Готика өнері
Готика өнері
ӨНЕР ТАРИХЫ
Готика өнері
Готика өнері Батыс Еуропа тарихында орта ғасырды аяқтаушы, яғни ақырғы кезеңі десек- те болады. Готикадан кейін Батыс Еуропада Ренессанс дәуірі басталады. Біздің дәуіріміздің ХІІ ғасырынан шамамен сонау ХVI ғасырға дейін созылған готика өнері сәулет өнеріндегі ең керемет асқақ туындыларымен тарихта қалған болатын. Бүгінгі күні Франция, Англия, Германия мемлекеттерінің өте әсем қалаларын безендіріп тұрған шіркеулер асқақ, өзінің биік пішіндерімен әлі күнге дейін мызғымас кейіп танытқан. ХІІ ғасырда Бенедикт Нурсийскийдің діни жолдағы ілімдері тоқырауға ұшырап, яғни дәл осы кезде бір реформа жүрген болатын. Енді шіркеу Франциск Ассизскийдің ілімдерін қолдайды. Осы тарапта шіркеу тек қорқытып, үрейлендіру арқылы дінге келтіруші тарап емес, керісінше халықпен санасып оны таңғалдыру, яғни дінге қызығушылықты арттыру арқылы әкелу керектігін ұққан болатын.
Готикалық өнер қалыптасқан уақыт біршама Батыс Еуропалық халықтар арасында, ұсақ қала мемлекеттер арасында бейбітшілік орнап, ұдайы үздіксіз жалғасқан соғыстар біршама уақыт болса да тоқтаған уақыт болатын. Дәл осы кезде қала құрылыстары өзінше бір жаңа бетбұрыс алып, яғни қала орталығын анықтау мәселелері алдыңғы қатарда көтеріле бастайды. Францияда қала орталығы ретінде шіркеу тұрған орын таңдалады. Сондықтан да шіркеу қаланың ең биік жеріне салынып, ол қаланың қай бұрышынан қараса да өзінің асқақтығымен көрініп тұру керек болатын. Осы орайда Иль де Франс деген жерде алғаш рет готикалық нышанда салынған ғимарат бой көтереді. Дәл осы ғимарат бүгінгі күні біз Францияға барсақ тамашалап жүрген Нотр- Дам де Пари ғимараты, яғни Париж Құдай-анасының шіркеуі.
Орта ғасырлық Батыс Еуропада шіркеу құрылысына ерекше мән берілетін. Бұны біз романдық кезеннен оның алдындағы Византия дәуірінен байқаған болатынбыз. Алайда жаугершілік заман болып, өзара ішкі бірлік, бірінен-біріне жалғасып отырған әскери қақтығыстар осы қалалардың өркендеп дамуына көп зиянын тигізді. Готикалық дәуірде енді қабырғалары қалың ғимараттар өзекті емес. Қалада тыныштық орнады. Сондықтан да дінге келуші тыңдармандарды көбейту үшін, олардың назарын аудару үшін ғимарат құрылысының экстерьеріне мейілінше мән беру керек еді. Экстерьер бұған дейін өте қарапайым, шомбал, дөрекі, қалың массалы тастармен өте дөрекі шешілген болатын. Енді готикалық кезеңде шіркеу қала орталығының көркін келтіріп тұратын ең маңызды ғимарат болып табылатындықтан оның сыртқы бейнесі де басты назарға алады. Енді готикалық ғимаратта ең бірінші байқайтынымыз терезелердің көлемі үлкейеді, осы терезелердің көлемінің үлкеюінің арқасында ғимаратта адам ойламаған биіктіктерге көтеріледі. Ауыр тас массалары романдық кезеңдегідей өрнектеліп, әртүрлі қым-қиғаш бедерлер түсіріліп, сырты керемет бір таспен өрнектеп шыққандай әсер қалдырады. Бір қарағанда материал тас емес, тіпті басқа бір ғажайып бір материалды пайдаланғандай еді. Алайда материал тас кейіпін жоғалтқан жоқ. Өйткені осындай алып, асқақ ғимараттарды салу үшін тастан басқа мығым, мықты материал қолдану мүмкін емес. Христиан дініндегі өте кең қолданылған шіркеу ғимаратындағы базиликалық принцип әлі де жалғасып жатыр, яғни готикалық кезеңде осы базиликалық ғимараттың құрылысын жиі кездестіреміз. Жоспарында латын кресті секілді созылған ғимараттардың көлемі мен биіктігі үлкейіп, енді кеңейе береді. Әсіресе ғимараттың фасадтық шешіміне мән береді. Кіреберіс фасадтық шешім міндетті түрде ғимараттың қандай қызмет атқаратынын айқындап, сонымен қатар, арнайы тігінен және көлденең бөліктен үш ярусты бөлікке бөлініп тұрды.
Алғашқы кезеңде мұндай ғимараттар симметриялы, яғни тең орналасқан мұнараларымен әлдеқандай бір статикалық орнатқан болса, кейін келе кейінгі готика, орта готика кезеңінде, жалындаған готика кезеңінде бұлар сол теңдікті жоғалтады. Өйткені өмір дін тарапынан, діни философия тарапынан таратқанда ешқашан тоқтамайды, ал біз мекендейтін кеңістік ол шексіз, тек адамның өмірі ғана тоқтайды. Бірақ оны қоршаған дүние өзінің тіршілігін ары қарай жалғастыра беретінін айқын көрсеткен болатын. Сондықтан да ғимарат фасадындағы симметриялық көрініс жойылып, енді асимметрия пайда болды, яғни екі мұнара бір жағы биік, ал екінші тұсы одан әлдеқайда аласа немесе аяқталмай қалған секілді әсер қалдыратын. Дәл осы аяқсыз қалған ол үнемі ізденістің, яғни адамда өзінің өмірінде ізденіс үстінде болу керек дегенді білдіретіндей бір сипат танытатын.
Тігінен алып қарайтын болсақ, готикалық ғимараттардың астыңғы бөлігі ол кіреберіс бөлік, яғни ол салтанатты шешілген паратты үш есіктен тұрды. Есік маңдайшалары міндетті түрде аркада формасында шешіліп, күрделі, бедерлі мүсіндермен жалғасын табатын. Мұндай арка астындағы кеңістікті тимпан деп атаймыз. Тимпан міндетті түрде діни тақырыптағы сюжет- термен бедерленетін. Әсіресе ортаңғы есіктің маңдайшасында Иисус Христостың Апокалипсис тақырыбындағы ақырғы сұрақ алып жатқан кезіндегі сюжеттерімен бейнеленген болатын. Тимпан не үшін қажет, оны соншалықты безендірудің қаншалықты қажеті болды? Сол тимпан- ның екі жақтауы аркаға тіреу болып тұрған. Екі жақтауда қаз-қатар бедерлі түрде шіркеуге келушіні апостолдар қарсы алатын. Бұның барлығы шіркеуге келуші христианның ойын жинақтап, барлық санасын, барлық күш жігерін сол дінге, яғни сол діннің негізгі ілімдеріне бағыттау үшін қажет болды.
Сыртқы экстерьерден қарағандағы екінші ярустың орталық бөлігінен, яғни ұзын, жіңішке келген терезелер жоғары қарай ұмтылып тұрған болса, орталық бөліктен біз шеңбер пішінді тағы бір терезені көреміз. Шіркеудің ішінен қарасақ мұндай роза формасындағы дөңгелек терезелердің керемет, әсем витраждармен көмкерілгенін байқаймыз. Сыртқы пішінде ол өрнекке ұқсайды, мұндай дөңгелек пішінді розалар барлық готикалық шіркеулердің осындай фасаттағы маңдайшасынан орын алған еді, яғни ол бүкіл жаратылыстың, бүкіл әлемнің макракосомның бір модельдік символы ретінде орын алды. Ішкі көріністе әртүрлі сюжеттегі витраждармен көмкеріліп, ол барлық адамның мекені осы жаратылыстың ішінде деген секілді бір тұспалдайтын ойларды айтатындай. Жоғары қарай өрлеген кезде біз екі мұнараның аяқталған жерін көреміз, яғни жоғарғы үшінші яруста мұнара аяқталып, оның жоғарыға деген ұмтылысы тоқтайтын. Осындай керемет әсерде сыртқы кейпінің өзінен, оның асқақтығына таң-тамаша қалып, ішке енген адам шіркеу ішіндегі мың түрге құбылған түстерден бір ғажайып әлемге тап болғандай әсер алатын. Бұл готикалық шіркеудің екінші бір ұтымды сәті. Бұған дейін романдық сәулет өнерінде терезелер өте кішкентай болды, өйткені мына массивті ауыр салмақты тастарды көтеру барысында терезе ойықтарын үлкен етіп қалдыру тиімсіз болатын. Өйткені, ол жоғарғы қабырғаларды төбеден келетін салмақты көтере алмай қала ма деп қауіптенетін. Ал енді готикада үлкен жетістіктерді көрдік. Ол арка және арканың формасының өзгеруі арқылы ғимараттың биіктеуіне мүмкіндік берді. Дәл осы арканың формасының өзгеруі енді терезе ойықтарында дәл қайталанып, көрініс табады. Ол арканың өзгеруі, егер де романдық стильде жарты шеңберлі классикалық арка үлгісін көретін болсақ, ол римдіктерден романдық кезеңге бірізді жалғасын табады. Енді готика кезінде біз керісінше төбесі үшкірленіп, жоғарыға қарай көтерілген жебелі арканы көреміз. Ғылымда дәл осы арканы жебелі арка деп атайды, осы атаумен қалыптасқан болатын. Енді салмақ тең жарты шеңберлі аркада салмақ дәл ортаға түсетін болса, жебелі аркада салмақ тең көлемде екі қапталына бөлініп, оның бағанға бағаннан оны маңайындағы қабырғаларға көшіріледі. Осылайша, ең алғашқы готика ғимаратын готикалық сәулеттік мәнердегі ғимараттардың қарыштап, биікке қарай ұмтылуына себеп болған ең алғашқы жетістігі осы болды. Осы жебелі арканың әсерінен жаңа айтып отырған терезелер де биіктей түсті, кеңейе түсті.
Терезе кеңейген сайын енді романдық кезеңдегі көмескі, ала көлеңке ғимараттың ішіне кірмейміз, олар бізді үрейлендірмейді. Керісінше, мың түсті түрге боялған ғажап әлемімен бізді таңғалдырады. Біз айтып отырған терезенің саны өте көп болды. Олар қабырғада көп орын алмай жиі-жиі қайталанып отыратын, және әр терезе түрлі түсті құбылған витраждармен безендірілген. Витраждағы сюжет міндетті түрде дін тақырыбынан, діни мифологиядан алынған еді. Осылайша, шіркеуге кірген адам өзіне қажетті діни ақпараттың барлығымен сусындап шығатын. Осындай керемет шіркеулердің ішіне кіре отырып, құдайдың құдіреттілігіне мойынсұнып, оны бір уақытта таңданыс және мойындау сезімімен керемет әсерде шыққан болатын. Ал романдық кезеңде бұл үрейлендірумен, қорқытумен, жазалаумен тікелей байланысты болды. Готикалық сәулет өнерінде біз жебелі арканың ғимарат биіктігін ерекше бір үлкен монументалды сипат беруде маңызды рөл атқарғанын айтып өттік. Алайда готикалық сәулет өнеріндегі конструктивті құрылым мұнымен шешілмейді, олар бір-бірімен байланысып жатқан көптеген ұсақ детальдардан тұрады. Енді ғимарат ішінен төбеге назар аударсақ, әсіресе базиликалық құбылыстарда төбені жабу, төбе жабыны мәселесі үнемі сұрақ тудыратын. Осындай үлкен көлемді ғимараттың төбесін әдетте ағаш балкалармен жабатын, бұл бір жағынан қауіпсіздік үшін де өте тым тиімсіз болды, есімізге түсірсек V ғасырдағы әулие Петр базиликасы ағаштан салынғандықтан бізге дейін жетпей қалған еді. Сәулетшілердің ұзақ ізденісінің, әсіресе осы жебелі арканы ойлап табудың арқасында төбе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz