Византия өнері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Византия өнері

ӨНЕР ТАРИХЫ

Византия өнері

Б. з. д. 313 жылы Константин Миланский алғаш рет ресми түрде христиан дінін ресми дін ретінде қабылдайды. Осы шешім христиан дінінің заңды тұрғыда бекіп, өнерінің де қарыштап дамуына үлкен үлесін қосады. Б. з. д. 330 жылы астана Римнен ежелгі Гректердің заңды мұрагері саналған Константинопольге көшіріледі. Осы арқылы ежелгі антикалық мәдениетпен байланыс орнап, өздерін сонау үлкен алып кеңістікті қамтыған антикалық дәуірдің мұрагерлері санайды. Дін мен діни көзқарастар жағынан қайшылықтар бұған кедергі ете қоймайды. Мемлекет аста- насы сол кездегі Римнің астанасы болған Равеннадан бір кездері антикалық Грек мәдениетінің орталығы саналған Коснтантинопольге ауыстырылады. Осылайша, дін мен сарай тарапынан ортақ бірлік орнайды. Бұл Византия мәдениетінің бірізді жүйелі дамуына ықпалын тигізеді. Б. з. д. 395 жылы Феодосий І дүниеден өткеннен кейін Рим Империясы күйрейді. Феодосидің ұлдары тұтастай үлкен империяны екіге бөліп алады. Батыс және Шығыс Рим империясы өзінің дамуында және өркендеуінде де әртүрлі сипат алады. Мысалы, бүгінгі Батыс Еуропа территориясындағы халықтардың өнерін қалыптастырушы Батыс Рим империясы б. з. д. 395 жалдан бастап есептесек, тек 80 жыл ғана өмір сүреді. Әрі қарай оның орнын Еуропаның басқа бөліктері, Германия, Франция және т. б. елдерден келген халықтар жаулап алады. Олардың мәдениеті мен өнері жергілікті өнерді дәстүрлі түрде жалғастыра отырып, өз мәдениетін қалыптастыруымен ерекшеленеді.

Екінші бөлігі алып, алпауыт мемлекет құрған жалпы тарихы мың жылға созылған Шығыс Рим империясы болатын. Сол Шығыс Рим империясының негізінде алып Византия мемлекеті қалыптасады. Тарихы мың жылға созылған Шығыс Рим империясы 1435 жылға дейін, яғни тү- рік басқыншылығына дейін билік құрады. Ол алпауыт мемлекет құра отырып, өз қарамағында өнердің де дамуына жағдай жасаған еді. Шығыс Рим империясының халқы да сол Рим халқы болатын. Алайда Батыс бөлікке қарағанда осы Шығыс бөліктің халқы өздерін сонау ежелгі Рим өркениетінің, антикалық әлемнің заңды мұрагері санаған болатын. Мың жылға созылған Византия тарихы, Византия өнерінің тарихы сол билікте, қоғамда орын алған өзгерістермен тікелей байланысты болды. Мысалы, Византия мәдениетінің кезеңденуі, билікке келген билеушімен сабақтастықта айтылады.

ІV-VІІ ғасырлар Ерте Византия кезеңі, VІІІ-ІХ ғасырлар Иконакүресушілік уақыт. Дәл осы уақытта христиан діні өзінің ілкі бастамасында жатқан тірі жанды бейнелеуге тыйым салатын. Келесі кезең ІХ-ХІІ ғасырлар орта Византия уақыты. Бұл уақытта Византия ішінара екі кезеңді басынан өткереді. Біріншісі Македондық Византия өнері. Александр Македонский ұрпағы біршама уақыт билікке келген тұс болатын. Екіншісі Комниндік кезең. Соңғысы түрік империясы басып алғанға дейінгі уақытты қамтитын кешеуіл Византия уақыты болды.

Ежелгі Рим Империясы күйрегеннен кейін, оның орнында қалыптасқан екі мемлекеттің де орталығы екі түрлі болды. Шығыс Рим Империясының орнында Константинополь қаласы, ал Батыс Рим Империясының орталығы Равенна қаласы болды. Осы екі орталыққа байланысты дін де шіркеу моделін жасауда екі түрлі қалыптасады. Бірінші Византия орталықтандырылған шіркеу принципін салады. Ал, Батыс Рим империясы латын крестінің пішініндегі созылыңқы келген базиликаның үлгісін жасайды. Екеуінің де үлгісінде крест пішіні жатыр. Оны қалай түсінеміз? Крест бұл адам моделі. Екі қолын жайып, құдай алдындағы құлшылықта құлашын ашып тұрғандай. Оның жоғарғы алтарь бөлігі басы, қос қанаты қолы, одан төмен қарай дене бөлігі болатын.

Дәл осы қағиданы Византияда тең қабырғалы етіп алады. Енді крест тең қанатты, яғни теоцентристік ұғымда құдайды орталыққа алып келеді де, дін орталықтандырылған қызмет атқарады. Шіркеуде осы принципте жоспарында тең қабырғалы крест құрады. Мұндай құрылыстар әдетте күмбезді жабынмен жабылып, барабандары Рим империясындағы Пантеонның күмбезі секілді толық жабылатын. Ал Батыс Рим империясындағы шіркеу жоспарында ұзынша келген латын крестіне ұқсас келді. Ол орталықтандырылған күмбезді шіркеуге қарағанда керісінше дінге барар жол өте ұзақ деген мағынаны білдіру үшін жасалған болатын. Есіктен кірген адам михрабқа жеткенше ұзағынан созылған процессия бөлімінен өтеді. Осы жол оның дінге келудегі азапты ұзақ жолының символы болды. Базиликалық құрылыстар күмбезсіз шешілетін. Оған күмбез орнату өте қиын болатын.

Күмбез жабынды орталықтандырылған шіркеу үлгісі Византия территориясында кеңірек дамиды. Мысалға алатын болсақ, Әулие Ирина шіркеуі дәл осындай принципте шешілген. Күмбез арнайы барабанға орнатылған. Жарық орталық бөлікке сол барабан арқылы түседі. Бұл барабан күмбезді ғимараттан біршама биік етіп көрсету үшін қажет. Сонымен қатар күмбезден түсетін ауыр салмақты ғимараттың өн бойына тарқатып түсіру үшін де маңызды болды.

Жарық мәселесі де христиан дінінде ерекше қарастырылады. Өйткені Иисус Христостың өзі үнемі жарықпен теңелді. Сондай-ақ жарық қайдан түседі? Әрине күн көтерілген кезде төбеден түседі. Осы табиға заңдылыққа бағыну үшін күмбезді шіркеулердің ішіне де жарық ең алдымен тура орталыққа тек төбеден түсуі керек болатын. Пантеонда жарықты күмбездің дәл ортасынан ойық қалдыру арқылы түсірген болатын. Византияда күмбезді толықтай жабады да, оның астындағы барабан арқылы шіркеу ішіне негізгі жарық көзін түсіреді. Бұл сол жарықтың көктен нұрланып түскені секілді тылсым, ғажап әсерін беретін. Осылайша, орталықтан шіркеу интерьерінің басқа бөліктеріне де тарайтын.

Ал, Батыс Рим империясының территориясындағы базиликалық принциптің үлгісі ретінде біз V ғасырда салынған Әулие Петр базиликасын көреміз. Өкінішке қарай, тұтастай ағаштан салынған бұл ғимарат бүгінгі күнге дейін жеткен жоқ. Алайда, бүгінгі күні сол әулие Петр базиликасының орнында үлкен Әулие Петр соборы бой көтерген. Базиликаның ұзынша келген негізгі бөлігі неф, ал екі қанаты трансепт деп аталды. Трансептті қиып өтетін жоғарғы жақ алтарь бөлік саналатын. Алтарь құлшылық жасау, негізгі діни рәсімдер өтелетін орын.

Византияның саяси хал-ахуалы барған сайын қарыштап дами түседі. Оның дінмен қуатты бірлігі біртіндеп бейнелеу өнерінде де айқын көрініс таба бастайды. Оның озық үлгісі құрылысы VІ ғасырда салынған Әулие София шіркеуі. Император Юстиниан тұсында салынған бұл шіркеу, өз құрылымында өте ауқымды күрделі шешім тапқан. Император оның сәулетшілерін арнайы бұрынғы антикалық дәстүрлерді сақтаған жерлерден шақырады. Олар Тральдан келген Анфимий мен Милеттік Исидор болды. Бұл сәулетшілердің басшылығымен Әулие София шіркеуінің жоспары жасалып, құрылыс 5 жылға созылады. Бұл құрылыстың негізінде 10 мың адам қарқынды жұмыс жасайды. Әулие София шіркеуі де тура алғашқы Ирина шіркеуі секілді орталықтандырылған тең қанатты крест пішінінде шешім тапқан. Күмбез мұнда да Әулие Ирина шіркеуіндегідей барабанға орнатылады. Айырмашылығы мұнда ғимарат пен күмбездің көлемі Ирина шіркеуінен әлдеқайда көлемдірек еді. Ғимараттың ішіне кірген кезде алып монументалдылық, ауыр салмақтылық әсері интерьер ішіндегі кескіндемелік мозаикалық жұмыстармен тіпті де әсем көрініс табады.

Күмбез астынан түскен жарықтар ғимараттың ішіне оның діни тақырыптарға тарқатылған көріністеріне бір құдіреттілік беріп тұрғандай. Византия кезеңіндегі бейнелеу өнері біздің білуімізше қалыптасқан заңдылық бойынша шартты түрде дамыған болатын. Адамды бейнелеу оның шынайы реалистік бейнесіне ұқсамау керек. Өйткені олар белгілі бір адамды емес, әулие деп танылған тұлғаларды кескіндеуде. Осындай ережелер бойынша, бейнелеу өнерінде адамдар эмоциясыз, белгілі бір өте жоғары рухани жағдайда кескінделетін. Ая, яғни фон көгілдір түспен, жиірек алтын түспен шешілетін. Бас бөлігінің артқы аясы шеңбермен қоршалып, оның әулие екенін айқындай түсетін. Мұндай шеңберді дінде «нимб» деп атайды. Сонымен қатар, ең басты діни кейіпкер, ең басты композициялық орталық болып табылатын тұлға міндетті түрде таққа отырған күйі салтанатты кейіпте шешілді. Бұл бейнелердің шынайы адам емес екенін, жер бетіндегі пендешіліктен өте жоғары тұрған кейіпкер екенін айқындау үшін тура перспективаны емес, кері перспективаны пайдаланды. Ол отырған тақ немесе аяғының астында жатқан тақтың табаны алдыңғы жағында кішірейіп, керісінше артқы жағында кеңейе түсетін. Мұндай ізденіс кескіндемеге кеңістіктік емес, жазықтық әсерін береді. Оның кеңістігін әрі қарай тереңдетіп кеңітпейді. Сондықтан да, дәл осы заңдылықтар бойынша Византия бейнелеу өнері мың жыл бойы дамиды.

Әулие бейнелері бастары сопақшалау келіп, міндетті түрде византиялық киім үлгісінде немесе грек-римдік киім үлгісінде бейнеленетін. Византиялық киім тұтастай пішілген халат үлгісінде тігілетін. Ондай халаттар өте қымбат маталардан алтын, күміс жіптермен тігіліп, асыл тастармен әспеттелетін. Ал, грек-рим үлгісіндегі киімдер драпировкалы және түйреуіштермен қадалып адам денесіне пішімделетін. Әулие София шіркеуінің ішінде композициялық құрылымы ерекше, тарихи дерекпен сабақтастық тапқан мозаикалардың бірі Император Константин мен Император Юстинианның Құдай-ананың алдында тарту жасап тұрған сәті. Орталық бөлікте тақта отырған Құдай-ана бейнеленіп, екі жағында екі император бейнеленген. Оларды маңайында жазылған есімдері арқылы танимыз. Сонымен қатар, қолдарына ұстаған атрибуттары арқылы ажыратсақ болады. Мысалы, Юстиниан Әулие шіркеуін салдырды. Ол шіркеуді Құдайға арнап, құлшылық жасау үшін салдырды. Сондықтан да оның қолында осы Әулие София шіркеуінің кішкене макеті орналасқан. Константинге назар аударайық. Константин осы дін жолында христиан дінін өз мемлекетінің ресми діні ретінде қабылдай отырып, мемлекет астанасын да Константинопольге көшірген болатын. Сол жерден астанаға лайық үлкен қала салдыртты. Ол Құдай-анаға сол қаланы тарту етпекші. Бір қарағанда композиция құрылымы статикалық, симметриялы, мазмұндық құрылымында барынша түсінікті айқын шешім тапқан.

Мозаика Византия кезеңінде монументалды кескіндеменің негізгі көркемдік материалы болып табылатын. Ол ұсақ смальта тастарынан құрастырып жасалды. Оның жасау техникасы да күрделі. Ұсақ тастарды біріктіріп, түстік үйлесіміне қарай жапсырмалау арқылы үлкен бір композицияны, көркемдік туындыны жасап шығу керек. Әулие София шіркеуінің күмбез асты кеңістігінде осындай көптеген мозаикалық туындылар орналасты. Олар барабанда орналасқан терезелерден түскен жарық арқылы сәулемен шағылысып, керемет түске бөленетін. Әулие София шіркеуіндегі барабандағы сол терезелерден түскен жарық ғимарат ішіне енген кезде қабырғадағы алтын, көкшіл түстес мозаикалармен шағылысып, бір түске бөленетін, яғни осындай тылсымдық беру арқылы сәулетшілер ғимарат ішіндегі жағдайды, оның әсерін, әдемілігін, тамашалығын мейлінше айқындай түскен.

Шіркеудің ішіндегі ерекше назар аудартатын мозаикалардың бірі «Сәби көтерген Құдай- ана». Тақта отырған Құдай-ана барынша салтанатты. Бір жағынан мейірімді және асқақ көрі- неді. Қолында сәбиі бейнеленген. Кері перспективаны нақ осы Құдай-ана отырған тақтан кө- реміз. Тақты сәл бір жақ бұрышынан ала отырып, оның үш өлшемді дүние екенін байқатады. Бірақ Византияда қалыптасқан, бейнелеу өнеріне қойылған заңдылықтары бойынша ол кері перспективаны сақтай бейнеленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Византия тарихының кезеңдері
Орта ғасырлық Еуропа мәдениеті.Византия мәдениеті
Шығыс және Батыс Рим империяларына бөліну
Романдық өнердің стильдік формалары
Византия мемлекетінің құрылуы
Жұмыстың практикалық кезі
Византиялық костюмі
Ерте Христиан өнері
Омейядтар халифаты
Орта ғасырлардағы Батыс Еуропаның мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz