Ауыспалы уақыт концептілері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Ауыспалы уақыт концептілері
АНТРОПОЛОГИЯ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ

Рефлексивтілік және рефлексивизм

Барлық антропологтар салыстырулар жасайды. Өз үйінен жырақта зерттеу жүргізетіндер классикалық түрдегідей нуэрлар мен тробриандтар қоғамын салыстыруы мүмкін. Тағы бір басқа топ салыстыруды өзара технология, география не лингвистика бойынша ұқсас мәдениеттер арасында жүргізу керек дейді. Өз қоғамына мәдениеті не географиясы бойынша жақын қоғамдарды зерттейтін ғалымдар тобы әдетте зерттеліп отырған мәдениетті өз мәдениетімен салыстырады. Кейбір экстремист ғалымдар өз мәдениетін өз мәдениетімен салыстырады. Олар өздерін мен мысалы ретінде қарап және өз түсінігіндегі мәдениетті сол мәдениетке телінетін менің көзқарасымен салыстырады. Бұндай жағдайда сипатталып отырған мәдениет антропологтың өз мәдениеті мен қоғамдық бірегейлігін түсінудегі негізгі ақпарат қызметінде қолданылуы мүмкін. Бұл - рефлексивтіліктің экстремал түрі.

Рефлексивтілік 1970 жылдан бері жаңадан қалыптасып келе жатқан постмодернизмнің негізгі бөлігін құрап келеді. Бұл тақырыпта жазылған ең алғашқы елеулі еңбек Джудит Оклидің еңбегі болса керек. Ол бірінші рет Journal of the Anthropological Society of Oxford журналында Мен және сайентизм деген атпен жарияланды. Алайда рефлексивтіліктің тамыры одан да тереңде жатыр. Оклидің еңбегінде жиі сілтеме жасалатын Малиновскийдің далалық зерттеу жүргізу барысында жазған күнделігі соның мысалы бола алады. Ол жазбалар жай ғана Малиновскийдің жеке көңіл-күйі үшін жазылғанымен де, олар ғалымның өмірден өткеніне жиырма бес жыл толған кезде, тура сол жазылған күйінде басылып шықты. Оның жазу мәнері өзі қолданған ресми этнографиялық деректерден біршама өзгешеленеді. Күнделігінде ол өзінің сексуалды қиялдарын, нашаны шектен тыс көп қолданғанын, тробрианд мәдениетіндегі оған ұнамаған дүниелерді және Торбрианд аралында қалай іші пысқаны туралы жазады. Кейін Кенияның бірінші президенті болған, Малиновскийдің шәкірті Джомо Кениатта оның Кения халқы туралы жазған этнографиялық еңбектеріне қатысты рефлексивті пікір айтады. Бірақ көбіне Малиновский мен Боастың жолын ұстанушылар тарапына аса көп сын айтылмады. Леви-Стросс Tristes Tropiques кітабында өз өмірбаянын береді. Бірақ оны этнографиялық деректерден және теориялық ақпараттардан бөлек берген.
Постмодернистердің басым бөлігін басқа ізденушілерден ерекшелендіретіні - олардың рефлексивтіліктің өзін этнография деп тануы немесе рефлексивтілік этнографияның негізгі зерттеу нысаны деген пікірді ұстануы. Сонымен бірге олар этнографияны антропологиялық теорияның негізгі бөлігі деп есептейді. Рефлекстивтілік феминистік антропологиямен тығыз қатынаста. Феминистік антропология және гендерлік зерттеулердің зерттеу сұрақтары ұқсас келеді, бірақ олардың зерттеу әдістері бір-бірінен өзгешеленеді. Хенриетта Мур гендерлік антропология дегенге гендерлік бірегейлік және оның мәдени құрылымы деп анықтама берсе, феминистік антропологияны гендерді адамзаттың әлеуметтік өмірінің принципі ретінде зерттеу деп сипаттайды. Соңғы жиырма жылда антропологтар гендерлік зерттеуден алшақтап, этнограф әйелдердің антропологияда алатын орнын, яғни әйел адамды информант және зерттеу нысаны ретінде қарастыруға мән беретін болды. 1980 жылдардың ортасында антрополог әйелдер үшін өздерін антропологиялық дискурстың нысаны ретінде зерттеу қалыпты жағдайға айналды. Өйткені рефлексивтілік постмодернистер арасында және феминистік ортада қолдауға ие болды. Жалпы антропологияда постмодернистік идеялар белең ала бастады. Өз мәдениетіне тым көп мән берудің себебінен басқалардың мәдениетін түсінбей қалу қаупі туындады. Өйткені экстремалды рефлексивтілік фетиш дәрежесіне көтеріліп, өз алдына жеке теориялық көзқарас ретінде қалыптасып үлгерді. Уақыт өте келе антропологиялық зерттеу зерттеушінің өз тәжірибесін талдау және сипаттау түріне, сонымен бірге антропология қысым көрген адамдарды қамтитын кеңірек ауқымдағы жазу түріне немесе қысым көргендердің атынан сөйлеп, олардың қиын жағдайын көпшілікке жариялауды мақсат ететін жазу түріне айналды. Осындай дәстүрде жазатын ғалымдар көп жағдайда Гайатри Чакроворти Спивактың постструктуралистік, феминистік әдеби теориясына және оның субальтернді зерттеу идеясына жүгінеді.
Бұл идея - субальтернді, яғни бағынушы топқа жататындардың барлығына ортақ бір нәрсе бар деген идея. Ол топ гендерлік, таптық, этникалық немесе отарлау саясатының әділетсіздігіне не басқаға байланысты бағынушы топқа тиісті, тиісті еместігі маңызды емес. Шерри Ортнер (1995) болса, Гирц еңбектерінің жұқалығын айтып сынайды. Ортнердің ойынша, оның жұмысының жұқалығы - ол бөтенді немесе бөтен адамның өзіндік қиындықтарын және ішкі саясатын шешуге талпыныс білдірмеді. Соңғы онжылдықтағы бұл саладағы өзгерістер инновациялық бағытта дамыды. Ол жаңашылдықтар жеке рефлексивтілікті теориямен араластыруға және этнографиядағы дәстүрлі нысандардың рефлексивті жағын анықтауға мүмкіндік беретін болды. Аталғанның біріншісін Кирстен Хастраптың антропологиялық тұжырымдар мен бағыттарды сынаған мысалынан көруге болады. Екінші бағытта жазғандардың ішіне Пат Капланның Мұхаммед атты кісімен достастығы туралы баяндауы жатады. Каплан Танзаниядағы суахилилермен отыз жыл бойы жұмыс істегенде Мұхаммед оның информанты болған. Капланның мәтіні көп жағдайда сұраулы сөйлем ретінде берілген. Сол себепті информанттың үні этнографтың аузымен айтылған шындық арқылы естіледі. Бірақ сонымен бірге мәтінде аруаққа табыну туралы да деректер баяндалады. Мәтінде этнография мен автобиография бір- бірімен әдемі үйлесім тапқан.
Рефлексивтіліктің тағы бір түрі белгілі, бірақ оны көпшілік аса мойындай бермейді. Бұл рефлексивтілікте жеке тұлғаның жауабы емес, ұжымдық рефлексивтілік зерттеледі. Онда бірдей тақырыпқа қызығушылық танытатын немесе бірдей географиялық өңірлерді зерттейтін антропологтар тобы рефлексивтіліктің зерттеу нысаны болып есептеледі. Автордың бұл жерде айтқысы келгені мынау: көзқарас ұжымдық меннің аясында зерттеу жүргізеді, ол жеке информанттардың жауаптары негізінде құрылмайды. Ол шынайы болған оқиғалар мен этнографиялық деректер негізінде қалыптасқан мәдениетпен жұмыс істейді. Альсида Рамостың йономами этнографиясы туралы жазған еңбегі осының жақсы мысалы бола алады. Ол өз еңбегінде йономамиді зерттеген түрлі этнографтар оларды әртүрлі етіп суреттейді дейді. Олар ашушаң, эротикаға жақын, білімді немесе жай ғана экзотикалық деп сипатталады. Кей кездері олардың шынымен-ақ сондай болуы мүмкін, бірақ қалыптасқан түсінік олардың шынайы келбетімен үнемі сәйкес келе бермейді. Рамостың айтуынша, БАҚ-тың этнографиялық деректерді асыра безендіруінің нәтижесінде кейбір этнографтардың, мысалы Наполеон Чагнонның, этнография туралы көптеген жаңа кітаптар жазуына және бұдан бұрын жазған кітаптарын қайта басып шығаруына тура келді. Бұл әрекет онсыз да тұтанғалы тұрған жағдайды одан сайын ушықтырып жіберді.
Ориентализм, оксидентализм және жаһандану
Постмодернистік антропологиядағы ең маңызды компоненттердің бірі - Фуконың зерттеулері нәтижесінде қалыптасқан билікті зерттеуге деген қызығушылық. Осыған байланысты отар- лаушы және отарлаудан кейінгі кезеңдегі билік дискурсын ориентализм арқылы зерттеу басталды. Бұл концепті ұзақ жылдар бойы АҚШ-та тұрақтаған. Оны Палестинадан шыққан әдеби сыншы Эдуард Саид таныстырды. Ориентализм және одан кейін жазылған кітаптарында Саид батысты шығыс немесе ориент деген түсінікті қалыптастырғаны үшін шабуылдайды. Оның ойынша, Батыс Шығыс деген түсінікті олар сауда-саттық, отарлау және басқа да жолдармен пайдалану арқылы үстемдік орнату үшін ойлап шығарған. Саидтың айтуынша, Батыс өзін сипаттау үшін Шығысты қажет етеді, яғни Шығыс еместер Батыс болып есептеледі. Ол айтқан маңызды идеялардың көбі антропологтар тарапынан жақсы қабылданды. Осы идеяны қолдаған антропологтар шынымен-ақ отарлау кезінде жазылған еңбектерде Батыс пен үшінші әлем арасында тепе-тең дәрежедегі байланыс болмағандығын жазады. Саид біздің пәнімізге үлкен сынмен қарайды. Алайда оның ориенталистік дискурсындағы сыни пікірі нақты белгілі бір әдеби тұлғаларға, филологтарға және археологтарға қарсы бағытталған еді.
Бірақ соңғы жылдары Саидтың дәйектерін өзіне қарсы қойып, сынау басталды. Өйткені Саидтың көзқарасы барлық жағдайды толық ашпайды деген пікір айтылып жүр. Дарем университетінің ұстазы Джеймс Кэрриер Оксидентализм атты жинаққа редакторлық жасап, басып шығарады. Онда социология саласында білім алған Кэрриердің өзін қоса алғанда негізгі деген тоғыз америкалық антрополог Батыс түсінігі жайлы пікірлерін жариялаған. Ондағы авторлардың басты идеясы - ориенттік адамдардың өздері де, Батыс ғалымдарының Шығыс туралы оксидентализм мәнеріндегі жазғаны сияқты, бұрмалап жазуға және жалпылауға жақындығы. Шындығында, Кэрриер жинақтың алғы сөзінде мынадай жағдайды сипаттайды. Ол социология саласынан антропология саласына ауысқан кезде Меланезия қоғамын зерттеуді бастаған. Осыған дейін ол Батыстағы индустриалды капиталистік қоғамдағы ерекшеліктерді зерттеумен айналысқан еді. Ғалым антропологияға ауысқан кезде антропологтар өз қоғамы туралы зерттегенде күрделі талдау жасай алмайтындығына таң қалғанын айтады.
Бұл мені аса таң қалдырды. Өйткені шынайы мамандар стандартының екі түрлі болатынына көзім жетті және бұл жағдай мені антропологиядан секемдендірді. Бұлар өздері зерттеп отырған қоғамның ерекшеліктерін, күрделі кешендерін, ішкі байланыстарын зерттеуге көп күш салған ғалымдар еді. Десе де олардың батыс қоғамы туралы сөйлегенде тым қарапайым сөйлейтіндігі сондай - егер бір антрополог бір ауылдық өңірдегі қоғам туралы солай сөйлесе, олар оның айтқандарын тыңдауға тұрарлықтай деп қарастырмас та еді. Кэрриер бүгінгі оксидентализмде үш түрлі бағыт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Ақ» – «Қара» концепті: оппозициясы мен қызметі
Концепт – когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы
Қазақ тіл білімінде концептілердің зерттелуі
Уақытқа қатысты сөз тіркестерінің семантикалық ерекшеліктері
Дүниенің поэтикалық бейнесі лингвоконцептуалдық талдау (ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы ақын-жыраулар поэтикасы бойынша)
Ағылшын және қазақ тілдік саналарындағы уақыт концептісінің ерекшеліктері
Уақыт/время/time концептілерінің ассоциативтік ерекшеліктері
Ұлттық мәдени концептілер
Әлемнің ұлттық тілдік бейнесі - идеографиялық құрылымдағы лексикалық жүйелер
Қазақ этнолингвистикасына қатысты мәселелермен акд
Пәндер