Антропологиядағы феминизм


Антропологиядағы феминизм
АНТРОПОЛОГИЯ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ
Антропологиядағы феминизм
Тақырыпты оқудың мақсаты - феминистік сын-пікірлердің белгілі бір қоғамдағы гендер- лік байланыстарды және жалпы адамзат қоғамындағы гендердің құрылымдық принциптерді қамтитындығын айқындау.
Феминизмнің үлкен теориялардан өзгешелігі ол ер адам мен әйел адамның рөлі және гендерлік рәмізділік сияқты кішігірім сұрақтармен айналысады. Бірақ соңғы жиырма жылдың ішінде ол кішігірім сұрақтар ауқымынан жеке бір гендерлік теориялық парадигмаға және антропологиялық деңгейге дейін көтерілді. Ол алғашқыдағы әйел мен әйел адамның бағынышты рөлдегі орны туралы мәселелер деңгейінен күрделірек мәселелерге ауысты. Оның ішінде билік қатынастарына байланысты пікірлер, рәміздік ассоциациялар, рефлексивтік дискурс, этнографтың гендері және соған сәйкесінше оның антропологиялық далалық зерттеулерде алатын орны деген сияқты жалпы қоғамдық мәселелермен айналысатын болды. Сол себепті де оның постмодернистік сұрақтарға жақын тұстары көп. Алайда барлық феминистер өздерін постмодернистерміз деп атамайды, ал барлық постмодернистер өздерін феминистерміз деп айтпайды. Көп жағдайда антропологияны бір-бірімен бәсекелестіктегі парадигмалар мен әртүрлі мектептердің үлкен идеяларының жиынтығы деп ойлау ыңғайлы. Көпшілік осылай санағанмен де, антропологияда басқаша ойлайтын мавериктердің де бар екенін айту керек.
Феминистік сын-пікірлер белгілі бір қоғамдағы гендерлік байланыстарды және жалпы адамзат қоғамындағы гендердің құрылымдық принциптерін анықтайды. Осы екеуінің бірін- шісі жеке мәселелермен айналысады деп қарастырылуы мүмкін, бірақ екіншісі теориялық сұрақтармен айналысатын болғандықтан, ол марксизм, постструктурализм немесе постмо- дернизм сияқты көзқарастар қатарында талдануы қажет
.
Гендерлік зерттеулерден феминистік антропологияға
Хенриетта Мур феминистік антропологияның түсіндірмесін беруде феминистік антропо- логия этнографиялық зерттеуде әйел адамды ескерусіз қалдырумен байланыстырып қарас- тырылғанымен де, феминистік антропологияның негізгі сұрағы бейне мәселесіне келіп тіре- летінін айтады. Әйелдер ұзақ уақыт бойы үнсіз, сыйлауға тұрмайтын, некелесуге арналған нысандар ретінде т. с. с. ғана қарастырылып келді. Олар ешқашан да әлеуметтік өмірдің темірқазығы ретінде қарастырылмады.
Әйел антропологтар антропологияға XX ғасырдың басынан бастап келе бастады. Бірақ олар кішігірім қоғамдарда далалық зерттеу жұмыстарын «құрметті ер адамдар» ретінде жүргізіп келді. Уақыттың өтуімен біздің пәнде қоғамдағы әйел адамның алатын рөлінің маңызды екені белгілі бола бастады. Өйткені көптеген әйел этнографтар күнкөріс және әйелдер қатысатын ғұрыптарға байланысты дүниелерде әйел адамның атқаратын іс-әрекеттерін сипаттап жаза бастады. 1970 жылдардың басында ер адамдарға басымдық бере зерттеуді сынау кеңінен белең ала бастады. Соның ішінде зерттеліп отырған мәдениетті ер адамдарға икемдеп зерттеп, антропологияның өзін ер адамның мүдделеріне сай зерттеді.
Бұл кезнңде жалпы батыс мәдениетінде ер адамдарды жоғары бағалау әдеті сынға алына бастады. Феминистік антропология ер адамдарды негіз ете отырып зерттеу жүргізу әдісін деконструкциялауды мақсат етті. Сол себепті де феминистік антропология «әйелдер антропологиясынан» дамып шықты. Осы орайда айтылатын маңызды нәрсе феминистік антропологияда әйелдер рөлі туралы жайлы жазу негізгі мәселе болғанымен де, ол сонымен бірге гендерлік қатынастарды да зерттейтінін естен шығармау керек. Мурдың сөзімен айтатын болсақ, «Феминизм мәдениетте гендер қалай қабылданады және құрылады деген сұрақпен айналыспайды, ол экономика, туысқандық және ритуал сияқты ұғымдар гендер арқылы қалай қабылданады және құрастырылады деген сұрақпен айналысады».
Феминистік антропологияның алғашқы кезде дамуына көп үлес қосқан ер адам еді. Едвин Ардинер қоғамдағы басым топтар сөйлеу құқығын иеленеді деген пікірді айтты. Сол себепті де «үнсіз» топ, Ардинердің қолданған теңеуі, көп жағдайда өз пікірін білдірмейді. Кез келген қоғамда осындай топтың негізін әйелдер құрайды. Әйелдің дауысы естілетін қоғамдардың өзінде де олар бақылауда ұсталады, өйткені олардың сөйлеу тілі үстемдік етушілердің тілінен басқаша: әйелдер мен ерлердің әлемді қабылдауы әртүрлі. Ардинердің ойынша, антропологияның өзінде де ер адамдар үстемдік етеді. Бірақ оның өз себептері бар. Антропологтардың барлығы ер адамдар немесе егер антрополог әйел адам болса, ер адамдарға басымдық беретін ғылыми ортада білім алғандар болып саналады. Жалпы бұл пәннің өзі ер адамдар жасап шыққан өнімге жатады.
Антропологиядағы феминист ғалымдар этнограф әйелдердің антропологиядағы алатын орнының маңыздылығын зерттеумен айналысты. Мур осы мәселені қарастыруда үш түрлі топты ұсынады: геттоландыру, яғни «әмбебап әйел» деген тұжырымды қалыптастыру, этноцентризм және нәсілшілдік. Біріншісі бойынша әйел адамды зерттейтін жеке кішігірім пән тармағын қалыптастыру идеясы қарастырылады. Мур үшін феминизм жалпы пәнді сынау; феминизм бәрін қамтитын теориялық көзқарас және феминизм осы пәндегі арнайы бір тақырыпты ғана зерттейтін тармақ емес.
Мур көтерген екінші мәселе әйелдер барлық жерде бірдей деген қате тұжырымға қатысты. «Әйелдер» категориясын бұлай қарастыру жеткіліксіз, оны тереңірек зерттеу қажет дейді ол. Сонымен бірге егер этнографтың өзі әйел болса және ол зерттеп отырған нысан да әйел адам болатын болса, олардың екеуінің бір нәрсеге қатысты ой-пікірлері бірдей болады дегенді білдірмейді. Қысқасын айтқанда, феминистік антропология бос, бірақ батыл тұжырымдарға сүйенбей, этнографияға сүйенуі керек.
Мурдың қарастыратын үшінші мәселесі феминистік қабылдау түсінігіне қатысты. Эконо- мика, туысқандық және ғұрыптар гендер негізінде қабылданады. Этнос пен нәсіл де дәл солай. Адамдарда әртүрлі бірегейлік болады, бірақ олар бір-бірінен оқшауланбаған, олар бір- бірімен байланысқан. Мысалы Лондоннан шыққан қара нәсілді әйел тек қара, тек әйел, не тек лондондық емес. Оның бірегейлігі осы статустар мен басқа да оның белгілерінің бір уақытта жасалатын күрделі контекстінен тұрады. Бұндай көзқарас Радклифф-Браун сияқты дәстүрлі фукционалистік антропологтардың көзқарасына қарама-қарасы келеді. Өйткені дәстүрлі антропологияда бірегейлік күрделі болады, бірақ оның құрамындағы элементтер жеке-жеке жұмыс атқарады дейді.
Адам баласы - тұлға ретінде әлеуметтік қарым-қатынастардың кешені. Ол Англияның азаматы, біреудің жолдасы, біреудің әкесі, кірпіш қалаушы, методистік шіркеу қауымдастығының мүшесі, бір сайлау округіне тіркелген дауыс беруші, сауда қауымдастығының мүшесі, Лейбо- ристік партияны қолдаушы т. с. с.
Гендер рәміздік құрылым ретінде
Гендерді зерттейтін антропологтар зерттеу пәнін екі түрлі тұрғыдан қарастырады: гендер рәміздік құрылым және гендер әлеуметтік қатынастардың күрделі кешені ретінде.
Біріншісі, Эдвин Ардинердің «Сенім және әйел мәселесі» еңбегімен және Шерри Ортнердің «Әйел мен ер адамды салыстыру табиғат пен мәдениетті салыстыру ма?» деген мақаласымен байланыстырылады.
Ортнердің мақаласын қарастырайық. Оның пікірінше, барлық жерде әйелдер табиғатқа теңестіріледі. Оның себебі - жаңа өмірді сыйлайтын ер адам емес, әйел адам екендігінде. Барлық мәдениетте табиғат пен мәдениетті бөліп қарастыру әдетке айналған, сол себепті де мәдениетті ер адаммен байланыстыруға болады. Осыдан соң ол әйелдердің өмірге бала алып келу рөліне байланысты әйелдер үй шаруашылығымен айналысуы қажет деген пікірді келтіреді. Сол себепті де әйелдер табиғатты білдіреді, ал ер азаматтар мәдениетті білдіреді. Бірақ осы жерде ескеретін бір нәрсе әйел адам табиғатпен байланысты деген түсінік әйел адамның өз сенімінен шықпаған. Бұл - табиғат пен мәдениеттің қарсы мәндестігіне байланысты қалыптасқан мәдени әмбебап сенім.
Ортнердің мақаласы феменистік антропологияның негіздерін түсіндірмейді, бірақ ол көптеген пікірталастардың туындауына себеп болды. Көптеген феминистер оның ұсынған үлгісіне қарсы қатаң сын білдірді, кейбіреуі оның үлгісіне сай келмейтін этнографиялық деректерді мысалға келтірді. Сондай мысалдардың ішіндегі ең белгілісі - Джейн Кольер мен Мишель Розальдоның сипаттаған «қарапайым қоғамдар». Олар үшін аң аулаушылық пен жинап-терушілікке негізделген Оңтүстік Африка, Австралия және Филиппин аралдарындағы қоғамда баланы дүниеге әкелу немесе ана болу «табиғатпен» байланыстырылмайды дейді. Сол секілді олар әйелдерді өмірге бала әкелуші және оларды өсіруші ретінде де қарастырмайды. Бұл қоғамдар таза эгалитарлы қоғамдар және әйелдер баланы ер адамдармен бірлесе отырып өсіреді.
Гендер әлеуметтік қатынастар кешені ретінде
Кольер мен Розальдоның көзқарастары гендерді әлеуметтік қатынастар кешені ретінде қарайтын идеямен үндеседі. Бұндай көзқарас әдетте мәдени белгілерге қарағанда әлеуметтік белгілерге басымдық берумен ерекшеленеді және бұл көзқарастағылар эгалитарлы қоғамдар мен ер адамдар үстемдік ететін қоғамдар арасындағы шекараны анықтауға тырысады. Бұл көзқараста әйел адамды әмбебап түрде барлық жерде бағынушы рөлде қарастыру мәселесі негізгі орын алады. Өйткені ол әйел адамдар бағынушы рөлінде болып есептелмейтін эгалитарлы қоғамдар болатынын алға тартады.
Розальдо әйелдерді, мәдениетті және қоғамды зерттей келе, әйелдердің табиғатпен емес, үй шаруасымен байланысына қарай бағынушы рөлге ие деген қорытындыға келеді. Марксистік феминистер бұл мәселені бұдан да тереңірек зерттеді. Элонор Ликок бұдан да әрі кетті. Ол осыған дейінгі ғалымдар отарлау мен әлемдік капитализм себебінен ер адам мен әйел адам қарым-қатынасын өзгертіп көрсетті, тарихты шынайы қалпында жазбады деген пікірді ұсынды. Жақсы дәйектермен жазылған бұл мақалада автор қоғамдық/жеке деген бөлінушілік азық жинаушылардың арасында олар өркениетпен қатынасқа түскенге дейін болмаған деген ойды айтады. Ал әйелдердің бағынушы орында болуы жеке меншіктің дамуымен келген. Ол Лабрадордағы инну халқының тарихы мен этнографиясын зерттей келе, XVII ғасырдан бері бұл өңірдің саяси билігінде көптеген елеулі өзгерістер болғандығын табады. Тура осы сынды зерттеулер аборигенді австралиялықтар арасында жүргізілгенде, ол жерде де осындай жағдайдың болғаны анықталады.
Әлем бойынша ер адамның әмбебап үстемдік ету құбылысын түсіндіруге әртүрлі тал- пыныстар жасалды. Кейбіреулер осы мақсатта гендерді рәміздік құрылым ретінде және оны әлеуметтік қатынастарда бекітілген деген сияқты көзқарастармен біріктіріп қолданды. Ондай бағытты ұстанғандардың ішіндегі ең қызықтысы Сальватор Каккиаридің пікірі. Найт секілді Каккиари де гендерлік қатынастардың тарихын қайта құрып шығуға болады деген пікірді ұстанады. Оның ойынша, алғашқы кездері екі жыныс арасында теп-теңдік болған, жалпы жынысқа бөлу болмаған.
Ең алғашқы жынысқа бөлінушілік «аңшы» және «баланы бағушы» деген түсініктен шыққан, ер адам мен әйел адам деп бөлу болмаған. Бірақ әйел адамның баланы баға алатын ерекше қабілеттері байқалған соң, әйелдер қасиетті категорияға жатқызыла бастады. Бала бағушылар прото-әйелдерге айналды. Осыдан кейін гетеросексуалдық, сексуалды қызғаныш, сексуалды билікке ұмтылу пайда болды. Осылардың салдары әлем бойынша ер адамдық әмбебап үстемдіктің пайда болуына алып келді.
Көптеген феминистер бұндай спекуляциядан бойын алшақ ұстағанымен де, гендер антро- пологиясында осындай ізденістерге орын бар. Гендерлік иерархияның шығу тегі туралы мәселе феминистерді билік түрлерінің байланысын зерттеуге алып келді. Бірақ олар қай билік түрін зерттесе де, оның негізінде гендерлік өзгешелік жатыр деп қарастырады. Антропологиядағы феминизм туысқандықты зерттеу мәселесінің бағытына да біраз өзгерістер әкелді. Әсіресе марксизмге қатысты айтылған сын-пікірге байланысты өзгерістер болды. Екінші жағынан феминистік антропология дәстүрлі этнографиядағы ер адамдардың келбеті туралы зерттеулер жүргізді. Әр мәдениеттегі ер адамның келбеті туралы зерттеулер жүргізу нәтижесінде Лила Абу-Люгод бедуин әйелдерінің әлеуметтік өмірі қалыпты әмбебап түсініктерден өзгеше болатындығын тапқан. Дәл осы этнографтың өзі феминистік сын-пікірлер мен «жартылар» көзқарасын ұстанатындардың жұмыстарына сілтеме жасай отырып, олардың сын-пікірлері мәдениет концептісін түсінуді қиындатады дейді. Оның ойынша, антропологтар өздері зерттеп отырған мәдениеттегі иерархиямен күресу үшін сол «мәдениетке қарсы» жазу керек.
Кейіптеу
Феминистік теория мен Фуконың зерттеулері нәтижесінде адамды бірегейлік көзқарасы тұрғысынан зерттеу пайда болды. Осының салдарынан адамды жыныс пен гендерге бөлу мәселесі туындады. «Кейіптеу» мәселесі гендерлік аспектілерден тыс сұрақтарда да соңғы кезде үлкен қызығушылық тудыруда. Атап айтатын болсақ, Томас Ксордас Мерло-Понтидің кейіптеу түсінігі нақты анықталмаған деген пікіріне сүйеніп өз теориясын жасайды. Оның көзқарасы 1970 жылдары пайда болған «ағза антропологиясы» деп аталатын көзқарасқа қарағанда әлдеқайда радикалды.
Ағза дегеніміз - дене мүшелерінің бірлігінен ғана тұрмайды, оның мағынасы әлдеқайда кең. Тіпті бір адамда бірнеше ағза болуы мүмкін, мысалы физикалық ағза және әлеуметтік ағза немесе жеке, әлеуметтік және саяси ағзалар болуы ықтимал.
Эндрю Стратерн мен Памела Стюарт кейіптеуді ғұрыптарды түсінудің коммуникативті жолдары ретінде түсіндіреді. Олардың түсінігінде кейіптеу орындаушыдан талап етілетін ғұрыпты атқарудағы іс-әрекетті білдірсе, коммуникативтілік әлеуметтік контекстке мән береді және ол контекстке сол ғұрыпты реттеп отыратын аруақтардың күші кіреді. Екі ғалымның өз анықтамалары былай келеді: «Кең мағынада қарастыратын болсақ, біз кейіптеу деп белгілі бір әлеуметтік құндылықтар мен мінез-құлықты адамның ағзасында және адамның ағзасы арқылы іске асыруды айтамыз».
Басқа бір топ ғалымдары бұл концептті тек қана билік пен гендер қатынасын зерттеуге ғана емес, сонымен бірге жануарларға қатысты зерттеулерде де қолданады. Мысалы, Донна Харрауэй гендер де, феминизм де кейіптеумен байланысты дейді. Кейіптеу жеке адамға және ұжымға қатысты қолданылса, коммуникация ұжымдық мағынада жүреді, яғни барлық әйел адамдар тобына қатысты.
Екі маверик эклектик
Бұл соңғы тараушада автор екі ғалым туралы жазады. Оларды мавериктерге жатқызу себебі - олардың кәсіби жолы антропологиямен байланысты емес. Грегори Бейтсон мен Мэри Дуглас антропологияның әлеуметтік ақыл-ой тақырыбындағы саласына елеулі үлес қосты. Екеуінің де рөлі біздің пәнімізде жоғары бағаланады, бірақ екеуі де белгілі теориялық процестер бойынша жүрмейді.
Бейтсон XX ғасырдағы ең көрнекті ғалымдардың бірі болып саналады. Алайда ол университетте арнайы факультеттің негізін қалаған жоқ, өзінің замандастары мен шәкірттері тарапынан қолдау да тапқан жоқ. Оның Радклифф-Брауннан бастап постмодернистерге дейінгі ғалымдардың арасында үлкен ықпалға ие болуының себебі, ол мәдениеттің ауытқуы деп есептелетін нәрселерден мағына табу қабілетіне ие еді.
Грегори Бейтсонның әкесі Уильям Бейтсон - қазіргі заманғы генетиканың негізін қалаған адам. Сол себепті де Грегори алғашында биологияға қызықты. Ол Кэмбриджде зоология мен антропологияны оқып шықты. Осыдан кейін 1927 жылы Жаңа Гвинеядағы иатмулдар арасында далалық зерттеулер жүргізуге аттанды. Онда ол Маргарет Мидпен кездесіп, екеуі үйленеді. Кейінірек екеуі бірге Балиде далалық зерттеулер жүргізеді. Бейтсон Риверс секілді психиатрия бағытында жұмыс істейді. Ол көбіне ішімдікке салынғандар мен шизофриниктермен айналысты. Өмірінің соңғы бөлігін ол дельфиндердің өмірін зерттеумен өткізді. Сонымен бірге экологиялық жасылдандыру науқандарына да қатысты және білім жүйесіндегі барлық сатыларында радикалды әдістерді қолдану керек деген пікірде болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz