны жануарлар өмірімен салыстырады. Бұл ғылыми тұрғыдан қателесу еді. Бихевиоризм теориясы бойынша оқу әрекеті, жаттығу тәжірибесі саналы әрекет емес, көп пысықтап, жаттығу нәтижесінде туатын механикалық процесс деп саналады. Механистік психология еріктің материалдық дүниесімен байланысын да жоққа шығарды. Ерік табиғатын, ерікті әрекеттің себебін теріс түсіндірді. Олар ерікте өзін-өзі билейтін бостандық бар, ерікті әрекеттің себебі - «ерік бостандығы», сана адамға не тілесе, соны береді деп бұрмады. Бұл теорияның еріктің ғылыми негізі бола алмайтындығын оның шындыққа сай келмейтіндігінен.

Шынына келгенде, психоанализ бағыты өкілдерінің (З. Фрейд және шәкірттері) қай-қайсысы да қортынды пікірлерін - адам әрекеттерінің көзі - қажеттіліктердің мәнді, бірақ тұтастай емес, бір тарапын ғана дәріптеуге бағытталған. Пікір қарсылығын тудыратын тек бұл әсіре ғана емес, адамның өз «тіршілігін сақтау» мен «тұтастығын қолдауды» қамтамасыз ететін ықпалдарды түсіндіру де ғылымдық көзқарасқа сай емес. Адам өзнің биолгиялық болмысы, яғни тіршілігіне қарсы қатерге де баруы тұрмыстан белгілі: соғыстағы ерлік, қауіп-қатерде батылдық т. б. бірақ фрейдшілер бұл жағдайды ескермейді.

И. М. Сеченов:«Ерікке тек жолақты бұлшық еттер бағынады, ал тегіс бұлшық еттер бағынбайды», себебі «жүректің құрлысы жолақты талшықтардан құралған және ерікке бағынбайды, және несеп қуықшасынан зәр айдайтын бұлшық ет тегіс талшықтарға жатады, содай-ақ оған бағынады. Мүмкін болатын басқа принципті қабыл алмаған И. М. Сеченов үшіншіне тоқтап, былай тұжырымдайды: «Ерікке тек санаға қандай да бір анық белгілер мен жіберілетін әрекет бағынуы мүмкін». Осы қағиданы түсіндіре және бекіте отырып, «Бұл көзқарас бойынша аяқ, қол, дене, бас, ауыз, көз және сол сияқтылар санаға анық түйсінулермен көрінетін түрлі жағдайлар айтылуы мүмкін: әрі қарай ерікке дауыс ырғағының бағыныштылығы, сол сияқты олардың жағдайы мен дауыс ырғағының түрлі сипатының сәйкес келуі, бір сөзбен айтқанда, сезім мүшесі арқылы жанама бақылауға жетпейтін, бірақ жанама айқын түйсіктермен ере жүретін барлық әректтер» деп жазды.

Бұл фактіге жауап беру үшін И. М. Сеченов, ерікті қимыл-қозғалыс ретінде өмір шарттарының күші болып табылатын жаттығулар бөлінеді дегенге саяды. Баладағы ерікті қимылдың бүкіл жасалу жолы осыны дәлелдейді. Ерікті қимыл-қозғалысты өзінің физиологиялық талдауында И. М. Сеченов былай көрсетеді: «Қол, аяқ, бас және дененің барлық қарапайым қозғалыс формалары балаық шақта жатыққан барлық үйлескен қозғалыс сияқты, жүру, жүгіру, сөз, қарағандағы көздің қимылы ерікке жатыққан соң бағынады». Қимыл соншалықты жатыққан сайын, олар ерікке оңай бағынады.

Ерікті әрекеттер мен амалдар мәнісі мен құрылымы жағынан өте күрделі процесс. Немесе ерікті амал, бұл - мазмұны тұрғысынан өте күрделі психикалық әрекет. Бұл әрекет бірнеше кезеңдерден не сатылардан тұрады. Сол сатылардың ретін мынандай сызбамен көрсетуге болады.

Ерікті амал кезеңдері бұл мәселенің мәнін психологиялық тұрғыдан ашып көрсетеді. Әрбір ерікті әрекетте белгілі мақсат бар. Адам қандайда болмасын белгілі бір істі орындау өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін өз жағдайын соған бейімдейді. Бұл - алға мақсат қойып, соған ұмтылу, яғни мақсатты әрекет немесе не себептен адам осындай қажеттілікті орындауға тиіс, ол не үшін қажет деген тілек білдіру. Содан кейін осы тілекті орындаудың жолдарымен әдіс амалы іздестіріледі. Олардың ішінен аса қажетті және маңызды дегені таңдап алынады. Айталық мамандықты өзгерту керек, не экскурсияға бару керек болады. Бұл кезеңде адам алдына қойған мақсатын тек қалап қана қоймай, оның мәнін түсінеді, ақыл-ой талқысына салады. Сөйтіп оған қалайда жетуге әрекеттенеді. Бұл ерікті әректтің интелектуалдық кезеңі.

Нағыз ерікті әрекет адамның алға қойған мақсатына жету үшін белгілі тоқтамға келіп, шешім қабылдауынан көрінеді. Бұл да жауапты кезең. Шешімдердің бөліну теориясы. Ғылым бұл теорияның маңызын зерттеумен ғана шектеліп қалмай, оны математикалық электронды есептеу машиналарына ниеттеледі. Бұл теория көптеген проблемалық мәселелердің дәрежесін зерттеуге де пайдалануда. Кейбір зерттеулердің пайымдауынша, шешімдердің бөліну теорисы адамдар мен ұйымдардың күрделі мәселелерді тияанақты шешіп отыруға ұйытқы болатынын ерекше атайды. Сондықтан бұл теория өндіріс орындары мен шаруашылық мекемелерінде, ғылыми бірлестіктерде және мемлекеттік орындарда кеңінен қолданылады.

Әрине, адам белгілі шешім қабылдап, оны жүзеге асыру жолдарын жоспсрлап алғанымен, көптеген объективті, кездейсоқ қиыншылықтарға ұшырайды. Мұндай жағдайда қолайлы жағдай туғанша, адамның өзі қабылдаған шешімін қоя тұруына тура келеді. Дегенмен, осы шешімді жүзеге асыру оның көкейкесті мәселесі болып қала береді. Осы жағдайға орай адам енді барлық ерік-жігерін өзі көксеген ісін орындауға жұмылдырады. Осы кезеңде кездескен қиыншылықтарды жеңу үшін адам стрестік жағдайға ұшырауы мүмкін. Алайда, қажеттілігін қалайда орындау үшін ол оған барлық саналы еркін бағыттайды. Күш салуда адам: а) мақсатына жете алмағанына қайғырады, бұл мінездегі ерікті әрекетінің көрінісі. ә) іштей ойланып, бойын мақсатына жетуге деген борыштық сезім билейді, ал борыштық сезімнің көбеюі - азаматтық сана. Дегенмен, адамның уайымы жекеменшіктік сезім мен қоғамдық мақсаттың арасында ауытқу тудырады. Сөйтіп бұл жердегі, ниет күресі адамның екі бағыттың қай жағына қарай ауытқитындығын анықтайды.

Ерік - қайратының күшеюі талпыну тек шешім қабылдау барысында ғана емес, оны орындау кезінде де әртүрлі ауытқу мен уайымға ұшыратуы мүмкін. Бұл ретте сыртқы кедергілерді жою қажет болады. Алға қойған мақсатқа жету үшін адам өз мінезіндегі бұрыннан қалыптасқан мүддесін сенімін, өзін-өзі бағалай білуін, ерік-қайрат қасиеттерін талдап, оларға бақылау жүргізе білу керек. Мұндай әрекет адамның еркін білдіретін психологиялық сапа болып табылады.

Адамның еркі сонымен мақсат қоюдан басталады. Мәселен, орта мектепті бітіретін оқушының арнаулы оқу орнына түсуге талабы бар дейік. оқушының бұл мақсаты алдына қоюына оның мәдени қажеті, білім алуға тырысуы себеп болады. Кез келген адамнан «сен не үшін оқисың?» деп сұрасаң, оның нендей болса да бір дәлел айтатыны түсінікті.

Адам осылай өзінің келешекте белгілі бағытта істейтін ісінің мәнін, жоспарын белгілейді. Мұны еріктік амалдың бастамасы - тілек немесе ниет деп атайды. Тілек - келешекте істейтін ісіміздің ойға бекуі. Мәселен, «газетке мақала жазсам», «өзенге барып шомылсам», «домбыра тартып үйренсем», т. б. деген сөйлемдерде адамның түрлі тілегі бейнеленген. Бұларда белгілі бір қажетті өтеу көзделген, бірақ оны орындау жолдары әлі де болса көмескі, яғни оның жоспары сызылмаған. Дегемен осы секілді тілектерде еріктік амалға тән талғамалық сипат бар. Ал талғау ниетке ой әрекетінің араласуын қажет етеді. Ой тезіне салу арқылы адам өзіне қажетсіз тілектерді тежейді де, қажеттілерін орындау үшін тиісті жоспар сызып, амал-айла, әдіс қарастырады. Соңғы жағдай ғана адамның тілегін, нақтылы кесімді түрге келтіреді.

Бірақ “тұлға” ұғымы тек психологияға тән емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі, оның ішінде философиямен, әлеуметтанумен, педагогикамен, т. б. Сонда психологиялық ғылым шеңберінде тұлғаны зерттеу спецификасы неде және психологиялық тұрғыдан тұлға дегеніміз не?

Алдымен сұрақтың екінші бөлігіне жауап беруге тырысайық. Бұны жасау оңай емес, себебі тұлға деген не деген сұраққа барлық психологтар түрліше жауап береді. Олардың жауаптары мен ойларының әрқилы болуы тұлға феноменінің күрделі екендігін білдіреді. Осы орайда И. С. Кон былай деп жазады: “ Бір жағынан, ол нақты индивидті әрекет субъектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рольдерімен бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым-қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным және қарым-қатынас субъектісінде көреді. ”

Ғылыми әдебиеттегі тұлға анықтамаларының әрқайсысы тәжірибелік зерттеулермен және теориялық негіздеулермен бекітілген, сондықтан “тұлға” ұғымын қарастырғанда оларды ескеру керек. Тұлға деп жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды түсінеді. Яғни, тұлға сипаттамалары қатарына адамның генотиптік және физиологиялық ұйымдасуымен байланысты ерекшеліктер жатқызылмайды. Адамның танымдық психикалық процестерінің немесе әрекеттерінің жеек дара стилі даму ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тұлға қасиеттері қатарына жатқызылмайды, ал адамдар мен қоғамға қатысты көрініс беретін қасиеттер тұлғаның қасиеттері болып саналады. “Тұлға” ұғымының мазмұнына көбінесе басқа адамдарға қатысты маңызды іс-әрекеттерді анықтайтын қасиеттерді де қосады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам - жеке түлға ретінде
Жеке тұлға
Тұлғаның рухани дамуындағы эмоция мен еріктің психологиялық маңыздылығын зеттеу
Ерік туралы жалпы ұғымдар
Мәміле жарамдылық шарты
Мәміленің жарамсыздығы, түрлері және ескіру мерзімі
Жеткіншектердің жеке бас қасиеттері
Тұлғаның денсаулық жағдайының ерік сапаларымен байланысы жайлы теориялық тұрғылар
Психикалық құбылыстардың топтастырылуы
Мәміле түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz