Құрылым және іс-әрекет. Дугластың тор және топ зерттеу әдісі


Құрылым және іс-әрекет. Дугластың тор және топ зерттеу әдісі
АНТРОПОЛОГИЯ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ
Құрылым және іс-әрекет. Дугластың тор және топ зерттеу әдісі.
Құрылымдық пішін - әлеуметтік құрылымдарды зерттеу нәтижесінде табылған жалпы заңдылықтарды білдіретін Радклифф-Браунның термині. «Әлеуметтік құрылым» түсінігі басқа ғалымдардың түсініктеріне қарағанда нақтырақ болғанына қарамастан, ол «құрылымдық пішін» терминін жалпы мағынада қолданды. Басқалар болса, осы мағынадағы терминнің орнына «әлеуметтік құрылым» терминін қолданды. Топ - Мэри Дугластың жеке тұлғаларға топ мүшесі ретінде қойылатын шектеулерді өлшейтін «өлшем бірлігі». Тор бойынша талдау - Манчестер мектебінде қалыптасқан әдістемелік құрал. Ол әлеуметтік байланыстарды жеке адам қауымдастығының тізбектері мен торлары арқылы түсінуге тырысады. Тор/топ бойынша талдау жасау әдісі - мәдениеттер мен қоғамдарды сипаттайтын және жіктейтін, мәдениет пен қоғам аспектілерін, жеке әлеуметтік жағдайларды, жеке тұлғалардың іс-әрекеттерін, тіпті жеке адамдардың нені ұнататынын зерттейтін әдіс. Тақырыпты оқудың мақсаты - жаңа структуралистік теорияларды мәдени антропология тұрғысынан сараптау.
Мэри Дугластың зерттеу әдісі таза құрылымдық әдіске жатады, бірақ ол динамикалық құрылымға талдау жасайды. Бейтсон, Бурдьё сияқты ол жеке тұлғаның іс-әрекеті мен сол әрекеттің қандай мәдениетке тиесілі болуына байланысты мәдени тұрғыда талдауға қызығушылық танытады. Дуглас Оксфорд университетінде философия, саясаттану және экономика пәндерінен дәрістер жүргізді. Кейін сол жерде Эванс-Причардтің жетекшілігімен антропологияны оқиды. Ол Конгодағы Касай провинциясындағы лелелер арасында далалық зерттеулер жүргізеді. Ұзақ жылдар бойы Лондон колледжінде ұстаздық еткен. Кейінірек Нью- Йорктегі Рассел Сейдж қорының директоры болады, Принстон, Уисконсон университеттерінде дәріс береді. Зейнетке шыққан соң Лондонға қайтіп оралады.
Дугластың алғашқы еңбектері экономика мен дін тақырыптары аясында болды. Дін тақырыбына қызыққандықтан ол лелелер арасындағы, ежелгі еврейлердегі және Британиядағы тазалық пен ластану түсініктерін зерттейді. Оның ең бірінші атақты кітабы «Тазалық пен қауіп» деп аталған еді. Бұл еңбегінде ол осы сынды концептілерді талдайды. Осы кітапта ол кейін өзі дамытып шығаратын зерттеу тәсілінің алғашқы белгілерін көрсетеді. Дуглас кейін жазатын «Табиғи символдар» кітабында өзіндік жеке талдау тәсілін қалыптастырады. Оның «Табиғи символдар» және одан кейінгі жазылған басқа да кітаптарында ол «тор/топ бойынша талдау» деп аталатын тәсілді қолданады.
Тор/топ бойынша талдау жасау әдісі - мәдениеттер мен қоғамдарды сипаттайтын және жіктейтін, мәдениет пен қоғам аспектілерін, жеке әлеуметтік жағдайларды, жеке тұлғалардың іс-әрекеттерін, тіпті жеке адамдардың нені ұнататынын зерттейтін әдіс. Бұл әдістің қағидасы бойынша кез келген жіктеуге келетін нәрсені екі оське түсіру арқылы талдауға болады. Ол осьтер тор және топ деп аталады. Бірақ Дуглас және оның жолын ұстанушылар сандық көрсеткіштерге аса мән бермейді. Олар көбіне жоғары тор не жоғары топ көрсеткішінің бар не жоқ болуына мән береді.
Тор өлшем бірлігі «оқшаулану» мен «шектеуді» білдіреді. Ол шектеулер топтың тарапынан орнатылмаған, ол жеке тұлғаның өзінің оқшаулануы. Тор өлшем бірлігінің төмен болуы адамның еркін әрекет ету мүмкіндігін және оның басқалармен тең қарым-қатынасқа түсе алу деңгейін көрсетеді. Оның жоғары болуы адамның әлеуметтік жүйе қағидаларына сай шешім қабылдауда шектеулі екенін көрсетеді. Топ өлшем бірлігі - адамның топпен бірлесу деңгейін көрсетеді. Ол жеке тұлғаның бір іс-әрекет етуде жеке басы әрекет ете ме, әлде топпен бірлесіп әрекет ете ме, соны көрсетеді. Дуглас осы осьтерде нақты кординаттарды орналастыруды мақсат етпейді. Ол осы осьтер бойында жоғары я төмен тор, не болмаса топ көрсеткішінің болуын не болмауын анықтауды мақсат етеді. Сондықтан да бұл жерде тек төрт түрлі ғана шешім болуы мүмкін. Оны кестеге салып көрсетуге болады. Ол сәйкесінше кестедегі әр торды Э, Б, К, Д әріптерімен белгілейді. Бірақ оның торларды белгілеуі әр еңбегінде әртүрлі болып өзгеріп отырады. Біздің осы кітапта көрсетіп отырғанымыз - Дугластың «Мәдени бұрмалау» кітабының мұқабасында берілген сурет. Оның осы кітабы автордың теориясына берілген ең жақсы түсіндірме кітап болып саналады.
Дугластың айтуынша, оның әдісін барлық нәрсені зерттеуге қолдануға болады. Бұл әдісті ол сиқырдан бастап тамақ таңдау ерекшеліктерін зерттеуге де жарайды деді. Автордың ойынша, бұл зерттеу әдісін түсіндіру үшін мысал ретінде ғалымдарды алған жөн. Астроном, зоолог болсын, қандай ғалымдармен жұмыс істейтініміз маңызды емес. Барлық ғалым бір саланың ізденушісі деп елестетейік, мысалы олар медицина саласында ізденуші болсын. Айырмашылықтары - олардың жұмыс істейтін саласының тармағына байланысты немесе олардың «социологиясымен» байланысты болады. Дуглас кейде осы терминді қолданады. Олардың бір-бірінен өзгешелігі - олар қоршаған ортаны қалай көретініне де, яғни әр ғалымның өз «космологиясына» байланысты.
Ойша ғалымдарға Элис, Бен, Карлос және Дебора деген есімдерді берейік. Элис - тәуелсіз ізденуші. Ол жұмысқа қалаған уақытында бара алады және қалаған уақытында демалысқа кете алады. Жұмыстың ақысын жасаған еңбегіне қарай алады және өзі ұнататын жобалармен жұмыс істейді. Ол сыртқы ықпалдармен шектелмеген. Сол себепті де төменгі торға жатқызылады. Төменгі торға жатқызылуының тағы бір себебі, ол ешқандай да топтың талаптарына сай жұмыс істеуге тиісті емес. Ол әртүрлі кәсіби қауымдастыққа кіреді және жұмыстан тыс жағдайларда түрлі клубтың мүшесі болып тіркелген. Кейде жалғыз қалады, кейде топпен орындалатын іс- әрекеттерге қосылады. Екі жағдайда да ол көпшіліктің ықпалымен жүрмейді. Оған бір топтың мүшесі ретінде анықтама беруге болады, не ешқандай топпен байланыстырмай да айтуға болады.
Бен жоғарғы тор, төменгі топ қатарына жатады. Ол дәрі шығаратын компанияда жұмыс істейді. Компаниямен бес жылдық келісімшартқа отырған. Осы уақыт ішінде ол сирек кездесетін бір ауруға ем болатын дәрі жасап шығуы керек. Апта сайын компания басшылығына қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы есеп өткізіп отыруы керек. Өзінің не істегендігі жайлы әр минутын көрсететін жазба жасап отыруы қажет. Аптасына 48 сағат жұмыс істеуі тиіс. Сондықтан ол жоғарғы торға тән сыртқы ықпалдармен шектеулі. Ол, сонымен бірге, төменгі топ. Бұл онымен жұмыс істейтін басқа адам жоқ дегенді білдіруі мүмкін. Уақыты шектеулі болғандықтан, ол ресми не бейресми топтарға қосыла алмайды. Беннің Элистен айырмашылығы төменгі топқа жатқызылуы оның өз таңдауы емес. Істейтін жұмысының ерекшелігіне байланысты. Басқа тордағы адамдармен салыстырғанда Б торындағы адам ең «бауырмал емес» жағдайда орналасқан. Сол себепті де Бен бақытсыз.
Карлос - жоғарғы топ, жоғарғы тор. Ол өзіндік иерархиясы бар университет факультетінде жұмыс істейді. Бен сияқты ол да қатал күнтізбемен жүруі керек болғандықтан, шектеулі. Бірақ Беннен айырмашылығы - топтың мүшесі болып есептеледі. Оның жүйе ішіндегі алатын орны маңызды емес, өйткені қалай болғанда да сол жүйенің ережелерімен шектеулі. Ол медицина факультетінің деканы болған жағдайда да айлығына және ғылыми кеңеске тәуелді. Ешқашан да жеткілікті айлық ала алмайды. Жоғарғы топ болғандықтан, өзі тиесілі бөлім атқаруы тиіс көп шараларға қатысуы қажет. Егер оны медицина факультетінің басшысы деп елестететін болсақ, кафедралық жиындар ұйымдастырады, ғылыми ізденістер мен дәріс беру барысын қадағалайды, дәріс беруші ұстаздармен кездеседі, мүмкін науқастарды емдеп, өзіне қарасты адамдардың жұмысын бақылайды. Жоғарғы топ жағдайында Карлос кәсібін қызығушылығымен біріктіруі мүмкін. Әр сенбі сайын факультет ішіндегі футбол матчтарында төрелік етуі немесе өз қарамағындағы адамдардың біреуін айына бір рет тамаққа шақыруы мүмкін.
Дебора - төменгі тор, жоғарғы топ. Ол да университет факультетінде жұмыс істейді, бірақ оның істейтін университеті эгалитарлы, демократиялы. Ол не профессор не профессордың көмекшісі. Бұл жағдайда Дебораның қызмет деңгейі маңызды емес, өйткені бұнда профессорлар мен көмекшілер кезек-кезек ауысып отырады, зерттеулерді бірлесе жүргізеді, тест жасауға және кофе ішуге арналған ыдыстарды кезек-кезек жуады. Төменгі торға жатқызылу себебі, оның тобы эгалитарлы және демократиялық. Топтың ережелеріне байланысты шектеулерде орналасқан Элистен өзгешелігі ол жоғарғы топ қатарына жатады. Элис бірнеше қоғамда тіркелген. Дебора - өзі істейтін бір топқа ғана тиесілі. Карлос сияқты ол да факультетте көп уақыт өткізеді. Егер факультет шара өткізгісі келсе, сол топтағы барлық адамдар соны істеуі тиіс.
Мэри Дуглас және оның шәкірттері осындай мәнерде түрлі-түрлі нұсқаларды салыстырып шықққан. Оның әдісі өзара ұқсас нәрселерді салыстырған кезде жақсы нәтиже береді. Біз жаңа ғана қарастырған жағдайдағыдай. Алайда оның барлық қоғамдарды осы тәсілмен салыстыруға болады деген тұжырымы жемісті болмады. Сол секілді бұл әдіспен әртүрлі нәрселерді салыстыруға да болмайды. Мысалы, Э торында жүргізушілер, Б торында түрмеде отырғандар, К торында солдаттар, Д торында діни культтің немесе хиппилердің біреуі деп салыстыру жүргізуге келмейді. Бірақ бұл әдісті әртүрлі хиппи қауымдастықтарын салыстыру үшін қолдануға болады. Хиппи топтарының қилы түрлерін бірі жоғарғы торда не топта орналасады деп талдауға келеді. Басқаша айтқанда, батыс қоғамындағы барлық хиппи қауымдары төменгі тор және жоғарғы топ категориясына жатады. Осыдан соң хиппи қауымдарын кестеге салып, оларды талдау арқылы жалпы батыс қоғамының талдауын беруге болады. Тор/топ бойынша талдау әдісі қызықты идея еді және ол әдіс тек антропология ауқымында емес, басқа да әлеуметтік ғылымдар саласында да қолданылады. Десе де бұл әдісті де уақытында танымал болып, енді уақыты бітуге тақаған идея қатарына жатқызуға болады. Осы әдісті басқа қырынан толықтырып қайта қолдануға болатындай етіп өзгертуге бола ма деген сұрақтың жауабын уақыт көрсете жатыр. Бұл арада парадигманың ішінде жасырын тұрған постмодернизм мен постструктуралистік белгілер де болуы мүмкін. Осыған байланысты далалық зерттеушілер мен олардың зерттеу нысаны арасындағы байланысты зерттеу үшін осы тәсілді қолданып көруге әбден болады.
Бейтсон қолданған әдісті дау-жанжал мен орнығуы мүмкін дау-жанжалды талдауға да қолдануға болатын еді. Сол себепті де ол иатмулдар тайпасындағы, ер адам мен әйел адам арасындағы жанжалды және батыс пен шығыс арасындағы атом бомбасымен қарулану бойынша жарысты түсіну үшін осы әдісті толықтырып қолданды. Сол секілді канадалық антрополог Элиотт Лейтон де солтүстік Ирландиядағы ұлтшылдар мен юнионистердің арасындағы дау-жанжалды талдау кезінде эйдоспен талдау әдісін қолданды. Солтүстік Ирландияның антропологтары Лейтонды осындай талдау жүргізгені үшін сынға алды. Өйткені олардың ойынша, Лейтон солтүстік Ирландиядағы дауды Бейтсонның америкалықтар мен ағылшындар қарым-қатынасын талдауы сияқты тым қарапайым етіп жүргізген. Мәдениетте болып отыратын дау-жанжалдарды түсіну үшін кей кезде тек этнографиялық деректер жеткіліксіз болады, ондай кезде осындай талдау әдісін қолдану сол жанжалдың табиғатын тереңірек түсінуге көмектесе алады.
Бурдьёның тәжірибе теориясы
Пьер Бурдьё - Франция колледжінің социология бойынша профессоры. Жұмыс жолының бастапқы кезеңінде әскери міндетінің бір бөлігі ретінде Алжирде сабақ береді. Осыдан соң ол Кабилдегі бербер халқы арасында этнографиялық зерттеулер жүргізеді. Берберлер осы елдің солтүстік таулы жағасында мекендейді. Ол ұзақ уақыт бойы бір-бірінен өзгеше екі нәрсеге қызығушылық танытты. Француз қоғамындағы білім және әлеуметтік кластар және кабил қоғамындағы туысқандық пен отбасының ұйымдастырылуы. Оның кейбір еңбектері, әсіресе бірінші бағытта жазылғандары, мемлекеттік шенеуніктердің мансапты өз мүдделеріне сай қолданатындығын қатты сынға алады. Алайда ол антропологтар арасында «тәжірибе» теориясымен танымал. Ол осы теориясын Кабилдегі патрилинейлі параллельді кузиналармен некелесуде, ғұрыптарды және маусымдық шеңберлерді талдауда қолданады. Әртүрлі мәселелерді зерттеу нысаны етіп алуы - оның өз қоғамына қатысты социолог ретінде, ал бөтен қоғамдарға қатысты антрополог ретінде зерттеу жүргізуін көрсетсе керек.
Тәжірибе теориясы бойынша жазылған негізгі еңбектер: «Тәжірибе теориясына кіріспе» мен «Тәжірибе логикасы». Екеуінде де бірдей дәлелдер келтірілген. Тәжірибе теориясында объективті түсінік деген нәрсе жоқ, яғни объективті түсінік деген - әрекет етушінің түсінігі. Соссюр мен Леви-Строссқа дейінгі аралықтағы структуралистер үлгі деңгейінде талдау жүргізеді, ал Бурдьё болса іс-әрекет деңгейінде талдау жүргізуге шақырады. Жүйе/оқиға, қағида/импровизация, синхронды/диахронды, лангуэ/пароль сияқты жіктеулердің орнына хабитус деп аталатын жаңа тәртіпті қолдану керек дейді. Бурдьёнің түсінігінше, осындай жолмен талдау антропологтарға биліктің, рәмізділіктің, Мосстың «сыйлық» теориясын және тағы басқаларды жақсырақ түсінуіне көмектесер еді. Әсіресе Бурдьё құрылымның өзгеріссіз, статикалық күйіне ерекше қарсылық білдіреді. Хабитус теориясындағы ең маңызды нәрсе объективтілік пен субъективтілік және ұжымдық пен жекенің арасында орналасқан. Ол мәдениетке сүйеніп жасалған, бірақ жеке адамның санасында орналасады. Хабитус дегеніміз - мәдени білікті іс-әрекет етушілердің әлеуметтік іс-әрекеттерінің құрылымы секілді. Ол Ноам Хомскийдің лингвистикалық «біліктілік» түсінігіне ұқсас. Ол бойынша өзінің ана тілінде сөйлеушілердің ойында сөйлеу кезінде сөйлеудің қалай атқарылатыны туралы интуитивті үлгі болады. Хабитус әлеуметтік институттардан қалыптаспайды, керісінше ол «әдет-құлыққа» негізделеді. Мәдениеттегі адамдар интуитивті түрде қалай іс-әрекет ету керектігін біліп тұрады. Жеке тұлғалар қалыптасқан әдет-құлыққа сай, сол әдет - құлықтардың мағынасын хабитус ауқымында түсінуіне және өзінің оқиғалар жүйесіндегі алатын орнын түсінуіне байланысты шешім қабылдайды.
Бурдьё хабитус сөзіне әртүрлі анықтама береді: «Ұзақ уақытқа бекітілген өзгертілуге икемді импровизациялардың генеративті қағидалары» немесе «барлық уақытта тәжірибелік функцияларды атқаруға бағытталған құрылымдалған және құрылымдаушы әдет-құлық жүйе-лері». Оның айтуы бойынша, бұндай жүйелер мынадай жағдайда қызмет атқарады: Тәжірибенің, түсініктің жасалуы және олардың құрылым түзу қағидалары объективті түрде өзгертуге икемді болғандықтан және ережелерге бойұсынудың нәтижесі еместіктен, олар әрекет етушінің мақсатына қарай өзгертіліп отырады. Ол дирижердің оркестрді басқарудағы іс-әрекетіне ұқсайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz