Сөзден сыр түйген қаламгер


КОНКУРСҚА
БАҒЫТЫ: Әбіш Кекілбаев − сырлы суреткер
Сөзден сыр түйген қаламгер
Гүлназ Жұматайқызы Қожан
Қызылорда «Болашақ» университеті
Дамыған елдердің қатарына қосылудың негізі білім мен ғылымның дамуымен байланысты. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстандық жол − 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында да «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары мен Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстаннның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының да негізгі мақсаты осы болса керек. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Ол білім біздің рухани байлығымыз - кітапта. Кітап оқу арқылы біз сананы жаңғыртып, рухани байлыққа кенелеміз. Өткеніміз бен бүгінімізді біліп, болашақты бағдарлаймыз. Соның бір айғағы − 2019 жылдың Жыл кітабы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы. Мен халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың осы романын оқығаннан кейін қаламгердің адам шындығын танудың алуан тәсілін шеберлікпен игерген сырлы да суреткер жазушы екеніне тағы бір көзім жетті. Сонымен қатар анасының: «Кітапты, бұрынғының кітаптарын көп оқитын. Бала болып алысып - жұлысу дегенді білмейтін. Балалардан гөрі үлкен кісілерге үйір еді. Олар да бетінен қақпайтын» деген сөзінен аңғарамыз. Зерделей қарасақ, қаламгердің сөз өнеріне қызығушылығы бала кезден басталғанын білеміз .
Жас кезінен фольклорлық мұраларымызды терең оқып, одан ғибраттанған қаламгер «Аңыздың ақыры» романында сұлу да ақылды Ханшайым образын суреткерлік шеберлікпен бере білген. Ауыз әдебиетініен бастау алатын ақылды да сұлу ару қыздар мен аналардың образы Ә. Кекілбаевтың да шығармаларында сабақтасып жатады. Мысалы, романда суреттелетін үлкен және кіші Ханшайымның әлеуметтік орнына, жас ерекшелігіне сәйкес киім кию үлгісі, әшекейлері шебер де көркем бейнеленген: Әмірші бәйбішесінің үстіне киген киімін былайша суреттеледі: « Ол үстіне түгел көміп тұратын, зер шайып, кестелеген қызыл көйлек киіпті. Оның сүйретілген ұзын етегін он бес әйел көтеріп келеді . . . Ханшаның әбден қапысыз опалап-сүрмеленген беті қағаздай аппақ. Оның үстіне, бет-аузын төгілген ақ селдір пердемен қымтап алыпты. Басына өне бойына асыл тасты аямай төккен мұнара іспетті биік сәукеле киіпті. Оның салпыншақ, қызыл мауыты етегі екі иығын жауып тұр. Мойнына әр жер-әр жеріне лағыл мен меруертті алма-кезектестіріп көз қадаған алтын алқа тағыпты. Сәукеленің өзге салтанаты аз болғандай, оның қақ ұшар басына хан тәжісінің төбесіндей алтын төбелдірік орнатылыпты. Оның қақ ортасында баданадай-баданадай үш лағыл қызыл шоқ боп жанып жатыр. Төбелдіріктің төбесіне үкі қондырылған. Оның ұзын майса қауырсындары ханшаның екі құлағына жеткенше екі айырылып төгіліп тұр. Ханша әр аттаған сайын басындағы ауыр сәукеле бұлғалаңдап, әр бағытқа ауып-ауып түседі. Жан-жағынан бірнеше әйел қолымен демеп келеді. Бәйбішенің мөлт қара шашы екі иығынан төгіле құлапты», - деп суреттеледі. Шығармадағы үстіне түгел көміп тұратын, зер шайып, кестелеген қызыл көйлек киіпті, ханшаның әбден қапысыз опалап-сүрмеленген беті қағаздай аппақ беті, бет-аузын қымтап тұрған ақ селдір перде, асыл тасты аямай төккен мұнара іспетті биік сәукеле; мойнының әр жеріне лағыл мен меруертті алма-кезектестіріп көз қадаған алтын алқа; сәукеленің ұшар басына орнатылған хан тәжісінің төбесіндей алтын төбелдірік; төбелдіріктің ортасындағы баданадай-баданадай үш лағыл қызыл шоқ, төбесіндегі үкі т. б. - бірін-бірі толықтырып тұрған көркем сөз тізбектері сол замандағы ханшаның киім-киісін, сән-салтанатын мейлінше дәл суреттеген. Ал мәтіндегі кестеленген қызыл көйлектің сүйретілген ұзын етегін он бес әйел көтеруі, ұзын-шұбаң шеруді хан әйелдерін күзететін бір топ азбан құлдың бастауы сияқты сөз тізбектер хан сарайында қалыптасқан дәстүр бойынша ханшаға лайық құрметті бейнелеген, ал азбан құлдардың ханшаға құрмет көрсетіп тұрған қалың қауымға танауларын көтеріп, кісімсіне қарауы, жер опырылатындай маң-маң басуы - құл мінезіндегі қарапайым пасық тәкаппарлықтан хабар береді.
Ханшаның сән-салтанатын суреттеуде жазушы көркемдеу тәсілдерінің түр-түрін айқын қолданған. Сүйретілген ұзын етек, опалап-сүрмеленген бет, көз қадаған алтын алқа, қағаздай аппақ, мұнара іспетті, баданадай-баданадай үш лағыл шоқ деген теңеулі тіркестер; ақ селдір перде, қызыл мауыты, алтын төбелдірік, ауыр сәукеле, алтын алқа, ұзын майса қауырсындар, мөлт қара шаш т. б. эпитетті тіркестер; тағзым етіп, бастарын иіп, қалың қауым т. б. халықтық тұрақты тіркестер қолданылған. Мәтінде сәукеленің өзге салтанаты аз болғандай, маң-маң басып маңғаздана қалыпты; танауларын көтеріп кісімсіне қарайды сияқты халықтық сипатты кекесін, мысқылдар да бар. Сонымен, жазушының өзі суреттеп тұрған хан сарайындағы қалыптасқан дәстүрлі салтты, адамдардың мінез-құлқын терең түсінгенін, соларды дәл бейнелейтін сөздер мен сөз тіркестерін тауып, көркем көрініс жасай алғаны көрінеді. Кіші ханшайым да өзінің жас ерекшелігіне сай сән-салтанатымен келеді. Бұл біздің ұлттық мәдени байлығымызды көрсетсе керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz