Психологияның даму үдерісіндегі психика жөніндегі түсініктердің эволюциясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Семей қаласы. КазГЮИУ

Тақырыбы :Психологияның даму үдерісіндегі психика жөніндегі түсініктердің эволюциясы

Орындаған: Мұрат Ақтоты Беріктайқызы

Тексеруші: Жолдыбекова Асем Тлеубековна

Психология өз алдында ғылым ретінде ХІХ ғасырдың 60жылдары бөлініп шықты. Қазақстандағы психология ғылымы, әсіресе, ¥лы Отан соғысынан кейінгі жылдарда елеулі қарқынмен дами бастады. Мәселен, 1946 жылы қазақ педагогикалық институтында түңғыш рет психология кафедрасы, 1947 жылы қазақ университетінде логика жэне психология мүғалімдерін даярлайтын арнаулы бөлім ашылды. 1951-1953 жылдары осы бөлімді жүзден астам түлектер бітіріп шықты. Бүлардың көпшілігі психология мамандыгын иеленіп, еліміздің оқу орындарында, гылыми мекемелерде қызмет ете бастады. Осы жылдары республика үшін психологтар даярлауда профессор Т. Тәжібаев пен профессор И. Л. Стычинский зор үлес қосты. 1879ж. Лейпцингте Вундталғаш рет дүние жүзінде эксперименталды психологиялық лабаратория ашты. ХҮІІІғ.

“Психология”терминін неміс филосфы Христиан Вольф кіргізді. Психологияның ғылым ретінде даму жолдары нақты кезеңдерден тұрады. 1-ші кезең(б. з. дейінгі 5ғ. ) . Психология жан туралы ғылым. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің ғалымы Аристотель (б. з. д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған кезеңде психология басқа ғылымдармен араласа дамып келеді. XIX-ғасырдың екінші жартысынан кейін ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, қиял, ес, ойлау және т. б. ) эксперимент жүзінде әр түрлі құрал-жабдықтардың көмегіиен зерттеген. Осы кезден бастап психология өз алдына отау тігіп ғылым ретінде дами бастады.
Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б. э. д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (б. э. д. 427-347) керісінше “жан- мәңгі өлмейді, өшпейді”, - деп тұжырымдады. Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние- материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274ж. ж. ) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік берді.
2-ші кезең Психология сана туралы ғылым ретінде. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы философтар психиканы түсінудің методологиялллық алғы шарттарының негізін қалады, оның психологияның өз алдына білімнің жеке саласы ретінде қалыптасуына ықпалы тиімді. Р. Декарт (1596-16650 ) жануарлар мен адам психикасына әр түрлі қаруды белгілейді. оның теориясы бойынша, жануарлардың жаны жоқ олардың мінез-құлқы, сыртқы әсерге рефлекс болып табылады.
Д. Локк(1632-1704) сенсуализмнің -ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайтын философиялық бағыттың аса көрнекті өкілдерінің бірі. Ғалым психикалық іс-әрекет механизмін ассоциациялардан, яғни жеке түсініктер мен идеялар арасындағы байланыстардан көреді. Д. Локк сананы өзімен-өзі тұйықтап, сана туралы ілімде іс жұзінде декарттық тұрғыда қалып қойды.
3-ші кезең. Психология іс-әрекет туралы ғылым ретінде.
1913жылы американ психологы Д. Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді . Зерттеуші интроспекция әдісін субъективті деп жоққа шығарды :оның нәтижесінде алынған деректерді Уотсон тек бақылаушының өзі үшін ғана нақтылы нәрсе деп есептеді. Бихевиоризм сана жөніндегі декарттық -локктік концепцияның дәрменсіз екенін атап көрсетті. Бихевиористердің пікірі бойынша психология сананы, оның мазмұны мен қызметін зерттеуден бас тартуға тиіс. Ғылым тек объективті түрде байқауға болатын және әр кім үшін белгілі, яғни мінез -құлықты зерттеуі қажет. Зерттеу п. әні өзгерді /сананың орнына мінез-құлық алынды/, сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды . “Сана”, “түйсік” “қабылдау ”, “ерік ”деген және басқа терминдер ғылыми мазмұны жоқ сөздер ретінде жоққа шығарылды. “Стимул” (сыртқы орта қоздырғышы ) “реакция ” (организмнің қозуға қайтаратын жауабы) және стимул мен реакция арасындағы
“байланыс”( ассоциация, коннексия ) негізгі психологиялық ұғымдарға айналды. Сондықтан да бихевиоризмді көбінесе стимул-реактивті теория немесе С-Р ассоциационизмі деп атайды. Психологиялық зерттеулердің мақсаты -ортаға бейімделуге бағытталған мінез-құлықтың принциптерін зерттеу.
4-ші кезең. Психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді.
Сыртқы әсердің адамның ішкі ерекшеліктері арқылы өңін өзгертуі көптеген жағдайларға оның жас мөлшеріне, білім деңгейіне, белгілі бір сыртқы әсерге бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынасына, белсенділік деңгейіне және, ең бастысы, қалыптасқан дүниетанымына тәуелді. Сонымен психиканың мазмүны реалды, бізге тәуелсіз және өмір сүретін заттардың, құбылыстардың, оқиғалардың ақиқат бейнесі (яғни, объективті дүниенің бейнесі ) болып табылады. Бірақ бұл бейнелер әр адамда оның өткен өмір тәжірибесіне, мүддесіне, сезіміне, дүниетанымына тағы басқаларға байланысты өзіндік өзгешелікпен пайда болады. Сондықтан да бейнелеу субъективті. Осылардың бәрі психика дегеніміз-объективті дүниені субъективті бейнел ендіру деуге әбден болады.
Психикалық бейнелеудің дұрыстығын мойындаудың принциптік маңызы зор. Себебі нақты осы қасиет ақиқатты танып-білуді, оның объективті заңдылықтарын анықтауды және одан кейінгі жерде оларды адамның теориялық және практикалық қызметінде қолдауды мүмкін етеді.
Психика-қоғамдық -тарихи практикамен тексеріліп, құпталған дүниенің шынайы да дұрыс бейнеленуі.
Негізгі психологиялық теорияларға бихевиоризм, гештальтпсихология, психоанализ, іс-әрекет теориясы, гуманистік психология.

Психология ғылымының дүниеге келуі 1879ж. Вундтін Лейпциг каласында алғашқы эксперементалды зертхана ұйымдастыруымен сипатталады. Психология ғылымының даму тарихы бірнеше этаптарға бөлінеді :

1. Психология жан туралы ғылым.

2. Психология сана туралы ғылым.

3. Психология жүріс-тұрыс туралы ғылым.

4. Психология психика туралы ғылым.

Шетелдердегі психологиялық ағымдыр (мектептер) : бихевиоризм, гештальтпасихология, фрейдизм немесе психоанализ, генетикалық психология, гуманистік психология. Қазақстандағы психологиялық ой-пікірлердің дамуы. Әбу Насыр Әл Фараби, А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин; С. Торайғыровтың ойлары.

Алғашқы қауымдық қоғамның өзінде психика жөнінде көзқарастар болған. Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің маңындағы дүниенің сырын танып білуге, өз денесінің құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Б. д. д. бірнеше мыңдаған жылдар бұрын заттың материалдық құбылыстарды (заттар, табиғат, адам) және заттық емес құбылыстарды (бейнелер, ойлар, адам және еске түсіру, қайғыру және т. с. с. ) анықтап, мойындап, олардың тәуелсіз қоршаған ортадан бөлек екендігін айтқан.

Ерте заман ойшылдары «Жан деген не?», оның қасиеттері және функциялары қандай, жан мен тән арақатынасы деген сұрақтарға жауап іздейді.

Ерте заманның философы Демокрит (б. д. д. 5, 6 ғғ. ) психиканы, яғни жанды оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп санады, сонымен қатар психиканың адам тәнінің қызметі деген бір материалистік түсінікті тудырды. Тәннің өлуімен жан да өледі деген. Сол заманның тағы бір өкілі ғұлама ойшыл Платон (б. д. д. 427-347 жж. ) жан мәңгілік нәрсе, ол өлмейді деген, ол психикалық түсіндіруде иделистік бағытты ұстанған. Ең бірінші жан туралы жазған Аристотель (б. д. д. 384-422 жж. ) «Трактоз о дүние» бұл еңбек бірінші психологиялық әдебиет болып саналады. Шығыстың ұлы ойшылы әбу-Нәсыр әл-Фараби (870-950 жж. ) дүние материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді. Жан денеден бұрын өмір сүрмейді, 1 денеден 2 денеге барып, орналаса алмайды деп материалистік тұрғыдан қарастырды.

Бірінші кезенде психология жан туралы ғылым. Жан ерекше, тəннен бөлек жасайтын құбылыс деген нанымның санаға терең ұялауы бұған мысал бола алады. Алғашқы адамның өзi де адамдар мен жануарлардың өлетiнің, адамның түс көретiнiн сезiп, бiлген. Осыған орай адам ұстамға келетiн тəннен жəне көрiнбейтiн жаннан бiрiнен-бiрi бөлiнбейтiн дербес екi бөлктен тұрады деген сенiм туындады; яғни адам өлмейiнше, жан оның тəн iнде жасап, өлгеннен соң тəннен шығып кетедiмыс. Ал адам ұйқыдағы кезде, жан оның тəнiнен уақытша ажырап, қандай да бiр басқа жерге ауысады. Осылайша, психикалық процестер, қасиеттер мен қалыптар ғылыми талдауға түсiп, зерттелгенге дейiн адамдардың бiрiнiң екiншiсi жөнiндегi қарапайым тұрмыстық психологияға тəн пайымдаулары жинақтала бердi.

Екінші психология - Сана туралы ғылым бұл кезен Декартын сана ұғымен байланысты. Жан жөнiндегi танымдар қандай құбылыс - өзгерiстерге енгенiмен өмiрлк iс-əрекеттiң қозғаушы күшi - жан деген тұжырымға ешбiр келтiреалмады. Тек ХҮIII ғ. психология бiлiмiнiң дамуында Рене Декарт жаңа есiгiн ашты. Ол адамны өн iшкi мүшелерi ғана емес, тiптi дене əрекетiнiң де жанға ешқандай қатысы болмайтыны жынде пiкiр айтып, дəлелдедi. Бұл жантану ғылымының кейiнгi желiсiне үлкен ықпал жасады. Декарт ғылымға екi түсiнiктi - рефлекс жəне сананы бiрдей енгiздi. Бiрақ ол өз тағылымында жан мен тəндi бiр-бiрiне қарсы қойды, өзара тəуелсiз екi болмыс материя жəне рух жасайтынын уағыздады. Сондықтан да психология тарихында бұл Декарт тағылымы «дуализм» (екi тарапты) атауын алды. Дуалистер көзқарасында, психикалық табиғат ми қызметiнің өнiмi емес, мидан тыс, оған тəуелсiз, өз бетiнше жасайтын құбылыс екенi түсiндiрiлдi. Бұл бағыт ғылымда объективтi идеализм деп аталды.

Дуалистк тағлиматты арқау етiп ХIХ ғ. психологиясында психофизиологиялық параллелизм атанған идеалистiк бағыт кең өpiс алды. Бұл бағыттың мəнi: психика жəне тəн қатар, бiрақ өзара тəуелсiз жасайды. Мұндай идеалистiк көзқарасты дəрiптеушiлер Вундт, Эббингауз, Спенсер, Рибо, Джемс, т. б.

Шамамен осы дəуiрде психология денi жөнiнде жапа түсiнiктер қылаң бере бастады. Ойлау, сезу, қалау қабiлеттерi не сана атауы берiлi, психика санамен баламаластырылды. Осыдан жан психологиясы орнына сана психологиясы жүзеге келдi. Бiұan; сана көп уақытқа дейiн басқа табиғи процестердің бəрiнен оқшауланған ерекше кұбылыс ретiнде қаралды. Ендi саналық өмiр Алла жаратқан ақыл көрiнiсi немесе сананы құраған қарапайым элементтерi бар субьективтк сезiм нəтижесi деп есептелдi. Бiұл идеалистi бағыттағылардың бəрiн бiрiктi дeген жалпы пiкiр: психикалық болмыс - ғылыми талдауға келмейтiн, себебі бұндай түсiнiк кең етек алып, ал бұл бағыттағы идеализм интроспекттiк (өзiн-өзi бақылау) сана тағылымы атын алды. Осыдан сана өзiмен өзi шектелiп, психика объектив болмыс пен субъектiнiң өзiнен де толығымен ара байланысын үздi.

Үшінші кезен жұрыс-тұрысты зерттейді ХIХ ғ бірінші жартсында психология жұрыс-тұрыс туралы ғылым реттінде қарастырылады.

ХIХ ғ. екiншi жартысында дербес ғылымға айналған психологияның дамуы өз алдына əртүрлi мақсаттарды белгiлеп, əртүрлi зерттеу тəсiлдерiн қолданған, бiр-бiрiн ауыстырып отырған теориялар таласында жүрiп отырды. ХIХ ғ. аяғындағы барша теориялар, ХХ ғасырдағы бiршама тағылымдар сананың осы интроспектік психологиясы шеңберiнде зерттелдi. Бұл теориялар бойынша психологиялық зерттеулердің көбіне қоршаған орта мен адам iс-əрекетi не байланыссыз жан толғаныстары мен көрiнiстерi негiзделдi. Ал сана мен ми арасындағы қатынас бұл теорияларда дуализм бағытында шешiмiн тапты.

Интроспекттiк психология аймағындағы теориялардың бiр-бipiнен айырмашылығы сананы құрылымы, мазмұны жəне белсендiлк дəрежесiне қарай əрқилы сипаттаудан болды, яғни бiр сипаттама жетекшi деп есептелiндi. Осы тұрғыдан сана психологиясы өз зерттеулерiн 5 бағытта алып барды:

саналық элементтер теориясы (В. Вундт, Э. Титченер) ;

саналық əрекеттер психологиясы (Ф. Брентано) ;

саналық ағым (сел) теориясы (У. Джемс) ;

дербес құрылым психологиясы (гештальтпсихология) ;

суреттеме психологиясы (Дильтей) .

Бұл теориялардың бəрi не ортак. Təрciнiк: қоршаған дүниемен белсендi қатынастағы адам орнына сана қойылып, оның бар iс-әрекетi сана белсендiлiгi деп танылды.

Психологияда эксперименттiк əдiстiң орнығуына қарамастан, бұл дəуiрде аталған теориялардың бəрiне тəн ерекшелк - психикалық құбылыстардың мəнiн түсiндiру емес, тек қана суреттеп нақтылау.

Төртінші кезен психология психика туралы ғылым осы кезенде, 1879 ж. Вундт Лейпцигте алғашқы эксперименталды зертхана ұйымдастырды. Сана психологиясына эксперимент қою мүмкiндiгi ашылды: зерттеушi белгiлi жағдайлар жасап, онда психикалық процестердін өтуiн бақылап отырды. Бiрақ бұл бақылаулардың ерекшелiгi адам өзiнiң iшкi жан-күйiн, сезiмiн, ой толғанысын өзi бақылайды, осыдан мұндай зерттеуде интроспектк аталған əдiс қолданылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салыстырмалы психологияның даму тарихы
Салыстырмалы психология пәні, міндеттері, әдістері
Сана мәселесінің теориялық және әдіснамалық негіздері
Психология тарихы туралы
Таным мен сананың өзара байланысы
Оқытудың психологиялық мәні
Психологиялық ойдың тарихи даму жолының негізі неде
Психология пәнінің мақсаты, міндеттер
Психологияны зерттеудің негізгі әдістері
Ежелгі психология
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz