Антикалық Грекия өнері. Гомерлік және архаикалық кезең



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Антикалық Грекия өнері
Гомерлік және архаикалық кезең
Өнер тарихы

Антикалық Грекия өнері
Ежелгі Антика мәдениетіне көз жүгіртетін болсақ оның ең алғашқы кезеңдері геометрикалық және архаикалық кезеңдерден басталады. Ежелгі антикалық Грек өнері өте ұзақ уақытқа созылды. Көз жүгіртіп қарасақ ол XV ғасырды қамтиды. Осы XV ғасырда грек өнері екі бірдей өркениеттің қалыптасу, даму және тоқырау барысын өз басынан кешірген еді. Ол Ежелгі Грекия және Ежелгі Рим өнері болды. Тарихта Қосөзен мәдениеті жалпы Шығыс мәдениетінің қалыптасуына зор ықпалын тигізді. Дәл осылай Грек мәдениеті де Крит-Микен мәдениетінен сусындап, бүкіл жалпы Батыс Еуропалық әсіресе ренессанс дәуіріндегі өнердің қалыптасуына белгілі бір дәрежеде ықпал еткен болатын. Еуропалық мәдениет дәл осы антикалық мәдениеттен нәр алып, қайта жанданды десек те болады. Енді ежелгі Грекия мен ежелгі Рим кезеңіндегі өнердің жалпы ортақ бір көркемдік стильде құрылғанын байқай отырып, ол кезеңнің өнерін ежелгі антикалық мәнер деп атаймыз немесе ежелгі антикалық стиль деген атау береміз.

Өткен дәрісімізде Крит-Микен өнері жайлы сөз қозғадық. Крит-Микен өнері күйрегеннен кейін, оның орнында өте ұсақ қала полистер пайда болған болатын. Географиялық орны ортақ және әрқайсысының территориясын географиялық жағдайлар айқындап бергенімен, олар өзара ыдыраңқы, шашыраңқы еді. Араларында бірлік болмады. Тек оларды біріктіретін ортақ дүние үш фактормен айқындалды. Біріншісі, барлығына ортақ мифология негізінде қалыптасқан діннің бір болуы. Екіншіден, тіл ортақ болды. Үшіншіден, б.з.д. 776 жылдан бастап грек территориясында ұдайы ұйымдастырылып өткізіле бастаған спорттық турнирлер, олимпиада ойындарының жүргізілуі еді. Ол қаншалықты рөл ойнады дейтін болсақ, дәл осы олимпиада ойындарының кезінде грек полис-қалаларының билеушілері өз араларындағы келіспеушілік соғыстарды тоқтатып, өз атлеттерін сол ойындарға қатыстыру арқылы белгілі бір дәрежелерде көптеген мәселелерді шешіп отырған еді. Осылайша олимпиада ойындары грек қала полистерінің ыдыраған шашыраңқы кейпін біріктіріп, бір мемлекет астына жинауға септігін тигізді. Крит-Микен өнерінен сусындап дамыған ежелгі антикалық грек өнері бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Мұндай даму барысындағы өзгерістерді тарихи жағдайлармен, хал-ахуалмен түсіндіруге болады. Өнердің дамуына ықпал еткен тарихи кезеңдерге көз жүгіртетін болсақ, мысалы ең алғашқы кезеңі:

б.з.д. ХІ - VІІІ ғасырлардағы Гомерлік немесе геометриялық стиль кезеңі;
б.з.д. VІІ - VІ ғасырлардағы архаикалық кезең;
б.з.д. V - ІVғасырлардағы классикалық (ол ішінара тағы үшке бөлінеді) кезең;
ең соңғы күйреу кезеңі б.з.д. ІІІ - І ғасырлардағы эллинистік өнер.

Шамамен б.з.д. ХІІ ғасырдан бастап грек территориясына Пелопонестің солтүстігінен Дор тайпалары қоныс аудара бастайды. Олар Грецияның оңтүстік-батысындағы әлсіреген ахей тайпаларын ығыстырып, бүкіл грек территориясын мекендей бастайды. Бұл дор тайпалары жалпы болмысында жауынгер, түрлі қиял-ғажайып әңгімелерге әуес, қиялдауға бейім керемет халық болатын. Ең өкініштісі, оларда жазу мәдениеті болмады. Сол себепті олар ауызекі мәдениетін өте қарқынды, жемісті дамытқан еді. Осы кезеңнің ең танымал өкілдерінің бірі ақын Гомер болды. Оның екі танымал еңбегі Иллиада мен Одисей поэмалары үлкен бір циклдық дүние құрады. Дәл осы поэмаларда Гомер Грек мифологиясының негізін қалап, барлық кейіпкерлерді анықтап шыққан болатын. Грек дүниетанымына, грек өнеріне ықпал еткен мифология болды. Бүкіл Олимп құдайларының басшысы Зевс, одан кейін Гера, Аполлон, түрлі әйел құдайлары, сұлулықтың құдайлары. Осындай кейіпкерлердің барлығы поэмаларда тереңірек қарастырылып, әртүрлі күрделі сюжеттерімен шиеленісіп, өз мазмұнында оқырманын қызықтыра түскен еді. Барынша жанды, қызықты, мазмұнды, құрылымында күрделі қайшылықтар мен шиеленістерге толы мифологиясы мен поэмаларымен қызықтырған дәл осы кезең өнерде қатаң, геометриялық дәлдікке негізделген жүйені қалыптастырған болатын.

Бұл кезеңде ең қарқынды дамыған өнер түрі қыш өнері. Б.з.д. ХІХ - ҮІІІ ғасырларда қатаң жүйеге негізделген, геометриялық ою-өрнектерімен өрнектелген құмыралар жасалған болатын. Б.з.б. ХІХ - ҮІІІ ғасырларда Аттика, Аргос, Коринф секілді қалаларда қыш өнерімен айналысатын үлкен шеберханалар қалыптасты. Дәл осы кездегі қыш өнеріне геометриялық ою-өрнектермен безендірілген, қатаң стильге бағынатын мәнер тән еді.

1873 жылы Афина қаласының оңтүстік-батысында Дипилон деген жерде қазба жұмыстары жүргізіледі. Адам денесін жерлеуге немесе өртеуге арналған тіктөртбұрыш пішінді камералармен қатар ұсақ құмыра сынықтары да табылады. Бұл құмыра сынықтары қатты ұсақталмаған, белгілі бір дәрежеде әдейі бір сындырылғандай әсер қалдыратын. Ғалымдар зерттеп, олардың мүмкін болғандарын құрастыра келе, толық құрастыруға мүмкін болғандарын жинақтай келе олардың өн бойында меандр өрнегімен шешім тапқан көркемдік мазмұны өте жоғары өнердің болғанын айқындайды. Құмыралардың басым көпшілігі кратер немесе амфора формасында шешіліп, бұл жердегі құмыралар су ішуге, шарап құюға арналмаған, яғни тұрмысқа қажетті бір қызмет атқармағаны белгілі. Ғалымдардың көптеген зерттеулері бойынша, бұл құмыралар қабір басына қойылатын ескерткіш болған. Ең үлкенінің көлемі 155 см-ге жетіп, олардың бүйір бөлігі жұмыртқа секілді шығыңқы келіп, сюжетті композициямен безендірілген болатын. Құмыралардың жоғарғы жағы ірі көлемді меандр өрнектермен безендіріліп, кеңістікке әжептеуір орын қалдырылды. Мұны ғалымдар сол кездегі грек халқының сол кездегі дүниені қабылдау ерекшелігімен түсіндіреді. Амфора болса мойны шығыңқы ұзынша келген құмыра. Оның мойнын бос кеңістік қалдыру арқылы олар көк аспан, жоғарғы әлемді бейнеледі дейміз.

Ал ортаңғы бөлігі жұмыртқа секілді шығыңқы дөңгелектеніп келеді де дәл осы жерде сюжеттік композицияда геометризацияланған адам бейнелерінің формалары кездеседі. Бұл жерден біз тек қана жерлеу, жоқтау көріністерін көре аламыз. Орталықта бір адам көлденеңінен горизонталь жатса, оның өлген адам екенін ұғамыз. Оның екі жағында симметриялы тұрғыда шешім тапқан, тігінен бейнеленген адамдар негізінен әйел бейнелері еді. Олар қолдарын жоғарыға көтеріп, шаштарын жұлып, аза тұтқандарын эмоционалдық тұрғыда жеткізеді. Кеуделері шартты түрде үшбұрыш, бастары домалақ, аяқтары сызық ретінде беріліп, мұндай бейнелер кеңістікте жоспар аралық шешімге жүгінбейді. Метрополитендегі кратерден біз арбаға жегілген үш аттың шауып келе жатқан бейнесі арқылы бірінен кейін бірін орналастыруға талпынған суретшінің ізденісінен олардың кеңістікті де қабылдауға, сезінуге, сол кеңістікте өз бейнелерін көрсетуге деген талпыныстарын байқаймыз.

Афинаның ұлттық археологиялық мұражайында сақталған амфора бізге дейін өте жақсы жағдайда жеткен. Оның да бүйір бөлігінде осындай жерлеу композициясы орын алған. Құмы- раның негізгі түсі қоңыр-сарғыш түсте болса, оған түскен ою-өрнектер тек қана қара түспен сызылған. Жерлеу композицясы да осы қара түсте шешім табады. Дәл осындай жоқтау, аза тұту құмыралары кезінде өлген адамның қабірі басына қойылып, ішіне шарап толтыратын болған. Ал құмыраның түбін немесе жан-жағын тесік күйінде қалдыратын болған. Осылайша, олар өлген адамға құрмет көрсетеміз деп түсінген. Мұндай құмыраларды тек ауқатты, бай отбасынан шыққан, құмыраларды жасатуға қауқары жететін адамдар ғана тапсырыс берген. Геометриялық кезеңдегі құмыраларда кездесетін меандр өрнегін гректер сол өзін қоршаған табиғаттан алған болатын. Қазіргі Түркия территориясында орналасқан үлкен иірімді, ырғақты өзені бар жерді халық сол кезде Үлкен Мендерес деп атаған болатын. Ол ирек деген мағынаны білдіретін. Өрнектің де тіктөртбұрышты геометриялық сипат табуы осы өзеннің формасынан шабыттану нәтижесінде пайда болуы мүмкін.

Осы геометриялық стиль кезеңінде құмыралардың негізгі формалары қалыптаса бастайды. Амфора - сұйықтық құюға арналған ыдыс. Кратер шарап құйып, оны сумен араластыруға арналған ыдыс. Пиксида - әйел адамдардың ұсақ әшекей бұйымдарын салуға арналған кіші көлемді қобдиша және пифос. Пифостардың көлемі кейде адам бойына дейін жететін үлкен көлемді болған. Пифостар негізінен қоймада азық сақтауға арналған болса керек. Ежелгі антикалық грек мәдениетіндегі геометрикалық кезең осынысымен ерекшеленеді.

Келесі кезең б.з.д. 7 - 6 ғасырларды қамтитын архаикалық кезең. Архаикалық кезеңде үлкен өзгерістер болады. Егер геометрика гректерді қатаң логикалық ойлауға үйретсе, архаика тәртіпке үйретеді. Екеуі бір-бірімен байланысты. Осы архаика кезеңінде ордерлік жүйе қалыптасқан болатын. Архаикалық өнерге жетекшілік еткен өнер түрлерінің бірі сәулет өнері. Өйткені ордерлік жүйенің негізінде ғибадатхананың негізгі типтері мен қағидалары пайда болады. Негізгі заңдылықтары қалыптасады. Бұл заңдылықтар грек мәдениетінің барлық кезеңдерінде еш өзгеріссіз дамиды. Келесі мүсін өнері. Одан кейін құмыра жазу немесе құмыра безендіру өнері.

Архаика кезеңіндегі ғибадатханалардың құрылысы ордерге бағынышты болды дедік. Ордер дегеніміз не? Бұл жалпы сәулеттік ғимараттың құрылымы, яғни фасад, қасбеттен қарағандағы құрылымы. Ғибадатхана тіктөртбұрышты немесе төртбұрышты формада шешім табуы керек еді. Ол көктегі құдайдың жер бетіндегі мекені болып табылды. Сондықтан да оның ішінде міндетті түрде өздерінің құдайларының мүсіні орналасқан болатын. Ал, қасбеті мен ғимараттың жан- жағы тұтастай бағандармен қоршалып салынатын.
Ең алғашқы ғибадатхананың ең қарапайым түрі бұл мегарон. Ол пішіні тіктөртбұрышты ортасында ошағы бар үй. Дәл осындай үлгіні біз сонау Крит аралының Кносс сарайындағы тақ залынан көреміз. Екінші үлгісі антты ғимараттар. Ант деп отырғанымыз ғимаратқа фасад жағынан қарағанда екі жақтау қабырға сәл алдыға қарай шығыңқы орналасады.
Грек сәулет өнеріндегі сәл күрделі пішінге ие бола бастаған ғибадатханалардың бірі - простиль. Ол да жоспарында тіктөртбұрышты болып келіп, тек қасбетінде бір қатар құрап, ең азы төрт бағаннан тұратын колонналардан тұратын.

Амфипростиль. Амфи деген сөз гректерде қос, екі жақты деген мағына береді. Енді простильдегідей бағандар артқы жақтағы есікте де орналасты.
Периптер. Тік төртбұрышты формадағы ғимараттың жан-жағын баған тұтастай бір қатар қоршап орналасты. Мұндай ғибадатхананың үлгісін біз Афина акрополінен көре аламыз.
Келесі ғибадатхананың түрі - диптер. Ди екеу деген мағынаны білдіреді. Дәл осындай ғибадатханың сыртын енді бағандар екі қатар қоршап орналасады.

Псевдопериптер. Псевдо - жалған, өтірік деген мағына береді. Біз псевдоним деген сөзді білеміз. Түбірінде псевдо сөзі жатыр. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антика әлемінің мәдениенті
Ежелгі дәуір мәдениеті. Ежелгі Грекия мәдениеті
Ежелгі дәуір мәдениеті
Ежелгі Грек мәдениеті. Гомер кезеңі
Алғашқыда Микены мәдениеті
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті туралы
Антикалық мәдениет. Ежелгі Рим, Грек, Египет, Үнді, Қытай мәдениеті
Ежелгі Грекия
ЕЖЕЛГІ ГРЕК КОСТЮМІ
Көне Грек әдебиеті
Пәндер