Алғашқы қауымдық немесе қарабайыр өнер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Алғашқы қауымдық немесе қарабайыр өнер
Өнер тарихы

Алғашқы қауымдық немесе қарабайыр өнер

Алғашқы қауымдық кезеңде өнер болды ма? Өнер қашан пайда болды? Қалай пайда болды? деген сұрақтардың осы жерде туындайтыны да заңдылық. Өнер тарихы туралы алғашқы зерттеу еңбектерімен бірге археологиялық қазба жұмыстары да ХІХ ғасырдың II жартысынан бастап жемісті түрде жалғасқан болатын. Осы археологиялық қазба жұмыстары барысында алғашқы қауымдық адамдар мекен еткен мәдени ошақтар ашылып, археолог ғалымдардың, тарихшы ғалымдардың қызығушылығын арттыра түсті. Нәтижесінде, өнер тарихын алғашқы қауымдық кезеңнен бастап қарастыру қалыптасқан болатын. Өнердің пайда болуын талқылауда көптеген ғалымдар екі түрлі теорияға сүйенеді. Материалистік теория - өнердің пайда болуын адамзаттың пайда болуымен тығыз түрде қарастырып, ол биологиялық қажеттіліктен, адамның өзін қоршаған ортаның тылсым күштеріне деген сенімнен пайда болды деп тұжырымдайды. Ал идеалистік көзқарас керісінше, өнер ол адамның ұдайы еңбегі, ізденісі арқасында пайда болып, қалыптасты деген тұжырымды ұстанады. Бүгінгі күні бұл теорияның қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс деп дау туғызу әрине қисынсыз. Өйткені қазіргі біз білетін өнер - алғашқы қауымдық өнер ол кезде өнер ретінде қарастырылған жоқ. Сол өнер бар, миф бар, адамның қоршаған ортаға деген сенімінен туындаған діни көзқарастарының негізінде қалыптаса отырып, адамның тек қана тіршілік қажеттілігіне деген мұқтаждығынан пайда болды десе болады, яғни қазір біз өнер туындысы деп қарастырып жүрген алғашқы адамдардың шығармашылық әрекетінің жемісі арнайы өнер ретінде жасалған жоқ. Адамдар күнделікті тұрмыс қажеттілігінен ғана, мәжбүрліктен ғана, бір жағынан діни наным-сенім, магия тарапынан қажет болған әрекет болды.

Адамдар белгілі бір өнер туындысын жасауда, сол нәрсеге сенді. Ол ою-өрнек болмасын, қыш ыдыстарды көркемдемесін, үңгірлерге натуралистік жануарлардың бейнесін салмасын немесе пиктографиялық жазулар болсын, олар осы шығармашылық әрекеттерінің барлығында өзін қоршаған ортаны қалай танитынын және сол ортаға деген сезімін көрсетті. Егер қорқатын болса, таңғалатын болса, үрейленетін болса, сол әсерлерінің барлығының жемісі алғашқы қауымдық адамдардың санасында әсер ретінде көрінді. Сонымен қатар, алғашқы қауымдық кезеңде өнердің жекелеген түрлері қалыптаспады. Әдебиет, би, музыка өнердің жекелеген түрі ретінде атау алып қалыптаспаған болатын. Олардың барлығы рәсімдік, ғұрыптық жоралғының бөлшегі болып табылды. Жауын жаусын деп тілесе немесе мол олжалы болайық деп тілесе сол мақсатты рәсімдік жоралғы жасайтын. Соның құрамына бейнелеу өнері кірсе, би кірсе, айғайлау секілді сондай бір әрекеттер кіретін болса, олар оның барлығын тұтас, яғни бейнелі түрде қабылдады. Бұл шындығына келгенде алғашқы қауымдық адам санасының мифтік қабылдау деңгейінде болғандығын түсіндіреді.

Алғашқы қауымдық кезеңдегі өнердің дамуын ғалымдар жалпы адам санасының, адамның еңбекке бейімделуінің, күнкөріс қабілетінің артуына байланысты жіктейді. Осы орайда біз, қалыптасқан хронологияға жүгінейік.

Біз білетін үлкен ірі төрт кезең бар, яғни олар тарихта кеңірек қолданыс тапқан:
Ежелгі тас ғасыры - палеолит (б.з.д. 5 млн. жылдан - б.з.д. 20 - 10 мыңжылдық);
Орта тас ғасыры - мезолит (б.з.д. 20 - 10 мыңжылдық);
Жаңа тас ғасыры - неолит (б.з.д. 10 - 3 мыңжылдық);
Мыс-тас ғасыры - энеолит (б.з.д. 3 - 2 мыңжылдық).

Байқап отырғанымыздай аталып кеткен төрт кезеңнің ғылыми атауларында лит сөзі жиі кездеседі, яғни барлығының дерлік құрамында бар десек болады. Лит, яғни литос гректің тас деген сөзінен шығады. Бұл аталған кезеңдердің барлығының тас дәуіріне қатысты екенін дәлелдей түседі.

Ал енді бірінші кезеңге тоқталайық. Палеолит дәуірі ерте, орта және кейінгі болып үш кезеңге бөлінеді. Ерте және орта тас ғасыры бұл неандерталдықтың өмір сүрген кезеңі. Бұл кезеңдегі адам өзі бір шығармашылық әрекетке бейім болмады. Ол өмір сүретін қоғам, орта, табиғат не дайындап берді тек қана соны тұтынумен тіршілік етті, яғни адам суықтан қорғану үшін тұрақ жасаған жоқ, тамақты пісіріп жеген жоқ. Тек қана үңгірлерді мекендеп, шала өңделген, жарты- лай шикі тамақтарды тұтынды. Бұл кезең адамдары табиғат дайындап берген жартылай өң- делген тамақтарды пайдаланғандықтан, оның ағзасы тез қартаюға бейім болатын. Сондықтан да неандерталдық қоғамындағы адамдардың жасының ең ұзақтығы отыз жас болатын.

Келесі кейінгі палеолит дәуірінен бастап адамдар мейлінше қоршаған ортаны игеруге және сол ортаны өзіне бейімдеуге тырыса бастайды. Енді олар үңгірлерден шығып, өздеріне тамақ табуға және табиғатты игеруге ыңғайлы деген жерлерге қоныстана бастайды. Сондай-ақ жылыну үшін, шала өңделген немесе жартылай болса да піскен тамақты тұтыну үшін отты пайда- лана бастайды. Бұл кезең кейінгі палеолит, homo sapiens, яғни саналы адам дәуірі. Адам өзін қоршаған ортаның тылсым күштеріне сене отырып, соларға табына отырып, сонымен қатар өзін сол қоғамды меңгеруге, сол қоғамға басшылық етуге қабілетті тұлға ретінде қарастырады. Кейінгі палеолит уақытында адамдардың қоршаған ортаны меңгеруіне байланысты бейнелеу өнерінің барлық түрлері де пайда болды. Мысалы, олар: жартас кескіндемесі, ұсақ пластика (екінші бір атауы мобильді өнер), пиктографиялық жазулар, петроглифтер. Осы өнер түрлері кейінгі палеолиттен бастау алады.

Алғашқы қауымдық кезеңде кең тараған, бүгінгі күнге дейін әлемнің түпкір-түпкірінде сақталған, бізге дейін жеткен өнер түрлері жартас кескіндемесі мен ұсақ пластика. Ұсақ пластикаға келер болсақ, ғылымда оған қатысты атаулар да көп. Бір жерлерде мобильді өнер дейміз, енді бірде палеолиттік венералар деп те атаймыз. Көлемінің небәрі 10 - 15 см ғана болуына байланысты ұсақ пластика атауы қалыптасқан болса, мұндай венералар алғашқы қауымдық адамдар өмір сүрген барлық дерлік ошақтардан табылған болатын, яғни алғашқы қауымдық адамдар осындай мүсіндерді көшіп қонған кезде, қоныстарын өзгерткен кезде өздерімен бірге алып жүретін болған. Оларды өздерімен бірге алып жүру ерекшелігіне байланысты мобильді өнер атауы да қалыптасады. Неге палеолиттік венералар деп атаймыз? Біз білетін венера атауы гректік әйел құдайлардың бірінің есімі. Ал, палеолиттік венераларға бір қарағанда өте тұрпайы, тартымсыз. Бастары, қолдары, аяқтары мүлде көрсетілмеген күйде тамашалай аламыз. Виллендорф венерасы көлемі 12 см ғана болатын, кішкене көлемді ұсақ мүсін. Басы бұжырланып, бедерленіп қана көрсетілген. Қолдары өте жіңішке, әлсіз әрі кеудесінің үстіне ғана қойылған. Ал, аяқтарын мүсінші жасауға тіпті құлықсыз да болған секілді. Есесіне біз не көреміз? Виллендорф венерасына қарап отырып біз әйел адамның молшылықтың символы ретіндегі дене тұрпатын тамашалай аламыз. Оның кеуде тұсы, бөксе тұсы ерекше әсіреленіп беріліп, дене бітімі гипертрафейлендіру әдісі арқылы барынша әсіреленіп көрсетіледі.

Алғашқы қауымдық адамдардың жартас кескіндемесінде де дәл осы әдіс өзінше бір орын алған болатын. Ол жануар немесе мобильдік өнердегі әйел адам бейнесі болсын оның дене бөлшегі ерекше үлкен етіп көрсетіледі. Бұл молшылықтың символымен байланысты. Молшылық дегеніміз не? Алғашқы қауымдық адам санасы мен түсінігінде ол байлық емес, ол тек қана қарнының тоқтығы, азықтың молдығымен ғана байланысты болды. Палеолиттік венералар секілді неге ер адамдардың мүсіндері болмады деген сұраққа келетін болсақ, бұл жерде ер адамдар аң аулаумен, қоғамда топтасып өмір сүрген қауымды асыраумен айналысты. Ал әйел адам құдаймен пара-пар теңестірілді. Өйткені ол дүниеге жаңа бір жаратылысты, сәбиді әкелуші болды. Дәл әйел адамның өмірінде ғана болатын осындай бір үрдіс тылсым, құпия саналып ол құдаймен тең қарастырылған болатын. Сондықтан да әйел адамның дүниеге жаңа адам алып келе алу қабілетін алғашқы қауымдық адамдар табыну культі ретінде қарастырады.

Палеолиттік венералар тек қана Аустриялық Виллендорф венерасымен шектелмейді, Фран- циядан, Италиядан, және Ресейдің Костёнки ошағынан да табылған болатын. Мұндай вене- ралардың формасы, материалы әртүрлі болғанымен, негізгі айтар ойы, жеткізейін деген қызметі бір болды. Бұл молшылық символы. Әйел адамның бетіне неге мән бермеді? Өйткені кез келген палеолиттік венера бұл жеке бір әйелдің портреттік образы, портреттік ұқсас болу бейнесі емес. Ол жалпы, жинақ образ. Өйткені суретші бүкіл әйел, ана бейнесін қарастырып отыр. Сонымен қатар палеолиттік венералардың дәл осы кейінгі палеолит уақытында кең қолданыс табуы әйел адамның қоғамды асырауға, қоғамда өзінің маңызды рөлін көрсетуге қабілетті екендігімен байланысты, яғни терімшілік пайда болды. Терімшіліктің пайда болуы әйелдер аңға шықпаса да, бала туудан бөлек, енді терімшілікпен айналысып, қоғамға өз пайдасын тигізе алады. Әйелдің осындай пайдалы жақтары, оң қырларының ашыла бастауы қоғамда ұзақ уақытқа болмаса да бір сәтке матриархаттың болғанын дәлелдей түскендей.

Палеолиттік венералар секілді гипертрафейлендіру әдісіне жүгіне отырып, дамыған өнер түрі бұл - жартас кескіндемесі болды. Жартас кескіндемесі палеолиттік өмірдің негізі, яғни өзегі десек те болады. Олар сол кездегі адамдар тіршілік еткен үңгірлердің барлығынан дерлік табылды. Жартас кескіндемесінде, негізінен натуралистік сипат алған жануарлардың, аңдардың бейнесі ғана кескінделген болатын. Негізінен жан-жағы жиек сызықтармен бастырыла сызылып, оның дене бөлігіне, яғни етті, олжалы, сүбелі бөлігіне суретші баса назар қоя отырып, оны мейлінше семіз етіп көрсетуге тырысады. Бұл не үшін қажет болды? Алғашқы қауымдық адамдардың палеолит дәуіріндегі ең бірінші, ең маңызды күнкөріс көзі аңшылық болғанын біз тарихтан білеміз.

Палеолиттік адамдар топтасып, аңға шығар алдында сол аңның, аңшылықтың сәтті болуын болжау үшін, алдын ала осындай рәсімдік жоралғылар өтейтін болған. Ондай жоралғылар үңгір ішінде адам көзі түсе бермейтін қалтарыс жерлерде жасалатын болған. Жан-жануардың үлкендігі, көлемі қандай болса сол көлем, яғни натуралистік деп отырғанымыз жануардың көлемі қандай дәл сондай көлемде бейнелеуге тырысады. Осылайша, жартас кескіндемесі белгілі бір дәрежеде діни рәсімдік маңызды бір рөл атқара бастайды. Палеолиттік венералары болсын, жартас кескіндемесінде болсын адамдар өнер туындысын жасап жатырмыз деп ойламаған. Олар тек қана өздеріне қажетті, өмірі үшін аса маңызды белгілі бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің пайда болуына байланысты көптеген басқа тарихи деректер
Қола дәуіріндегі андронов мәдениеті
Мүсін өнерінде анималистік жанрдың қалыптасуы
Индустрияға дейінгі экономика мәні және негізгі сипаты
Индустрияға дейінгі экономика, өндіріс тәсілдері
Көркем әдебиеттегі аңыз және мифтің мәні
Магиялық реализм
Ғұндардың шаруашылығы
Бейнелеу өнерінен дәрістер жинағы
Археологиялық мәдениеттер
Пәндер