Интерпретивті және постмодернистік зерттеу әдістері

АНТРОПОЛОГИЯ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ

Интерпретация - мәдениетті тіл сияқты аударып түсіну немесе мәдениетті интуитивті ұғыну. Интерпретивизм - интерпретивистік мәдениетті түсінуде ресми құрылымдарды емес, мәдениеттің интерпретациясына сүйенгенді дұрыс деп есептейтін көзқарас. Интерпретивті - интерпретацияға негізделген көзқарас немесе әдіс. Бұл идеялар 1970 жылдардың соңында және 1980 жылдардың бас кезінде антропологияда тарай бастады. Бұл постмодернистік идеяларды дамытуға құнарлы топырақ бола алды. Антропологияда сол уақытқа дейін аз да болса қалыптасып үлгерген интерпретивизмнің белгілері оның әрі қарай дамып кетуіне жақсы негіз болды. Соңғы кездері антропологияның сыншылары антропологияда интерпретивизммен қатар отарлаушы менталитеттің және империалистік көзқарастың да негіздері бар деп санайды.
1955 жылы Радклифф-Браун өмірден өткен соң британдық антропология төрт түрлі бағытта дамыды. Кейбіреуі Радклифф-Браунның ізін жалғастырды. Фирт және соның көзқарасындағылар жеке адамның іс-әрекеті әлеуметтік құрылымнан маңыздырақ деген ойды қолдады. Бұл көзқарасты олар Малиновскийдің далалық зерттеу жүргізудегі функционалистік бастауларынан алды. Осы мектеп әрі қарай дамып, кейіннен процессуализм мен транзакционализмнің қалыптасуына алып келді. Ал тағы бір топ Леви-Стросстың структурализмімен жүруді дұрыс санады. Бірақ олар көбіне оның идеяларын әлеуметтік процестер тақырыбына икемдеп отырды және соңғы бір үлкен топ Эванс-Причардтің антропологияны ғылым деп санамау керек деген пікірін ұстанды. Олар антропологияның орнына интерпретивистік тәсіл болуы керек деді. Соңғы уақытта антропологияны интерпретивистік көзқарас алмастыруда.
АҚШ-та Клиффорд Гирц өзінің бірегей интерпретивистік мәнерін қалыптастыра бастады. Оның қолындағы антропология лингвистикадан алшақтады. Ендігіде мәдениет зерттелуі тиіс және жазылып алынатын метафоралық грамматика ретінде қарастырылмайтын болды. Бұдан былай мәдениеттерді басқаларға түсінікті тілге тәржімалау жағы қарастырылды. Басқаша айтқанда, зерттеліп жатқан мәдениетті антрополог өз мәдениетіне аударуы керек.
Францияда структурализм модернизмнің соңғы қамалы ретінде көп шабуылға ұшырады. Франциядағы және Солтүстік Америкадағы философтар мен әдеби сыншылар әлемді талдаудың жаңа, постмодернистік жолын ойлап шығарды. Әлем бейбіт заманда революцияны бастан кешірді деген ой бұл идеяның шығуына ықпал еткен еді. Әлем білім иерархиясына құрылған модернизмнен ұзап, үлкен теорияларды мойындамайтын постмодернистік кезеңге аяқ басты. Дәл сол кезеңде феминистік антропология да дамып жатқан еді. Феминистік антропологияға адам мүддесіне негізделіп жасалған антропологиямен күресуге тура келді. Рефлексевизм этнографиялық әдістің ең негізіне айналды. Жазу мен оқу жаңа әдебиеттен хабары бар антропологияда теориялық маңызы жоғары элемент бола түсті. Осылардың барлығы Мәдениетті жазу еңбегінде тоғысып, антропология қайтадан өмірге келгендей күй кешті.
Бұл дәрісте осы сынды түрлі көзқарастарды қарастырамыз. Эванс-Причард туралы ойлағанда біз оны модернистік бағыттағы ғалым ретінде еске аламыз, бірақ оның идеяларынан постмодернистік көзқарастың бастапқы белгілерін көруге болады. Постмодернизмге соңғы қадамды Эдуин Ардинер және басқа да Оксфордтан шыққан ізденушілер жасады. Осы ғалымдардың қолындағы антропология Эванс-Причардтің рухындағы антропологияға жақын еді. Екінші жағынан Мәдениетті жазу кітабы этнографияны жазуда поэзия мен саясатты ескеру керек дейтін көзқарастың да қалыптасып келе жатқанын көрсетті. Бұл жаңа бағыттардың барлығына ортақ нәрсе олардың қандай да бір ғылыми әдісті мойындамайтындығы. Олар жазуды аса маңызды деп есептеді. Сонымен бірге олардың барлығы мәдениетті тану үшін ғылыми әдістер мен талдауға сүйену дұрыс емес, оның орнына түсіну арқылы тану керек дейді. Бұл көзқарастардың бір-бірінен айырмашылығы елеулі болғанмен де, оларды біздің пән аясындағы интерпретивистік және постмодернистік көзқарас деп аталатын үлкен бір қозғалыстың тармақтары деп топтап қарастырған қисынды болады. Осы қозғалыстар біздің көбімізге ықпал етті, бірақ біршама ғалымдар осы көзқарастардан бойын алшақ ұстағысы келеді.
Эванс-Причардтің интерпретивистік көзқарасы
Эванс-Причард Селигман мен Бронислав Малиновскийдің жетекшілігімен Лондондағы экономика мектебінде білім алды. Ол Суданға және британдық шығыс Африкаға алты маңызды экспедиция жасады. Әсіресе оның Занде, Нуэр, Ануак, Шилук және Луоға жасаған экспедициялары ерекше танымал. Оның Зандедегі сиқыр туралы жазған және нуэрлердің саясаты мен туысқандығы туралы жазған еңбектері сол кездегі британдық антропологиядан қысқаша хабар береді және келесі буындағы бірнеше ғалымдарды жаңа идеяларға шабыттандырды. Жаңа буын ізденушілері үшін осы кітаптар этнографиялық ізденіске қарағанда теориялық жаңашылдықты дамытуға себеп болды. Бірақ соңғы кездері оның нуэрлер туралы жазған еңбегі көп сыналды. Сынаушылар Эванс-Причардті саяси істерді талдауда туысқандықтың маңызына шектен тыс мән берген деген ойда. Алайда оның Азанда халқындағы дуалау, көріпкелдер және сиқыр мен Нуэрлердің діні кітаптары жоғары бағаланды. Бұл екі еңбекте де автор зерттеу нысанының ішкі мәнін түсініп, оларды өзара байланыстыруға тырысты.
Азанда халқындағы дуалау, көріпкелдер және сиқыр кітабы - Занде халқына тән ақыл-ой ерекшелігі туралы этнографиялық еңбек. Автордың пікірінше, азандалықтар дуалаумен өте жиі айналысады, олардың осы сенімін және осы сенімнің себеп-салдарын қалай қолданылатынын түсінетін болсақ, олардың қоғамын түсінеміз. Егер дән жиналып тұрған жерінен құлап, сол жерде отырған бір адамды өлтіретін болса, оның себебі сол дәнді ұстап тұратын бағандарды термиттер жегендіктен болуы мүмкін. Бірақ ол жерде бұл дән неге құлады деген сұрақпен қатар, бұл кімнің дуасынан болды деген сұрақ та туындайды. Нуэрлердің діні кітабы көп сұрақтармен қатар куотс сөзінің анықтамасын да береді. Ол сөз латын тіліндегі spiritus, грек тіліндегі pneuma, еврей тіліндегі ruah cөздері секілді тыныс деген мағынаны береді. Оның метафоралық мағынасы әртүрлі рухтарды білдіруі мүмкін. Оның ішіне Эванс-Причардтің нуэр- ліктердің құдайы деп анықтама берген рух та кіреді.
Нуэрлердің дінін жазуда автор оқырманға нуэрлердің діни жүйесін түсіндіру үшін олардың сеніміндегі сөздерді, рәміздерді және ғұрыптарды түсіндіріп, соларды сезіндіреді. Бірақ осы орайда есте ұстайтын бір нәрсе нуэрлер діні нуэрлік концепт емес. Ол - антропологтың өз концептісі. Эванс-Причардтың Годфри Линхардт есімді әріптесімен бірлесе жазып шыққан дунка халқының діні туралы еңбегі антропологиядағы сенімді зерттеу жолдарының негізін қалады. Екеуі де тура және ауыспалы мағынада тәржімалауға мән береді. Егер Эванс-Причард құдай мен әруақтар туралы жазғанда нуэрлердің сөздерін қолданатын болса, Линхардт осы мағынаны білдіру үшін ағылшын тіліндегі divinity (құдай), divinities (құдайлар) сөздерін қолданады (аудармашыдан - өйткені ағылшын тіліндегі бұл сөздер God сөзі сияқты нақты, айқын құдайды білдірмейді, олар құдай түсінігі мағынасында қолданылады). Тағы бір айтатын нәрсе - екі ғалым да кейінірек римдік католик дінін қабылдаған, сол себепті екеуінің дінді түсіндіруі ұқсас болған.
Эванс-Причардтің антропологиясы Радклифф-Браунның теориялық негіздері ауқымында болды. Алайда ол Радклифф-Браунның бұл пәнді жеке ғылым ретінде қарастыру керек деген пікіріне қарсы еді. Ол антропологияны өнер ретінде қарастыру дұрыс деді. Бұл Эванс-Причард көзқарасының сол кездегі британдық антропологиядағы негізгі көзқарастардан басты айырмашылығын көрсетеді. Әсіресе ол өмірінің соңында жазған кітаптарында антропологияны мәдениет тәржімасы деген сөзбен беріп жүрді. Оның кейінгі шәкірттері өз еңбектерінде осы тіркесті жиі қолданады. Антропологтың жасайтын нәрсесі ол өзі зерттеп отырған мәдениеттің ұжымдық ақыл-ойына мүмкіндігінше жақын келуі тиіс. Содан кейін сол мәдениеттегі ерекшелікті түсінгеннен кейін, өз мәдениетінен тура сондай идеяларды тауып, өзге мәдениеттегі құбылысты сол арқылы тәржімалап түсіндіруі қажет. Әрине, бұл тәржіма лингвистикалық тәржіма емес. Бұл Радклифф - Браунның теңіз бақалашақтары және Леви-Стросстың кристалдары сияқты ұқсастықты табу. Эванс-Причард Леви-Стросстың мәдениетті грамматикаға теңеуін жоққа шығарып, оның орнына мәдениеттің күнделікті дискурсындағы мағынасын анықтау керек деді. Тәржімалаудың қиындықтарын көрсететін мысалдар этнографияда көптеп кездеседі.
Егер біз нуэр мен занделардың идеяларын сөзбе-сөз аударатын болсақ, олардың мағынасын Нуэрланд пен Занделандтан тыс басқа елдегілер түсінбейді. Егер оларды ауыспалы мағынада аударсақ, онда нуэр мен зандеға тән ойлау болмысының мәнін түсіне алмаймыз. Бұл жағынан қарағанда антропология дұрыс таңдау жасау қиындығымен ылғи да кезігіп отырады деген сөз.
Эванс-Причард 1951 жылы жариялаған Әлеуметтік антропология кітабында әлеуметтік антропологияның тарихын, әдістерін, теориясын және оның қолданбалы ғылымға айналу мүмкіндіктерін жазады. Бұл еңбек оның BBC радиосына берген алты дәрісіне негізделіп жазылған. Эванс-Причард бірнеше рет антропологияны жаратылыстанулық ғылымдарға ұқсастырып құрастыру дұрыс емес деп сынайды. Оның орнына антропология моральдық және рәміздік жүйелердің бірлігі ретінде қарастырылуы керек. Оның ойынша, бұндай жүйе табиғаттани басқа еш жерде кездеспейді. Ол жүйелер табиғат заңдарымен басқарылмайды, бірақ оларға әлеуметтік құрылымдар мен мәдени белгілер тән. Эванс-Причард эпистемолог бетпердесін киген құрылымдық-функционалист болды ма? Ол 1950 жылы еркіндікті іздей бастағанға дейін функционалистік догмалардың қамауында қалған философ-тарихшы болды ма? Болмаса, ол жай ғана қызметімен айналысу барысында тарих бағытынан функционализмге, одан эпистемологияға ауысқан ба еді?
Мэри Дугластың ойынша, Эванс-Причард басынан бастап бір ғана, бірізді ғылыми бағдармен жүріп отырды және өмір бойы интерпретивист ойшыл болған. Екінші бір көзқарас бойынша, ол 1940 жылдарға дейін функционализм бағытында болған және 1950 жылдары өзінің көзқарасын толығымен қалыптастырып үлгерген. Мэри Дугластың пікіріне дәлел ретінде Эванс-Причардтің Азанда халқындағы дуалау, көріпкелдер және сиқыр еңбегін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz