Антропологиялық мектептер және оның келешегі


Антропологиялық мектептер және оның келешегі
АНТРОПОЛОГИЯ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ
Антропологиялық мектептер және оның келешегі
Мәдениет пен тұлға - Рут Бенедикт пен оның жолын ұстанушылардың жеке тұлғаның емес, жалпы мәдениет «тұлғасының» маңызына мән беріп зерттейтін көзқарасы. Мәдениет шеңбері - өзара байланысты мәдени белгілер тобы немесе сол белгілер табылған географиялық аймақтар. Бұл ой іргелі неміс-аустриялық диффузионистеріне тән. Олар осы шеңберлер ертеректегі мәдени шеңберлердің үстінен басып тарап отырады деп есептеген. Мәдениеттану - бұқаралық мәдениетті зерттейді. Бұл пәннің антропология пәнімен ортақ тұстары бар болғанмен де, оның өзіндік қалыптасу тарихы бар және ол көбіне әдеби сын-пікірмен және социологиямен байланысты.
Әдетте, антропология туралы сөз болғанда оның әр елде қалыптасқан ұлттық мектептері туралы айтылады. Көп жағдайда солай жасау тиімді де. Автордың ойынша, антропологияны осылай қарастыру Боас пен Малиновский, Радклифф-Браун қалыптастырған мектептердің және антропология мен социологияның арасындағы байланысты түсінуге өте тиімді. Әрбір жаңа көзқарас бір адамның ой өрісінің нәтижесі екені рас. Бірақ ол адам қандай жағдайларда өз теориясын дамытқанын да ескеру керек. Ол жағдай тек бір ғана оқиғаға байланысты болуы мүмкін немесе бір уақытта болған бірнеше факторлардың нәтижесі болуы мүмкін. Автор белгілеген маңызды жылдар мыналар: 1748 - Монтескьенің «Заң рухы» кітабының жарыққа шыққан жылы, 1871 - маңызды еңбектер жарыққа шыққан және антропология институтының қалыптасқан жылы, 1896 - Колумбия университетінде Боастың антропология факультетін ашқан жыл, 1922 - Риверстің өмірден өтуі, Малиновский мен Радклифф-Браунның белгілі еңбектерінің жарыққа шыққан және олардың функционалистік теория бойынша дәріс беріп бастаған уақыты.
Антропология тарихы мен теориясы Географиялық/Антропологиялық мектептер: Мон- тескье, Сен-Симон, Конт, Спенсер, Дюркгейм, Мосс; Əлеметтану мектептері: Фергюсон, Смит, Джонс, Причард; Этнология-социология: Мэн, Мак-Леннан; Антропология институты: Лаббок, Морган, Тайлор, Фрезер, Гримм, Боп, Гумбольдт; Мюллер филология мектептері: Бастиан, Ратцель, Гребнер, Боас Кребер, Лоуи, Риверс, Малиновский, Радклифф-Браун; Британ антро- пология және Аамерика антропология мектері; Этнологиялық/Антропо-логиялық мектеп. Осы орайда айтатын нәрсе - дәстүрлі антропологияны ұлттық мектептермен бір қатарда қарастырудың оңай емес екендігі. Фортес бірнеше рет қазіргі әлеуметтік антропологияның «екі түрлі даму тарихы бар» деп атап өткен. Автордың көзқарасы бойынша антропологияның дамуын кері тізбекпен қарастыратын болсақ, ол: Радклифф-Браун, Лоуи, Риверс, Морган мен Мэн тізбегінен тұрады, екіншісі де кері ретпен Крёбер, Малиновский, Фрэзер, Тайлор мен Боас тізбегінен тұрады.
Фортес антропологияның екі түрлі шығу тегі туралы сөзін ары қарай жалғастырып, аталған ғалымдардың әрқайсысын екі тармаққа да жатқызуға болатынын айтады. Өйткені олардың әрқайсысы зерттеу мақсаттарына байланысты бір-бірінен керегін алып отырған. Барлық теориялық көзқарастардың бірігіп кетуі - қисынды мүмкіндіктердің бірі. Алайда жақын арада барлық парадигмалар бірігіп, келісілген бір ортақ парадигма орнығуы екіталай. Кейде кейбір жеке тұлғалардың идеялары бір-бірімен біріктірілуі мүмкін. Ондай жағдайлар бұрыннан бері, Эдмунд Личтан басталып, жалғасып отырған. Қазір көп антрополог бірнеше парадигма аясында ізденіс жүргізді, кейбіреуі бірнеше көзқарасты біріктіріп отырады. Егер кең ауқымда қарайтын болсақ, қазір үш түрлі аспектіде зерттеу байқалады: интерпретация, іс-әрекетке бағытталған көзқарас және құрылым. Осы сынды парадигмалардың арасындағы байланыстар әлдеқашан талданданған. Бірақ ол байланыстарды талдаудың басқа да жолдары болуы мүмкін. Мысалы, кей ғалымдар құрылым, оқиға және тарихты басты назарға алатын парадигмалар басым дейтін көзқарасты ұсынады.
Олардың көзқарасынша, аймақтық салыстырулар, марксизм, құрылым, тарихтың да элементтері болуы мүмкін. Ал басқа көзқарастарда оқиғаны талдауда аймақтық салыстыру мен марксизмді араластыра отырып қолдануға болады. Бүгінгі антропологтар көптеген белгілі әдістер мен көзқарастар ішінен өзіне ыңғайлысын таңдап ала алады. Олардың таңдауы әдетте әртүрлі ықпалдардың нәтижесінде жасалады. Әртүрлі көзқарастарды біріктірудің де сан алуан жолдары бар. Бұл жағдайдың жақсы жақтары көп және бұл нағыз постмодернистік процесс.
Осы жерде туындауы мүмкін қауіптің бірі - тар мағынадағы постмодернистік көзқарастар ысырылып тасталуы мүмкін. Өйткені кейінгі постмодернистер оларды постмодернизмге дейінгі көзқарасқа жақынырақ идеяларды ұсынуына байланысты теріске шығарып тастауы ықтимал. Дегенмен зерттеу тақырыбының ерекшелігіне байланысты қажетсіз теорияларды қолданбай, әртүрлі, бір-бірінен өзгеше көзқарасты қабылдау - Франц Боастың релятивизмінен бері келе жатқан ескі дәстүр. Шынымен, тіпті оған дейін де антропологтар өзге ықпалдарды қабылдап, бірнеше көзқарасты біріктіруге ерікті болатын.
Мысалы, Морган мен Тайлор диффузионизмді асқан құлшыныспен өздерінің бір тізбекті эволюционистік көзқарасына кіріктірді. Сонымен бірге антропологтар теорияның әртүрлі деңгейлерімен жұмыс істейді: ғаламдық деңгейдегі, орта деңгейдегі теорияларда және жеке бір теориялық пікірталастар аясында. Жалпы антропология, биологиялық және мәдени антропологияны қоса алғанда бір-бірінен өзгешеленетін екі мәселемен айналысады: адамзат табиғатын түсіну және мәдени өзгешелікті зерттеу. XVIII ғасырдағы ағартушылық дәуірінде осы аталған мәселенің біріншісі ерекше қызығушылық тудырған тақырып болды. XIX ғасырда антропология дами түскен соң, полигенезистер үшін мәдени өзгешелік басты сұраққа айналды. Кейінірек біртізбекті эволюционистер де осы сұрақтың жауабын табуға тырысты. Боастың және ерте релятивистердің келуімен өзгешелік адамзат кереметінің белгісі ретінде қабылданып, осы көзқарас соңғы кездері қайта белең ала бастады.
1970 жылдардан бастап релятивистер қайта оралды. Содан соң, олар әлеуметтік заң мен структуралистік бағыттағы тақырыптарды мәдени әмбаптық тарауына кіріктірді. Антропология тарихы туралы тағы бір ой «Пәннің» шынайы тарихы болуы мүмкін бе? Әлде қандай тарих болса да, ол қазіргі дамыған күйге жету жолында бастан өткізген даму процесі ме? Автордың ойынша, екіншісін қолдауға болатын бірнеше себептер бар. Бұл көзқарас релятивистік көзқарасқа сай келеді. Антрополог қаламды қолға алып жұмысқа кіріскенде, қай кезде де оқиғалардың бірізді даму тізбегіне тап болады. Тарих - соңында бір нәрсеге дамып жетілу мақсатында болатын процестер дейтін көзқарасты «вигтік көзқарас» деп атайды. Бұл терминді 1931 жылы Герберт Баттерфилд енгізді. Оның ойынша, тарих көп жағдайда прогресшілдер мен реакционистер арасындағы келіспеушілік ретінде қарастырылады. Онда прогресшілдер, яғни вигтер ылғи да жеңіске жетіп отырады және өзгерістерге себеп болады. Тарихты вигтік тұрғыда талдау көзқарасы - субъективті және «презентистік» көзқарас. Сол себепті де тарихшылар бұл көзқарасты ұнатпайды. Олардың ойынша, жақсы тарих «тарихи» болу керек.
Алайда бүгінгі жазылып жүрген антропология тарихының басым бөлігі презентистік көзқараста жазылған. Өйткені олар тарихты бүгінгі мәселелермен байланыстырып жазады. Антропология тарихы туралы мифтік антропологтар да жазады. «Мифтік» терминін Малиновский енгізген. Бұл сөздің мағынасы мынадай ұғымда: антрополог өзінің осы пәнде алатын орнын көрсету үшін антропология тарихында ойлап шығарған «мифтік орнын» жасайды. Автор өзінің антропология тарихын жазу әдісін кей жерде «мифтік», кейде «презентистік», кейде «вигтік» әдістерге сәйкес келетінін мойындайды. Бұндай кереғар ойды мойындайтын себебі - бұл кітапты жазғанда, автор антропологияның тарихын жазып шықтым деп мәлімдей алмайтынын айтты: «Мен антропологияның тарихы деп қарастырылуы мүмкін көп тарихтың бірін ғана жазып шықтым. Егер дәлірек айтатын болсам, антропология тарихын емес, антропология теориясын жасауға ықпал еткен әртүрлі идеялардың күрделі байланысын көрсету үшін тарихтың таңдаулы тұстары мен олардың өзара бір-бірімен байланысын жазып шықтым. Бұдан басқа да тарихтың болуы әбден мүмкін». Сонымен бірге идеялардың байланысының күрделілігін көрсететін бұдан да күрделі тарих болуы ықтимал. «Ұлы адам» көзқарасы көптеген кітаптарда кездеседі. Мысалы, Адам Купердің «Антропология және антрополог» немесе Джерри Мурдың «Мәдениет туралы әртүрлі көзқарастар. Қорытынды түсініктер» еңбектерінде. Керісінше Хиатт тарихты жазудың өзіндік ерекше жолын таңдаған. Ол өзінің тарихты қалай көретінін «Аборигендер туралы дәйектер» кітабында береді. Аборигенді қоғамдағы аспектілерге: гендерлік байланыстар, концептілік сенімдер, саяси құрылым, жер мәселесі т. с. с. мән бере жазады.
Ғалым осы элементтерді әртүрлі антропологтар буыны қалай түсіндіргенін көрсету арқылы антропологияның тарихын жазып шыққан. Элман Сервистің «Қарама-қарсылық ғасыры» кітабы антропологиядағы пікірталастар туралы жазады. Ол туысқандық атау немесе мәдениет табиғаты сияқты ең көп пікірталастарға себеп болған тақырыптарды сипаттаған. Мюррей Лиф «Адам, ақыл және ғылым» еңбегінде антропология тарихын философиялық сұрақтармен байланыстыра береді.
Джек Гудидің «Жаулаушылық сәт» және Генрика Кукликтің «Тағылықтың ішкі жағынан қарағанда» кітаптары британдық антропологияның әлеуметтік тарихы туралы жазылған. Бірақ олардың тарихты талдау әдісі және түсіндіру жолы басқалардан көп өзгешеленеді. Джеймс Ерри «Әлеуметтік антропологияға дейін» атты кітабында бірнеше көзқарастарды бір- біріне кіріктіріп жазған. Негізінен, оның жұмысы британдық антропология тарихы туралы. Бұл тізімді ары қарай жалғастыра беруге болады. Алайда осы бар тізімнің өзі тарихты қаншама түрлі жолдармен түсінуге болатынын көрсетіп отыр. Сонымен бірге антропология тарихы деген тарихтың болмайтыны туралы ойымызды дәлелдейді. Қазіргі антропологтар тарих туралы жазып отырмын деп емес, өзі зерттеп жүрген «халқының» этнографиясын жазып отырмын деп мәлімдей алады. Автор өзінің қорытынды сөзінде былай дейді: «Мен бұрынғы антропология теориялары оны қолданушылармен бірге уақыттың өтуімен жоқ болып кетеді деген пікірмен келіспеймін. Керісінше ол теориялар басқа теориялармен немесе жаңа үрдістермен қосылып, жаңа теорияларға сіңіседі деп ойлаймын немесе біраз уақыт өткен соң олар жаңартылған түрде қайта оралып отырады. Біздің пәніміздің негізі ағартушылық дәуіріндегі әлеуметтік келісім түсінігі белең алған кезде қалыптасты. Бірақ жеке ғылыми пән ретінде ол XIX ғасырда бой көтерді. Ертеректегі антропологтардың дәйектерін түсіну үшін оларды егжей-тегжейлі анықтап, түсініп оқу керек. Мүмкін, олардың осындай болуы сол кезде антропологияның енді ғана туындап жатқанымен және антропологияның өткен тарихымен байланысты шығар. Олардың көзқарастары дәл қазіргі антропологтардың көзқарастарымен бірдей маңызды. Өйткені олар өз кезіндегі ғалымдарға қатысты пікірлерін береді. Олар өздерімен замандас ғалымдарға қарсылығын білдіреді не кей жағдайда замандастарының теорияларын ары қарай жетілдіріп, өзгертіп отырады».
Эволюционизм әдетте XIX ғасырға тән ғылым ретінде қарастырылады. Олай болатын бол- са, XX ғасырдағы кереғар пікірлер туралы не айтуға болады? Эволюция толығымен прогресс немесе әлеуметтік даму түсініктерінен алшақ тұрмайды. Шындығында, «прогресс» концептісі XIX ғасырға байланысты концепт және ол осы күнге дейін біздің ойымызда сақтаулы.
Қазір қолданып жүрген «даму» сөзінің бүгінгі мағынасында қолданылуы тек 50-60 жыл бұрын ғана басталды. Бұл сөз нашар елдердің экономикасын бай елдердің экономикасымен теңестіру мағынасында қолданылып жүр. Алайда, шындығында, бұл концепт - викториандық эволюция теориясының қайта жаңғыртылып шығарылған нұсқасы. Онда XIX ғасыр соңындағы реформаторлар мен қоғамды зерттеушілердің түсінігіндегі технология, экономика және қоғам туралы ұқсас пікірлер ұсынылады. XIX-XX ғасырдың антропологтарына ортақ нәрсе - ол кездің антропологтары барлық зерттеу нысанындағы заттардағы не құбылыстардағы себеп- салдарлық байланыстарды «прогресс» немесе «жетілу» аясында қарастыруға тырысты. XX ғасырдың кейбір ғалымдары адамзат мәдениетінің шығу тегін анықтауға тырысты. Осының нәтижесінде керемет жаңа салалар пайда болды. Мысалы, археология, лингвистика және адам генетикасы сияқты.
Диффузионизм қазір таза түрде жоқ. Бірақ диффузионистік идеялардан дамып шыққан тарихи ерекшеліктерге мән беру, тарихи-мәдени аймақ сияқты көзқарастарға деген қызы- ғушылық соңғы кезде артып келеді. Аймақтарды зерттеу әдісі әртүрлі теориялық мектептер ішінде жиі қолданылатын болып жүр. Өйткені ол өзара байланысты мәдениеттердің арасындағы ұқсастық пен өзгешелікке көп мән береді. Аймақтық зерттеулерге деген қызығушылықтың артуы қазіргі антропологтар жасаған көптеген этнографиялық зерттеулерге байланысты болып отыр.
Релятивизм Боас кезеңінен бері солтүстік Америкада ең танымал антропологиялық мектептердің бірі болып келеді. Белгілі бір деңгейде антропологияны релятивистік ғылым деп айтуға болады. Өйткені ол адамзат мәдениетіндегі әркелкілікті зерттейді немесе жеке мәдениеттің өзіне мән беруге бағытталған. Әрине, бұл барлық антропологтарды релятивистер тобына жатқыза салуға болады дегенді білдірмейді. Керісінше релятивизмге қарсы және релятивизмді қолдаушы да топтар қазір көптеп кездеседі. Оның үстіне, рефлексивтіктің жаңа релятивизмі мен дискурстық талдаулар тек Боастың идеяларын ары қарай жетілдіруден ғана емес, пәнаралық постмодернистік көзқарастың ықпалынан да туындап отыр.
Функционализм мен диффузионизм мектептерімен қазіргі антропологтардың аз ғана тобын байланыстыруға болады. Алайда функционалистік әдістеме далалық зерттеу антро- пологиясының негізі болып қала бермек.
Структурализм Леви-Стросстың еңбегінің нәтижесінде кең танымал болды. Оның ықпалы антропология ауқымынан шығып, басқа ғылымдарда да байқалды. Антропология ауқымын- дағы марксистік көзқараста структуралистік элементтер берік орын алды. Аймақтық салыстырмалар теориялық парадигма ретінде өз бастауын Леви-Стросстың структурализмінен және содан кейін пайда болған голландтық мектептен алады. Белгілі бір деңгейде интерпретивистер мен постмодернистер де структурализм мен функционализмге негізделген. Бір қызығы, олар өздерінің негіздері осы бастаулардан басталатынын жоққа шығара отырып, сонысымен өздерінің структуралистік және функционалистік мәнерде талдайтынын көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz