Постмодернизм мен постмодернистік антропология

АНТРОПОЛОГИЯ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ

Тақырыптың қысқаша мазмұны: постмодернизм модернистік теорияға барлығын қамтушы деген анықтама береді. Постмодернистер үлкен теорияларды жоққа шығарады және этнографиялық сипаттама беру толыққанды болады деген түсінікті мойындамайды. Соңғы кездері олар этнологиялық зерттеулерді антропологтар атқарады деген мәлімдемеге де қарсылық білдіріп жүр. Постмодернизм, постмодернисші - қайта жаңғыру дәуірінің идеалдарының құлдырауын басты назарға алатын көзқарас. Антропологияда және басқа гуманитарлық ғылымдарда бұл термин әдетте ойша болжамдарға негізделген объективті категориялар мен ғылыми әдістерді мойындамайды. Антропология - жалпы алғанда рефлексивтіліктің талқылауларынан көп пайда көргенімен, рефлексивтілікті қол- данысқа енгізгенімен де рефлексивтілікке қатысты бір нәрсені анықтап алуымыз қажет. Рефлексивтіліктің ерекше түрі және жай ғана этнографты әлеуметтік әрекет етуші не дерек жинаушы ретінде қарастыратын қарапайым түрі болады.
Тақырыпты оқудың мақсаты - постмодернизмнің алғашында өнер саласы мен сәулет өнерінде пайда болғаннан соң аз уақыттан кейін антропологияға келгенін негіздеу.
Постмодернизм осыған дейін белгілі болған барлық модернистік көзқарастарды сыни тұрғыдан талдайды. Постмодернизм модернистік теорияға барлығын қамтушы деген анықтама береді. Постмодернистер үлкен теорияларды жоққа шығарады және этнографиялық сипаттама беру толыққанды болады деген түсінікті мойындамайды. Соңғы кездері олар этнологиялық зерттеулерді антропологтар атқарады деген мәлімдемеге де қарсылық білдіріп жүр. Нәтижесінде рефлексивтілік пен кейіптеуге қатысты сұрақтар пайда болды. Кең ауқымда қарастырғанда постмодернистік антропология өз бастауын ориенталистік бағытта жазылған еңбектерден алады. Олардың сыни көзқарастары пәннің бұрынғы қағидаларының барлығы бөтен түсінігін қалыптастыруға бағытталған дейді. Сонымен бірге, постмодернизм - релятивизм мен интерпретевизмнің орынды жалғасы. Екеуінің ұқсастығы сондай оларды бір-бірінен тек хронологиялық тұрғыдан, қолданатын сөздер негізінде және жазу мәнеріне байланысты ғана ажыратуға болады.
Ван дер Гист өз мәлімдемесінде релятивизм дегеніміз - догма деген еді. Релятивизм антропологтардың өздері зерттеп отырған өзге мәдениетке қатысты когнитивтік нақтылығына және сол мәдениеттегі антрополог емес адамдардың когнитивті нақтылығына қарсы бағыт деген сыни пікірлер айтылып жүр. Бірақ соңғы он жылда антропология жұмсақ релятивистік түсініктерге қайта оралуда. Ол бойынша әр мәдениеттің өзіндік құндылықтар жүйесі мен семантикалық құрылымы бар деп ұғынып, Бенедиктің және Уорфтің көзқарасына ұқсас түсініктерге қарай ауысады. Алайда ол қазір постмодернизмнің жаргоны ретінде қабылданған және постмодернизм қандай да бір мәдениет теориясын жоққа шығарады. Релятивизм туралы осындай әртүрлі көзқарастардың болуы оның біртекті концепт емес екенін көрсетеді. Бұл термин боастық антропологияның бастамаларынан нәр алатын теориялық фрагменттер жинағынан құралған. Боасианизм қандай пішінде болса да осы уақытқа дейін америкалық антропологияның негізі болып келе жатыр. Алайда релятивистік догмаларға қарсы шығатындар да, оларды қолдайтындар да соңғы кездері антропология мен оның зерттеу нысаны арасындағы байланыс туралы жаңа көзқарастар қалыптастыруда. Ондай жағдайда антропологияның келбеті дәл Британика Энциклопедиясының бірінші басылымында антропология сөзіне берілген АНТРОПОЛОГИЯ дегеніміз - адам табиғаты туралы дискурс деген анықтамаға сәйкес келер еді.
Постмодернизм алғашында өнер саласы мен сәулет өнерінде пайда болғаннан соң аз уақыттан кейін антропологияға келді. Ол салаларда 1950 жылдардан бері постмодернизм дегеніміз - ресми стильдік принциптерді жоққа шығаратын және араласпайды деп қабылданған жергілікті стильдердің араласуын қалыпты деп санайтын көзқарас ретінде қабылданған. Антропологияны қоса алғанда әлеуметтік ғылымдардың барлығында бұл термин VIII Париж университетінің философиядан профессоры Жан-Франсуа Лиотардың ұсынған анықтамасына сай қолданылады. Ол осы анықтамасын Квебек үкіметіне жасаған постмодернистік жағдай атты есебінде берген болатын: Егер осы терминді мүмкіндігінше қарапайым түрде беретін болсақ, мен постмодернизм дегеніміз - метанарративке сенімсіздік көрсету деп анықтар едім.
Мәдениетті жазу
Антропологиядағы постмодернистік бағыттағы мәтіндердің ең маңдай алдысы - Мәдениетті жазу (Клиффорд пен Маркус, 1986) жинағы. Ол жинақ 1984 жылы (Маркус пен Клиффордты да қараңыз, 1985) Нью-Мексикадағы Санта Фэда өткізілген конференция нәтижесінде жарыққа шықты. Бұл жинақта сегіз антрополог, антропология тарихшысы (Джеймс Клиффорд) және әдебиет сыншысы (Мэри Луиз Прэтт) мақалаларын жариялады. Ол мақалалардың барлығы кейін мерейтойға айналған жинақта тағы басылып шықты (Роберт Торнтонның мақаласынан басқа). Мәдениетті жазу кітабына ортақ тақырып антропологиялық дискурстағы әдеби әдістерді қарастыру тақырыбы болды. Бірақ авторлардың тақырып туралы көзқарастары қалыпты көзқарастан радикалды көзқарасқа дейін өзгешеленеді. Тағы бір авторлар тобы биліктің этнографиялық процеске орынсыз араласуын да сынға алады. Жинақтағы әр мақала жеке-жеке қарастырып шығуға тұрарлықтай жазылған.
Джеймс Клиффорд жинаққа жазған кіріспесінде этнография бүтін мәдениетті көрсетеді деген пікірді сынайды. Қандай да болсын этнографиялық деректер, тіпті ең білікті ғалымның қаламынан шықса да, толыққанды бола алмайды дейді. Ол этнографияны жазу машығы ретінде қарастыруды жөн санайды. Бірақ антропология дегенімізді жай ғана жазу деп немесе этнографияны жай ғана поэзияның бір түрі деп қарастыратын экстремистік көзқарасқа қарсы екенін жазады. Оның антропологияға қосқан елеулі үлесі этнографиялық аллегория саласына тиесілі. Клиффордтың этнографиялық аллегориясы әдеби бағытқа жақын және мәдениеттің нарративті жағына мән береді. К. Джордж Маркус та әдеби талдау сарынында жазады, бірақ ол автордың беделін боямасыз көрсетуге, әлемдік жүйелер теориясын қолдануға үндейді. Кітаптың соңғы сөзінде ол Санта Фэ конференциясы нәтижесінде антропология пәнінде туындайтын жаңа сұрақтардың қиындығы туралы жазады.
Мэри Луиз Прэтт әртүрлі этнография түрлерін талқыға салады. Ол антропологиядағы объективті және субъективті түсініктерді бірлестіре қолдану керек дейді. Этнографтар ізденісінде тарихи жағдайлар мен әдеби жанрды ескере отырып, зерттеу жүргізу керектігін айтады. Винсент Крапанзано тәржімалау қиындығын үш түрлі мәтінді талдау арқылы қарас- тырады: бірі XVIII ғасырда жазылған мәтін, екіншісі XIX ғасырда жазылған мәтін, үшіншісі Гирцтің мәтіні. Ренато Розальдо биліктің түрлерін екі түрлі мәтін арқылы талдайды. Оның ішінде Эванс-Причардтің Нуэр туралы мәтіні де бар. Ал Талал Асад тәржіма нысаны ретінде Эрнест Геллнердің тәржіма туралы жазған еңбегін алады. Онда Геллнер Нуэрлердің діні туралы британдық антропологиялық тарихында жазылған еңбектердің тәржімалануы туралы сөз етеді.
Мишель Фуко этнос динамизмі тақырыбына тоқталады. Оның ойынша, этнос динамикасы әр келесі буында қайта жаңғыртылуы тиіс. Пол Рабинов Гирц интерпретивизмінің және Клиффордтың мәдени мета-антропологиясының мәтіндік құрылымын жасайды және одан да басқа мысалдарды қарастырады. Осылайша ол сол мәтіндердің әлеуметтік фактілер екенін көрсеткісі келеді. Стефен Тайлер алғашында когнитивтік антропологияның өкілі болды, бірақ кейін постмодернистік бағытта пікір білдірушілердің ішіндегі ең қатаң сыншылардың біріне айналды. Ол ғылыми ақыл-ой жүйесі уақытының біткендігін айтып, постмодернистік этнографияның болашақтағы фрагментарлы табиғатының кереметтігіне тамсанады. Оның ойынша, постмодернизм дискурстың ауқымында жұмыс істейді, дәл диалогтағы секілді. Ал бастапқы антропология этнографиялық мәтіндерді монолог түрінде қарастыратын еді. Алайда ол постмодернистік этнографияның әлі жоқ екенін айтып, соған өкініш білдіреді. Екінші жағынан, ол этнографияның барлығы постмодернистік белгілермен жазылған деп мәлімдейді.
Мәдениетті жазу жинағы жарияланғалы бері жинақты шығаруға атсалысқан және қатыспаған бір топ антрополог осы дискурста талқылауын жалғастыруда. Соның айқын мысалы ретінде Маркус пен Фишердің соңғы кезде жазылған антропологиялық еңбектердің эксперименталды және сыни табиғатын негіздеуге тырысып жазған шығармасын айтуға болады; тағы бір мысал - Клиффордтің ХX ғасыр этнографиясы, әдебиеті және өнері туралы жазған еңбегі, Майкл Тоссихтің өзімніңбөтендікі түсініктері арасындағы қарама-қарсылықтағы айырмашылықтың құрылымы мен имитациясы жайлы жазылған бірегей еңбегі; сондай-ақ Рабиновтың кейбір жинақтары. Мэрилин Стратерннің байланыстарды анықтауға бағытталған еңбегі Британиядағы бүгінгі маңдай алды антропологиялық еңбекке жатады. Оның ойынша, ішінара байланыстармен жұмыс істеу антропологтар үшін қажетті нәрсе. Өйткені антропологтың қолындағы ақпарат тым көп, сол себепті оның ақпаратты басқалай талдауы мүмкін емес. Қажет әдебиеттер тізімі:
Маркус пен Фишердің антропологиялық еңбектердің эксперименталды және сыни та- биғатын негіздеу шығармасы (1986);
Клиффордтің XX ғасыр этнографиясы, әдебиеті және өнері туралы жазған еңбегі (1988);
Майкл Тоссихтің өзімніңбөтендікі түсініктері арасындағы қарама-қайшылық айырмашы- лығының құрылымы мен имитациясы жайлы жазылған бірегей еңбегі (1993);
Рабиновтың кейбір жинақтары (1997);
Мэрилин Стратерннің байланыстарды анықтауға бағытталған еңбегі (мысалы, 1991; 1922).
Америкалық социолог Норман Дензин постмодернистік антропологияны моральдық дискурс деп сипаттайды. Оның айтуынша, этнографтар адамдар туралы жазуда әртүрлі, объективті жазу түрлерінен алшақтап, эксперименталды және тәжірибеге негізделген жолмен жазуға көшулері қажет. Соның ішінде автобиография жазу және БАҚ-ты пайдалану; сезімдерді көбірек беруге тырысу; ғылыми шындыққа қарағанда көркемделген поэтикалық және әңгімелеуге тән шындыққа қарай жүрулері керек. Сонымен бірге, антропологтар өмірден алған тәжірибелерге, шынайы күнделікті іс-әрекеттерге және түрлі көзқарастарға сүйенулері тиіс.
Постмодернистер, әдетте, мәдениет туралы жазуда, мәдениетті сипаттауда және мәдениеттің теориясын беруде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz